Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
@IRBIS_10_SILL_yurid_Zhumasheva_kilmistik_zhaua...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
464.9 Кб
Скачать

7 Семинар сабақтарының жоспары.

1-тақырып. Қазіргі заманғы қылмыстық саясат және қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату мәселелері

Сұрақнама:

  1. Қылмыстық саясат түсінігі, мазмұны, құрылымы.

  2. Қазіргі кездегі қылмыстық саясат міндеттері мен бағыттары.

  3. Қазіргі кездегі қылмыстық саясат және оның қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату туралы қылмыстық заңнамада көрініс табуы.

Тапсырма: Қылмыстық құқықтағы қылмыстық жауаптылықтан босату ролін және қылмыстық саясаттағы орнын зерттеу.

Әдістемелік көрсетпелер: студент қылмыстық құқықтың жалпы бөлімінен қылмыстық құқықтық саясат түсінігін қайта игеруі керек.

2-тақырып. Қылмыстық жауаптылық түсінігі және оның негіздері

Сұрақнама:

  1. Қылмыстық жауаптылық түсінігі, оның негізі.

  2. Қылмыстық жауаптылық түрлері.

  3. Қылмыстық құқықтық қатынастар.

Тапсырма: қылмыстық жауаптылық түсінігіне байланысты қылмыстық құқық ғылымындағы позицияларға ерекше тоқтау керек. Қылмыстық құқықтық қатынас құрылымы бойынша қолданыстағы практикалық мәселелерді қарастыру қажет.

Әдістемелік көрсетпелер: қылмыстық жауаптылық және қылмыстық құқықтық қатынастар ұғымдарының арақатынасын зерделеу қажет

3-тақырып. Қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың шарттары мен мақсаттары

Сұрақнама:

  1. Қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың әлеуметтік-құқықтық негіздері

  2. Қылмыстық жауаптылықтан босатудың құққытық табиғаты.

  3. Қылмыстық жауаптылықтан босату институтының қылмыстық құқықтың іргелес институттарымен арақатынасы

  4. Қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың шарттары.

  5. Қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың мақсаттары.

Тапсырма: Қылмыстық құқықтағы қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату институттарының маңыздылығына сипаттама беру керек.

Әдістемелік көрсетпелер: қылмыстық құқық теориясындағы қылмыстық жауаптылықтан босату институтының практикалық қажеттілігіне байланысты көзқарастарға тоқталу керек.

4-тақырып. ҚР заңнамасы бойынша қылмыстық жауаптылықтан босату түрлері

Сұрақнама:

  1. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату

  2. Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату

  3. Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату

  4. Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату

  5. Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату

Тапсырма: қылмыстық жауаптылықтан босатудың құқықтық салдарын қарастыру.

Әдістемелік көрсетпелер: қылмыстық жауаптылықтан босату түрлерінің ұқсас институттардан айырмашылығын қарастыру.

5-тақырып. ҚР ҚК Ерекше бөлімінде көзделген қылмыстық жауаптылықтан босатудың арнайы негіздері

Сұрақнама:

  1. Шын өкінудің айрықша жағдайларының түсінігі және ҚР ҚК 81-бабы 1-бөлімінің қылмыстық құқықтық маңызы.

  2. ҚР ҚК Ерекше бөлімінің баптарындағы қылмыстық жауаптылықтан босатудың айрықша түрлері (ҚР ҚК 125, 165-166, 168, 231, 233-234, 236, 251-252, 259, 297, 312, 325, 352, 358, 372-373, 375-379, 381-баптары).

Әдістемелік көрсетпелер: студент аталған баптар бойынша стаститикалық мәліметтерге сүйену керек.

6-тақырып. Жазадан босату түсінігі, маңызы және түрлері

Сұрақнама:

1. Жазадан босату түсінігі және маңызы.

2. Жазадан босату түрлері.

Тапсырма: ҚР ЖСП «Жазасын өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату және жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру туралы» қаулысын игеру, 2001-ж. 13-желтоқсан.

Әдістемелік көрсетпелер: сабаққа дайындалғанда шартты түрде мерзімінен босатылған адамдардың қайта қылмыс жасауға баратындығы туралы мәліметтерді пайдалану керек.

7-тақырып. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату мәселесі

Сұрақнама:

  1. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату түсінігі.

  2. Кәмелетке толмағандарға қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату түрлерін қолдану ерекшеліктері.

  3. Тәрбиелік сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түсінігі.

  4. Тәрбиелік сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлері

Тапсырма: Қылмыстық құқықтағы кәмелетке толмағандарды жаза мен жауаптылықтан босату институтының маңыздылығы.

Әдістемелік көрсетпелер: сабаққа дайындалғанда студент аталған институттың даму тарихына шолу жасауы керек.

8-тақырып. Кешірім беру және рақымшылық акттерінің негізінде қылмыстық жаза мен жауаптылықтан босату

Сұрақнама:

  1. Рақымшылық пен кешірім берудің құқықтық табиғаты.

  2. Рақымшылық актісінің негізінде қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату. Оның құқықтық салдары

  3. Рақымшылық пен кешірім беру акттерінің тиімділігі және қылмыстылықтың алдын алуда алатын орны.

  4. Рақымшылық пен кешірім беру институттарын жетілдіру.

Тапсырма: соңғы жылдары қабылданған рақымшылық акттеріне талдау жасау.

Әдістемелік көрсетпелер: сабаққа дайындалғанда студент қарастырылып отырған баптарға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескеру керек.

9-тақырып. Шетелдік заңнамада қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың теориялық және практикалық мәселелері

Сұрақнама:

1. Шетел заңнамасындағы қылмыстық жауаптылықтан босату институты.

2. Шетел заңнамасындағы жазадан босату институты.

Тапсырма: Шетелдік тәжірибені зерттеп, оны қазақстандық заңнамада қолдану мүмкіндігін зерделеу.

Әдістемелік көрсетпелер: сабаққа дайындалғанда студент шетелдік институттардың бірсыпырасы отандық заңнамаға сәйкес келетінін, алайда олардың іске асырылуында ерекшеліктер болатынын ескеруі керек.