Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОМФ КАЗ ПР.ЗАН..doc 10 март 2009.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.31 Mб
Скачать

7. Бақылау:

І. Білімнің бастапқы деңгейін

Жазбаша бақылау түрінде жүргізіледі. Әр студентке билет беріледі. Билетте үш ситуациялық тапсырма берілген: 1 және 2 – қолданылатын және қолданылмайтын жағдайларды көрсете отырып рецепт жазу, 3 – дәрінің әсер ету механизмін не классификациясын сипаттау. Рецепттерде жазылатын препараттар сабақтың МАҚСАТЫ бөлімінде берілген препараттарға сәйкес болуы керек (Дағдыларды бекіту бөлімін қараңыз).

Бастапқы білім деңгейін бақылауға арналған тапсырмалар:

І. Қолданылатын және қолданылмайтын жағдайларды көрсете отырып дәрігерлік рецепт түрінде ЖАЗУ:

  1. Инфильтрациялық анестезияда кең қолданылатын зат.

  2. Адреналинмен бірге терминальды анестезияда қолданылатын зат.

  3. Тек үстірт анестезияда қолданылатын аритмияға қарсы белсенділігі бар зат.

  4. Аритмияға қарсы белсенділігі бар, анестезияның барлық түрлерінде қолданылатын зат.

  5. Белсенді және ұзақ әсер ететін анастетик, лидокаинның структуралық аналогы.

  6. Қышумен бірге көрініс беретін тері ауруларында қолданылатын анестетик.

  7. Негізінен стоматологияда қолданылатын ұзақ әсерлі жергілікті анестетик.

ІІ. СИПАТТАУ:

  1. Жергілікті анестетиктердің жіктелуі.

  2. Новокаинның жергілікті жансыздандыратын әсерінің механизмі.

ІІ. Білімнің қорытынды деңгейін

Студенттердің сабақтың тақырыбы бойынша алған білімдері мен меңгерген дағдыларын бағалау үшін сабақтың соңында тест түрінде жүргізіледі.

Семей мемлекеттік медициналық академиясы тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

Мамандық: ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА

Пән: ФАРМАКОЛОГИЯ - 1

Кафедра: ЖАЛПЫ ФАРМАКОЛОГИЯ

ІІ курсы

6 тақырып: «ХОЛИНЕРГИЯЛЫҚ ЗАТТАР.

(ХОЛИНОМИМЕТИКАЛЫҚ ЗАТТАР)»

Құрастырушы:

Фармакология кафедрасының оқытушысы:

__________________ Қожекенова Л. Ғ.

Семей 2008

1. ТАҚЫРЫП: «Холинергиялық заттар. (Холиномиметикалық заттар)».

2.Мақсаты:

Үйрету:

  • оқытылатын дәрілік заттардың әртүрлі дәрілік формаларына рецепттер жазу

  • оқытылатын дәрілік заттардың дәрілік формасын және қолдану әдісін таңдау

  • оқытылатын дәрілік заттардың мөлшерін және концентрациясын есептеу

  • оқытылатын дәрілік заттарды қолданудың және организмнің мүшелері мен жүйелерінің қызметіне әсерін болжаудың мүмкіндіктерін бағалау

Білімді бекіту:

  • негізгі оқытылатын дәрілердің халықаралық патенттелмеген атаулары туралы

  • оқытылатын дәрілік заттардың негізгі дәрілік формалары туралы

  • оқытылатын препараттардың фармакокинетикасы мен фармакодинимикасының жалпы заңдылықтары туралы

  • оқытылатын дәрілік заттардың жіктелуі мен әсер ету механизмі туралы

  • оқытылатын препараттардың жағымсыз және жанама әсерлері, олардың алдын алу және пайда болғанда жою туралы

Дағдыларды бекіту:

  • препараттардың қолдану әдістері мен енгізу жолдарын, дәрілік формаларын таңдау бойынша

  • оқытылатын дәрілік заттардың әр түрлі дәрілік формаларына рецепттер жазу (ацетилхолин, карбахолин, неостигмин метилсульфаты (прозерин), галантамин гидробромиді, физостигмин салицилаты, армин, дипироксим, изонитрозин, пилокарпин хлориді, ацеклидин, цититон, лобелин гидрохлориді) бойынша

  • негізгі өмірге маңызды препараттарға рецепттер жазу бойынша

  • рецепттерді түзету, препараттарды алмастыру, оқытылатын дәрілердің мөлшерін бағалау бойынша

  • оқытылатын препараттардың әсерін олардың әсер ету механизмі мен локализациясы, фармакологиялық қасиеттердің жиынтығы негізінде сараптау бойынша

  • оқытылатын дәрілік заттарды организмнің мүшелері мен жүйелерінің қызметін белгілі бір бағытта өзгерту үшін таңдау бойынша

  • оқытылатын препараттардың жағымсыз әсерлерін анықтау, олардың алдын алу және пайда болғанда жою бойынша

  • жаңа дәрілік заттар туралы жақсы білу, олардың қолданылып жүрген препараттардан артықшылықтары, өзара алмасу принциптері және жиі қолданылатын синонимдері туралы

  • клиника және дәріхана қызметкерлерін, тұрғындарды ақпараттандыру үшін оқытылатын препараттар туралы мәліметтерді іздеу және өңдеу бойынша

  • алған білімді болашақ кәсіби қызметте қолдану бойынша