Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОМФ КАЗ ПР.ЗАН..doc 10 март 2009.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.31 Mб
Скачать

Димедролдың аллергияға қарсы әсерінің механизмі

3 Кесте

Димедролдың аллергияға қарсы әсерінің механизмі

Деңгей

Әсер ету нүктесі

Әсерлері

1. Молекулалық-клеткалық

2. Тіндік не мүшелік

3. Жүйелік не организмдік

Анафилактикалық шокта қолданылатын заттар

4 Кесте

Препараттардың топтары

Негізгі препараттар

Енгізілу мақсаттары, әсер ету механизмі

Мөлшерлеу реті

1

Адреномиметиктер

Адреналин гидрохлориді

2

Миотропты әсерлі бронхолитиктер

Эуфиллин

3

Тіндердің зақымдануын азайтатын заттар (ГКС)

Гидрокортизон

Преднизолон

  • «Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии» Д. А. Харкевич 1988 ж. бойынша тапсырмаларды орындау: 217-218 беттер, Х-ХІХ тапсырмалар, 216-217 беттер, І-ІХ тапсырмалар.

  • Есептерді шешу «Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии» Д. А. Харкевич 1988 ж. бойынша; 219 бет, 119-121 есептер.

  • Тәжірибені орындау:

1 Тәжірибе: Гистаминге офтальмореакция және димедролмен оның алдын алу.

Сипаттау:

Қоянның бір көзіне гистамин гидрохлоридінің 2% сулы ерінтіндісін тамызады. Конъюнктиваның ісінуінің дамуын бақылайды. Кейін құрсаққа 5мг/кг мөлшерде димедрол енгізеді. 15-20 минуттан кейін екінші көзіне гистаминнің сол ерітіндісін тамызады.

Тәжірибенің нәтижелерін студенттер өз бетімен негіздейді, қорытындылар жасайды және дәптерге жазады.

6. Әдебиет:

НЕГІЗГІ:

  1. Харкевич Д.А. Фармакология: Оқулық. Москва. «ГЭОТАР-МЕД» баспаханасы. 2000.

  2. Харкевич Д.А. «Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии» М.: «Медицина», 1988.

ҚОСЫМША:

  1. Аляутдин Р. Н. Фармакология. Оқулық. Москва. «ГЭОТАР-МЕД» баспаханасы. 2004.-516 б.

  2. Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология. (м.ғ.д., проф. Э. Э. Звартау аудармасы)-Санкт-Петербург, 1998.-1043 б.

  3. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология по Гудману и Гилману. 10-шы басылымының аудармасы. М. «Практика». 2006 ж. 1648 б.

  4. Клиническая фармакология. /В. Г. Кукес редакц./-М.: ММА баспасы, 1991.-760 б.

  5. Лоуренс Д. Р., Бенитт П. Н. Клиническая фармакология: екі томда. Ағылшын тілінен аударылған.-М.: Медицина, 1993.-478 б.

  6. Машковский М. Д. Лекарственные средства. М., 2003.-870 б.

  7. Психотропные средства: Справочник практикующего врача. /А. Н. Редькин; Ю. А. Александровский.-М.: Литтерра, 2006.-992 б.

  8. Яковлев В.П., Яковлев С.В. Рациональная антимикробная фармакотерапия (руководство для практических врачей). М.:Литтерра. 2003.-1002 б.

7. Бақылау:

І. Білімнің бастапқы деңгейін

Жазбаша бақылау түрінде жүргізіледі. Әр студентке билет беріледі. Билетте үш ситуациялық тапсырма берілген: 1 – қолданылатын және қолданылмайтын жағдайларды көрсете отырып рецепт жазу, 2 және 3 – дәрінің әсер ету механизмін не классификацияны сипаттау. Рецепттерде жазылатын препараттар сабақтың МАҚСАТЫ бөлімінде берілген препараттарға сәйкес болуы керек (Дағдыларды бекіту бөлімін қараңыз).

Бастапқы білім деңгейін бақылауға арналған тапсырмалар:

І. Қолданылатын және қолданылмайтын жағдайларды көрсете отырып дәрігерлік рецепт түрінде ЖАЗУ:

1.Оксикамдар тобынан стероидты емес қабынуға қарсы препарат.

2.Ревматизмді емдеу үшін қолданылатын салицил қышқылының туындысы.

3.Әр түрлі этиологиялы артриттерді емдеу үшін қолданылатын индолсірке қышқылының туындысы.

4.Ревмокардитті емдеу үшін қолданылатын индолсірке қышқылының туындысы.

5. Ревматизмді емдеу үшін қолданылатын фенилсірке қышқылының туындысы.

6.Ұзақ әсерлі пропион қышқылының туындысы.

7.Жүкті әйелдерде ревматизмді емдеу үшін қолданылатын пропион қышқылының туындысы.

8.Циклооксигеназа-2 таңдамалы ингибиторы.

9.Ревматикалық ауруларды емдеуге қолданылатын алтын препараты.

10.Құрамында пенициллин молекулалары бар баяу әсерлі қабынуға қарсы зат.

11.Малярияға қарсы белсенділігі бар баяу әсерлі қабынуға қарсы зат.

12. Айқын ауырсынуды басатын әсері бар пирролизин-карбон қышқылының туындысы .

13.Су-тұз алмасуына айтарлықтай айқын әсері бар глюкокортикоид.

14.Ревматоидты артритті емдеу үшін қолданылатын жартылай синтетикалық глюкокортикоид.

15.Айтарлықтай айқын қабынуға қарсы әсері бар глюкокортикостероидтардың құрамында фтор бар аналогы.

16.Айтарлықтай айқын диабет тудыратын әсері бар глюкокортикоидтардың құрамында фтор бар аналогы.

17.Терінің аллергиялық ауруларын емдеу үшін қолданылатын кортикостероид. 18.Парентеральды қолдануға арналған гистаминге қарсы зат.

19.Ингаляция арқылы қолданылатын, аллергия медиаторларының бөлінуін тежейтін зат. 20.Ішке қолданылатын, аллергия медиаторларының бөлінуін тежейтін зат.

21.Әлсіз седативті әсері бар гистаминге қарсы зат.

22.Анафилактикалық шокта қолданылатын адреномиметик.

23.Жіті аллергиялық реакция кезінде бронхоспазмды басу үшін қолданылатын миотропты спазмолитик.

ІІ. СИПАТТАУ:

1.Стероидты емес қабынуға қарсы заттардың классификациясы.

2.Ацетилсалицил қышқылының қабынуға қарсы әсерінің механизмі.

3.Стероидты қабынуға қарсы заттардың классификациясы.

4.Глюкокортикоидтардың қабынуға қарсы әсерінің механизмі.

5.«Базисті» заттарды атаңыз.

6.«Базисті» заттардың қабынуға қарсы әсерінің ерекшеліктері.

7.Аллергияға қарсы заттардың классификациясы.

8.Жіті типті аллергиялық реакцияларды емдеуге арналған заттарды атаңыз.

9.Глюкокортикоидтардың аллергияға қарсы әсерінің механизмі.

10.Гистаминге қарсы заттардың әсер ету механизмі.

ІІ. Білімнің қорытынды деңгейін

Студенттердің сабақтың тақырыбы бойынша алған білімдері мен меңгерген дағдыларын бағалау үшін сабақтың соңында тест түрінде жүргізіледі.