Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОМФ КАЗ ПР.ЗАН..doc 10 март 2009.DOC
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.31 Mб
Скачать

6.1. Әдебиет жалпы рецептура бойынша:

1.Харкевич Д.А. «Общая рецептура», 1982ж.

2.П.Х. Попандопуло. «Общая рецептура», 1988ж.

3.Харкевич Д.А. «Фармакология», 2000ж. 597-637 беттер.

4.Харкевич Д.А. «Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии» М.: «Медицина», 1988.

7. Бақылау:

Түсініксіз сұрақтарды талдағаннан кейін қорытынды сабақтың тақырыбы бойынша жазбаша бақылау жүргізіледі. Әр студентке жеке тапсырма беріледі - бір билет және тесттік бақылаудың бір варианты. Билетте әр түрлі дәрілік формаларға рецепт жазуға арналған 7 тапсырма және дәрінің мөлшерін не концентрациясын есептеуге арналған 3 есеп болады. Рецепттер жазуға арналған тапсырмалар сәйкес тақырыптар бойынша берілген тапсырмаларға ұқсас болады (БАҚЫЛАУ Білімнің бастапқы деңгейін, Білімнің қорытынды деңгейін қараңыз). Тесттік бақылау сұрақтары қорытынды сабақ тақырыптарының негізгі сұрақтарынан құралған (1 Кестеге сәйкес).

Семей мемлекеттік медициналық академиясы тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

Мамандық: ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА

Пән: ФАРМАКОЛОГИЯ - 1

Кафедра: ЖАЛПЫ ФАРМАКОЛОГИЯ

ІІ курсы

5 тақырып: «АФФЕРЕНТТІ ИННЕРВАЦИЯҒА ӘСЕР ЕТЕТІН ЗАТТАР:

ЖЕРГІЛІКТІ АНЕСТЕЗИЯЛЫҚ ЗАТТАР»

Құрастырушы:

Фармакология кафедрасының оқытушысы:

__________________ Қожекенова Л. Ғ.

Семей 2008

1.ТАҚЫРЫП: «Афферентті иннервацияға әсер еттетін заттар: жергілікті анестезиялық заттар»

2.Мақсаты:

Үйрету:

  • Жергілікті анестетиктердің әр түрлі дәрілік формаларына рецепттер жазу

  • Жергілікті анестетиктердің дәрілік формасын және қолдану әдісін таңдау

  • Жергілікті анестетиктердің мөлшерін және концентрациясын есептеу

  • Жергілікті анестетиктерді қолданудың және организмнің мүшелері мен жүйелерінің қызметіне әсерін болжаудың мүмкіндіктерін бағалау

Білімді бекіту:

  • Негізгі жергілікті анестетиктердің халықаралық патенттелмеген атаулары туралы;

  • Жергілікті анестетиктердің негізгі дәрілік формалары туралы;

  • Жергілікті анестетиктердің фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының жалпы заңдылықтары туралы;

  • Жергілікті анестетиктердің жіктелуі туралы;

  • Жергілікті анестетиктердің әсер ету механизмдері туралы;

  • Жергілікті анестетиктердің жағымсыз және жанама әсерлері, олардың алдын алу және пайда болғанда жою туралы.

Дағдыларды бекіту:

  • Алған білімді болашақ кәсіби қызметте қолдану бойынша;

  • Жергілікті анестетиктердің әр түрлі дәрілік формаларына (тетракаин (дикаин), бензокаин(анестезин), пиромекаин, прокаин (новокаин), ксикаин (лидокаин), артикаин (ультракаин), тримекаин, бупивакаин) белгілі жағдайларда рецепттер жазу бойынша;

  • Жергілікті анестетиктердің мөлшерін бағалау, препаратты алмастыру, рецепттерді түзету бойынша;

  • Жергілікті анестетиктердің әсерін олардың әсер ету механизмі мен локализациясы, фарамакологиялық қасиеттерінің жиынтығын негізге алып сараптау бойынша;

  • Жергілікті анестетиктердің жағымсыз әсерін анықтау олардың алдын алу және пайда болғанда жою бойынша;

  • Жаңа жергілікті анестетиктер туралы жақсы білу, олардың қолданылып жүрген препараттардан артықшылықтары, өзара алмастыру принциптері және жиі қолданылатын синонимдері туралы;

  • Клиника және дәріхана қызметкерлерін, тұрғындарды ақпараттандыру үшін жергілікті анестетиктер туралы мәліметтерді іздеу және өңдеу бойынша.