Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОМФ КАЗ ПР.ЗАН..doc 10 март 2009.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.31 Mб
Скачать

6. Әдебиет:

НЕГІЗГІ:

1.Харкевич Д.А. Фармакология: Оқулық. Москва. «ГЭОТАР-МЕД» баспаханасы. 2000.

2.Харкевич Д.А. «Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии» М.: «Медицина», 1988.

ҚОСЫМША:

1.Аляутдин Р. Н. Фармакология. Оқулық. Москва. «ГЭОТАР-МЕД» баспаханасы. 2004.-516 б.

2.Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология. (м.ғ.д., проф. Э. Э. Звартау аудармасы)-Санкт-Петербург, 1998.-1043 б.

3.Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология по Гудману и Гилману. 10-шы басылымының аудармасы. М. «Практика». 2006 ж. 1648 б.

4.Клиническая фармакология. /В. Г. Кукес редакц./-М.: ММА баспасы, 1991.-760 б.

5.Лоуренс Д. Р., Бенитт П. Н. Клиническая фармакология: екі томда. Ағылшын тілінен аударылған.-М.: Медицина, 1993.-478 б.

6.Машковский М. Д. Лекарственные средства. М., 2003.-870 б.

7.Психотропные средства: Справочник практикующего врача. /А. Н. Редькин; Ю. А. Александровский.-М.: Литтерра, 2006.-992 б.

8.Яковлев В.П., Яковлев С.В. Рациональная антимикробная фармакотерапия (руководство для практических врачей). М.:Литтерра. 2003.-1002 б.

7. Бақылау:

І. Білімнің бастапқы деңгейін

Жазбаша бақылау түрінде жүргізіледі. Әр студентке билет беріледі. Билетте үш ситуациялық тапсырма берілген: 1 – қолданылатын және қолданылмайтын жағдайларды көрсете отырып рецепт жазу, 2 және 3 – дәрінің әсер ету механизмін не классификацияны сипаттау. Рецепттерде жазылатын препараттар сабақтың МАҚСАТЫ бөлімінде берілген препараттарға сәйкес болуы керек (Дағдыларды бекіту бөлімін қараңыз).

Бастапқы білім деңгейін бақылауға арналған тапсырмалар:

І. Қолданылатын және қолданылмайтын жағдайларды көрсете отырып дәрігерлік рецепт түрінде ЖАЗУ:

1.Изоникотин қышқылының гидразиді тобынан туберкулезға қарсы препарат.

2.Парентеральды енгізуге арналған 1-ші топқа жататын туберкулезға қарсы антибиотик.

3.2-ші топқа жататын туберкулезға қарсы антибиотик.

4.Көру қабілетін төмендететін туберкулезға қарсы препарат.

5.2-ші топқа жататын синтетикалық туберкулезға қарсы зат.

6.Мерезді емдеуге арналған қысқа әсерлі бензилпенициллин препараты.

7.Мерезді емдеуге арналған висмут препараты.

8.1-2 аптада 1 рет енгізуге арналған бензилпенициллиннің ұзақ әсерлі препараты.

9.3-4 аптада 1 рет енгізуге арналған бензилпенициллиннің ұзақ әсерлі препараты.

10.Антибиотикотерапияда дисбактериоздың алдын алу үшін қолданылатын ұсақ саңырауқұлақтарға қарсы зат.

11. Жүйелі микоздарды емдеуде парентеральды қолданылатын антибиотик.

12.Дерматомикоздарды емдеуде қолданылатын, ұсақ саңырауқұлақтардың клетка қабырғасының эргостерол синтезінің ингибиторы.

13.Дерматофиттердің тұрақтылығы дамымайтын, дерматомикоздарды емдеуде қолданылатын ұсақ саңырауқұлақтарға арналған препарат.

14. Беткей және жүйелі микоздарды емдеуге қолданылатын имидазол туындысы.

15. А2 тұмауының алдын алу үшін қолданылатын, паркинсонизмде әсері тиімді вирустарға қарсы препарат.

16. АИЖС емдеуге қолданылатын дәрілік зат.

17. Интерфероноген.

18. Көздің герпестік зақымдануларын емдеуге қолданылатын вирустарға қарсы зат.

19. Герпеске қарсы зат, пурин нуклеозидтерінің аналогы.

20. Цитомегаловирусты инфекцияда әсері тиімді герпеске қарсы зат.

II. СИПАТТАУ:

1.Туберкулезге қарсы заттардың жіктелуі.

2.Изониазидтің туберкулезге қарсы әсерінің механизмі.

3.Рифампициннің әсер ету механизмі.

4.Спирохеталарға қарсы заттарды атаңыз.

5.Висмут препараттарының спирохеталарға қарсы әсерінің механизмі.

6.Ұсақ саңырауқұлақтарға қарсы заттардың жіктелуі.

7.Полиенді антибиотиктердің ұсақ саңырауқұлақтарға қарсы әсерінің механизмі.

8.Интерфероногендердің әсер ету механизмі.

ІІ. Білімнің қорытынды деңгейін

Студенттердің сабақтың тақырыбы бойынша алған білімдері мен меңгерген дағдыларын бағалау үшін сабақтың соңында тест түрінде жүргізіледі.