
- •XX ғасырдың I жартысындағы тарихи-әлеуметтік жағдай
- •Көптік жалғаулары (Множественные окончания)
- •Үш жүздің басын біріктірген хан – Абылай
- •Етістік (Глагол)
- •Етістік тудыратын жұрнақтар (Словообразующие суффиксы глаголов)
- •Көмекші есімдер (Служебные имена)
- •Етістіктің рай категориясы (Категория наклонения глагола)
- •Халық батыры – Қабанбай (1703-1781)
- •Сын есім (Имя прилагательное)
- •Жоңғар басқыншылығында даңқы шыққан батыр – Райымбек (1705-?)
- •Сапалық сын есімдер (Качественные прилагательные)
- •Тұңғыш Президенті
- •Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстанның тұңғыш Президенті
- •Көсемше (Деепричастие)
- •Түркістан қаласы
- •Есептік, болжалдық, бөлшектік сан есімдері
- •Қазақ халқының ұлттық музыкалық дәстүрі
- •Күшейтпелі шырай (Усилительная степень)
- •Асырмалы шырай (Превосходная степень)
- •1. Жай шырай 2. Салыстырмалы
- •11 Сабақ.Тақырып. Қазақстанның тәуелсіздік шежіресі
- •Тәуелсіздік – қазақ халқының сан ғасырлық арманы. Тәуелсіздікке қол жеткізу шежіресі: цифрлар мен фактілер
- •Үстеу. Үстеудің түрлері
- •1. Мекен үстеулері
- •6. Күшейткіш үстеулері
- •2. Мезгіл үстеулері
- •Үстеудің түрлері:
- •3. Мөлшер үстеулері
- •8. Топтау үстеулері
- •5. Себеп-салдар үстеулері
- •Мезгіл үстеулері (Наречия времени)
- •Қазақстанның мәдени және табиғи ескерткіштері. «Алтын адам»
- •Намыс туын желбіретуге жол ашқан да – жастар
- •3. Білім, ғылымды дамыту 2. Экономикалық өсу 4. Экологияны жақсарту
- •«Қазақстан – 2030» ұзақ мерзімдік міндеттеріне мыналар жатады:
- •5. Ұлттық қауіпсіздікті нығайту
- •1. Ішкі саяси тұрақтылық
- •6. Энергетикалық ресурстарды арттыру 7. Мемлекеттік қызметкерлердің санын өсіру
- •Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
- •Қазақстандағы экологиялық аймақтар. Әлемдік экологиялық проблемалар
- •Ыңғайлас жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдер
- •Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдер
Халық батыры – Қабанбай (1703-1781)
Қожағұлұлы Қабанбай – жоңғар басқыншыларына қарсы күресті ұйымдастырушылардың бірі, қазақтың біріккен қолының Бас қолбасшысы, жекпе-жекте жеңіліп көрмеген халық батыры. Шыққан тегі – Орта жүздің Найман тайпасының Қаракерей руынан, ел азаттығы жолында күрескен киелі батырлар әулетінен. Оның аталары да аты шыққан батырлар болған.
Жоңғарларға қарсы күрестегі Қаракерей Қабанбайдың батырлық ерлігі ерекше. Ол қатыспаған бірде-бір шайқас болмаған. Қабанбай бір жарым жылға созылған Шаған шайқасына, сексен күнге созылған әйгілі Алакөл шайқасына, 1728 жылғы Шұбар теңізі жағасындағы ірі шайқастарға қатысқан. Ал Жоңғар қақпасындағы шайқас оның соңғы жеңісі болған, яғни ол әйгілі «Ақтабан шұбырындыдан» кейінгі айтулы ірі шайқастардың бәріне қатысқан. «Хан батыры», «Дарабоз» деген атақтарға ие болған. Сан рет шайқас алдындағы жекпе-жекке шығып, бәрінде де жаудың үміткер батырларын жер жастандырып, жауынгерлерін жеңіске бөлеп отырған. Халқы оны «Қаракерей Қабанбай» деп ардақ тұтып, есімін жырға бөлеп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген. Абылай хан дәуіріндегі қазақтың ең соңғы әскери ірі қақтығысы 1770 жылғы қазақ-қырғыз соғысы болды. Бұл – осы соғысқа қатысқан Қабанбай батырдың да ерлік жолының соңғы белгісі.
Қабанбай батыр соғысқа жүз үш рет кірген. Оның атын шығарған Шаған шайқасы болды. Ол әулетімен батыр болыпты. Оның әкесі Қожағұл өз тұсында Жалаңтөс батырларымен бірге Хиуа хандығына қарсы соғысқан қолбасшылардың бірі.
Халық арасында Қаракерей Қабанбай батыр жөнінде аңыз-әңгімелер, жыр-дастандар өте көп. Бұған керісінше тарихи құжаттарда Қабанбай батырдың 1740-1762 жылдардағы өмірі ғана көрінеді.
Қабанбайдың жеті ұлы болған. Оларды «жеті Қабанбай» деп атайды. Батырдың ұрпақтары бұл күнде Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының жерінде мекендегенімен, олардың арғы аталары оңтүстік жақтан ауып келіп, Есіл, Нұра бойын қоныс еткен. Бұл өңірдің 1728-1762жылдар аралығында батырдың да құтты мекені болғаны белгілі. Қайтыс болғаннан кейін, Қаракерей Қабанбайдың денесі осы ата мекеніне әкеліп жерленген көрінеді. Елі аяулы батырдың басына сәулетті күмбез орнатты.
Ел басына күн туған кездерде ірі-ірі шайқастарға қырық жылдай қатысып, ерекше батырлығымен көзге түскен Қабанбайдың «дарабоз» деген атқа оның жасаған ерліктерінің сай екені тарихтан белгілі.
Сөздік:
басқыншы – грабитель; захватчик; оккупант
шайқас – битва; сражение; схватка, борьба
дара – индивидуальный; отдельный; одиночный; абсолютный
жауынгер – воин; солдат; боец; рядовой; воинственный
қақтығыс – столкновение; стычка; конфликт; инцидент
дәуір – век; фаза; эпоха; эра; период
2-тапсырма. Мәтіннен қатыстық сын есім тұлғасында тұрған сөз тіркестерін теріп жазыңыздар.
Ү л г і: Дипломатия+лық тәсіл. Парасат+ты би. Дәстүр+лі мәдениет.
3-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша сұхбат (сұрақ-жауап) құрастырыңыздар.
Сын есім (Имя прилагательное)
Сын есім дегеніміз – заттың сын-сипатын, сапасын, түр-түсін, мөлшерін, көлемін білдіретін сөз табы.
Имя прилагательное – это часть речи, которое обозначает признаки, качества, свойства, цвет, объем, форму предмета.
Сын есім қандай? (какой?), қай? (который?) деген сұрақтарға жауап береді.
Сын есім мағынасына қарай (по значению) 2-ге бөлінеді:
Қатыстық сын есімдер (относительные прилагательные).
Сапалық сын есімдер (качественные прилагательные).
Қатыстық сын есімдер – бір зат пен екінші заттың қатысын, байланысын білдіреді.
Қатыстық сын есім выражает признаки, приписываемые предметам, отношение одного предмета к другому по принадлежности, местонахождению, времени и т.д.
Мысалы: шөпті жер – шөп мол шығатын жер, түнгі жел – түнде соғып тұратын жел, қысқы сессия – қысқы уақытта өткізілетін сессия, жазғы демалыс – жазда болатын демалыс күні, таулы алқап – тауы көп жер, тұзды тамақ – тұзы көп салынған тамақ, ақшалы адам – ақшасы көп адам, түскі ас – түс кезінде ішілетін ас, қысқы аяз – қыс мезгілінде болатын аязды күндер т.б.
Қатыстық сын есімдер сөздің түбіріне төмендегі жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалады:
1. -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, ті – бір заттың екінші затқа қатысын көрсетеді (указывает на отношение одного предмета к другому). М.: Көп бала+лы үй.
2. -дай, -дей, -тай, -тей – бір заттың екінші затқа қатысты сапасын көрсетеді (указывает на качество предмета относительно другого предмета). М.: Тау+дай, әке+дей, бала+дай;
3. -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік – қоғамға, саясатқа, өнерге қатысын көрсетеді (указывает на отношение к обшеству, к искусству, к политике). Мысалы: Қала+лық, азамат+тық, әлеумет+тік;
4. -сыз, -сіз – болымсыз сын есімдер (отрицательные прилагательные). М: кітап+сыз, үй+сіз, ағаш+сыз.
5. -қы, -кі, -ғы, -гі – мезгіл, уақыт және кеңістікке қатысты сын есімдер (отношения времени и пространства). М.: жоғар+ғы қабат, кеш+кі уақыт;
4-тапсырма. Қатыстық сын есімдермен сөйлемдер құрастырыңыздар.
Денелі адам, көңілді бала, беделді қызметкер, абыройлы азамат, жұлдыздай жарық, таудай биік, сауатты оқушы, қысқы олимпиада, сусыз жер, шөлейтті дала, кешкі уақыт, мұнайлы өлке, әлеуметтік жағдай, мемлекеттік мекеме, ызғарлы қыс, ұшқынды жалын.
5-тапсырма. Берілген қатыстық сын есімдерді мағынасына қарай орналастырып, сәйкестендіріңіздер.
1 2. қанды 3. қарулы 4. қатысты 5. түнгі 6. айбынды 7. атақты 8. нар тұлғалы 9. азаттық 10. пайдалы 11. халықтық |
а) жау ә) ақыл б) жорық в) жауынгер г) батыр ғ) халық д) соғыс е) шежіре ж) алып з) дерек и) шайқас |
Ү л г і: Шешендік өнер. 1........................................................2.........................................................3.........................................................4.........................................................5.........................................................6.........................................................7.........................................................8........................................................9.........................................................10.......................................................11....................................................... |
6-тапсырма. Көп нүктенің орнына қатыстық сын есім жасап тұрған жұрнақтарды қосып жазыңыздар.
Ол елі мен жеріне қауіп төндірген Ресей мен Қытайға тосқауыл болу үшін күші жетпей, сөзі өтпей қиналған сәттерде ең сүйік... балаларын кепілдікке берді. Ол Қытай мен қалмақ тілдерінде еркін сөйлеп, олардың да ықпал... адамдарын ұтқыр сөздерімен тосылтып отырды. Абылай хан қазақ халқының саяси-әлеумет... өміріне қырық жылдан астам уақыт ықпал етіп, билігін жүргізді. Торы ала тұлпары астында, шойын... шоқпары қолында. Өтеген мен Наурызбай жауынгерлерін ертіп, мерзім... уақытында жетеді. Наурызбай батыр Абылайдың қасында болып, оның сенім... батырларының біріне айналды. Қазақ қолының жеңіс... жолын жалғастырып, жоңғарларды Тұрпаннан асыра қуып тастайды.
7-тапсырма. Терминдердің мағынасын ескеріп, есте сақтаңыздар.
Мектеп – балаларға білім беретін оқу орны, бұл сөз «китабе» сөзінен шыққан. «Китабе» сөзінің алдына «ма» қосылып, «макитабе» сөзі пайда болған. Оны өз тілімізге аударсақ, «оқуға, сабақ жүргізуге арналған бөлме» мағынасында. Бұл сөз қазақ тіліне аударғанда «мектеп» қалпына дейін өзгерген.
Дәптер – оқушылар пайдаланатын жазу құралы. Бұл сөз де тілімізге араб тілінен енген. Арабша «дафтер» сөзі «жазуға арналған кітап» деген мағынаны білдіреді. Содан кейін барып «дәптер» сөзі шыққан.
Қалам – жазу құралы, оның да алғашқы төркіні – араб тілі. Ерте кезде адамдар сиямен жазу үшін құс қауырсынын пайдаланғаны белгілі. Ал арабтар ертеде қауырсынның орнына қамысты ұштап жазған. Содан араб тіліндегі «қалам» сөзі – «қамыс ұшы» деген мағынаны береді.
Бор – мұның тақтаға жазу жазатын ақ балшықтан жасалған құрал екені белгілі. «Бор» атауын алуы – оның түсіне байланысты. Қазіргі кезде қазақ тілінде «ақ» түсін «боз» қалпында айтыла беретіні де белгілі. Осы «боз» сөзі өте ерте кездерде «бор» болып, «ақ» мағынасында қолданылатын болған. Монғол тілінің деректеріне сүйенсек, «бор» сөзі «сұр», «боз» мағыналарын білдіреді.
8-тапсырма. Берілген сапалық сын есімдерді бір бағанаға, қатыстық сын есімдерді екінші бағанаға бөліп жазыңыздар.
Білікті қолбасшы, қабілетті жауынгер, көзсіз ерлік, шымқай қызыл, қара ала, елеулі үлес, биік, аласа, дөңгелек, қырлы, қисық, жалпақ, сұр, боз, сусыз жер, шулы көше, еріншек, аласа, қара торы, жуас, өткір, жіңішке.
9-тапсырма. Төмендегі сөз және сөз тіркестерінен қатыстық сын есімдерді тауып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.
1. арыстандай айбатты зарлы өкініш ардақты азамат өнегелі ақын ұлттық сезім көркемөнер ымырасыз күрес тәуелсіз Қазақстан иманжүзді адам өнерлі тұлға |
2. көрнекті қайраткер белгілі батыр көреген саясаткер арғымақ ат қауіпсіздік коммунистік партия әншілік өнер қазақтың ұлы ханы ағартушылық сала ақ ниеттілік |
3. айтулы батыр қабілетті бала амалсыз жағдай құнды еңбек батырлық жол қазақ хандары бас сардар дуалы ауыз батырдың ұрпақтары жаугершілік заман |
10-тапсырма. Абай өлеңдерінен қатыстық сын есімдерді тауып, өлеңдерден үзіндіні жаттап алыңыздар.
Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ, Желсіз түнде жарық ай,
Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ. Сәулесі суда дірілдеп...
Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды, * * * * *
Ой желке, үңірейген болса сағақ, Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Теке мұрын, салпы ерін, ұзын тісті, Соқыр мылқау танымас тірі жанды.
Қабырғалы, жотасы болса күшті. * * * * *
Ойынды еті бөп-бөлек, омыраулы, Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы,
Тояттаған бүркіттей салқы төсті. Аласы аз, қара көзі нұр жайнайды.
* * * * *
Сөйлесе сөзі әдепті, ән мағыналы,
Күлкісі бейне бұлбұл құс сайрайды.
(Абай)