
- •Қанайналымды зерттеу әдістері. Реография.
- •Негізгі сұрақтары:
- •Биологиялық сұйықтардың реологиялық қасиеттерін зерттеу. Қанайналымды зерттеу әдістері. Интегралды және регионарлы реография.
- •Қанның реологиялық қасиеттері. Тұтқырлық.
- •Горизонталь құбыр арқылы сұйықтың ағысы. Пуазейль заңы.
- •Қанағысының жылдамдығын анықтау.
- •Ағза тіндерінің толық кедергісі. Реографияның физикалық негіздері. Реоэнцефалография.
Қанағысының жылдамдығын анықтау.
Қанағысының жылдамдығын анықтаудың бірнеше тәсілдері бар. Соның екі түрінің физикалық негіздерін қарастырайық..
1) Ультрадыбыстық әдіс (ультрадыбыстық расходометрия) Доплер эффектісіне негізделген.
У
льтрадыбыстық
(УД) жиіліктегі электрлік тербелістер
(1) генераторынан сигнал УД сәулелендіргіш
пен жиіліктерді салыстыру қондырғысына
(3) түседі.УД толқын (4) қантамырына (5)
еніп, қозғалыстағы эритроциттерден (6)
шағылысады. Шағылған УД толқын (7)
қабылдағышқа (8) келіп түсіп, электрлік
тербеліске түрленеді де, күшейтіледі.
Күшейтілген электр тербелісі (3) қондырғыға
келіп түсенді. Осында түскен және
шағылған толқындардың сәйкес тербелістері
салыстырылып, электрлік тербеліс
түріндегі жиіліктің доплерлік ығысуы
айқындалады: U=Uocos2πνДt
Осы
формуладан эритроциттердің жылдамдығын
анықтауға болады:
;
Ірі тамырлардағы
эритроциттердің жылдамдығы олардың
оське салыстырмалы орналасуына байланысты
әртүрлі болады: осьтің маңайындағы
эритроциттер жоғары жылдамдықпен
қозғалады, ал қабырға маңайындағылар-
кіші жылдамдықпен. УД толқын түрлі
эритроциттерден шағылуы мүмкін, сондықтан
доплерлік ығысу бір жиілік түрінде
емес, жиіліктер интервалы түрінде
алынады.Сөйтіп, Доплер эффектісі
қанағысының тек орташа жылдамдығын
ғана емес, қанның түрлі қабаттарының
қозғалу жылдамдығын да анықтауға
мүмкіндік береді.
2)
Электромагнитті әдіс (электромагниттік
расходометрия)
қозғалыстағы зарядтардың мангит өрісінде
ауытқуына негізделген. Қан электрлі
нейтралды жүйе болғандықтан, оң және
теріс иондардан тұрады. Ендеше қозғалатын
қан
жылдамдықпен
орын ауыстыратын зарядталған бөлшектердің
ағыны болып табылады. Қозғалыстағы
электр зарядына q
индукциясы
В
болатын магнит өрісінде мынадай күш
әсер етеді:
F=q
В
Егер заряд теріс болса, онда күш В векторлық көбейтіндісіне қарама- қарсы бағытталады. Суретте көрсетілгендей, магнит өрісі тарапынан аттас зарядтарға әсер ететін күш қарама- қарсы жаққа бағытталған. Қантамырының бір қабырғасының маңайында оң заряд басымырақ, ал басқа қабырғасының маңайында- теріс. Тамырлар қимасында зарядтардың үлестірілуі электр өрісінің пайда болуын тудырады. Осы физикалық құбылыс Холл эффектісі деп аталады.
Uх (Холл кернеуі) кернеуі иондардың қозғалыс жылдамдығына ( ), яғни қанның жылдамдығына байланысты. Сөйтіп,осы кернеуді өлшей отыра, қанағысының жылдамдығын анықтауға болады. Қантамырының қимасын S біле отырып, қанағысының көлемдік жылдамдығын оңай анықтауға болады (м3/с): Q = S ;
Осы әдісте айнымалы магнит өрісін қолдану ыңғайлы (суретті қараңыз). Бұл соңынан күшейтіліп, өлшенетін айнымалы Холл кернеуінің пайда болуына әкеліп соғады.
Ағза тіндерінің толық кедергісі. Реографияның физикалық негіздері. Реоэнцефалография.
Ағза тіндері тек тұрақты токты ғана емес, айнымалы токты да өткізеді. Ағзада индуктивтілік катушкасына ұқсас жүйелер болмайды, сондықтан оның индуктивтілігі 0-ге жуық. Биомембраналардың, ендеше барлық ағзаның сыйымдылық қасиеттері болады, осыған байланысты ағза тіндерінің импедансы (толық кедергісі) тек омдық пен сыйымдылық кедергілермен ғана анықталады. Биологиялық тіндердің омдық және сыйымдылық кедергілерін эквивалентті электрлік сызбаларды қолданып, үлгілеуге болады. Солардың бірнешеуін қарастырайық. а- суретте көрсетілген сызба үшін, импеданстың жиілікке тәуелділігі L = 0 болғанда, мынаған тең:
Эквивалентті электрлік сызбаның (суретте ) тәжірибеден айырмашылығы бар.
Шындығында, жоғары жиілікте биохимиялық тіндердің бәрібір кедергісі болады. Алғашқы екі үлгіні үйлестіретін аса жақсы эквивалентті электрлік сызба сурет е-де көрсетілген. Импеданстың жиілікке тәуелділігі тіндер мен мүшелерді ауыстыруда (трансплантациялау) өте маңызды болатын ағза тіндерінің тіршілік ету қабілетін бағалауға мүмкіндік береді. Өлі тінде мембраналар («тірі конденсаторлар») бұзылған, ол кезде тіннің тек омдық кедергісі болады. Импеданстың жиілікке тәуелділігінің айырмашылығы сау және ауру тін жағдайында да болады.
Тіндер мен мүшелердің импедансы олардың физиологиялық күйлеріне де байланысты болады. Тамырлар қанмен толған кезде, импеданс жүрек- қантамырлар қызметінің күйіне байланысты өзгереді.
Жүректің қызметі барысында тіндердің импедансының өзгерісін тіркеуге негізделген диагностикалық әдіс реография (импеданс-плетизмография) деп аталады. Осы әдістің көмегімен бас миының реограммасы (реоэнцефалограмма), жүректің реограммасы (реокардиограмма), магистральді қантамырларының, өкпелердің, бауырдың, аяқ- қолдардың реограммасы алынады. Өлшеулер әдетте 30 кГц жиілікте жүргізіледі. Реография бас миының, аяқ- қолдардың, өкпелердің, жүректің, бауырдың және т.б. қантамырларының түрлі бұзылуын диагностикалауда қолданылады. Аяқ- қолдардың реографиясы шеткі қантамырларының тонусының, созылғыштығының өзгеруімен, артерияның тарылуымен, толық бітеліп қалуымен сүйемелденетін ауруларда қолданылады. Реограмманы жазу аяқ- қолдардың симметриялы бөліктерінен жүргізіледі, оларға аудандары бірдей, ені 1020 мм болатын екі электрод орналастырады. Қантамырлар жүйесінің бейімділік мүмкіндігін анықтау үшін нитроглицеринмен, дене жүктемесімен, суықпен байқауларжүргізіледі.
Реоэнцефалография- ток күші мен кернеудің біршама аз мәнінде бас миы тамырларының жоғары жиілікті токқа кедергісін өлшеу арқылы оның созылғыштығын, тонусын анықтайтын әдіс. Сонымен қатар ми бөліктерінің қанмен толуын анықтауға, оның зақымдануының сипаты мен орнын диагностикалауға мүмкіндік береді, қантамырлар ауруларында жақсы нәтиже береді, әсіресе церебральді атеросклероз кезінде. Инсульттің күрделі периодында қанайналымның не ми инфарктісінің тромбоэмболиялық берекесіздігінің ишемиялық сипатын анықтауға көмектеседі.
Реоэнцефалография мидың жарақаты, ісіктері, эпилепсия, мигрень кезінде перспективті болып табылады.
"
Кредо"реографының
мүмкіншіліктері:
Аяқ- қолдардың реоэнцефалографиясы мен реовазографиясы, реотолқындардың параметрлерін автоматты өлшеу, реографиялық индекстерді есептеу.
Пациенттің жасын, алдын- ала анықталған диагнозын, алдыңғы зерттеулердің нәтижелерін ескере отырып, экранға не принтерге РЭГ нәтижелерін мәтіндік түрде шығару.
Тәжірибелік бөлім.
Тұтқырлық коэффициентін өлшеу.
Тұтқырлықты анықтаудың салыстырмалы әдісі.
Практикада
сұйықтың тұтқырлығын анықтау үшін
салыстырмалы тұтқырлық (
)
ұғымын
қолданады, ол дегеніміз берілген сұйықтың
тұтқырлығының (
)
сондай
температурадағы судың тұтқырлығына
(
)
қатынасы
деген сөз:
;
Кейбір сұйықтардың 200С температурадағы тұтқырлық коэффициенті мен салыстырмалы тұтқырлық коэффициенттерінің мәндері 1-ші кестеде берілген.
Кесте 1.
Т
ұтқырлығы
үлкен емес сұйықтардың тұтқырлық
коэффициентін анықтауда капиллярлы
вискозиметр әдісі қолданылады.
Б
ұл
әдіс Пуазейль формуласына негізделген.
Пуазейль формуласы бойынша: бірдей
капиллярлар арқылы бірдей уақыт
аралығында ағатын сұйықтардың көлемі
осы сұйықтардың тұтқырлығына кері
пропорционал болады. Ендеше
Қазіргі кезде қанның тұтқырлығын анықтау үшін екі капиллярлы Гесс вискозиметрі қолданылады. Қанның салыстырмалы тұтқырлығын анықтайтын құрал бірдей капиллярлары (а,б) бар градуирленген екі түтікшеден (А,Б) тұрады. Олар ортақ орнатқышқа (П) бекітілген.
Түтікшелердің біреуіне ашып-жапқыш (Г) қосылған. Түтікшелер үш ұшы бар шыны түтік (В) арқылы резеңке түтікпен (Д) жалғанған. Оның ұшына ауызға салып ауа соруға арналған шыны түтік (Е) жалғанған. Өлшеулер кезінде ашып- жапқышты ашып, ауызбен сорып шыны түтік арқылы Б түтікшені сумен 0- дік деңгейге дейін толтырады. Содан соң ашып- жапқышты жауып, А түтікшені зерттелетін қанмен осындай деңгейге дейін жеткізеді (қанның ұйып қалмауы үшін барлық зерттеулер шапшаң орындалуы керек). Содан соң ашып- жапқышты ашып, екі түтікшедегі сұйықтарды жүргізіп, қанның деңгейін 1- лік белгіге дейін жеткізу керек. Судың тұтқырлығы аз болғандықтан, ол үлкен аралықты жүріп өтеді (үлкен белгіге дейін). Осы белгі қанның салыстырмалы тұтқырлығын көрсетеді. Бірдей температурадағы қанның тұтқырлығының судың тұтқырлығына қатынасы қанның салыстырмалы тұтқырлығы деп аталады.
Вискозиметрмен жұмыс істеу бірдей қысымда және бірдей температурада сұйықтың жүрген жолы ішкі үйкелісіне (тұтқырлыққа) кері пропорционал болуына негізделген.
;
мұндағы
-эталондық сұйықтың (су) жүрген жолы;
-эталондық сұйықтың тұтқырлығы;
- зерттелуші сұйықтың жүрген жолы;
-
зерттелуші сұйықтың абсолют тұтқырлығы;
-
зерттелуші сұйықтың салыстырмалы
тұтқырлығы.
Өз бетімен атқаратын жұмыс.
1. Ашып- жапқышы бар түтікшенің капиллярын эталондық сұйыққа (суға) батырып, ашып- жапқышын ашып суды 0-дік белгіге дейін жеткізіңіздер (ауызбен сорып). Ашып- жапқышты жабыңыздар.
2. Екінші капиллярға осындай белгіге дейін зерттелетін сұйықты жеткізіңіздер.
3. Вискозиметрді горизонталь орналастырып, ашып- жапқышты ашып, екі түтікшелердегі сұйықтарды капилляр бойымен жүргізе бастаңыздар.
Осы кезде зерттелетін сұйықтың деңгейін 1-лік белгіге жеткізіңіздер.
4. Ашып- жапқышты жауып, екі түтікшедегі сұйықтардың жүрген жолдарын белгілеңіздер.
5.Анықталған шамаларды кестеге тлотырыңыздар.
6. Тәжірибені 3 рет қайталаңыздар.
7. Судың тұтқырлығы 1- кестеде берілген.
8. Зерттелетін сұйықтың салыстырмалы тұтқырлығын мына формула бойынша табыңыздар:
;
№ |
|
|
|
|
|
1 2 3 |
|
|
|
|
|