Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОМФ КАЗ ПР.ЗАН..doc 10 март 2009.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.31 Mб
Скачать

6.Әдебиет.

1.Харкевич Д.А. «Общая рецептура», 1982ж.

2.П.Х. Попандопуло. «Общая рецептура», 1988ж.

3.Харкевич Д.А. «Фармакология», 2000ж. 597-637 беттер.

4.Харкевич Д.А. «Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии» М.: «Медицина», 1988.

7.Бақылау.

І. Білімнің бастапқы деңгейін

Жазбаша бақылау түрінде жүргізіледі. Әр студентке билет беріледі.

Билетте сұйық және инъекцияға арналған дәрілік формалар бойынша рецепт жазуға бірнеше тапсырмалар және жазбаша жауап беру үшін сұрақ түрінде бір

тапсырма болады.

Бастапқы бақылауға тапсырмалар:

І. Дәрігерлік рецепт түрінде ЖАЗУ:

1.Арамтұмсық шөбінің (herba Thermopsidis) тұндырмасы, ас қасықпен қабылдау үшін, 4 күнге, күніне 3 реттен.

2.150 мл көктемгі жанаргүл шөбінің ( herba Adonidis vernalis) тұндырмасы.

3.Емен қабығының (cortex Quercus) қайнатпасы, ауызды шаю үшін.

4.Шүйгіншөп (Valeriana) тұнбасы, 25 тамшыдан қабылдауға.

5.Доланың (Crataegus) сұйық экстракты, 25 тамшыдан ішке қабылдауға.

6.Хлорлы кальцийдің (Calcii chloridum) 10% ерітіндісі, ас қасықпен қабылдау үшін.

7.Фурацилиннің (Furacilinum) 0,2 % ерітіндісі, жараны жуу үшін.

8.Сульфацил-натрийдің (Sulfacylum-natrium) 30 % ерітіндісі, көзге тамызатын тамшылар.

9. Құрамында арамтұмсық шөбінің (herba Thermopsidis) тұндырмасы 1:300, әр қабылдауға 5 дециграммнан ас содасын (Natrii hydrocarbonas) және 15 мг кодеин фосфатын (Codeini phosphas) қосатын 180 мл жөтелге қарсы микстура, ас қасықпен күніне 4 реттен ішке қабылдауға.

10.15 г зығыр дәндерінен (Semina Lini) эмульсия, ішке қабылдау үшін.

11.Промедол (Promedolum) ерітіндісінің 1 мл-ден 10 ампуласы, әр ампулада 2 сантиграмм зат бар, ауырсынуда тері астына енгізу үшін.

12.1мл 5% ретаболилдің (Retabolilum) майлы ерітіндісінің 6 ампуласы.

13.Әр ампулада 1 мл 5 (ӘБ) окситоцин (Oxytocinum) бар, 10 ампула.

14. 12 ампула, әр ампулада 2 дециграмм циклофосфан (Cyclophosphanum) бар. Алдын ала 10 мл инъекцияға арналған суда ерітіп, көктамырға енгізуге тағайындалады.

15.5 флакон, әр флаконда 5 мл гепарин (Heparinum) (5000 ЕД-1мл) бар. Тері астына енгізуге тағайындалады.

16.Натрий хлоридінің (Natrii chloridum) 500мл 0,9% стерильді ерітіндісі. Көктамырға тамшылатып енгізу үшін.

17.6 флакон, әр флаконда аминокапрон қышқылының (Acidum aminocapronicum) 100 мл 5% ерітіндісі бар. Көктамырға тамшылатып енгізу үшін тағайындалады.

18.50 мл ксикаинның (Xycainum) 1% стерильді ерітіндісі. Өткізгіштік анестезия үшін.

19.6 флакон, әр флаконда 10 ӘБ кортикотропин (Corticotropinum) бар. Флакондағы затты алдын ала 1 мл инъекцияға арналған суда ерітіп, 10 ӘБ бұлшықетке енгізуге тағайындалады.

20. 10 флакон, әр флаконда 5 мл (1мл-де 40 ӘБ) мырыш-инсулиннің (Zinc-insulinum) суспензиясы бар.1 мл-ден күніне 1 рет тері астына енгізуге тағайындалады.

21.10 ампула, әр ампулада 5 миллиграмм винбластин (Vinblastinum) бар. Алдын ала 5 мл натрий хлоридінің стерильді изотоникалық ерітіндісіне ерітіп, аптасына 1 рет көктамырға енгізуге тағайындалады.

22.6 ампула, әр ампулада викасолдың (Vicasolum) 1мл 1% ерітіндісі бар. 1 мл-ден бұлшықетке енгізуге тағайындалады.

ІІ. Жазбаша бақылаудың СҰРАҚТАРЫ:

1.Латын тіліне аударыңыз: ерітінді, суспензия, эмульсия, тұндырма, қайнатпа, тұнба, ампула, ал, мына дозаларды бер, белгіле, тең мөлшерде, араластыр.

2.Зат есімдердің жалғаулары ілік, барыс, көмектес септіктерінде қалай өзгереді?

3.Сұйық заттардың көлемі қандай өлшем бірліктермен өлшенеді?

4.Концентрацияның қандай түрлерін білесіз?

5.Basis, constituens, adjuvans, corrigens дегеніміз не?

6.Сұйық дәрілік формаларға нелер жатады?

7.Инъекцияға арналған дәрілік формаларға нелер жатады?

8.Қысқартылған және толық түрде жазу формасы дегеніміз не?

ІІ. Білімнің қорытынды деңгейін

Студенттердің сабақтың тақырыбы бойынша алған білімдері мен меңгерген дағдыларын бағалау үшін сабақтың соңында тест түрінде жүргізіледі.