2 Кесте «Ұпай беру саясаты»
Компонент |
Тапсырманың саны |
1 тапсырмаға максималды ұпай |
% бойынша баға өлшемi |
Аудиториялық тапсырма |
5 |
2 |
5*2=10 |
Аудиториядағы белсендiлiк |
5 |
2 |
5*2=10 |
Аралық аттестация |
2 |
10 |
2*10=20 |
СӨЖ №1 |
1 |
10 |
10 |
СӨЖ №2 |
1 |
10 |
10 |
Қорытынды емтихан тест |
|
|
40 |
Қорытынды |
|
|
100 |
2.1. Кесте «Сырттай оқитын білімгерлерге ұпай беру саясаты»
Компонент |
Тапсырманың саны |
1 тапсырмаға максималды ұпай |
% бойынша баға өлшемi |
СӨЖ №1 |
1 |
10 |
10 |
СӨЖ №2 |
1 |
10 |
10 |
Аудиториялық белсенділік |
|
20 |
20 |
Қорытынды емтихан тест |
|
|
60 |
Қорытынды |
|
|
100 |
3 Кесте- сөж тапсырмасы
№ п/п |
СӨЖ түрі |
СӨЖ беру мерзімі |
СӨЖ қабылдау мерзімі |
Тапсырманың көлемі және |
СӨЖ№1 |
Бағдарлама жазу |
1 апта |
6 апта |
Мажіліс депутатына үміткердің сайлану бағдарламасын жазу |
СӨЖ№2 |
Терминдерді жазу |
2 апта |
12 апта |
Терминдерді дәптерге толтыру |
1 СӨЖ: ҚР Парламент мәжiлiсiн депутаты қызметiне үмiткерiне алдын-ала бағдарламасын құру. Бұл бағдарламаны орындауда, үмiткер бағдарламасында қандай сұрақтар болатындығын бiлу үшiн ҚР-ның “Сайлау туралы” заңымен танысу қажет. Бағдарлама түсiнiктi тiлмен жазылуы тиiс және алға қойған мақсатқа жетуде яғни үмiткерге сайлаушылардың даусын жинау мүмкiндiгiн беру. Үй тапсырмалары жазбаша нысанда оқытушыға берiледi. Белгiленген ұпайға сәйкес бағаланады.
Компонент |
Критерийлер |
Жоғарғы балл |
1 |
Сайлау заңына сайкестігі |
4 |
2 |
Бағдарлама түсінікті тілмен жазылған |
1 |
3 |
Материалды қисынды және рет ретімен жазды |
1 |
4 |
Жұмысты әдеби тілмен дұрыс жазды және оны дұрыс рәсімдеді |
2 |
5 |
Сайсаушылардың көзіне түсү мақсатында дұрыс бейне қолданды |
1 |
барлығы |
|
10 |
2 СӨЖ: Сiз Конституциялық құқық пәнi бойынша терминологиялы қ сөздiк құру қажет. Бұл тапсырманы орындау үшiн заң энциклопедиясын, ҚР-ның конституциялық құқығына (ғылыми-тәжiрибелiк талқылауды (комментарий)) пайдалану қажет. Тапсырма белгiленген ұпайға сәйкес бағаланады.
Терминдер тiзiмi.
Құқық саласы; құқықтық қатынас; құқық нормасы; құқықтық акт; құқықтың қайнар көзi; Конституция; Конституциялық заң; заң; әрекет етушi құқық; конституциялық заңдылық; конституциялық тәртiп; конституциялық мәртебе; конституциялық процедуралар; конституциялық шектеу; конституциялық қағидалар; ғылым саласы; құқық қағидасы; конституциялық құқық институттары; мiндеттеушi норма; декларация; егемендiк; тәуелсiздiк; преамбула; референдум; президенттiк басқару нысаны; конституциялық заң шығарушылық; конституциялық кеңiстiк; конституциялық құрылыс; мемлекеттiк құрылым; құқықтық мемлекет; басқару нысаны; бiртұтас мемлекет; әкiмшiлiк-аумақтық құрылым; азамат; тұлға; адам құқығы; жеке құқықтар мен бостандықтар; саяси құқықтар мен бостандықтар; адам мен азаматтардың мiндеттерi; адам мен азаматардың құқықтарымен бостандықтарының кепiлi; азаматтық; филиация; натурализация; оптация; шетел азаматы; азаматтығы жоқ тұлға; азаматтықтан шығу; азаматтықты тоқтату; азаматтықтан айыру; сайлау жүйесi; сайлау құқығы; жалпы сайлау; тең сайлау; тiкелей сайлау; жанама сайлау; жасырын дауыс беру; сайлау еркiндiгi; сайлау коммиссиясы; сайлау округi; сайлау участкесi; сайлау қоры; сайлау салымы; мемлекет басшысы; Президент; мемлекеттiк билiк; импичмент; Президенттiң жолдауы; вето; Мемлекеттiк хатшы; Парламент; өкiлдi орган; заң шығару қызметi; депутат; императивтi мандат; Парламентiң қызмет органдары; Парламеттiң координациялық органы; депутаттық қол сұғылмаушылық; иммунитет; индеминитет; Парламент регламентi; Парламент депутаттарының жауапкершiлiгi; депутаттық топ; депутаттық фракция; үкiмет; атқарушы орган; Премьер-Министр; үкiмет құзыретi; үкiметке сенiмсiздiк вотумы; үкiметтiң кетуi (отставка); Конституциялық Кеңес; Конституциялық бақылау; Конституциялық өндiрiс; Конституциялық Кеңес актiлерi; Конституциялық Кеңестiң қорытынды шешiмi; Конституциялық Кеңестiң жолдауы; ҚР-ның сот жүйесi; тұрақты соттар; соттардың тәуелсiздiгi; соттардың қол сұғылмаушылығы; сот билiгi; жергiлiктi өкiлдi органдар; жергiлiктi атқару органдары; әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк; маслихат депутаты; маслихат сессиясы; маслихаттың тұрақты коммиссиясы; әкiм; жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары.
Компонент |
Критерийлер |
Жоғарғы балл |
1 |
Термин нақты жазылған |
2 |
2 |
Рәсімделінген термин |
2 |
3 |
Қысқа,нақты, дұрыс жазылған |
2 |
4 |
Латин тіліндгі транскрипциясы қолданды |
2 |
5 |
Сауатты жазылған |
2 |
барлығы |
|
10 |
ТАҚЫРЫП 1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ:ТҮСІНІГІ, ПӘНІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ
Конституциялық құқық — ҚР құқық жүйесінің жетекші саларының бірі. Ол өзінің ішкі тұтастығымен сипатталатын құқықтық нормалар жүйесін білдіреді және басқа құқық жүйесінің нормаларынан ерекшеленеді. Ішкі тұтастық конституциялық нормалардағы қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерімен белгіленетін, солар арқылы реттелетін жалпы белгілердің болатындығын білдіреді.
Конституциялық құқық пәнін оның нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар құрайды. Конституциялық құқық пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар мемлекет және қоғам құрылымының негізін құрайды және мемлекеттік биліктің жүзеге асуымен тікелей байланысты жүргізіледі.
Конституциялық құқық пәнін түсіндірудің теориялық, сондай-ақ тәжірибелік мәні бар. Онсыз конституциялық құқықтың нормалары мен институттарына тән мәнін дұрыс түсінуге болмайды, олардың құқықтық реттеудегі мәні мен рөлін ашып көрсету, құқықтық жүйедегі орнын анықтау мүмкін емес. Конституциялық қүқық пәнін білмейінше оның нормаларын қолдану саласын да анықтау мүмкін емес. ¤йткені, нақты құқықтық әрекеттерді таңдау кезінде, ең алдымен қай саланың нормасын қолдану қажеттігін анықтап алу керек. Ал ол үшін, реттеудің нысаны болып табылатын қоғамдық қатынастар сипатын белгілеу.
Конституциялық құқықнормаларымен реттелетін қатынас мейлінше кең. Ол мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа салаларды қамтиды. Әрине, конституциялық құқықнормалары аталған салалардың барлық көріністері бойынша және жан-жақты реттемейді. Ол аталған салаларда тек ең негізгі, базалық қабаттарды ғана реттейді. Бұл қабаттар мемлекет пен қоғамдағы кейін кең дамитын саяси, экономикалық, әлеуметгік, діни байланыстардың негізін қалайды.
Конституциялық құқық, тұтас алғанда, құқықтың реттеу әдістері деп аталады, белгілі бір тәсілдер мен әдістердің көмегімен мемлекеттік және қоғамдық қатынастарды реттейді. Конституциялык-құқықтық қатынастарды реттеу үшін төмендегідей:
1. Міндеттеу әдісі;
2. Тыйым салу әдісі;
3. Рұқсат ету әдісі;
4. Тану әдістерді қолданылады.
Міндеттеу әдісі мемлекеттік органға сияқты, жеке тұлғаларға да катысты, олардың барлық қызмет саласында қолданылады.
Рұқсат ету әдісі мемлекеттік органдардың өкілетгігін белгілеу кезінде де қолданылады.
Құқықтық реттеудің тағы бір әдісі — тану әдісін де қолданады. Кеңестік кезеңнен кейінгі конституциялық құқықжөніндегі әдебиеттерде мұндай әдістің қолданылу мүмкіндігі байқалмайды. Оның үстіне бұл әдіс обьективті фактордан — адамдардың табиғи құқығын заң тұрғысынан танудан туындайды.
Конституцияның құқықтық нормалары сала ретінде конституциялық құқықтың тура және тікелей қайнар көзі болып табылады. ҚР Конституциясының құқықтық нормалары қалайша құқықның қайнар көзі ретінде сипатталады:
1.ҚР Конституциясында бүкіл конституциялық зандардың негізі болып табылатын құқықтық нормалар орнықтырылады. Басқаша айтқанда, Конституцияның құқықтық нормалары конституциялық-құқықтық қатынастарды реттейтін барлық нормативтік құқықтық актілерді қалыптастыру мен дамытудың негізі болып табылады.
2.ҚР Конституциясының құқықтық нормалары мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени салаларды қамтиды. Әрине, Конституцияның құқықтық нормалары аталған салалардағы қоғамдық қатынастарды егжей-тегжейлі және жан-жақты реттемейді. Ол тек қоғамдық катынастардың мәнді, басты бағыттарын ғана реттейді. ҚР Конституциясының құқықтық нормалары құқықтың басқа салаларының құқықтық нормаларынан осынысымен ерекшеленеді.
3.Конституциялық құқықтың басқа бастауларымен салыстырғанда ҚР Конституциясының жоғары заңдық күші бар және ҚР барлық аумағында қолданылады. ҚР-да қабылданған зандар және басқа нормативтік актілер Конституциядан бастау алуы және оған кайшы келмеуі тиіс. Егер олар Конституцияға қайшы келсе, онда олар заңсыз деп танылады және қолдануға жатпайды. ҚР-ның Конституциясында оның қағидаларының жоғары заңдық күшін қамтамасыз етудің кепілдігі белгіленген.
4.ҚР Конституциясының тек конституциялық құқықтық ғана емес, сондай-ақ құқықтың басқа да салаларның бастауы ретіндегі мәні мынада, онда халықтың мемлекеттің еркі, олардың құқықтық демократиялық мемлекет құру, дүниежүзілік кауымдастыққа оның тең құқылы мүшесі ретінде қосылу жөніндегі табандылығы тікелей көрініс тапқан.
5.Конституция құқықтың басқа бастауларынан, тұтастай қоғамның негізгі заңы екендігімен ерекшеленеді. Басқа нормативтік құқықтық актілер қоғам өмірінің жекелеген тараптарын қамтиды. Ал, ҚР-сы Конституциясының идеялары, құқықтық нормалары бүкіл қоғам өмірінің мейлінше мәнді бағыттарын реттейді.
6.Сондай-ақ, Конституция констуциялық құқықтың басқа бастауларынан өзгерістер мен толықтырулар қабылдаудын, ерекше тәртібін белгілеуімен де ерекшеленеді. Мұндай тәртіп Конституцияның мемлекет пен қоғамның негізгі заңы ретіндегі және олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттігінен туындайтын мәнімен сипатталады.
7.ҚР-сы Конституциясының тағы бір өзіндік қыры — онда оның басқа қайнарларының нысандары: конституциялық, жәй зандары, Презеденттің нормативтік жарлықтары мен қаулылары, ҚР-сы Үкіметінің қаулылары, сондай-ақ заңдық күшінің деңгейі, қабылдау, жариялау, күшін жою тәртібі көрсетіледі.
ҚР-сы конституциялық құқығының мемлекеттік мәні бар құқықтық нормаларды белгілейтін қайнар көзінің қатарына конституциялық зандар жатады. ҚР конституциялық зандарының өзіндік ерекшелігі — олар Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізбейді, тек Конституцияның құқықтық нормаларын нақтылайды. ҚР-ның конституциялық зандарын қабылдаудағы іс жүргізу Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаудағы іс жүргізуінде ерекшеленеді.
Білімді пысықтауға арналған сұрақтар:
1.ҚР заң саласы ретінде Конституциялық құқықұғымы көріністері қандай?
2.Конституциялық құқықпәні нелерден тұрады?
3.Конституциялық құқықтық қатынастарға түсінік беріңіз.
4.ҚР Конституциясының негізгі қайнар көздерін атап көрсетіңіз.
5.Мемлекетіміздің негізгі Заңы ретінде ҚР Конституциясының қандай ерекшеліктері бар?
Осы тақырыптың негізгі терминдері:
Құқықтық саласы; құқықтық қатынастар; құқық нормасы; құқықтық акт; құқықтың қайнар көзі; конституция; конституциялық заң; конституциялық заңдылық; конституциялық тәртіп; конституциялық мәртебе; конституциялық қағидалар.
ТАҚЫРЫП 2 ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫ – МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМНЫҢ НЕГIЗГI ЗАҢЫ.
ҚР-ның Конституциясы — демократиялык, өркениетті даму жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізгі, басты нормативтік актісі. Конституция қоғамдық өмірдің барлық құқықтық күшті бойына жинақтаған. Конституция мемлекеттік және қоғамдық құрылысты, оның болашақ қабағытталған ұйымдастырылуы мен қызметі қағидалаРын белгілейді. Онда адамдар мен азаматтардың, мемлекеттің қайнар көзі және әлеуметгік негізі ретінде бүкіл халықтың конституциялық мәртебесі бекітіледі. Конституция тек конституциялық құқықтың ғана емес, сондай-ақ ұлттық құқықтың барлық салаларының да қайнар көзі болып табылады. Сондықтан оған басқа нормативтік құқықтық актілерде кездеспейтін сипаттар тән.
1.Конституцияны Қазақстан халқы қабылдады. Сондықтан Конституцияда халықтың, оның мәнін сипаттайтын еркі білдірілген. Социализм кезінде де Конституция халықтың еркін білдіреді деп есептелді. Осыған орай халық еңбекшілерден -жұмысшы табынан, шаруалар мен еңбек интеллигенциясынан тұратындығы атап көрсетілді. Халықты бұлайша сипаттау кез келген әлеуметтік құбылысқа, марксшіл-лениншіл ілімге тән таптық көзқараска негізделді.
ҚР-ның Конституциясы 1993 жылы халықтың таптық сипаттамасынан тұңғыш рет бас тартты. Онда енді жұмысшы табы туралы, шаруа және еңбек интеллигенциясы туралы сөз болған жоқ. Жалпы "еңбекші" термині 1993 жылғы Конституцияда да, 1995 жылғы Конституцияда да қолданыл-майды. Дегенмен, Конституцияның екеуінде де халық туралы айтылады. ҚР бүкіл әлеуметтік қабатын жинақтаған тұтас әлеуметгік-саяси құбылыс ретінде ұғынылады. Осыған орай, "халық" ұғымы ҚР Конституциясына сәйкес, біріншіден, ол байлык, жағдайына қарай әлеуметтік қабаттарға, таптарға бөлінбеушілікті білдіреді, сөз жок, бүл маңызды конституциялық фактор болып табылады. Конституцияда мемлекет әлеуметтік, яғни, бүкіл халықтың өкілі ретінде танылады. Бұл мемлекеттің тұрғындардың қандай да болсын бір тобына екінші бір тобын кемсіту арқылы басымдық бермейтіндігін білдіреді. Мемлекет тиісінше, олардың әлеуметтік жағдайларына қарай тұрғындардың барлық қабаттарына қамқорлық көрсетуі тиіс. ҚР-ның Конституциясы бүкіл халықты әлеуметтік топтарға бөлмей, олардың құқықтарын шектемей конституциялық-құқықтық қатынастар субьектісі ретінде таниды. Екіншіден, халық ұғымына көпұлтты қоғам жағдайында қазақ ұлты, басқа да барлык, ұлтгық топтар жатады. Бұл, мемлекеттегі бүкіл халықтың әлеуметтік базалық негізін құрайтын казақ ұлтына ерекше: құкықтық, саяси, әлеуметгік, экономикалық және мәдени жеңілдіктер берілмейтіндігін білдіреді.
Қазак тілін мемлекеттік тіл ретінде тану жеңілдіктер қатарына жатпайды, тек мемлекетгің барлық жерде және қайда да бол-сын үлттык нысаны бойынша ұлттық болып табылатын сипаты-на жатады. Орыс тілін ресми қодцаныс тілі ретінде тану да бұл салада жеңіддік берілмейтіндігін көрсетеді.
2.Қазақстан халқы Конституцияны қабылдайтын бірден-бір субьект деп танудан оның құрылтайшылық сипаты туындайды. Қазақстан халқы елдегі мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі және егемендікті қолдаушы болып табылады. Сондықтан ол құрылтайшылық биліктің иесі. Нақ Конституция арқылы Қазақстан халқы мемлекетгі құрды, оның басқару және кұрылым нысандарын, әлеуметтік-экономикалық құрылыс негіздерін, адам мен азаматтың мәртебесін белгілейді. Тек халық, ал халық атынан тек Парламент қана мемлекетгің құрылым негіздеріне өзгерту енгізе алады. Сонымен бірге Конституцияда мемлекеттіліктің мейлінше мәнді кезеңдері тұрақтылық, біртұтастық қағидалаРы нығайтылған. Ол - мемлекеттік құрылымның біртұтас нысаны, басқарудың Президенттік нысаны және аумақтық тұтастық.
3.Конституцияның маңызды ерекшелігі бір жағынан, мемлекеттің, екінші жағынан, қоғамның негізгі заңы ретінде қолданылуы болып табылады. Бұл халықтың мемлекеттік биліктің қайнар көзі және қоғамның әлеуметтік базасы ретіндегі мәртебесімен байланысты. Ол оның егемендігін барлық элементтерімен: аумағымен, жоғарғы билігімен, азаматтығымен, дербес заңдарымен және басқаларымен орнықтырады. Конституция мемлекеттің, мемлекеттік органдардың қоғаммен, қоғамдық институттармен өзара қатынасының негізін қалайды. Конституция қоғамдық: экономикалық, ұйымдық, әлеуметтік, діни, жекелік құрылыстың негіздерін анықтайды. Сондықтан мемлекет қана емес, оның институттары да Конституцияның құқықтық қағидаларын, идеяларын жинақтайды. Конституция қоғамдық қатынастардың базалық, түпкі неãіздерін реттей отырып, қоғам өмірінің барлық салаларын қамтымайды. Конституцияның нормасын бұзу көпұлтты Қазақстан халқының занды еркіне қол сұғу болып табылады. ¤ркениетті, демократиялық қоғам да Конституцияға, оның қолданьшуына, тиімділігіне айрықша мән беріледі. Конституцияның мәселесі екі кезеңнен: 1) оның жобасын әзірлеу, 2) қолдану кезеңінен тұрады.
Бірінші кезеңде Конституцияның қағидалары және нормаларымен бірге оның қабылданғаннан кейінгі қолданылу механизмі тере-, мұқият ойластырылады. Бірінші кезекте тұжырымдауға әзірленеді және Конституция нормаларының мазмұны айқындалады. Сондықтан Конституцияның жобасы Конституцияның тұжырымдамаларын жасауға жол ашады. Мемлекеттік құрылыс тұжырымдамасы, адам құқығы тұжырымдамасы, меншік құқығы тұжырымдамасы және басқалары осындай түжырымдамалар болып табылады.
Конституцияның түжырымдамаларын маман заңгерлердің, экономистердің және басқалардың шағын тобы әзірлемеуі тиіс Олардың, мүдделерін анықтап, Конституцияда оны ескеру үшн оны әзірлеуге әр түрлі партиялардың, қоғамдық қозғалыстардың, таптардың, ұлттардың, әлеуметтік топтардың және басқа ларының өкілдерін тарту керек. ¤йткені қоғамдық қатынастар дың аталған субьектілерінің мүдделері обьективті факторлармен елеулі түрде белгіленген.
Мемлекеттілік және тұтастай алғанда қоғам мүддесі қағидалаРына қайшы келетін идеялар да тұжырымдамалық сипатта ерекшеленуі мүмкін. Мұндай тұжырымдамалық идеялар конституциялық нормаларда орнықтырылмауы тиіс. Мұның мысалы ретінде кезінде ұлтаралық келісімге, Қазақстан мемлекетінің түпкі негізіне нұқсан келтіретінін саналы түрде сезінген немесе сезінбегендердің табандылықпен ұсынған қос азаматтық туралы қағидасын атауға болады.
Екінші кезең — Конституцияның қолданылуы. Конституция тікелей қолданылады. Конституция нормаларының тікелей қолданылу көріністерін жеке-жеке қарастырайық.
1.Конституцияның құқықшығармашылық рөлі еКі бағытта көрінеді.
А.Қандай зандар кабылдау керек екендігін Конституция тура көрсетеді. Бұл завдар не дәл аталады, не жалпы сипатта көрсетіледі.
Б.Конституция олардың нысандарын көрсете отырып, бірқатар жоғары мемлекеттік органдардың норма шығармашьшық өкілетгігін белгілейді. Парламент—зандар, Президент—белгілі бір жағдайларда зандық күші бар нормативтік жарлықтар, үкімет— нормативтік қаулылар, Конституциялық Кеңес және Жоғарғы Сот — нормативтік қаулылар қабылдайды.
2.Конституция нормаларының тура қолданылуы барлық мемлекетгік органдарға, оның ішінде соттардың да қызметіне қатысты. Конституция нормаларының тікелей қолданылуы îл мемлекетгік органдардын, белгілі бір жағдайларға байланысты Конституция нормаларын тура және тікелей қолдана алатындығын (қолдануы қажеттігін) білдіреді.
3.Конституциялық нормаларды тікелей азаматтар мен ұйымдардың өздері жүзеге асыра алады. Конституцияның көптеген нормалары азаматтарға, олардың бірлестіктеріне өзін-өзі басқаруға және өзін-өзі реттеуге мүмкіндік береді.
4.Конституция құқықты, бостандықты және занды мүдделерді қорғауға кең жол ашады. Азаматтардың өздері Конституцияның нормаларына сүйеніп, өз құқықтары мен бостандықтарын қорғауға тиіс.
5.Конституция қоғамдағы өмір салты мен көңіл күйге белсенді ықпал ете алады. Бұл орайда, мемлекет органдары қызметінің Конституцияда белгіленген қағидалаРы: қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, қазақстандық патриотизм, қоғам өмірінін мейлінше маңызды мәселелерін демократиялық өдістермен шешу маңызды рөл атқара алады. Бұл қағидалаРдың тек мемлекеттік органдарға ғана емес, сондай-ақ барлық азаматтарға да қатысты екендігін ескеру керек.
6.ҚР-ның Конституциясы институттық қайта құруларды көздейді. Бұл нормалар жүзеге асырыла бастады. Біріншіден, прокуратура, екіншіден, құқыққорғау органдары қайта құрылды, үшіншіден, Конституциялық Кеңес құрылды, төртіншіден, қос палаталы Парламент қалыптасып үлгерді және ең бастысы -ҚР-да президенттік басқару жүйесі құрылды. Аталған қайта құрылулар - конституциялық нормалардың бір жолғы әрекеті емес, олар тұрақты жүргізілетін және жетіддірілетін болады.
ТАҚЫРЫП 3 ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ НЕГІЗГДЕРІ
Қазақстан Республикасы Президенттік баскару нысанындағы демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет
Демократиялық мемлекет дегеніміз өз халқының таңдауы мен мүддесін білдіретін, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қатамасыз ететін мемлекет болып саналады. Мемлекетті тек демократиялық мемлекет деп жариялай салу жеткіліксіз, ол үшін мемлекеттің демократия зандары бойынша жұмыс істеуі мен өмір сүруін қамтамасыз ету қажет. Естеріңде болса, бұрынғы КСРО да өзін демократиялық мемлекет деп жариялағаны белгілі, бірақ онда іс жүзінде адам құқығы мен бостандығы жиі бұзылып, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар тарапынан заң қағидалары сақталмайтын еді.
Қазақстан Республикасы демократиялық мемлекет талаптарына жауап бере ала ма? Бұл тұста Қазақстанның әлемдегі ең жас мемлекеттердің бірі екендігін есте ұстау қажет. Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстан өзін демократиялық мемлекет деп жариялады және барлык құқықтық, саяси құралдар арқылы бұл талаптарға сай келуге ұмтылуда. Қазақстанда Президентті халық сайлайды. Сондай-ақ Парламенттің төменгі палатасы – Мәжіліс депутаттарын да халық сайлайды. Жергілікті мәслихаттар депутаттары да төте сайлау арқылы сайланады.
Республика азаматтары жеке әлеуметтік-экономикалық, саяси құқықтар мен бостандықтарға ие.
Қазақстанда әрбір адам өмір сүру, жеке бостандығы мен жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқығына және т.б. ар-ождан бостандығына ие және барлық адам заң алдында тең болып табылады.
Бұл, әрине, мемлекетте адам жэне азамат құқықтары мен бостандықтарының барлығы бірдей сақталып отыр дегенді білдірмейді. Сондықтан әрбір адам өз құқықтары мен бостандықтарын қорғауға ұмтылуы қажет.
Республикадағы билік бөлінісі принциптері де Конституцияда бекітілді. Әрбір билік тармағы өз қызметін жүзеге асыруы тиіс. Үкімет ағымдағы мемлекеттік істерге жетекшілік етуді атқарса, парламент заң шығару жұмыстарымен шұғылдануға, соттар сот төрелігін жүзеге асыруға міндетті.
Демократиялық мемлекеттің тағы бір элементі - саяси пікір алуандығына жол беру. Республикамызда "Отан" партиясы, "Азамат" партиясы, Азаматтық партия, Аграрлық партия, Коммунистік партия, Республикалық халықтық партия тәрізді тіркеуден өткен 19 саяси партия жұмыс істейді. Кейбір партиялар, мәселен "Отан" партиясы, үкіметтік партия болып саналады, яғни олар қазіргі уақыттағы Үкімет жұмысын қолдайды. Ал, Азаматтық партия билік мүддесімен катар, аса ірі капитал мүдделерін де білдіреді. "Азамат", Коммунистік партия секілді партиялар билік құрылымдарына оппозициялық бағытты ұстанады. Олар Үкімет пен Президенттің кейбір іс-әрекеттеріне сыни пікірлер айтады, бұл, принципінде, демократиялық мемлекет үшін қалыпты құбылыс болып саналады.
Енді зайырлы мемлекет ұғымына келейік. Зайырлы мемлекет деп мынаны түсіну керек: Егер мемлекет өз ішінде діни бірлестік, ұйымдардан бөлек болатын болса, яғни бірінің ісіне бірі араласпайтын болса, ондай мемлекетті зайырлы мемлекет деп атайды. Зайырлы мемлекетте ешбір дін мемлекеттік немесе көпшілік ұстануға міндетті үшін бола алмайды. Зайырлы мемлекетте дін мемлекеттен бөлек қана емес, сонымен бірдей заң алдында тең болып табылады. Қазақстанда мұсылман мешіттері мен православ шіркеулері, иудейлік синагогалар мен католиктік костелдер заң алдында теңдей жұмыс істейді. Кез келген адам өз таңдауы бойынша кез келген дінді ұстануға құқылы.
Қазіргі уақытта тек бір ғана дінді мемлекеттік дін ретінде жариялаған елдер де кездеседі. Мысалы, Шығыс елдерінде, оның ішінде Иран мен Пәкістанда - ислам діні, Скандинавия елдері - Швеция, Норвегия, Финляндияда -католиктік лютеран діні, Израилде - иуда діні мемлекеттік дін болып саналады.
Конституцияда әлеуметтік мемлекет құру негіздері көрсетілген. Жалпы, әлеуметтік мемлекет деп өз азаматтарының игілігі мен әлеуметтік әділеттіліктің сақталуын қамтамасыз етуді мойнына алатын мемлекетті айтады. Бірақ, бұл-мемлекет барлық адамдардың материалдық және әлеуметтік жағдайларын теңестіреді деген сөз емес.
Қазақстан, әлеуметтік мемлекет кұруға ұмтылып отырғандықтан, елде кедейшіліктің етек алмауына баса назар аударады. Кез келген мемлекетте жұмыссыз, еңбекке жарамсыз адамдар, мүгедектер, зейнеткерлер, көп балалы отбасылар тәрізді, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары болады. Мемлекет бұл топтарға кем дегенде ең төменгі дэрежедегі көмекке кепілдік беруі қажет. Сондықтан да біздің республикамызда зейнеткерлер мен мүгедектер көлемі аса көп болмаса да зейнетақы алады. Сондай-ақ көп балалы аналар мен еңбекке жарамсыз азаматтарға белгілі бір ақшалай жәрдемақы берілсе, мүгедектер мен соғыс ардагерлерін, көп балалы аналарды ішінара тегін тұрғын үймен қамтамасыз ету көзделген.
Мемлекет, сондай-ак, белгіленген мөлшерде тегін медициналық көмек көрсетуге қаржы бөледі. Орта білім алу республикамыздағы мемлекеттік мектептерде тегін. Жоғары оқу орындары үшін несие мен гранттар беруде мемлекет тарапынан айтарлықтай қаражат бөлінуде.
Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет құруды көздейді. Құқықтық мемлекет ұғымы жан-жақты түсіндірілуі мүмкін. Соның ішінде демократиялық мемлекетке қатысты анықтамалардың барлығы да құқықтық мемлекет ұғымымен астарлас жататындығын айтуға болады, өйткені демократиялық мемлекет әрі құкықтық мемлекет болып табылады.
Қүқықтық мемлекетте басты мақсат адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету болып саналады. Мемлекеттің өзі құқыққа бағынышты болып, құқық шеңберінде жұмыс істеп, өз азаматтарын қорғауға алуы қажет.
Құқыктық мемлекет белгілері: сот тәуелсіздігі, мемлекеттің ақпарат құралдарының жұмысына кедергі келтірмеуі, цензорлық бақылау болмауы, т.б. Мұнан басқа, құқықтық мемлекеттің қалыптасуы үшін дамыған азаматтық қоғам болуы қажет. Азаматтық қоғамда, әдетте, әртүрлі меншік түрі, еңбек пен кәсіпкерлік бостандығы, яғни ақпарат бостандығы жүзеге асады. Азаматтық қоғам туралы айтқан кезде оның астарында бірінші кезекте құқық пен бостандық тұрады.
Қазіргі уақытта Қазақстан құқықтық мемлекет құрудың бастапқы кезеңінде тұр. Бұл ұзақ та күрделі жолдағы процеске енді ғана қосылып отырғандықтан, әзірге елімізде азаматтар өз құқын қорғау жолында әлі күнге дейін мемлекеттік органдардың кедергісіне кездесуде.
Конституция бойынша біздің мемлекетіміздің басшысы Президент болып табылады. Демек бұл, Қазақстан басқару формасы бойынша- президенттік республика дегенді біддіреді. 1995 жылғы Конституция бойынша барлық басқа билік тармақтарына қарағанда Президент рөлі айтарлықтай күшейді. Президент республиканың барлық мемлекеттік органдарына қатысты кең өкілеттіктерге ие, сондай-ақ заң шығарушы өкілеттіктігіне де ие бола алады (заңда көрсетілген жағдайларда). Президентті қызметінен кетіру процедурасы бірінші рет конституциялық тұрғыдан бекітілді. Рас, Президентті қызметінен кетіру үшін тек бір жағдай, яғни, президенттің мемлекетке опасыздық жасауы ғана негіз бола алады.
ҚР Конституциясының 2-ші бабына сәйкес, аумақтық құрылымы жағынан ҚР-сы бөлінбес, біртұтас унитарлы мемлекет болып есептеледі. Біртұтас унитарлы мемлекет-бұл өз құрамында басқа да мемлекеттік құрылымдар жоқ, әкімшілік-территориялық негізде орналасқан және орталық органдар қабылдаған заңдар негізінде басқарылатын мемлекеттік-территориялық құрылым, Ол әкімшілік-территориялық орналасуына қарай әкімшілік-территориялық бірліктерге бөлінеді.
Олар: Облыс, аудан, қала, ауыл(село), ауылдық (селолық), округтар болып аталады.
ҚР территориясының біртұтастығы конституциялық құқықтың мәртебесінің бөлінбес элементі болып табылады. ҚР өз территориясы мыналардан тұрады: Субъектілер территориясы және құрғақ және ішкі сулары, территорнялық теңіз иелігі, және осылар үстіндегі әуе кеңістігі.
Білімді пысықтауға арналған сұрақтар:
1.Ғылым саласы ретінде Конституциялық құқықтың ұғымы.
2.Конституциялық құқықтың қағидалары.
3.Конституциялық құқық институтын атаңыз.
4.Конституциялық нормаларға тән қандай негізгі ерекшеліктер бар?
5.Конституциялық норма құрылымдарының қандай ерекшеліктері бар?
6.Конституциялық нормаларды іске асыру механизмінде конституциялық құқықтық қатынастардың қандай маңызы бар? .
7.Жалпы және нақты конституциялық құқықтық -қатынастардың өзіне тән қандай ерекшеліктері мен қасиеттерін білесіз бе?
8.Конституциялық-құқықтық қатынастардың мазмұнының ерекшеліктері мен өзіне тән қасиеттерін атаңыз.
ТАҚЫРЫП 4 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ
Тұлғаның құқықтық мәртебесі негізінен әрекет етуші барлық заң салаларындағы адам және азамат құқықтарының бірін-бірі толықтырып отыруынан көрінеді. Тұлғаның құқықтық мәртебесі өз бойына конституция арқылы бекітілетін құқықтармен еркіндіктерді қамтиды. Осы қамтылған бөлігі барлық құқықтармен еркіндіктердің шағын бір бөлігін өз бойына жинақтайды.
Негізгі құқықтармен еркіндіктерге төн заңдық ерекшеліктер мыналар:
1.Конституциялық құқықпен еркіндік, тұлғаның құқықтық мәртебесінің негізін қалайды және басқа құқықсалаларында бекітілген құқықтардың барлығына негіз әрі бастау болады.
2.Негізгі құқықтармен еркіндіктер әрбір азамат пен адамға беріледі.
3.Негізгі құқықтармен еркіндіктердің өзіне тән бір сипаты-бұл олардың ортақтығымен бейнеленеді. Олар барлық адамдар үшін бірдей әрі тең деп есептеледі.
4.Азаматтардың негізгі құқықтары мен еркіндіктері өзінің пайда болуы және қалыптасуымен ерекшеленеді. Оған жалғыз ғана негіз ретінде оның ҚР-ның азаматтығына қатыстылығы бола алады.
5.ҚР-ның азаматының негізгі құқықтары мен еркіндіктері азаматтың еркі бойынша алынбайды немесе кері қайтарылмайды. Бұл құқықтароған азаматтығына байланысты беріледі, бұл құқықтаразаматтығы жоғалтылған жағдайда бірге өз күшін жояды.
6.Негізгі құқықтармен еркіндіктер оларды іске асыру механизміне байланысты ерекшеленеді. Барлық өзге құқықтары мен міндеттері нақты бір құқықтың қатынас барысында, құқықтық қабілеті арқылы өзінің жетістігі болып қалады.
7.Негізгі құқық, еркіндік және міндеттерге тән тағы бір ерекшелік, мұнда олардың занды түрде бекітілуіне де байланысты. Олар мемлекеттің құқықтың Актілерінде тіркеледі, бұл құжат әрине жоғаріы заңдық күші бар топтама-ел Конституциясы болып көрініс табады.
Жоғарыда аталған белгілер, адам және азаматтықтың негізгі құқықтары мен еркіндіктері ұғымының ерекшеліктерін сипаттайды. Бұл ерекшеліктер мынадай тәртіпте бейнеленеді:
Адам және азаматтың конституциялық құқықтары мен еркіндіктері - бұл оған туылған кезінен бастап, немесе азаматтығына байланысты берілетін бөлінбес құқығы мен еркіндігі болып табылады.
Адам құқығы - бұл азаматтың мемлекетке бағыныштылығына байланысты ғана берілетін құқығы мен еркіндігі. Адам және азаматтың құқығының конституциялык, принципі болып теңдік, тең құқықтылық принципі айтылады. Оның мазмұны ҚР-сы конституциясының 14-ші бабында айтылады. Келесі тұлғаның құқықтары мен еркіндіктерінің іске асыруын сипаттайтын конституциялық принцип бұл олардың іске асуына кепілдік берілуі мен ерекшеленеді. әдетте, кепілдіктер әлеуметтік-экономикалық, саяси және заңдық кепілдіктер болып бөлінеді.
Конституциялық құқықтармен еркіндіктерді жеке, саяси, әлеуметтік-экономикалық деп саралау дәстүрі қалыптасқан. Жеке бас құқығы мен еркіндіктері іс жүзінде әрбір адамның жеке құқығы болып есептеледі, оның тұлғаның мемлекетке қаншалықты байланысы барына ешқандай қатысы жоқ. Бұл құқықтарәрбір адамның бөлінбес құқығы, ол құқықоған туылған кезінен бастал тиісті болады. Адамның жеке құқығы болып есептелетін құқықтарға адамның табғги құқығы жатады. Бұл құқықадамның жеке басы өмірімен байланысты көрінеді. Негізгі адам құқықтары болып: өмір сүру құқығы (15-ші бап), жеке басының бостандығы құқығы (16-шы бап),мемлекеттің оның жеке басының ар-намысын қорғауы құқығы (17-ші бап), жеке өмірі, телефон байланысы, хат жазу құпиясы құқықтары болып бөлінеді.
Азаматтың әлеуметтік-экономикалық құқығына қатысты салалар бұлар жеке меншік құқығы (26-шы бап) еңбек қатынастары, демалыс салалары (24-ші бап) денсаулық сақтау (29-шы бап) білім алу (30-шы бап) әлеуметтік қамтамасыз ету (28-ші бап) қоршаған ортаны қорғау саласы (31-ші бап). Осы адамның және азаматтың негізгі міндеттері Ата Заңымыз ҚР-ның Конституциясының 34-38-ші баптарында бекітілген.
Білімді пысықтауға арналған сұрақтар:
1.Адам құқықтары жүйесі дегеніміз не?
2.Адам және азаматтың қандай негізгі конституциялық құқықтарын білесіз?
3.Адам және азаматтың конституциялық құқықтарының құрылымы дегеніміз не?
4.Адамның жеке құқықтарының бөлінбестігін қалай түсінесіз?
5.Құқық пен міндеттердің бірлігі принципі нені білдіреді?
6.Адам және азаматтың құқығы мен еркіндігі механизмі нені білдіреді?
Қазақстан Республикасының азаматтыры бұл адамның мемлекеттен тұрақты құқықтың байланыста болуы. Мұнда олардың өзара құндылықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері айқындалады. Міне осы айқындамада азаматтықты сипаттайтын негізгі белгілер аøып көрсетілген.
Тұлғаның мелекетпен арадағы болатын құқықтың сипаты азаматтықты қалыптастыратын негіз ретінде оның заңды тіркеуінде көрсетілуі тиіс. Азаматтың бұл іс-жүзінде іске асырылған жағдай емес, ол-құқықтық жағдай болып есептеледі. Мемлекет азаматы-бұл бірін-бірі толықтыратын, оның аумағында өмір сүретін адамдар ретінде ғана қарастырмау керек, өйткені соңғысы тек мемлекет тұрғындары болып - демографиялық категорияны ғана қалыптастырады. Ал осы ұғымға тек мемлекет азаматтары ғана емес, ел ішінде тұрып жатқан азаматтығы жоқ адамдар мен шет елдіктер де кіреді.
Мемлекеттің азаматы болу үшін тек сол елдің аумағында тұрып, өмір сүруі ғана жеткіліксіз. Ол үшін тұлға мен мемлекет арасында ерекше байланыс болуы қажет. Бұл байлданыс көрінісі ретінде-заңдылық негізде тіркелген азаматтығын дәлелдейтін құжаттарының болуы және олардың құқықтық реттеуінің болуы, және әрбір занды тұлғаның занды түрде тіркеуінің болуы шарт.
Жалпы ортақ құқықтық реттеу өз бойына мыналарды кіргізеді: Тұлғаның азамат болып танылуы үшін, азаматтықты алуы және азаматтықтан шығу үшін мемлекет өз заңдарында құқықтық негіз болатын заңдарда осы мәселелерге шешім тауып береді. әрбір адамға байланысты-азаматтық алу тәртібі заңды түрде мынадай құжаттармен тіркеледі:
1.Қазақстан Республикасы азаматының төл құжаты.
2.Туу туралы куәлігі және азаматтығын дәлелдейтін басқа да құжат түрі. Мемлекет, сонымен бірге туылуы және қайтыс болуы сияқты азаматтың хал-ахуал Актілерін де тіркеп отырады. Азаматтыққа байланыста болатын тұрақты сипаты, әдетте азаматтың туылуы мен қайтыс болуына дейін және азаматтықты бір жақты тоқтатуға жол бермейтін шаралардан айқын көрінеді. Азаматтың өз бастамасымен азаматтықты тоқтату туралы ұсынысы мемлекеттің келісімін қажет етеді. Қазіргі кезде мемлекеттің бастамасы бойынша азаматтықты тоқтатуға мүлдем болмайды.
Азаматтықтың құқықтық негізі ретінде ҚР конституциялық нормалары және 1991 жылы 20-желтоқсанда шығып, 1995 жылы 3-ші қазанда өзгерістер 'мен толықтырулар енгізілген "ҚР азаматтығы туралы" заңы, және азаматтыққа қатысты құқықтық -нормативтік Актлері есептеледі.
Азаматтықты алуға негіз болатын жағдаяттар мыналар:
1. Туылғанан бастап.
2. ҚР-сы азаматтығын қабылдауы нөтижесінде.
3. ҚР-ның мемлекет аралық келісімдерінде қарастырылған жағдайлар негізінде.
4. Заңда көрсетілген негіз бойынша.
(Заңның 11-ші бабында айтылғандай, бала туылған кезде оның ата-анасының екеуі де ҚР-сы азаматы болған болса, қай жерде туылғанына қарамастан ол ҚР-сы азаматы болып Қазақстанан тысқары жерде тұрақты тұрған болса, баланың азаматығы жазбаша түрде жазылған ата-анасының келісімі негізінде белгіленеді. Азаматтықты тән алу, мойындау-бұл мемлекеттің еркін білдіретін Акт болып есептеледі. әдетте бұл Актте жұмыс істеп тұрған жағдай бекітіледі. Көп жағдайда заң "нольдік вариантты" қолданады. Бұл дегеніміз жаңа заң бойынша, аталған жаңа заң өз күшіне енген кезде мемлекеттің азаматтығын қабылдаған барлық тұлғалар мемлекет азаматы болып есептеледі. Аталмыш заң көп жағдайда бұрынғы кеңес азаматтарына қатысты қолданылады, өйткені бұл адамдар өз азаматтықтарын дәлелдеу үшін қандай-да бір іс-шараларға бармаған еді.
"Натурализация" ұғымы - бұл ҚР-ның азаматтығына шет елдік тұлғаның қабылдауын білдіреді. Бұл ұғым сонымен бірге азаматтығы жоқ тұлғаның ҚР-ның азаматтығын қабылдауын да білдіреді. Азаматтыққа қабылдау тұлғаның арызы негізінде іске асырылады, ол мұндай жағдайда заң шығарушылық талаптарына толық сай келген жағдайда ғана қанағаттандырылады, (қабілеттілік, кәмелет жасына толуы, отырықшылық цензі болуы). Қабылдау ісі Президент атына өтініш білдірумен іске асырылады.
Азаматтықты тоқтататын негізгі жағдаяттар:
1."Қазақстан Республикасы азаматтығы туралы" заңында көрсетілген тәртіпке сәйкес, тұлғаның өзінің бастамасымен азаматтықтан шығуына тілек білдіруі негізінде.
2.Азаматтықты жоғалтуына байланысты.
А.Тұлғаның басқа бір мемлекеттің әскери қызметіне ауысуына байланысты.
Б.Егер азамамтықты өтірік құжаттарға негізделіп қабылдаған болса.
В.Халықаралық келісім-шарттарда көрсетілген негіз
бойынша.
3.Мемлекет аумағында тысқары жерде тұратын тұлғаның себепсіз бес жыл бойы тіркеге тұрмағандығы нәтижесінде.
Білімді пысықтаура араналған сұрақтар:
1.Тұлғаның құқықтық мәртебесі дегенді қалай түсінесіз?
2.Азаматтық институтының мазмұны неден тұрады?
3.Азаматтық ұғымына түсініктеме беріңіз.
4.Сізге ҚР-сы азаматтығын алудың қандай негізгі тәсілдері белгілі?
5.Азаматтардың тең құқықтылығы принципі нені білдіреді?
6.Натурализация дегеніміз не?
7.ҚР-сы азаматтығынан шығудың тәртіптері қандай?
8.ҚР азаматтығынан шығарудан бас тартылуы мүмкін бе?
9.Азаматтыққа қабылдау және азаматтықтан øығу тәртіптері қандай құқықтық Актілермен тіркеледі?
10.ҚР-сы азаматтығын жоғалтуға қандай жағдай себеп,негіз бола алады?
Осы тақырыптың негізгі терминдері.
Азаматтық; Филиация; натурализация; оптация; шет ел азаматтыры; азаматтығы жоқ тұлға; азаматтықты қабылдау; азаматтықтан шығу; азаматтықты жоғалту; азаматтықтан айыру.
ТАҚЫРЫП 5. ҚР КОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Саяси партиялар, бұқаралық қозғалыстар, кәсіптік одақтар, әйелдер, ардагерлер ұйымдары, мугедектер ұйымдары, жастар және балалар ұйымдары, ғылыми, техникалық, мәдени-ағарту, мәдени-спорттық және езге ерікті қоғамдар, шығармашылық одақтары, жерлестіктер, қорлар, ассоциациялар және азаматтардың басқа да бірлестіктері қоғамдық бірлестіктер деп танылады.
Қоғамдық бірлестіктер саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени праволар мен бостандықтарды жүзеге асыру және қорғау; азаматтардың белсенділігі мен ынталылығын, олардың мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға қатысуын дамыту; кәсіби және әуесқой-лық мүдделерді қанағаттандыру; ғылыми, техникалық және көркем ығармашылықты дамыту, адамдардың өмірі мен денсаулығын, халықтың экологиялық қауіпсіздігін қорғау, қайырымдылық қызметіне қатысу, мәдени-ағарту, спорттық-сауықтыру жұмысын жүргізу, табиғат, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау; патриоттық және адамгершілік тәрбие беру; халықаралық байланыстарды кеңейту, халықтар арасындағы бейбітшілік пен достықты нығайту; зан, тыйым салмаған өзге де қызметті жүзеге асыру мақсатында құрылады.
Азаматтың қоғамдық бірлестік қызметіне қатысуы немесе қатыспауы оның праволары мен бостандықтарын шектеуге негіз болмайды, соның ішінде мемлекеттік және өзге ұйымда жұмыс орнын немесе қызмет иемденуге шарт не заңдарда көзделген міндеттерін орындамауға негіз бола алмайды. Ресми құжаттарда белгілі бір қоғамдық бірлестікке мүшелік туралы көрсетуді талап етуге жол берілмейді.
Еңбек туралы, еңбекшілерді әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру туралы заңдар қоғамдық бірлестіктер аппаратының қызметкерлеріне қолданылады.
Мемлекет қоғамдық бірлестіктердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етеді, оларға Қазақ ССР заңдарында көзделген негізде және тәртіппен көмек пен қолдау көрсетеді.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, қоғамдык бірлестіктердің қызметін қаржыландыру осы бірлестіктердің есебінен жүргізіледі.
Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың қоғамдық бірлестіктер қызметіне араласуына да, қоғамдық бірлестіктердің мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың кызметіне араласуына да, заңда көзделмеген жағдайдан басқа кезде жол берілмейді.
Қоғамдық бірлестіктердің мүдделерін қозғайтын мәселелерді заңдарда көзделген жағдайларда тиісті қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен немесе олардың келісімі бойынша мемлекеттік органдар мен шаруашылық ұйымдар шешеді.
Қоғамдық бірлестіктер аппаратының штаттық қызметкерлерін қоспағанда қоғамдық бірлестіктердің, олардың филиалдарының, бөлімшелерінің қызметі жұмыстан тыс кезде жүзеге асырылады.
Қоғамдық бірлестік он адамнан кем емес азаматтар тобының инициативасы бойынша құрылады, олар құрылтай съезін (конференция, жиналыс) шақырады, онда жарғы (ереже, өзге де негіз қалаушы құжат) қабылданып, басшы органдар құрылады.
Қоғамдық бірлестікті басқа да қоғамдық бірлестіктер қосылу, бірігу, бөліну, қоғамдық бірлестіктердің коалициялық құрамасын (одағын, ассоцнациясын және т. б.) құру жолымен құруы мүмкін.
Қоғамдық бірлестіктің заңды ұйым ретіндегі право қабілеті оның жарғысын өкілетті мемлекеттік орган тіркеген кезден бастап пайда болады
ТАҚЫРЫП 6. САЙЛАУ ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ ҚР САЙЛАУ ЖҰЙЕЛЕРІ
Сайлау жүйесі дегенде мемлекеттің және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің құрылу тәртібін түсінеміз. Мұның ішінде бізге ерекше таныс түрлері-бұл сайлаушы органдардың қалыптасуы кезіндегі принциптері мен қатысу шарттары болып табылады.Сайлау жүйесі біріншіден тар мағынада біздің ойымызға ең алдымен үміткерлер арасында мандаттарды дауыс беру нәтижесінде сай бөлу тәртіптері келеді.
Бұл мағынада бізге негізінен сайлау жүйесінің екі түрі жақын таныс, олар мажоритарлық және пропорционалдық жүйелер және аралас сайлау жүйелері. Осы екі жүйенің арасындағы айырмашылықты біз сайлау нәтижелерін айқындау әдістерінен көре аламыз.
Сайлау құқығы принциптері- бұл оның мойындалуы, танылуы және іске асырылуы болып табылады (ортақтық, бостандық, теңдік, тікелей болуы, жасырын дауыс беруі). Ортақ жалпыға бірдей сайлау құқығы- дегеніміз сот үкімі бойынша бас бостандығынан айырылып, жазаларын өтеп жатқан адамдардан басқа кәмелет жасына толған, ҚР-сы азаматы болып табылатын барлық адамдарға белсенді сайлау құқығының берілуін айтамыз. Бұл жерде сондай-ақ қосымша талаптарды қанағаттандаратын (сайлау цензілерін) азаматтарға бәсең сайлау құқығының берілуінде айтамыз.
Ал сайлау цензі дегеніміз - бұл Конституция немесе заңдары бекіткен сайлау құқығын іске асыруға, пайдалануға жасалатын жағдайды айтамыз.
Жас мөлшерінің цензі деп - бұл жерде белгілі бір жас мөлшеріне толған кезде ғана адамға берілетін құқықты айтамыз. Бұл заң талабына сәйкес жүргізіледі.
Тұрғылықтылық немесе отырықшылық цензі болса-азаматтың сайлау өткізу кезінде елде тұрақты түрде тұрғандығын ескеріп, Конституция немесе Заңмен бекітілген талап негізінде сайлау құқығын алуы.
Білімділік цензі деп - негізінен сайлау заңының талабына сәйкес, сайлау құқығы (негізінен бәсең) білім деңгейі тиісті құжаттарда көрсетілген айқындалған азаматтарға ғана берілуін айтамыз.
Тең сайлау құқығы деп - сайлаушының ел Президентін, Парламент және Мөслихат депутаттарын сайлау кезінде тең негізде қатысуын және әрқайсының тек бір ғана дауысқа ие болуын айтамыз. Жасырын дауыс беру құқығы дегеніміз - сайлаушы өз бюллетенін сайлаушы урнасына тастауын және осының нәтижесінде сайлаушы қалай және кімге дауыс бергендігін жене сайлаушы еркіне ықпал жасау әрекеттерін болдырмауын айтамыз. Сайлау бюлетені урнаға азаматтың өз қолымен тасталады және КР сайлау туралы заңына сәйкес, азаматтардың сайлауға қатысуы ерікті түрде болады делінген. Еркін түрде сайлауға қатысу дегеніміз - бұл азаматтың сайлауға қатысуына немесе қатыспауына және өзінің еркін білдіруіне ықпал етуге тиым салу деген мағынаны білдіреді.
Осы тақырыптың негізгі терминдері.
Сайлау жүйесі; сайлау құқығы; æалпыға бірдей сайлау; тең дәрежедегі сайлау; тікелей сайлау; жанама сайлау; жасырын дауыс беру; сайлау еркіндігі; сайлау округі; сайлау қоры; сайлау алдындары үгіт-насихат.
ТАҚЫРЫП 7 РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ
Мемлекет — басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік - тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай - ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет дегеніміз бұл — адамзат қоғамы дамуының маңызды кезеңдеріне тән саяси ұйым:
а)қоғамды басқару міндетін атқару, адамдардың, топтардың, таптардың және басқа да әлеуметтік субъектілердің қарым-қатынасын реттеп, бағыттау, олардың бірлескен іс-қимылына жағдай жасау жүктелген;
б)оның саясатын жүзеге асыру жүктелген кең тармақты органдар жүйесі және биліктің ұйымдастырушылық кұралдары бар;
в)тапсырмасының орындалуын қоғамдық өмірдің барлық субъектілері қамтамасыз ететін әкімшілік-мәжбүрлеу өкілеттігі берілген.
Мемлекет туралы бұл түсінікті ашып, нақтылай отырып, әрбір белгі соғылған белгілерге егжей-тегжейлі тоқталып, оның мазмұнды және мәнді сипаттамасына тереңірек үңіліп, әрекет ету механизмін көрсету қажет.
Мемлекеттік билікті орындаудың ерекше нақты түрі - әкімшілік шарт арқылы іске асу. Шарттың түрлері толып жатыр. Оның бір жағының немесе екі жағының субъектісі мемлекеттік орган болады.
Мемлекет билігі жалпылама нормативтік актілерінің орындалу нысаны бірнеше түрге бөлінеді: экономикалық, саяси, идеологиялық ұйымдастырушылық, халықаралық, мемлекетаралық т.б.
Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, олар атқаратын қызметтеріне сәйкес жүйе-жүйеге, сала-салаға жіктеледі. Мемлекеттің органдар өкілеттігінің шеңберіне қарай үш топқа бөлінеді:
1).Мемлекеттік билік органдары: Парламент, Президент және Маслихаттар;
2).Мемлекеттік атқару органдары; үкімет, министрліктер, ведомстволар, жергілікті басқару органдары, әкімдер. Мемлекеттік органдарының құрылу тәртібі мен алдына қойылған мақсаттары. Мемлекеттік органдар үш топқа бөлінеді: өкілетті органдар, атқару органдар және сот немесе құқық қорғау органдары.
Республика Президенті мемлекеттік аппаратта ерекше орын алады, ол үш биліктің біріне де жатпайды. Ол мемлекет билігінің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Президент — мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін жоғарғы лауазымды тұлға. Президент халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығын адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.
