Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микроскоп_001.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
419 Кб
Скачать
☆

2 ) Шағылған жарықтағы қараңғы өріс әдісі

Осы әдісте мөлдір емес препараттар зерттеледі. Алынатын кескін объектіден шағылған сәулелер арқылы ғана пайда болады.

Фазалық- контрасты әдіс

Фазалық- контрасты әдіс- жарық өрісті әдіспен көрінбейтін, мөлдір және түссіз, боялмаған объектілердің кескінін алуға арналған әдіс. Осындай объектілерге мысалы, жануарлардың боялмаған тірі тіндері жатады.

Осы әдістің мәні мынада: препараттың түрлі элементтерінің сыну көрсеткіштерінің өте аз айырмашылықтары кезінде осы элементтер арқылы өткен жарық толқыны әртүрлі фазалық өзгерістерге ұшырайды (фазалық рельеф түзіледі). Көзбен, фотопластинкамен бақыланбайтын осы фазалық өзгерістер арнайы оптикалық қондырғылардың көмегімен жарық толқынының амплитудасының өзгерісіне түрленеді, яғни жарықтылық өзгереді («амплитудалық рельеф»), осы өзгерістерді енді көзбен ажыратып, көруге болады. Басқаша айтқанда, осылай алынған көрінетін кескінде жарықтылықтың (амплитудалардың) үлестірілуі фазалық рельефті қайта береді. Осылайша алынған кескін фазалық- контрасты деп аталады. Фазалық- контрасты қондырғы кезкелген жарық микроскопына орнатылуы мүмкін.

Ф азалық- контрасты қондырғы мынадай бөліктерден тұрады:

1. Арнайы фазалық пластинкалары бар объективтер жиынтығы;

2. Бұрылатын дискісі бар конденсор. Онда әр объективтегі фазалық пластинкаға сәйкес келетін сақиналы диафрагмалар орнатылған;

3. Фазалық- контрастылықты баптауға арналған қосымша телескоп.

Микроскопияның осы әдісін қолданудың арқасында боялмаған тірі микроағзалардың контрастылығы кенет артады, жарық фонда қараңғы немесе қараңғы фонда жарық болып көрінеді. Фазалық-контрасты микроскопия тіндердің жасушаларын оқып- зерттеуде, жасушаларға әртүрлі вирустардың әсерін бақылау және т.б. үшін қолданылады. Осындай жағдайда оптикасы керісінше орнатылған биологиялық микроскоптар жиі қолданылады (инвертированные). Осындай микроскоптарда объективтер төменде, конденсор жоғарыда орналасады.

Фазалық- контрасты микроскопия жарықтың интерференциясына негізделген: қоршаған ортаның сыну көрсеткішінен айырмашылығы бар мөлдір объектілер ақшыл фонда қара болып көрінеді (позитивті фазалық контраст) немесе қараңғы фонда ақшыл болып көрінеді (негативті фазалық контраст).

Поляризациялық микроскопия

П оляризациялық микроскопия-оптикалық анизотропты элементтері бар (немесе тұтастай осындай элементтерден тұратын) препараттарды микроскопиялық зерттеу үшін поляризациялық жарықта бақылау әдісі. Көптеген минералдар, кейбір жануарлар мен өсімдіктер тіндері осындай препараттарға жатады. Анизотропты микрообъектілердің оптикалық қасиеттері әртүрлі бағыттарда түрліше болады және бақылайтын бағытқа, түскен жарықтың поляризация жазықтығына қатысты осы микрообъектілердің бағытталуына байланысты микрообъектілердің қасиеттері де түрліше білінеді. Бақылауды өтетін жарықта да, шағылған жарықта да жүргізуге болады.

Поляризацияланған сәулелермен өтетін және шағылысқан жарықта зерттеу әдісі сәулені қосарланып сындыру немесе шағылыстырғыш қасиеті бар анизотропты объектілер үшін қолданылады. Осындай объектілдерге көптеген минералдар, кейбір жануарлар мен өсімдіктердің тіндері мен жасушалары, табиғи және жасанды талшықтар жатады.

Анизотропты препараттарды зерттеу кезінде микроскоптың кәдімгі схемасына жарықтандырғыш жүйенің алдына поляризатор орнатады, ал объективтен кейін анализатор орнатылады.

Жарықтандырғыш сәулелендірген жарықты поляризатор арқылы өткізеді. Осы кезде жарыққа берілген поляризация препарат арқылы жарықтың өтуі кезінде өзгереді (немесе препараттан шағылғанда). Осы өзгерістер анализатордың және әртүрлі оптикалық компенсаторлардың (қозғалмайтын және қозғалатын кристалл пластинкалар т.б.) көмегімен оқып- зерттеледі. Осы өзгерістерді талдай келе, анизотропты микрообъектілердің негізгі оптикалық сипаттамалары жайында айтуға болады: сәуленің қосарланып сыну күші, оптикалық осьтердің саны және олардың бағыты, поляризация жазықтығының айналуы, дихроизм.

Поляризатор мен анализатор өзара параллель не кесе көлденең орнатылады.

Кесе көлденең орнатылған жағдайда микроскоптың көрінетін қараңғы аймағында объектінің қара, ақшыл не боялған анизотропты элементтері көрінеді. Осы элементтердің түрі объектінің поляризация жазықтығына қатысты орналасуына және сәуленің қосарланып сыну шамасына байланысты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]