- •Медициналық интроскопияның негізгі техникалық құралдары.
- •1. Кескіндеу тәсілдері.
- •Томографиялық әдістер.
- •Томография түрлерінің классификациясы. Сәулелендіру (зондтаушы) көзінің, объектінің және детектордың өзара орналасулары.
- •Рентгенді диагностикалау аппараттарының мысалдары.
- •Магнитті – резонансты томография.
- •Ультрадыбыстық диагностика.
Томография түрлерінің классификациясы. Сәулелендіру (зондтаушы) көзінің, объектінің және детектордың өзара орналасулары.
Сәулелендіру (зондтаушы) көзінің, объектінің және детектордың өзара орналасулары жағынан томографиялық әдістерді бірнеше топқа бөлуге болады:
трансмиссиялы- пассивті (сәулелендірмейтін) объект арқылы өткен біршама әлсіреген сыртқы зондталған сәулелену тіркеледі.
эмиссиялы- қандайда бір кеңістікте үлестірілген сәулелену көзі бар белсенді (сәулеленуші) объектіден шығатын сәулелену тіркеледі.
біріктірілген (комбинированный) трансмиссиялы- эмиссиялы (люминесцентті, акустооптикалық және оптоакустикалық және т.б.) - объектінің барлық көлемі бойынша үлестірілген көздерден және сыртық сәулеленумен қозған көздерден шығатын екінші реттік сәулелену тіркеледі.
эхозондтау- пассивті объектінің ішкі құрылымынан шағылған зондтаушы сыртқы сәулелену тіркеледі.
Зерттелетін объектілердің өлшемдері:
Микродеңгей (микротомография) – жеке жасушаның өлшеміндей болатын объектілер зерттеледі.
Макродеңгей- атмосфералық құбылыстар (бұлт,циклондар,торнадо), планеталар мен жұлдыздар.
Қолдану сферасы бойынша бөлінеді:
- медициналық томография (медициналық визуализация мен медициналық диагностиканың түрлері ретінде );
- өнеркәсіптік (техникалық) томография (дефектоскопияның түрі ретінде);
- макрообъектілер томографиясы.
Зондтаушы сәулелендіру.
Дыбыс толқындарын қолдану арқылы томографиялау (оның ішінде сейсмикалық)
- ультрадыбыстық томография;
- сейсмикалық томография.
Электромагниттік сәулеленуді қолдану арқылы томографиялау.
- радионуклидті эмиссиялы томография (гамма сәулелену);
- бір фотонды эмиссиялы томография;
- екі фотонды эмиссиялы немесе позитронды- эмиссиялы томография (ПЭТ);
- рентгенді томография;
- рентгенді компьютерлік томография (КТ, РКТ);
- оптикалық (лазерлі) томография (ОТ);
- радиодиапазондағы томография.
Электромагниттік өрісті пайдаланып, томографиялау
- магниттік- резонансты томография;
- электрлік- импедансты томография.
Элементар бөлшектерді пайдаланып, томографиялау.
- нейтронды томография;
- электронды және позитронды томография;
- протонды томография;
- неитринді томография.
Томографиялық әдістер үшін ұқсас иерархияны мына түрде көрсетуге болады:
- Екі өлшемді томография: бір жазықтықтан көп ракурс- бір өлшемді кескіндердің жиынтығы және математикалық өңдеу- 2 D– томограммасы.
- Үш өлшемді қабатты томография- көптеген параллель жазықтықтардағы көп ракурс- бір өлшемді кескіндер жиынтығы және математикалық өңдеу –2D- томограммалар жиынтығы, 3D- томограмма
- Үш өлшемді еркін томограмма- көптеген қиылысатын жазықтықтардағы көп ракурстар- бір өлшемді кескіндердің жиынтығы және математикалық өңдеу- 3D – томограммасы.
Қайсыбір физикалық шаманың үлестірілуін аламыз (әлсіреу нүктелерінің облыстары қайта жасалады). Бір ракурс жеткілікті ақпарат бере алмайды, сондықтан әртүрлі қиылысушы бағытттарда көп қайтара жарықтандыру қажет болады. Эхозондтау.
Кейбір жағдайларда эхозондтаудың кейбір әдістерін (мысалы, әдеттегі) томографияға жатқызады, бұл технология жағынан дұры емес. Ультрадыбыстық зерттеуде де қандайда бір қиманың (томостың) бейнесі алынатындығына қарамастан, оны алу әдісі томографиялық әдіске жатпайды: қиылысатын бағыттарда көп ракусты сурет алынбайды және ең бастысы кері томографиялық мәселенің шешуі болмайды.
Ультрадыбыстық сурет (кескін) алуға ерекше материалдық өңдеудің ешқандай қажеттілігі жоқ. Ультрадыбыстық түрлендіргіш (шын мәнінде бұл шағын жеке ультрадыбыстық түрлендіргіштер жиынтығы) ультрадыбыстық толқындарды жібереді (ультрадыбыстық кезекті -(веерлі, шоғыр), олар біртекті емес шекарадан біршама шағылып, ультрадыбыстық түрлендіргішке қайтып оралып, тіркеледі. Қысқаша түрдегі суретті алу принципін мына түрде көрсетуге болады: бір осьтің бойына жеке түрлендіргіштер нөмірі салынады (бағыты), екінші оське – жауабының (арақашықтық) уақытша кідіруі, жарықталыну – жауаптың (отклик) интенсивтілігі.
Компьютерлік томограф (КТ) .
Компьютерлік
томограф, қысқаша айтқанда – ренгендік
қондырғы мен компьютердің жиынтығы.
Ренгендік қондырғы әртүрлі бұрышпен
түсірілген аурудың суретін (кесігін)
береді, оларды компьютер өңдеп, жинақтайды
– содан шыққан сурет дәрігерлерге ауру
адамның денесінің ішіне терең үңіліп,
зерттеуге мүмкіндік береді. Қазіргі
уақытта компьютерлік томография жиі
қолданылады. Бұл әдіс инвазивті емес
(оперативтік араласуды қажет етпейді),
қауіпсіз және көп аурудың түрін анықтауға
қолданылады, КТ әсіресе сүйектің
зақымдануын және жарақаттарды
диагностикалауда қолданылады. Сонымен
қатар КТ-да қан кету жақсы көрінеді,
сондықтан КТ басынан жарақат алған
адамдарды, кеуде, құрсақ және жанбас
қуысы жарақаттарын, сол сияқты инсульттың
алғашқы кезеңдерін зерттеуде қолданылады.
Контрасты (түсті) заттарды қолдану
тамырлардың, бүйрек және ішектің сапалы
суретін алуға мүмкіндік береді.
Компьютерлік
томографияның көмегімен кезкелген
мүшені зерттеуге болады – мидан сүйекке
дейін. Компьютерлік томография басқа
әдістермен анықталған потологияны
анықтауда жиі қолданылады. Мысалы,
гайморит кезінде, алдымен танаудың
қуыстарының рентгенографиясын жасап,
ал содан кейін диагнозды анықтау үшін
компьютерлік томографияны жүргізеді.
Кәдімгі рентгенде сүйектер, ауа
тасымалдаушы құрылымдар (өкпе) жақсы
көрінсе, КТ-да жұмсақ ұлпалар да (ми,
бауыр және басқа) өте жақсы көрінеді,
бұл ауруды алғашқы кезеңде диагностикалауға
мүмкіндік береді, мысалы, өлшемі әлі
кішкене және хирургиялық емдеуге әлі
болатын ісікті табу.
Спиральдық және
мультиспиральдық томографтардың пайда
болуына байланысты тамырлардың
компьютерлік томографиясы қазіргі
уақытта жиі қолданылады. Ол үшін
көктамырға контрасты заттар жіберілуі
қажет. Бас миы мен бас сүйегінің
компьютерлік томографиясы дәрігерге
ісікті, инсульт бөліктерін, гемотоманы,
қантамырларының потологиясын және
сынықтарды көруге мүмкіндік береді.
Мойынның компьютерлік томографиясы
ісіктерді, мойынның лимфа түйіндерінің
үлкею себептерін анықтауда қолданылады.
Кеуденің компьютерлік томографиясы
көбінесе флюорография немесе
рентгенографияда анықталған өкпедегі
өзгерістерді анықтау үшін жиі қолданылады.
Құрсақ қуысы мен жанбастың компьютерлік
томографиясы қарынның жарақаты кезінде
жиі қолданылады, операция алдында
күдіктенген патологияны дәл диагностикалау
үшін қолданылады. Омыртқалардың КТ- сы
дискідегі жарықтарды (грыжалар), жұлын
каналының тарылуын анықтауға көмектеседі.
КТ жарақаттар кезінде жиі қолданылады.
КТ сондай-ақ жүректің ишемиялық ауруында
қолданылады, соның нәтижесінде инвазивті
(хирургиялық) диагностикалау әдісін
қолдануға мүмкіндік болмайды.
