Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Уголовное право РК (особ.ч.) каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.61 Mб
Скачать

3 Адамзатқа қарсы қылмыстар Геноцид (160-бап)

Геноцид — халықаралық құқық нормасы арқылы белгіленген қылмыс. Оның қоғамға қауіптілігі сол ол бейбіт уақытта да, соғыс уақытында да жүзеге асырылатын коғамға аса қауіпті іс- әрекет. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1946 жылғы 11 желтоқсандағы қарарымен геноцид халықаралық қылмыс деп жарияланды. 1947 жылғы 21 қарашадағы осы органның қарарына сәйкес геноцид үшін ұлттық және халықаралық кұқық нормасымен белгіленген жауаптылыққа жеке тұлға немесе мемлекет тартылуға тиіс деп белгіленді.

1948 жылғы Халықаралық конвенция геноцидтен сақтандыру және оған жаза тағайындау шараларын белгіледі. Бұрынғы КСРО осы Конвенцияға 1954 жылы 18 наурызда қол қойған.

Қылмыстың тікелей объектісі - этникалық, ұлттық, нәсілдік немесе діни топтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар.

Объективтік жағынан қылмыс геноцид, яғни ұлттық, этникалык, нәсілдік немесе діни топты, осы топтың мүшелерін өлтіру, олардың денсаулығына ауыр зардап келтіру, бала тууға күшпен бөгет жасау, балаларды мәжбүрлеп біреуге беру, күштеп көшіру, не осы топтың мүшелерін қырып-жоюға есептелген өзге де тіршілік жағдайларын туғызу аркылы, толық немесе ішінара жоюға бағытталған қасақана әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.

Қылмыстың объективтік жағы бірнеше балама әрекеттерден көрініс табады: 1) ұлттық, этникалық, нәсілдік немесе діни топтың мүшелерін осындай белгілері бойынша өлтіру (екі немесе одан да көп) өлтірудің түсінігі Қылмыстық кодекстің 96-бабында берілген; 2) олардың денсаулығына ауыр зиян келтіру (Қылмыстық кодекстің 103-бабын талдауды қараңыз); 3) бала тууға күшпен бөгет жасау, бала көтеруге тыйым салу, жыныс мүшелеріне операция жасау аркылы оларды бала көтеру немесе ұрық шашу қабілетінен айыру; 4) балаларды мәжбүрлеп біреуге беруге — ата-аналарынан балаларды тартып алып басқа топқа немесе басқа адамға беру немесе осындай күшпен алынған балаларды басқа біреуге сату, құлдыққа берулер жатады; 5) күштеп көшіруге — тұрғылықты адамдарды жоғарыда көрсетілген белгілеріне қарай мекенінен жер аудару, басқа жаққа еріксіз көшірулер жатады; 6) топтың мүшелерін қырып-жоюға есептелген өзге де тіршілік жағдайларын туғызу аркылы толық немесе ішінара қырып-жоюға бағьггталған қасақана әрекеттер. Бұған мұндай топтың мүшелеріне медициналық, гуманитарлық азық-түлік немесе басқадай көмек бермеу, соғыс немесе стихиялық апатқа ұшыраған осындай топқа көмек беруге тыйым салу, т.б.

Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі.

Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған кез келген адам.

Экоцид (167-бап)

Қылмыстың тікелей объектісі — адамзаттың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін халықаралык құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар.

Қылмыстың заты өсімдіктер немесе жануарлар дүниесі, сондай-ақ атмосфера, жер немесе су ресурстары.

Қылмыс объективтік жағынан өсімдіктер немесе жануарлар дүниесін жаппай жою, атмосфера, жер немесе су ресурстарын улау, сондай-ақ экологиялық апатты туғызған немесе туғызуы мүмкін өзге де іс-әрекеттерді жасау арқылы жүзеге асырылады.

Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін жаппай жоюға оларды түп-тамырымен жою, жер бетінен жоқ етіп жіберу, сөйтіп экологиялық жүйені бұзулар жатады.

Атмосфера, жер немесе су ресурстарын улауға — тірі организмдердің улануына, өлуіне немесе ауыр зардапқа ұшырауына әкеліп соғатындай ауаны, суды немесе жерді уландыру әрекеттері жатады. Экологиялық апатқа — жер бетінде адамзаттың өмір сүруіне қауіп келтірген экологиялық жүйені бүзу әрекеттері жатады.

Өзге де осындай әрекеттерге — өзендерді, көлдерді, ауаны ластандыру, былғау аркылы экологиялық апат қаупін тудыру әрекеттері жатады.

Қылмыс құрамы материалдық. Осыған орай, кінәлінің заңсыз іс-әрекеттері мен одан пайда болған зардаптың арасындағы себепті байланыс анықталуы тиіс.

Субъективтік жағынан қылмыс қасақаналықпен (тікелей немесе жанама) істеледі.

Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған кез келген адам.