- •050301- «Заңтану» бакалавриат мамандығы бойынша
- •3. Алғашқы pet енгізілген.
- •Пәннің мазмұны
- •Мазмұны
- •Тема 17. Әскери қылмыстар.........…………………………...........…………...24
- •111. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі............………....………………………..29
- •Тақырыптық жоспар
- •Пәннің мазмұны
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы
- •1. Пәннің мақсаты мен міндеттері, оның оқу процесіндегі орны
- •2. Пәннің мазмұнының деңгейіне талаптар:
- •3. Пәннің негізгі мазмұны
- •2. Пәннің мазмұны
- •2.1 Дәрістер
- •2.Семинар сабақатары
- •2.3 Жеке оқуға ұсынылатын тақырыптар (ожсөж, сөж)
- •3. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі.
- •3. Пәннің постреквизиттері:
- •4. Пәннің қысқаша сипаттамасы
- •6.Пәннің мазмұны
- •9. Курстың саясаты мен рәсімдері Оқуда студенттерге қойылатын талаптар
- •Глосарий
- •Қазақстан республикасының қылмыстық құқығы пәні бойынша дәрістер конспектісі
- •2 Азаматтардың тең құқықтылығын бұзу (141-бап)
- •3 Адамның және азаматтың әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар
- •4 Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу (142-бап)
- •3 Адамзатқа қарсы қылмыстар Геноцид (160-бап)
- •4 Мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
- •2 Бөтеннің мүлкін талан-таражға салудың түсінігі
- •3 Талан-тараж белгілері жоқ, меншікке қарсы пайдакүнемдік қылмыстар
- •4 Меншікке қарсы пайдакүнемдік емес қылмыстар
- •2 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың нақты түрлері
- •2 Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың түрлері
- •3 Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың нақты түрлері
- •2 Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстар
- •3 Адамгершілікке қарсы қылмыстар
- •2 Суды және атмосфераны тиімді пайдалануға және қорғауға қол сұғатын қылмыстар
- •3 Жерді, құрлықтық шельф, жер қойнауын қорғау және тимді пайдалануға қол сұғатын қылмыстар
- •4 Жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау және пайдалану ережелеріне қарсы қылмыстар
- •5 Ерекше табиғи-биологиялық түрдегі дүниелерді қорғау ережелеріне қарсы қылмыстар
- •1 Көліктегі қылмыстардың жалпы сипаттамасы
- •2 Көліктегі қылмыстардың жеке құрамдары
- •12.2 Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстардың жекелеген құрамдары
- •1 Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
- •2 Мемлекеттік органдарды басқару әрекетіне байланысты өкімет өкілдері мен басқа адамдарға қарсы қылмыстар
- •3 Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының мызғымастығына қол сұғатын және Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне қарсы қылмыстар
- •4 Ресми құжаттар мен мемлекеттік наградалардың айналым тәртібіне қарсы қылмыстар
- •2 Сот әділдігін жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының жасайтын қылмыстары
- •3 Заң бойынша сот әділдігін жүзеге асыруға көмек беруге шақырылған адамдардың жасайтын қылмыстары
- •1 Әскери қылмыстардың түсінігі және жалпы сипаттамасы
- •2 Бағыныштылық тәртібіне және әскери қызметшілердің жарғылық ережелерге сай қарым-қатынасына қол сұғатын қылмыстар
- •3 Әскери қызметті өтеу тәртібіне қарсы қылмыстар
- •4 Әскери кезекшілікке және басқа да арнаулы қызмет тәртібіне қарсы қылмыстар
- •Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті қр қылмыстық құқығы (ерекше бөлім) пәнін оқыту бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар
- •Семинар сабақтарды өткізу бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар
- •Тапсырма№1
- •Тапсырма№2
- •Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өздік жұмысын өткізу бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар
- •Студенттердің өздік жұмысын өткізу бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар
- •Студенттер білімін бақылау және бағалау жүйесі
- •Қр қылмыстық құқық пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы
Семинар сабақтарды өткізу бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар
Семинар сабағы №1
Тақырып. Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің түсінігі, маңызы және жүйелері.
Семинар мақсаты: Қылмыстық құқық Ерекше бөлімінің мәнін, қылмыстық заңнаманың Ерекше бөлімінің нормаларын ҚР ІІО-мен адамдардың, қоғамның және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды оқып – зерттеу.
Тапсырмалар:
1. Тақырып мазмұнын барлық сұрақтармен ашу.
2. Осы тақырып бойынша слайд дайындау.
Семинар сабақтарды өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар:
Студент семинарға дайындық алдында қажетті әдебиеттер және нормативтік актілермен танысу керек. Одан кейін, сұрақтарды мұқият оқып шығып әдебиеттерді саралау керек. Тапсырмаларды толық және уақтылы семинар сабағында ашып оқытушыға өткізу керек.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің түсінігі, маңызы және жүйелері.
Қылмысты саралаудың ғылыми негізі.
Есеп беру нысаны: семинар дәптеріндегі конспект.
Семинар сабағы №2
Тақырып. Жеке адамға қарсы қылмыстар.
Семинар мақсаты: Адамның жеке басына қарсы қылмыстардың ұғымы мен түрлерін және жеке басына қарсы жасалған қылмыс үшін жауапкершілік туралы қылмыстық заңнаманың құрылуы және дамуын түсіндіру. Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қылмыстардың, адамдардың бас бостандығына қарсы қылмыстардың, адамның жеке басының ар-ожданы мен қадір қасиетіне қарсы қылмыстардың ұғымы мен түрлерін оқып - зерттеу.
Тапсырмалар:
Тапсырма№1
Сивиков қонақта отырып, едәуір ішімдік ішкен соң, есік алдына темекі шегуге шығады. Ол сол жерде алты жасар қызды көріп, оны зорлауға ұйғарады. Оны алдап жақын арадағы бақтың ішіне апарады. Ол қызды зорлап болған соң, бірнеше рет басынан таспен ұрады. Одан кейін, бір кішкене жер қазып, сонда қыздың денесін салады да, оны топырақпен, құрғақ жапырақтармен және бұталармен көміп тастайды да, қашып кетеді. Біраз уақыттан соң қыз бала есін жиып, шұңқырдан шығып жолға дейін жетеді де, сол жерде өтіп бара жатқан машинамен ауруханаға дейін жеткізіледі.
Сивиковтың іс-әрекетін саралаңдар.
Қылмысты саралауға, қылмыстың субъективтік жағының қандай маңызы бар екенін анықтаңдар?
Тапсырма№2
Данилова кешке өте жайырақ үйіне қайтып бара жатып жеке меншік көлікті тоқтады, оның ішінде екі спорттық дене бітімдегі жігіттер отырады. Данилова оларға үйіне дейін апарып тастауын сұрайды. Жолда келе жатқанда Данилова екі жігіттің ішіп алғанын сезеді. Машина Данилова берген адрес бойынша жеткенде, ол кешірім сұрап ақшасы жетпей тұрғанын айтады да, үйге ақшаға барып келуге рұқсат сұрайды. Жігіттер оның өтінішіне өрескел жауап береді. Біреуі Данилованың қолындағы неке сақинасын көріп оны шешіп алады. Екіншісі қалтасынан ашпалы пышағын алып оны Даниловаға кеңірдегіне тіреп қояды да, шешін деп бұйрық береді. Данилова бой бермегендіктен, ол күш қолданып табиғи түрдегі емес жыныстық қатынасқа түседі, содан кейін екіншісіде онымен жыныстық қатынасқа түседі. Содан соң Данилованы машинадан лақтырып кетеді.
Үйге келіп Данилова болған жайды күйеуіне айтып береді, ол терезеге қарап машинаның қарға батып қалғанын көреді. Данилованың күйеуі балғаны алып далаға жүгіріп шығады да, олардың машиналарынан ұра бастайды. Біреуі машинадан шыққан кезде Данилованың күйеуі оны балғамен басынан ұрады. Екіншісі досына көмектесейін деп есікті аша бергенде Данилов оны бетінен және басынан балғамен ұрады. Содан соң Данилов бірнеше рет ұрады. Біраз тынышталғаннан кейін балғаны жерге тастап, жедел жәрдем шақыруға кетеді.
Зорлағандардың біреуі бас сүйек пен ми жарақатынан қайтыс болады.
Даниловтың іс-әрекетін саралаңдар.
Даниловтың іс-әрекеті кісі өлтірудің қай түріне жатады.
Семинар сабақтарды өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар:
Студент семинарға дайындық алдында қажетті әдебиеттер және нормативтік актілермен танысу керек. Одан кейін, сұрақтарды мұқият оқып шығып әдебиеттерді саралау керек. Тапсырмаларды толық және уақтылы семинар сабағында ашып оқытушыға өткізу керек.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Өмірге қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы. Кісі өлтірудің түсінігі.
Адам өлтірудің негізгі құрамы және ауырлататын мән-жайдағы құрамдары.
Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері.
Жыныстық қылмыстар.
Есеп беру нысаны: семинар дәптеріндегі конспект.
Семинар сабағы №3
Тақырып. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар
Семинар мақсаты: Отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың ұғымы мен түрлерін, оларды қылмыстық іске тарту, саудаға салу, балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін оқытып-зерттеу..
Тапсырмалар:
Тапсырма №1
Нуриков бас еркінен айыру орнынан босап келісімен, өзінің таныстарын пәтеріне жинайды. Олар арақ ішіп әртүрлі «блатной» өлеңдер айтатын. Нуриковтың көршілері полиция органдарына қоғамдық тәртіптің бұзылуы жөнінде арызданған. Нуриковтың үйіне келген полиция қызметкерлер, 10-13 жастағы жас өспірімдерді арақ ішкен мас күйлерінде ұстаған. Содан соң балалар Нуриковтың үйінде арақ ішкендерін мойындаған.
Нуриковтың әрекетін қалай саралауға болады?
Тапсырма №2
Алматы қаласының орта мектебінің әке-шешелерінен Прокуратураға Кузеев деген азаматтың үстінен оның оқытушыларға қатыгез қарағаны үшін арыз түседі. Тексеріс барысында анықталғандай Кузеев сол мектептің сурет пәнінен сабақ беретін мұғалім бола тұра, жазғы демалыс кезінде еңбек жене демалыс лагерінің тәрбиешісі болып істегені анықталады. Оның отрядында 7 ден 9 жас аралығындағы балалар болған. Жазғы лагердің ашылғанынан 2 жұма өткеннен кейін балалардың әке-шешелері олардың мінез құлықтарында жүйкелери бұзылып, олардың бет-пішіндері ауру көрініп және олардың арықтап кеткендерін көреді. Табандап балаларды сұрастырған кезде олар тәрбиеші Кузеевтың қатыгез қараумен ұштасқанын айтып: егер балалардың біреуі түскі тағамдарын ішпесе, ұйықтау уақытында ұйықтамасанемесе тентектік жасаса, ол баланы Кузеев 100 рет отырып тұрғызып және мектеп футбол алаңын 3 ретжүгіртіп жазалайтын, жәнеде қосымша еден менәжетхананы жуғызатын, мұндай әрекет оларды мықты және төзімді қылдырады деп айтатын.
Азамат Кузеевтің іс-әрекеті қандай қылмыстық құрамын жасайды?
Оның іс-әрекетін саралаңдар.
Семинар сабақтарды өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар:
Студент семинарға дайындық алдында қажетті әдебиеттер және нормативтік актілермен танысу керек. Одан кейін, сұрақтарды мұқият оқып шығып әдебиеттерді саралау керек. Тапсырмаларды толық және уақтылы семинар сабағында ашып оқытушыға өткізу керек.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.
2. Отбасына қарсы қылмыстардың жеке құрамдары.
3. Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жеке құрамдары.
Есеп беру нысаны: семинар дәптеріндегі конспект.
Семинар сабағы №4
Тақырып. Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар.
Семинар мақсаты: Тапсырманың мақсаты және мазмұны: Адамның және азматтартың конституциялық және басқа да құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстардың ұғымы мен түрлерін, азаматтардың конституциялық, саяси, еңбектік құқықтары мен бостандықтарына қол сұғатын қылмыстарды оқытып- зерттеу.
Тапсырмалар:
Тапсырма №1
«Азия» ЖПК төрағасы Мырзабаев өз бетімен ешкімнің рұқсатынсыз, демалысқа кетіп қалған көршілерінің есігін бұзып кірген, олардың асханаларындағы шамдарын өшірмей кеткендігін сылтау етеді.
Жеке меншік пәтерлер кооперативі төрағасы өзі қызмет ететин аумақта тұрғын үйлеріне өз бетімен кіре ала ма?
Тұрғын үйге қол сұқпаушылықты бұзуды қалай түсінесіңдер?
Тапсырма №2
Каскелең ауданында сайлау болатын кезде электр станциясының бастығы Шырақбаев ұсынылған кандидаттарға наразылық ретінде, №6 сайлау учаскесінің электр кернеуін өшіріп тастайды. Жарық өшкеніне қарамастан сайлау өтеді.
Сайлау барысына жарықтың өшкені сайлаушылар комиссияының жұмысына зиянын келтірмесе, Шырақбаев жазаға тартыла ма?
ҚР ҚК 146 бабы қарастырылған қылмыстың обьективтік жағын ашып көсетіңдер.
Семинар сабақтарды өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар:
Студент семинарға дайындық алдында қажетті әдебиеттер және нормативтік актілермен танысу керек. Одан кейін, сұрақтарды мұқият оқып шығып әдебиеттерді саралау керек. Тапсырмаларды толық және уақтылы семинар сабағында ашып оқытушыға өткізу керек.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстардың түсінігі және түрлері.
Саяси құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар.
Адамның және азаматтың әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар.
Жеке құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар.
Есеп беру нысаны: семинар дәптеріндегі конспект.
Семинар сабағы №5
Тақырып. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар. Мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар.
Семинар мақсаты: Мемлекеттің құрылыс негіздерінің және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың ұғымы мен түрлерін, конституциялық құрылыс негіздеріне және мемлекеттік қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарды оқып-зерттеу.
Тапсырмалар:
Тапсырма №1
Ақылбаев аға қызметкер болып микробиолгия институтында істеген мерзімде бірнеше жыл бойы жүйкеге әсер ететін қару жасап шығармақшы болады. Ол қару әр адамның тұқым кодына байланысты зиянын келтіруші еді. Ақылбаевтың іс-әрекет жоспары бойынша, ол қаруды қолданған кезінде туғаннан ақыл ойынан адасқан адамдардың жойылуы керек еді.
Оның жасаған ісінің қылмыстық-құқықтық бағасын беріңдер.
Нұсқалар: арнайы құзыретті биологтар жүргізген кешенді-тексеру барысында, Ақылбаевтың әзірлеген қаруы жүйкеге әсер ететін қару ретінде қолданылмайтындығы анықталған.
Тапсырма №2
Көлік және қатынас министірлігінің қызметкерлері ¤сербаев және Метлов автобуста келе жатып, геодезиялық және топографиялық жұмыстың нәтижелері туралы әңгімелесіп келеді.Ол әңгімелерінің құпиялық маңызы болған. Олармен бірге автобус ішінде үш зейнеткер және бір жас бала болған, бірақ олар сөздерін естісе де ештеңе ұға алмайды.
¤сербаев және Метловтың іс-әрекеттерін саралаңдар.
Нұсқа. Қылмысты саралау өзгереме егер: Жолаушыларға олардың мемлекеттік құпия жөнінде әңгімелесіп келе жатқандары туралы белгілі болса.
Егер жолаушылардың біреуі шет елінің тыңшысы болып, олардың сөзін магнитофонға жазып алса.
Семинар сабақтарды өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар:
Студент семинарға дайындық алдында қажетті әдебиеттер және нормативтік актілермен танысу керек. Одан кейін, сұрақтарды мұқият оқып шығып әдебиеттерді саралау керек. Тапсырмаларды толық және уақтылы семинар сабағында ашып оқытушыға өткізу керек.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері.
Бейбітшілікке қарсы қылмыстар.
Соғыс қылмыстары.
Адамзатқа қарсы қылмыстар.
Әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылдықты насихаттауға немесе үгіттеуге жол бермеу жөніндегі конституциялық принципке қол сұғу қылмыстары..
6.Мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарға жалпы сипаттама.
ҚР-ның сыртқы қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар.
ҚР-ның саяси жүйесіне қарсы қылмыстар.
ҚР-ның экономикалық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне қарсы қылмыстар.
Мемлекет құпиясын сақтауға қол сұғатын қылмыстар.
Есеп беру нысаны: семинар дәптеріндегі конспект.
Семинар сабағы №6
Тақырып. Меншікке қарсы қылмыстар.
Семинар мақсаты: Меншікке қарсы қылмыстардың ұғымы мен түрлерін, талан- таражға салудың ұғымын, түрлерін, нысандарын, белгілерін оқып-зерттеу.
Тапсырмалар:
Тапсырма №1
Аубакиров «Макаров» пистолетінің макетін сатып алып, онымен коммерциялық киоскінің сатушысын қорқытып, оған жиналған ақшасын беруін бұйырады. Сатушы оның пистолетінің түрін шын көріп барлығы 16578 тенге ақшасын бере салады.
Аубакировтың іс-әрекетін қалай саралау керек.
Тапсырма №2
Бекбатыров пышақпен қаруланып зейнеткер Низамединованың үйіне кіріп, оны түпкі бөлмесіне қамап, өзі 25567 тенге ақшасымен қолға ұстауға болатын мүліктерін алып кетеді.Тергеу барысында Бекбатыровтың пышақпен ешкімді қорқытпай, оны тек ұсталынған кезінде қарсылық көрсету үшін алғаны анықталады.Жәбірленушінің айтқан сөзі бойынша Бекбатыров оны пышақпен қорқытпаған екен.
Бекбатыорвтың іс-әрекетін қалай саралау керек?
Тонау мен қарақшылықтың айырмашылығы қандай?
Семинар сабақтарды өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар:
Студент семинарға дайындық алдында қажетті әдебиеттер және нормативтік актілермен танысу керек. Одан кейін, сұрақтарды мұқият оқып шығып әдебиеттерді саралау керек. Тапсырмаларды толық және уақтылы семинар сабағында ашып оқытушыға өткізу керек.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Меншікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері.
Бөтеннің мүлкін талан-таражға салудың түсінігі.
Талан-тараждың нысандары.
Талан-тараждың түрлері.
Талан-тараж белгілері жоқ, меншікке қарсы пайдакүнемдік қылмыстар.
Меншікке қарсы пайдакүнемдік емес қылмыстар.
Есеп беру нысаны: семинар дәптеріндегі конспект.
Семинар сабағы №7
Тақырып. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар. Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар.
Семинар мақсаты: Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың ұғымы мен түрлерін, заңды кәсіпкерлік, банктік қызмет саласындағы, экономика саласындағы, салық және кеден заңдылықтары саласындағы қылмыстарды оқып-зерттеу.
Тапсырмалар:
Тапсырма №1
Исламов заңды түрде ЖШС «Алтын» Коммерциялық фирмасын ашып оны тіркеуге қояды. Сонан соң Исламов «Инвест» банкінен 820 мың теңге несие алған кезінде «Ильяс» ашық Акционерлік қоғамы кепілдік ретінде болған. 235 мың теңге тұратын Исламвтың үйі банкте аманат болып қалады. Исламов несие алып жасырынып қалады.
Исламовтың іс-әрекетін қалай бағалау керек ?
ҚР ҚК 194 бабы қарастыратын қылмысты сипаттаңдар.
Тапсырма №2
ЖҚС «Возрождение» құрылтайшы құжаттары бойынша косметикалық бұйымдарды сатумен айналысады.Бірақ салық полциясы қоймаларын тексеру барысында онда көп партиялы есірткі заттарын табады. «Возрождение» бір жыл бойы есіртқи заттарын заңсыз дайындап, иемденіп, сақтап және сатумен айналысатыны анықталады.
Семинар сабақтарды өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар:
Студент семинарға дайындық алдында қажетті әдебиеттер және нормативтік актілермен танысу керек. Одан кейін, сұрақтарды мұқият оқып шығып әдебиеттерді саралау керек. Тапсырмаларды толық және уақтылы семинар сабағында ашып оқытушыға өткізу керек.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың нақты түрлері
Есеп беру нысаны: семинар дәптеріндегі конспект.
Семинар сабағы №8
Тақырып. Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар.
Семинар мақсаты: Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың түсінігін ашу.
Тапсырмалар:
Тапсырма №1.
Калиев «Аксу» теміржол станциасыда күзетші Егоровпен алты қап қант ұрламақшы болған кезінде ұсталады ол Егоровтан күшпне револьверін тартып алып оны екі рет атып өлтіріп тастайды.
Сот үкімі бойыша Калиев қастандық ұрлық жасамақшы болғаны үшін және қасақана кісі өлтіргені үшін сотталады.
Соттың үкімі дұрыс па?
Калиевтың әрекетін ҚК255 бап бойынша толығырақ саралауға болады ма?
Тапсырма №2.
Степанов және Гринько арақ ішіп мас күйінде студенттер жатаханасына бір таныс қыздарына кірмекші болады. Кезекші вахтер оларды киргізбей, таныс қыздарын студенттер арқылы шақыруын айтады. Олар вахтерге боқтық жауап қайтарып, полиция шақыруға бөгет жасамақшы болады. Полиция келген кезде Степанов көрсетіп бір полиция қызметкерінің пагонын жұлып алады.
Степанов және Гринько әрекетерін сараландар.
Семинар сабақтарды өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар:
Студент семинарға дайындық алдында қажетті әдебиеттер және нормативтік актілермен танысу керек. Одан кейін, сұрақтарды мұқият оқып шығып әдебиеттерді саралау керек. Тапсырмаларды толық және уақтылы семинар сабағында ашып оқытушыға өткізу керек.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.
Қоғамдық қауіпсіздікке жататын қылмыстардың нақты түрлері.
Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар.
Есеп беру нысаны: семинар дәптеріндегі конспект.
Семинар сабағы №9
Тақырып. Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар.
Семинар мақсаты: Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстардың, есірткі нәрселердің заңсыз айналысымен байланысты, адамгершілікке қарсы қылмыстардың ұғымы мен түрлерін оқыту.
Тапсырмалар:
Тапсырма №1
Шудың тұрғыны карбузов сораны ұсақтап, жапырақтары мен гүлдерін илеп, мықтылап қысып, содан кейін өзінің атымен станцияға апарып жол серігі Гаджиевқа қантқа айырбастап алады. Алматы қаласына келгенде Гаджиев сол есірткі заттарды 40 мың теңгеге Усеновқа сатады, оны полиия қызметкерлері ұстап алады.
Келтірілген кісілердің іс-әрекетерін саралаңдар.
Есірткі заттарды тасымалдаудың жөнелтуден қандай айырмашылығы бар ?
Тапсырма №2
Парамонов Ласановтан есіріткі заттарды сататын адамдармен онымен кездестіруін сұрайды. Екі күннен кейін Ласанов Парамановқа келіп героиінің, опиидің және марихуананың бағасын айтады, ол сатып алуға келісім бергеннен кейін, Ласанов мекен-жайды айтады. Содан кейін Парамонов мекен-жай бойынша келіп 0,56 гр. Героин сатып алады. Сол үйден біраз алыстағанда оны полиция қызметкерлері ұстап алады.
Ласановтың іс-әрекеті қылмысты ма ?
Егер солай болса оны қалай саралау керек ?
Семинар сабақтарды өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар:
Студент семинарға дайындық алдында қажетті әдебиеттер және нормативтік актілермен танысу керек. Одан кейін, сұрақтарды мұқият оқып шығып әдебиеттерді саралау керек. Тапсырмаларды толық және уақтылы семинар сабағында ашып оқытушыға өткізу керек.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.
Халықтың денсауңлығына қарсы қылмыстар.
Адамгершілікке қарсы қылмыстар.
Есеп беру нысаны: семинар дәптеріндегі конспект.
Семинар сабағы №10
Тақырып. Экологиялық қылмыстар.
Семинар мақсаты: Экологиялық қылмыстардың ұғымы мен түрлерін, экологиялық талаптарды бұзумен байланысқан қол сұғушылықтар, тірі емес және тірі табиғатты қорғау ережелеріне қол сұғатын қылмыстарды зерттеу.
Тапсырмалар:
Тапсырма №1
Мемлекет территориясындағы табиғи-қорық паркіне бірнеше тұрғындаркеліп орманды кесіп құрылыс орнатады. Ерекше қорғалат табиғат территориясын бұзғаны үшін және заңсыз құрылыс салғаны үшін ІІС органы қылмыстық іс қозғайды.
Тұрғындардың іс-әрекеттерінде қылмыстық құрам бар ма?
Тапсырма № 2
Танкирдің соғылу нәтижесінде байланысты Каспии теңізіне мұнай төгіліп айнадағыларға ауыр жағдайтуындайды. Жауапты тұлғалардың теңізді тазартудан жалтаруы және қайтадан қалпына келтіру шараларының дұрыс тәсілдерін қолданбауы.
Мұндай жағдайда экологияның бұзылуын жоюға шара қолданбағандыктан қылмыстық жауаптылық туады.
Қалпына келтіру шарасын өткізуге келмегені үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылуға дәлелді себеб болып табылады ма?
Семинар сабақтарды өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар:
Студент семинарға дайындық алдында қажетті әдебиеттер және нормативтік актілермен танысу керек. Одан кейін, сұрақтарды мұқият оқып шығып әдебиеттерді саралау керек. Тапсырмаларды толық және уақтылы семинар сабағында ашып оқытушыға өткізу керек.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Экологиялық қылмыстарға жалпы сипаттама және олардың түрлері.
Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстар.
Суды және атмосфераны тиімді пайдалануға және қорғауға қол сұғатын қылмыстар.
Жерді, құрылықтық шельф, жер қойнауын қорғау және тиімді пайдалануға қол сұғатын қылмыстар.
Жануарлар дүниесін тиімді пайдалану, сақтау және қорғау ережелеріне қарсы қылмыстар.
Өсімдіктер дүниесін қорғау және тиімді пайдалану ережелеріне қарсы қылмыстар.
Ерекше табиғи-биологиялық түрдегі дүниелерді қорғау ережелеріне қарсы қылмыстар.
Есеп беру нысаны: семинар дәптеріндегі конспект.
Семинар сабағы №11
Тақырып. Көліктегі қылмыстар.
Семинар мақсаты: Көліктегі қылмыстардың ұғымы мен түрлерін, темір жол, әуе немесе су көлігі қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздінің ережелерін, көлікте қолданылатын ережелеріді оқытып- зерттеу.
Тапсырмалар:
Тапсырма №1
Кемелов және Мустафаев Алматы-2 темір жол вокзалында істеп жүріп, тепловоз машинисті Маншариновпен арадағы радиобайланыстың сенімділігін тексермей, составтың жүруіне рұқсат береді. Жүру бағытында қозғалыс жылдамдығы туралы ешқандай мәлімет алмаған машинист Маншаринов маневр жасауға қажетті жылдамдықты көбейтіп, состав жолда тұрған вагондармен соқтығысқан.
Соқтығысудың кесірінен 3 жұмысшыға ауыр жарақат келген. Екі вагон толықтай құрытылып істен шыққан.
Осы адамдардың әрекетіне құқықтық баға беріңіз.
ҚР ҚК-ң 295 бабына сәйкес қылмыстың субьектісі болып кім табылады.
Тапсырма №2
Кеме капитаны Серікбаев өзенде 3 баржамен өте қатты жылдамдықпен келе жатып, өзен ағынының қатты болуынан тік жағалауға соқтығысқан. Соның кесірінен 3 баржаға зақым келген. Серікбаевтың түсіндірмесі бойынша, ол бұл аварияға кінәлі емес. Себебі ол авария ағынның қаттылығынан және қатты соққан желден болған.
Серікбаевтің жауапкершілігі туралы сұрақты шешіңіз.
Қозғалыс қауіпсіздігі және транспортты пайдалануға қарсы қылмыстың себебті байланысының спецификасы қалай қорытындылынады.
Семинар сабақтарды өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар:
Студент семинарға дайындық алдында қажетті әдебиеттер және нормативтік актілермен танысу керек. Одан кейін, сұрақтарды мұқият оқып шығып әдебиеттерді саралау керек. Тапсырмаларды толық және уақтылы семинар сабағында ашып оқытушыға өткізу керек.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Көліктегі қылмыстарға жалпы сипаттама.
2. Көліктегі қылмыстардың жеке құрамдары.
Есеп беру нысаны: семинар дәптеріндегі конспект.
Семинар сабағы №12
Тақырып. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар.
Семинар мақсаты: Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстардың ұғымы мен түрлерін оқып-зерттеу.
Тапсырмалар:
Тапсырма №1
Қалалық әділет басқармасының лицензиялау және патенттеу бөлімінің қызметкері Сейтовке ғылыми қызметкер Досаев нотариалдық қызметпен айналасуға лицензия алуға көмектесуін сұрады. Сеитов көмектесуге уәде береді, бірақ ақысына өзінің монографиясына жағымды рецензия жазып беруін сүрады. Сеитов Досаевқа лицензия алуына көмектесті, ол керісінше оған рецензия жазып берді.
Сеитовтың әрекетинде пара алудың құрамы бар ма?
Тапсырма №2
Кеден басқармасының бастығының орынбасары өз бастығының ұлына үйлену тойына сыйлык ретинде құны 950 АҚШ доллары тұратын жолдама сыйға тартқан. Себебі бастығы оған қызметінде жоғарлауға көмектескені үшін.
Бұл жағдайда қылмыс құрамы бар ма?
Пара заты болып не табылады (ҚР ҚК 311б.) ?
Семинар сабақтарды өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар:
Студент семинарға дайындық алдында қажетті әдебиеттер және нормативтік актілермен танысу керек. Одан кейін, сұрақтарды мұқият оқып шығып әдебиеттерді саралау керек. Тапсырмаларды толық және уақтылы семинар сабағында ашып оқытушыға өткізу керек.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының жалпы сипаттамасы және белгілері. Лауазымды тұлғаның түсінігі.
Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың жекелеген құрамдары.
Есеп беру нысаны: семинар дәптеріндегі конспект.
Семинар сабағы №13
Тақырып. Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар.
Семинар мақсаты: Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың ұғымы мен түрлерін, ҚР Мемлекеттік туын, Мемлекеттік елтаңбасын немесе Мемлекеттік гимнін қорлау және құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді ұрлау немесе бүлдіру қылмыстарын саралау.
Тапсырмалар:
Тапсырма № 1
Медициналық колледжің студенті Баева тәжірибеден өту кезінде Алматының медициналық институтын бітірген терапевт - дәрігер Ахметованың дипломын ұрлап алады . Бұл құжатты өзінің атына ауыстырып жөндетіп қалалық ауруханаға терапевт - дәрігер қызметіне орналаспақшы болады.
Баева қылмыстық жауаптылыққа тартыла ма ?
Баева бұл құжатты пайдаланып үлгермесе, баға беру үшін қандай мәні бар ?
Тапсырма № 2
Кеден қызметінің қызметкері Қазақстаннан Кытайға бара жатқан жүкті тексеріп жатып, бір адамның аяғын байқап калады . ¦сталған адам Молчанов Пекин қаласына барғысы келетінін және онда өзінің туғанын және шешісінің сонда өскенін түсіндіреді .
Молчановтың әрекетіне баға беріңдер ?
Қылмыстық жауаптылықтан босату үшін негіз бар ма?
Семинар сабақтарды өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар:
Студент семинарға дайындық алдында қажетті әдебиеттер және нормативтік актілермен танысу керек. Одан кейін, сұрақтарды мұқият оқып шығып әдебиеттерді саралау керек. Тапсырмаларды толық және уақтылы семинар сабағында ашып оқытушыға өткізу керек.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері.
Мемлекеттік органдарды басқару әрекетіне байланысты өкімет өкілдері мен басқа адамдарға қарсы қылмыстар.
ҚР-ның Мемлекеттік шекарасының мызғымастығына қол сұғатын қылмыстар.
Ресми құжаттар мен мемлекеттік наградалардың айналым тәртібіне қарсы қылмыстар.
Әскери қызметке шақыру тәртібіне қарсы қылмыстар.
ҚР-ның Мемлекеттік рәміздеріне қарсы қылмыстар.
Басқару тәртібін қамтамасыз ететін жекелеген ережелерге қол сұғатын қылмыстар.
Есеп беру нысаны: семинар дәптеріндегі конспект.
Семинар сабағы №14
Тақырып. Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар.
Семинар мақсаты: Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстардың ұғымы және түрлерін, сот төрелігі органдарындағы лауазымды адамдармен, басқа адамдармен жасалатын қылмыстарды және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстарды оқып – саралау.
Тапсырмалар:
Тапсырма№1
Жедел іздестіруге өкілетті Рамазанов азамат Халиковты ешқандай негіссіз 1 сөтке ұрлықты мойындайды деп ІББ хаттама толтырмай ұстайды.
Рамазанов қандай құқық бұзушылық жасады?
Тапсырма №2
Қылмыстық жедел іздестіру қызметкері Мұратов тонау әрекетін жасады деп сезік келтірілген Кульковтан жауап алып кезінде егер ол тонау әрекетін жасаған кінәсін мойындамаса оны қамауға аламын деп қорқытады.Кульков қылмыстық жасалу жағдайын толық айтып береді. Мұратов одан ешқайда кетпеу туралы қол қойғызып алып оны босатады. Осыдан кейін Мұратов Кульковты бақылауға алады.
Мұратовтың әрекетінде заң бұзушылық бар ма?
Семинар сабақтарды өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар:
Студент семинарға дайындық алдында қажетті әдебиеттер және нормативтік актілермен танысу керек. Одан кейін, сұрақтарды мұқият оқып шығып әдебиеттерді саралау керек. Тапсырмаларды толық және уақтылы семинар сабағында ашып оқытушыға өткізу керек.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері.
Әділсоттылықты жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының жасайтын қылмыстары.
Заң бойынша әділсоттылықты жүзеге асыруға жәрдем беруге шақырылған адамдардың жасайтын қылмыстары.
Сотталғандар мен басқадай қылмыстық-құқықтық күштеу шараларын өтейтіндердіңжасайтын қылмыстары.
Сот әділдігіне қарсы басқадай адамдардың жасайтын қылмыстары.
Есеп беру нысаны: семинар дәптеріндегі конспект.
Семинар сабағы №15
Тақырып. Әскери қылмыстар.
Семинар мақсаты: Әскери қылмыстардың ұғымы және түрлерін, арнайы қызмет атқару тәртібіне, әскери сипаттағы құпия мәліметтерді сақтауға қарсы, әскери мүлікті пайдалану тәртібіне қарсы, әскери жүргізу құралдарын жүргізу және пайдалану тәртібіне қарсы қылмыстарды оқып-зерттеу.
Тапсырмалар:
Тапсырма №1
Тәуліктік күзеттегі Омаров түнгі сағат 2-де постыны тастап, тамақ істейтін бөлмеде бөлмеде ұйықтап қалды. Түнгі сағат 3-те екі электр сымының тұйықталуы нәтижесінде өрт болып, тергеу кезінде үш әскери қызметкердің 2-3 дәрежелегі күйік алғандары анықталды.
Омаровтың іс- әрекетіне қалай баға беруге болады.
Тапсырма №2
Қатардағы жауынгерге Ивакинге дмалыс күні бөлімшенің территориясын тазартуға бұйрық берілді. Ол оны тазарту өзінің кезегі емес екенін және тазартуға тапсырма неге ылғи оған берілетінін айтты.
Иванкиннің әрекетінде Қ ҚК 367 бабының кінә белгілері бар ма?
Семинар сабақтарды өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар:
Студент семинарға дайындық алдында қажетті әдебиеттер және нормативтік актілермен танысу керек. Одан кейін, сұрақтарды мұқият оқып шығып әдебиеттерді саралау керек. Тапсырмаларды толық және уақтылы семинар сабағында ашып оқытушыға өткізу керек.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Әскери қылмыстың түсінігі және жалпы сипаттамасы. Әскери қылмыстардың түрлері.
Бағыныштылық тәртібіне және әскери қызметшілердің жарғылық ережелерге сай қарым-қатынасына қол сұғатын қылмыстар.
Әскери қызметті өтеу тәртібіне қарсы бағытталған қылмыстар.
Әскери кезекшілікпен және басқа да арнаулы қызмет тәртібіне қарсы қылмыстар.
Қару-жарақ, сондай-ақ заттар мен нәрселер, әскери мүліктерді, техниканы пайдалану мен оны сақтаудың ережелеріне қарсы қылмыстар.
Белгіленген тәртіп пен әскери құпияны сақтауға қарсы қылмыстар.
Әскери лауазымды қылмыстар.
Есеп беру нысаны: семинар дәптеріндегі конспект.
