Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОМФ КАЗ ПР.ЗАН..doc 10 март 2009.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.31 Mб
Скачать

3.Оқытудың міндеттері:

  • әр түрлі ауруларда препараттарды тиімді таңдауды қамтамасыз ету үшін студенттерде дәрілік заттардың әсерінің жалпы заңдылықтары туралы ұғым қалыптастыру

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Антисептикалық және дезинфекциялайтын заттар. Антисептика және дезинфекция туралы ұғым. Антисептикалық және дезинфекциялық заттардың қолданылу тарихы (Л. П. Нелюбин, И. Земмельвейс, Д. Листер). Микробтарға қарсы белсенділігін анықтайтын шарттар. Антисептикалық және дезинфекциялық заттарға қойылатын талаптар. Жіктелуі.

2.Құрамында галогені бар қосылыстар (хлорамин Б, йод препараттары). Хлор және йод қосылыстарының қолданылуы және әсер ету механизмінің ерекшеліктері. Жанама әсерлері.

3.Тотықтырғыштар. Әсер ету механизмі және қолданылуы. Жанама әсерлері.

4.Қышқылдар және сілтілер (бор қышқылы, аммиак ерітіндісі). Әсер ету механизмі. Жанама әсерлері.

5.Металл қосылыстары (сынап дихлориді, сынаптың сары тотығы, күміс нитраты, мырыш сульфаты, мыс сульфаты). Әсер ету механизмі. Жергілікті әсері (бырыстыратын, тітіркендіретін, күйдіретін әсерлері). Микробтарға қарсы әсері Микробтарға қарсы белсенділігіне әсер ететін шарттар. Әсер ету механизмі. Жеке препараттардың салыстырмалы сипаттамасы. Резорбтивті әсердің жалпы сипаттамасы. Ауыр тұз металдарымен улану. Улануда жәрдем көрсету шаралары. Антидоттық терапияның принциптері (унитиол, натрий тиосульфаты, тетацин-кальций).

6.Фенол және оның туындылары. Әсер ету механизмі және қолданылу ерекшеліктері. Жанама әсерлері.

7.Альдегидтер және спирттер. Әсер ету механизмі. Әр түрлі концентрациядағы формальдегид ерітіндісі және спирттің микробтарға қарсы белсенділігі. Қолданылуы және жанама әсерлері.

8.Бояулар-бриллиант жасыл, этакридин лактаты. Микробтарға қарсы әсер ету механизмі. Қолданылуы және жанама әсерлері.

9.Нитрофуран туындылары (фурацилин). Әсер ету механизмі. Микробтарға қарсы әсерінің спектрі. Қолданылуы. Жанама әсерлері.

10.Бигуанидтер (хлоргексидин). Микробтарға қарсы әсерінің спектрі. Қолданылуы. Жанама әсерлері.

11. Химиотерапияның негізгі принциптері. Жіктелуі.

12. Антибактериялық заттар (бензилпенициллиннің натрий, новокаин тұздары, ампициллин, амоксициллин, цефалексин, цефуроксим, эритромицин, тетрациклин, доксициклин, хлорамфеникол, гентамицин, полимиксин-М, рифампицин).

13. Антибиотиктердің негізгі әсер ету механизмдері, жіктелу принциптері. Негізгі және резервтегі антибиотиктнр туралы ұғым. Препараттардың сипаттамасы.

14. Антибиотикотерапия туралы ұғым. Антибиотикотерапияға қойылатын талаптар. Антибиотиктердің негізгі әсер ету механизмдері, жіктелу принциптері. Препараттардың сипаттамасы. Қолданылатын және қолданылмайтын жағдайлар. Жанама әсерлері.

15. Бета-лактамды антибиотиктер. Пенициллин тобының антибиотиктері: жіктелуі, әсер ету механизмі және спектрі, препараттардың фармакокинетикасы.Жартылай синтетикалық пенициллиндердің әсер ету ерекшеліктері және қолданылуы. Жанама әсерлері.

16. Цефалоспориндер, жалпы сипаттамасы. Жіктелуі. Әсер ету механизмі. Әсер ету спектрінің ерекшеліктері, фармакокинетикасы, әртүрлі ұрпақтағы цефалоспориндердің қолданылуы. Жанама әсерлері.

17. Басқа бета-лактамды антибиотиктер. Әсер ету спектрі, қолданылу ерекшеліктері. Жанама әсерлері.

18. Макролидтер. Әсер ету механизмі. Микробқа қарсы әсерінің спектрі,фармакокинетикасы, қолданылуы. Жанама әсерлері. Жаңа макролидтер /азитромицин/, олардың ерекшеліктері.

19. Тетрациклиндер. Жалпы сипаттамасы. Жіктелуі, әсер ету механизмі. Жартылай синтетикалық тетрациклиндердің әсер ету ерекшеліктері. Әсер ету спектрі және фармакокинетикасы. Қолданылуы. Жанама әсерлері.

20. Хлорамфеникол (левомицетин) тобы. Жалпы сипаттамасы. Жіктелуі, әсер ету механизмі. Әсер ету спектрі мен фармакокинетикасының ерекшеліктері, қолданылуы. Жанама әсерлері.

21. Аминогликозидтер. Жалпы сипаттамасы.Жіктелуі. Әсер ету механизмі. Әсер ету спектрінің және әртүрлі ұрпақ препараттарының фармакокинетикасының ерекшеліктері. Қолданылуы. Жанама әсерлері.

22. Полимиксиндер. Жалпы сипаттамасы. Жіктелуі, әсер ету механизмі. Әсер ету спектрі мен қолданылуының ерекшеліктері. Жанама әсерлері.

23.Рифампициндер. Рифампициндердің әсер ету механизмі және спектрі. Қолданылуы. Жанама әсерлері.