Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОМФ КАЗ ПР.ЗАН..doc 10 март 2009.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.31 Mб
Скачать

3.Оқытудың міндеттері:

  • қарапайымдармен және гельминттермен инвазиялардың әр түрлі формаларында препараттарды тиімді таңдауды қамтамасыз ету үшін студенттерде дәрілік заттардың әсерінің жалпы заңдылықтары туралы ұғым қалыптастыру

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Қарапайымдарға қарсы заттар.

2.Малярияға қарсы заттар - примахин, хингамин, прогуанил (бигумаль), пириметамин (хлоридин), хлорохин, мефлохин. Малярияға қарсы заттардың химиялық құрылымы бойынша жіктелуі. Гематошизотропты заттар. Гистошизотропты заттар. Препараттардың сипаттамасы. Малярияны емдеу принциптері, жеке және жалпы химиопрофилактикасы. Қолданылуы. Жанама әсерлері.

3.Амебаға қарсы заттар (метронидазол, хиниофон, эметин гидрохлориді, хингамин). Жіктелуі. Ішектің қуысында, ішектің қабырғасында және ішектен тыс орналасқан амебаларға препараттардың әсер ету ерекшеліктері. Метронидазолдың микробтарға қарсы қасиеттері. Қолданылуы. Жанама әсерлері.

4.Лямблиозда қолданылатын заттар (метронидазол, фуразолидон, аминохинол). Препараттардың салыстырмалы белсенділігі. Қолданылуы. Жанама әсерлері.

5.Трихомонадозда қолданылатын заттар (метронидазол, тинидазол). Тризомонадоздың химиотерапиясының принциптері. Препараттардың фармакологиялық әсерлері. Қолданылуы. Жанама әсерлері.

6.Токсоплазмозда қолданылатын заттар (пириметамин (хлоридин)). Хлоридин және аминохинолдың қасиеттері. Токсоплазмозды үйлесімді емдеуде қолданылатын сульфаниламидтердің қолданылуы. Жанама әсерлері.

7.Лейшманиозда қолданылатын заттар (натрий стибоглюконаты). Висцеральді және тері лейшманиозын емдеуде натрий стибоглюконатының қолданылуы және фармакологиялық белсенділігі. Тері лейшманиозын емдеуде мономициннің қолданылуы. Жанама әсерлері.

8.Ішек құрттарына қарсы заттар - мебендазол, пирантел, левамизол, пиперазин, ивермектин, диэтилкарбамазин, празиквантель, никлозамид. Жіктелуі, әсер ету механизмі. Қолданудың негізгі принциптері. Жанама әсерлері.

9.Ішек цестодоздарында қолданылатын заттар. Қасиеттері, қолданылу ерекшеліктері, жанама әсерлері.

10.Трематодоздарда қолданылатын препараттар (празиквантель).

11.Ішектен тыс гельминтоздарда қолданылатын заттардың жалпы сипаттамасы.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері:

  • дискуссия - тақырыптың негізгі сұрақтарын талдау

  • кіші топтарда жұмыс істеу

  • фармакодинамикалық алгоритмдерді құру:

ФЕНАСАЛДЫҢ ІШЕК ЦЕСТОДОЗЫНДА ӘСЕР ЕТУ МЕХАНИЗМІ

1 Кесте

Фенасалдың ішек цестодозында әсер ету механизмі

Деңгей

Әсер ету нүктесі

Әсерлері

1. Молекулалық-клеткалық

2. Тіндік не мүшелік

3. Жүйелік не организмдік

ПИПЕРАЗИН АДИПИНАТЫНЫҢ ІШЕК НЕМАТОДОЗЫНДА ӘСЕР ЕТУ МЕХАНИЗМІ

2 Кесте

Пиперазин адипинатының ішек нематодозында әсер ету механизмі

Деңгей

Әсер ету нүктесі

Әсерлері

1. Молекулалық-клеткалық

2. Тіндік не мүшелік

3. Жүйелік не организмдік

  • «Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии» Д. А. Харкевич 1988 ж. бойынша тапсырмаларды орындау: 235-238 беттер, I-XX тапсырмалар, 242-245 беттер, I-XX тапсырмалар, 246 бет, 134-135 есептер, 266-268 тапсырмалар, I-XX тапсырмалар, 268 бет, 149 есеп.

  • Тәжірибелерді орындау:

Тәжірибе №1. Акрихиннің қарапайымдарға әсері.

Сипаттау:

2 сағаттың шынысына 1 тамшыдан құрамында бақаның ішегінің бөлігі бар натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісін тамызады, кейін бір шыныға акрихин ерітіндісінің 1:500 бір тамшысын тамызады. Қарапайымдардың қозғалғыштығын микроскоппен бақылайды.

Тәжірибе № 2. Ер папоротнигінің сүлікке әсері.

Сипаттау:

200мл суы бар банкаға сүлікті салады және 3-5 мл 2% ер папоротнигінің эмульсиясын қосады. Сүліктің әрекетін бақылайды.

Тәжірибе нәтижелерін студенттер түсіндіріп, қорытынды жасайды және дәптерге жазады.