Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОМФ КАЗ ПР.ЗАН..doc 10 март 2009.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.31 Mб
Скачать

3.Оқытудың міндеттері:

  • әр түрлі ауруларда препараттарды тиімді таңдауды қамтамасыз ету үшін студенттерде дәрілік заттардың әсерінің жалпы заңдылықтары туралы ұғым қалыптастыру

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Ұйықтатын заттар (нитразепам, фенобарбитал, зопиклон, золпиден). Жіктелуі. Ұйықтатын заттардың мүмкін болатын әсер ету механизмдері, ұйқының құрылымына әсері.

2.Барбитур қышқылының және бензодиазепиннің туындыларының, алифатты қосылыстардың әсер ету ерекшеліктері және салыстырмалы сипаттамасы. Қысқа әсерлі бензодиазепиндер (триазолам). Жанама әсерлері. Дәріге тәуелділіктің даму мүмкіндігі.

3.Ұйықтатын әсері бар басқа фармакологиялық топтардан препараттар (мелатонин).

4.Ұйықтатын заттармен жіті улану және оның фармакотерапиясының қағидалары.

5.Тырысуға қарсы заттар. Анықтамасы. Әсер ету принципі. Әр түрлі фармакологиялық топтардан препараттардың тырысуға қарсы әсері (бензодиазепин туындылары, натрий оксибутираты, лидокаин, барбитураттар, магний сульфаты, мидокалм, натрий вальпроаты, финлепсин). Олардың әсерлерінің ерекшеліктері. Белсенділігі, әсерінің ұзақтығы мен жылдамдығы, тыныс алу орталығына тежеуші әсері бойынша сипаттамасы.

6.Эпилепсияға қарсы заттар. (фенобарбитал, фенитоин (дифенин), этосуксимид, карбамазепин, клоназепам, натрий вальпроаты, диазепам, ламотриджин). Анықтамасы. Классификациясы. Эпилепсияға қарсы заттардың мүмкін болатын әсер ету механизмдері.

Эпилепсияның фармакотерапиясының негізгі принциптері.

7.Эпилепсияның әр түрлі формаларында жеке препараттардың әсерінің тиімділігінің салыстырмалы сипаттамасы. Эпилепсиялық статусты басу үшін қолданылатын заттар. Эпилепсияға қарсы заттардың жанама әсерлері.

8.Паркинсонизмге қарсы заттар (леводопа, мидантан, циклодол). Экстрапирамидалық бұзылуларды түзетудің негізгі қағидалары. Жіктелуі. Паркинсонизмге қарсы заттардың әсер ету механизмдері.

9.Жеке препараттардың әсерінің тиімділігін салыстырмалы бағалау. МАО ингибиторларының (селегилин) және тура емес дофаминергиялық заттардың (бромокриптин) паркинсонизмге қарсы әсері.

10.Паркинсонизмге қарсы заттардың негізгі жанама әсерлері.

11.ДОФА-декарбоксилаза ингибиторларының (карбидопа және т.б.) леводопаның тиімділігін арттыру және жанама әсерлерін азайту үшін қолданылуы.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері:

  • дискуссия - тақырыптың негізгі сұрақтарын талдау

  • кіші топтарда жұмыс істеу

  • фармакодинамикалық алгоритмдерді құру:

ФЕНОБАРБИТАЛДЫҢ ҰЙЫҚТАТУШЫ ӘСЕРІНІҢ МЕХАНИЗМІ

1 Кесте

Фенобарбиталдың ұйықтатушы әсерінің механизмі

Деңгей

Әсер ету нүктесі

Әсерлері

1. Молекулалық-клеткалық

2. Тіндік не мүшелік

3. Жүйелік не организмдік

НИТРАЗЕПАМНЫҢ ҰЙЫҚТАТУШЫ ӘСЕРІНІҢ МЕХАНИЗМІ

2 Кесте

Нитразепамның ұйықтатушы әсерінің механизмі

Деңгей

Әсер ету нүктесі

Әсерлері

1. Молекулалық-клеткалық

2. Тіндік не мүшелік

3. Жүйелік не организмдік

ЗОПИКЛОННЫҢ ҰЙЫҚТАТУШЫ ӘСЕРІНІҢ МЕХАНИЗМІ