- •5В030100 «Құқықтану» мамандығы үшін
- •Құрастырған: Жумашева а.Т. Аға оқытушы
- •1. Пәннің типтік оқу жоспары
- •2. Күндізгі оқу бөлімінің жұмыс оқу бағдарламасы Оқу жоспарының көшірмесі
- •3 Жылдық оқу нысаны
- •2.1 Сырттай оқу бөлімінің жұмыс оқу бағдарламасы Оқу жоспарының көшірмесі
- •2 Жылдық оқу нысаны
- •3 Жылдық оқу нысаны
- •5 Жылдық оқу нысаны
- •3 Пәннің оқу бағдарламасы - syllabus
- •3.4 Пәннің қысқаша сипаттамасы
- •3.5. Оқыту нәтижелері:
- •3.6 Курс саясаты мен процедурасы
- •5. Пәннің оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
- •6 Лекция тезисі
- •7 Семинар сабақтарының жоспары.
- •8.Лабораториялық сабақтар жоспары
- •9.1 Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •9.2 Курстық жобалардың (жұмыстардың), зертханалық жұмыстар, есептік - графикалық, әдістемелік ұсыныстар және типтік есебі бойынша нұсқаулар.
- •10.1 Студенттердің оқытушы басшылығымен атқаратын өзіндік жұмыс сабақтарының жоспары.
- •10.2 Студенттердің өзіндік жұмыс сабақтарының жоспары
- •10.3 Курс бойынша жазбаша жұмыстар
- •10.4 Курстық жұмыстар тақырыптары
- •Құжаттардың есеп түрі, оқу, өндірістік және диплом алды тәжірибенің әдістемелік нұсқаулары
- •12.1 Баға туралы ақпараттар
- •Бағалау критерийлері
- •12.3 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •13. Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиялық іліспе
- •14. Арнайы аудиториялар, кабинеттер және лабароториялар тізімі
- •10.04.2013 Ж №10 хаттама
- •5В030100 «Құқықтану» мамандығы үшін
8.Лабораториялық сабақтар жоспары
Аталмыш курс бойынша лабораторлық сабақтар қарастырылмаған
9.1 Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
Тәлімгерлерде ғылыми көзқарастардың қалыптасуына неғұрлым маңызды мәселелері бойынша әралуан көзқарастарды білуді, оларды сынай келе өзіндік пікірді қалыптастыру қабілеттігінің болуын көздейді. Сондықтан тәлімгер тек оқулықтарды ғана емес, сонымен қатар әрбір тарау бойынша ұсынылатын қосымша арнайы әдебиеттерді де оқуға тиіс.
Әрбір тақырыпты зерттеуді тәлімгер алдымен лекция жазбаларынан бастап, одан соң ғана нормативтік көздерге жүгінгені дұрыс болады. Артынан қосымша әдебиеттермен, сот практикасының материалдарымен танысқан жөн. Аталған қайнар көздерді конспектілегенде олардың игерілу ықтималдылығы артады.
Теориялық білімдерін бекіту үшін өзіндік бақылауға арналған сұрақтарға жауаптар беру, тесттік тапсырмалар ұсынылады.
9.2 Курстық жобалардың (жұмыстардың), зертханалық жұмыстар, есептік - графикалық, әдістемелік ұсыныстар және типтік есебі бойынша нұсқаулар.
Курс жұмыстарын жазу және рәсімдеу бойынша әдістемелік нұсқаулар: курс жұмысы оқу үрдісінің маңызды формасы болып табылады. Ол жұмыс тақырыбын ойдағыдай ашу үшін ғылыми, әдістемелік, нормативтік және басқа да материалдар жинап, оларды талдаудан тұрады. Курс жұмысы тәлімгер таңдаған тақырып шектерінде теория және практика мәселелерін зерттеу нәтижелері болып табылады. Курс жұмысын жазуға қажетті ақпараттық материалдарды жинауды заңгердің кәсіби қызметінің маңызды бөлігі саналатын білім жинақтап, кәсіби біліктілігін арттыру ретінде қарастыруға болады. Курс жұмысы мазмұны мен формасының тұтастығында бағаланады. Сондықтан ол мұқият редакцияланып, рәсімделуі керек. Курс жұмысының рәсімделуі сәйкес талаптарға жауап беруге тиіс.
10.1 Студенттердің оқытушы басшылығымен атқаратын өзіндік жұмыс сабақтарының жоспары.
1-тақырып. Қазіргі заманғы қылмыстық саясат және қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату мәселелері
Тапсырма:
1. 2009-ж. 24-тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылға дейінгі құқықтық саясат концепциясымен танысу.
СОӨЖ өткізу түрі: концепцияны талқылау.
Әдістемелік көрсетпелер: сабаққа дайындалғанда қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату туралы нормалар қылмыстық құқықтық саясаттағы елеулі ережелердің бірі болып табылатынын ескеру керек.
Ұсынылатын әдебиеттер: лекцияның сәйкес тақырыбында көрсетілген.
2-тақырып. Қылмыстық жауаптылық түсінігі және оның негіздері
Тапсырма:
1. Мына мақаланы конспекттеу: Коробов П.В. Момент возникновения уголовной ответственности // Правоведение. - 2001. - N2. - C. 147-163.
СОӨЖ өткізу түрі: мақаланы талқылау.
Әдістемелік көрсетпелер: қылмыстық жауаптылықтың құқықтық және әлеуметтік-саяси қырларына талдау жасау.
Ұсынылатын әдебиеттер: лекцияның сәйкес тақырыбында көрсетілген.
3-тақырып. Қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың шарттары мен мақсаттары
Тапсырма:
1. Келесі қайнар көздермен танысу:
а) Сабанин С.Н., Тупица А.Я. Понятие и виды освобождения от уголовной ответственности и наказания. Свердловск, 1987.
б) ҚР ЖСП «ҚР ҚК 67-бабын қолдану бойынша сот практикасы туралы» нормативтік қаулысы, 2001-ж. 21-шілдесі.
СОӨЖ өткізу түрі: аталған көздерді талқылау.
Әдістемелік көрсетпелер: қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату негіздерінің әлеуметтік мәні.
Ұсынылатын әдебиеттер: лекцияның сәйкес тақырыбында көрсетілген.
4-тақырып. ҚР қылмыстық заңнамасы бойынша қылмыстық жауаптылықтан босату түрлері
Тапсырма:
1. Қылмыстық жауаптылықтан босату түрлеріне сипаттама (кесте түрінде).
СОӨЖ өткізу түрі: конспекттерді талдау
Әдістемелік көрсетпелер: кестеде студент жауаптылықтан босату түрлеріне салыстармалы сипаттама беру керек (негіздері, шарттары).
Ұсынылатын әдебиеттер: лекцияның сәйкес тақырыбында көрсетілген.
5-тақырып. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің баптарында арнайы көзделген қылмыстық жауаптылықтан босату
Тапсырма:
1. ҚР ҚК Ерекше бөлімінің нормалары бойынша қылмыстық жауаптылықтан босату шарттары.
2. Шын өкінудің арнайы түрлері.
СОӨЖ өткізу түрі: ҚР ҚК Ерекше б. баптарын талдау
Әдістемелік көрсетпелер: ҚР ҚК ерекше бөлімінің нормаларындағы қылмыстық жауаптылықтан босату негіздері, қылмыс санаттарының жауаптылықтан босатуға әсері.
Ұсынылатын әдебиеттер: лекцияның сәйкес тақырыбында көрсетілген.
6-тақырып. Жазадан босату түсінігі, маңызы және түрлері
Тапсырма:
1. ҚР ЖСП «Ауруына байланысты жазасын әрі қарай өтеуден босату туралы» 2002-ж. 11-суәіріндегі №7 қаулысы.
СОӨЖ өткізу түрі: конспект
Әдістемелік көрсетпелер: сабаққа дайындалғанда жазадан босату түрлерінің ерекшеліктеріне назар аудару керек.
Ұсынылатын әдебиеттер: лекцияның сәйкес тақырыбында көрсетілген.
7-тақырып. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату
Тапсырма:
1. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтар дың және жас балалардың қадағалаусыздығы мен қамқорсыздығының алдын алу туралы» ҚР заңы, 2004-ж. 9-шілдесі.
2. Умурзаков Е. Вопросы применения уголовного наказания в отношении несовершеннолетних. // Мир закона. 2003. - № 8. -С.7-10.
СОӨЖ өткізу түрі: конспект.
Әдістемелік көрсетпелер: кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлеріне назар аудару.
Ұсынылатын әдебиеттер: лекцияның сәйкес тақырыбында көрсетілген.
8-тақырып. Рақымшылық және кешірім беру акттерінің негізінде қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату
Тапсырма: Мирзажанов К. Амнистия и помилование как принцип гуманизма в уголовной политике. Ташкент.1995.
СОӨЖ өткізу түрі: еңбекті талқылау.
Әдістемелік көрсетпелер: сабаққа дайындалғанда рақымшылық пен кешірім беру акттерінің криминологиялық маңыздылығына да назар аудару керек.
Ұсынылатын әдебиеттер: лекцияның сәйкес тақырыбында көрсетілген.
9-тақырып. Шетелдік заңнамада қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың теориялық және практикалық мәселелері
Тапсырма:
1. Англо-американдық елдердегі пробация институты.
СОӨЖ өткізу түрі:
Әдістемелік көрсетпелер: пробация институтының маңыздылығын, қылмыстылықтың алдын алудағы немесе оны ьақылаудағы ролін зерттеу керек.
Ұсынылатын әдебиеттер: лекцияның сәйкес тақырыбында көрсетілген.
