
- •050301- «Заңтану» бакалавриат мамандығы бойынша
- •3. Алғашқы pet енгізілген.
- •Пәннің мазмұны
- •Мазмұны
- •Тема 17. Әскери қылмыстар.........…………………………...........…………...24
- •111. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі............………....………………………..29
- •Тақырыптық жоспар
- •Пәннің мазмұны
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы
- •1. Пәннің мақсаты мен міндеттері, оның оқу процесіндегі орны
- •2. Пәннің мазмұнының деңгейіне талаптар:
- •3. Пәннің негізгі мазмұны
- •2. Пәннің мазмұны
- •2.1 Дәрістер
- •2.Семинар сабақатары
- •2.3 Жеке оқуға ұсынылатын тақырыптар (ожсөж, сөж)
- •3. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі.
- •3. Пәннің постреквизиттері:
- •4. Пәннің қысқаша сипаттамасы
- •6.Пәннің мазмұны
- •9. Курстың саясаты мен рәсімдері Оқуда студенттерге қойылатын талаптар
- •Глосарий
- •Қазақстан республикасының қылмыстық құқығы пәні бойынша дәрістер конспектісі
- •2 Азаматтардың тең құқықтылығын бұзу (141-бап)
- •3 Адамның және азаматтың әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар
- •4 Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу (142-бап)
- •3 Адамзатқа қарсы қылмыстар Геноцид (160-бап)
- •4 Мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
- •2 Бөтеннің мүлкін талан-таражға салудың түсінігі
- •3 Талан-тараж белгілері жоқ, меншікке қарсы пайдакүнемдік қылмыстар
- •4 Меншікке қарсы пайдакүнемдік емес қылмыстар
- •2 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың нақты түрлері
- •2 Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың түрлері
- •3 Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың нақты түрлері
- •2 Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстар
- •3 Адамгершілікке қарсы қылмыстар
- •2 Суды және атмосфераны тиімді пайдалануға және қорғауға қол сұғатын қылмыстар
- •3 Жерді, құрлықтық шельф, жер қойнауын қорғау және тимді пайдалануға қол сұғатын қылмыстар
- •4 Жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау және пайдалану ережелеріне қарсы қылмыстар
- •5 Ерекше табиғи-биологиялық түрдегі дүниелерді қорғау ережелеріне қарсы қылмыстар
- •1 Көліктегі қылмыстардың жалпы сипаттамасы
- •2 Көліктегі қылмыстардың жеке құрамдары
- •12.2 Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстардың жекелеген құрамдары
- •1 Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
- •2 Мемлекеттік органдарды басқару әрекетіне байланысты өкімет өкілдері мен басқа адамдарға қарсы қылмыстар
- •3 Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының мызғымастығына қол сұғатын және Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне қарсы қылмыстар
- •4 Ресми құжаттар мен мемлекеттік наградалардың айналым тәртібіне қарсы қылмыстар
- •2 Сот әділдігін жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының жасайтын қылмыстары
- •3 Заң бойынша сот әділдігін жүзеге асыруға көмек беруге шақырылған адамдардың жасайтын қылмыстары
- •1 Әскери қылмыстардың түсінігі және жалпы сипаттамасы
- •2 Бағыныштылық тәртібіне және әскери қызметшілердің жарғылық ережелерге сай қарым-қатынасына қол сұғатын қылмыстар
- •3 Әскери қызметті өтеу тәртібіне қарсы қылмыстар
- •4 Әскери кезекшілікке және басқа да арнаулы қызмет тәртібіне қарсы қылмыстар
- •Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті қр қылмыстық құқығы (ерекше бөлім) пәнін оқыту бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар
- •Семинар сабақтарды өткізу бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар
- •Тапсырма№1
- •Тапсырма№2
- •Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өздік жұмысын өткізу бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар
- •Студенттердің өздік жұмысын өткізу бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар
- •Студенттер білімін бақылау және бағалау жүйесі
- •Қр қылмыстық құқық пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы
4 Ресми құжаттар мен мемлекеттік наградалардың айналым тәртібіне қарсы қылмыстар
Ресми құжаттарды және мемлекеттік наградаларды сатып алу немесе өткізу (323-бап)
Бұл қылмыстың негізгі тікелей объектісі ресми құжаттар мен мемлекеттік наградаларды айналымға занды түрде шығу тәртібін қамтамасыз ететін басқару қызметі болып табылады.
Қылмыстың заты — ресми құжаттар және мемлекеттік наградалар.
Құжат дегеніміз мемлекеттік, қоғамдық немесе басқадай мекемелерден, ұйымдардан немесе жеке тұлғалардан (мысалы қолхат) шығатын белгілі бір оқиғаны немесе фактіні растайтын немесе жоққа шығаратын және т.б. (заңдылық мәні бар іскерлік қағаздар) анықтамалар, актілер т.с.с. болып табылады.
Қылмыстық кодекстің 323-бабында көрсетілген қылмыстың затына кез келген құжаттар емес, тек қана ресми құжаттар жатады.
Құқықтар беретін немесе міндеттерден босататын заңдылық мәні бар құжаттар ресми құжаттар деп аталады.
Құқықтар беретін ресми құжаттарға зейнетақы куәлігі, еңбек ардагерінің куәлігі, орден кітапшасы, көлік жүргізуге құқық беретін куәлік, дипломдар, патент, сауда-саттық жүргізуге құқық беретін лицензия, заңды ұйымның жарғысы немесе құрылтайшы шарттары жатады.
Міндеттерден босататын ресми құжаттарға — салықтан, әскери міндетін өтеуден босатылғаны жөніндегі куәліктер, жол ақысын төлеуден босатылатыны туралы куәлік, коммуналдық қызмет көрсету ақысы төлемдерінің жекелеген түрлерінен босатылғаны жөніндегі анықтама т.с.с. жатады.
Ресми құжаттар мемлекеттік немесе мемлекеттік емес органдар арқылы беріледі немесе осы органдарға бағытталады. Ресми құжаттар материалдық тәртіппен растала отырылып, жеке тұлғалар арқылы да берілуі мүмкін (қолхат, шарт жасасу, сенімхат).
Заңдылық мәні бар, бірақ құқықтар бермейтін немесе міндеттерден босата алмайтын құжаттар ресми құжаттар болып табылмайды. Мысалы: жазба күнделіктер, жазу блокноттары, хат-хабарлар т.с.с.
Мемлекеттік наградалар — Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалар туралы заңына сәйкес мемлекеттік наградаларға: Халық каһарманы, Даңқ, Парасат ордендері, медальдер, Президент жарлығымен берілген құрметті атақтар жатады.
КСРО мемлекеттік наградаларына КСРО Жоғарғы Советі Президиумының 1979 жылғы 3 шілдедегі Жарлығына сәйкес: Кеңестер Одағының батыры, Социалистік Еңбек Ері, орден, медальдар, КСРО құрметті атақтары жатады.
Осы қылмыстың затына ресми құжаттардың және мемлекеттік наградалардың түпнүсқасы (көшірмесі емес) жатады.
Жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді, мөрқағаздарды, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау, өткізу Қылмыстық кодекстің 325-бабында көрсетілген жеке қылмыс құрамы болады.
Объективтік жағынан алғанда қылмыс ресми құжаттарды немесе мемлекеттік наградаларды заңсыз алу немесе заңсыз өткізу арқылы көрініс алады.
Қылмыстың заттарына кінәлінің өз иелігіне, пайдалануына немесе билеуіне Қылмыстық кодекстің 324-бабында көрсетілгеннен басқа кез келген тәсілмен; ақы төлеп немесе тегін алуын (сатып алу, айырбас арқылы, сыйға алу, қарызға, кепілге алу т.с.с.) заңсыз алу деп айтамыз. Құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді ұрлау арнаулы бап бойынша (ҚК-тің 324-бабы) сараланады. Мемлекеттік наградаларды ұрлау жолымен алу, оны заңсыз алудың бір тәсілі болып табылады, мұндай ретте кінәлінің әрекеті Қылмыстық кодекстің 323-бабы бойынша сараланады.
Ресми құжаттарды немесе мемлекеттік наградаларды әр түрлі тәсілдермен бөтен адамға ақы алып немесе тегін беруді осы заттарды заңсыз өткізу деп айтамыз. Қылмыс құрамы формальдық. Занда көрсетілген әрекеттер ресми кұжаттарды немесе мемлекеттік наградаларды алған немесе өткізген уакыттан бастап қылмыс аяқталған деп танылады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам заңсыз көрсетілген заттарды алатынын немесе өткізетінін сезеді және соны тілеп істейді.
Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған, есі дұрыс адам.
Құқық қолдану тәжірибесінде ерекше маңызы бар ресми құжаттарды заңсыз алу немесе өткізу фактілері де кездеседі.
Ерекше маңызы бар ресми құжаттарға жоғарғы мемлекеттік органдардың құжаттары, халықаралық келісімдерді реттейтін құжаттар, дипломатиялық төлқүжат, ғылым докторы немесе кандидат дипломдары, қызметтік немесе коммерциялық кұпиялары бар құжаттар, ерекше тарихи, ғылыми немесе мәдени мәні бар құжаттар жатады.
Ресми құжаттар мен ерекше маңызы бар осындай заң құжаттарын заңсыз алу немесе өткізудің қоғамға қауіптілік дәрежесі бірдей деуге болмайды. Ерекше маңызы бар ресми құжаттар жөніндегі заңсыз әрекеттерді жүзеге асырудың әрдайым жеке адам, мемлекет, қоғам үшін қауіптілігі ерекше. Осыған орай Қылмыстық кодекстің 323-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі ретінде ерекше маңызы бар ресми құжаттарды заңсыз алғаны немесе өткізгені үшін қылмыстық жауаптылық белгілеген өте орынды болар еді.
Құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді ұрлау немесе бүлдіру (324-бап)
Қылмыстың тікелей объектісі — ресми құжаттардың айналым тәртібіне кол сұғу.
Қылмыстың заты азаматтық төлкұжат, жеке басының куәлігі немесе жеке басының басқа маңызды құжаттары (әскери билет, білімі жөніндегі куәлік, зейнетақы куәлігі, қызметтік куәлік т.с.с. 324-баптың 1-тармағы), ресми құжаттар, мөртаңбалар, мөрлер (324-баптың 2-тармағы).
Қылмыстық кодекстің 324-бабының 1-тармағында азаматтың төлқұжатын, жеке басының куәлігін немесе жеке басының басқа маңызды құжаттарын ұрлағаны үшін жауаптылық көзделген. Қылмыс объективтік жағынан алғанда көрсетілген құжаттарды азаматтардан ұрлау арқылы жүзеге асырылады. Ұрлау деп көрсетілген құжаттарды кез келген құқыққа қайшы тәсілмен зансыз алуды айтамыз. Қылмыс құрамы жөнінен формальдық құрамға жатады. Ол құжаттары ұрланған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Қылмыстық кодекстің 324-бабының 2-тармағында пайдакүнемдік мақсатта немесе өзге де жеке бастың мүддесі үшін ресми құжаттарды, мөртаңбаларды немесе мөрлерді ұрлау, жою, бүлдіру немесе жасыру үшін жауаптылық белгіленген.
Бұл жерде көрсетілген ресми құжаттарға мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ұйымдардан, кәсіпорындардан, жеке тұлғалардан шыққан заңдылық мәні бар әр түрлі құжаттар жатады. Яғни Қылмыстық кодекстің 324-бабының 2-тармағының затына кез келген ресми құжаттар жатады.
Қылмыстың затына ресми құжаттармен қатар мөртаңба, мөр де жатады.
Мөртаңба — мекеме, ұйым, кәсіпорынның, жеке тұлғалардың атауларын, тұрғылықты жерлерін немесе басқа да реквизиттерін көрсететін зат. Мөртаңба тікбұрышты, төртбұрышты, үшбұрышты болуы мүмкін. Мөртаңбаларда құжаттың берілу уақыты, номері көрсетіледі.
Мөр — кәсіпорын, ұйым, мекеменің атауы және басқадай реквизиттер бейнеленген зат (Мысалы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы), мөр әдетте дөңгелек күйде дайындалады және құжатты куәландыратын адамның қолының жанына басылады.
Көрсетілген қылмыс құрамы (324-баптың 2-тармағы) объективтік жағынан мынадай әрекеттерді жасау арқылы жүзеге асырылады: а) ресми құжаттарды, мөртаңбаларды немесе ұрлау; б) заттарды жою; в) оларды бүлдіру, немесе г) жасыру.
Көрсетілген заттарды ұрлау деп мемлекеттік немесе мемлекеттік емес мекеме, кәсіпорын, ұйымдардың игілігіндегі осындай заттарды кез келген құқыққа қарсы тәсілмен алу болып табылады. Осы заттарды жою деп оны жарамсыз етіп тастау немесе мүлдем жоқ қылып жіберуді айтамыз. Оның тәсілі әр түрлі болуы мүмкін: өртеу, ұсақтап жыртып тастау, затқа ерітінді құйып жарамсыз ету және т.б.
Көрсетілген заттарды бүлдіру деп оны ішінара жарамсыз ету болып табылады. Мысалы, жоғары оқу орнын бітіргендігі туралы дипломның бір шетін жыртып немесе мөрі бар жерін былғап, жазуын оқуды қиындату.
Жасыру — деп кінәлі адамның мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ұйымдардағы, кәсіпорын, мекемелердегі лауазымды адамдардан олардың иелігіндегі осы айтылған ресми құжаттарды, мөртаңбаларды немесе мөрлерді оларға көрсетпеу әрекеттері саналады.
Қылмыстың объективтік жағының осы көрсетілген әрекеттерінің бірі жасалған жағдайда қылмыс аяқталған деп есептеледі. Қылмыс формальдық құрамға жатады.
Қылмыс субъективтік жағынан алғанда тек қана тікелей қасақаналықпен жасалады. Өйткені заңның өзінде көрсетілген заттарды ұрлау, жою, бүлдіру немесе жасыру пайдақорлықпен немесе басқа да өз басының мүддесін көздеп жасалады деп тікелей көрсетіліп отыр. Осыған байланысты кінәлі адам осы қылмысты қасақаналықпен істегенде белгілі бір мақсатты бетке ұстайды немесе соны басшылыққа алады. Мысалы, айыпкер өзінің қылмысын әшкерелейтін құжатты жойып жіберу арқылы қылмысты жауаптылықтан құтылады немесе дипломды ұрлап алып, сол арқылы жоғары ақы төлейтін қызметке тұрады. Егер кінәлі адамның іс-әрекетінде пайдақорлық немесе басқа да өз басының мүддесін көздейтін жағдайлар болмаса, онда оны 324-баптың 2-тармағымен жауапқа тартуға негіз жоқ.
Осы қылмысты дұрыс саралау үшін кінәлінің қылмысты істеу ниетінің бағытын анықтаудың маңызы ерекше. Егер кінәлі адам бөтеннің мүлкін ұрлаумен бірге оның жеке құжаттарын да ұрласа, онда оның әрекеті қылмыстық ниеттің тікелей бағытына сәйкес мүлікті ұрлағаны (ҚК-тің 175-бабы) үшін жауаптылықты көздейтін баппен ғана сараланады. Сондай-ақ дәл осындай жағдайда бөтеннің мүлкінің орнына басқа бір ресми құжатты, мөрді немесе мөртаңбаны ұрлап колға түссе, онда кінәлінің әрекеті бөтеннің мүлкін ұрлауға оқталғандық ретінде сараланады. Егер кінәлі ресми құжат, мөр немесе мөртаңба ұрлаймын деп оның орнына бөтеннің мүлкін ұрласа, онда оның әрекеті осы заттарды (ресми құжаттарды, мөрлерді немесе мөртаңбаларды) ұрлауға оқталғандық деп танылады.
Егер кінәлінің қылмысты ниеті нақтыланбаған болса, онда жоғарыда көрсетілген іс-әрекеттерді істеген жағдайда ол қылмыстың жиынтығы бойынша бөтеннің мүлкін және ресми құжаттарды, мөрлерді немесе мөртаңбаларды ұрлағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылады.
Есі дұрыс, жасы 16-ға толған адам осы қылмыстың субъектісі болып табылады.
Жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді, мөрқағаздарды, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу (325-бап)
Қылмыстық кодекстің 325-бабының 1-тармағында құқықтар беретін немесе міндеттерден босататын куәлікті немесе өзге де ресми кұжатты қолдан жасау, не мұндай құжатты өткізу, сол сияқты қолдан жасалған мөртаңбаларды, мөрлерді, мөрқағаздарды, Қазақстан Республикасының немесе КСРО-ның мемлекеттік наградаларын дайындау немесе өткізгені үшін жауаптылық белгіленген.
Көрсетілген қылмыстың қоғамға қауіптілігі қолдан куәліктер мен құжаттарды жасау, өткізу, сондай-ақ қолдан жасалған мөртаңбаларды, мөрлерді, мөрқағаздарды, мемлекеттік наградаларды дайындау арқылы мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ұйымдардың, кәсіпорындардың немесе мекемелердің заң қорғайтын мүдделеріне елеулі нұқсан келтіріледі.
Қылмыстың тікелей объектісі құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді, мөрқағаздарды, мемлекеттік наградаларды жасау, дайындау, өткізудің заңмен белгіленген тәртібі болып табылады.
Қылмыстың затына — куәліктер, ресми құжаттар, мөртаңбалар, мөрқағаздар, мөрлер, мемлекеттік наградалар жатады.
Құқықтар беретін немесе міндеттерден босататын куәліктерге тиісінше мемлекеттік немесе мемлекеттік емес орган беретін құжаттар (төлқұжат, әскери билет, көлік жүргізу куәлігі, қызметтік куәлік т.с.) жатады.
Мөрқағазға — баспа әріптері арқылы құжат мәтініне ішінара сөздер жазылған, белгілі бір нысанға сай келетін - қағаз парағы жатады.
Ресми құжаттардың, мемлекеттік наградалардың түсінігіне Қылмыстық кодекстің 323-бабына талдау жасағанда тоқталып өттік.
Көрсетілген қылмыстың объективтік жағы мынадай үш түрлі балама әрекеттерден тұрады: 1) құқықтар беретін немесе міндеттемелерден босататын куәлікті немесе өзге де ресми құжатты қолдан жасау; 2) осы көрсетілген куәлікті немесе ресми құжатты өткізу; з) қолдан жасалған мөртаңбаларды, мөрлерді, мөрқағаздарды, Қазақстан Республикасының немесе КСРО-ның мемлекеттік наградаларын дайындау немесе өткізу.
Қолдан жасауға жалған куәлікті немесе өзге де ресми құжаттарды дайындаулар жатады.
Ол әр түрлі әдіспен жүзеге асырылуы мүмкін: бастан аяқ шындықка мүлдем сай келмейтін жалған куәлік немесе ресми құжатты толық қолдан жасау, куәліктерге немесе ресми құжаттарға кейбір жалған сөздерді жазу, цифрларды түзету арқылы ішінара өзгертулер енгізу; қосып жазу, сөйлемнің мәнін өзгерту, түзету енгізу, өшіру, цифрларды түзеу арқылы куәліктің немесе өзге де ресми құжаттың шын мағынасын өзгерту т.с.с. әрекеттер.
Мөртаңбаларды, мөрлерді, мөрқағаздарды немесе мемлекеттік наградаларды толық күйде қолдан жасау осы заттарды дайындау деп саналады. Құқықтар беретін немесе міндеттемелерден босататын куәлікті немесе өзге де ресми құжатты, қолдан жасалған мөртаңбаларды, мөрлерді, мөрқағаздарды, мемлекеттік наградаларды басқа адамға тегін немесе белгілі бір ақыға, айырбас арқылы, қарызын өтеу үшін немесе уақытша пайдалануға беру осы заттарды өткізу деп танылады.
Қылмыс формальдық құрамға жатады және құрамның объективтік жағында көрсетілген балама әрекеттердің біреуі жүзеге асқан уақыттан бастап қылмыс аяқталған деп танылады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жасалады. Жалған куәліктерді, ресми құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді, мөрқағаздарды, мемлекеттік наградаларды қолдан жасаған, дайындаған немесе өткізген адам өзінің іс-әрекетінің қоғамға қауіпті, заңға қайшы екенін сезеді және соны біле тұра қылмыстық ниетін жүзеге асырады.
Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған, кез келген адам. Қылмыстық кодекстің 325-бабында көрсетілген осы қылмыс құрамы Қылмыстық кодекстің 314-бабындағы — қызметтік жалғандық жасаудан субъектісі бойынша ажыратылады. Қылмыстық кодекстің 314-бабының субъектісі арнаулы субъект — лауазымды адам немесе мемлекеттік қызметші, ал Кылмыстық кодекстің 325-бабының субъектісі басқару тәртібіне қол сұғатын кез келген адам (жалпы субъектісі).
Қылмыстық кодекстің 325-бабының 2-тармағында жоғарыда (325-баптың 1-тармағы) көрсетілген әрекеттерді бірнеше рет немесе адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасаған әрекеттер үшін жауаптылық көзделген.
Бірнеше рет жасаған қылмыстың түсінігі Қылмыстық кодекстің 11-бабында, ал адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған әрекет ұғымы Қылмыстық кодекстің 31-бабында берілген.
Қылмыстық кодекстің 325-бабының 3-тармағында жеке қылмыс құрамы — көрінеу жалған құжатты пайдаланғаны үшін жауаптылық көзделген.
Қылмыстың заты — жалған құжат. Объективтік жағынан қылмыс көрінеу жалған құжатты пайдалану әрекеті арқылы көрініс табады.
Көрінеу жалған құжаттарды белгілі бір құқық алу немесе міндеттерден құтылу мақсатымен меншік нысанына қарамастан мекеме, ұйым, кәсіпорынға, лауазым адамына ұсыну оны пайдалану деп танылады. Мысалы, жоғары оқу орнын бітіргендігі туралы дипломды қолдан жасап мекемеге өткізіп, қызметке орналасу; жол полициясына көлікті жүргізудің жалған куәлігін көрсету; жалған құжат жасап, жоғары оку орнына түсу т.с.с. әрекеттер.
Қылмыс формальдық құрамға жатады және ол жалған құжатты тиісті органға немесе лауазым адамына ұсынған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Субъективтік жағынан көрсетілген қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Адам көрінеу жалған құжатты пайдаланғанын сезеді, біледі және соны пайдаланып, өз мақсатын жүзеге асырады.
Қылмыстың субъектісі — жалпы 16-ға толған адам.
Қылмыстық кодекстің 325-бабында көрсетілген осы қылмыс құрамын оған ұқсас құрамдардан ажыратудың маңызы айрықша. Осы қылмыс құрамының ҚК-тің 147-бабында көрсетілген (сайлау құжаттарын, референдум құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды қате есептеу) құраммен аздаған ұксастығы бар. Бұлардың бір-бірінен өзгешелігі мынада: 147-баптың объектісі азаматтардың сайлау құқығы; ал 325-баптың объектісі басқару тәртібі. 147-баптың заты — ресми құжаттардың арнаулы түрлері: сайлау құжаттары, референдум құжаттары болады, ал 325-баптың қылмыс заттары — 147-бапқа қарағанда едәуір ауқымды, 147-бапта көрсетілген қылмыс кұрамының объективтік жағы тек кана құжаттарды бұрмалау арқылы (өткізу емес) көрініс табады, бұл баптың субъектісі — арнаулы сайлау комиссиясының мүшелері, референдум жүргізу жөніндегі комиссияның мүшелері немесе ынталы топтың мүшелері. Осы көрсетілген екі бап бір-бірінен қылмысты істеу мақсаты арқылы да ажыратылады. 147-бапта сайлау немесе референдум құжаттарын бұрмалау, ал 325-бапта жалған құжаттар белгілі бір құкық алу немесе міндеттен босану үшін немесе оны өткізу мақсаты басшылыққа алынады.
Қылмыстық кодекстің 325-бабындағы құрам осы Кодекстің 206, 207-баптарында көрсетілген қылмыс құрамдарынан қылмыстың заты бойынша ажыратылады. 206, 207-баптардағы қылмыстың затына — жалған ақша, бағалы қағаз, жалған төлем карточкалары, өзге де есеп айырысу құжаттары жатады, ал 325-баптың затына — есеп айырысуға жатпайтын ресми құжаттар жатады.
Азаматтық немесе қылмыстық іс бойынша айғақтарды бұрмалауда (348-бап) жалған құжаттар арқылы жасалуы мүмкін. Бұл жерде құжат сот ісі бойынша ететін айғақ болып табылады. Яғни айғақты бұрмалау арқылы қылмыстың басқа объектісі — әділ соттылықты жүзеге асыру тәртібі зардап шегеді. 348-бапта көрсетілген қылмыс арнаулы субъект — азаматтық іске қатысушы адам, оның өкілі, анықтама жүргізуші адам, тергеуші, прокурор немесе қорғаушы арқылы істеледі.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Көліктегі қылмыстардың ұғымы мен түрлері.
2.Темір жол, әуе немесе су көлігі қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігінің ережелерін бұзу.
3. Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу.
4. Көлікте қолданылатын ережелерді бұзу. Ұшудың халықаралық ережелерін бұзу.
Дәріс тақырыбы 13. Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар
Негізгі сұрақтар:
Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері.
Әділсоттылықты жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының жасайтын қылмыстары.
Заң бойынша әділсоттылықты жүзеге асыруға жәрдем беруге шақырылған адамдардың жасайтын қылмыстары.
1. Жаңа Қылмыстық кодекстің қабылдануына байланысты бұрынғы Кодекс бойынша қылмыс болып келген кейбір құрамдар: жер аударылған орыннан, еңбекпен емдеу немесе еңбекпен тәрбиелеу профилакторийінен қашып кету (бұрынғы Кодекстің 198-бабы), еңбекпен түзеу мекемелерінде, тергеу изоляторында, тәрбие-еңбек профилакторийлерінде отырған адамдарға тыйым салынған заттарды заңсыз беру (ескі Кодекстің 199-бабының 3-тармағы) қылмыс қатарынан мүлдем шығарылды.
Бұрынғы Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 191-бабының 1-тармағы істі тергеуге немесе қарауға заңсыз араласқаны үшін Жауаптылық белгіленген қылмыс құрамы енді жаңа Қылмыстық кодекстің 339-бабында көрсетілген сот төрелігін жүзеге асыруға және алдын ала тергеу жүргізуге кедергі жасау құрамымен қамтылатын болды. Анықтама жүргізуші адамды, тергеушіні, прокурорды, судьяны немесе халық заседателін Қорлау (Қазақ КСР ҚК-тің 191-бабының 3-тармағы) құрамы ішінара жаңа Кодекстегі сотты құрметтемеу (342-бап) және өкімет өкілін қорлау (320-бап) құрамдарына қосылады.
Жаңа Кылмыстык кодекстің 340-бабындағы — сот төрелігіц немесе алдын ала тергеу жүргізуге байланысты қорқыту неме-се күш көрсету әрекеттері үшін жауаптылык көзделген қүрам-ға ҚазақКСР Қылмыстықкодекстің 173-бабының 1-тармағың, дағы ішкі істер органы кызметкері, халық жасақшысы, анық-тама жүргізуші адам, тергеуші, судья, прокурор және хальіқ заседателі еміріне кастық әрекет жасау қүрамы ішін ара қосьь лып кеткен.
Жаңа Қылмыстық кодекстің осы тарауында сот төрелігінің тиімді жүзеге асырылуын камтамасыз ететін көптеген жаңа нормалар бар (343, 345, 348, 356, 365-баптар).
Жаңа Қылмыстық кодексте сот төрелігіне карсы қылмыстардың анықтамасы берілмеген.
Қылмыстық құқық теориясы бойынша сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар деп осы міндеттерді жүзеге асыратын органдар мен лауазымды адамдардың, жекелеген азаматтардың бірқалыпты, заңды қызметіне қол сұғатын қасақана іс-әрекеттерді айтамыз.
Қылмыстық топтың объектісі — сот төрелігін және жазалардың орындалуын қамтамасыз ететін органдардың дұрыс қызметі болып табылады.
Объективтік жағынан бұл тұрғыдағы қылмыстар әрекет немесе әрекетсіздік арқылы жүзеге асырылады. Заңдылық құрылысы жөнінен барлық құрамдар (тек қана КК-тің 357-бабында көрсетілген — хатталған немесе иелік етуге тыйым салынған не тәркілеуге жататын мүлікке қатысты заңсыз әрекеттер құрамынан басқасы) формальдық құрамға жатады. Осыған орай осы тараудағы қылмыстар нақты қылмыс құрамы диспозициясында көрсетілген әрекет немесе әрекетсіздіктерді істеген сәттен бастап аяқталған деп танылады.
Субъективтік жағынан алғанда бүл тараудағы қылмыстар тек тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық ниет және мақсат көптеген қылмыс құрамы үшін қажетті элемент болып саналмайды.
Қылмыстың субъектісі жай немесе лауазымды адамдар болады.
Қылмыстың субъектісіне қарай талданып отырған қылмыстар мына төменде көрсетілген 5 топқа белінеді:
1) Әділ соттылықты жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының жасайтын қылмыстары көрінеу кінәсіз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту (344-бап). Қылмыстьік жауаптылықтан көрінеу заңсыз босату (345-бап). Көрінеу заңсыз ұстау, қамауға алу немесе қамауда үстау (346-бап). Жауап беруге мәжбүр ету (347-бап). Қинау (347-1 бап). Көрінеу әділетсіз сот үкімін, шешімін немесе өзгедей сот актісін шығару (350-бап).
2) Заң бойынша әділ соттылықты жүзеге асыруға жәрдем беруге шақырылған адамдардың жасайтын қылмыстары, көрінеу жалған сөз жеткізу (351-бап). Көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытындысы немесе қате аудару (352-бап). Куәгердің немесе жәбірленушінің жауап беруден бас тартуы немесе жалтаруы (353-бап). Алдын ала анықтаудың немесе алдын ала тергеудің деректерін жария ету (355-бап). Судьяға және қылмыстық процеске қатысушыларға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету (356-бап). Хатталған немесе иелік етуге тыйым салынған не тәркілеуге жататын мүлікке қатысты заңсыз әрекеттер (357-бап).
3) Сотталғандар мен басқадай қылмыстық-құкықтық күштеу шараларын өтейтіндердің жасайтын қылмыстары: Бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқындаудан немесе қамаудан қашу (358-бап). Бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден жалтару (359-бап). Қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің талаптарына қасақана бағынбау (360-бап). Қоғамнан окшаулауды қамтамасыз ететін мекемелердің қалыпты қызметінің тәртібін бұзу (361-бап).
4) Сот әділдігіне қарсы басқадай адамдардың жасайтын қылмыстары: Сот төрелігін жүзеге асыруға және алдын ала тергеу жүргізуге кедергі жасау (339-бап). Сот төрелігін немесе алдын ала тергеуді жүзеге асырушы адамдардың өміріне қол сұғу (340-бап). Сот төрелігін жүзеге асыруға немесе алдын ала тергеу жүргізуге байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері (341-бап). Сотты құрметтемеу (342-бап). Судьяға, прокурорға, тергеушіге, алдын ала анықтауды жүргізуші адамға, сот приставына, соттың атқарушысына жала жабу (343-бап). Айғақтарды бұрмалау (348-бап). Пара немесе коммерциялық сатып алуға арандату (349-бап). Жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу не мәжбүр ету (354-бап). Сот үкімін, сот шешімін өзге де сот актісін орындамау (362-бап). Қылмысты жасыру (363-бап). Қылмыс туралы хабарламау (364-бап). Адвокаттар мен өзге де адамдардың азаматтарды қорғау және оларға заңгерлік көмек көрсету жөніндегі заңды қызметіне кедергі жасау (365-бап).