Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОМФ КАЗ ПР.ЗАН..doc 10 март 2009.DOC
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.31 Mб
Скачать

2.Мақсаты:

Үйрету:

  • оқытылатын дәрілік заттардың әртүрлі дәрілік формаларына рецепттер жазу

  • оқытылатын дәрілік заттардың дәрілік формасын және қолдану әдісін таңдау

  • оқытылатын дәрілік заттардың мөлшерін және концентрациясын есептеу

  • оқытылатын дәрілік заттарды қолданудың және организмнің мүшелері мен жүйелерінің қызметіне әсерін болжаудың мүмкіндіктерін бағалау

Білімді бекіту:

  • негізгі оқытылатын дәрілердің халықаралық патенттелмеген атаулары туралы

  • оқытылатын дәрілік заттардың негізгі дәрілік формалары туралы

  • оқытылатын препараттардың фармакокинетикасы мен фармакодинимикасының жалпы заңдылықтары туралы

  • оқытылатын дәрілік заттардың жіктелуі мен әсер ету механизмі туралы

  • оқытылатын препараттардың жағымсыз және жанама әсерлері, олардың алдын алу және пайда болғанда жою туралы

Дағдыларды бекіту:

  • препараттардың қолдану әдістері мен енгізу жолдарын, дәрілік формаларын таңдау бойынша

  • оқытылатын дәрілік заттардың әр түрлі дәрілік формаларына рецепттер жазу морфин гидрохлориді, промедол (тримеперидин), пентазоцин, фентанил, трамадол, просидол, налоксон, налтрексон, ацетилсалицил қышқылы, натрий метамизолы (анальгин), парацетамол) бойынша

  • негізгі өмірге маңызды препараттарға рецепттер жазу бойынша

  • рецепттерді түзету, препараттарды алмастыру, оқытылатын дәрілердің мөлшерін бағалау бойынша

  • оқытылатын препараттардың әсерін олардың әсер ету механизмі мен локализациясы, фармакологиялық қасиеттердің жиынтығы негізінде сараптау бойынша

  • оқытылатын дәрілік заттарды организмнің мүшелері мен жүйелерінің қызметін белгілі бір бағытта өзгерту үшін таңдау бойынша

  • оқытылатын препараттардың жағымсыз әсерлерін анықтау, олардың алдын алу және пайда болғанда жою бойынша

  • жаңа дәрілік заттар туралы жақсы білу, олардың қолданылып жүрген препараттардан артықшылықтары, өзара алмасу принциптері және жиі қолданылатын синонимдері туралы

  • клиника және дәріхана қызметкерлерін, тұрғындарды ақпараттандыру үшін оқытылатын препараттар туралы мәліметтерді іздеу және өңдеу бойынша

  • алған білімді болашақ кәсіби қызметте қолдану бойынша

3.Оқытудың міндеттері:

  • әр түрлі ауруларда препараттарды тиімді таңдауды қамтамасыз ету үшін студенттерде дәрілік заттардың әсерінің жалпы заңдылықтары туралы ұғым қалыптастыру

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Апиатты рецепторларға әсер ететін заттар. Есірткілік (апиатты) анальгетиктер (морфин гидрохлориді, промедол (тримеперидин), пентазоцин, фентанил, трамадол, просидол). Жалпы сипаттамасы. Ноцицептивті және антиноцицептивті жүйелер. Апиатты рецепторлар және олардың эндогенді лигандтары. Анальгезияның мүмкін болатын механизмдері.

2.Апиынның алкалоидтері. Есірткілік анальгетиктердің жіктелуі. Есірткілік анальгетиктердің әсерлерінің негізгі ерекшеліктері. ОНЖ әсер етуімен байланысты эффекттер. Жүрек-қантамырлары жүйесіне, асқазан-ішек жолына әсері. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы. Қолданылуы. Нейролептанальгезия туралы ұғым. Жанама әсерлері.

3.Есірткілік анальгетиктермен жедел улану және оның фармакотерапиясының негізгі принциптері. Дәріге тәуелділік, оның әлеуметтік аспекттері мен емдеу принциптері.

4.Есірткілік анальгетиктердің антагонисттері (налоксон, налтрексон). Әсер ету принципі, салыстырмалы сипаттамасы. Қолданылуы.

5.Есірткілік емес анальгетиктер (ацетилсалицил қышқылы, натрий метамизолы (анальгин), парацетамол). Негізгі фармакологиялық әсерлері.

6.Ауырсынуды басатын әсерінің ерекшеліктері.

7.Ауырсынуды басатын және дене қызуын түсіретін және қабынуға қарсы әсерлерінің механизмдері.

8.Жіктелуі.

9.Жеке препараттардың салыстырмалы сипаттамасы. Негізгі жанама әсерлері.