Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОМФ КАЗ ПР.ЗАН..doc 10 март 2009.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.31 Mб
Скачать

6. Әдебиет:

НЕГІЗГІ:

1.Харкевич Д.А. Фармакология: Оқулық. Москва. «ГЭОТАР-МЕД» баспаханасы. 2000.

2.Харкевич Д.А. «Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии» М.: «Медицина», 1988.

ҚОСЫМША:

1.Аляутдин Р. Н. Фармакология. Оқулық. Москва. «ГЭОТАР-МЕД» баспаханасы. 2004.-516 б.

2.Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология. (м.ғ.д., проф. Э. Э. Звартау аудармасы)-Санкт-Петербург, 1998.-1043 б.

3.Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология по Гудману и Гилману. 10-шы басылымының аудармасы. М. «Практика». 2006 ж. 1648 б.

4.Клиническая фармакология. /В. Г. Кукес редакц./-М.: ММА баспасы, 1991.-760 б.

5.Лоуренс Д. Р., Бенитт П. Н. Клиническая фармакология: екі томда. Ағылшын тілінен аударылған.-М.: Медицина, 1993.-478 б.

6.Машковский М. Д. Лекарственные средства. М., 2003.-870 б.

7.Психотропные средства: Справочник практикующего врача. /А. Н. Редькин; Ю. А. Александровский.-М.: Литтерра, 2006.-992 б.

8.Яковлев В.П., Яковлев С.В. Рациональная антимикробная фармакотерапия (руководство для практических врачей). М.:Литтерра. 2003.-1002 б.

7. Бақылау:

І. Білімнің бастапқы деңгейін

Жазбаша бақылау түрінде жүргізіледі. Әр студентке билет беріледі. Билетте үш ситуациялық тапсырма берілген: 1 – қолданылатын және қолданылмайтын жағдайларды көрсете отырып рецепт жазу, 2 және 3 – дәрінің әсер ету механизмін не классификацияны сипаттау. Рецепттерде жазылатын препараттар сабақтың МАҚСАТЫ бөлімінде берілген препараттарға сәйкес болуы керек (Дағдыларды бекіту бөлімін қараңыз).

Бастапқы білім деңгейін бақылауға арналған тапсырмалар:

І. Қолданылатын және қолданылмайтын жағдайларды көрсете отырып дәрігерлік рецепт түрінде ЖАЗУ:

1. Дене қуыстарына және ми қабықтарының астына енгізуге арналған биосинтетикалық пенициллин.

2. Бензилпенициллиннің нашар еритін тұзы.

3. Әсер ету спектрі кең, пенициллиназаға тұрақсыз жартылай синтетикалық пенициллин.

4. Әсер ету спектрі кең, биотиімділігі жоғары жартылай синтетикалық пенициллин.

5. Энтеральды қолдануға арналған І қатардан цефалоспорин.

6. Парентеральды қолдануға арналған ІІ қатардан цефалоспорин.

7. Жартылай синтетикалық тетрациклиндер тобынан ұзақ әсер ететін препарат.

8. Риккетсиоздарды емдеу үшін қолданылатын әсер ету спектрі кең антибиотик.

9. Қайтымсыз ототоксикалық әсерлі антибиотик.

10. Операция алдында ішектің санациясы үшін қолданылатын препарат.

11. Ірі вирустармен шақырылатын ауруларды емдеуге арналған антибиотик.

12. Құтырманың алдын алуға арналған антибиотик.

ІІ. СИПАТТАУ:

  1. Антибиотиктер топтарын атау.

  2. Бета-лактамды антибиотиктердің бактерицидті әсерінің механизмі.

  3. Аминогликозидтердің микробтарға қарсы әсерінің механизмі.

  4. Полимиксин М әсер ету механизмі.

  5. Эритромициннің микробтарға қарсы әсерінің спектрі.

  6. Левомицетиннің микробтарға қарсы әсерінің спектрі.

ІІ. Білімнің қорытынды деңгейін

Студенттердің сабақтың тақырыбы бойынша алған білімдері мен меңгерген дағдыларын бағалау үшін сабақтың соңында тест түрінде жүргізіледі.

Семей мемлекеттік медициналық академиясы тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

Мамандық: ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА

Пән: ФАРМАКОЛОГИЯ - 1

Кафедра: ЖАЛПЫ ФАРМАКОЛОГИЯ

ІІ курсы

16 тақырып: «ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ҚАРСЫ ЗАТТАР. СПИРОХЕТАЛАРҒА

ҚАРСЫ ЗАТТАР. ҰСАҚ САҢЫРАУҚҰЛАҚТАРҒА ҚАРСЫ

ЗАТТАР. ВИРУСТАРҒА ҚАРСЫ ЗАТТАР.

Құрастырушы:

Фармакология кафедрасының оқытушысы:

__________________ Қожекенова Л. Ғ.

Семей 2008

1. ТАҚЫРЫП: «Туберкулезге қарсы заттар. Спирохеталарға қарсы заттар. Ұсақ саңырауқұлақтарға қарсы заттар. Вирустарға қарсы заттар»