
- •050301- «Заңтану» бакалавриат мамандығы бойынша
- •3. Алғашқы pet енгізілген.
- •Пәннің мазмұны
- •Мазмұны
- •Тема 17. Әскери қылмыстар.........…………………………...........…………...24
- •111. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі............………....………………………..29
- •Тақырыптық жоспар
- •Пәннің мазмұны
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы
- •1. Пәннің мақсаты мен міндеттері, оның оқу процесіндегі орны
- •2. Пәннің мазмұнының деңгейіне талаптар:
- •3. Пәннің негізгі мазмұны
- •2. Пәннің мазмұны
- •2.1 Дәрістер
- •2.Семинар сабақатары
- •2.3 Жеке оқуға ұсынылатын тақырыптар (ожсөж, сөж)
- •3. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі.
- •3. Пәннің постреквизиттері:
- •4. Пәннің қысқаша сипаттамасы
- •6.Пәннің мазмұны
- •9. Курстың саясаты мен рәсімдері Оқуда студенттерге қойылатын талаптар
- •Глосарий
- •Қазақстан республикасының қылмыстық құқығы пәні бойынша дәрістер конспектісі
- •2 Азаматтардың тең құқықтылығын бұзу (141-бап)
- •3 Адамның және азаматтың әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар
- •4 Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу (142-бап)
- •3 Адамзатқа қарсы қылмыстар Геноцид (160-бап)
- •4 Мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
- •2 Бөтеннің мүлкін талан-таражға салудың түсінігі
- •3 Талан-тараж белгілері жоқ, меншікке қарсы пайдакүнемдік қылмыстар
- •4 Меншікке қарсы пайдакүнемдік емес қылмыстар
- •2 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың нақты түрлері
- •2 Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың түрлері
- •3 Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың нақты түрлері
- •2 Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстар
- •3 Адамгершілікке қарсы қылмыстар
- •2 Суды және атмосфераны тиімді пайдалануға және қорғауға қол сұғатын қылмыстар
- •3 Жерді, құрлықтық шельф, жер қойнауын қорғау және тимді пайдалануға қол сұғатын қылмыстар
- •4 Жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау және пайдалану ережелеріне қарсы қылмыстар
- •5 Ерекше табиғи-биологиялық түрдегі дүниелерді қорғау ережелеріне қарсы қылмыстар
- •1 Көліктегі қылмыстардың жалпы сипаттамасы
- •2 Көліктегі қылмыстардың жеке құрамдары
- •12.2 Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстардың жекелеген құрамдары
- •1 Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
- •2 Мемлекеттік органдарды басқару әрекетіне байланысты өкімет өкілдері мен басқа адамдарға қарсы қылмыстар
- •3 Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының мызғымастығына қол сұғатын және Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне қарсы қылмыстар
- •4 Ресми құжаттар мен мемлекеттік наградалардың айналым тәртібіне қарсы қылмыстар
- •2 Сот әділдігін жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының жасайтын қылмыстары
- •3 Заң бойынша сот әділдігін жүзеге асыруға көмек беруге шақырылған адамдардың жасайтын қылмыстары
- •1 Әскери қылмыстардың түсінігі және жалпы сипаттамасы
- •2 Бағыныштылық тәртібіне және әскери қызметшілердің жарғылық ережелерге сай қарым-қатынасына қол сұғатын қылмыстар
- •3 Әскери қызметті өтеу тәртібіне қарсы қылмыстар
- •4 Әскери кезекшілікке және басқа да арнаулы қызмет тәртібіне қарсы қылмыстар
- •Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті қр қылмыстық құқығы (ерекше бөлім) пәнін оқыту бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар
- •Семинар сабақтарды өткізу бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар
- •Тапсырма№1
- •Тапсырма№2
- •Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өздік жұмысын өткізу бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар
- •Студенттердің өздік жұмысын өткізу бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар
- •Студенттер білімін бақылау және бағалау жүйесі
- •Қр қылмыстық құқық пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы
2 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың нақты түрлері
Занды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау (189-бап)
Ұйымдық-құқықтық нысандарына немесе меншік нысандарына қарай жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін шектеу, сондай-ақ жеке кәсіпкер мен коммерциялық ұйымның дербестігін шектеу не оның қызметіне өзге де заңсыз араласу, егер осы әрекеттерді лауазымды адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жасаса, сол сияқты заңды күшіне енген сот актісін бұза отырып немесе үлкен залал келтіріп жасалса, занды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау болып табылады (ҚК-тің 189-бабы).
азақстан Республикасының Конституциясы әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалану құқығына кепілдік берген (26-баптың 4-тармағы). Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 10-бабына сәйкес кәсіпкерлік - меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Мемлекет кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етеді. Заңға сәйкес әрбір азамат лицензия берілетін қызмет түрлерінен басқа кәсіпкерлік қызметті кімнің де болсын рұқсатын алмай-ақ, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өткізген соң жүзеге асыруға құқылы. Шаруа (фермер) қожалығы да кәсіпкерлік қызметпен занды тұлға болып табылмай-ақ, шаруа (фермер) қожалығын мемлекеттік тіркеуден өткізген соң жүзеге асырады. Заңды тұлғалар занда белгіленген тәртіпке сәйкес Әділет министрлігі органдарында мемлекеттік тіркеуден өтіп, кәсіпкерлік қызметпен айналысады. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі "Лицензиялау туралы" заң күші бар Жарлығына сәйкес кейбір кәсіпкерлік қызмет түрімен айналысу үшін жеке немесе заңды тұлғалар (ұйымдық-құкықтық нысанына қарамастан) арнаулы рұқсат-лицензия алулары кажет. Лицензия — жеке немесе занды тұлғаларға белгілі бір мерзімге, қызметтің белгілі бір түрімен айналысуға және оны жүзеге асырудың шарттарын белгілейтін ресми құжат болып табылады. Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтар кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы "Шетелдік инвестициялар туралы" Заңына сәйкес тіркеуден өтеді. Осы қылмыстың объектісі болып кәсіпкерлердің мүддесін корғайтын қоғамдық қатынастарға қол сұғу танылады. Ондай қоғамдық қатынастар тізбегі Қазақстан Республикасының "Жеке кәсіпкерлік туралы" 1997 жылғы 6 маусымдағы арнайы Заңында көрсетілген.
Объективтік жағынан қылмыс мына төмендегі бірнеше балама әрекеттер арқылы сипатталады:
а) ұйымдық-құқықтық нысандарына немесе меншік нысандарына қарай жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін шектеу; б) жеке кәсіпкер мен коммерциялық ұйымның дербестігін шектеу, не оның қызметіне өзге де заңсыз араласу; в) сол сияқты заңды күшіне енген сот актісін бұза отырып жасалған осы қылмыс; г) немесе үлкен залал келтіріле отырылып жасалған осы әрекеттер.
Ұйымдық-құқықтык нысандарына немесе меншік нысандарына қарай жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін шектеуге — заңда белгіленген кәсіпкерлік қызметтің түрін таңдап алуға кедергі жасау; кәсіпкерлік қызметтің түрімен айналысуға субъектілердің тең құқығын бұзу, жеке немесе коммерциялық ұйымдардың кәсіпкерлік қызметін ашық немесе көмескі түрде тіркеуден жалтару, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға лицензия беруден негізсіз бас тарту немесе лицензия беруден ашық жалтару; жеке немесе коммерциялық ұйымдардың кәсіпкерлік қызметін экономикалық, ғылыми-техникалық немесе құқықтық жағынан негізсіз қолдамау, азаматтардың, занды тұлғалардың, мемлекеттік баскару органдарының занды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасауына байланысты әрекеттеріне сотқа шағымдану мүмкіндігін шектеу немесе одан айыру т.б. әрекеттер жатады. Жеке кәсіпкер мен коммерциялық ұйымның дербестігін шектеуге не оның қызметіне өзге де заңсыз араласуға — өндірістік бағдарламаларды өз бетімен жасау мүмкіндіктеріне кедергі қою; өз өнімдеріне тұтынушылар мен өткізушілерді сұрыптап алуды, олардың бағасын дербес белгілеуді шектеу; жеке немесе заңды тұлғалардың мүлкін, мүліктік құқығын, интеллектуалдық меншік объектілерін, қаржысын келісім-шарт негізінде пайдалануға тартуды тежеу; сыртқы экономикалык қызметті жүзеге асыруға негізсіз араласу әрекеттері жатады.
Заңды күшіне енген сот актісін бұза отырып заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасауға — жеке немесе коммерциялық ұйымдардың занды кәсіпкерлік қызметіне кедергі жасалуына байланысты (мысалы, мемлекеттік тіркеуден өткізбеу, заңсыз лицензия бермеу, әр түрлі кедергілер келтіру т.б.) кәсіпкерлердің сотқа шағымдануы негізінде анықталып, сот кұжатында көрсетілген, заңды күшіне енген талаптарды бұзу әрекеттері жатады.
Ірі залал келтіріле отырылып жасалған заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасауға азаматқа айлық есептік көрсеткіштен жүз есе асатын сомада келтірілген зиян не ұйым мен мемлекетке қылмыс жасалған сәтке Қазақстан Республикасының зандарында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын сомада келтірілген зиян жатады (189-баптың ескертуі). Өзінің зандылық құрылысына қарай талдап отырылған кылмыс кұрамы формальдық-материалдық кұрамға жатады. Қылмыс 189-баптың диспозициясында көрсетілген балама әрекеттердің біреуі жасалса аяқталған деп саналады.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналық арқылы істеледі. Кінәлі адам өзінің іс-әрекеті арқылы заңсыз кәсіпкерлік қызметке кедергі жасағанын сезеді, біледі және соны тілейді.
Қылмыстың субъектісі — арнаулы субъект, кәсіпкерлік қызметті тіркейтін, лицензия беретін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары.
Заңсыз кәсіпкерлік (190-бап)
Кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өткізбей не рұқсат (лицензия) алу міндетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, сондай-ақ кәсіпкерліктің тыйым салынған түрлерімен шұғылдану, егер осы әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе, не ірі мөлшерде табыс табумен немесе ірі мөлшерде акцизделетін тауарларды өндірумен, сақтаумен және өткізумен байланысты болса — іс-әрекет заңсыз кәсіпкерлік деп танылады (ҚК-тің 190-бабы).
Азаматтардың кәсіпкерлік қызметін тіркеудің тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 19-бабында көрсетілген. Осыған орай азаматтар арнайы көзделген жағдайларды қоспағанда заңды тұлға құрмай-ақ мемлекеттік тіркеуге тұрған уақыттан бастап кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы. Сондай-ақ шаруа (фермер) қожалығы; мердігерлік шарт және өзге де азаматтық-құқықтық шарттар негізінде бір жолғы жұмыс атқаратындар; көтерме және бөлшек сауда желісінен басқа өздеріне тиесілі мүлікті, сондай-ақ өндірілген, өңделген, сатып алынған өнімдерді оған қоса импорттық өнеркәсіптік және азық-түлік тауарларын сол үшін арнайы бөлінген жерлерде немесе комиссиялық дүкендер арқылы сатумен айналысатын азаматтар; жұмыс істеп, қызмет көрсетуден түскен түсімі жылына ең төменгі жиырма жалақы жиынтығынан аспайтын азаматтар мемлекеттік тіркеуден босатылады, бұлар заңды тұлғалар құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырады (АК-тің 19-бабының 4-тармағы).
Азаматтық кодекстің 42-бабына сәйкес заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің тәртібі көзделген. Осы және жеке кәсіпкерлік туралы 1997 жылғы 5 маусымдағы заңға, "Лицензиялау туралы" заң күші бар жарлыққа сәйкес кәсіпкерлік қызметті атқару арнаулы рұқсат лицензия болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Осыған орай осы қылмыстың объектісі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың мемлекет белгілеген бірқалыпты дұрыс қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады.
Қылмыс объективтік жағынан мынадай балама әрекеттерден құралады: 1. Кәсіпкерлік кызметті тіркеуден өткізбей не рұқсат (лицензия) алу міндетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензия шарттарын бұзып жүзеге асыру. Кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өткізбей жүзеге асыру занда белгіленген тіркеу тәртібін бұзып, бұл әрекетті жүзеге асыру болып табылады. Рұқсат (лицензия) алмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға — заңда белгіленген қайсыбір кәсіпкерлік қызметті атқаруға арнаулы рұқсат (лицензия) алу шарттарын бұзу жатады. Лицензия шарттарын бұзып кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға: лицензияда көрсетілмеген қызметті жүргізу немесе оның жүзеге асырылуы тәртібін бұзу, лицензияны бөтен адамға беру, қолданылу мерзімі өтіп кеткен лицензияны пайдалану және т.б.
Кәсіпкерліктің тыйым салынған түрлерімен шұғылдану. Заңда кейбір қызметтің түрлерімен кәсіпкерлікпен шұғылдануға тыйым салынған. Осыған қарамастан кәсіпкер заң нормасын бұзып, тыйым салынған кәсіппен шұғылданады.
Жоғарыда көрсетілген әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе, не ірі мөлшерде табыс табумен немесе ірі мөлшерде акцизделетін тауарларды өндірумен, сақтаумен немесе өткізумен байланысты болса.
Қылмыстық кодекстің осы бабының ескертуіне сәйкес заңсыз кәсіпкерлік (190-бап) және заңсыз банктік қызмет (191-бап) баптарында сомасы 500 жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын табыс — ірі мөлшердегі табыс, ал құны жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын тауарлар саны ірі мөлшердегі тауарлар деп, ал сомасы 2000 айлық есептік көрсеткіштен асатын табыс — аса ірі мөлшердегі табыс деп танылады.
Ірі зиянның түсінігі ҚК-тің 189-бабының ескертуінде берілген — ол азаматтар үшін айлық есептік көрсеткіштен 100 есе, ал ұйым мен мемлекетке 500 еседен асатын сомада болуы керек.
Заңсыз кәсіпкерлік қылмыс құрамы жөнінен материалдық құрамға жатады. Осыған орай қылмыс занда көрсетілген ірі зиян келтірілумен немесе ірі мөлшердегі табыс табумен байланысты аяқталған деп танылады. Субъективтік жағынан қылмыс кінәлінің қасақаналық нысаны арқылы жасалады. Қасақаналық тікелей немесе жанама болуы мүмкін. Қылмыстың субъектісі жалпы немесе арнаулы болуы мүмкін.
Қылмыстық кодекстің 190-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын: а) ұйымдаскан топ жасаған; б) аса ірі мөлшердегі табыс табумен ұштастырылған; в) заңсыз кәсіпкерлігі немесе заңсыз банктік қызметі үшін бұрын сотталған адам жасаған түрлері көрсетілген. Ұйымдасқан топтың түсінігі ҚК-тің 31-бабының 3-тармағында көрсетілген. Аса ірі мөлшердегі табыстың түсінігі 190-баптың ескертуінде берілген. Заңсыз кәсіпкерлігі немесе заңсыз банктік кызметі үшін Қылмыстық кодекстің 190 немесе 191-баптары бойынша бұрын сотталған, бірақ сотталғандық атағы занда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбағандар танылады (ҚК-тің 69, 77-баптары).
Заңсыз банктік қызмет (191-бап)
Ақша-несие жүйесіндегі қылмыстылық экономика саласындағы қылмыстардың ең қауіпті түрі болып отыр. Бұл қылмыс заңсыз кәсіпкерліктің ерекше бір көрінісі болып табылады.
Қылмыстық занда: "Банктік қызметті (банктік операцияларды) тіркеуден өткізбей немесе рұқсат (лицензия) алу міндетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, егер осы әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе, не ірі мөлшерде табыс табумен ұштасқан іс-әрекеттер заңсыз банктік қызмет деп белгіленген (ҚК-тің 191-бабы).
Қылмыстың объектісі ақша-несие жүйесіндегі заңмен белгіленген қоғамдық қатынастарға кол сұғу болып табылады.
Объективтік жағынан қылмыс құрамы мынадай бірнеше, жеке-дара әрекеттермен сипатталады: банктік қызметті (банктік операцияларды) тіркеуден өткізбеу; міндетті рүқсат (лицензия) алуды сақтамау; банктік кызметті лицензия шарттарын бұзып жүзеге асыру; көрсетілген әрекеттер ұйымға, мемлекетке ірі зиян келтіру немесе ірі мөлшерде табыс алумен байланысты болуы болып табылады.
Банктік қызметті (банктік операцияларды) лицензиясыз жүргізу, тіркеуден өткізбеу заңсыз әрекет деп танылады. Міндетті лицензия алуды сақтамау деп арнаулы занда көрсетілген осы талаптарды сақтамау саналады. Лицензия шарттарын бұзуға осында рұқсат етілген банктік қызметті (операцияларды) істемей басқа қызметпен шұғылдану әрекеттері танылады. Көрсетілген іс-әрекеттер заңда көрсетілген ірі зиян келтірумен немесе ірі мөлшерде табыс алумен ұштасуы қажет. Егер занда көрсетілген қылмыстық зардап орын алмаса, онда кінәлі адам әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін. Ірі зиян немесе ірі мөлшердегі табыстың түсінігі Қылмыстық кодекстің 190, 191-баптарында берілген. Қылмыстың субъектісі болып заңсыз банктік қызметпен айналысқан Қазақстан Республикасының азаматы, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамдар танылады.
Субъективтік жағынан қылмыс кінәнің қасақана нысаны арқылы жүзеге асырылады. Бұл жерде қасақаналықтың тікелей немесе жанама түрі де орын алады.
Ұйымдасқан топ жасаған, аса ірі мөлшерде табыс табумен ұштасқан, заңсыз банктік кызмет немесе заңсыз кәсіпкерлік үшін бұрын сотталған адам жасаған әрекеттер заңсыз банктік қызмет жүргізу құрамының ауырлататын түріне жатады (191-бап 2-тармағы). Бұл белгілердің түсінігі Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-тармағында көрсетілген осындай белгілерге ұқсас болып табылады.
Жалған кәсіпкерлік (192-бап)
Қылмыстық кодекстің 192-бабында "Жалған кәсіпкерлік, яғни кәсіпкерлік немесе банктік кызметті жүзеге асыру ниетінсіз несие алу, салық төлеуден босатылу, өзге де мүліктік пайда алу немесе тыйым салынған қызметті жасыру мақсаты бар азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірген коммерциялык ұйым құру — жалған кәсіпкерлік" деп белгіленген.
Қылмыстың тікелей объектісі кәсіпкерлік немесе басқа да коммерциялық әрекетті реттейтін қоғамдық қатынастар болып табылады. Қылмыстық жауаптылықтың басты шарты — азаматтың, ұйымның немесе мемлекеттің құқықтары мен мүдделеріне зиян келтіру болып табылады. Объективтік жағынан осы бапта көрсетілген қылмыс кұрамы: кәсіпкерлік немесе банктік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз, несие алу, салық төлеуден босатылу, өзге де мүліктік пайда алу немесе тыйым салынған қызметті жасыру мақсатымен занда белгіленген зардапты келтіре отырып коммерциялық ұйым құру әрекеті арқылы сипатталады. Қылмыс тек әрекет арқылы жүзеге асырылады. Жалған кәсіпкер коммерциялық ұйым құру үшін оны тіркету және оған лицензия алу үшін заңда көрсетілген барлық кұжаттарды дайындайды. Құрылтайшылар жиналысын өткізеді, жарғы қабылдап, қажет болған ретте құрылтайшы шартын бекітеді. Осыдан кейін кәсіпкерлік немесе банктік қызмет занды тіркеуден өткізіледі, оған лицензия беріліп, банк операцияларын жүзеге асыру үшін алымдағы және есептесу шоты белгіленеді. Осымен кәсіпкерлік ұйымның барлық заңды қызметі доғарылады да жалған кәсіпкер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке зиян келтіруге бағытталған басқа әрекет-термен шұғылданады: несие алады, азаматтардан немесе ұйымдардан ақша қаражаттарын жинайды, сөйтіп тыйым салынған қызметпен айналыса бастайды. Осындай әрекеттердің нәтижесінде қоғамға қауіпті зардап — азаматқа, ұйымға кауіпті зардап немесе мемлекетке ірі зиян келтіріледі. Осы уақыттан бастап қылмыс аяқталған деп танылады (ірі зиянның түсінігі ҚК-тің 189-бабының ескертуінде берілген). Қылмыстың құрамы зандылық мәні жөнінен материалдық құрамға жатады.
Субъективтік жағынан қылмыс қасақаналықпен (тікелей немесе жанама) жүзеге асырылады.
Қылмыстың субъективтік жағының қажетті белгісі — тыйым салынған қызметті жасыру, заңсыз несие алу, салық төлеуден босатылу немесе өзге де мүліктік пайда табу мақсаты болады.
Қылмыстың субъектісі — кез келген есі дұрыс, 16-ға толған азамат болады.
Заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру (193-бап)
Қылмыстық кодекстің 193-бабында "Көпе-көрінеу заңсыз жолмен алынған ақша қаражатымен немесе өзге де мүлікпен қаржылық операциялар немесе басқа да мәмілелер жасау, сондай-ақ аталған қаражатты немесе өзге де мүлікті кәсіпкерлік немесе өзге де экономикалык қызметті жүзеге асыру үшін пайдалану» қылмысының анықтамасы көрсетілген. Заңда мұндай әрекеттер заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру деп аталады.
Қылмыстың тікелей объектісі экономикалық қызмет аясындағы ақша қаражат айналымын реттеудің қоғамдық қатынастары болып табылады.
Осы қылмыс құрамының міндетті белгісі — оның заты болып табылады. Қылмыстың затына ақша қаражаты немесе заңсыз жолмен алынған өзге мүліктер жатады. Ақша қаражаты теңгелік немесе валюталық көріністе болады. Мүлік қозғалатын немесе қозғалмайтын (ғимараттар, құрылыстар, кешендер), сондай-ақ меншікке немесе жалға алынған жер учаскелері болуы мүмкін. Қылмыстық кодекстің 193-бабындағы көрсетілген әрекеттер нысаны бойынша заңды мәнге ие болған сияқты болып көрінеді, бірақ та мазмұны жөнінен алып қарағанда бұл әрекеттердің бәрі қылмысты әрекетке жатады, өйткені қылмыстың заты — ақша және мүлік заңсыз жолмен — талан-тараж, қызмет бабында пайдакүнемдікпен қиянат жасау, наркотикалық нәрселерді немесе қару-жарақты заңсыз сату, заңсыз кәсіпкерлік немесе банктік қызмет, жалған кәсіпкерлік, салықты төлеуден жалтару арқылы алынған.
Қылмыстың объективтік жағы — заңда белгіленген мынадай нысандар аркылы: 1) ақша қаражатымен немесе өзге мүлікпен қаржылық операциялар жасау; 2) басқа да мәмілелер жасау; 3) қаражатты немесе өзге де мүлікті кәсіпкерлік немесе өзге де экономикалық кызметті жүзеге асыру үшін пайдалану. Ақша қаражатымен немесе өзге мүлікпен қаржылық операциялар жасау деп заңсыз жолмен алынған ақша қаражаттарын пайдаланып банктік есеп ашу немесе жүргізуді, оны төлем қаражаты ретінде пайдалануды, осы қаражатқа акция, вексель, облигация, басқадай бағалы қағаздарды алуды немесе оларды басқадай айырбас құралы ретінде пайдалануды айтамыз.
Заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге де мүліктерді пайдалану арқылы азаматтық құқық және міндеттерді белгілейтін, өзгертетін немесе жоятын әрекеттерді (сатып алу, сату, айырбастау, сыйға беру, т.б.) істеуді басқа да мәмілелер жасау деп айтамыз.
Заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе мүлікті кәсіпкерлік немесе өзге де экономикалық қызметті одан әрі дамытуға жұмылдыру, жарғылық қорға айналдыру кәсіпкерлік немесе өзге де экономикалық қызметті заңсыз жүзеге асыру үшін пайдалану деп танылады.
Қылмыс құрамы жағынан формальдық құрамға жатады. Қылмыс объективтік жақтың осы белгілерінің біреуі жасалған уақыттан бастап аяқталған деп табылады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінөлі адам көрінеу заңсыз жолмен аталған ақша қаражатын немесе өзге де мүлікті заңдастыруды ұғынады және соны тілейді. Қылмыстық ниет субъективтік жақтың кажетті белгісі болып табылмағанымен, ол сөз жоқ соттың жаза тағайындау барысында есепке алынады. Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған есі дұрыс кез келген адам.
Қылмыстық кодекстің 193-бабының 2-тармағында мынадай ауырлататын белгілер көрсетілген: а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша; 2) әлденеше рет; 3) адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жасаған әрекеттер.
Егер заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге де мүлікті заңдастыруды бірлесіп жасау туралы күні бұрын — қылмыс істелгенге дейін уағдаласкдн адамдар қатысса, ол адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаған қылмыс деп танылады. Талданып отырған қылмыстың объективтік жағынан белгілерін екі немесе одан да көп жасау, егер адам бұрын жасалған қылмысы үшін заңмен белгіленген тәртіппен қылмыстық жауаптылықтан босатылмаса, не соттылығы жойылмаса немесе қылмыстық жауапқа тарту мерзімі өтпесе онда қылмыс әлденеше рет істелген деп танылады. Осы бап бойынша қызмет бабын пайдаланып жасаған әрекетке мемлекеттік органның, коммерциялық немесе өзге де ұйымның заң бойынша лауазымды адамы деп танылғандардың қылмыстары жатады. Қылмыстық кодекстің 193-бабының 3-тармағында осы қылмыстың өте ауырлататын белгілері көрсетілген. Олар ұйымдасқан топ, қылмыстық қоғамдастық (қылмысты ұйым) жасаған немесе ірі мелшерде жасалған әрекеттер. Ұйымдасқан топ пен қылмыстық қоғамдастықтың түсінігі ҚК-тің 31-бабының тиісінше 3, 4-баптарында берілген. Осы бап бойынша он мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға жасалған мәмілелер немесе ақша қаражатын немесе басқа мүлікті пайдалану ірі мөлшер деп танылады (ҚК-тің 193-бабының 1-ескертуі). Осы 193-баптың 2-тармағында көрсетілген ескертуге сәйкес заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе мүлікті заңдастыру дайындалып жатқаны не жасалғаны туралы өз еркімен мәлімдеген адам, егер оның іс-әрекетіне осы баптың екінші және үшінші тармағында көзделген қылмыстар немесе өзге де қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану (194-бап)
Қылмыстық кодекстің 194-бабында "Жеке кәсіпкердің немесе ұйымның шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйі немесе кепілдік мүлкі туралы немесе несиенің, демеу қаржының, несиелеудің жеңілдікті шарттарын алуға арналған елеулі мәні бар өзге де мән-жайлар туралы көпе-көрінеу жалған мәліметтерді банкке немесе өзге де несие берушіге беру арқы-лы жеке кәсіпкердің немесе ұйым жетекшісінің несие, демеу қаржы не несиелеудің жеңілдікті шарттарын алуы, сондай-ак несиелеуді, демеуқаржы беруді тоқтатуға, жеңілдіктерді жоюға не бөлінген несие мен демеуқаржы мөлшерлерін шектеуге әкеп соғатын мән-жайлардың пайда болуы туралы ақпаратты банкке немесе өзге несие берушіге хабарламау, егер осы әрекеттер ірі зиян келтірсе — несиені заңсыз алу» деп табылады делінген.
Қылмыстың тікелей объектісі банктік немесе басқадай несиелік ұйымдардың несиелік қызметін реттейтін қоғамдық қатынастары.
Несие дегеніміз банк немесе несиелік ұйымдардың қарыз алушыларға беретін ақшалай қаражаттары болып табылады. Ақша қаражаты — осы қылмыстың заты болып табылады.
Объективтік жағынан қылмыс іс-әрекеттен, қылмыстың зардабынан және себепті байланыстан тұрады.
Заң іс-әрекеттің мынадай нысандарын белгілеген: 1) несие алу, 2) несиені жеңілдік шарттармен алу. Бұл ретте жеке кәсіпкер немесе ұйым жетекшісі несие алуды немесе несиені жеңілдікпен алуды осы қылмыс құрамында көрсетілген тәсілдерді — жеке кәсіпкердің немесе ұйымның шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйі немесе кепілдік мүлкі туралы немесе несиенің, демеуқаржының, несиелеудің жеңілдікті шарттарына арналған елеулі мәні бар өзге де мән-жайлар туралы көпе-көрінеу жалған мәліметтерді банкке немесе өзге де несие берушіге беру туралы, сол сияқты несиелеуді, демеуқаржы беруді тоқтатуға, жеңілдіктерді жоюға не бөлінген несие мен демеуқаржы мөлшерін шектеуге әкеп соғатын мән-жайлардың пайда болуы туралы ақпаратты банкке, өзге несие берушіге хабарламау арқылы заңсыз түрде жүзеге асырылады. Бұл қылмыстың істелу тәсілі көрінеу жалған мәліметтер енгізілген ресми құжаттарды пайдалану болып табылады. Мұндай құжаттарда жеке кәсіпкердің немесе ұйым жетекшісінің қолы қойылып, белгіленген тәртіппен расталуы кажет.
Қылмыс занда көрсетілген зардап — ірі зиян келтірілсе аяқталған деп табылады. Зиян несие берушіге (банкке немесе өзге де несие берушіге) келтіріледі. Ірі зиянның түсінігі Қылмыстық кодекстің 189-бабының ескертуінде берілген.
Субъективтік жағынан қылмыс қүрамы тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады. Қылмыстың субъектісі — арнаулы субъект. Олар жеке кәсіпкер немесе ұйым жетекшісі.
Мемлекеттік мақсатты несиені не мемлекет кепілдігімен берілген несиені тікелей мақсатқа пайдаланбау, егер осы іс-әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе, ол қылмыс құрамының ауырлататын белгісі болып табылады (194-баптың 2-тармағы). Мемлекеттік мақсатты несие деп Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі арқылы белгілі бір мақсатқа пайдалануға (тұрғын үй құрылысы, фермерлік шаруашылықты дамыту, өнеркәсіп объектілерін салу) берілетін ақша қаражаттары болып табылады. Мемлекет кепілдігімен берілген несиеге ешбір процентсіз несие алушыға банк жүйелері арқылы белгілі бір мақсатқа пайдалану үшін ақша қаражатын белгілі бір мерзімге беру жатады.
Осы несиелерді тікелей мақсатқа пайдаланбау деп — мақсатты несиені не мемлекет кепілдігімен берілген несиені мүлдем міндеттемеде көрсетілмеген басқа мақсатқа пайдалануды айтамыз. Мысалы, шаруа қожалығының жетекшісі ауыл шаруашылық техникасын, тұқым сатып алу үшін мемлекеттен мақсатты несие ала отырып, бұл қаржыны басқа коммерциялық мақсатқа — құрылыс материалдарымен сауда-саттық жасауға жүмсайды. Несиені тікелей мақсатқа пайдаланбаудың салдарынан азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе — осы қылмыс құрамының ауырлататын түріне жатады. Ірі зиянның түсінігі Қылмыстық кодекстің 189-бабында берілген.
Кылмыстық кодекстің 194-бабының 2-тармағында көрсетілген қылмыс құрамының субъектісі 16-ға толған, кез келген есі дұрыс адам, яғни жай субъект.
Несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару (195-бап)
Қылмыстық кодекстің 195-бабына сәйкес ірі мөлшердегі несиелік берешекті өтеуден тиісті сот актісі занды күшіне енгеннен кейін ұйым жетекшісінің немесе азаматтың әдейі жалтаруы — несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару деп саналады.
Қылмыстың тікелей объектісі — несиелік шартқа қатысушының мүддесін белгілейтін қоғамдық қатынастар. Мұндай құқықтық қатынастар мәні немесе мазмұнына сәйкес азаматтық құқық нормалары арқылы реттеледі.
Кылмыстың объективтік жағы әрекетсіздік арқылы ірі мөлшердегі несиелік берешекті атаудан тиісті сот актісі занды күшіне енгеннен кейін әдейі жалтару бойынша жүзеге асырылады. Мұндай әрекетсіздікті істеуден әдейі жалтарған деп тануға — біріншіден несиелік берешекті өтеуден кінәлі адам тиісті сот актісі занды күшіне енгеннен кейін, екіншіден несиені өтеуден жалтару әдейі, үшіншіден ірі мөлшердегі несиелік берешекті өтеуден жалтару арқылы істелетіндігі негіз болады. Қылмыс құрамы жағынан формальдық болып табылады, қылмыс занда көрсетілген зардап ірі мөлшердегі несиені тиісті сот актісі занды күшіне енгеннен кейін өтеуден жалтарған уақыттан бастап аяқталған деп саналады. Ірі мөлшердегі несиелік берешектің түсінігі осы баптың ескертуінде көрсетілген.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі.
Қылмыстың субъектісі занда тура көрсетілген. Ол несие алған ұйым жетекшісі немесе жеке азамат.
Монополистік іс-әрекеттер және бәсекені әдейі шектеу (196-бап)
Қылмыстық кодекстің 196-бабында "Монополиялық жоғары немесе төмен бағаны белгілеу мен ұстап тұру, сондай-ақ рынокты бөліп алу, рынокқа кіруді шектеу, одан экономикалық қызметтің басқа да субъектілерін ығыстыру, бірыңғай баға белгілеу немесе ұстап тұру арқылы бәсекені шектеу, егер бұл әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе — монополистік іс-әрекеттер және бәсекені әдейі шектеу үшін" қылмыстық жауаптылық белгілеген.
Нарықтық экономиканың басты белгілерінің бірі нарықтық заңдардың өзін-өзі, яғни сұраныстың ұсынысты ретке келтіруі болып табылады. Осы жағдайға байланысты нарықтың бірқалыпты қызмет етуінің және дамуының басты шарттарының бірі болып бәсекеге негізделген заңдардың жүзеге асырылуы болып табылады. Бірақ та нарықтың өзін-өзі ретке келтіру процесінде сан қилы бәсекені әдейі шектейтін нысандарды туындатады. Мұндай ретте мемлекет құқық нормаларын ретке келтіру және қорғау мақсатымен экономикалық қызмет субъектілерінің қызметіне араласуға міндетті. Экономика саласында шаруашылық жүргізуші субъектілердің нарықтағы заңсыз үстемдікке жол бермеу, әр түрлі қиянаттарын тойтару мақсатымен мемлекет антимонополиялық реттеу аркылы экономикаға мемлекеттік ықпал етеді. Мемлекеттің монополиялық (мемлекеттік және табиғи) реттеуінің құқықтық базасы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдеде қабылданған "Табиғи монополиялар туралы" заңы болып табылады. Осы тұрғыдағы қоғамға қауіпті іс-әрекет қылмыс ретінде қарастырылып, оның жауаптылығы ҚК-тің 195-бабында көрсетілген.
Қылмыстың тікелей объектісі — адал бәсекеге негізделіп, нарықта үстемдік жағдайға ие болған шаруашылык субъектілерінің қызметін реттейтін қоғамдық қатынастар.
Қылмыс объективтік жағынан мынадай әрекеттерді істеу арқылы көрініс табады:
1) монополиялық жоғары немесе төмен бағаны белгілеу мен ұстап тұру; 2) бәсекені шектеу монополиялық іс-әрекеттер және бәсекені анықтау заңдарына сәйкес монополистік іс-әрекеттер бәсекені шектеуге, тежеуге немесе жоюға жол бермеуі қажет. Осыған байланысты монополиялық жоғары немесе төмен бағаны белгілеу мен ұстап тұру заңға қайшы әрекет болып табылады. Монополиялық жоғары баға белгілеу деп тауар нарығында үстемдік жағдайға ие болған шаруашылық субъектісінің, сапасы төмен тауарына көтеріңкі, жоғары баға қойып оған жұмсалған шығынын өндіріп алумен бірге одан пайда табуын айтамыз.
Монополиялық төмен бағаны белгілеуге нарықта үстемдік жағдайға ие болған шаруашылық субъектілерінің өзара келісіп бәсекені шектеу мақсатымен, бәсекелесін нарықтан ығыстыру үшін сатылатын тауарға көрінеу төмен баға белгілеп сатып алу, сөйтіп тауар өндірушіге зиян келтіру, тауар сатушылардың есебінен қосымша пайда табу сияқты әрекеттер жатады.
Бәсекені шектеу — рынокты бөліп алу, рынокқа кіруді шектеу, одан экономикалық қызметтің басқа субъектілерін ығыстыру, бірыңғай баға белгілеу немесе ұстап тұру әрекеттері арқылы көрініс табады.
Рынокты бөліп алу дегеніміз тауар өндірушілердің өзара келісіп сауда алаңын өзара бөліске салып, басқа тауар өндірушілерді сол жерге кіргізбеу амалын жасауы болып табылады немесе қаржысы көп кәсіпкер сауда орнындағы барлық қоймаларды, тауар сататын, сақтайтын орындарды жалға алып, оны мақсатты пайдаланбай, басқа субъектілердің рынокқа кіруіне қолдан шектеу жасайды. Кәсіпкерлер өзара келісіп басқа субъектілерді ығыстыру мақсатымен тауарларға бірыңғай жоғары немесе төмен баға белгілеп белгілі бір уақытка ұстап тұруы мүмкін, сөйтіп олар рынокта өздерінің үстемдігін орнату арқылы басқа кәсіпкерлерді сол орыннан ығыстырып шығарады. Осы көрсетілген әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе қылмыс құрамы аяқталған деп танылады. Осы қылмыс құрамы материалдық құрамға жататындықтан қоғамға қауіпті іс-әрекет пен оның зардабының арасындағы себепті байланысты анықтау қажет. Ірі зиянның түсінігі Қылмыстық кодекстің 189-бабында берілген.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың субъектісі — кәсіпкерлер немесе коммерциялық ұйым жетекшілері.
Қылмыстық кодекстің 196-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын белгілері көрсетілген: а) бірнеше рет; б) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша; в) ұйымдасқан топ жасаған; г) адамның кызмет бабын пайдалануымен жасалған әрекеттер.
Қылмыстық кодекстің 196-бабының 3-тармағында көрсетілген қылмысты ерекше тәсілмен істеу арқылы монополиялық баға белгілеуге немесе бәсекені шектеуге қол жеткені үшін жауаптылық белгіленген. Бұл күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқытып, сол сияқты бөтеннің мүлкін жойып не бүлдіріп, не оның мүлкін жоямын немесе бүлдіремін деп қорқытып жасалган (қорқытып алу белгісі жоқ) әрекеттер болып табылады.
Бұл жерде қорқыту қылмыстың тәсілі ретінде қарастырылады. Осындай қорқыту әрекеттері арқылы субъект монополиялық баға белгілеп бәсекені шектеуге әрекет етеді немесе мақсатына жетеді. Мұндағы күш қолданамын деп қорқыту, мүлікті жою, бүлдіру, немесе мүлікті бүлдіремін, жоямын деп қорқытудың түсінігі ҚК-тің 181-бабындағы осындай түсініктермен бірдей. Егер кінәлінің іс-әрекеті жоғарыда көрсетілген әрекеттерді істеу арқылы мүлікті немесе мүлікке құқықты беруді талап етумен ұштасса, онда оның әрекеті Қылмыстық кодекстің 181-бабымен сараланады.
Көпшілік сауда-саттықтар мен аукциоңдарды өткізудің белгіленген тәртібін әдейі бұзу (197-бап)
Кылмыстық кодекстің (197-бап) бойынша "Көпшілік сауда-саттықтар немесе аукциондар өткізу тәртібін өрескел бұзу мүлік иесіне, сауда-саттықты немесе аукциондарды ұйымдастырушыға, сатып алушыға немесе өзге шаруашылық жүргізуші субъектіге ірі зиян келтірсе"— қылмыстық жауаптылық белгіленген.
Қылмыстың объектісі болып көпшілік сауда-саттықтар мен аукциондарды өткізудің занда белгіленген тәртібіне байланысты қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың жәбірленушісі болып — мүлік иесі, сауда-саттықты, аукциондарды ұйымдастырушылар, сатып алушылар мен өзге шаруашылық субъектілері танылады.
Объективтік жағынан қылмыс құрамы мына әрекеттерді істеу арқылы жүзеге асырылады:
1) көпшілік сауда-саттық немесе аукциондар өткізу тәртібін өрескел бұзу;
2) осының салдарынан мүлік иесіне, сауда-саттықты немесе аукциондарды ұйымдастырушыға, сатып алушыға немесеөзге шаруашылық жүргізуші субъектіге ірі зиян келтірілсе;
3) қоғамға қауіпті іс-әрекет пен келтірілген зардаптың арасындағы себепті байланыс.
Көпшілік сауда-саттық немесе аукциондар өткізу тәртібі арнаулы нормативтік актілермен белгіленеді. Осы белгіленген ережелерді өрескел бұзу осы көрсетілген қылмыстың объективтік жағының белгісін құрайды. Өрескел бұзу деп сауда-саттық немесе аукцион өткізу тәртібін көрінеу бұзу, бұрмалау, теріс қолдану болып табылады. Егер осы әрекеттен жәбірленушіге ірі зиян келтірілсе қылмыс құрамы аяқталған деп танылады. Қоғамға қауіпті іс-әрекет пен келтірілген ірі зиянның арасын байланыстыратын себепті байланыс орын алуы қажет. Себепті байланыс жоқ болса қылмыс құрамы да болмайды. Осыған орай сауда-саттық немесе аукцион ережелерін өрескел бұзу заңда көрсетілген зардапқа әкеп соқпаса, онда кінәлінің іс-әрекеті қылмыс емес, басқа құқық бұзушылық ретінде сараланады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей және жанама қасақаналықпен істеледі. Өйткені кінәлі адам көпшілік сауда-саттықтар мен аукциондарды өткізудің белгіленген тәртібін әдейі бұзғанын біледі және соны бұзу арқылы заңда көзделген зардаптардың орын алуын тілейді немесе соған саналы түрде жол береді.
Қылмыстың субъектісі — сауда-саттық пен аукцион өткізуге жауапты жасы 16-ға келген, есі дұрыс адам.
Көрінеу жалған жарнама беру (198-бап)
Жарнамада жарнама берушінің пайдакүнемдік ниетпен жасаған және ірі зиян келтірген тауарларға, жұмыстарға немесе қызмет көрсетуге, сондай-ақ оларды өндірушілерге, орындаушыларға немесе сатушыларға қатысты көрінеу жалған ақпаратты пайдалануы — көрінеу жалған беру деп танылып, ол үшін Қылмыстық кодекстің 198-бабында жауаптылық белгіленген.
Қылмыстың тікелей объектісі — экономикалық қызмет субъектілерінің адал бәсекелестігін реттейтін қоғамдық қатынастар.
Объективтік жағынан қылмыс кұрамы іс-әрекет пен занда көрсетілген зардаптың болуымен және іс-әрекет пен зардап арасындағы себепті байланыстың болуы арқылы сипатталады.
Жарнама дегеніміз тауардың құны немесе басқа да қызмет көрсетудің, оларға деген сұранысты туғызудың шарттары туралы ақпарат болып табылады. Бұл қылмыстың объективтік жағы — жарнамада жарнама берушінің пайдакүнемдік ниетпен тауарлар, жұмыстар немесе қызмет көрсетулерге, сондай-ақ оларды өндірушілерге, орындаушыларға немесе сатушыларға қатысты жалған ақпаратты пайдалануы аркылы жасалады. Мысалы: тауардың сапасы туралы, жұмыс немесе кызмет көрсету — олардың адамдар және жануарлар дүниесіне қауіпсіздігі, тауардың дайындаушылары, жасалған орны, тауар белгісі туралы жалған ақпараттар беру. Мұндай іс-әрекеттермен күрес жүргізу тұтынушылар құқығын қорғау ассоциациясы арқылы жүзеге асырылады. Егер жоғарыда айтылған ақпараттарда көрінеу жалған мәліметтер берілсе, онда оның таратылуы осы қылмыстың объективтік жағының белгісін құрайды.
Көрінеу жалған жарнама беру үшін қылмыстық жауаптылық тек қана ірі зиян келтірілген жағдайда орын алады. Кұрылысы жағынан қылмыс құрамы материалдық. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен және пайдакүнемдік мақсатпен істеледі. Көрінеу жалған жарнама берген кінәлі адам өзінің жарнамада тауарларға, жұмыстарға немесе кызмет көрсетуге байланысты, сондай-ақ оларды өндірушілерге, орындаушыларға немесе сатушыларға қатысты көрінеу жалған ақпарат пайдаланғанын сезеді және тұтынушыларға және баскаларға ірі зиян келуі мүмкін екенін немесе мұндай зиян сөзсіз болатынын алдын ала болжайды, бірақ пайдакүнемдік мақсатпен соның болуын тілейді. Мұндай жарнама беру арқылы кәсіпкер өз тауарын, жұмыс немесе қызмет көрсету артықшылығын дәріптеп бәсекелесін рыноктан ығыстыруды ниеттейді. Осыған орай жарнама бергенде көрінеу жалған мәлімет беруді анықтау кажет. Егер мұндай жарнама абайсыздықпен таратылса, онда іс-әрекет қылмыс емес болып табылып, жауаптылық азаматтық құкық нормасы арқылы реттеледі.
Қылмыстың субъектісі — кәсіпкер, жарнама қызметін жүзеге асыратын жетекші немесе оны жүзеге асырушы.
Тауарлық белгіні заңсыз пайдалану (199-бап)
Тауарлық белгіні заңсыз пайдалану деген ұғым Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 199-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген екі бірдей жеке қылмыс құрамын қамтиды. Объектісі, субъектісі және субъективтік жақтары өзара ұқсас бұл қылмыс құрамдары бір-бірінен объективтік жағы және қылмыстың заты бойынша ғана ажыратылады.
Тауар белгісін заңсыз пайдалану — бұл арам ниетті бәсекелестіктің бір түрі. Арам ниетті бәсекелестік шаруашылық жүргізуші субъектілердің қолданылып жүрген зандардың, нормативтік актілердің талаптарына қайшы әрекет жасау арқылы кәсіпкерлік қызметте артықшылықтар алуға, басқа кәсіпкерлердің іскерлік беделіне, мүлкіне зиян келтіру әрекеттерін айтамыз.
Қылмыстық кодекстің 199-бабының 1-тармағында "Бөтеннің тауарлық белгісін, қызмет көрсету белгісін, фирмалық атауын, тауардың шығатын орнының атауын немесе олармен біртектес тауарларға немесе қызмет көрсетулерге арналған ұқсас таңбаларды заңсыз пайдалану, егер бұл әрекет бірнеше рет жасалса немесе ірі зиян келтірсе», ал осы баптың 2-тармағында "Қазақстан Республикасында тіркелген тауарлық белгіге немесе тауарлардың шыққан орнының атауына қатысты ескерту таңбаларын заңсыз пайдалану, егер бұл әрекет бірнеше рет жасалса немесе ірі зиян келтірсе — тауарлық белгіні заңсыз пайдалану құрамы орын алады" деп белгіленген.
Қылмыстың объектісі адал бәсекелестікті және тауар белгілерін пайдалану құқығын реттейтін қоғамдық қатынастар болып табылады.
Егер тауар тұтынушылардың заңды құқығы мен мүддесіне зиян келтірілсе, онда факультативті тікелей объектіге қол сұғылады.
Қылмыстың заты — тауарлық белгі, қызмет көрсету белгісі, фирмалық атау, тауардың шығатын орнының атауы немесе олармен біртектес тауарларға немесе қызмет көрсетулерге арналған ұқсас таңбалар. Бұл мәселелер Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 18 қаңтардағы "Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауардың шығатын орнының атауы туралы" арнаулы заңында көрсетілген.
Тауар белгісі — тауардың немесе біртектес тауардың өзіндік сөзбен, өрнекпен немесе басқадай шартты белгілері болып табылады. Тауар белгісін пайдалану тауар өндірушінің субъективтік құқығы және ондай белгіні пайдалануға тек қана патенттік ведомстводан тіркеуден өткен соң жол беріледі.
Қызмет көрсету белгісі — ұйымдардың көрсететін қызметі мен атқаратын жұмыстары туралы белгілері. Қызмет көрсету белгісі заңға сәйкес тауар белгісіне теңестіріледі. Қызмет көрсету белгісі тиісті заңды ұйымдар арқылы тіркеуден өтеді және оның иесіне тиісінше заңға негізделген куәлік беріледі.
Фирманың атауы да өзіндік белгілермен ернектеледі және ол да тиісті заңды ұйымда тіркеуден өтеді.
Тауардың шығатын орны — тауар шығатын мемлекеттің, тұрғын елді пункттің, географиялық объектінің атауы, ол тиісті заңмен белгіленген тәртіппен тіркеуден өтеді және ол жөнінде иеленушіге мерзімсіз уақытқа тауардың шығатын орнын көрсететін белгіні пайдалану құқығы беріледі.
Объективтік жағынан қылмыс әрекет арқылы — бөтеннің тауарлық белгісін оның иесінің келісімінсіз пайдалану, тауарға бөтен белгіні қосып көрсету, тауарды бөтеннің тауар белгісімен айналымға шығару, шындыққа сай келмейтін фирмалық атауды, тауардың шығатын орнының атауын немесе олармен біртектес тауарларға немесе қызмет көрсетулерге арналған ұқсас таңбаларды заңсыз пайдалану арқылы істеледі. Қылмыс көрсетілген әрекеттерді әлденеше рет (екі немесе одан да көп) көп істеген жағдайда (формальдық құрам) немесе заңда көрсетілген зардап — ірі зиян келтірілген уақыттан бастап (материалдық құрам) аяқталған деп танылады. Ірі зиянның түсінігі Қылмыстық кодекстің 189-бабында көрсетілген. Ірі зиян тауарлық белгінің занды иесіне, сондай-ақ тұтынушыларға келтірілуі мүмкін. Мұндай ретте іс-әрекет пен келтірілген зиянның арасындағы себепті байланысты анықтау кажет.
Қылмыс субъективтік жағынан — кінәнің қасақаналық нысаны арқылы істеледі (тікелей немесе жанама).
Субъект — арнаулы кәсіпкерлік немесе басқадай экономикалық қызметпен занды немесе заңсыз айналысатындар немесе басқару функциясын жүзеге асыратын ұйым жетекшісі немесе басқа адам.
Қылмыстық кодекстің 199-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын құрамы көрсетілген. Ауырлататын кұрамының затына — Қазақстан Республикасында тіркелген тауарлық белгіге немесе тауардың шыққан атауына қатысты ескерту таңбаларын заңсыз пайдалану жатады. Осы қылмыстың ауырлататын құрамының басқа белгілері негізгі құраммен (199-баптың 1-тармағы) түгелдей ұқсас.
Ескерту таңбалары дегеніміз тауарлық белгіден, қызмет көрсету белгісінен, фирмалық атаудан, тауардың шыққан орнының атауынан баска сол тауардың Қазақстан Республикасында өндірілгенін және сонда тіркелгенін білдіретін арнаулы белгі болып табылады.
Коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз алу мен жария ету (200-бап)
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабында "Коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді, құжаттарды ұрлау, коммерциялық немесе банктік құпияны білетін адамдарды немесе олардың туыстарын сатып алу немесе оларды қорқыту жолымен байланыс құралдарында ұстап алу, компьютерлік жүйеге немесе желіге заңсыз кіру, арнаулы техникалық құралдарды пайдалану арқылы, сондай-ақ бұл мәліметтерді жария ету не заңсыз пайдалану максатында өзге де заңсыз тәсілдермен жинау»— коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз алу мен жария ету деп танылады.
Қылмыстың тікелей объектісі коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар. Мұндай мәселелер «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығымен реттеледі.
Қылмыстың заты — коммерциялық және банктік құпияны құрайтын құжаттар.
Коммерциялық құпия — деп коммерциялық ұйымның кез келген жариялауға жатпайтын басқару, өндірістік, ғылыми-техникалық және өзге де іскерлік саласындағы мәліметтері болып табылады. Мұндай құпия коммерциялық (кәсіпкерлік) ұйымға бәсекелестікте артықшылықтар беруі немесе қосымша табыс табуға септігін тигізуі мүмкін. Осыған орай коммерциялық құпия заңмен қорғалады.
Банктік кұпияға — банктік есеп, банктік салым, жекелеген шоттар бойынша есептеу, банк салымшылары туралы мәліметтер жатады. Нормативтік актілерге сәйкес коммерциялық және банктік ұйымның құрылтайшы құжаттары, кәсіпкерлікпен шұғылдануға рұқсат беретін құжаттары, ұйымның каржы қызметіне байланысты тексеруге жататын мәліметтері, үкімет қаулысының арнаулы тізбегінде көзделген басқа да мәліметтер коммерциялық және банктік құпияға жатпайды.
Қылмыстық кодекстің 200-бабының 1-тармағында көрсетілген қылмыс құрамының объективтік жағының белгісі: коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді жинау болып табылады. Осындай мәліметтерді жинаудың тәсілдері заңда: құжаттарды ұрлау, коммерциялық немесе банктік құпияны білетін адамдарды немесе олардың туыстарын сатып алу немесе оларды қорқыту жолымен; байланыс құралдарын ұстап алу; компьютерлік жүйеге немесе желіге заңсыз кіру; арнаулы техникалық құралдарды пайдалану арқылы; сондай-ақ өзге де заңсыз тәсілдермен жинау деп нақты көрсетілген. Коммерциялық немесе банктік кұпиясы бар құжаттарды олардың иелігінен әр түрлі тәсілдерді колдана отырып заңсыз алу құжаттарды ұрлау деп танылады.
Коммерциялық немесе банктік құпияға катысы бар адамдарды, олардың туыстарын ақша, басқадай материалдық игіліктер беру арқылы сол құпияларды қолға түсіру сатып алу деп есептеледі.
Коммерциялық және банктік құпияны білетін адамдарды, олардың жақын туыстарын болашақта ұрып сабаймын, өлтіремін, денеге жарақат келтіремін, масқаралайтын мәліметтер таратамын, мүлкіңді жоямын, бүлдіремін деп осы құпия мәліметтерді талап ету қоркыту деп танылады. Байланыс құралдарын, арнаулы техникалық құралдарды пайдалану арқылы да банктік немесе коммерциялық құпиялары бар құжаттардың мазмұны, көшірмесі алынуы мүмкін. Компьютерлік жүйені немесе желіні заңсыз пайдалану арқылы құжаттарды пайдаланып, ондағы мәліметтерді қолға түсіруі де мүмкін.
Құрылысы жағынан 200-баптың 1-тармағындағы қылмыс құрамы формальдық құрамға жатады. Қылмыс осы құрамның объективтік жағының белгілерінің біреуін істеген уақыттан бастап аяқталған деп табылады.
Субъективтік жағынан талданып отырған қылмыс құрамы тікелей қасақаналықпен және арнаулы мақсатпен (коммерциялық немесе банктік құпияны жинау) жүзеге асырылады.
Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған, есі дұрыс, кез келген коммерциялық және банктік құпияға иелік етуге құқығы жоқ адам. Қылмыстық кодекстің 200-бабының 2-тармағында көрсетілген қылмыс құрамының объективтік жағының белгілері: коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді олардың иесінің келісімінсіз, бұл құпия қызметіне немесе жұмысына байланысты сеніп тапсырылған адамның ірі зиян келтіре отырып пайдакүнемдік немесе өзге де жеке басының мүддесіне жария етуі немесе пайдалануы деп көрсетілген. Мұндағы жария ету дегеніміз — коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді олардың иесінің келісімінсіз, осы құпия қызметіне немесе жұмысына байланысты сеніп тапсырылған адамның хат жазысу, жария түрде баяндама жасау, құжаттарды көрсету аркылы, тағы басқадай әрекеттері арқылы бөтен адамға жариялауы болып табылады. Бөтен адам деп қызметі немесе жұмысы бойынша коммерциялық немесе банктік құпияға ешбір қатысы жоқтарды айтамыз.
Пайдалану деп заңсыз жария етілген осы құпияларды бәсеке жақтың өз мүддесіне іске асырып, оның иесіне елеулі зиян келтіруін айтамыз.
Қылмыс құрамы материалдық. Осы жоғарыда көрсетілген әрекеттер ірі зиян келтіргенде қылмыс аяқталған деп табылады.
Қылмыс құрамы (200-баптың 2-тармағы) субъективтік жағынан қасақаналықпен (тікелей және жанама) істеледі. Қылмыстық ниет пайдакүнемдік және өзге де жеке мүдделік.
Қылмыстың субъектісі — арнаулы субъект. Қызметіне немесе жұмысына байланысты өзіне коммерциялық немесе банктік құпия мәлім болған адам.
Кәсіптік спорт жарыстарының және ойын-сауықтық коммерциялық конкурстардың қатысушылары мен ұйымдастырушыларын сатып алу (201-бап)
Қылмыстык кодекстің 201-бабында екі дербес қылмыс құрамы үшін жауаптылық белгіленген. Оның біріншісі: "Кәсіптік спорт жарыстарының спортшыларын, спорт төрешілерін, жаттықтырушыларын, команда басшылары мен басқа да қатысушыларын немесе ұйымдастырушыларын, сондай-ақ ойын-сауықтық коммерциялық конкурстардың ұйымдастырушыларын немесе қазылар алқасы мүшелерін осы жарыстардың немесе конкурстардың қорытындысына ықпал ету мақсатында сатып алу" (201-баптың 1-тармағы).
Бірнеше рет немесе ұйымдасқан топпен жасалған әрекеттер көрсетілген қылмыс құрамының ауырлататын түрі болып табылады (201-баптың 2-тармағы). Яғни 201-баптың 1 және 2-бөліктерінде кәсіптік спорт жарыстарын және ойын-сауықтық коммерциялық конкурстардың қатысушылары мен ұйымдас-тырушыларын сатып алу қылмысының құрамы белгіленген.
Қылмыстың тікелей объектісі — кәсіптік спорт жарыстарының және ойын-сауық коммерциялық конкурстардың ұйымдастырылуы мен оларға қатысудьщ тәртібін белгілейтін қоғамдық қатынастар болып табылады.
Қылмыстың затына — ақша, бағалы қағаздар және мүліктік заңсыз сыйақы немесе мүліктік сипаттағы қызмет көрсетулер жатады.
Объективтік жағынан қылмыс әрекет арқылы — кәсіптік спорт жарыстарының спортшыларын, спорт төрешілерін, жаттықтырушыларын, команда басшыларын, басқа да қатысушылар мен ұйымдастырушыларды, ойын-сауықтық коммерциялық конкурстардың ұйымдастырушыларын, қазылар алқасы мүшелерін сатып алу арқылы жүзеге асырылады.
Сатып алу дегеніміз жоғарыда көрсетілген адамдарға кінәлінің тікелей өзінің немесе делдал арқылы спорт жарыстарының немесе ойын-сауық конкурстарының қорытындысына ықпал ету мақсатымен ақша, мүлік тапсыруы немесе оларға мүліктік сипаттағы қызмет көрсетуі болып табылады.
Сатып алу нысандары мен тәсілдері мазмұны жағынан Қылмыстық кодекстің 231 және 312-баптарындағы қылмыс құрамдарының мазмұнымен ұқсас. Қылмыс құрамы құрылысы жөнінен формальдық құрамға жатады. Осыған орай Қылмыстық кодекстің 201-бабының 1-тармағының диспозициясында көрсетілген адамдардың сыйақының бір бөлігін алған немесе мүліктік сипаттағы қызмет көрсетуді бастаған уақыттан бастап аяқталған деп табылады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен және арнаулы мақсатпен істеледі. Кінәлі адам көрсетілген адамдардың біреуін жарыстар мен конкурстардың қорытындысына ықпал ету мақсатымен сатып алатынын сезеді және соны тілейді.
Қылмыстың субъектісі — сатып алу әрекетін істеген кез келген жасы 16-ға толған, есі дұрыс адам.
Қылмыстық кодекстің 201-бабынын 2-тармағындағы сатып алудың бірнеше рет істелген немесе ұйымдасқан топпен жасаған ауырлататын түрі үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген.
Қылмыстық кодекстің 201-бабының 3-тармағында "Спортшылардың өздеріне жарыс қорытындыларына ықпал ету мақсатында берілген ақшаны, бағалы қағаздарды немесе өзге де мүлікті заңсыз алуы, сондай-ақ спортшылардың осындай мақсатта өздеріне берілген мүліктік сипаттағы қызмет көрсетулерді заңсыз пайдаланғаны», ал 4-тармағында "Осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген мақсатта кәсіптік спорт жарыстары спорт төрешілерінің, жаттықтырушыларының, команда басшылары мен басқа да қатысушыларының немесе ұйымдастырушыларының, сондай-ақ ойын-сауықтық коммерциялық конкурстар ұйымдастырушыларының немесе қазылар алқасы мүшелерінің ақша, бағалы қағаздар немесе өзге де мүлікті заңсыз алуы, мүліктік сипаттағы қызмет көрсетулерді заңсыз пайдаланғаны үшін» қылмыстық жауаптылық белгіленген.
Объективтік жағынан алғанда Қылмыстык кодекстің 201-бабының 3, 4-тармақтарында көрсетілген қылмыстар әрекет күйінде — занда көрсетілген адамдардың заңсыз ақша, бағалы қағаздар немесе өзге де мүлікті заңсыз алуы, мүліктік сипаттағы қызмет көрсетуді заңсыз пайдалануы арқылы жүзеге асырылады. Қылмыс кұрылысы жағынан формальдық құрам. Сондықтан да қылмыс көрсетілген сыйақының бір бөлігін немесе мүліктік сипаттағы қызмет көрсету басталған уақыттан бастап-ақ аяқталған деп табылады.
Егер кінәлі адам заңсыз сыйақы алуды немесе мүліктік сипаттағы қызмет көрсетуді пайдалануы жарыс немесе конкурс қорытындысына ықпал ететін әрекеттерді істеуге байланысты болса, онда оның әрекеті қылмыс болып табылады.
Субъективтік жағынан кылмыс тікелей қасақаналықпен және арнаулы мақсатпен істеледі.
Қылмыстық кодекстің 201-бабының 3-тармағында көрсетілген құрамның субъектісі тек қана арнаулы субъект. Олар — спорт түріне қарамастан кәсіптік мәртебені пайдаланатын спортшылар. Қылмыстық кодекстің 201-бабының 4-тармағындағы қылмыс субъектілері — спорт төрешілері, жаттықтырушылар, команда басшылары, басқа да қатысушылар (менеджер, секундант) және кәсіптік спорттық жарысты ұйымдастырушылар; ойын-сауықтық коммерциялық конкурстар ұйымдастырушылар немесе олардың қазылар алқасының мүшелері.
Бағалы қағаздарды шығару (эмиссия) тәртібін бұзу (202-бап)
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында мемлекеттің шаруашылық қызметінде бағалы қағаздардың айналымының рөлі арта түспек. Бағалы кағаздар белгілі құндылыққа ие бола отырып, ол ақша қаражатымен бірдей төлем немесе айналым құралы ретінде немесе занда белгіленген басқа да қызметті атқарады. Осыған байланысты бағалы қағаздарды шығару тәртібін бұзу саласындағы әр түрлі қиянаттардың қоғамға қауіптілік дәрежесі ерекше зор. Бұл туралы "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы Заңында ерекше атап көрсетілген.
Қылмыстық кодекстің 202-бабында көрсетілген осы қылмыстың объектісі — бағалы қағаздарды шығару (эмиссия) тәртібін реттейтін қоғамдық қатынастар болып табылады. Бағалы қағаздарды шығару тәртібі Қазақстан Республикасының арнаулы заңымен белгіленген.
Қылмыстың заты — эмиссиялық бағалы қағаздар.
Азаматтық кодекстің 130-бабында бағалы қағаздың түрлері — облигация, вексель, чек, банк сертификаты, коносамент, акция және бағалы қағаздар қатарына жатқызылатын басқа да құжаттар деп көрсетілген.
Осы қылмыстың затына тек қана нарықтык айналымға шығарылатын бағалы қағаздар ғана жатады. Мұндай бағалы қағаздардың эмитенті болып Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінен бағалы қағаздарды шығаруға арнаулы рұқсат-лицензия алған қаржы ұйымдары болады.
Бағалы қағазға қойылатын барлық талаптарды куәландыратын ресми құжат — эмиссия проспектісі деп аталады.
Қылмыстың объективтік жағы мына әрекеттерді істеу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін:
Көрінеу сенімсіз ақпараты бар эмиссия проспектісін бекіту. Бұл ресми құжатқа жалғандық жасаудың бір көрінісі болып табылады. Бұл әрекетті эмитент акпараттың көрінеу сенімсіз екендігін және оны белгілі бір зардапқа әкеліп соғатынын біле тұра эмиссия проспектісіне енгізіп, бекітеді.
Бағалы қағаздарды шығару жөніндегі көрінеу сенімсіз есепті бекіту. Көрінеу сенімсіз есеп жалған құжаттың бір түрі, онда бағалы қағаз шығарудың көлемі, эмиссияланған бағалы қағаздарды шығарудың саны; оларды орналастыру мерзімінің басталуы және аяқталуы; бағалы қағаздардың бағасы және оны төлеу тәртібі; эмиссияланған бағалы қағаздардан алынатын табыс; эмиссияланған бағалы қағаздарды тіркеуді жүзеге асыратын органның атауы туралы көрінеу сенімсіз мәліметтер әдейі бекітіледі.
Құрылысы жағынан бұл қылмыс формальдық құрамға жатады. Қылмыс объективтік жақтың белгілерінде көрсетілген балама әрекеттердің біреуін істегеннен сон аяқталды деп танылады.
Субъективтік жағынан кылмыс қасақаналықпен жасалады. Қылмыстың субъектісі — арнаулы. Бағалы қағаздар рыногы туралы заңға сәйкес эмитент болып табылған лауазымды адамдар немесе бағалы қағаздың иеленушілері алдында өз атынан міндеткерлік алатындар.
Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіміне көрінеу жалған мәліметтер енгізу ((203-бап)
Қылмыстық кодекстің 203-бабында бағалы қағазды ұстаушылар тізіміне осы бағалы қағаздарға деген құқықтың баска адамға ауысуына әкеп соғатын көрінеу жалған мәліметтер енгізгені үшін жауаптылық белгіленген.
Қылмыстың объектісі бағалы қағаздарды ұстаушылар тізімін реттейтін қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың заты — бағалы қағаздар ұстауға құқық беретін құжат.
Қылмыс объективтік жағынан — әрекет аркылы бағалы қағазды ұстаушылар тізіміне осы бағалы қағаздарға деген құқықтың басқа адамға ауысуына әкеп соғатын көрінеу жалған мәлімет енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Қылмыстың істелу тәсілі — көрінеу жалған мәліметті осындай тізімге енгізу арқылы бағалы қағаздарға деген құқықтың басқа адамға ауысуына әкеліп соғатын әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Заң бойынша бағалы қағаз бойынша құқықтарды берудің тәртібі Азаматтық кодекстің 132-бабында көрсетілген. Қылмыс осы баптың талаптарына кереғар түрде заңсыз, әдейі істеледі.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі.
Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған, есі дұрыс адам. Осы баптың 2-тармағында қылмыстың ауырлататын түрі — ірі зиян келтірілген әрекет үшін жауаптылық белгіленген.
Бағалы қағаздармен жүргізілген операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтер беру (204-бап)
Қылмыстық кодекстің 204-бабында "Мүліктік пайда алу мақсатында мемлекеттік органдарға бағалы қағаздармен жүргізілген операциялар туралы ірі зиян келтірген көрінеу жалған мәліметтер бергені үшін» жауаптылық белгіленген.
Қылмыстың объектісі — бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларды ретке келтіретін қоғамдық қатынастар. Қылмыстың заты — бағалы кағаздар. Объективтік жағынан көрсетілген қылмыс құрамы белсенді әрекет күйінде — бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтер беру арқылы істеледі деп сипатталған. Осыған орай қылмыстың объективтік жағы — қылмыс істеу тәсілін көрінеу жалған мәліметгер беру арқылы яғни көзбояушылықпен жүзеге асырылатыны занда көрсетілген. Бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар туралы көрінеу жалған мәлімет, бағалы қағаздың шығарылуының жалпы көлемі, оның айналымдағы түрлері; бағалы қағаздардың бағасы және оларды төлеу тәртібі т.б. мәліметтер беру арқылы жүзеге асырылады. Яғни бұл жерде осы мәселеге байланысты операцияларға жалған мәліметтер ауызша немесе жазбаша енгізіліп, алдау амалдары қолданылады.
Қылмыс құрамы материалдық іс-әрекеттен ірі зиян келтірілуі қажет. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады.
Қылмыстың субъектісі 16-ға толған, есі дұрыс, өзіне бағалы қағаздармен операциялар жүргізу міндеттері жүктелген адам.
Бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзу (205-бап)
Қылмыстык кодекстің 205-бабында ірі зиян келтіріле отырылып бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзғаны үшін жауаптылық көзделген. Көрсетілген кылмыс құрамы объектісі, заты, субъективтік жағы және субъектісі бойынша Қылмыстық кодекстің 204-бабындағы құраммен ұқсас.
Бұл қылмыс құрамы объективтік жағынан заңмен белгіленген бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзу әрекеттері бойынша істеледі. Қылмыс құрамы бланкетті диспозицияға негізделген. Сондықтан да қылмыс құрамын дұрыс анықтау үшін осы құрамға байланысты арнаулы заңдарды, нормативтік актілерді дұрыс басшылыққа алған жөн.
Бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзуға: ұсынбалы ордерлік және атаулы бағалы кағаздарды заң құжаттарына сәйкес шығармау, бағалы қағазға койылатын талаптардың орындалмауы, бағалы қағаздардың міндетті реквизиттерін, бағалы қағаз нысанына қойылатын талаптардың т.б. бұзылуы жатады. Іс-әрекеттен ірі зиян келтірілсе қылмыс құрамы орын алады.
Қылмыс кұрамы тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады.
Қылмыс құрамының ауырлататын түрлеріне бірнеше рет, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топ болып жасаған әрекеттер (205-баптың 2-тармағы) жатады.
Жалған ақша немесе бағалы қағаздар дайындау немесе өткізу (206-бап)
Қылмыстың объектісі Қазақстан Республикасының ақша қаражат жүйелері болып табылады.
Қылмыстың заты — Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банкноттары мен монеттері, мемлекеттік бағалы қағаздар, Қазақстан Республикасының валютасындағы басқа қағаздар, шетел валютасы, шетел валютасындағы бағалы қағаздар. Бұлар Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24-желтоқсандағы "Валюталық реттеу туралы" заңымен реттеледі.
Объективтік жағынан іс-әрекеттер мынадай екі нысан арқылы сипатталады:
1) жалған ақша немесе бағалы қағаздарды дайындау; 2) жалған ақша мен бағалы қағаздарды сақтау; 3) жалған ақша мен бағалы қағаздарды өткізу. Ақша немесе бағалы қағаздарды дайындау толық немесе ішінара жүргізілуі мүмкін. Дайындау тәсілі қылмысты саралауға әсер етпейді. Дайындау әрекеттері қолдан немесе техника құралдарын пайдалану арқылы (баспаханалық тәсілмен, ротапринт, ксерокөшірме арқылы суреттерін қолдан жасау т.б.) жүзеге асырылады.
Әрекетті Қылмыстық кодекстің 206-бабымен саралау үшін дайындалған ақша немесе бағалы қағаздар осы аталған заттардың түпнұсқасымен — көлемі, түсі, нысаны, басқадай реквизиттері жөнінен бірдей, ұксас болуы қажет. Егер жалған ақша немесе бағалы қағаз дөрекі әдістермен жасалып, онын түпнұсқасына көрінеу сай келмесе, нәтижесінде мұндай жалған дүниені жаппай таратуға мүмкіндік жойылса, онда кінәлінің әрекеті нақты жағдайларға байланысты алаяқтық ретінде саралануы мүмкін. Жалған ақша немесе бағалы қағаздардың біреуін болса да дайындау осы қылмыстың аяқталғанын білдіреді. Жалған ақша немесе бағалы кағаздарды айналымға шығару оны өткізу деп танылады. Сақтау деп дайындалған жалған ақша мен бағалы қағаздарды өткізгенге дейін өз иелігінде ұстап тұруды айтамыз.
Өткізу — жалған ақша немесе бағалы қағаздарды төлем құралы ретінде пайдалану, айырбастау, сыйға беру, атқарылған жұмыс немесе қызмет көрсету ақысы ретінде төлеу әрекеттерін жүзеге асыру арқылы көрініс табуы мүмкін. Осы көрсетілген әрекеттердің біреуін істеу арқылы жалған ақша немесе бағалы қағаздардың біреуін өткізсе қылмыс аяқталған деп табылады.
Қылмыс тікелей қасақаналықпен және арнаулы мақсатпен істеледі. Кінәлі адам жалған ақша немесе бағалы қағаздарды өткізу мақсатымен жасағанын, сақтағанын немесе оны өткізгенін біледі және осы әрекеттерді істеуді тілейді.
Қылмыстың субъектісі — жалпы субъект. 16-ға толған, есі дұрыс кез келген адам.
Қылмыстық кодекстің 206-бабының 2-тармағында қылмыстың ауырлататын белгілері: ірі мөлшерде жасалған; не жалған ақша мен бағалы қағаздарды дайындағаны немесе өткізгені үшін бұрын сотталған адам жасаған әрекеттер; ал осы баптың 3-тармағында осы қылмыс құрамының өте ауырлататын белгісі: жоғарыда көрсетілген әрекеттерді ұйымдасқан топ боп жасаған жағдайлар көрсетілген.
Жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп құжаттарын дайындау немесе өткізу (207-бап)
Жалған төлем карточкаларына, сондай-ақ бағалы қағаздар болып табылмайтын өзге де төлем және есеп айырысу құжаттарын өткізу мақсатымен дайындау немесе өткізгені үшін қылмыстық жауаптылық Қылмыстық кодекстің 207-бабында белгіленген.
Қылмыстың тікелей объектісі — төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп құжаттарын дайындауды, айналымға шығаруды реттейтін қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың заты — төлем және есеп карточкалары, бағалы қағаз болып табылмайтын өзге есеп айырысу құжаттары.
Төлем және есеп карточкалары банктегі ағымдағы есеп, банк ашқан банк клиенттеріне берілген төлем құжаттары болып табылады. Өзге есеп құжаттарына (бағалы қағаз болып табылмайтын) — түрлі аккредитивтер, авизо, төлем тапсырмалары және осыларға теңестірілген заңмен белгіленген құжаттар жатады.
Қылмыс объективтік жағынан мына нысандардағы іс-әрекеттерді жасау арқылы сипатталады: 1) жалған төлем және есеп карточкаларын дайындау; 2) осы заттарды өткізу. Қылмыстың объективтік жағының бұл белгілерін Қылмыстық кодекстің 206-бабына талдау жасағанда толық ашып кеттік. Қылмыс осы әрекеттердің біреуін істеген уақыттан бастап аяқталған деп табылады. Өйткені бұл қылмыс формальдық құрамға жатады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен және арнаулы мақсат — жалған төлем карточкаларын, өзге есеп құжаттарын дайындау немесе өткізуді басшылыққа ала отырылып істеледі. Қылмыстың субъектісі 16-ға толған, кез кел-ген адам.
Осы баптың 2-тармағында қылмыстың ауырлататын белгісі: бірнеше рет немесе ұйымдасқан топ жасаған әрекеттер үшін жауаптылық көзделген. Олардың түсінігі ҚК-тің 11, 31-баптарында көрсетілген.
Акцизделетін тауарларды акциздік алым маркасымен таңбалаудың тәртібі мен ережелерін бұзу, акциздік алым маркасын қолдан жасау және қайталау (208-бап)
Едәуір зиян келтіруге әкеп соққан акцизделетін тауарларды акциздік алым маркасымен таңбалаудың тәртібі мен ережелерін бұзу, акциздік алым маркасын қолдан жасау немесе алу, сол сияқты оларды пайдалану немесе өткізу әрекеттері үшін Қылмыстық кодекстің 208-бабында жауаптылық белгіленген.
Қылмыстың объектісі акциздік алым маркасымен таңбалаудың акциздік алым маркаларын дайындау, пайдалану, өткізу тәртібін реттейтін қоғамдық катынастар.
Қылмыстың заты — акциздік алым маркалары. Акциз жанама салықтың бір түрі. Көбінесе көпшілік қолды тұтыну тауарларын, сонымен бірге коммуналдық, көліктік басқа да кең тараған қызметтерге салынатын салықтың бір түрі. Ол тауар бағасының немесе көрсетілген қызметтер үшін белгіленген тарифке кіреді, сөйтіп ол табыс көзіне айналады. Осыған байланысты салықтың осы түрін төлегендерге акциздік алым маркалары беріледі.
Қылмыстың объективтік жағы бірнеше әрекеттерді істеумен сипатталады. 1) Едәуір зиян келтіруге әкеп соккан акцизделетін тауарлардың акциздік алым маркасымен таңбалаудың тәртібі мен ережесін бұзу. Едәуір зиян он айлық есептік көрсеткіштен жүз есе алатын соманы айтамыз; 2) акциздік алым маркаларын қолдан дайындау; 3) осындай акциздік маркаларды алу; 4) сол сиякты қолдан жасалған акциздік маркаларды пайдалану; 5) қолдан жасалған акциздік маркаларды өткізу. Осында көрсетілген дайындау, алу, пайдалану, өткізу әрекеттерінің түсінігі Қылмыстық кодекстің 206, 207-баптарына талдау жасалғанда айтылды. Айлық есептік көрсеткіштен жүз есе асатын сомада келтірілген залал едәуір залал деп танылады. Құрылысы жағынан қылмыс материалдық құрамға жатады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен және мақсатпен жасалады. Кінәлі адам акцизделетін тауарларды акциздік алым маркасымен таңбалаудың тәртібі мен ережесін бұзады, акциздік алым маркаларын қолдан дайындайды немесе көрінеу қолдан жасалған акциздік марканы алады, пайдаланады немесе өткізеді. Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған, кез келген адам.
Экономикалық контрабанда (209-бап)
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан кеден бақылауын жанай немесе одан жасырын, не кұжаттарды немесе кедендік теңдестіру құралдарын алдап пайдалану арқылы тауарларды немесе өзге де заттарды осы Кодекстің 250-бабында көрсетілгендерін қоспағанда, не декларацияланбаумен немесе күмәнді декларациялаумен ұштасқан кедендік шекарадан өткізуге тыйым салынған немесе өткізу шектелген, кедендік шекара арқылы өткізудің арнайы ережелері белгіленген тауарларды, заттар мен құндылыктарды ірі мөлшерде өткізу — Қылмыстық кодекстің 209-бабында көрсетілген экономикалык контрабандының түсінігін береді.
Экономикалық контрабандының тікелей объектісі кеден шекарасынан өткізілетін тауарлар мен өзге заттарды (Кодекстің 250-бабында көрсетілгендерді қоспағанда) реттейтін қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың заты — Қылмыстық кодекстің 250-бабында көрсетілгендерден басқа тауарлар мен өзге заттар болып табылады.
Осы тауарлар мен өзге заттарды, құндылықтарды ірі мөлшерде кедендік шекарадан өткізген әрекеттер осы қылмыстың құрамын құрайды. Қылмыстық кодекстің 209-бабының ескертуінде, егер өткізілген тауарлардың құны бір мың айлық есептік көрсеткіштен асса, ірі мөлшерде жасалған әрекеттер деп танылады деп түсіндірілген.
Қылмыс объективтік жағынан мына іс-әрекеттерді істеумен сипатталады: экономикалық контрабанда заттарын кеден шекарасынан өткізу, қылмыс жасау орны — Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы; қылмыс істеу тәсілдері — контрабанда заттарын кеден бақылауынан жасырын, не құжаттарды немесе кедендік теңдестіру құралдарын алдап пайдалану, не декларацияланбаған немесе күмәнді декларация алумен ұштасқан, кедендік шекарадан өткізуге тыйым салынған немесе өткізуі шектелген, кедендік шекара аркылы өткізудің арнаулы ережелері белгіленген тауарлар мен құндылыктарды ірі мөлшерде өткізу.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1997 жылғы 18 шілдедегі №10 қаулысында "Контрабанда үшін қылмыстық жауаптылықты заңдарын қолдану жөніндегі тәжірибелер туралы" қаулысында осы мәселеге терең талдау берілген.
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан кеден бақылауын жанай немесе одан жасырын түрде өтуге (әртүрлі тәсілдерді қолданып заттарды жасырын өткізу, кеден шекарасын сырт айналып кету, бір затқа екінші бір затты қосып ізін жасыру т.б.) жатады.
Құжаттарды немесе кедендік теңдестіру құралдарын алдап пайдалануға кеден органдарына әртүрлі жалған құжаттар немесе теңдестіру құралдарын көрсету, көрінеу жалған құжаттарды қолдан жасау арқылы кеден шекарасынан өтуге тырысу немесе заңсыз жолмен алынған құжаттар мен теңдестіру құралдарын алдап пайдалануға тырысулар жатады.
Декларацияланбаған немесе күмәнді декларацияланумен ұштасқан әрекеттерге — декларациялануға міндетті тауарлар мен құндылықтарды кеден декларациясына енгізбеу; кеден декларациясына жалған мәлімет енгізулер жатады.
Кедендік шекарадан өткізуге тыйым салынған немесе өткізуге шектелген тауарлардың тізімі арнаулы нормативтік актілермен реттеледі.
Кедендік шекара аркылы өткізудің арнайы ережелері де сондай тәртіппен реттеледі. Қылмыстық кодекстің 209-бабының диспозициясы бланкеттік. Мұндағы кедендік шекара, кедендік декларация т.б. ұғымдардың түсінігі Қазақстан Республикасының Кеден кодексінде берілген, ал қандай тауарлар мен заттардың, құндылықтардың кедендік шекарадан өткізілуі немесе өткізілмеуі немесе оларға шек қойылуы арнаулы нормативтік актілерде белгіленген.
Қылмыс құрылысы жағынан формальдық кұрамға жатады. Жоғарыда көрсетілген заңсыз әрекеттер тауарларды, заттарды, құндылықтарды ірі мөлшерде контрабандалық жолмен өткізумен ұштасса қылмыс аяқталған деп танылады.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың субъектісі 16-ға толған, есі дұрыс адам.
Қылмыстық кодекстің 209-бабының 2-тармағында осы құрамның ауырлататын (бірнеше рет; лауазымды адам өзінің қызмет бабын пайдаланып, кеден бақылауын жүзеге асырушы адамға күш колдана отырып), ал 3-тармағында аса ауырлататын (ұйымдасқан топ жасағаны әрекеттер) белгілері көрсетілген.
Бірнеше мәрте жасалған қылмыстың түсінігі Қылмыстық кодекстің 2-бабында берілген.
Лауазымды адамның өзінің қызмет бабын пайдалануы. Мұнда кеден кызметі органдарының, сондай-ақ заңмен белгіленген мемлекеттік органдардың, басқа да лауазым адамдарының кеден шекарасынан өту барысында қызметін пайдаланып қиянат жасауы, кеден бақылауын жүзеге асырушыға күш көрсету әрекеттері туралы сөз болып отыр.
Шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (213-бап)
Қылмыстық кодекстің 213-бабы бойынша: ұйым басшысының Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес Қазақстан Республикасының уәкілетті банкіндегі шоттарға міндетті түрде аударылуға жататын шетел валютасындағы қаражатты шетелден ірі мөлшерде қайтармауы — қылмыс болып табылады.
Қылмыстың тікелей объектісі — мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметін реттейтін қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың заты — шетел валютасы.
Шетел валютасы дегеніміз басқа мемлекеттердің ақша жүйесінде айналымға шығарылған банкноттары болып табылады. Олар, мысалы, АҚШ-та — доллар, Англияда — фунт стерлинг, ГФР-де неміс маркасы т.б. Бұл қаражаттар Қазакстан Республикасының уәкілетті банкіндегі шоттарға аударылуға жататын болса, бірақ солай етілмей шетелде қалып қойса, онда ол осы қылмыс құрамының заты болып қарастырылады. Бұл ретте қылмыстық жауаптылықтың негізгі шарты — қайтарылмаған шетел валютасы ірі мөлшерде болуы қажет. Қылмыстык кодекстің осы бабының ескертуінде егер қайтарылмаған шетел валютасындағы қаражат сомасы бес мың айлық есептік көрсеткіштен асса ірі мөлшерде жасалған деп танылады деп түсінік берілген.
Қылмыстың объективтік жағы шетелден аударылуға жататын шетел валютасын қайтармау, яғни әрекетсіздік арқылы сипатталады. Мұндай шетелдік валюта Қазақстан Республикасынан сыртқары жерлерге сатылатын тауарлар үшін немесе атқарылған жұмыс, қызмет көрсетулер үшін Республиканың уәкілетті банкіндегі шоттарға белгіленген уақытта міндетті түрде аударылуға тиіс. Қылмыстық жауаптылық нақты адамның осы шетелдік валютаны Қазақстан банкіне аударуға нақты мүмкіндігі болған ретте және соған міндетті болса, бірақ соған қарамастан бұл әрекетті жүзеге асырмаған жағдайда орын алады. Яғни шетелдік валюта шетелдік банктің шотында немесе басқа жерде болуы, оны Қазақстан Республикасының уәкілетті банкіне аударуға белгілі бір адамның міндетті бола отырып, соны жүзеге асыруға, нақты мүмкіндігі бола отырып, соны істемеуін кінәлі адамның әрекетсіздігі деп білеміз. Егер шетелдік ұйымның теріс әрекеттерінен (мысалы коммерциялық алаяқтықтан) басқа көрсетілген валюталар басқа мақсаттарға жұмсалса немесе ондай қаражаттарды табу мүмкіндігі болмаса, онда адамды осы қаражатты шетелден қайтармады деп жазықсыз жазғыруға негіз жок.
Кылмыстың объективтік жағының тағы бір белгісі шетелден қайтарылмаған валютаның мөлшері болып табылады. Заңда ол ірі мөлшер деп көрсетілген.
Қылмыс шетел валютасындағы қаражатты қайтармаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Осыған орай арнаулы нормативтік актілер мен басқадай ресми құжаттар негізінде валюталық қаражатты шетелден қайтарудың мерзімін дәлме-дәл анықтау кажет.
Қылмыстың субъективтік жағы — тікелей қасақаналық. Кінәлі адам ірі мөлшердегі шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармағанын және қолданылып жүрген зандарға сәйкес оның Қазақстан Республикасының уәкілетті банкісіндегі шотына міндетті түрде аударылуға жататынын сезеді және оны Қазақстан Республикасына қайтармауды тілейді.
Қылмыстың субъектісі — арнаулы ұйым басшысы.
Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару (214-бап)
Қылмыстык кодекстің 214-бабында ірі мөлшерде кеден бажын, салықтарды, кеден алымдарын, лицензия бергені үшін алынатын алымдарды немесе басқа кедендік төлемдерді төлеуден жалтарғаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделген.
Қылмыстың объектісі мемлекеттік кеденді реттеу саласында қалыптасқан қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың заты — кеден төлемдері мен алымдары.
Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы кодекстің 18-бабына сәйкес кеден төлемдеріне — кеден бажы, кеден ақы және басқалар; кеден алымына — лицензиялар бергені үшін алым, маманның кедендік рәсімдеу жөніндегі біліктілік аттестатын бергені үшін алым, кедендік рәсімдеу үшін кедендік алым, тауарларды сақтау үшін кедендік алым, тауарларды кеденнен ілесе өткізгені үшін кедендік алымдар жатады.
Объективтік жағынан қылмыс әрекетсіздік арқылы — кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару арқылы жүзеге асырылады. Осыған орай кінәлі адамның кеден төлемдері мен алымдарын төлеуге міндетті болғанын және оны жүзеге асыруға толық мүмкіндігі болғанын анықтау ете қажет. Қылмыстық кодекстің 214-бабының негізгі шарты — қылмыстық жауаптылықтың ірі мөлшердегі кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтарған жағдайда ғана орын алатыны болып табылады.
Қылмыстық кодекстің 214-бабының ескертуінде "егер төленбеген кеден төлемдерінің құны бір мың айлық есептік көрсеткіштен асса кеден телемдерін төлеуден жалтару ірі мөлшерде жасалған деп танылады",— делінген. Бұл жерде төлемдер мен алымдарды төлеуден жалтарудың тәсілдері сан қилы болуы мүмкін. Олар алдау әрекеттері: кеден декларациясына көрінеу жалған мәліметтер енгізу; жалған құжаттарды пайдалану т.б. әрекеттер, қылмысты саралау үшін мұндай тәсілдердің маңызы жоқ, бірақ бұлар жаза тағайындағанда еске алынуы мүмкін. Қылмыс құрамы формальдық, ол төлемдер мен алымдарды төлеуден жалтарған уақыттан бастап аяқталған деп саналады.
Осы қылмыс құрамын Қылмыстық кодекстің 209-бабындағы экономикалық контрабанда, 250-бабындағы айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы құрамдарынан ажырата білудің маңызы зор. Осыған байланысты істелген іс-әрекеттер де Қылмыстық кодекстің 209, 250-баптарында көрсетілген белгілері жоқ болуы, оның ішінде осы баптарда көрсетілген қылмыстың арнаулы заттарының, қылмыстың осы құрамдарға тән тәсілдерінің орын алмауы басты шарт болып табылады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам ірі мөлшердегі кеден алымдары мен төлемдерін төлеуден жалтарғанын сезеді және соны тілеп әрекет істейді. Қылмыстық ниет — пайдакүнемдік.
Қылмыстың субъектісі — кеден төлемдері мен алымдарын төлеуге міндетті кез келген 16-ға толған, есі дұрыс адам.
Қылмыстық кодекстің 214-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері: а) бірнеше рет; б) лауазымды адамның қызмет бабын пайдаланып жасаған әрекеті; в) ұйымдасқан топпен немесе қылмыстық ұйыммен жасалған әрекеттер көрсетілген.
Банкроттық жағдайдағы заңсыз іс-әрекеттер (215-бап)
Кәсіпкерлік немесе басқа да экономикалық қызмет кәсіпкердің өзіне немесе несие берушілерге залал келтіру тәуекелімен тікелей байланысты өзі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты несие берушілердің талаптарын қанағаттандыра алмайтын жеке кәсіпкер сот шешімі бойынша банкрот деп танылуы мүмкін (КР АК-нің 27-бабы). Заңды ұйымдарда осындай негіздермен банкрот деп танылады (КР АК-нің 52—57-баптары). Қазақстан Республикасының 1998 жылы қаңтардың 21-індегі "Банкроттық туралы" Заңы.
Жеке кәсіпкердің немесе заңды түлғалардың соттың банкрот деп тануының негізі және тәртібі немесе олардың өзін ерікті түрде банкрот деп жария етуі, сондай-ақ банкрот болған заңды тұлғалардың қызметін тоқтату мәселелері Қазақстан Республикасының "Банкроттық туралы" арнаулы Заңы арқылы реттеледі.
Жеке кәсіпкерді немесе заңды ұйымды сот шешімімен банкрот деп жариялау және оларды жабу, тарату процесінде кейбір адамдар әр түрлі қиянаттар мен заңсыз іс-әрекеттер жасап, азаматқа, ұйымға, мемлекетке ірі зиян келтіруі мүмкін. Мұндай ретте олардың іс-әрекеті қылмыс деп танылуы мүмкін. Осыған орай Қылмыстық кодекстің 215-бабында "Мүлікті немесе мүліктік міндеттемелерді, мүлік, оның мөлшері, тұрған жері туралы мәліметтерді не мүлік туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлікті өзгенің иелігіне беру, мүлікті иеліктен шығару немесе жою, сондай-ақ экономикалық қызмет көрініс табатын бухгалтерлік және өзге де есеп құжаттарын жасау, жою, бұрмалау, егер бұл әрекетті банкроттық жағдайында немесе банкроттықты күн ілгері біле отырып, борышкер ұйымның басшысы немесе меншік иесі, не жеке кәсіпкер жасап ірі зиян келтірсе" банкроттық жағдайындағы заңсыз іс-әрекеттер деп танылады деп белгіленген.
Қылмыстың тікелей объектісі — банкроттық жағдайдағы несие берушілердің талаптарын қанағаттандыруды реттейтін қоғамдық катынастар.
Объективтік жағынан қылмыс мынадай іс-әрекеттер нысанын істеу арқылы жүзеге асырылады; 1) мүлікті немесе мүліктік міндеттемелерді, мүлік, оның мөлшері, тұрған жері туралы мәліметтерді, не мүлік туралы өзге де ақпаратты жасыру; 2) мүлікті өзгенің иелігіне беру; 3) мүлікті иеліктен шығару; 4) мүлікті жою; 5) экономикалық кызмет көрініс табатын бухгалтерлік және өзге де есеп құжаттарын жасыру, жою, бұрмалау.
Қылмыстың нақты жасалу нысандарына қарап қылмыстың заты — мүлік, мүліктік міндеттеме, мүлік туралы мәліметтер, бухгалтерлік және өзге де есеп құжаттары болуы мүмкін. Іс-әрекет белсенді әрекет күйінде (беру, иеліктен шығару, жою, бұрмалау) немесе әрекетсіздік нысанда (мүліктік міндеттемелерді немесе мүлік жөніндегі өзге де ақпаратты жасыру) арқылы жасалады.
Құрылысы жағынан бұл қылмыс материалдық құрамға жатады. Осыған орай қылмыстың зардабы — ірі зиян келтіру орын алуы шарт және де себепті байланысты анықтау қажет.
Осы қылмыс құрамының объективтік жағының міндетті белгісі — қылмыстың істелу жағдайы болып табылады. Бұл несие берушілердің талабын қанағаттандыра алмайтын банкроттық немесе банкроттықты күн ілгері білу жағдайында істелген әрекет. Қылмыс ірі зиян келтірілген уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Бұл зиян азаматтарға, ұйымдарға, мемлекетке келтірілуі мүмкін. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 21 және 51 -баптарында несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру тәртібі белгіленген, оларға: 1) кәсіпкер немесе заңды ұйымның азаматтардың өміріне және денсаулығына келтірілген зиян үшін, сондай-ақ алимент өндіріп алу жөніндегі талаптарын қанағаттандыру жөніндегі жауапкершілігі, 2) еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдардың еңбегіне ақы төлеу және авторлық шарттар бойынша сыйақы төлеу, 3) бюджетке немесе бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдер жөніндегі мемлекетке берешек, 4) несие берушілер жатады.
Зиян осы жоғарыда көрсетілген кез келген адамға, сондай-ақ міндетті төлемдерді алмаған жағдайда немесе несие беруші болып табылған ретте мемлекетке де келтірілуі мүмкін.
Субъективтік жағынан қылмыс қасақаналықтың екі түрімен (тікелей немесе жанама) жүзеге асырылады. Кінәлі адам мүлікті немесе мүліктік міндеттемелерді, мүлік, оның мөлшері, тұрған жері туралы мәліметтерді не мүлік туралы өзге де ақпаратты жасырғанын, мүлікті өзгенің иелігіне беретінін, оны иеліктен шығаратынын немесе жоятыны, сондай-ақ экономикалық қызмет көрініс табатын бухгалтерлік және өзге де есеп құжаттарын жасырғанын, жойғанын, бұрмалағанын сезеді, одан ірі зиян келетінін күні бұрын біледі және оның болуын тілейді (тікелей қасақаналық) немесе оған саналы түрде жол береді не оған немқұрайды қарайды (жанама касақаналық).
Қылмыстың субъектісі — арнаулы, ол ұйымның басшысы немесе меншік иесі, не жеке кәсіпкер.
Қылмыстық кодекстің 215-бабының 2-тармағында осы қылмыс құрамының ауырлататын түрі көрсетілген. Ол өзінің шын мәнінде дәрменсіздігін (банкроттығын) білетін борышкер ұйымның басшысының немесе меншік иесінің басқа несие берушілерге көпе-көрінеу зиян келтіре отырып, жекелеген несие берушілердің мүліктік талаптарын ірі мөлшерде зиян келтіре отырып қанағаттандыруы болып табылады. Бұл жерде кінәлі адам Азаматтық кодекстің 21 және 31-бабының талаптарын бұзу арқылы несие берушілердің талабын қанағаттандырудың заңда белгіленген кезегін өрескел бұзады, сөйтіп жекелеген несие берушілерге артықшылық жасай отырып, басқа несие берушілерге ірі мөлшерде зиян келтіреді.
Қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Өйткені ұйым басшысы немесе меншік иесі жекелеген несие берушілердің талабын заңсыз қанағаттандыра отырып, басқа несие берушілерге мүліктік залал келтіретінін сезеді және сол зардаптың болуын тілейді (тікелей қасақаналық) немесе соған саналы түрде жол береді немесе бұған немқұрайды қарайды (жанама қасақаналық).
Қылмыстың субъектісі — ұйым басшысы, не меншік иесі немесе жеке кәсіпкер.
Әдейі банкроттық (216-бап)
Қылмыстық кодекстің 216-бабында: "Әдейі банкроттық, яғни коммерциялық ұйым басшысының немесе меншік иесінің, сондай-ақ жеке кәсіпкердің жеке мүддесі немесе өзге адамдардың мүддесі үшін төлем қабілетсіздігін қасақана жасауы немесе ұлғайтуы ірі зиянға немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соғуы"— деп түсінік берілген.
Қылмыстың тікелей объектісі, ҚК-тің 215-бабында көрсетілген қылмыс құрамының объектісімен бірдей.
Объективтік жағынан көрсетілген қылмыс құрамы: 1) қылмысты әрекет күйінде; 2) ірі зиян немесе өзге де ауыр зардаптар келтіру арқылы және 3) іс-әрекет пен зардаптың арасындағы себепті байланыс арқылы сипатталады. Қылмысты әрекет әдейі банкроттық жағдайында жасалады. Әдейі банкроттық дегеніміз қасақана төлем қабілетсіздігін жасау немесе ұлғайту (зиянды мәмілелер жасау, бухгалтерлік есепті шатыстыру, ақша қаражатын ұйым мүддесінен тысқары жағдайларға жұмсау) болып табылады.
Әдейі банкроттықтан келген ірі зиянға — несие берушілердің, акциз иелерінің, басқа да контрагенттің экономикалық, қаржы жағдайын елеулі түрде күйзелту әрекеттері, ал өзге де ауыр зардаптарға әдейі банкроттықтың әсерінен көптеген қызметкерлердің жұмыссыз қалуы, маңызды мемлекеттік немесе қоғамдық шаралардың іске аспай қалуы, несие берушінің ауыр күйзеліске, ауруға шалдығуы т.б. жатады.
Әдейі банкроттықтағы келтірілген зардап пен істелген іс-әрекеттің арасында себепті байланыс болуы шарт. Қылмыс құрамы — материалдық. Қылмыс занда керсетілген ірі зиян немесе өзге де ауыр зардаптар орын алған жағдайда аяқталған деп табылады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей немесе жанама қасақаналықпен жүзеге асырылады. Кінәлі адам әдейі төлем қабілетсіздігін жасағанын немесе ұлғайтқанын біледі және одан ірі зиян немесе өзге де ауыр зардаптар болатынын біледі және соның болуын тілейді (тікелей қасақаналық) немесе соған саналы түрде жол береді не бұған немқұрайды қарайды (жанама қасақаналық).
Осы қылмыс құрамының субъективтік жағының міндетті белгісі — қылмыстық ниет болып табылады. Осы құрамның Диспозициясында әдейі банкроттық-коммерциялық ұйым басшысының, меншік иесінің, жеке кәсіпкердің жеке мүддесі немесе өзге адамдардың мүддесі үшін жүзеге асырылатындығы көрсетілген. Мұндай мүдделілік — мүліктік немесе мүліктік емес болуы мүмкін. Кінәлі адам жеке баю, басқадан кек алу немесе қоғамға жат мазмұндағы ниеттерді басшылыққа алуы ықтимал.
Қылмыстың субъектісі — арнаулы: коммерциялық ұйым басшысы немесе меншік иесі, жеке кәсіпкер.
Жалған банкроттық (217-бап)
Қылмыстық кодекстің 217-бабында жалған банкроттық үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген. Осы бапта коммерциялық ұйым басшысының немесе меншік иесінің, сондай-ақ жеке кәсіпкердің несие берушіге тиесілі төлемдерін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу немесе борышын азайту, сол сияқты борышын төлемеу үшін несие берушілерді жаңылыстыру мақсатында өзінің дәрменсіздігі туралы көпе-көрінеу жалған хабарлауы, егер бұл әрекет ірі зиян келтірсе — жалған банкроттық болып табылады деп белгіленген.
Қылмыстың тікелей объектісі Кылмыстық кодекстің 215, 216-баптарындағы көрсетілген қылмыс объектілерімен бірдей.
Қылмыстың объективтік жағы мынадай үш түрлі белгілермен сипатталады: 1) қылмысты іс-әрекет нысанында істеу; 2) қылмыстық зардаптың орын алуы; 3) іс-әрекет пен зардаптың арасындағы себепті байланыс.
Бұл жерде әрекет — жалған банкрот деп жариялау, яғни өзінің дәрменсіздігі туралы көпе-көрінеу жалған хабарлау арқылы көрініс табады.
Кінәлі адам бұл әрекетті несие берушінің тиесілі төлемдерді төлеу жөніндегі талаптарды қойған уақытында немесе одан бұрын жүзеге асыруы мүмкін. Сырттай қарағанда жалған банкроттықты жариялау заңды сияқты болып көрінеді. Бірақ шын мазмұны жағынан мұндай хабарлау жалған болуы қажет. Шындығында коммерциялық ұйым басшысы, меншік иесі, жеке кәсіпкер экономикалық қызметтің толыққанды субъектісі бола отырып несие берушілердің алдында өз міндеттемелерін орындауға, төлемдерді қайтаруға толық мүмкіндігі болады. Бірақ та өзін жалған банкротпын деп хабарлап осыны қуаттайтын өтірік ресми құжаттар жасау аркылы несие берушілердің алатын заңды төлемдерін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу, сондай-ақ борышын азайту, төлемеу арқылы олардың мүддесіне киянат жасап, ірі зиян келтіреді. Бұл ретте жалған ресми құжат жасау жалған банкроттық құрамын жүзеге асырудың тәсілі ретінде көрініс табатындықтан барлық іс-әрекеттер Қылмыстық кодекстің 217-бабымен қамтылады. Қылмыс құрамы — материалдық. Занда көрсетілген ірі зиян келтіру орын алған кезден бастап ол аяқталған деп танылады.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен және арнаулы банкроттықты жариялай отырып несие берушілерге ірі зиян келтіретінін сезеді және бұл зиянның болатынын күні бүрын біледі және оның болуын белгілі бір мақсатты басшылыққа ала отырып тілейді. Бұл мақсат несие берушілерді жаңылыстыру болып табылады. Осының нәтижесінде кінәлі адам: несие берушілерге тиесілі төлемдерді кейінге калдыру немесе бөліп-бөліп төлеу немесе борышын азайту, сол сияқты борышын төлемеу мақсаттарына жету мүмкіндігін жүзеге асыруы мүмкін. Қылмыстың субъектісі: коммерциялық ұйым басшысы немесе меншік иесі, сондай-ақ жеке кәсіпкер.
Бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу (218-бап)
Бухгалтерлік есеп жүргізуге уәкілетті адамның заңдарда көзделген мәліметтерді құжаттаудан жалтаруы не осы адамның есепке алу немесе есеп беру кұжаттарына ұйымның шаруашылық және қаржы қызметі туралы көпе-көрінеу жалған ақпаратты енгізуі, сондай-ақ ірі зиян келтірген қаржы және басқа есепке алу немесе есеп беру құжаттарын оларды сақтау мерзімі аяқталғанға дейін жойғаны үшін қылмыстық жауаптылық 218-бапта көрсетілген.
Қылмыстың объектісі — бухгалтерлік есеп ережелерін реттейтін қоғамдық қатынастар. Бұл қатынастар "Бухгалтерлік есепке алу туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығымен реттеледі.
Қылмыстың заты — бухгалтерлік есеп жүргізу құжаттары.
Қылмыс объективтік жағынан іс-әрекеттер, қылмыстық зардап және себепті байланыс белгілері бойынша сипатталады. Бұл жерде әрекет: 1) бухгалтерлік есеп жүргізуге уәкілетті адамның зандарда көзделген мәліметтерді құжаттардан жалтаруы; 2) есепке алу немесе есеп беру құжаттарына көпе-көрінеу жалған ақпарат енгізуі; 3) есепке алу немесе есеп беру құжаттарын сақтау мерзімі аяқталғанға дейін жоюы арқылы жүзеге асырылады. Бүл әрекеттер бухгалтерлік есеп-қисап құжаттарына әр түрлі жалғандықтар жасау арқылы жүзеге асырылады. Қылмыс құрамыньщ диспозициясы бланкеттік болып табылады. Бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу арнаулы заңдар мен басқа да нормативтік актілермен реттеледі. Осыған орай бухгалтерлік есеп жүргізуге уәкілетті адам заң талабына сәйкес барлық мәліметтерді құжаттап отыруға міндетті және мұндай мәліметтер шындыққа, дұрыс ақпаратқа негізделуі тиіс. Занда есепке алу немесе есеп беру құжаттарын сақтау мерзімі белгіленген, оны сақтау мерзімі өткенше жоюға жол берілмейді.
Кінәлі адам осы заң талаптарын бұза отырып, өз әрекеті бойынша ірі зиян келтіреді. Мұндай ретте іс-әрекет пен келтірілген зиянның арасындағы себепті байланысты анықтау қажет. Қылмыс құрамы материалдық, ол занда көрсетілген зардап ірі зиян орын алған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей немесе жанама қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам ұйымның шаруашылық және қаржы қызметі туралы бухгалтерлік есеп ережелерін бұзғанын біледі, одан туатын зардапты көреді және соның болуын тілейді немесе соған саналы түрде жол береді.
Қылмыстық ниет әр түрлі болуы мүмкін, оның іс-әрекетті саралауға қатысы жок, тек жаза тағайындағанда ғана еске алынады.
Қылмыстың субъектісі арнаулы — бухгалтерлік есеп жүргізуге уәкілетті адам.
Банк операциялары туралы көрінеу жалған мәліметтер беру (219-бап)
Банк қызметкерлерінің заңды немесе жеке түлғалардың банк шоттары бойынша операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтер беруі, сондай-ақ осы банктің іс жүзіндегі қаржы жағдайымен көрінеу қамтамасыз етілмеген кепілдемелер, кепілдіктер және өзге де міндеттемелер беруі, егер бұл іс-әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе немесе келтіруі мүмкін болса Қылмыстық кодекстің 219-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық туындайды.
Қылмыстың объектісі — банк операцияларын реттейтін қоғамдық қатынастар.
Қылмыс объективтік жағынан мынадай белгілермен сипатталады: 1) белсенді әрекет арқылы; 2) занда көрсетілген зардапты келтіру; 3) әрекет пен келтірілген зардаптың арасындағы себепті байланыс. Әрекет: 1) заңды немесе жеке тұлғалардын банк шоттары бойынша операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтер беруі; 2) банктің іс жүзіндегі каржы жағдайымен көрінеу қамтамасыз етілмеген кепілдемелер, кепілдіктер және қзге де міндеттемелер беруі; 3) осы әрекеттердің азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтіруі немесе келтіру мүмкіндігін тудыруы арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілген қылмыс құрамының диспозициясы бланкеттік болып табылады. Банк операциялары туралы мәліметтерді берудің тәртібі Азаматтық кодексте, Қазақстан Республикасының банк және банк жүйелері заңында,Ұлттық банктің нормативті актілерінде, әр түрлі нұсқауларында көрсетілген.
Осы заң және басқадай нормативтік құқықтық актілер тыйым салған әрекеттерді жүзеге асыра отырып банк шоттары бойынша операциялар туралы өтірік мәліметтер беру, банктің камтамасыз ете алмайтын жағдайына қарамастан кепілдемелер мен кепілдіктер беру — ірі зиян келтіре отырылып немесе ірі зиян келтірілу мүмкіндігі туғызылып жүзеге асырылса қылмыс болып табылады.
Қылмыс құрамы материалдық — формальдық. Ол заңда көрсетілген іс-әрекеттерді істеу арқылы зиян келтірілсе немесе зиян келтірілу мүмкіндігі болса аяқталған деп танылады.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады. Кінәлі адам банк операциялары туралы азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтіретінін немесе келтіруі мүмкін екенін сезеді және одан зардап болуы мүмкін екенін күні бұрын біледі және соның болуын тілейді.
Қылмыстың субъектісі арнаулы — банк операцияларын жүргізуге құқылы банк қызметкері.
Банктың ақша қаражатын заңсыз пайдалану (220-бап)
Банк қызметкерлерінің банктің өз қаражатын және (немесе) банктің тартылған қаражатын көпе-көрінеу қайтымсыз несие беру немесе банкке көпе-көрінеу пайдасыз мәмілелер жасау үшін пайдалануы, сондай-ақ банк клиенттеріне не басқа адамдарға негізсіз банк кепілін немесе негізсіз жеділдік шарттарын беруі, егер осы әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе Қылмыстық кодекстің 220-бабы бойынша жауаптылық туындайды.
Қылмыстың объектісі, субъективтік белгісі және субъектісі Қылмыстық кодекстің 219-бабындағы қылмыс құрамымен ұқсас.
Объективтік жағынан көрсетілген қылмыс құрамының белгілері төмендегідей: 1) банк қаражатын немесе банкке тар қаражатты көпе-көрінеу қайтарымсыз несие беру немесе банкке көпе-көрінеу пайдасыз мәмілелер жасау үшін пайдалану. Банк туралы заңдарға байланысты несие белгілі бір уақытқа қайтарылатын және банкке пайда түсіретін жағдайда берілуі қажет. Заң талаптарын сақтамау қылмыстық құкық нормасына қайшы болып табылады.
2) Банк клиенттеріне не басқадай адамдарға негізсіз банк кепілін немесе негізсіз жеңілдік шарттарын беру. Банк кепілдігін және оның жеңілдік шарттарын беру заңмен реттелген. Клиенттерге не басқадай адамдарға оны негізсіз беру заңға қайшы әрекет болып табылады. Қылмыстық кодекстің 220-бабында көрсетілген осы іс-әрекеттерді істеу азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе ғана кінәлі адам қылмыстық жауапка тартылады. Ірі зиянның түсінігі 189-баптың ескертуінде берілген. Ірі зиянға әкеліп соқпаған заңсыз іс-әрекеттер үшін тәртіптік, әкімшілік жауаптылық туындауы мүмкін. Қылмыстық кодекстің 220-бабы материалдық құрамға жатады. Қылмыс занда көрсетілген ірі зиян келтірілген уақыттан бастап аяқталған деп саналады. Осы баптың 2-тармағында қылмыс құрамының ауырлататын түрі көрсетілген. Ол банк клиенттерінің банк шоттары бойынша ақша сомаларын, оның ішінде валюта қаражатын көпе-көрінеу дұрыс аудармауы немесе көпе-көрінеу уақтылы аудармауы, егер осы әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтіруі болып табылады. Яғни кінәлі адам клиенттерге тиісті валюталарды, сомаларды дер кезінде, заңда белгіленген тәртіппен олардың есептеріне дұрыс аудару талаптарын оларға ірі зиян келтіре отырып жүзеге асырады. Ауырлататын осы құрам үшін қылмыстың жаңа мөлшері көтеріңкі түрде белгіленген.
Азаматтың салық төлеуден жалтаруы (221-бап)
Азаматтың декларация табыс етуі міндетті болып табылатын жағдайларда табыстары туралы декларацияны табыс етпеуі аркылы не декларацияға немесе салықтарда немесе мемлекеттік бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді есептеу немесе төлеуге байланысты өзге де құжаттарға кірістер немесе шығыстар туралы не салық салынуға тиісті мүлік туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізу арқылы салық немесе мемлекеттік бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруы, егер бұл әрекет ірі мөлшерде салық немесе міндетті төлемдерді төлемеуге әкеп соқса Қылмыстық кодекстің 221-бабының бірінші тармағы бойынша жауаптылық туындайды
Қылмыстың тікелей объектісі — мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыру және мемлекеттік салық салу саласын реттейтін қоғамдық қатынастар.
2001 жылы 12 маусымда кабылдаған, 2002 жылдын 1 қаңтарынан бастап занды күшіне енген кылмыстың заты — табыс туралы декларация.
Салық және бюджетке төленетін баска да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасы салық кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғалар есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызына дейін табыс туралы декларацияны салық қызметі органдарына тапсырады. Мұндай декларацияны: төлем кездеріне салық салынбайтын табыстары бар; салық жылы құрылыс салған немесе жалпы сомасы жылына 1000 айлық есептік көрсеткіштен астам ірі сатып алу жасаған; Қазақстан Республикасынан тысқары орналасқан шетел банктеріндегі шоттарда ақшалай қаражаты бар; Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерден табыс алушы жеке тұлғалар тапсырады. Табыс туралы декларацияда азаматтың жыл бойы тапқан барлық табыстары көрсетіледі. Осы құжат арқылы азаматка салынатын табыс салығының көлемі анықталады. Азаматтардың қандай ретте декларация тапсыруға міндетті болатыны заңда арнайы көрсетілген. Бұл қылмыстық жауаптылықтың негізгі шарты болып табылады.
Қылмыс объективтік жағынан әрекет немесе әрекетсіздік нысанда жүзеге асырылады. Әрекетсіздік — салық төлеуден жалтару аркылы көрініс табады. Бұл салық органдарына заң бойынша міндетті болып табылатын, белгіленген мерзімге табыстары туралы декларацияны бермеу салық салынуға тиісті мүлік туралы көрінеу бұрмаланған деректер енгізу арқылы салық не мемлекеттік бюджетке төленетін өзге де төлемдерді төлеуден жалтару, не декларацияға немесе салықтарды, мемлекеттік бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді есептеу мен төлеуге байланысты бұрмалау арқылы жасалады. Қылмыстық жазаланатын әрекет кінәлі адамның көрінеу жалған декларациялар жасап, оған шындыққа жатпайтын деректерді (табыс көзі туралы деректерді көрсетпеу; табыс көлемін аз көрсету; шығыс туралы көбірек көрсету) мемлекеттік салық органына табыс етуі арқылы іске асырылады.
Қылмыс құрамы материалдық және қылмыстық жауапқа тартудың шарты — азаматтың ірі мөлшердегі салық төлеуден жалтаруы болып табылады. Осы баптың ескертуінде "егер төленбеген салық немесе міндетті төлемдер сомасы бес жүз айлық есептік көрсеткіштен асса азаматтың салықты немесе мемлекеттік бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдері төлемеуі ірі мөлшерде жасалған деп танылады" деп белгіленген. Салық төлеуден жалтару әрекеттері мен одан туындаған зардаптың арасында себепті байланыс бар.
Қылмыстың субъективтік жағы — тікелей қасақаналық. Кінәлі адам салық төлеуден жалтару мақсатымен табыс туралы декларацияны тапсырмаудың қоғамға қауіптілігін ұғады және одан туатын зардаптың болуы мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын ала біледі және осы зардаптардың болуын тілейді.
Қылмыстың субъектісі — арнаулы: табыс туралы декларацияны салық органдарына тапсыруға міндетті салық төлеуші адам. Бұлар Қазақстан Республикасының азаматтары, шет елдіктер немесе азаматтығы жоқтар болуы мүмкін.
Қылмыстық кодекстің 221-бабының 2-тармағында салық төлеуден жалтарудың ауырлататын түрі: бұрын салық төлеуден жалтарғаны үшін сотталған адам жасаған әрекет үшін жауаптылық белгіленген.
Ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару (222-бап)
Декларация табыс ету міндетті болып табылатын жағдайларда жиынтық жылдық табыс туралы декларацияны табыс етпеу не декларацияға немесе салықты немесе мемлекеттік бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді есептемеу немесе төлеуге байланысты өзге де кұжаттарға кірістер мен шығыстар аркылы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізу арылы, не салық салынатын басқа да объектілерді немесе өзге де міндетті төлемдерді немесе ұйымның нақты тұрған жерін жасыру арқылы ұйымдарға салынатын салықтарды немесе мемлекеттік бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді төлеуден жалтару, егер бұл әрекет салық немесе өзге де міндетті төлемдерді ірі мөлшерде төлемеуге өкеп соқса Қылмыстық кодекстің 292-бабының 1-тармағы бойынша жауаптылық туындайды.
Қылмыстың тікелей объектісі Қылмыстық кодекстің 221-бабындағы қылмыс объектісімен бірдей.
Қылмыстың заты — табыс туралы декларация, бухгалтерлік құжат немесе салық салынатын басқа объектілер.
Қылмыс объективтік жағынан әрекет немесе әрекетсіздік арқылы жүзеге асырылады. Әрекетсіздік — декларация беру міндетті жағдайында жылдық табыс туралы декларацияны бермеу, сөйтіп салынатын салықты төлеуден жалтару арқылы көрініс табады.
Әрекет — декларацияға немесе бухгалтерлік құжаттарға бұрмаланған деректерді енгізу арқылы, не салық салынатын баска объектілерді жасыру жолымен ұйымдарға салынатын салықтарды немесе өзге де төлемдерді төлеуден жалтару арқылы іске асырылады.
Қылмыс құрамының диспозициясы бланкеттік. Сондықтан да ұйымдарға салынатын салық түрлері Салық кодексімен және арнаулы зандармен реттеледі.
Қылмыс кұрылысы жағынан материалдық құрамға жатады. Қылмыс салық немесе өзге де төлемдерді ірі мөлшерде төлемеген жағдайда аяқталған деп танылады. Осыған орай салықты төлеуден жалтару іс-әрекеттері мен одан туындаған зардаптың арасын байланыстыратын себепті байланыста бар. Егер төленбеген салық немесе міндетті төлемдер сомасы екі мың айлық есептік көрсеткіштен асса, немесе өзге де міндетті төлемдерді салық төлемеу ірі мөлшерде жасалған деп танылады (ҚК-тің 221-бабының ескертуі).
Субъективтік жағынан қылмыс — тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам міндетті жағдайларда жылдық жиынтық табыс туралы декларациялар берудің не декларацияға, бухгалтерлік құжаттарға әр түрлі бұрмалаулар енгізіп, салық төленетін объектілерді жасырып, салықтар мен төлемдерді міндетті төлеуден жалтарғанының қоғамға кауіпті екенін ұғады, одан туатын зардаптарды болжайды және оның болуын тілеп істейді.
Қылмыс субъектісі арнаулы — ұйым жетекшісі немесе басқадай басқару қызметін атқаратын адам.
Қылмыстық кодекстің 222-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын белгісі — ұйымдарға салынатын салық төлеуден бірнеше рет жалтарғандық үшін жауаптылық белгіленген.
Тұтынушыларды алдау (223-бап)
Меншік нысанына қарамастан тауарлар сататын немесе халыққа қызмет көрсететін дүкендерде немесе басқа кәсіпорындарда не сауда (қызмет көрсету) саласында кәсіпкерлер ретінде тіркелген азаматтардың кем өлшеу, кем тарту, кем санауы, тауардың (қызмет көрсетудің) тұтынушылық қасиеттері немесе сапасына қатысты шатастыруы немесе тұтынушыларды өзгедей алдауы, егер бұл іс-әрекеттер елеулі мөлшерде жасалған болса — тұтынушыларды алдау деп бағаланып, кінәлі адам Қылмыстық кодекстің 223-бабы бойынша жауапқа тартылады.
Қылмыстың тікелей объектісі тұтынушылардың мүддесі мен құқығын реттейтін қоғамдық қатынастар. Қосымша тікелей объект — тұтынушылардың материалдық мүддесі.
Қылмыстың заты — тауар немесе қызмет.
Қылмыстың объективтік жағы тұтынушыларды алдауға байланысты іс-әрекеттерді істеумен сипатталады.
Алдау тәсілдері сан алуан және олар заңда көрсетілген.
Бұлар кем өлшеу, кем тарту, кем санау, тауардың тұтынушылық қасиеттері немесе сапасына қатысты шатастыру немесе тұтынушыларды өзгедей алдау.
Қылмыстың жасалу орны — меншік нысанына қарамастан тауарлар сататын немесе халыққа қызмет көрсететін дүкендер немесе басқа кәсіпорындар немесе сауда (қызмет көрсету) саласында кәсіпкерлік қызметті атқару орындары. Кем өлшеу, кем тартуда тұтынушы толық ақы төлеп тауарды аз көлемде алады. Мұндай алдау тұтынушыға тауарды тікелей елшеп беру процесінде немесе тауарды қосалқы жайдан босату кезінде жүзеге асырылады.
Кем санау дегеніміз — тұтынушыға берілетін тауардың немесе көрсетілетін кызметтің толық бағасын ала отырып, оны шатастырып, тағы да ақы алу немесе есеп айырысуда тұтынушының өзіне қайтарылуға тиісті ақша қаражатын кем беру болып табылады.
Сатушы, дайындаушы немесе орындаушы тұтынушыға тауар (қызмет) жөніндегі бағдарламаға, келісім-шартқа, стандарттық талаптарға сай келетін сапалы тауар сатуға немесе кызмет көрсетуге міндетті. Егер сапасы талапқа сай келмейтін тауарлар сатылса не қызмет көрсетілсе, ол жөнінде тұтынушыға хабарланбаса, онда мұндай әрекеттер тұтынушыларды шатастыру деп танылады. Шатастырып алдау кейбір реттерде бөтеннің тауар белгісін пайдалану арқылы да іске асырылуы мүмкін. Мұндай ретте жауаптылық қылмыстардың жиынтығы (ҚК-тің 199 және 223-баптары) бойынша жүзеге асырылады.
Тұтынушыларды өзгедей алдау деп оларға төменгі сортты тауарды жоғарғы сортты тауар бағасымен сату, тауар немесе қызмет көрсетудің шын бағасын көтеріңкі кою, қаймақтың орнына сүт сату; сары майдың орнына басқа соған ұқсас затты сату т.б. жатады.
Қылмыстың зардабы — тұтынушыларға елеулі мөлшерде зиян келтіру болып табылады. Тұтынушыларға айлық есептік көрсеткіштің алтыдан бір бөлігінен асатын сомада зиян келтірген алдау елеулі мөлшер деп танылады (ҚК-тің 223-бабының ескертуі).
Қылмыс құрамы жағынан материалдық. Осыған орай тұтынушыларды алдаудағы іс-әрекет пен одан пайда болғаны зардаптың арасындағы себепті байланысты анықтаудың маңызы ерекше.
Субъективтік жағынан тұтынушыларды алдау тек тікелей қасақаналықпен істеледі және пайдакүнемдік мақсат басшылықка алына отырылып жүзеге асырылады. Пайдакүнемдік мақсат — осы қылмыс құрамының субъективтік жағының қажетті белгісі емес, өйткені ол туралы ҚК-тің 223-бабының диспозициясында тікелей көрсетілмеген.
Қылмыстың субъектісі тауарлар сататын немесе халыққа қызмет көрсететін дүниелердің, кәсіпорындардың кызметкерлері немесе сауда (қызмет көрсету) саласында кәсіпкерлер ретінде тіркелген адамдар, сондай-ақ осындай кәсіпкерлерде шарт бойынша жалданып істейтін — сатушылар, жүргізуші-экспедиторлар. Көрсетілген субъектілердің жасы 16-ға толған, ақыл-есі дұрыс болуы шарт.
Қылмыстық кодекстің 223-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері керсетілген: тұтынушыларды алдағаны үшін бұрын сотталған адам; адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдаскан топ; ірі мөлшерде жасалған тұтынушыларды алдау. Тұтынушыларды кемінде үш айлық есептік көрсеткіш сомасындағы алдау ірі мөлшердегі алдау деп танылады (ҚК-тің 223-бабының ескертуі).
Заңсыз сыйақы алу (224-бап)
Лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттік ұйым Қызметшісінің, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымның басқару Қызметтерін атқармайтын кызметкерінің өз міндеттері шеңберіндегі жұмысты орындағаны немесе қызмет көрсеткені үшін материалдық сыйақыны, жеңілдіктерді немесе мүліктік сипаттағы қызмет көрсетулерді заңсыз алуы, егер бұл әрекеттер қорқытып алумен байланысты болмаса, заңсыз сыйақы деп танылып, кінәлі адам Қылмыстық кодекстің 224-бабымен жауапқа тартылады.
Қылмыстың тікелей объектісі — жұмысты орындау немесе қызмет көрсету сапасын реттейтін қоғамдық қатынастар. Қылмыс объективтік жағынан әрекет арқылы — меншік нысанына қарамастан лауазым адамы болып табылмайтын қызметкердің өз міндеттері шеңберіндегі жұмысты орындағаны немесе қызмет көрсеткені үшін материалдық сыйақыны, жеңілдіктерді немесе мүліктік сипаттағы қызмет көрсетуді заңсыз алу арқылы жүзеге асырылады. Заңсыз алу дегеніміз жұмыс немесе қызмет көрсетудің белгіленген бағасынан тыс ақы алуы немесе материалдық зат алуы я болмаса клиенттің есебінен басқа жеңілдіктерді көруі т.б. жатады. Мысалы, шаштараздың қызмет көрсету ақысын асыра алуы, тоңазытқыш жөндегіштің жөндеу ақысына қоса материалдық зат талап етуі, оқу орнында сырттай оқитын сағат жөндегіштің қызмет көрсеткені үшін ұстазынан жөндеу ақысын ала отырып, емтихан бағасын сұрамай-ақ қойдырып алуы т.б. әрекеттер.
Қылмыс құрамы материалдық. Жәбірленушіге материалдық залал келтіріле отырып заңсыз сыйақы алған уақыттан бастап қылмыс аяқталған деп танылады. Заңсыз сыйақы алу қорқытып алумен байланыссыз болуы керек. Қорқытып алумен байланысты мұндай әрекет Қылмыстық кодекстің 181-бабымен саралануға жатады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен, пайдакүнемдік ниетпен жасалады.
Қылмыстың субъектісі — жасы 16-ға толған, есі дұрыс лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттік ұйым қызметкерлері, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымның басқару қызметтерін атқармайтын қызметкерлері.
Осы қылмыс құрамының ауырлататын түрі Қылмыстық кодексттің 224-бабының 2-тармағында: бірнеше рет немесе ірі мөлшерде сыйақы алумен байланысты жасалған әрекеттер деп керсетілген. Бірнеше рет жасалған қылмыс түсінігі Қылмыстық кодекстің 11-бабында көрсетілген. Егер адамның алған сомасы немесе оған көрсетілген қызметтің құны үш жүз айлық есептік көрсеткіштен асса заңсыз сыйақы алу ірі мөлшерде жасалған деп танылады (КК-тің 224-бабының ескертуі).
Табиғат пайдалану жөніндегі заңсыз мәмілелерді тіркеу (225-бап)
Табиғат пайдалану жөніндегі көрінеу заңсыз мәмілелерді тіркеу, табиғат ресурстарын мемлекеттік есепке алу мен мемлекеттік жер кадастрларының деректерін бұрмалау, сондай-ақ табиғат ресурстарын пайдаланғаны, қоршаған ортаны ластағаны, табиғат ресурстарын қорғап, молықтырғаны үшін төлемді қасақана төмендету, егер бұл әрекеттерді лауазымды адам өзінің кызмет бабын пайдалана отырып, пайдакүнемдік немесе өзге де жеке мүддесі үшін жасаса Қылмыстық кодекстің 225-бабымен жауапқа тартылады.
Қылмыстың объектісі — табиғат пайдалану жөніндегі заңда белгіленген мәмілелерді реттейтін қоғамдық қатынастар.
Қылмыс объективтік жағынан: а) табиғат пайдалану жөніндегі көрінеу заңсыз мәмілелерді тіркеу; б) табиғат ресурстарын мемлекеттік есепке алу және мемлекеттік жер кадастрларының деректерін бұрмалау; в) табиғат ресурстарын пайдаланғаны, қоршаған ортаны ластағаны, табиғат ресурстарын қорғап, молықтырғаны үшін төлемді қасақана төмендету әрекеттерін істеу арқылы жүзеге асырылады.
Заңсыз мәмілелер деп азаматтық құқық нормасында көрсетілген талапқа сай емес, заңға кәрінеу қарама-қайшы мәмілелерді айтамыз. Табиғат ресурстарын мемлекетке есепке алу мен мемлекеттік жер кадастрларының деректерін бұрмалауға жер кадастрына қатысты мәліметтерді, табиғат ресурстарын мемлекеттік есепке алудың талаптарын көрінеу теріс бұрмалап көрсету, осы мәселелер бойынша көрсетілген нормативті актілер ережелерін қасақана бұзу әрекеттері жатады.
Табиғат ресурстарын пайдаланғаны, коршаған ортаны ластағаны, табиғат ресурстарын корғап, молыктырғаны үшін төлемді қасақана төмендетуге — осы мәселелерге арналған арнаулы нормативтік және басқадай ережелер мен нұсқауларда көрсетілген төлем ставкаларын әдейі төмендетіп, кінәлінің жағдайын жақсарту әрекеттері жатады.
Қылмыстық кодекстің 225-бабында көрсетілген қылмыс құрамының диспозициясы бланкеттік нормаға негізделген. Қылмыстың объективтік жағының белгілерін анықтау үшін арнаулы заңдарға, ережелерінен нұсқауларға жүгіну қажет. Қылмыс формальдық құрамға жатады. Заңда (КК-225-бап) көрсетілген әрекеттердің біреуін істеу қылмыстың аяқталғанын білдіреді.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен және пайдакүнемдік немесе өзгеде жеке мүдделік сипатта істеледі. Кінәлі адам табиғат пайдалану жөніндегі заңсыз мәмілелерді тіркеудің қоғамға қауіпті екенін сезеді, бірақ пайдакүнемдік немесе өзге де жеке мүдделік жағдайы оны жүзеге асыра отырып, заңсыз әрекеттерге тікелей жол береді.
Қылмыстың субъектісі — арнаулы лауазымды адам, лауазымды адамның түсінігі ҚК-тің 307-бабының ескертуінде көрсетілген.
Мәміле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуга мәжбүр ету (226-бап)
Күш қолданамын деп, бөтеннің мүлкін жоямын немесе бүлдіремін деп, сондай-ақ жәбірленуші мен оның жакындарының құқықтары мен заңды мүдделеріне едәуір зиян тигізуі мүмкін мәліметтерді таратамын деп қорқыту арқылы мәміле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүрлеу, қорқытып алу белгілері болмаса, мәміле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүр ету деп танылып, кінәлі Қылмыстық кодекстің 226-бабы бойынша жауапқа тартылады.
Кылмыстың тікелей объектісі мәміле жасаудың немесе мәміле жасаудан бас тартудын, занда белгіленген тәртібін реттейтін қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың заты — әр түрлі мәмілелер.
Объективтік жағынан қылмыс мынадай әрекеттерді жасау арқылы жүзеге асырылады. 1) күш қолданамын деп, бөтеннің мүлкін жоямын немесе бүлдіремін деп; 2) жәбірленуші мен оның жақындарының құқықтары мен заңды мүдделеріне едәуір зиян тигізуі мүмкін мәліметтерді таратамын деп қорқыту арқылы мәміле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүрлеу. Күш қолданамын немесе жәбірленуші мен оның жақындарының құқықтары мен заңды мүдделеріне едәуір зиян тигізуі мүмкін мәліметтерді таратамын деп қорқытудың түсінігі Қылмыстық кодекстің 181-бабында көрсетілген осындай түсініктерге ұқсас.
Мәміле жасаудың немесе одан бас тартудың заңды негіздері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 4-тарауында (147-162-баптары) арнайы көрсетілген. Азаматтық, кодекстің осы нормаларын әдейі бұзып жасаған әрекеттер мәмілелердің жарамсыздығына әкеліп соғады.
Кінәлі адам жәбірленушінің мүдделеріне елеулі зиян тигізуі мүмкін жағдайда мәміле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүр еткен ретте ғана қылмыстық жауапқа тартылады. Елеулі зиян тигізу мүмкіндігі болмаса іс-әрекет қылмыс болып табылмайды.
Осы жоғарыда көрсетілген әрекеттерді жүзеге асыруда қорқытып алу белгілері (ҚК-тің 181-бабы) болмаса кінәлі адам Қылмыстық кодекстің 226-бабы бойынша жауапқа тартылады, ал Қылмыстық кодекстің 181-бабында көзделген қорқыту белгілері орын алса, онда оның іс-әрекеттері сол бап (181-бап) бойынша камтылады, қосымша 226-бап бойынша саралауды қажет етпейді.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жасалады.
Кылмыстың субъектісі жасы 16-ға толған, есі дұрыс кез келген адам.
КК-тің 226-бабынын, 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі көрсетілген.
Компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру, ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату (227-бап)
Компьютерлік акпаратты кылмыстық кұқықтық нормамен қорғау Қазакстан Республикасының жаңа Қылмыстык кодексінде тұңғыш рет көрсетіліп отыр. Бұрынғы Қылмыстық кодексте мұндай арнаулы норма болмаған. ТМД-ға катысушы мемлекеттердің компьютерлік акпарат саласындағы қылмыстарға қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру мақсатында Казақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 227-бабына елеулі өзгерістер енгізіліп, осы тұрғыдағы қылмыстарды жасағаны үшін жауаптылық күшейтіледі. Компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру, ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату негізінен коғамның экономикалық саладағы қоғамдық қатынастарында орын алады. Осыған орай заң шығарушы көрсетілген норманы Қылмыстық кодекстің 7-тарауына — экономикалык кызмет саласындағы қылмыстар санатына қосқан.
Заңмен қорғалатын компьютерлік ақпаратқа, яғни машиналық сақтағыштағы, электронды есептеу машинасындағы (ЭЕМ), ЭЕМ жүйесіндегі немесе олардың желісіндегі ақпаратқа заңсыз кіру, сол сияқты ЭЕМ-ге ЭЕМ-жүйесіне немесе олардың желісіне кіре алатын адамның ЭЕМ-ді, ЭЕМ жүйесін немесе олардың желілерін пайдалану ережелерін бұзуы, егер бұл әрекет ақпаратты жоюға, бөгеуге, жаңартуға не көшіруге, ЭЕМ жұмысын, ЭЕМ жүйесін немесе олардың желісін бұзуға әкеп соқса — компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру, ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату деп танылып, кінәлі Қылмыстық кодекстің 227-бабымен жауапқа тартылады.
Қылмыстың тікелей объектісі компьютерлік ақпаратты Қорғау саласындағы қоғамдық қатынастар.
Объективтік жағынан қылмыс мынадай әрекеттермен сипатталады: Заңмен қорғалатын компьютерлік ақпаратқа, яғни, машиналық сақтағыштағы, электронды есептеу машинасындағы (ЭЕМ), ЭЕМ жүйесіндегі немесе олардың желісіндегі ақпаратқа заңсыз кіру, сол сияқты ЭЕМ-ге, ЭЕМ жүйесіне немесе олардың желісіне кіре алатын адамның ЭЕМ-ге, ЭЕМ жүйесіне немесе олардың желісін бұзуға әкеліп соғатын әрекеттер арқылы заңды немесе жеке тұлғалардың, коғамның, мемлекеттің заң қорғайтын мүдделеріне мүліктік я болмаса басқадай зиян келтіру (227 баптың 1-бөлігі).
Компьютерлік акпаратқа заңсыз кіру деп — заңмен қорғалатын ақпаратты оның заңды меншік иесінің немесе оның иеленушісінің рұқсатынсыз өз бетімен алуды айтамыз.
ЭЕМ-ге ЭЕМ-желісіне кіре алатын адамға осы жүйеде заңды түрде жұмыс істейтін, бірақ өзінің атқаратын жұмысы бойынша нақты белгіленген міндеттерінің шегінен шығып компьютерлік ақпараттағы өзіне жүктелмеген басқа міндетті ол әдейі орындап, жоғарыда көрсетілген жүйе мен олардың желілерін пайдалану ережелерін бұзатындар жатады.
Ақпарат ресурстарының, жүйелерінің, технологияларының меншік иесі болып осы объектілерге толық көлемде иелену, пайдалану және билеу құқығын жүзеге асыруға құқылы субъектілер танылады. Ақпарат ресурстарының, жүйелерінің, технологияларының иеленушілері болып осы объектілерге иелену және пайдалану және занда белгіленген шекте билеу құқығын жүзеге асыруға құқылы субъектілер танылады. Компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру тәсілдері сан алуан: компьютерлік ақпаратқа кіруге құқық беретін жалған құжат көрсету; техникалық құрылымның кодын немесе мекен-жайын өзгерту, ақпаратты қорғау жүйелерін немесе құралдарын өзгерту, ақпарат көздеріне жазу ақпаратын қосу, ЭЕМ-ді, ЭЕМ жүйесін немесе олардың желілерін пайдалану ережелерін бұзу және т.б.
Қылмыстың объективтік жағының міндетті белгісі — Қылмыстық кодекстің 227-бабының 1-тармағында көрсетілген зардаптың орын алуы болып табылады. Ақпаратты жою — ақпарат көздерін кұрту, файлды, дискілер мен басқдай машиналық жазу деректерін мүлдем жою, сөйтіп ақпаратты қайта калпына келтіру мүмкіндігін толық істен шығару болып табылады.
Ақпаратты бөгеу деп ақпарат көздері толық сақталғанымен оны пайдалану және оған еркін кіруге кедергі келтірушілікті айтамыз.
Ақпаратты жаңарту деп меншік немесе заңды иеленушінің билігінде болған ақпаратқа олардың келісімінсіз кез келген тұрғыдағы өзгерістер енгізуді айтамыз.
Ақпаратты көшіру деп — ақпарат көздерінің түпнұсқасын сақтай отырып, ондағы файлдардың немесе диск жүйелерінің көшірмесін алу арқылы немесе басқадай тәсілдермен көбейтуді, немесе оның мазмұнын жариялауды айтамыз. ЭЕМ жұмысын, ЭЕМ жүйесін немесе олардың желісін бұзуға — ЭЕМ жекелеген жүйелерінің жұмыс қабілетінің төмендеуі, компьютер желісінің элементтерінің істен шығуы, компьютер жүйелерінің өзінің қызметін толық орындамауы жатады.
Қылмыс компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру, егер бүл әрекет ақпаратты жоюға, бөгеуге, жаңартуға немесе көшіруге, ЭЕМ жұмысын, ЭЕМ жүйесін немесе олардың желісін бұзуға әкеп соққан уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Қылмыстық кодекстің 227-бабының 2-тармағында осы қылмыс құрамының ауырлататын түрі көрсетілген: олар адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған немесе ұйымдасқан топ жасаған не адам өз қызмет бабын пайдалана отырып, жасаған әрекеттер. Алдын ала сөз байласып жасалған қылмыс пен ұйымдасқан топ жасаған қылмыстың түсінігі Қылмыстық кодекстің 31-бабының тиісінше 2 және 3-тармақтарында айтылған.
Адамның өз қызметін пайдалана отырып қылмыс жасаудың түсінігі Қылмыстық кодекстің 141, 228 және 307-баптарында берілген.
Субъективтік жағынан қылмыс тек қана тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық ниет пайдакүнемдік немесе бұзақылық, кек алу немесе көре алмаушылық және тағы басқалары болуы мүмкін.
227-баптың 1-тармағында көрсетілген қылмыстың субъектісі — 16-ға толған, есі дұрыс адам болып табылады.
Сондай-ақ, ЭЕМ-ге ЭЕМ жүйесіне немесе олардың желісіне кіре алатын адам (арнаулы субъект) болып табылады.
Ал осы баптың 2-тармағында көрсетілген қылмыстың субъектісі болып жай адамдар, сондай-ақ өз қызмет бабын пайдаланатын адам (арнаулы субъект) танылады.
Қылмыстық кодекстің 227-бабының 3-тармағында: ақпаратты санкциясыз жоюға, бөгеуге, жаңартуға не көшіруге, ЭЕМ жұмысын, ЭЕМ жүйёсін немесе олардың желісін бұзуға көпе-көрінеу әкелетін ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар жасау немесе қолда бар бағдарламаларға өзгерістер енгізу, сондай-ақ осындай бағдарламаларды немесе осындай бағдарламалары бар машиналық сақтағыштарды пайдалану не тарату үшін жауаптылық белгіленген. Яғни 227-баптың 3-тармағында зиянды компьютерлік вирусты жасағаны және таратқаны туралы сөз болып отыр. Мұндай компьютерлік вирустың коғамға Қауіптілігі сол, ол бүкіл компьютерлік ақпарат жүйелерінін Қызметін дағдарысқа ұшыратып, оның ұзақ уақыт жұмыс істемеуіне, одан кейін кенеттен іске қосылып компьютерлік бағдарлама пайдаланылатын қорғаныс, космос, мемлекеттік кауіпсіздік, қылмысқа қарсы күрес салаларының қызметін апатқа ұшыратуы мүмкін.
Қылмыс объективтік жағынан ақпаратты санкциясыз жоюға, бөгеуге, жаңартуға не көшіруге, ЭЕМ жұмысын, ЭЕМ жүйесін немесе олардың желісін бұзуға көпе-көрінеу әкелетін ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар жасау немесе қолда бар бағдарламаларға өзгерістер енгізу; осындай бағдарламаларды пайдалану; осындай бағдарламалары бар машиналық сақтағыштарды пайдалану не тарату аркылы көрінеді.
ЭЕМ үшін зиянды бағдарламалар жасау және тарату деп ақпаратты санкциясыз жоюға, бөгеуге, жаңартуға не көшіруге, ЭЕМ жүйесін, жұмысын, олардың желісін бұзуға көпе-көрінеу әкелетін ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар жасау немесе қолда бар бағдарламаларға өзгерістер яғни зиянды вирус енгізу әрекеттерін айтамыз.
Зиянды бағдарламаларды көбейту, тарату немесе (яғни оның көшірмесін белгісіз адамдарға беру), сондай-ақ оны айналымға енгізетін басқа.да әрекеттерді істеу осындай бағдарламаны пайдалану деп танылады.
ЭЕМ жұмысына, ЭЕМ жүйесіне немесе олардың желісіне зиянды бағдарламаларды енгізу, сондай-ақ оларды сату, сыйға беру немесе басқаларға тегін үлестіру осындай бағдарламаларды немесе осындай бағдарламалары бар машиналық сақтағыштарды тарату деп танылады.
Қылмыс осы баптың диспозициясында (277-баптың 3-тар-мағы) көрсетілген әрекеттердің бірін жасаған уақыттан бастап аяқталған деп табылады.
Қылмыс субъективтік жағынан кінәнің қасақаналық нысанының тікелей түрі арқылы істеледі.
Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған, есі дұрыс кез келген адам.
Қылмыстық кодекстің 277-бабының4-тармағында, осы баптың үшінші тармағында (277-баптың 3-тармағы) көзделген әрекеттер абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққаны үшін жауаптылық көзделген. Ауыр зардаптарға адамдардың қазаға ұшырауы, олардың денсаулығына зиян келтірілуі, көлік немесе байланыс жұмыстарына кесел келтіру; басқа мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынасты шиеленістіру, қарулы булікті тудыру сияқты әрекеттердің орын алуы жатады. Мұндай зардаптар үшін жауаптылық оларды абайсызда әкеп соққан жағдайда ғана орын алады. Сондықтан да бүл қылмыстан туындайтын зардап жөніндегі кінәнің нысаны тек қана абайсыздык түрде болады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар қанша бапта қарастырылған?
2. Тұтынушыларды алдау қылмысының обьектісі болып не табылады?
3. Заңсыз сыйақы дегеніміз не?
Дәріс тақырыбы 7. Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар.
Негізгі сұрақтар
Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.
Қоғамдық қауіпсіздікке жататын қылмыстардың нақты түрлері.
Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар.
Қылмыстық кодекстің бұл тарауында екі түрлі топқа жататын қылмыстардың түрі көрсетілген. Оның біріншісі қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар. Қоғамдық қауіпсіздік деп — адамдардың кауіпсіз өмір сүруін, бірқалыпты қызметін, радиоактивті материалдарды залалсыз пайдалану, қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш қондырғыларды тиісінше және кауіпсіз пайдалану, сондай-ақ тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын қауіпсіз жүргізуді реттейтін қоғамдық қатынастарының жиынтығы болып табылады. Бүл қоғамдық кауіпсіздікке қарсы қылмыстардың топтық объектісі болып табылады. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың тікелей объектісі қоғамдық қауіпсіздіктің жекелеген салалары (адам өмірінің және оның қызметінің қауіпсіздік шарттары; ерекше қауіп көзі болып табылатын заттарды пайдалану, өліммен аяқталатын зардап туғызуы мүмкін жұмыстарды жүргізу және т.б.) болып табылады.
Осы топқа жататын кейбір қылмыстардың қосымша тікелей объектісі адамның өмірі, денсаулығы болуы мүмкін.
Объективтік жағынан алғанда коғамдық қауіпсіздікке жататын қылмыстардың көпшілігі әрекет зрқылы (ҚК-тің 233 және басқа баптары); ал кайсыбіреулері әрекет немесе әрекетсіздік күйде (мысалы ҚК-тің 245, 246-баптары) жүзеге асырылады. Кейбір қылмыс құрамының нормалары бланкетгі диспозицияға негізделген (ҚК-тің 245, 24-6, 251-баптары).
Көптеген қылмыстар құрам жағынан формальдық (ҚК-тің 233, 233-1, 233-2, 234, 237-баптары т.б.), ал қайсыбіреулері материалдық құрамға (ҚК-тің 245, 244-баптары) жатады.