Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
игп рк сил 2014.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
298 Кб
Скачать
☆

2.Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің саяси-құқықтық шаралары.

XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси жағдай.

Қазақстан XX ғасырға Ресейдің боданы ретінде, бүкіл саяси жоне экономикалық кұқықтан жұрдай күйінде аяқ басты. Отаршылдық органдардың билігі шектен тыс күшейе түсті.

Кдзақстанда өнеркәсіптік игеру жалғасты. Орыс және шет ел капиталы көптеп келе бастады.

XX ғасырдың басында 1905-1907 жылдары бірінші орыс революциясы, Столипиндық реформа, бірінші дүние жүзілік соғыс (1914-1918), 1916 жылғы аса аумақты ұлт-азаттық көтеріліс сияқты оқиғалар болып өтті. Осы оқиғалар Қазақстандағы саяси-кұқықтық жағдайға ерекше әсер етті. Патша өкіметінің отаршылық жүйесінің репрессиялық сипаты артты.

Бірінші орыс революциясыньщ ықпалымен Патша өкіметі Мемлекеттік дума ашып, оған сайлау өткізді. Мемлекеттік думаға Ә.Бөкейханов, Ш.Қожағүлұлы, Б.Қаратаев сияқты қазақ өкілдері сайланып, оның трибунасын қазақтардың құқын қоргауға пайдаланды.

Ұлт болашағы үшін күресуші ұлттық интеллигенция қалыптаса бастады. Оның басында күресуші ғалым-ағартушылар А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов т.б. кайраткерлер тұрды.

Патша өкіметі шешілмейтін түрлі қайшылықтардың топтаскэн жері болды. 1917 жылы ақпанда соғыс барысында әбден күйзелген, революциялық толқулар мен ұлт-азаттық көтерілістері қамтыған жағдайда патша өкіметі құлады. Елде Уақытша Үкімет орнады. Қайшылықтарды шеше алмаған бұл үкімет те ұзамай тарих сахнасынан кетті.

Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің саяси-құқықгық шаралары.

Патша өкіметі құлаған соң қазақтың тәуелсіздік жолындағы күресуші қайраткерлері "Алаш" партиясының төңірегінде топтасты.

1917 жылы 21-26 шілдеде Орынборда жалпықазақ съезінде ұлттық демократиялық саяси "Алаш" партиясы құрылды.

1917 жылы 5 желтоқсанда Орынборда жалпы қазақ-қырғыз сьезі ашылды. Сьездің күн тәртібінде 10 мәселе қойылды. Соның алтауы таза мемлекеттік-қүқықтық мәселелер болды. Олар 1. Сібір Түркістан автономиясы һәм юго-восточный союз туралы. 2. Казақ-қыргыз автономиясы. 3. Милиция. 4. Ұлт Кеңесі. 8. Народный сот. 9. Аулное управление.

Сьездің басты мәселесі ұлттық автономия түріндегі мемлекеттікке қол жеткізу болды.

Сьезде "Алаш" автономиясының орталық атқарушы-өкімші органы Ұлт Кеңесі - Алашорда үкіметі құрылды. Үкіметте барлығы 25 орын белгіленді. Соның 15-і сьезде сайланды. 10 орын басқа ұлт өкілдеріне қалдырылды.

"Алашорда"-Ұлт Кеңесі үкіметінің төрағасы болып Ә.Бөкейханов сайланды. Бұл орган автономияның орталық билігі болып табылды.

Алашорда үкіметі ұзақ өмір сүрмеді. Дегенмен тарихта үлкен із қалдырды. Оның басшылары ұлттық-демократиялық мемлекет құрып оның саяси-құқықтық жағын негіздеді.

Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:

4.кесте

№

Оқулық, оқу құралының аталуы

Баспа, шығарылған жылы

Кітапхананың аты, орналасқан жері

Дана саны

1

Ғ.Маймақов. Қазақстан Республикасының саяси-құқықтық тарихы

Алматы «Жеті-Жарғы» 2002

ТарМУ, Технологиялық кешен

15

2

Е.Аблиь. История государства и права Республики Казахстан

Астана, 2000

ТарМУ, Технологиялық кешен

10

3

С.С.Сартаев. История государства и права Казахской ССР.

Алматы, 1982-1984

6-мөлтекаудан, Абай атындағы кітапхана

2

4

Абайдельдинов Е.М. Политико-правовая история РК.

Алматы, 2002

ТарМУ, Технологиялық кешен

5

Кафедра мәжілісінде қарастырылған №__хаттама «__» _________ 20__ж.

Құрастырушы: Суйменбаева А.М. ___________

/ подпись/

Кафедра меңгерушісі Алимбетов А.В. ____________

/подпись/