Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
игп рк сил 2014.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
298.5 Кб
Скачать

2.Кесте - «Ұпай беру саясаты»

Компонент

Тапсырманың саны

1 тапсырмаға максималды ұпай

% бойынша баға

өлшемi

Аудиториядағы белсендiлiк

2

10

10*2=20

Аралық аттестация

1

10

2*10=20

СӨЖ №1

1

5

5

СӨЖ №2

1

10

1*5 10

СӨЖ №3

1

5

5

Қорытынды емтихан (тестілеу)

40

Қорытынды

100

2.1. Кесте «Сырттай оқитын білімгерлерге ұпай беру саясаты»

Компонент

Тапсырманың саны

1 тапсырмаға максималды ұпай

% бойынша баға

өлшемi

СӨЖ №1

1

20

20

СӨЖ №2

1

20

20

Аудиториялық белсенділік

20

20

Қорытынды емтихан тест

40

Қорытынды

100

3.Кесте - сөж тапсырмасы

п/п

СӨЖ түрі

СӨЖ беру мерзімі

СӨЖ қабылдау мерзімі

Тапсырманың көлемі және тақырыбы

СӨЖ№1

Реферат жазу.

1 апта

6 апта

Қазақтардың әдет-ғұрып құқығы.

СӨЖ№2

Глоссарий

1-апта

6-13-апталар

Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының саяси-құқықтық терминологиясы.

СӨЖ№3

Персоналий

8-апта

13-апта

Қазақстан Республикасы территориясындағы саяси-құқықтық дамуға әсер ете алған тұлғалар

1 СӨЖ:

Жазбаша үй тапсырмасының бір түрі реферат жазу. Реферат “Ежелгі дүние елдерінің мемлекет және құқық тарихы” тақырыбына жазылады, ол кемінде 3-4 компьютермен терілген беттен тұруы қажет. Реферат кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұруы тиіс. Рефераттың кіріспе бөлімінде сіз міндетті түрде тақыраптың маңыздылығын, мақсаты мен міндеттерін атап өтесіз. Негізгі бөлімде сіз рефераттың тақырыбын ашып, қысқаша, өз зерттеулеріңізді келтіре отырып, салыстырмалы талдау жасайсыз. Қорытынды бөлім тақырып бойынша тұжырымдамалардан тұрады. Міндетті түрде пайдаланған әдебиеттер тізімін көрсетіп, оны негізгі және қосымша әдебиеттерге бөліп өту қажет. Реферат ауызша түрде қорғалып, белгіленген ұпайларға сәйкес бағаланады.

Реферат тақырыптары

1. Қазақ әдет-ғұрып құқығының қайнар көздері.

2. Қазақ әдет-ғұрып құқығындағы сот және сот процесі..

3. Қазақ әдет-ғұрып құқығындағы қылмыс пен жазаның түсінігі.

4. Қазақ әдет-ғұрып отбасы – неке құқығы.

5. Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша әйелдер мен балалардың құқықтық жағдайы.

6. Қазақ әдет-ғұрып меншік құқығы.

7. Қазақ әдет ғұрып құқығы бойынша шарттар мен міндеттемелер.

8. Қазақ әдет-ғұрып құқығындағы би институты.

9. «Жеті-Жарғы» заңдар жинағы қазақ әдет-ғұрып құқығының қайнар көзі ретінде.

10. Қазақ әдет-ғұрып құқығындағы құн мәселесі.

11. Қараханидтердің мемлекеті мен құқығы.

12. Алтын Орда және Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы және Ноғай Ордасының әлеуметтік-саяси құрылысы

13. Наман және Керей ұлыстары

14. Қазақ хандығының мемлекеттік құрылысының ерекшеліктері, қоғамдық-әлеуметтік құрылысы.

15. Шыңғыс хан империясының тарих сахнасына шығуы

16. Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы, 1822-жылғы және 1824-жылғы уставтардың мазмұны

17. Қазақстандағы Қазан төңкерісінің жеңісі және Кеңсе үкіметінің орнауы.

18. 1950-1990жж. Қазақстандағы мемлекеттік-құқықтық даму

19. Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде және оның конституциялық –құқықтық дамуы

20. 1867-68 жылдардағы Уақытша Ережелер бойынша құрылған отаршылық әкімшілік органдар.

21. Қимақ мемлекеті

22. Әбілхайыр хандығы

23. Игельстром реформасы

24. Тәуке хан тұсындағы Билер Кеңесінің құқықтық мәртебесі

25. Сырым Датұлы көтерілісінің саяси-құқықтық маңызы

26. Бөкей Ордасының саяси жүйесі

Рефератты бағалау критерийлер

Компонент

Рефератты бағалау критерийлер

Балл

1

Ғылыми и тәжірибелік тақырыптың маңыздылығы

1

2

Ғылыми әдебиетті дұрыс және аланған нәтижелерді дәлелдеу үшін қолданған

1

3

Информацияны пайдалану деңгейі, жұмысты жазу сапасы

1

4

Жұмыстың логикалық құрылымы, сауаты, нақтылығы

1

5

Қазіргі заманның жұмыс жазу барысында әдістерін пайдалану

1

Барлығы

5

2 СӨЖ:

Бұл жұмысты орындау үшін ұсынылған тақырыппен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.

Компонент

Глоссарий бағалау критерийлері

Балл

1

Терминдердің маңыздылығы

2

2

Ғылыми әдебиетті дұрыс және аланған нәтижелерді дәлелдеу үшін қолданған

2

3

Глоссарий жазу сапасы

2

4

Глоссарийдің логикалық құрылымы, сауаты, нақтылығы

2

5

Қазіргі заманның жұмыс жазу барысында әдістерін пайдалану

2

барлығы

10

3 СӨЖ:

Бұл тапсырманы орындау үшін сіз оқу курсының барлық тақырыптарымен танысып шығуыңыз керек. Осы кезеңдердің аса әйгілі тұлғаларының бірін таңдап, қосымша әдебиеттің көмегімен оларға мінездеме беріп, олардың өмірлік жолын сипаттап, тарихтағы орнын анықтайсыз. Яғни, бұл тапсырмада тарихи тұлғалармен жұмыс істейсіз. Бұл жұмысты жазбаша орындап, жұмыстың соңында сол тұлғаларға қатысты өз көзқарасыңызды көрсетіп өткеніңіз дұрыс.

Персоналий бағалау критерийлер

Компонент

Персоналий бағалау критерийлер

Балл

1

Таңдаған тұлғаның тарихтағы ғылыми и тәжірибелік маңыздылығы

1

2

Ғылыми әдебиетті дұрыс және аланған нәтижелерді дәлелдеу үшін қолданған

1

3

Информацияны пайдалану деңгейі, жұмысты жазу сапасы

1

4

Жұмыстың логикалық құрылымы, сауаты, нақтылығы

1

5

Қазіргі заманның жұмыс жазу барысында әдістерін пайдалану

1

барлығы

5

Курспен танысу

«Оқу курсының маңызы мен оның заң ғылымдары жүйесіндегі алатын орны» тақырыбына № 1 талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: оқу курсының маңызы, оқу курсының тарихнамасы, оқу курсын дәуірлерге бөлу.

«Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық тарихы» ғылымының зерттеу объектісі мен пәні және зерттеу әдістері» тақырыбына № 2 талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Оқу курсының зерттеу объектісі, пәні мен әдістерінің өзіндік ерекшеліктері.

«Саяси потестарлық қатынастардың пайда болуы» тақырыбына № 3 талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Қазақстан территориясындағы алғашқы қауымдық құрылыс және оның ыдырауы. Әскери демократия.

«Қазақстанның мемлекетке дейінгі құрылымдары» тақырыбына № 4 талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Сақтардағы биліктің басқару аппараты, Сақ-массагет бірлестіктерінің территориясы мен әкімшілк құрылымы, Сақ-массагет бірлестіктеріндегі салық және міндеттемелер, Ғұндар империясы, Ғұндар империясындағы басқару жүйесі, Ғұндар империясының егемендігі, территориясы және халқы, Ғұндар империясының құқықтық және салық жүйесі.

«Ежелгі түрік империясындағы мемлекет және құқық» тақырыбына № 5 талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Ежелгі түрік империясының мемлекеттік басқару жүйесі, Ежелгі түрік империясының территориялық-әкімшілік құрылымы, Салық және қаржы жүйесі, Ежелгі түрік империясының құқығы.

«Қараханидтердің мемлекеті мен құқығы» тақырыбына № 6 талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Қараханидтер мелекетінің саяси тарихы, саяси-қоғамдық құрылысы және құқығы.

«Монғол империясы мен Ұлы Ұлыстың саяси-құқықтық қатынастары және Ұлы жасақ (ясы) заңдары » тақырыбына № 1 пікір-талас жүргізу. Пікір-талас орындау үшін сіз келесі сұрақтар бойынша дайындалуыңыз қажет: Монғол басқыншылығының тарихы, Монғол империясының басқару жүйесі, Монғолдардың салық жүйесі, Шыңғысханның Ұлы Жасақ заңдар жинағы, Ұлы Ұлыстың мемлекеттік басқару жүйесі, Ұлы Ұлыстың салық жүйесі.

«Алтын Орда және Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы және Ноғай Ордасының әлеуметтік-саяси құрылысы» тақырыбына №2 пікірталас жүргізу. Пікір-талас орындау үшін сіз келесі сұрақтар бойынша дайындалуыңыз қажет: Жоғарыда аталған мемлекеттердің саяси тарихы, саяси және қоғамдық құрылысы мен құқық жүйесі.

«Қазақ хандығының құрылуы. XV-XVI ғасырлардағы Қазақ хандығы. Манғыт және Сібір мемлекеттері. XVI-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы» тақырыптарына №7 талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары, Қазақ хандығының құрылуы, 15-16 ғасырлардағы Қазақ хандығының басқару органдары, Қазақ хандығының әкімшілік құрылымы мен салық жүйесі, 16 ғасыр мен 17 ғасырдың басындағы Қазақ хандығы, Қазақ Жүздерінің құрылуы.

«Қазақ хандығының мемлекеттік құрылысының ерекшеліктері, қоғамдық-әлеуметтік құрылысы» тақырыбына №8 талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Қазақ хандығының басқару органдары, Қазақ хандығының әкімшілік құрылымы мен салық жүйесі, 16 ғасыр мен 17 ғасырдың басындағы Қазақ хандығы, Қазақ Жүздерінің құрылуы, Қазақ хандығының қоғамдық құрылысы.

«Қазақ әдет-ғұрып құқығының қайнар көздері мен негізгі салалары» тақырыбына № 2 пікір-талас жасау. Пікір-талас келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: әдет-ғұрып құқығының қайнар көздері, қылмыстық құқық, отбасы-неке құқығы, меншік құқығы, шарттар және міндеттемелер.

«Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша сот және сот ісін жүргізу және би институтының ерекшеліктері» тақырыбына №4 пікірталас жүргізу. Пікір-талас келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: дәстүрлі қазақ қоғамындағы сот билігі және оның құрылысы, сот ісін жүргізу, билер институтының ерекшеліктері.

«Ресей протекторатын қабылдаудың құқықтық шарттары мен салдарлары» тақырыбына № 9 талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: 18 ғасырдың басындағы саяси тоқырау, Кіші Жүздің Ресейге қосылуы, Орта Жүздің Ресейге қосылуы, Абылай ханның реформалары, Бөкей Ордасының саяси-құқықтық жағдайы.

«Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы, 1822-жылғы және 1824-жылғы уставтардың мазмұны» тақырыптарына №10 талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Сібір қырғыздыры туралы Устав, Орынбор қырғыздары туралы Устав, Кеңесары хан тұсындағы Қазақ мемлекеттілігі.

«Қазақстанның отар ретіндегі құқықтық жағдайы» тақырыбына №11 талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Ресей империясының Қазақстан жерін отарлау саясатының негізгі бағыттары және оның жүзеге асырылуының салдары.

«1867-68 жылдардағы Уақытша Ережелер бойынша құрылған отаршылық әкімшілік органдар» тақырыбына № 12 талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: 1867-68 жылдардағы әкімшілік реформалар, 1867-68 жылдардағы реформалар бойынша басқару органдарының жүйесі.

«1867-68 жылдардағы Уақытша Ережелер бойынша қазақтың әдет-ғұрып құқығына енген өзгерістер» тақырыбына №13 талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Ресей империясының ішкіимпериялық және Қазақстанға арнайы шығарған заң актілері ықпалынан қазақтың әдет-ғұрып құқық жүйесінің салаларындағы орын алған өзгерістердің себептері және салдарлары.

«Сот және сот ісін жүргізу жүйесіндегі өзгерістер» тақырыбына №14 талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Қазақ билері соттарының өкілеттіктерінің шектелуі, олардың құрылысындағы өзгерістер, билер соттарындағы істердің соттылығы, билердің құн тағайындау жүйесіндегі өзгерістер.

«20-ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси жағдай» тақырыбына № 15 талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Ресей империясының отарлау саясатының үдемелі сипаты, қазақ жерлеріне сырттан қоныс аударудың күшеюі, Қазақстанды өнеркәсіптік игерудің жалғасуы, 1905-07-жылдардағы бірінші орыс революциясы, Столыпиндік реформа, бірінші дүниежүзілік соғыс.

«1916-жылғы ұлт-азаттық қозғалысы. 1917 жылғы революциялар кезеңіндегі Қазақстан» тақырыбына № 16 талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: 1916-жылғы ұлт-азаттық қозғалысының себептері мен салдары, Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің саяси-құқықтық шаралары, Алаш партиясы бағдарламасы жобасының саяси-құқықтық мазмұны.

«Қазақстандағы Кеңестік биліктің орнауы. Қазревкомның қызметі» тақырыбына №17 талқылау жасау.

Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: 1917-18-жылдардағы Қазақстандағы Кеңестер билігінің орнауы, Азаматтық соғыс, 1919-жылы Қазревкомның құрылуы, Қазревкомның құрамы, құрылысы, алдына қойған міндеттері мен қызметі.

«Қазақстандағы Кеңестік биліктің орнауы. ҚАКСР-ң құрылуы» тақырыбына №18 талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: «Қырғыз(Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» декреттің бекітілуі, ҚАКСР-нің территориялық құрылымы, 1920-жылғы Орынбордағы Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай съезі, «ҚАКСР-ң еңбекшілері құқығының декларациясы» және ол бойынша республиканың мемлекеттік құрылысы.

«Қазақ Автономиясының Одақтас Республикаға айналуы» тақырыбына № 5 пікір-талас жүргізу. Пікір-талас келесі ретпен жүргізіледі: Қазақстанның Одақтас республикаға айналуының алғышарттары, 1937-жылғы ҚазКСР-нің Конституциясы және оның мазмұны, Ұлы Отан соғысының мемлекет және құқыққа ықпалы.

«Қазақстандағы Кеңестік мемлекет және құқықтың дамуының ерекшеліктері» тақырыбына №6 пікір-талас жүргізу. Пікір-талас келесі ретпен жүргізіледі: 1946-1980-жылдардағы мемлекеттік құрылыс пен мемлекеттік басқару, осы кезеңдердегі Қазақстан территориясындағы кейбір өзгерістер, Қазақстандағы кеңестік құқықтық жүйенің дамуы.

«Қазақ КСР-нің 1978-жылғы Конституциясы» тақырыбына №20 талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Конституцияның қабылдануының алғышарттары, Конституцияның жалпы сипаты мен ішкі мазмұны.

Лекциялар

1-лекция. ҚР мемлекет және құқық тарихының зерттеу пәні мен зерттеу әдісі.

Қазақстан Республикасы егеменді тәуелсіз мемлекет. Оның өз тәуелсіздігіне қол жеткізген күні 1991 жылғы 16 желтоқсан. Осы кезеңге дейін де бұл мекенде талай мемлекеттер шаңырақ көтеріп, өркендегенін, кейін тарих сахнасынан біржола өшкенін білеміз. Бұл мемлекеттік бірлестіктер халқының басым бөлігі ежелгі түрік халықтары болды. Түрлі тарихи жағдайларға байланысты мемлекеттер пайда болып, жойылып отырды, ал халық жаңа жағдайға бейімделіп келді. Ежелгі сақ тайпалары, ғұн, үйсін, қаңлы мемлекеттері мен түрік қағанаты дәуіріндегі мемлекеттер, Шыңғыс хан шапқыншылығынан кейін өмір сүрген көптеген мемлекеттер Қазақстан территориясын мекендеген халықгардың мемлекеттері болды.

Қазақ халқының атауымен аталған Қазақ хандығы 300 жылдай өмір сүрді. Міне осы мемлекеттердің бәрі де бүгінгі Қазақстан Республикасыньщ байырғы халқы — қазақтардың әр кезеңдегі мемлекеттік бірлестіктері болған деп айта аламыз.

Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәні еліміздің территориясында өмір сүрген түрлі мемлекеттердің қоғамдық-саяси құрылысы мен құқықтық қатынастарының даму ерекшеліктерін зерттейді. Бұл мемлекеттердің негізі бір қазақ халқы болғандықтан, олардың саяси-құқықтық тарихы бүгінгі Казақстан Республикасына тікелей байланысты болмақ.

Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы тарихи және кұқықтық ғылым болып табылады. Ол қоғам тарихының бір бөлігі болғандықтан мәдениет тарихы, әдебиет тарихы, техника тарихы, т.б. салалық тарихи ғылымдармен қатар тұрады, тарих ғылымының жалпы зандылықтарын басшылыққа алады.

Құқықтық ғылым ретінде ол Қазақстандағы мемлекет пен құқықтың тарихын, олардың әрбір тарихи кезеңдерге сәйкес заңдылықтары мен ерекшеліктерін, пайда болуы мен жойылуын хронологиялық реттілікпен зерттейді.

Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы мемлекет және құқық теориясы, мемлекет және құқықтың жалпы тарихы, Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы т.б. салалық заң ғылымдарымен тығыз байланысты. Заң ғылымының көрсетілген салалары тарихилық принципі тұрғысынан Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық тарихынан бастау алады әрі болашақта саяси-құқықтық тарихтың объектісіне айналады.

2-лекция. Қазақстан жеріндегі алғашқы мемлекеттік құрылымдар және олардың саяси-құқықтық қатынастары.

1. Қазақстан территориясындағы алғашқы қауымдық құрылыс және оның ыдырауы. әскери демократия.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]