
- •1.Кесте «Пәннің мазмұны»
- •2.Кесте - «Ұпай беру саясаты»
- •2.1. Кесте «Сырттай оқитын білімгерлерге ұпай беру саясаты»
- •3.Кесте - сөж тапсырмасы
- •Реферат тақырыптары
- •2.Сақ тайпаларының қоғамдық-саяси құрылысы.
- •3.Ежелгі ғұндардың мемлекеті.
- •4.Үйсіндер мен қаңлылардың мемлекеті.
- •2.Қарлұқ,Оғыз, Қимақ, Қыпшақ,Қарахан мемлекеттерінің,Найман және Керей ұлыстарының қоғамдық-саяси құр
- •1. Шыңғыс хан империясының саяси жағдайы және ұлы жасақ (ясы) заңдары.
- •2.Алтын Орда және Ақ Орда мемлекеттері.
- •3.Моғолстан, әбілхайыр хандығы және Ноғай Ордасының саяси құрылы
- •Моғолстан, Әбілхайыр хандығы және Ноғай ордасының саяси құрылысы.
- •1.Қазақ хандығының құрылуы.
- •2.Қоғамдық-саяси құрылысы.
- •3.Қазақ хандығының әлеуметтік топтары.
- •1.Қазақстанның отар ретіндегі құқықтық жағдайы.
- •1867-1868 Және 1886-1891 жылдарғы реформалар.
- •1.Қазақтың әдет-ғұрып құқығына енген өзгерістер.
- •2.Сот және сот ісін жүргізудегі өзгерістер.
- •2.Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің саяси-құқықтық шаралары.
- •Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:
2.Сақ тайпаларының қоғамдық-саяси құрылысы.
3.Ежелгі ғұндардың мемлекеті.
4.Үйсіндер мен қаңлылардың мемлекеті.
Алғашқы қауымдық құрылыс адамдардың тарихының ең ұзақ кезеңі. Адамдар табиғаттан бөлініп қоғам болып өмір сүргенге дейін, миллиондаған жылдарды бастан өткеріп, тас дәуірі, мыс дәуірі, қола дәуірі сияқгы ондаған мың жылдарға созылған кезеңдерді өткізді. Тарихты бұлай дәуірлеу өндіріс құрал-жабдықтарьн пайдалануға және жетілдіруге байланысты болған.
Адамдар бірден қоғам болып өмір сүрген жоқ, олар алғашқы кезде, тас дәуірінде тобыр ретінде өмір сүрді. Тобыр тәртіппен реттелмейтін адамдардың тобы. Табиғаттың дүлей күшіне оған қарсы бірігіп күресу кажеттігі адамдарды біріктірді. Мұндай тобырда күштінің дегені болды немесе биологиялық көрсеткіштер үсгемдік етті. Тобыр жағдайындагы некенің түрі топтық неке болды.
Біртіндеп рулық қоғам қалыптасты. Рулық қоғамның басты ерекшелігі ол туыстас адамдардың қауымдастығы болып, ру ішінде некеге тұруға тыйым салынды. Мұндай некені экзогамиялық неке дейді. Осылай рулық қоғамда биологиялық емес әлеуметтік көрсеткіштер немесе алғашқы қоғамдық дәстүрлік тәртіп үстемдік құра бастады.
Адамдар арасында тұрақгы неке мен отбасы қалыптасты. Неке мен отбасы да ұзақ эволюциядан өтті. Олардың түрлері туралы арнайы әдебиеттерде айтылғандықтан біз оған тоқталмаймыз.
Жақын рулардың бірлестігінен тайпалар құрылды.
Ұзақ ғасырлар табиғаттың дайын өнімдерін жинаумен және аңшылықпен айналысқан адамдар біртіндеп жер және мал шаруашылығына көшіп, өздері өнім өндірушілерге айналды. Мұның өзі басы артық өнімнің пайда болуына әкелді.
Алғашқы қауымдық құрылыста адамдар арасында шын мәніндегі теңдік болды.Ру мүшелері бір-бірімен тең болды.Тайпаларға біріккен рулардың да мүмкіндіктері тең болды.Рулық қоғамдағы биліктің жоғарғы органы ру мүшелерінің сайлап қойған халық жиналысы болды.Жиналысты сайлап қойған беделді ру ақсақалы басқарды.Ру ақсақалының басқа ру мүшелеріне үстемдігі болмады.Барлық мәселелер өзара келісіммен,ымырамен шешілетін.
Рулық қоғамға сай отбасын ғылымда патриархалдық отбасы дейді.Мұндай отбасында ер адамның-әкенің билігі жүрді.Ер адам отбасын асыраушы әрі әулетті жалғастырушы болып есептелді.
Алғашқы қауымдық құрылыста мемлекет те,құқық та болмады.Себебі рулық қоғамдық қатынастар мемлекет және құқық сияқты қондырмаларды қажет етпеді.өзін-өзі басқаратын рулық қоғамда құқықтың ролін моральдық,адамгершілік нормалар,әдет-ғұрыптар мендәстүрлер атқарды.
Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау кезеңін әскери демократия кезеңі деп атайды.Бұл ұзақ уақытқа созылған алғашқы қауымдық құрылыс мемлекеттің пайда болуы арасындағы көпір іспеттес кезең.
Алтын адам дәуіріндегі және одан кейінгі сақ тайпаларында мемлекеттің белгілері болғандығын көреміз.Ең алдымен рулар үлкен тайпаларға,тайпалар тайпалық одақтарға бірікті.Осы тайпалық одақтар алғашқы мемлекеттік құрылымдар болды.Оларды көсемдер немесе сақтардың патшалары басқарды.Сақ патшалары әскер басшысы болып саналып,соғыс және бітім мәселесін,көшіп-қону,көрші елдермен қарым-қатынастарды реттеді.Сақ тайпаларындағы патшалық билік тек бір рудың қолында болды.Кейде патшалардың рөлінде әйелдердің де болғандығын көреміз.Есік қорғанынан табылған Алтын адам аталып кеткен сақтардың патшазадасы оларда мемлекеттік институттың көп белгілерінің болғандығын көрсетеді. Сондай-ақ парсылардың әйгілі Кир патшасын талқандаған массагеттердің көсемі Томиристің де патшалығының мемлекеттік құрылымы белгілерінің болғанын байқауға болады.
Б.э.д.4-3-ғасырларда сақтарда мемлекеттіліктің ең басты белгілерінің бірі -жазу пайда болған.Жазу мемлекетік қарым-қатынастың даму қажеттілігінен туатыны белгілі.
Қазақстан жерінде мекендеген алғашқы көшпелі тайпалар одағының бірлестігі сақтар алғашқы қауымның ыдырау, мемлекеттік құрылымдардың қалыптасу дәуірі- әскери демократия кезеңінде өмір сүрді. Сонымен қатар сақтарда мемлекеттің қалыптасу белгілері де кеңінен кездесті.Көшпелі өмірдің,сыртқы жаулармен күрестің ықпал етуімен сақтар бірлестігі әлі де буыны бекімеген, әскери демократиямен шектелген құрылым болды.
Қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы мемлекеттік құрылымдардың бірі- ғұндардың мемлекеті.Бұл көшпелі тайпалар мемлекеттігінің алғашқы көрінісі. Таза түрік тілдес тайпалық бірлестіктер болған ғұндар тарихта өте терең із қалдырды.
Б.э.д. 4-ғасырда Қытай деректері алғаш рет ғұндарды өздерінің қарсыласы ретіндеатап,олармен болған соғыстарда алма кезек жеңістердің болғанын жазады. Ғұндардың батыстағы көршілері сақтар екендігі айтылады.
Б.э.д.3-ғасырдың басында ғұндар әскери көсем Тауманның басшылығымен үлкен көшпелі мемлекет құрды. Қытай деректері ғұндардың мемлекет басшысын шанью деп атаған.Ғұндардың өзі патшаларын тәңірқұты деп атаған.Тауманнан соң ғұндардың тәңірқұты болған оның ұлы Мөде мемлекетті мейлінше күшейтті.
Б.э.д. 59-жылы ғұндар дағдарысқа ұшырап екіге бөлінді.Ғұндардың оңтүстік бөлігі Қытайдың қол астына кіруге мәжбүр болды. Солтүстік бөлігі Қазақстан мен Орта Азияға,онан әрі Европаға қоныс аударды. Ғұндар осы өңірде аландармен,қаңлылармен және үйсіндермен араласты.
Ғұндардың империясы жоғарыдан төменге дейін түгелдей әскери және азаматтық биліктің жымдасқан үлгісі болды.Тәңірқұтының деспотиялық билігіне негізделген мемлекеттік аппарат тоқтаусыз жұмыс істеді.Оның үстіне ғұндардың империясы аса бай мемлекет болды. Ғалымдардың есептеуі бойынша гүлденген дәуірде әр адамға 19 бас мал, күйзеліске ұшыраған кезде 5-9 бас малдан келген.Оның үстіне ғұндарға жаулап алған жерлерден алым-салық пен сыйлықтар үзіліссіз келіп жатты.
Ғұндардың құқықтық жүйесі туралы деректер тым мардымсыз.Мал отбасының меншігі болған.әр отбасы мал бағатын белгілі бір территорияға ие болған.Ол территорияны бүкіл ру болып қорғаған.Ғұндарда әмеңгерлік жүйе өмір сүрген.Ұрлық жасағаны үшін отбасы мүшелері түгел жауап беретін.Осыларға қарап ғұндарда әдет-ғұрып құқығы қолданғандығын байқауға болады.
3-лекция: Қазақстан территориясындағы ертефеодалдық мемлекеттер.
1.Түрік қағанаты дәуіріндегі саяси-құқықтық қатынастар.