- •050301- «Заңтану» бакалавриат мамандығы бойынша
- •3. Алғашқы pet енгізілген.
- •Пәннің мазмұны
- •Мазмұны
- •Тема 17. Әскери қылмыстар.........…………………………...........…………...24
- •111. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі............………....………………………..29
- •Тақырыптық жоспар
- •Пәннің мазмұны
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы
- •1. Пәннің мақсаты мен міндеттері, оның оқу процесіндегі орны
- •2. Пәннің мазмұнының деңгейіне талаптар:
- •3. Пәннің негізгі мазмұны
- •2. Пәннің мазмұны
- •2.1 Дәрістер
- •2.Семинар сабақатары
- •2.3 Жеке оқуға ұсынылатын тақырыптар (ожсөж, сөж)
- •3. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі.
- •3. Пәннің постреквизиттері:
- •4. Пәннің қысқаша сипаттамасы
- •6.Пәннің мазмұны
- •9. Курстың саясаты мен рәсімдері Оқуда студенттерге қойылатын талаптар
- •Глосарий
- •Қазақстан республикасының қылмыстық құқығы пәні бойынша дәрістер конспектісі
- •2 Азаматтардың тең құқықтылығын бұзу (141-бап)
- •3 Адамның және азаматтың әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар
- •4 Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу (142-бап)
- •3 Адамзатқа қарсы қылмыстар Геноцид (160-бап)
- •4 Мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
- •2 Бөтеннің мүлкін талан-таражға салудың түсінігі
- •3 Талан-тараж белгілері жоқ, меншікке қарсы пайдакүнемдік қылмыстар
- •4 Меншікке қарсы пайдакүнемдік емес қылмыстар
- •2 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың нақты түрлері
- •2 Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың түрлері
- •3 Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың нақты түрлері
- •2 Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстар
- •3 Адамгершілікке қарсы қылмыстар
- •2 Суды және атмосфераны тиімді пайдалануға және қорғауға қол сұғатын қылмыстар
- •3 Жерді, құрлықтық шельф, жер қойнауын қорғау және тимді пайдалануға қол сұғатын қылмыстар
- •4 Жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау және пайдалану ережелеріне қарсы қылмыстар
- •5 Ерекше табиғи-биологиялық түрдегі дүниелерді қорғау ережелеріне қарсы қылмыстар
- •1 Көліктегі қылмыстардың жалпы сипаттамасы
- •2 Көліктегі қылмыстардың жеке құрамдары
- •12.2 Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстардың жекелеген құрамдары
- •1 Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
- •2 Мемлекеттік органдарды басқару әрекетіне байланысты өкімет өкілдері мен басқа адамдарға қарсы қылмыстар
- •3 Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының мызғымастығына қол сұғатын және Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне қарсы қылмыстар
- •4 Ресми құжаттар мен мемлекеттік наградалардың айналым тәртібіне қарсы қылмыстар
- •2 Сот әділдігін жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының жасайтын қылмыстары
- •3 Заң бойынша сот әділдігін жүзеге асыруға көмек беруге шақырылған адамдардың жасайтын қылмыстары
- •1 Әскери қылмыстардың түсінігі және жалпы сипаттамасы
- •2 Бағыныштылық тәртібіне және әскери қызметшілердің жарғылық ережелерге сай қарым-қатынасына қол сұғатын қылмыстар
- •3 Әскери қызметті өтеу тәртібіне қарсы қылмыстар
- •4 Әскери кезекшілікке және басқа да арнаулы қызмет тәртібіне қарсы қылмыстар
- •Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті қр қылмыстық құқығы (ерекше бөлім) пәнін оқыту бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар
- •Семинар сабақтарды өткізу бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар
- •Тапсырма№1
- •Тапсырма№2
- •Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өздік жұмысын өткізу бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар
- •Студенттердің өздік жұмысын өткізу бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар
- •Студенттер білімін бақылау және бағалау жүйесі
- •Қр қылмыстық құқық пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы
Пәннің мазмұны
КІРІСПЕ
Қылмыстык кұқықтын Жалпы бөлімін игергеннен кейін бағамның барлығын қисынды аяқтауга әкелетін қылмыстық кұкықтың Ерекше бөлімі оқылады
Қылмыстық құкыктың Ерекше бөлімін игерудін пәні болып нақты қылмыстың кұрамы және жасаған әрекет үшін жаза тағайындау табылады.
Қылмыстық құкықтын Ерекше бөлімінің басқа заң пәндерінің арасында мәні зор. Оның мәні: -жасаған әрекетті саралаудан; -нақты қылмыстардың белгілерін игеруден; -қылмыстардың аралас құрамдарының арасында айырмашылыгғын келтіруден; -қылмыстың саралану және ерекше саралану белгілерін көрсетуден; -қылмыс жасағаны үшін жазаның нақты түрі мен көлемін аныктаудан; -кейбір қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкіншіліктерін қарастырудан анықталады.
Қылмыстық кодекстердің Жалпы және Ерекше бөлімдерге бөлінуі 1810 жылы Францияның ҚК кабылдауынан басталды. Бұл көптеген елдерде кең таралды. Осы жолмен Қазақстан аумағында әрекет еткен 1922 жылғы РСФСР ҚК, 1926 жылғы РСФСР ҚК заң шығарушылары да жүрді. 1959 жылы қабылданған ҚазССР ҚК және 16 шілде 1997 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі де калыс қалған жок.
Қылмыстық заңнаманың Жалпы және Ерекше бөлімдерге бөлінуіне қарай, қылмыстық-құкықтық ғылымды да бүл бөлімдерге бөлу орын алды.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1-тақырып. Қылмыстық құқық Ерекше бөлімінін ұғымы, жүйесі және маңызы.
Қылмыстық құқық Ерекше бөлімінін үғымы. Онык даму тенденциясының негізгі кезендері. Қылмыстық кұкыктың Жалпы және Ерекше бөлімдерінің бірлігі.
Құкықтық мемлекет құру және нарыктық экономика жағдайындағы қылмыстық құқық Ерекше бөлімінін міндеттері. Қылмыстық саясатты жүзеге асырудағы Қазақстан Республикасының Конституциясы, Елбасының Қазақстан халкына жолдаулары «Қазақстан-2030», «Қазакстан жылдамдатылған экономикалык, әлеуметтік және саяси жаңарту жолдары» 18 ақпан 2005 ж. Қазақстан Республикасының құкық саясат концепциясы, 20 кыркүйек 2002 ж. ҚР Президентінің каулымен мақұлданған.
"ҚР ұлттық қауіпсіздігі туралы" ҚР Заңы және "Жемкорлықпен күрес туралы" ҚР
Заңы.
Қылмыстық кұкык Ерекше бөлімінің мәні. Қылмыстық заңнаманың Ерекше бөлімінің нормаларын қолданудағы ҚР ІІО-мен адамдардың, коғамның және мемлекеттін құқықтары мен заңды мүдделерін корғау.
Қылмыстық Кодекс Ерекше бөлімінің пәні, міндеті және жүйесі. Оны кұрудың және бағытын жетілдірудің кағидалары. ТМД елдерінің қылмыстық заңнамаларының Ерекше бөлімі жүйесіні» спецификасы.
Қылмыстың кейбір түрлеріне кылмыстық заннама. ҚР Жоғары Сотының нормативті түсініктемелерінің ҚР ІІО кұкық колдану қызметіндегі кылмыстың күресудегі мәні.
2-тақырып. Адамның жеке басына қарсы қылмыстыр.
ҚР Конституциясы адамның жеке басына кол сүғыл-маушылығын, азаматтарының құқықтары мен бостандыктарының кепілдігін камтамасыз ету туралы.
Адамның жеке басына карсы қылмыстардын ұғымы мен түрлері. Адамның жеке басына карсы жасалған кылмыс үшін жауапкершілік туралы қылмыстық заңнаманың құрылуы және дамуы.
Өмірге қарсы қылмыстар. Адам өлтірудің үғымы және түрлері. Ауырлататын мән-жайларда адам өлтіру. Жеңілдететін мән-жайларда адам өлтіру. Абайсызда қаза келтіру. Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу.
Денсаулыққа карсы қылмыстардың ұғымы және түрлері. Олардың әлеуметтік мінездемесі. Денсаулыққа зиян келтірудің ұғымы және түрлері. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру. Бұл қылмыстық ұғымы және түрлері.
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан әрекеттің адам өлтіруден айырмашылығы. Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру. Бұл қылмыстың түрлері. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру. Азаптау. Денсаулыққа жеңілдететін мән-жайларда зиян келтіру. Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру.
Азаматтардың өмірі мен денсаулығына кауіп төндіретін қылмыстар. Бұл қылмыстардың ұғымы мен түрлері, олардың адамның өмірі мен денсаулығына қарсы қылмыстардан айырмашылығы. Қорқыту. Медицина қызметкерінің, кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы. Соз ауруларын немесе адамның иммун тапшылығы вирусын / ВИЧ/ЖҚТБ / жұқтыруы, бұл қылмыстардың түрлері. Ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын немесе тінін алуға мәжбүр ету. Заңсыз аборт жасау. Бүл қылмыстық ұғымы мен түрлері. Науқасқа көмек көрсетпеу және қауіпті жағдайда қалдыру. Жауапкершіліктің келу шарттары.
Жыныстық қылмыстар. Жыныстық қылмыстардын ұғымы мен түрлері, олардың қылмыстық-құқылық мінездемесі. Зорлау. Бұл қылмыстын түрлері. Нәпсіқұмарлық сипатындағы күш қолдану. Он алты жасқа жетпеген адаммен жыныстық катынаста болу және нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер. Жас балаларды азғындату. Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсікұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттеріге мәжбүр ету.
Адамның бас бостандығына қарсы қылмыстар. Адамды ұрлау. Бас бостандығынан заңсыз айыру. Бұл қылмыстың түрлері. Психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру. Адамдарды пайдалану үшін азғырып көндіру.
Адамның жеке басының ар-ожданы мен қадір-касиетіне карсы қылмыстар. Жала жабу және оның түрлері. Қорлау және оның түрлері. Жала жабудың қорлаудан айырмашылығы.
3-тақырып. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар.
Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардын ұғымы. Бұл қылмыстырдың түрлері.
Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстырдың түрлері. Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту. Кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту. Кәмелетке толмағандарды саудаға салу. Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау. Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамассыз ету жөніндегі міндеттерді тиісенше орындамау.
Отбасына карсы қылмыстар. Баланы ауыстыру. Бала асырап алу құпиясын жария ету. Балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейі жалтару.
4-тақырып. Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар.
Адамның және азаматтың конституциялық және басқа да құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстардың ұғымы мен түрлері.
Азаматтардың конституциялық құкықтары мен бостандықтарына қол сұғатын қылмыстар. Азаматтардың тең құқықтылығын бұзу және жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу. Бұл қылмыстардың түрлері. Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу. Хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф хабарларының немесе өзге де хабарлар кұпиясын заңсыз бұзу. Дәрігерлік кұпияны жария ету. Ар-ождан және діни наным бостандығы кұкығын жүзеге асыруға кедергі жасау. Жиналыс, митинг, бой көрсету, шеру өткізуге, пикет жасауға немесе оларға қатысуға кедергі жасау.
Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандыктарына қарсы қылмыстар. Сайлау кұқығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергі жасау. Сайлау құжаттарын, референдум кұжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды қате есептеу. Қоғамдық бірлестіктердің қызметіне кедергі жасау.
Азаматтардың еңбектік құқыктары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар. Еңбек туралы заңдарды бұзу. Еңбекті қорғау ережелерін бұзу. Ереуілге қатысуға немесе ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу.
Журналистің заңды кәсіптік кызметіне кедергі жасау.
5-такырып. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар.
Бейбітшілік пен адамзат кауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың ұғымы және түрлері. Бұл қылмыстардың түрлері.
Бейбітшілікке қарсы қылмыстар. Басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу тұтандыру немесе жүргізу. Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және жария түрде шағыру. Әлеуметтік, ұлттық, рулык, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру.
Мемлекеттің кауіпсіздігіне қарсы қылмыстар. Жаппай қырып-жою қаруын өндіру немесе тарату. Геноцид. Экоцид. Жалдамалылық. Соғыс жүргізудің тиым салынған кұралдары мен әдістерін қолдану. Бұл қылмыстардың түрлері. Мемлекеттердің халықаралық қызметтесуіне қарсы қылмыстар. Халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау.
6-такырып. Мемлекеттің конституциялық қүрылыс негіздеріне және кауіпсіздігіне қарсы қылмыстар.
Мемлекеттің кұрылыс негіздерінің және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың үғымы және түрлері.
Конституциялық құрылыс негіздеріне қарсы қылмыстар. Мемлекеттік опасыздық. Шпионаж. Мемлекеттік немесе қоғам қайраткерінің өміріне қастандық жасау, өкіметті күшпен басып алу немесе өкіметті күшпен ұстап тұру. Қарулы бүлік. Қазақстан Республикасының конституциялық қүрылысын күшпен құлатуға немесе өзгертуге не оның аумақтық тұтастығын күшпен бұзуға шақыру.
Мемлекеттің кауіпсіздігіне карсы кылмыстар. Диверсия. Мемлекеттік кұпияларды зансыз алу, жария ету. Мемлекеттік кұпиялары бар кұжаттарды, заттарды жоғалту. Жұмылдыруга шакырудан жалтару.
7- тақырып. Меншікке қарсы қылмыстар.
Меншікке қарсы қылмыстардың ұғымы мен түрлері.
Талан-таражға салудың үғымы және оның түрлері. Талан-таражға салу затының белгілері.
Талан-таражға салудың нысандары. Қылмысты саралаудағы және жазаны тағайындаудағы талан-таражға салу нысаны мен түрлерінің мәні. Ұрлықтың, тонаудың қарақшылыктың ұғымы мен белгілері. Тонау мен қарақшылықтағы қорқыту мен жәбір көрсетудін мінездемесі. Алаяқтыктың ұғымы мен белгілері. Сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп алу немесе ысырап ету. Ерекше кұнды заттарды ұрлау. Материалды зардап, талан-таражға салуды бағалау барысындағы онын өлшемі. Бұл қылмыстардың саралану белгілері.
Талан-таражға салумен байланыссыз меншікке қарсы қылмыстар. Қорқытып алушылыктың ұғымы мен белгілері. Алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру. Кәрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату. Автомобильді немесе өзге де көлік кұралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену. Бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру. Бұл қол сұғушылықтардың саралану белгілері.
8-такырып. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың ұғымы мен түрлері.
Заңды кәсіпкерлік қызметке қарсы қылмыстар. Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау. Заңсыз кәсіпкерлік: ұғымы, жасалу нысаңы. Жалған кәсіпкерлік. Заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру: оның үғымы мен түрлері.
Банктік қызмет саласындағы қылмыстар. Банктік қызметтің ұғымы мен белгілері, несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану.
Экономика саласындағы қылмыстар. Жалған ақша немесе бағалы кағаздар жасау немесе сату, экономикалық контрабанда, тұтынушыларды алдау, заңсыз сыйақы алудын ұғымы мен белгілері. Бұл қылмыстардың саралану белгілері.
Салық және кеден заңдылықтары саласындағы қылмыстар. Бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу. Азаматтың салық төлеуден жалтаруы. Ұйымдарға төленетін салықты төлеуден жалтару. Бұл қолсұғушылықтардың түрлері. ҚР ІІМ бұл қылмыстармен күресудегі қызметі.
9-такырып. Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар.
Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстардың ұғымы.
Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстардың түрлері. Өкілеттіктерді теріс пайдалану. Жекеше нотариустардың және аудиторлардың өкілеттіктерді теріс пайдалануы. Жекеше күзет қызметі қызметшілерінің өкілеттіктерін асыра пайдалануы. Коммерциялық сатып алу. Міндеттеріне адал қарамау.
10-такырып. Қоғамның қауіпсіздігіне және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар.
Қоғамның қауіпсіздігіне және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың ұғымы мен түрлері.
Коғамның қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар. Терроризм. Терроризм насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру. Террористік топ кұру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу. Адамды кепілге алу. Ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық қауыдастықты (қылмыстық ұйымды) құру және оны басқару, қылмыстық қауымдастыққа қатысу. Заңсыз әскерилендірілген құраманы ұйымдастыру. Бандитизм. Үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын басып алу. Әуе немесе су көлігін не жылжымалы темір жол составын айдап әкету, сонымен бірдей қолға түсіру. Жаппай тәртіпсіздіктер. Бұл қылмыстардың саралану белгілері. Бұл қылмыстармен күресудегі ҚР ІІО кызметі.
Қауіпсіздік ережелерін бұзумен байланысты коғамның қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар. Атом энергетикасы объектілерінде қауіпсіздік ережелерін бұзу. Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу. Жарылыс каупі бар объектілерде қауіпсіздік ережелерін бұзу.
Жалпыға қауіпті заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзумен байланысты коғамның қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар. Радиоактивті материалдармен заңсыз жұмыс істеу. Айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы. Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жару кұрылғыларын заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру. Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жару кұрылғыларын ұрлау не қорқытып алу. Аталған қылмыстардың саралану белгілері. Бұл әрекеттермен күресудегі ҚР ІІО құкық қолдану кызметі.
Қоғамның қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар. Бұзақылықтың ұғымы мен белгілері. Тағылық. Тағылықтың бұзақылықтан айырмашылығы.
11-такырып. Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар.
Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстардын ұғымы мен түрлері.
Есірткі нәрселердің заңсыз айналысымен байланысты қылмыстар. Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу. Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлау не қорқытып алу. Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтыну үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау. Бұл қылмыстармен күресудегі ҚР ІІО қызметі.
Адамгершілікке қарсы қылмыстар. Жөзекшелікпен айналысуға тарту. Жөзекшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлык. Қатыгездік пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды заңсыз тарату, өлгендердің мәйіттерін және олар жерленген жерлерді қорлау: ұғымы, жасау нысандары.
12-гақырып. Экологиялық қылмыстар.
Экологиялық қылмыстардың ұғымы мен түрлері.
Экологиялық талаптарды бұзумен байланысқан қол сұғушылықтар. Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы. Ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде экологиялық талаптарды бұзу. Микробиологиялық немесе басқа биологиялық агенттермен немесе улы заттармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу.
Тірі емес табиғатты қорғау ережелеріне қол сұғатын қылмыстар. Суларды ластау, бітеу және сарқудын ұғымы мен белгілері. Атмосфераны ластау. Теңіз аясын ластау. Қазақстан Республикасының құрлыктық шельфі туралы және Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағы туралы заңдардын бұзылуы. Жерді бүлдіру. Жер қойнауын қорғау жэне пайдалану ережелерін бүзу. Бұл кылмыстардың саралану белгілері.
Тірі табиғатты корғау ережелеріне қол сұғатын қылмыстар. Су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу. Заңсыз аңшылық. Жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзу. Жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз іс-әрекеттер. Ағаштар мен бұталар заңсыз кесу. Ормандарды жою немесе зақымдау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимінің бұзылуы. Экологиялық ластау зардаптарын жою жөнінде шара қолданбау.
13-такырып. Көліктегі қылмыстар.
Көліктегі қылмыстардың ұғымы мен түрлері.
Темір жол, әуе немесе су көлігі қозғалысы мен оларды пайдалану кауіпсіздігінің ережелерін бұзу. Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу. Бұл қылмыстардын саралану белгілері. Жол-көлік оқиғасы болған орыннан кетіп калу. Көлік қүралдарын сапасыз жөндеу және оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару, мас күйіндегі адамды көлік кұралын жүргізуге жіберу: ұғымы мен түрлері. Көлікте қолданылатын ережелерді бұзу.
Көлікте қолданылатын ережелерді бұзу. Ұшудың халықаралық ережелерін бұзу.
14-тақырып. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар.
Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстардын ұғымы мен түрлері.
Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану. Билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану. Лауазымды адамның өкілеттігін иемдену. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу. Пара алудың, пара берудің, парақорлыққа делдал болудың ұғымы мен белгілері. Қызметтік жалғандық жасау. Қызметтегі әрекетсіздік: бұл қылмыстың түрлері. Салақтык. Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстармен күресудегі ҚР ІІО құкыққолдану қызметі.
15- тақырып. Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар.
Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың ұғымы мен түрлері.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын, Мемлекеттік елтаңбасын немесе Мемлекеттік гимнін қорлау. ҚР Президентінің ар-ұжданы мен қадір-қасиеттіне қол сұғу және оның қызметіне кедергі жасаудың үғымы мен белгілері. Өкімет өкіліне қатысты күш қолдану. Жауапты мемлекеттік лауазымды иеленуші лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәлеметтерді жария ету. Бұл колсұғушылықтардың саралану белгілері.
Құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді үрлау немесе бүлдіру. Өзінше билік ету.
Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын үкімет өкілінің немесе лауазымды адамның атағын өз бетінше иелену. ҚР-ның күзетілетін Мемлекеттік шекарасын кұқыққа қарсы өзгерту.
16-тақырып. Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар.
Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстардың ұғымы және түрлері.
Сот төрелігі органдарындағы лауазымды адамдармен жасалатын, сот төрелігіне қарсы қылмыстар. Кәрінеу кінәсіз адамды қылмыстық жауаптылыққа тартудың ұғымы мен белгілері. Кәрінеу заңсыз ұстау, қамауға алу немесе қамауда ұстау. Жауап беруге мәжбүр ету. Кәрінеу әділетсіз сот үкімін, шешімін немесе өзгедей сот актісін шығару.
Басқа да адамдармен жасалатын сот төрелігіне қарсы қылмыстар. Сот төрелігін жүзеге асыруға немесе алдын-ала тергеу жүргізуге байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері: және оның түрлері. Сот төрелігін немесе алдын-ала тергеуді жүзеге асырушы адамның өміріне қол сұғу. Кәрінеу жалған сөз жеткізу: жасау нысандары. Қылмысты жасыру және қылмыс туралы хабарламау.
Жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар. Бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқындаудан немесе камаудан қашу: ұғымы және түрлері. Қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің талаптарына қасақана бағынбау. Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау.
17-іакырып. Әскери қылмыстар.
Әскери қылмыстардың ұғымы және түрлері. Олардың әлеуметтік мінездемесі. Жарғылық ережелері және бағыныштылық қатынастар тәртібіне қарсы қылмыстар. Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамаудың ұғымы және түрлері. Бастыққа қарсылық көрсету немесе оның қызметтік міндеттерін бұзұға мәжбүр ету. Бастыққа қатысты күш колдану іс-әрекеттері. Бір-бірінің арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін бұзу. Әскери қызметшіге тіл тигізу.
Арнайы қызмет атқару тәртібіне қарсы қылмыстар. Шекаралық қызмет атқарудың ережелерін бұзу. Қарауыл /вахта/ қызметін атқарудың жарғылық ережелерін бұзу. Ішкі қызмет атқарудың және гарнизонда патруль болудың жарғылық ережелерін бұзу. Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамассыз ету бойынша қызмет атқарудың ережелерін бұзу. Бұл қылмыстардың саралану белгілері.
Әскери сипаттағы кұпия мәліметтерді сақтауға қарсы қылмыстар. Әскери сипаттағы кұпия мәліметтерді жария ету немесе әскери сипаттағы құпия мәліметтері бар құжаттарды жоғалту. Оның саралану белгілері. Бұл кылмыстың мемлекеттік опасыздықтан, сонымен қатар мемлекеттік құпияларды заңсыз алу немесе жария етуден айырмашылығы.
Әскери мүлікті пайдалану тәртібіне қарсы қылмыстар. Олардың ұғымы, түрлері және меншікке қарсы қылмыстардан айырмашылығы. Әскери мүлікті қасақана кұрту немесе бүлдіру. Әскери мүлікті абайсызда кұрту немесе бүлдіру. Әскери мүлікті жоғалту. Айналадағыларға қауіп туғызатын қару-жарақты, сондай-ақ заттар мен нәрселерді ұстау ережелерін бұзу.
Әскери жүргізу кұралдарын жүргізу және пайдалану тәртібіне қарсы қылмыстар. Машиналарды жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу. Ұшу немесе оған даярлану ережелерін бұзу. Кеме жүргізу ережелерін бұзу. Олардың көліктегі қылмыстардан айырмашылыгы.
Семинар (тәжірибе) сабактарының тақырыптарының үлгі тізімі
1. Жеке адамға қарсы қылмыс.
2. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар.
3. Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар.
4. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар.
5. Мемлекеттің конституциялық кұрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар.
6. Меншікке қарсы қылмыстар.
7. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар.
8. Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар.
9. Қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар.
10. Халықтың денсаулығына және адамгершілігіне қарсы қылмыстар.
11. Экологиялық қылмыстар.
12. Көліктегі қылмыстар.
13. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар.
14. Басқару тәртібіне қарсы қылмыс.
15. Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар.
16. Әскери қылмыстар.
Курстық жұмыстардың үлгі тақырыпнамасы
1. Ауыр жағдайдағы қасақана кісі өлтіру.
2. Жеңіл жағдайдағы қасақана кісі өлтіру
3. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру.
4. Денсаулыққа қасакана ауыр зиян келтіру.
5. Денсаулыққа қасакана орташа ауырлықтағы зиян келтіру.
6. Зорлау.
7. Адамды ұрлау.
8. Заңсыз бас бостандығынан айыру.
8. Жала жабу.
9. Қорлау.
10. Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту.
11. Азаматтардың тең кұқықтылығын бұзу.
12. Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу.
13. Еңбек туралы заңдарды бұзу.
14. Ұрлык.
15. Сеніп тапырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету.
16. Алаяқтық.
17. Тонау.
18. ұрып-соғу.
19. Қорқытып алушылық.
20. Алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру.
21. Көрінеу қылмыстық жолмен табылқан мүлікті сатып алу немесе сату.
22. Автомобильді немесе өзге де көлік қуралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену.
23. Бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру.
24. Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау.
25. Заңсыз кәсіпкерлік.
26. Заңсыз банктік қызмет.
27. Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату.
28. Экономикалық контрабанда.
29. Тұтынушыларды алдау.
30. Заңсыз сыйақы алу.
31. Өкілеттіктерді теріс пайдалану.
32. Коммерциялық сатып алу.
33. Терроризм.
34. Адамды кепілге алу.
35. Ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) кұру және оны басқару, қылмыстық қоғамдастыққа қатысу.
36. Бандитизм.
37. Қаруды, ок-дәріні, жарылғыш заттарды немесе жару кұрылғыларын күзету жөніндегі міндеттерді тиісінше атқармау.
38. Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жару құрылғыларын заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру.
39. Каруды, ок-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жару кұрылғыларын ұрлау не қорқытып алу.
40. Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайыңдау, немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайыңдау, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату.
41. Бұзақылық.
42. Суларды ластау, бітеу және сарқу.
43. Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлау не қорқытып алу.
44. Атмосфераны ластау.
45. Жерді бүлдіру.
46. Су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу.
47. Заңсыз аңшылық.
48. Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік кұралдарын пайдалану ережелерін бұзуы.
49. Пара алу.
50. Билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану.
51. Пара беру.
52. Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану.
53. Жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді, мөрқағаздарды, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу.
54. Өзінше билік ету.
55. Көрінеу заңсыз ұстау, камауға алу немесе қамауда ұстау.
56. Жауап беруге мәжбүр ету.
57. Қинау.
58. Мемлекеттік опасыздық.
59. Мемлекеттік құпияларды заңсыз алу, жария ету.
Баска сабак гарды н түрлері
1. Семинар - диспут.
2. Семинар - конференция.
3. Дөңгелек стол.
4. Рефераттарды дайындау.
5. Баяндамаларды дайындау.
6. Коллоквиумдар.
7. Жарыстыру әдістері.
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 ж. (8.10.98 ж. өзгерістермен).
2. Қазақстан Республикасының Кылмыстык кодексі 1997 ж. (енгізілген өзгерістермен толықтырулармен).
3. Елбасының Қазақстан халқына жолдауы - «Қазақстан-2030» 16 Қазан 1997 жыл.
4. Елбасының Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан жылдамдатылған экономикалык, әлеуметтік және саяси жаңарту жолдары» 18 ақпан 2005 ж .
5. Қазақстан Республикасының кұкық саясат концепциясы, 20 қыркүйек 2002 ж. ҚР Президентінің қаулымен мақұлданған.
6. Ағыбаев А.Н., Баймурзин Г.Ы. Программа по уголовному праву. - Алматы, 1998.
7. Борчашвили И.Ш., Рахимжанова Т.К. "Уголовное право Республики Казахстан. Особенная часть" (учебно-методическое пособие). - Караганда, 1998 г.
8. Курс советского уголовного права. - М., 1970, т. 1 -6.
9. Курс советского уголовного права. - Л., 1968 - 1981, т.1-5.
10. Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан /Отв. редакторы: Чл.-корр. АЕН РК, д.ю.н., профессор Борчашвили И.Ш., к.ю.н., доцент Рахимжанова Г.К. - Караганда, РЕК ПО "Полиграфия", 1999.
11. Комментарий к изменениям и дополнениям в Уголовный кодекс РК/ Отв. редактор: чл.-корр. АЕН РК, д.ю.н., профессор Борчашвили И.Ш. -Караганда, 2000.
12. Комментарий к изменениям и дополнениям в Уголовный кодекс Республики Казахстан и Уголовно-исполнительный кодекс Республики Казахстан/ Под ред. И.Ш. Борчашвили, ММ. Оразалиева - Караганда: Кар. ЮИ МВД РК им. Б. Бейсенова, 2003.
13. Правила судебно-медицинской оценки тяжести вреда здоровью. Приказ №240 от 4 мая 1998 г. //Бюллетень Следственного департамента МВД РК. Астана. 1998 г. № 2.
14. Сборник Постановлений Пленума Верховного суда Республики Казахстан (1992 -2004). - Алматы, 2005.
15. Уголовное право Казахстана (Особенная часть). Ч. 1-2. Под ред. И.Ш.Борчашвили., С.М.Рахметова. Алматы. 1999 - 2000 г.г.
16. Уголовное право Казахстана (Особенная часть). Учебник для ВУЗов/ под редакцией д.ю.н., профессора И.И. Рогова и к.ю.н., профессора СМ. Рахметова -Алматы, ТОО «Баспа», 2001.
17. Уголовное право Республики Казахстан. Особенная часть. Учебное пособие: В 2-х т. / Под ред. И.Ш. Борчашвили, М.М. Оразалиева. - Караганда: Кар.ЮИ МВД РК им. Б.Бейсенова, 2002 г.
18. Уголовное право России. Особенная часть: Учебник/Отв. ред. д.ю.н., проф. Б.В. Здравомыслов. - М.: Юрист, 1996.
19. Уголовное право Российской Федерации. Особенная часть: Учебник / Под ред. Г.Н. Борзенкова и B.C. Комиссарова. - М.: Олимп; ООО «Издательство АСТ», 1997.
20. Уголовное право. Особенная часть. Учебник для вузов. - М.: Издательсткая группа ИНФРА. М- НОРМА, 1998.
21. Уголовное право. История юридической науки. - М., 1978
ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ АВТОРЛАРЫ
М.С. Нэрікбаев - заң ғылымдарынын докторы, Қазақ гуманитарлык-заң университетінің профессоры (жетекші);
А.Н. Ағыбаев - заң ғылымдарынын докторы, эл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры;
И.Ш. Борчашвили - заң ғылымдарының докторы, ҚР КҒА академигі, ҚРІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтының профессоры; Г.Ы. Баймурзин - заң ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры;
Б.М. Құрманбаев - Қазакстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің кадрлык жұмыс Департаментінін Оқу орындары басқармасының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, доценті.
ТИПОВАЯ УЧЕБНАЯ ПРОГРАММА
(Образование высшее профессиональное)
УГОЛОВНОЕ ПРАВО РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН (ОСОБЕННАЯ ЧАСТЬ)
по специальности бакалавриата 050301 «Юриспруденция»
135 (31 объём часов(кредитов)
Министерство образования и науки Республики Казахстан
Астана 2006
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҮЛГІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҒЫ
( ЕРЕКШЕ БӨЛІМ)
мамандығы: «5В030300 – Құқық қорғау қызметі»
(3/135)
Алғы сөз
1. «Құкық» мамандықтар тобы бойынша оқу-әдістемелік секциясымен ДАЙЫНДАЛҒАН ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛГЕН.
2. Республикалық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру оқу-әдістемелік кеңесінің 2006 жылдың 22-маусымындағы хаттамалық шешімімен БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ КҮШІНЕ ЕНП31ЛГЕН.
3. АЛҒАШҚЫ PET ЕНГІЗІЛГЕН.
4. Типтік оку бағдарламасы 050301 «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес дайындалған.
Бұл типтік бағдарлама «Құқық» мамандыктар тобы бойынша оқу-әдістемелік секциясының рұқсатынсыз көбейтіле және таратыла алмайды.
