Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
@IRBIS_10_SILL_yurid_Zhumasheva_kilmistik_zhaua...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
464.9 Кб
Скачать

10.4 Курстық жұмыстар тақырыптары

Аталмыш курс бойынша курстық жұмыстар қарастырылмаған.

  1. Құжаттардың есеп түрі, оқу, өндірістік және диплом алды тәжірибенің әдістемелік нұсқаулары

12.1 Баға туралы ақпараттар

Студенттің білімін бағалайтын рейтинг-шкала

Рейтинг

Балдар

Ағымдық

50 - 100

Аралық

50 - 100

Қорытынды

50 - 100

Барлығы:

50 - 100

Бағалау критерийлері

%-ті мазмұны

Критерийлер

0-49

Бағдарламалық материалды толық мүлде білмеуі, негізгі оқу бағдарлама материалын меңгермеуі, студент өрескел қателіктер жібереді

50-74

Жауап негізінен дұрыс, бірақ, толык емес; жауапта пән материалын жеткіліксіз терең түсінбеу байқалады, теориялық ережелер мен бастапқы иеяларды баяндауда кейбір қателіктерге жол беріледі; тек материалды репродуктивті баяндауға қабілеті болады, бірақ дербес ойлау мен қорытындылау жоқ.

75-89

Жауап дұрыс, толық; пәннің ережелері мен идеялары бойынша білім көрсетілді. Қоғамдық құбылыстарды дұрыс бағалау. Заңдылықтарды, негізгі ұғымдарды, фактілі материалдарды білу. Аралық басылымдардан, басқа оқу пәндері бойынша материалдарды тарту. Аргументті дәлелдей, жоққа шығару, ойлау, қорытындылар жасай білу. Бірақ та мазмұнын бұрмалауға алып келетін баяндаудың кейбір еместігі.

90-100

Жауап дұрыс, толық. Оқытылған пәннің негізгі ережелері мен идеялары бойынша білім көрсетілді. Қоғамдық құбылыстарды дұрыс бағалау. Нормативті-құқықтық базаны меңгері, негізгі ұғымдарды , фактілі материалдарды білу. Аралық басылымдардан, басқа оқу пәндері бойынша материалдарды тарту. Аргументті дәлелдей, жоққа шығару, қортындылар жасай білу. Жауапқа ескертулер жоқ.

12.2 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары

1. Қылмыстық жауаптылықтың іске асырылу мезеті:

A) адамды ұстау туралы қаулының шығарылуы

B) айыптау қорытындысының шығарылуы

C) соттың үкім шығаруы

D) соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуі

E) айып тағу мезеті

2. Қылмыстық жауаптылық қай мезетте басталады?

A) қылмыскерді ұстағанда

B) қылмыскер кінәсін мойындап келгенде

C) адам қылмыс жасағанда

D) сот айыптау үкімін шығарғанда

E) соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуі

3. Жазаның дұрыс анықтамасын көрсетіңіз:

A) қылмыстық заңда мемлекет атынан оның уәкілетті органдарының нақты іс-әрекетке қылмыс ретінде, сол сияқты оны істеген адамды теріс бағалауы

B) қылмыс істеген адамды белгілі бір құқықтарынан айыру, оған міндеттемелер жүктеу

C) қылмыстың жасалуына кінәлі деп танылатын адамға сот тағайындайтын және осы адамды белгілі бір құқықтары мен бостандықтарынан айыратын не оларды шектейтін мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы

D) қылмыстық құқықтық санкциялардың іске асырылуы

E) қылмыс жасаған адамның мемлекет алдындағы жауапқа тартылу міндеті

4. Қоғамдық жұмыстарға тарту – бұл:

A) мемлекет пайдасына сотталған адамның мүлігін қайтарымсыз мәжбүрлеп алу

B) сотталған адамға қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысу туралы міндеттемелер салу

C) сотталған адамның еңбекақысының белгілі бір мөлшерін мемлекет пайдасына аудару

D) адамның мінез-құлқына қатысты шектеулер қою

E) сотталған адамның негізгі жұмыс немесе оқу уақытынан тыс кезде ақысыз қоғамға пайдалы қызмет атқаруы

5. Түзеу жұмыстары - бұл:

A) жазасын өтеуші адамдардың түзеу колонияларындағы атқаратын қызметі

B) сотталған адамның негізгі жұмыс немесе оқу уақытынан тыс кезде ақысыз қоғамға пайдалы қызмет атқаруы

C) сотталған адамды негізгі жұмыс орны бойынша күштеп жұмысқа тарту және еңбекақысының белгілі бір мөлшерін мемлекет пайдасына аудару

D) сотталған адамды негізгі жұмыс орны бойынша күштеп жұмысқа тарту және еңбекақысын толығымен мемлекет пайдасына аудару

E) келтірген зиянды сотталған адамға өз күшімен орнын толтыруға міндеттеме жүктеу

6. Қай жаза шартты түрде тағайындалуы мүмкін?

A) айыппұл

B) қоғамдық жұмыстарға тарту

C) бас бостандығын шектеу

D) қамау

E) белгілі бір лауазымға ие болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру

7. Шартты түрде соттағанда қай жаза қосымша тағайындала алмайды?

A) айыппұл

B) белгілі бір лауазымды иелену құқығынан айыру

C) белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру

D) арнайы әскери, құрметті атақ-шенінен, сыныптық шенінен, дипломатиялық рангінен айыру

E) мүлкін тәркілеу

8. Қылмыстық жауаптылықтан айыру түрлеріне төмендегілердің қайсысы жатпайды?

A) жәбірленушімен татуласу

B) қажетті қорғану шегінен асқанда жауаптылықтан босату

C) ескіру мерзімінің өтуі

D) рақымшылық

E) кешірім беру

9. Егер адам бірінші рет ауыр қылмыс жасаған болса, оны жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуға бола ма?

A) егер ол жәбірленушімен татуласып, келтірген залалының орнын өтеген болса, болады

B) сот істің мән-жайларына қарай отырып, оны жауаптылықтан босата алады

C) жоқ, өйткені ҚР ҚК Жалпы бөлімінің нормаларында көзделмеген

D) егер келтірілген залал тек мүліктік сипатта болса, болады

E) жәбірленушімен татуласу қылмыстық жауаптылықтан босату негізі емес

10. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату қай қылмыс санаттарына қатысты орын алуы мүмкін?

A) тек онша ауыр емес қылмыстар

B) тек ауырлығы орташа қылмыстар

C) онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар

D) ауыр қылмыстар

E) онша ауыр емес, ауырлығы орташа және ауыр қылмыстар

11. Қандай адамдарға қатысты ескіру мерзімі қолданылмайды?

A) аса қауіпті рецидивтілікте қылмыс жасаған адамдарға

B) тұлғаға қарсы аса ауыр қылмыс жасаған адамдарға

C) мемлекеттің конституциялық құрылымы мен қауіпсіздігіне қарсы аса ауыр қылмыс жасаған адамдарға

D) бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар жасаған адамдарға

E) аса ауыр әскери қылмыс жасаған адамдарға

12. Қандай адамдарға шартты түрде мерзімінен бұрын жазасын өтеуден босату қолданылмайды?

A) түзеу жұмыстарына сотталған адамдарға

B) қоғамдық жұмыстарға сотталған адамдарға

C) бас бостандығын шектеуге сотталған адамдарға

D) әскери қызметі бойынша шектеуге сотталған адамдарға

E) тәртіптік әскери бөлімде ұстауға сотталған адамдарға

13. Жазадан босату түрлеріне төмендегілердің қайсысы жатпайды?

A) айыптау үкімінің ескіру мерзімінің өтуі

B) төтенше жағдайлар

C) әйел адамның жүктілігі

D) шартты түрде мерзімінен бұрын босату

E) жәбірленушімен татуласу

14. Кешірім беру актісінің негізінде төмендегілердің қайсыбірін іске асыруға болмайды?

A) жазасын әрі қарай өтеуден босату

B) тағайындалған жазаны қысқарту

C) тағайындалған жазаны неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру

D) соттылықты алып тастау

E) қылмыстық жауаптылықтан босату

15. Қандай адамдарға қатысты соттылық сынақ мерзімінің өтуімен өтеледі?

A) түзеу жұмыстарына сотталғандар

B) қоғамдық жұмыстарға сотталғандар

C) бас бостандығын шектеуге сотталғандар

D) шартты сотталғандар

E) әскери қызметі бойынша сотталғандар

16. Қылмыс жасаған адам қай мезеттен бастап сотталған деп саналады?

A) қылмыс жасаған мезеттен

B) қылмыстық жауапқа тартылған мезеттен

C) соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енген мезеттен соттылықтың өтелуіне немесе өшірілуіне дейін

D) жаза өтелгеннен бастап

E) айыптау үкімінің жариялану мезетінен

17. Рақымшылық актісін кім қабылдайды?

A) ҚР Президенті

B) ҚР Парламенті

C) ҚР Премьер-Министрі

D) Адам құқықтары жөніндегі комиссия

E) ҚР конституциялық Кеңесі

18. Кешірім беру актісін кім қабылдайды?

A) ҚР Президенті

B) ҚР Парламенті

C) ҚР Премьер-Министрі

D) Адам құқықтары жөніндегі комиссия

E) ҚР конституциялық Кеңесі

19. Қай жазаға сотталған кәмелетке толмағандарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату қолданылуы мүмкін?

A) айыппұлға

B) белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға

C) қоғамдық жұмыстарға тартуға

D) түзеу жұмыстарына

E) қамауға

20. Қылмыс үшін жауаптылық көздейтін нормада көзделген жазадан неғұрлым жеңіл жаза тағайындаудың негізі:

A) жеңілдететін мән-жайлардың болуы

B) әрекеттің қоғамдық қауіптілігінің дәрежесін ерекше жеңілдететін мән-жайлардың болуы

C) кінәсін мойындап келуі

D) кінәлінің қылмыс жасаудағы ролінің тұрлаусыздығы

E) қылмысты жеке басының, отбасының немесе басқа да мән-жайлардың тоғысуынан жасауы

Дұрыс жауаптары

Сұрақ номері

Дұрыс жауабы (A,B,C,D,E)

Сұрақ номері

Дұрыс жауабы (A,B,C,D,E)

1

C

11

D

2

D

12

B

3

C

13

E

4

E

14

E

5

C

15

D

6

C

16

C

7

E

17

D

8

E

18

B

9

C

19

A

10

C

20

D

Тест қорытындысы бойынша білімді бағалау жіктері

Дұрыс жауаптар саны

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

Балл

20

22

24

26

28

30

32

34

36

38

40