Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
игп рк сил 2014.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
298.5 Кб
Скачать

1.Қазақстанның отар ретіндегі құқықтық жағдайы.

2.1867-1868 және 1886-1891 жылдардағы реформалар.

Қазақстанның отар ретіндегі құқыктық жағдайы

XIX ғасырдың 60-жылдары Қазақстанның Ресейге қосыла бастағанына 1,5 ғасыр болған еді. Ресей империясы Қазақстанды ресми түрде отар деп есептеді.

1867-1868 жылдардағы реформалардан соң қазақ өкілдері губернаторлық, облыстық, уездік дәрежеде басшылық түгілі қатардағы шенеуніктікке де жіберілмеді. Оларда тек орыстар отырды. Қазақтың қол жеткен билігі болыстық болды. Онда да болыстыққа жету үшін қазақтар орыс өкілдеріне әбден жем болатын.

Қазақстан патша үкіметінің таза шикізат базасына айналды. Мұндағы өнеркәсіп пен сауда, транспорт отаршылық саясатгы терендету мақсатына қызмет етті. Қазақтар арасындағы оқу-ағарту, денсаулық сақтау ісі туралы айтуға тұрмады. Патша үкіметі қазақтарды қараңғы, тұрмысы нашар тәуелді халық етіп ұстап тұруды мақсат тұтты.

Осылай қазақтар отаршылықтың ең ауыр кезеңіне аяқ басты.

1867-1868 Және 1886-1891 жылдарғы реформалар.

1867 жылғы 11 шілдеде "Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша ереже", 1868 жылғы 21 қазанда "Орынбор және Батыс-Сібір генерал-губернаторлықтарының далалық облыстарын басқару туралы уақытша ерсже" бекітілді.

Қазақстан территориясы Орынбор, Батыс-Сібір және Түркістан атты үш генерал-губернаторлықтың құрамына кірді. Әр генсрал-губернаторлықта екі облыстан барлығы алты облыс болды.

Генерал-губернаторлықты патша өкіметі тағайындаған генерал-губернатор басқарды. Генерал-губернатордың қолында губернаторлықтағы бүкіл әскерге басшылық ету және азаматтық билік шоғырланды.

Облысты әскери губернатор басқарды. Оның қолында да әскери және азаматтық билік толықгай шоғырланды. Сондай-ақ әскери губернатор облыс жерінде орналаскан казак әскерінің тағайындалған атаманы болды.

9-лекция: 19-ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы құқық.

1.Қазақтың әдет-ғұрып құқығына енген өзгерістер.

2.Сот және сот ісін жүргізудегі өзгерістер.

Қазақстанның Ресейдің толық отарына айналуы әдет-ғұрып құқығының шеңберін тарылтты, оған елеулі озгерістер ендірілді.

Түрлі дәрежедегі билер сьездерінің нәтижесінде әдет-ғұрып құқығына өзгерістер мен толықтырулар ендіріліп Ережелер жасалды. Осы Ережелер енді әдет-ғұрып кұқығының бастауларының біріне айналып, біртіндеп жазба құқыққа айнала бастады.

Отаршылық жүйе арқылы Рссей империясының заңдары Қазақстанда қолданыла бастады. Патша өкіметі Қазақстанды басқару үшін бірнеше үлкен актілер қабылдады. Олардың қатарында 1822 жылғы, 1824 жылғы "Уставтар", 1854 жылғы заң, 1867-1868 жылғы Уақытша ережелер, 1886, 1891 жылғы Ережелер бар. Бұлар өлкенің ерекшеліктеріне сай жаңа отаршылдық жүйені заңдастырған кұқықтық қатынастардың негізін қалады.

Ең алдымен жерге қатысты меншік құқығы өзгерді.Бұрын жер рулық-тайпалық қауымның немесе қоғамның меншігі болып келді.Патша үкіметі 1868-жылғы Уақытша Ереженің 210-параграфы бойынша қазақ жерлерін мемлекеттік меншік ретінде бекітті.Қазақ жерлері тартып алынып,казак әскерлеріне,бекіністер салуға,келімсек орыс шаруаларына,шетел капиталистеріне,шіркеулерге беріле бастады.

Осы ереже бойынша қазақтың өз жерлері қазақтардың қоғамдық пайдалануына берілді деп көрсетілді.Қазақтар көшіп-қонғанда адаттың принциптерін басшылыққа алды.Ереже бойынша қыстаулар ондағы үй-жай, қора-қопсы қазақтардың жеке меншігі бола алады деп көрсетілді.

Міндеткерлік құқыққа да өзгерістер енді. Жаңа капиталистік қатынастар, орыс көпестері мен шаруаларымен қатынастар жағдайында қазақтарға орыс міндеткерлік құқығының нормаларымен есептесуге тура келді.

Жерді жалға беру енді Ережеге сәйкес ауылдық, болыстық қауымдар орыс өкілдері болып табылатын өнеркәсіпшілерге,көпестерге өздеріне тиеселі жерлерді 30 жылға дейін жалға бере алды.Келісім қағаз жүзінде жасалды. Қазақтардың өз арасында қыстауларды, жайылымдарды жалға беру туралы келісімдер жасалып жатты. Төлем ақы ретінде мал пайдаланылды.Ережеде жалға беруші қауым делінгенмен іс жүзінде жалға беруші және оның ақысын пайдаланушы болыстар мен старшындар, билер мен байлар болды.

Төленгіттер мен құлдық институттары жойылған соң байлардың малын бағуға кедейленген қазақтар жалдана бастады. Оларды жалшы деп атады.Жалдаушы байлар мен жалшының арасында келісім ауызша жасалды. Еңбек ақы мал түрінде төленді. Жалшының еңбегі өте ауыр болды.Оның құқвғвн ешкім қорғамады.

Отбасы некелік құқвғвнда да өзгерістер болды. Жесір дауы билер сотының қарауында қала берді. Бірақ билер сотының шешіміне уезд бастығына немесе әскери губернаторға шағым жасауға болатын еді.Мұның өзі әйелдерге деген кей жағдайлардағы жүгенсіздіктерді тізгіндеді.

Мұрагерлік құқықта үлкен өзгерістер бола қойған жоқ. Мұраға қалдыру әдет-ғұрып құқығы бойынша және өсиет айту бойынша қалдырылып отырды. өсиет бойынша мүліктің тек үштен бір бөлігі ғана қалдырыла алды.Жер және құрылыстар өсиет бойынша мұраға қалдыруға жатпады.

Қылмыстық әдет-ғұрып үлкен өзгеріске ұшырады. Бұл саладағы алғашқы өзгерістер 1822-жылғы Устав бойынша жасалған еді.1854-жылғы Сібір қырғыздарына империяның жалпы заңдарын қолдану туралы заңға орай империя заңдары бойынша қаралатын қылмыстардың құрамы кеңейтілді.

Құлдық жойылды. Талион принципі мен өлімге құн төлеу де жойылды.

Сот құқығы саласында негізгі бағыт қазақгардың билер сотын шектеу, патша өкіметінің заңдарьш тереңдеп ендіру. Сот билігі патша өкіметінің әкімшілік аппаратының жазалау бөлігі болды. Осы бағытта ол күшейе түсті.

Билер соты да патша өкіметінің , бай феодалдардың еркін қорғай бастады.

10-лекция:20-ғасырдың басындағы Қазақстандағы мемлекет және құқық.

1.20-ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси жағдай.