Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КП РК 2009 казсилл.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
280.58 Кб
Скачать

Тақырып 8 қр меммлекеттік органдарының конституциялық жүйесі

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі - Конституцияның аса жоғарғы заңдық және тікелей орындалуына ықпал жасайтын орган болып табылады. Онда азаматтардың еркіндігі мен бостандығы, мемлекеттік механизмнің дұрыс жұмыс атқаруы мен биліктің бөлінуіне қағидаларына негізделген принциптердің жоғарғы дәрежеде қорғалуына және орындалуына ықпал етеді.

Конституциялық қадағалауды жүзеге асыратын органның құқықтық мәртебесі, құрылуы және қызмет атқару құзыреттері, шешім қабылдауы конституцияда бекітіліп әр елдің ішкі заңымен көрсетілген.

Конституциялық Кеңес өз қызметін жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдар, ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен азаматтардан тәуелсіз ешқандай саяси және басқа себептер көздемей, тек қана ҚР-ның Конституциясына ғана бағынады. Конституциялық Кеңес 7 мүшеден тұрады, оның ішінде төраға және де ҚР-ның экс-Президенттері өмір-бойы Конституциялық Кеңестің мүшесі болады. Конституциялың Кеңестің төрағасы мен екі мүшесін Президент тағайындайды, ал екі мүшесін Мәжіліс пен Сенат төрағалары 6 жыл мерзімге тағайындайды. Кеңес мүшелерінің жартысы 3 жыл сайын қайта сайланып отырады. Кеңестің мүшелері өздерінің қызмет атқару мерзімі ішінде қолсұғылмаушылық имунитеті құқына ие болады.

Конституциялық Кеңеске өтінішті ҚР-ның Президенті, Сенат төрағасы, Мәжіліс Төрағасы, Парламент депутаттарының жалпы санының бестен бір бөлігімен және Премьер-Министр.

Жоғарыда көрсетілген тұлғалардың өтінішіне орай Конституциялык, Кеңес шешім шығарады:

1.ҚР-сы Президентінің сайлауы, ҚР-ның Парламент депутаттарының сайлауы, жалпы халықтық республикалық референдум дұрыс өті ме, өтпеді ме;

2.Парламент қабылдаған заңның, Президент қол қойғанға дейін ол заңның Конституцияға сәйкес келетіндігін;

3.КР-ның өкілі қол қойған халықаралық шарттың Конституцияға сөйкестігін тексеру;

4.Конституцияның нормаларына түсінік беру;

5.Парламенттің Президентті қызметінен мерзіміне бұрын кетіру туралы шешімінің күшіне енгеніне дейін, бұл шешімнің Конституцияға сәйкес келетінін тексеріп қорытынды береді.

Сонымен қатар Конституциялық Кеңес - соттардың нормативтік құқықтық актілерді қолдану барысында ол нормалардың Конституцияға сәйкес емес екені, азаматтардың Конституциялық құқықтары мен бостандықтарын шектейтіндіктен оларды Конституцияға сәйкес емес деп тану туралы өтініштерін қарайды.

Білімді пысықтауға арналған сұрақтар:

1.ҚР-сы Конституциялық Кеңесінің мәртебесі?

2.ҚР-да Конституциялық Кеңестің мүшесі кім болуы мүмкін?

3.Конституциялық Кеңестің Президентпен арақатынасы қандай?

4.ҚР-да Конституциялық Кеңестің қандай құзыреті бар?

5.Конституциялық Кеңеñтің қандай актілерін білесіз?

6.ҚР-да Конституциялың Кеңестің шығаратын шешімдерінің түрлері.

Осы тақырыптың негізгі терминдері:

Конституциялық Кеңес; Конституциялық бақылау; конституциялық өндіріс; Конституциялық Кеңестің актілері; Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімі; Конституциялық Кеңестің қолдауы.

ТАҚЫРЫП 9 ҚР ПРЕЗИДЕНТIНIҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСI

Қазақстан Республикасы Президентінің мәртебесі Конституцияда бекітілген Президенттік билік тұрпаты деңгейінен айқындалады. Президент - бұл бірінші кезекте Ел басшысы, мемлекеттің жоғарғы лауазымды тұлғасы. Ол мемлекеттің негізгі ішкі және сыртқы саясатының бағыттарын айқындап береді.

Президент тікелей халық тарапынан сайланады. Ел конституциясы Президентке халық ойынан сөйлеуге, мемлекеттің бірлігі символы ретінде халық пен мемлекеттік биліктің біртұтастығын жариялауға, Кîнституцияның мызғымастығына және адам және азаматтың құқықтары мен еркіндіктерінің сақталуына кепіл болады.

Конституцияның 40-шы бабына сәйкес Президенттің аса маңызды конституциялық өкілеттілігі ретінде барлық мемлекеттік қызмет етуін қамтамасыз етуі және адам және азамат құқықтары мен еркіндіктерінің және Конституциясының мызғымастығын қамтамасыз етуі сияқты қызметтерін атаймыз. ҚР-сы Конституциясының 41-ші бабы, 2-ші тармағында жазылғандай, Республика Президенті болып, 40-жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін білетін, ҚР-сы территориясында 15-жылдан астам тұрақты тұрған ҚР-ның азаматы сайлана алады.

Жалпыға бірдей, тең, тікелей сайлау құқығы негізінде ҚР-сы Президенті 5 жыл мерзімге сайланады. Сайлау жасырын дауыс негізінде өткізіледі. Президентті сайлау тәртібі заң жүзінде бекітілген. Президент өз қызметіне Қазақстан халқы алдында ресми ант бергеннен кейін кіріседі. Ел конституциясына сәйкес, ант беру рәсімі қаңтар айының екінші сәрсенбісінде. Парламент депутаттары, Конституциялық Кеңес мүшелері Жоғарғы Сот төрешілері, және экс-Президенті қатысу кезінде болады. Бір адам 2-реттен артық ел Президенті болып сайлана алмайды. Республика Президенті өз қызметі мен өкілеттілігін іске асыру және орындау кезінде саяси партиялардағы өз қызметін тоқтатады. Сонымен бірге оның басқа ақы төленетін қызметпен, көсіпкерлікпен айналысуына және өкілетті органның депутаты болуына құқығы жоқ.

Президент өкілеттілігін шартты түрде 4 - топқа бөлуге болады:

1)Заңшығарушылық өкілеттілігі.

2)Жалпы саяси және әлеуметтік сипаттағы өкілеттілігі.

3)Мемлекеттік органдар қызыметтерін ұйымдастыру және іске асыру істеріне байланысты өкілеттіліктері.

4)Кадрлар мәселесіндегі өкілеттіліктері.

"ҚР-сы Президентінің қызметін қамтамасыз ету жүйелері" туралы Президент жарлығына сай, ел Президентінің қызметін қамтамасыз ету, іске асыру, тиянақты бақылау жасау, оның тапсырмалары мен актілерін тыңғылықты әрі уақытылы орындау мына тұлғаларға жүктеледі:

1)ҚР-сы Мемлекеттік хатшысына,

2)КР-сы Президенті өкімшілігіне,

3)ҚР-сы Президентінің бірінші көмекшісіне, көмекшілеріне, кеңесшілеріне.

ҚР Президентінің ар-намысына қадір-қасиетіне қол сұғуға болмайды, әрі оған ешкім тисе алмайды. Бұл дегеніміз - ол тұтқынға, қамауға алынбайды, соттық жауапкершілікке тартылмайды. Бұл, яғни, ол Президент қызметін атқарып тұрған кезде болады. Ал осы қасиетті және оған ешкім тисе алмауы құқығы Президентті қызыметінен босатқаннан кейін өз күшін жояды. Президентті конституциялық жауапкершілігін іске асырудың ерекше процедурасы болып есептеледі.

ҚР-сы Президентімемлекетке опасыздық жасағанда немесе басқа да ауыр қылмыс жасағанда қызыметінен мерзімінен бұрын босатылады.

ҚР-сы Президенті өз өкілеттілігін ант берген кезден бастап, жаңа сайланған Президент ант берген кезге дейін жүргізеді.

Ел Конституциясына сәйкес Президент кең ауқымдағы өкілеттіліктерге ие, біз оны жоғарыда төрт топқа бөлгенбіз.

1)Мемлекеттік билік органдарының құру жұмыстарына байланысты Президент өкілеттіліктерге ие. Ол Парламенттің келісіміне орай Премьер-Министірді тағайындай алады, Премьер-Министр ұсынысы бойынша үкімет құрылымын белгілейді, үкімет мүшелерін тағайындайды әрі қызметінен босатады, үкімет мүшелерінің анттарын қабылдайды, Парламент келісіміне сәйкес Ұлттық Банк Төрағасын тағайындайды, Сенаттың келісіміне сөйкес Бас Прокурорды тағайындайды, ҚР-сы дипломатиялық өкілдіктері басшыларын тағайындайды әрі кері шақыРып алады. Есеп комитеті Төрағасы мен мүшелерін тағайындайды. Президент сондай-ақ ҚР-сы заңдарына қол қояды және жариялайды жене тиым салу әрі тоқтату ынтасына ие.

Білімді пысықтауға арналған сұрақтар:

1)ҚР-сы Президенті мәртебесі дегеніміз не?

2)ҚР-сы Президенті болып кім сайлана алады?

3)Президент пен парламенттің өзара қатынаñының әрекеттері.

4)Президент пен Үкіметтің өзара қатынаñының әрекеттері.

5)Президент сайлауын қаржыландыру көздері қандай?

6)ҚР-сы Президенті әкімшілігі дегеніміз не?

7)Сот билігіне қатысты Президенттің өкілеттілігі қандай?

Осы тақырыптың негізгі терминдері.

Мемлекет басшысы; Президент; Мемлекеттік билік; Президенттік билік тұрпаты; импичмент; Президент жолдауы; Вето; Мемлекеттік хатшы.

ТАҚЫРЫП 10 ҚР ПАРЛАМЕНТI КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСI.

ҚР-сы Конституциясының 49-шы бабына сәйкес, ҚР-сы Парламенті Республикасының заң шығарушылық қызметін атқаратын, өкілетті органы болып табылады. Міне осылайша Конституция бойынша Парламент өкілеттікке халық тарапынан ие болады және конституциялық өкілеттілігі шеңберінде халық атынан сөйлей алады. (ҚР-сы конституциясы, 3-ші бабы). Парламентке заңшығарушылық қызметінің берілуі - бұл оған заңшығарушылық қызметі билігінің берілуін білдіреді.

Ел Конституцияның 53-ші және 61-ші баптарында көрсетілген жағдайларға сәйкес, Ел Президентінен басқа бірден-бір мемлекеттік органның заң қабылдау құқығы жоқ. Демек заң шығару тек Парламентке ғана беріледі. Заң шығарушы орган бола отырып, Республика Парламенті атқарушы билікке қатысты бірқатар бақылауøылық қызметін де жүргізе алады.

Бақылаудың бұл түрін біз негізінен республика бюджетін бекітуінен және оның орындалуын қадағалаудан және Үкіметке сенімсіздік білдіруден терең көрінеді. Аталған бақылау қызметтері Еліміздің Конституциясында бекітілген.

ҚР Конституциясының 50-ші бабына сәйкес, Еліміздің Парламентін тұрақты түрде жұмыс істейтін Сенат жене Мөжіліс отырысында сайланатын, әр облыстан 2-депутат, республикалық дәрежедегі қалалар, ҚР астанасынан сайланатын депутаттар құрайды. әрбір үш жылдан сайын Сенат депутаттарының жартысы қайта сайланып отырады. Парламенттің өкілеттілік мерзіміне орай ҚР Президенті тарапынан 15-депутат тағайындалады. 30-жасқа толған, жоғарғы білімді, еңбек стажы 5-жылдан кем емес, ҚР аумағында тұрақты тұрған азамат ҚР Сенат депутаты болып сайлана алады.

Мәжіліс депутаттарының саны 107. Олар жалпыға бірдей, тең және тікелей сайлау құқықтары негізінде, жасырын дауыс беру арқылы бір мандатты, территориялық сайлау округтерінен сайланады. Жасы 25-ке толған, ҚР азаматы Мәжіліс Депутаты бола алады Қазақстан халқына ант береді. Депутаттың қандайда бір императивті мандатпен байланысы болмайды. ҚР Парламентінің өкілетілігі ел конституциясында айқындалған, олар төмендігідей болып келеді:

Бірлескен палаталар отырысында (53-ші бап) Палаталардың жеке отырысында, бірінші мөжілісте, кеиін Сенатта түпкілікті қаралуы өкілеттіліктері. (54-ші бап) Сенаттың өз өкілеттіліктері (55-ші бап) Мәжілістің өз өкілеттіліктері . (56-шы бап) әрбір мәселені Палаталардың жеке өздерінің қарастыруы, оған бір Палатаның қатыспауы.

Сессия - парламенттін негізгі жұмыс істеу түрі болып табылады. әдетте сессия Палаталардың жеке және бірлескен отырысы түрінде өткізіледі. Парламент сессиясы - бұл палаталардың пленарлық отырыстары өткізілетін уақыт. Пленарлың отырыс дегеніміз - бүл Парламенттін палаталары толық құрамда жиналуы дегенді білдіреді.

Парламенттің кезектен тыс сессиясы - бұл тек нақты бір мәселе ғана қаралып, ол біткен соң аяқталатын сессияны айтады. Бұл комиссиялардың саны әрбір Палатада 7-ден артық болмауы керек. Парламенттін жұмысшы органы болып сенат Бюросы, Мәжіліс бюросы табылады. Бюро құрамына Палата Төрағасының орынбасары, Палаталар тұрақты комитеттері Төрағалары кіреді. Палаталарға қатысты ортақ мәселелерді шешу үшін, қос Палата бірлескен комиссиялар құра алады. Осылармен бір қатарда Парламент бүкіл республика территориясында күші бар ҚР заңдары түріндегі нормативтік Актілер қабылдай алады. Парламент өз өкілеттілігі шегінде жеке-индивидуалды шешімдер де қабылдай алады. Парламенттін жұмыс істеу тәртібі Парламент Регламентінде бекітіледі. Парламентің ұйымдастырушылық және ақпараттық сараптамалық және өзге де қызметтерінің толыққанды жұмыс істеуін Парламент аппараты қамтамасыз етеді.

Білімді пысықтауға арналған сұрақтар:

1.ҚР-сы Парламентінің мәртебесі дегенді қалай түсінесіз?

2.Кім ҚР-сы Парламенті Мәжілісінің депутаты бола алады?

3.Президент пен Парламенттің өзара тығыз байланысты жұмыс істеуі.

4.ҚР-сыПарламентінің қандай өкілеттіліктерін білесіздер?

5.ҚР-сы Парламент аппараты неден тұрады?

6.Парламент Актілері дегеніміз не?

7.ҚР-дағы заңшығарушылық процесін қалай түсінесіз?

Осы тақырыптын негізгі терминдері:

Парламент; өкілетті орган; заншығарушылық қызмет; Депутат; императивтік мандат; депутат имунитеті; депутатық сұраныс; Парламенттің жұмыс органдары; Парламенттің координациялық органдары: