Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОМФ КАЗ ПР.ЗАН..doc 10 март 2009.DOC
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.31 Mб
Скачать

5. Сабақ беру және оқыту әдістері:

  • дискуссия - тақырыптың негізгі сұрақтарын талдау

  • кіші топтарда жұмыс істеу

  • «Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии» Д. А. Харкевич 1988 ж. бойынша тапсырмаларды орындау: 10-13 беттер, қатты және жұмсақ дәрілік формаларға рецепттер жазу.

  • Қатты дәрілік формалар бойынша бақылау жаттығуларын шешу. «Жалпы рецептура», Д.А.Харкевич, 1982, 100-102 беттер, I-VII тапсырмалар.

  • Жұмсақ дәрілік формалар бойынша бақылау жаттығуларын шешу. «Жалпы рецептура», Д.А.Харкевич, 1982, 85-88 беттер, I-VIII тапсырмалар.

6.Әдебиет.

1.Харкевич Д.А. «Общая рецептура», 1982ж.

2.П.Х. Попандопуло. «Общая рецептура», 1988ж.

3.Харкевич Д.А. «Фармакология», 2000ж. 597-637 беттер.

4.Харкевич Д.А. «Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии» М.: «Медицина», 1988.

7.Бақылау.

І. Білімнің бастапқы деңгейін

Жазбаша бақылау түрінде жүргізіледі. Әр студентке билет беріледі.

Билетте қатты және жұмсақ дәрілік формалар бойынша рецепт жазуға

бірнеше тапсырмалар және жазбаша жауап беру үшін сұрақ түрінде бір

тапсырма болады.

Бастапқы бақылауға тапсырмалар:

І. Дәрігерлік рецепт түрінде ЖАЗУ:

1.5 дециграммнан анальгиннің 10 таблеткасы (Analginum).

2.25 миллиграммнан аминазиннің (Aminazinum) 30 дражесі.

3.Бор қышқылының (Acidum Boricum) жай бөлінбеген ұнтағы.

4.3 дециграммнан балауыз қағазындағы камфораның (Camphora trita) 10 ұнтағы.

5.2 сантиграммнан папаверин гидрохлоридінің (Papaverini hydrochloidum) 10 ұнтағы.

6.Құрамында тең 15 граммнан натрий гидрокарбонаты (Natrii hydrocarbonas) және магний оксиді (Magnesii oxydum)бар күрделі ұнтақ.

7.Желатин капсулаларда 5 дециграммнан ер папортнигінің экстракты (Extractum Filicis maris).

8.Натрий парааминосалицилатының (Natrii para-aminosalicylas) 100 г гранулалары.

9.Құрамында 2% димедрол (Dimedrolum) бар 40г май, толық формада.

10.50г официнальды 10 % мырыш пастасы (Pasta Zinci)

11.5% стрептоцид линименті (Streptocidum).

12.Құрамында 10% дерматол (Dermatolum) бар 40г паста, толық формада.

13.Құрамында 15мг итжидек экстракты.(Extractum Belladonnae) бар ректальды суппозиторийлер.

14.Құрамында 1сг морфин гидрохлориді (Morphinum hydrochloridum) бар ректальды суппозиторийлер.

15.50 г 10% синтомицин майы (Synthomycinum). Жараға жағу үшін.

16.Тетрациклин гидрохлоридінің (Tetracyclini hydrochloridum) 10 г официнальды майы. Терінің зақымдалған жеріне жағу үшін.

17.50 г “Nitronol” майы . Жүрек аймағына жағу үшін.

18.20г «Lorinden» майы, зақымдалған теріге жағу үшін.

19.Құрамында 10% анестезин (Anaestesinum) бар 30г паста. Терінің зақымдалған жеріне жағу үшін.

20.25 г официнальды мырыш-салицил (Pasta Zinci-salicylata) пастасы. Терінің зақымдалған жеріне жағу үшін.

21.Құрамында 0,2 г ихтиол (Ichthyolum) бар 10 ректальды суппозиторий. Таңертең және түнде бір суппозиторийден.

22.«Anaesthesolum» 20 ректальды суппозиторийлері. 1 суппозиторийден

күніне 2 рет.

ІІ. Жазбаша бақылаудың СҰРАҚТАРЫ:

1.Латын тіліне аударыңыз: таблетка, драже, капсула, ұнтақ, май, паста, суппозиторий, ал, мына дозаларды бер, белгіле, тең мөлшерде, араластыр.

2.Зат есімдердің жалғаулары ілік, барыс септіктерінде қалай өзгереді?

3.Қатты заттардың салмағы қандай өлшем бірліктермен өлшенеді?

4.Концентрацияның қандай түрлерін білесіз?

5.Basis, constituens, adjuvans, corrigens дегеніміз не?

6.Қатты дәрілік формаларға нелер жатады?

7.Жүмсақ дәрілік формаларға нелер жатады?

8.Қысқартылған және толық формадағы жазба дегеніміз не?

9.Науқаста суланған жұқпалы жара. Дәрігер синтомицин майын тағайындады. Науқасқа қандай дәрілік форманы тағайындаған дұрыс болар еді? Неге?

10.Науқасқа ланолинді негіздегі май тағайындау керек. Рецепт қысқартылған формада жазылған. Науқас құрамында керекті компоненттері бар май алады ма?

ІІ. Білімнің қорытынды деңгейін

Студенттердің сабақтың тақырыбы бойынша алған білімдері мен меңгерген дағдыларын бағалау үшін сабақтың соңында тест түрінде жүргізіледі.