Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОМФ КАЗ ПР.ЗАН..doc 10 март 2009.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.31 Mб
Скачать

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Холинорецепторларға әсер ететін заттар (холинергиялық заттар). Мускарин- және никотин- холинорецепторларының орналасуы мен сипаттамасы, олардың түптүрлері. Холинергиялық синапстарда қозудың берілуіне әсер ететін заттар классификациясы.

2.М-холиноблокаторлар ( атропин сульфаты, платифиллин гидротартраты, метацин). Атропиннің көзге, жүрек-қантамырлары жүйесіне, бірыңғай салалы бұлшықеттерге, бездерге әсері. ОЖЖ әсерінің ерекшеліктері. Қолданылуы. Итжидек препараттары. Қолданылуы.

Атропинмен улану және көмек көрсету шаралары. Скополамин, платифиллин және метациннің әсерінің және қолданылуының ерекшеліктері. Таңдамалы әсер ететін М-холинотежеушілер (пирензепин, ипратропий бромиді, тиотропий бромиді).

3.Н-холиноблокаторлар. Ганглиоблокаторлар (бензогексоний, азаметоний бромиді(пентамин), гигроний, пирилен). Жіктелуі. Әсер ету механизмі. Негізгі әсерлері. Қолданылуы. Жанама әсерлері.

4.Перифериялық әсерлі миорелаксанттар (тубокурарин хлориді, пипекуроний бромиді, атракурий хлориді, сукцинилхолин(дитилин). Жіктелуі. Антидеполяризациялайтын және деполяризациялайтын заттардың және аралас типті әсерлі заттардың әсер ету механизмдері. Миопаралитикалық әсердің енділігі туралы ұғым. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы.

5.Энтеральды қолдануға арналған препарат (мелликтин). Қолданылуы. Мүмкін болатын асқынулар. Антидеполяризациялайтын миорелаксанттардың антагонисттері.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері:

  • дискуссия - тақырыптың негізгі сұрақтарын талдау

  • кіші топтарда жұмыс істеу

  • фармакодинамикалық алгоритмдерді құру:

ТУБОКУРАРИН ХЛОРИДІНІҢ ӘСЕР ЕТУ МЕХАНИЗМІ

1 Кесте

Тубокурарин хлоридінің әсер ету механизмі

Деңгей

Әсер ету нүктесі

Әсерлері

1. Молекулалық-клеткалық

2. Тіндік не мүшелік

3. Жүйелік не организмдік

ГАНГЛИОБЛОКАТОРЛАРДЫҢ ГИПОТЕНЗИЯЛЫҚ ӘСЕРІНІҢ МЕХАНИЗМІ

2 Кесте

Ганглиоблокаторлардың гипотензиялық әсерінің механизмі

Деңгей

Әсер ету нүктесі

Әсерлері

1. Молекулалық-клеткалық

2. Тіндік не мүшелік

3. Жүйелік не организмдік

  • «Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии» Д. А. Харкевич 1988 ж. бойынша тапсырмаларды орындау: 49-53 беттер, І-ХVІІІ тапсырмалар.

  • «Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии» Д. А. Харкевич 1988 ж. бойынша есептерді шешу: 53-57 беттер, 15, 18, 19 есептер.

  • тәжірибені орындау:

Тәжірибе № 1. Дитилиннің көлденең жолақты бұлшық ет тонусына әсері.

Сипаттау:

Қоянның құлағының шеткі көктамырына дитилинді енгізеді (0,12-0,18 мг/кг). Жануардың мойын бұлшық еттерінің тонусының өзгеруін бақылайды.

Тәжірибені орындау үшін (препараттың дозасын есептеу үшін) қоянның массасын анықтау керек.

Тәжірибе нәтижелерін студенттер түсіндіріп, қорытынды жасайды және дәптерге жазады.