
- •050301- «Заңтану» бакалавриат мамандығы бойынша
- •3. Алғашқы pet енгізілген.
- •Пәннің мазмұны
- •Мазмұны
- •Тема 17. Әскери қылмыстар.........…………………………...........…………...24
- •111. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі............………....………………………..29
- •Тақырыптық жоспар
- •Пәннің мазмұны
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы
- •1. Пәннің мақсаты мен міндеттері, оның оқу процесіндегі орны
- •2. Пәннің мазмұнының деңгейіне талаптар:
- •3. Пәннің негізгі мазмұны
- •2. Пәннің мазмұны
- •2.1 Дәрістер
- •2.Семинар сабақатары
- •2.3 Жеке оқуға ұсынылатын тақырыптар (ожсөж, сөж)
- •3. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі.
- •3. Пәннің постреквизиттері:
- •4. Пәннің қысқаша сипаттамасы
- •6.Пәннің мазмұны
- •9. Курстың саясаты мен рәсімдері Оқуда студенттерге қойылатын талаптар
- •Глосарий
- •Қазақстан республикасының қылмыстық құқығы пәні бойынша дәрістер конспектісі
- •2 Азаматтардың тең құқықтылығын бұзу (141-бап)
- •3 Адамның және азаматтың әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар
- •4 Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу (142-бап)
- •3 Адамзатқа қарсы қылмыстар Геноцид (160-бап)
- •4 Мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
- •2 Бөтеннің мүлкін талан-таражға салудың түсінігі
- •3 Талан-тараж белгілері жоқ, меншікке қарсы пайдакүнемдік қылмыстар
- •4 Меншікке қарсы пайдакүнемдік емес қылмыстар
- •2 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың нақты түрлері
- •2 Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың түрлері
- •3 Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың нақты түрлері
- •2 Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстар
- •3 Адамгершілікке қарсы қылмыстар
- •2 Суды және атмосфераны тиімді пайдалануға және қорғауға қол сұғатын қылмыстар
- •3 Жерді, құрлықтық шельф, жер қойнауын қорғау және тимді пайдалануға қол сұғатын қылмыстар
- •4 Жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау және пайдалану ережелеріне қарсы қылмыстар
- •5 Ерекше табиғи-биологиялық түрдегі дүниелерді қорғау ережелеріне қарсы қылмыстар
- •1 Көліктегі қылмыстардың жалпы сипаттамасы
- •2 Көліктегі қылмыстардың жеке құрамдары
- •12.2 Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстардың жекелеген құрамдары
- •1 Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
- •2 Мемлекеттік органдарды басқару әрекетіне байланысты өкімет өкілдері мен басқа адамдарға қарсы қылмыстар
- •3 Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының мызғымастығына қол сұғатын және Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне қарсы қылмыстар
- •4 Ресми құжаттар мен мемлекеттік наградалардың айналым тәртібіне қарсы қылмыстар
- •2 Сот әділдігін жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының жасайтын қылмыстары
- •3 Заң бойынша сот әділдігін жүзеге асыруға көмек беруге шақырылған адамдардың жасайтын қылмыстары
- •1 Әскери қылмыстардың түсінігі және жалпы сипаттамасы
- •2 Бағыныштылық тәртібіне және әскери қызметшілердің жарғылық ережелерге сай қарым-қатынасына қол сұғатын қылмыстар
- •3 Әскери қызметті өтеу тәртібіне қарсы қылмыстар
- •4 Әскери кезекшілікке және басқа да арнаулы қызмет тәртібіне қарсы қылмыстар
- •Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті қр қылмыстық құқығы (ерекше бөлім) пәнін оқыту бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар
- •Семинар сабақтарды өткізу бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар
- •Тапсырма№1
- •Тапсырма№2
- •Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өздік жұмысын өткізу бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар
- •Студенттердің өздік жұмысын өткізу бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар
- •Студенттер білімін бақылау және бағалау жүйесі
- •Қр қылмыстық құқық пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы
Пәннің мазмұны
КІРІСПЕ
Қылмыстық құқықтың жалпы бөлімін меңгергеннен кейін қылмыстық құқықтың ерекше бөлімі игеріледі. Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімін маңыздылығы жасалған іс- әрекет нақты қылмыстық құқықтық нормаға сәйкес сараланып, жеке қылмыстардың белгілері зерттеледі, аралас құрамды қылмыстар арасында айырмашылық жүргізіледі, қылмыстың сараланатын және ерекше сараланатын белгілерін көрсетеді, жасалған қылмыстар үшін жазаның нақты мөлшерімен түрлерін орнықтырады, сонымен қатар қарастырылған қылмыстық заңмен анықталған жағдайларда жасалған кейбір қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылықтан босатудың мүмкіндіктерін қарастырады.
Қылмыстық кодекстің Жалпы және Ерекше бөлімге бөлінуі 1810 жылы Францияда ҚК- н қабылдаудан басталды.Осы жолмен 1922 жылы Кеңес Одағы ҚК–н қабылдады, 1926 жылы Кеңес Одағы, 1959 жылы ҚазССР–і ҚК- і қабылдады және 1997 жылы ҚР ҚК- і қабылданды.
Қылмыстық құқықтың Жалпы және Ерекше бөлімі өзара тығыз байланысты және екеуі тек бірігіп қана қылмыстық-құқықтық нормалардың жүйесі ретінде, қылмыстық құқықты құрайды. Қылмыстық құқықтың Жалпы және Ерекше бөлімдерін кешенді игеру ғана қылмыстық-құқықтық ғылым туралы толық мағлұмат береді.
1-тақырып. Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің ұғымы, жүйесі және маңызы.
Қылмыстық құқық Ерекше бөлімінің ұғымы. Оның даму тенденциясының негізгі кезеңдері. Қылмыстық құқықтың Жалпы және Ерекше бөлімдерінің бірлігі.
Құқықтық мемлекет құру және нарықтық экономика жағдайындағы қылмыстық құқық Ерекше бөлімінің міндеттері. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Елбасының Қазақстан халқына жолдауы- "Қазақстан-2030", Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы «Жаңа онжылдық – жаңа экономиқалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» қарастырылады. 29.01.2010 ж.
Қылмыстық саясатты жүзеге асырудағы "ҚР ұлттық қауіпсіздігі туралы" ҚР Заңы және "Жемқорлықпен күрес туралы" ҚР Заңы.
Қылмыстық қүқық Ерекше бөлімінің мәні. Қылмыстық заңнаманың Ерекше бөлімінің нормаларын қолданудағы құқыққорғау органдары, оның ішінде құқық қорғау органдарымен адамдардың, қоғамның және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері.
Қылмыстық Кодекс Ерекше бөлімінің пәні, міндеті және жүйесі. Оны құрудың және бағытын жетілдірудің қағидалары. ТМД елдерінің қылмыстық заңнамаларының Ерекше бөлімі жүйесінің спецификасы.
Қылмыстың кейбір түрлеріне қылмыстық заңнама. ҚР Жоғары Сотының нормативті түсініктемелерінің ҚР ІІО құқыққолдану қызметіндегі қылмыстылықпен күресудегі мәні. Қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері. Қылмыстарды саралаудың ұғымы және мәні. Қылмыстарды саралаудың түрлері. ҚР ҚҚ Жалпы бөлімінің нормаларының қылмыстарды саралауына әсері.
2-тақырып. Адамның жеке басына қарсы қылмыстар.
ҚР Конституциясы адамның жеке басына қол сұғылмаушылығын, азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының кепілдігін қамтамасыз ету туралы.
Адамның жеке басына қарсы қылмыстардың ұғымы мен түрлері. Адамның жеке басына қарсы жасалған қылмыс үшін жауапкершілік туралы қылмыстық заңнаманың құрылуы және дамуы.
Өмірге қарсы қылмыстар. Адам өлтірудің ұғымы және түрлері. Ауырлататын мән-жайларда адам өлтіру. Жеңілдететін мән-жайларда адам өлтіру. Абайсызда қаза келтіру. Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу.
Денсаулыққа қарсы қылмыстардың ұғымы және түрлері. Олардың әлеуметтік мінездемесі. Денсаулыққа зиян келтірудің ұғымы және түрлері. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру. Бұл қылмыстық ұғымы және түрлері.
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан әрекеттің адам өлтіруден айырмашылығы. Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру. Бұл қылмыстың түрлері. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру. Азаптау. Денсаулыққа жеңілдететін мән-жайларда зиян келтіру. Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру.
Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қылмыстар. Бұл қылмыстардың ұғымы мен түрлері, олардың адамның өмірі мен денсаулығына қарсы қылмыстардан айырмашылығы. Қорқыту. Медицина қызметкерінің, кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы. Соз ауруларын немесе адамның иммун тапшылығы вирусын / ВИЧ/ЖҚТБ / жұқтыруы, бұл қылмыстардың түрлері. Ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын немесе тінін алуға мәжбүр ету. Заңсыз аборт жасау. Бұл қылмыстық ұғымы мен түрлері. Науқасқа көмек көрсетпеу және қауіпті жағдайда қалдыру. Жауапкершіліктің келу шарттары.
Жыныстық қылмыстар. Жыныстық қылмыстардың ұғымы мен түрлері, олардың қылмыстық-құқылық мінездемесі. Зорлау. Бұл қылмыстың түрлері. Нәпсіқұмарлық сипатындағы күш қолдану. Он алты жасқа жетпеген адаммен жыныстық қатынаста болу және нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер. Жас балаларды азғындату. Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттерге мәжбүр ету. Бұл қылмыстың зорлаудан және нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолданудан айырмашылығы.
Адамның бас бостандығына қарсы қылмыстар. Адамды ұрлау. Бас бостандығынан заңсыз айыру. Бұл қылмыстың түрлері. Психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру. Адамдарды сату.
Адамның жеке басының ар-ожданы мен қадір-қасиетіне қарсы қылмыстар. Жала жабу және оның түрлері. Қорлау және оның түрлері. Жала жабудың қорлаудан айырмашылығы.
3-тақырып. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар.
Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың ұғымы. Бұл қылмыстардың түрлері.
Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар. Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту. Кәмелетке толмаған адамды қоғамга қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту. Кәмелетке толмағандарды саудаға салу. Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау. Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау.
Отбасына қарсы қылмыстар. Баланы ауыстыру. Бала асырап алу құпиясын жария ету. Балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейі жалтару. Қамқоршының немесе қорғаушының құқықтарын теріс пайдалану. Еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) асыраудан әдейі жалтару.
4-тақырып. Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар.
Адамның және азаматтың конституциялық және басқа да құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстардың ұғымы мен түрлері.
Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қол сұғатын қылмыстардың түрлері. Азаматтардың тең құқықтылығын бұзу және жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу. Бүл қылмыстардың түрлері. Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу. Хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф хабарларының немесе өзге де хабарлар құпиясын заңсыз бұзу. Дәрігерлік құпияны жария ету. Ар-ождан және діни наным бостандығы құқығын жүзеге асыруға кедергі жасау. Жиналыс, митинг, бой көрсету, шеру өткізуге, пикет жасауға немесе оларға қатысуға кедергі жасау.
Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар. Сайлау құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергі жасау. Сайлау құжаттарын, референдум құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды қате есептеу. Қоғамдық бірлестіктердің қызметіне кедергі жасау.
Азаматтардың еңбектік құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар. Еңбек туралы заңдарды бұзу. Еңбекті қорғау ережелерін бұзу. Ереуілге қатысуға немесе ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу.
Журналистің занды кәсіптік қызметіне кедергі жасау.
5-тақырып. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар.
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың ұғымы. Бұл қылмыстардың түрлері.
Бейбітшілікке қарсы қылмыстар. Басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу тұтандыру немесе жүргізу. Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және жария түрде шақыру. Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру.
Мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар. Жаппай қырып-жою қаруын өндіру немесе тарату. Геноцид. Экоцид. Жалдамалылық. Соғыс жүргізудің тиым салынған құралдары мен әдістерін қолдану. Бұл қылмыстардың түрлері.
Мемлекеттердің халықаралық қызметтесуіне қарсы қылмыстар. Халықаралық корғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау.
6-тақырып. Мемлекеттің конституциялық құрылыс негіздеріне және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар.
Мемлекеттің конституциялық құрылыс негіздерінің және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың ұғымы және түрлері.
Конституциялық құрылыс негіздеріне қарсы қылмыстар. Мемлекеттік опасыздық. Шпионаж. Қазақстан Республикасының Президентінің өміріне қастандық жасау. Билікті күшпен басып алу немесе билікті күшпен ұстап тұру не ҚР уәкілетті органдары мен лауазымды адамдарының құзырына кіретін өкілеттіктерді шет мемлекет немесе шетелдік ұйым өкілдерінің жүзеге асыруы. Қарулы бүлік. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен құлатуға немесе өзгертуге не оның аумақтық тұтастығын күшпен бұзуға шақыру.
Мемлекеттің
қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар. Диверсия.
Мемлекеттік
құпияларды заңсыз алу, жария ету.
Мемлекеттік құпиялары бар құжаттарды,
заттарды жоғалту. Жұмылдыруға шақырудан
жалтару.
7-тақырып. Меншікке қарсы қылмыстар.
Меншікке қарсы қылмыстардың ұғымы мен түрлері. Талан-таражға салудың ұғымы және оның түрлері. Талан-таражға салу затының белгілері.
Талан-таражға салудың нысандары. Қылмысты саралаудағы және жазаны тағайындаудағы талан-таражға салу нысаны мен түрлерінің мәні. Ұрлықтың, тонаудың, қарақшылықтың ұғымы мен белгілері. Тонау мен қарақшылықтағы қорқыту мен жәбір көрсетудің мінездемесі. Алаяқтықтың ұғымы мен белгілері. Сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп алу немесе ысырап ету. Ерекше құнды заттарды ұрлау. Материалды зардап, талан-таражға салуды бағалау барысындағы оның өлшемі. Бұл қылмыстардың саралану белгілері.
Талан-таражға салумен байланыссыз меншікке қарсы қылмыстар. Қорқытып алушылықтың ұғымы мен белгілері. Алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру. Көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату. Интеллектуалдық меншік құқықтарды бұзу. Өнер табыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, селекциялық жетістіктерге немесе интегралдық микросхемалар топологияларына құқықтарды бұзу. Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену. Бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру. Бұл қол сұғушылықтардың саралану белгілері.
8-тақырып. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың ұғымы мен түрлері.
Занды кәсіпкерлік және банктік қызметке қарсы қылмыстар: Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау. Заңсыз кәсіпкерлік. Заңсыз банктік қызмет. Жалған кәсіпкерлік. Заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру. Несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару. Коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз алу мен жария ету.Акцизделетін тауарларды акциздік алым маркасымен таңбалаудың тәртібі мен ережелерін бұзу, акциздік алым маркасын қолдан жасау және пайдалану. Банк операциялары туралы көрінеу жалған мәліметтерді беру. Банктің ақша қаражатын заңсыз пайдалану.
Банкроттықпен байланысты қылмыстар: банкроттық жағдайындағы заңсыз іс-әрекеттер, әдейі банкроттық, жалған банкроттық.
Ақша айналымы, бағалы қағаздар және басқа да төлем карточкалары саласындағы қылмыстар: несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану, бағалы қағаздарды шығару тәртібін бұзу, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіліміне көрінеу жалған мәліметтер еңгізу, бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтер беру, бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзу, жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату, жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттырын жасау немесе сату.
Кеден заңдылықтары саласындағы қылмыстар: экономикалық контрабанда, кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару.
Қаражат заңдылықтары саласындағы қылмыстар: шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау.
Салық және басқа да міндетті төлемдер саласындағы қылмыстар: Бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу. Азаматтың салық төлеуден жалтаруы. Ұйымдарға төленетін салықты төлеуден жалтару.
Тұтынушылардың мүдделерінің бұзылуымен байланысты қылмыстар: монополистік іс-әрекеттер және бәсекені шектеу, көпшілік сауда-саттықтар мен аукциондарды өткізудің белгіленген тәртібін әдейі бұзу, көрінеу жалған жарнама беру, тауарлық белгіні заңсыз пайдалан, кәсіптік спорт жарыстарының және ойын–сауықтық коммерциялық конкурстардың қатысушылары мен ұйымдастырушыларын сатып алу, тұтынушыларды алдау, заңсыз сыйақы алу, табиғат пайдалану жөніндегі заңсыз мәмілелерді тіркеу, мәміле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүр ету, компьютерлік аппаратқа заңсыз кіру, ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату.
9-тақырып. Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар.
Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстардың ұғымы.
Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстардың түрлері. Өкілеттіктерді теріс пайдалану. Жекеше нотариустардың және аудиторлардың өкілеттіктерді теріс пайдалануы. Жекеше күзет қызметі қызметшілерінің өкілеттіктерін асыра пайдалануы. Коммерциялық сатып алу. Олардың сараланған түрлері. Міндеттеріне адал қарамау.
10-тақырып. Қоғамның қауіпсіздігіне және қоғамдық тәртіпке қарсы
қылмыстар.
Қоғамның қауіпсіздігіне және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың ұғымы мен түрлері.
Қоғамның қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар. Терроризм. Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру. Адамды кепілге алу. Ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) құру және оны басқару, қылмыстық қауымдастыққа қатысу. Экстремизмді немесе террористік қызметті қаржыландыру. Заңсыз әскерилендірілген құраманы ұйымдастыру. Адамды кепілге алу. Бандитизм. Үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын басып алу. Әуе немесе су көлігін, не жылжымалы темір жол составын айдап әкету, сонымсн бірдей қолға түсіру. Теңіз қарақшылығы. Жаппай тәртіпсіздіктер. Бұл қылмыстардың саралану белгілері. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау. Жаппай зақымдау қаруын, қару-жарақ және әскери техника жасау кезінде пайдаланылатын технологияларды, ғылыми техникалық ақпаратты және қызметтерді заңсыз экспорттау. Бұл қылмыстармен күресудегі кеден органдарының қызметі.
Қауіпсіздік ережелерін бұзумен байланысты қоғамның қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар. Атом энергетикасы объектілерінде кауіпсіздік ережелерін бұзу. Тау-кен немесе құрылыс жүмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу. Жарылыс қаупі бар объектілерде қауіпсіздік ережелерін бұзу. Радиоактивті материалдармен жұмыс істеу ережелерін бұзу. Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу. Бұл құқық бұзушылықтардың түрлері.
Жалпыға қауіпті заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзумен байланысты қоғамның қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар. Радиоактивті материалдармсн заңсыз жүмыс істеу. Айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы. Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жару құрылғыларын заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру. Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу. Қаруды заңсыз жасау. Атыс қаруын ұқыпсыз сақтау. Қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш қондырғыларды күзету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау. Қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу. Аталған қылмыстардың саралану белгілері.
Қоғамның қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар. Бұзақылықтың ұғымы мен белгілері. Тағылық. Тағылықтың бұзақылықтан айырмашылығы.
11-тақырып. Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы
қылмыстар.
Халықтың денсаулығына жәнс адамгершілікке қарсы қылмыстардың ұғымы мен түрлері.
Есірткі нәрселердің заңсыз айналысымен байланысты қылмыстар. Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу. Есірткі заттарды немесе жүйкеге өсер ететін заттарды ұрлау не қорқытып алу. Құрамында есірткі заттар бар өсіруге тыйым салынған өсімдікерді заңсыз өсіру. Улы заттардың, сондай-ақ есірткі заттарды, жүйкеге әсерн ететін немесе үлы заттарды дайындауға немесе ұқсатуға пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы. Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтыну үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау. Есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін немесе улы заттарды ұстау ережелерін бұзу. Жекеше медициналық практикамен немесе жекеше фармацевтикалық қызметпен заңсыз айналысу, есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер тетін заттарды алуға құқық беретін рецептерді немесе өзге құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау. Санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзу. Адамдар өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін мән-жайлар туралы ақпаратты жасыру. Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарлар шығару немесе сату, жұмыс орындау не қызмет көрсету. Бұл қылмыстармен күресудегі кеден органдарының қызметі.
Адамгершілікке қарсы қылмыстар. Жезөкшелікпен айналысуға тарту. Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық. Дәрілік немесе басқа құралдарды пайдаланып есеңгірету үшін притондар ұйымдастыру немес ұстау. Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату. Қатыгездік пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды заңсыз тарату. Өлгендердің мәйіттерін және олар жерленген жерлерді қорлау: ұғымы, жасау нысандары. Жануарларға қатыгездік жасау.
12-тақырып. Экологиялық қылмыстар.
Экологиялық қылмыстардың ұғымы мен түрлері.
Қоршаған ортаны қорғаумен байланысты ережелерді бұзумен байланысты қол сұғушылықты. Қызметің арнайы түрлерін жүзеге асыру кезінде экологиялық қауіпсіздік ережелерін бұзумен байлынысты қол сұғушылықтар: шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы. Ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде экологиялық талаптарды бұзу. Микробиологиялық немесе басқа биологиялық агенттермен немесе улы заттармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу. Ветеринарлық ережелерді және өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы күресу үшін белгіленген ережелердің бұзылуы.
Тірі емес табиғатты қорғау ережелеріне қол сұғатын қылмыстар. Суларды ластау, бітеу және сарқудың ұғымы мен белгілері. Атмосфераны ластау. Теңіз аясын ластау. Қазақстан Республикасының құрлықтық шельфі туралы және Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағы туралы заңдардың бұзылуы. Жерді бүлдіру. Жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелерін бұзу. Бұл қылмыстардың саралану белгілері.
Тірі табиғатты қорғау ережелеріне қол сұғатын қылмыстар. Су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу. Заңсыз аңшылық. Жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзу. Жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз іс-әрекеттер. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу. Ормандарды жою немесе зақымдау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимінің бұзылуы. Экологиялық ластау зардаптарын жою жөнінде шара қолданбау.
13-тақырып. Көліктегі қылмыстар.
Көліктегі қылмыстардың ұғымы мен түрлері. Темір жол, әуе немесе су көлігі қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігінің ерсжелерін бұзу. Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу. Бұл қылмыстардың саралану белгілері. Жол-көлік оқиғасы болған орыннан кетіп қалу. Көлік құралдарын сапасыз жөндеу және оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару, мас күйіндегі адамды көлік құралын жүргізуге жіберу: ұғымы мен түрлері. Көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру.
Көліктің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін ережелерді бұзу. Пойызды қажет болмаған жағдайда өз бетінше тоқтату. Көлікте қолданылатын ережелерді бұзу: жасау әдістері. Кеме капитанының апатқа ұшырағандарға көмек көрсетпеуі. Ұшудың халықаралық ережелерін бұзу.
Магистралдық труба құбырларын салу, пайдалану немесе жөндеу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу. Труба құбырларын зақымдау немесе қирату.
14-тақырып. Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар.
Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстардың ұғымы мен түрлері.
Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану. Билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану: ұғымы және жасалу жолдары. Лауазымды адамның өкілеттігін иемдену. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу. Пара алудың, пара берудің, парақорлыққа делдал болудың ұғымы мен белгілері. Қызметтік жалғандық жасау. Қызметтегі әрекетсіздік: бұл қылмыстың түрлері. Салақтық.
15-тақырып. Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар.
Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың ұғымы мен түрлері. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын, Мемлекеттік елтаңбасын немесе Мемлекеттік гимнін қорлау. ҚР Президентінің ар-ожданы мен қадір-қасиетіне қол сұгу және оның қызметіне кедергі жасаудың ұғымы мен белгілері.
Депутаттың ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғу және оның қызметіне кедергі жасау. Өкімет өкілін қорлау.
Прокурордың қызметіне кедергі жасау және оның заңды талаптарын орындамау. Жауаптың мемлекеттік лауазымды иеленуші лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету. Бұл қол сұғушылықтардың саралану белгілері.
Ресми құжаттарды және мемлекетік наградаларды сатып алу немесе өткізу. Құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді ұрлау немесе бүлдіру. Жалған мқұжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді, мөрқағаздарды, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу. Әскери қызметтен жалтару. Өзінше билік ету және оның саралану белгілері. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын өкімет өкілінің немесе лауазымды адамның атағын өз бетімен иелену.
Мемлекеттік туды заңсыз көтеру. ҚР-ның күзетілетін Мемлекеттік шекарасынан қасақана заңсыз өтудің ұғымы мен белгілері. Шығарып жіберу туралы шешімді орындамау. Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану ережелерін бірнеше рет бұзу. ҚР-ның Мемлекеттік шекарасын құқыққа қарсы өзгерту.
Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест эмблемалары мен белгілерін заңсыз пайдалану. Байланыс желілерін күзету ережелерін бұзу.
Жиналыстарды, митингтерді, пикеттерді, көше шерулерін және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін бұзу. Төтенше жағдайлар кезінде тиым салынған ереуілге басшылық жасау, кәсіпорынның, ұйымның жұмысына кедергі келтіру. Қоғамдық бірлестік мүшелерінің мемлекеттік органдардың қызметіне заңсыз араласуы. Заңсыз қоғамдық бірлестіктер құру немесе олардың қызметіне қатысу. Шет мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарына жәрдем көрсету.
16-тақырып. Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне
қарсы қылмыстар.
Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстардың ұғымы және түрлері.
Сот төрелігі органдарындағы лауазымды адамдармен жасалатын, сот төрелігіне қарсы қылмыстар. Көрінеу кінәсіз адамды қылмыстық жауаптылыққа тартудың ұғымы мен белгілері. Көрінеу заңсыз ұстау, қамауға алу немесе қамауда ұстау. Жауап беруге мәжбүр ету. Қинау. Айғақтарды бұрмалау. Жалған жауап беруге немесе жалған жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу не мәжбүр ету. Алдын ала анықтаудың немесе алдын ала тергеудің деректерін жария ету. Судьяға және қылмыстық процеске қатысушыларға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету. Хатталған немесе иелік етуге тиым салынған не тәркілеуге жататын мүлікке қатысты заңсыз әрекеттер.
Басқа да адамдармен жасалатын сот төрелігіне қарсы қылмыстар. Сот төрелігін жүзеге асыруға немесе алдын-ала тергеу жүргізуге байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері: және оның түрлері. Сот төрелігін немесе алдын-ала тергеуді жүзеге асырушы адамның өміріне қол сұғу. Сот төрелігін жүзеге асыруға немесе алдын ала тергеу жүргізуге байланысты қорқыту немесе күш көрсету. Сотты құрметтемеу. Судьяға, прокуроға, тергеушіге, алдын ала анықтауды жүргізуші адамға, сот приставына, соттың атқарушысына қатысты жала жабу. Коммерциялық сатып алуға не сыбайлас жемқорлық қылмысқа арамдату. Көрінеу жалған сөз жеткізу. Жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу не мәжбүр ету нысандарының түрлері. Куәгердің немесе жәбірленушінің жауап беруден бас тартуы. Адвокаттар мен өзге де адамдардың азаматтарды қорғау және оларға заңгерлік көмек көрсету жөніндегі заңды қызметіне кедергі жасау. Қылмысты жасыру және қылмыс туралы хабарламау.
Жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар. Бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқындаудан немесе қамаудан қашу: ұғымы және түрлері. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден жалтару. Қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің талаптарына қасақана бағынбау. Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекемелердің қалыпты қызметінің тәртібін бұзу. Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау.
17-тақырып. Әскери қылмыстар.
Әскери қылмыстардың ұғымы және түрлері. Олардың әлеуметтік мінездемесі.
Жарғылық ережелері және бағыныштылық қатынастар тәртібіне қарсы қылмыстар. Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамаудың ұғымы және түрлері. Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүр ету. Бастыққа қатысты күш қолдану іс-әрекеттері. Бір-бірінің арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін бұзу. Әскери қызметшіге тіл тигізу. Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету. Қашқындық. Дене мүшесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тәсілмен әскери қызметтен жалтару. Билікті теріс пайдалану, биліктің асыра қолданылуы немесе әрекетсіздігі.
Арнайы қызмет атқару тәртібіне қарсы қылмыстар. Қарауыл /вахта/ қызметін атқарудың жарғылық ережелерін бұзу. Шекаралық қызмет атқарудың ережелерін бұзу. Ішкі қызмет атқарудың және гарнизонда патруль болудың жарғылық ережелерін бұзу. Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарудың ережелерін бұзу. Қызметке селқос қарау. Бұл қылмыстардың саралану белгілері.
Әскери сипаттағы құпия мәліметтерді сақтауға қарсы қылмыстар. Әскери сипаттағы құпия мәліметтерді жария ету немесе әскери сипаттағы құпия мәліметтері бар құжаттарды жоғалту. Оның саралану белгілері. Бүл қылмыстың мемлекеттік опасыздықтан, сонымен қатар мемлекеттік құпияларды заңсыз алу немесе жария етуден айырмашылығы. Жауға соғыс жүргізу құралдарын беру немесе тастап кету. Тұтқынға өз еркімен берілу.
Әскери мүлікті пайдалану тәртібіне қарсы қылмыстар. Олардың ұғымы, түрлері жіне меншікке қарсы қылмыстардан айырмашылығы. Әскери мүлікті қасақана құрту немесе бүлдіру. Әскери мүлікті абайсызда құрту немесе бүлдіру. Әскери мүлікті жоғалту. Айналадағыларға қауіп туғызатын қару-жарақты, сондай-ақ заттар мен нәрселерді ұстау ережелерін бұзу.
Әскери жүргізу құралдарын жүргізу және пайдалану тәртібіне қарсы қылмыстар. Машиналарды жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу. Ұшу немесе оған даярлану ережелерін бұзу. Кеме жүргізу ережелерін бұзу. Олардың көліктегі қылмыстардан айырмашылығы.
Тәжірибелік (семинарлық) және лабораториялық сабақтардың (лабораториялық практикумы) тақырыптарының шартты тізімі:
Қылмыстық құқықта Ерекше бөлімнің түсінігі, жүйесі және мағынасы.
Жеке адамға қарсы қылмыс.
Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар.
Адамның және азаматтың Конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар.
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар.
Мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар.
Меншікке қарсы қылмыстар.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар.
Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар.
Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар.
Халықтың денсаулығына жіне адамгершілікке қарсы қылмыстар.
Экологиялық қылмыстар.
Көліктегі қылмыстар.
Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар .
Басқару тәртібіне қарсы қылмыс.
Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар.
Әскери қылмыстар.
Сабақтың басқа түрлері:
Семинар –диспут.
Семинар –конференция.
Домалақ стол.
Реферат дайындығы.
Баяндама дайындау.
Коллоквиумы.
Монография талқылыау.
Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімі бойынша бағамдық жұмыстарының шартты тақырыбы:
Ауырлататын мән-жайларда кісі өлтіру.
Жеңілдететін мән-жайларда кісі өлтіру.
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру.
Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру.
Жеңілдететін мән-жайларда денсаулыққа зиян келтіру.
Зорлау.
Адамды ұрлау.
Бас бостандығынан заңсыз айыру.
Жала жабу.
Қорлау.
Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту.
Азаматтардың тең құқылығын бұзу.
Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу.
Еңбек туралы заңдарды бұзу.
Ұрлық.
Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап алу.
Алаяқтық.
Тонау.
Қарақшылық.
Қорқытып алушылық.
Алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру.
Көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату.
Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену.
Бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру.
Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау.
Заңсыз кәсіпкерлік.
Заңсыз банктік қызмет.
Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату.
Экономикалық контрабанда.
Тұтынушыларды алдау.
Заңсыз сыйақы алу.
Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану.
Коммерциялық сатып алу.
Терроризм.
Кепілге алу.
Ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) құру және оны басқару, қылмыстық қоғамдастыққа қатысу.
Бандитизм.
Қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш қондырғыларды күзету жөніндегі міндеттерді тиісінше атқармау.
Қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды және жарылғыш қондырғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру.
Қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды және жару құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу.
Бұзақылық.
Суларды ластау, бітеу және сарқу.
Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлау не қорқыту.
Атмосфераны ластау.
Жерді бүлдіру.
Су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу.
Заңсыз аңшылық.
Темір жол, әуе немесе су көлігі қозғылысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігінің ережелерін бұзу.
Пара алу.
Билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану,
Пара беру.
Қызметтегі әрекетсіздік.
Жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді, мөрқағаздарды, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу.
Өзінше билік ету.
Көрінеу кінәсіз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту.
Жауап беруге мәжбүр ету.
Жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу не мәжбүр ету.
Мемлекеттік опасыздық.
Мемлекеттік құпияларды заңсыз алу, жария ету.