
- •050301- «Заңтану» бакалавриат мамандығы бойынша
- •3. Алғашқы pet енгізілген.
- •Пәннің мазмұны
- •Мазмұны
- •Тема 17. Әскери қылмыстар.........…………………………...........…………...24
- •111. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі............………....………………………..29
- •Тақырыптық жоспар
- •Пәннің мазмұны
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы
- •1. Пәннің мақсаты мен міндеттері, оның оқу процесіндегі орны
- •2. Пәннің мазмұнының деңгейіне талаптар:
- •3. Пәннің негізгі мазмұны
- •2. Пәннің мазмұны
- •2.1 Дәрістер
- •2.Семинар сабақатары
- •2.3 Жеке оқуға ұсынылатын тақырыптар (ожсөж, сөж)
- •3. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі.
- •3. Пәннің постреквизиттері:
- •4. Пәннің қысқаша сипаттамасы
- •6.Пәннің мазмұны
- •9. Курстың саясаты мен рәсімдері Оқуда студенттерге қойылатын талаптар
- •Глосарий
- •Қазақстан республикасының қылмыстық құқығы пәні бойынша дәрістер конспектісі
- •2 Азаматтардың тең құқықтылығын бұзу (141-бап)
- •3 Адамның және азаматтың әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар
- •4 Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу (142-бап)
- •3 Адамзатқа қарсы қылмыстар Геноцид (160-бап)
- •4 Мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
- •2 Бөтеннің мүлкін талан-таражға салудың түсінігі
- •3 Талан-тараж белгілері жоқ, меншікке қарсы пайдакүнемдік қылмыстар
- •4 Меншікке қарсы пайдакүнемдік емес қылмыстар
- •2 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың нақты түрлері
- •2 Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың түрлері
- •3 Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың нақты түрлері
- •2 Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстар
- •3 Адамгершілікке қарсы қылмыстар
- •2 Суды және атмосфераны тиімді пайдалануға және қорғауға қол сұғатын қылмыстар
- •3 Жерді, құрлықтық шельф, жер қойнауын қорғау және тимді пайдалануға қол сұғатын қылмыстар
- •4 Жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау және пайдалану ережелеріне қарсы қылмыстар
- •5 Ерекше табиғи-биологиялық түрдегі дүниелерді қорғау ережелеріне қарсы қылмыстар
- •1 Көліктегі қылмыстардың жалпы сипаттамасы
- •2 Көліктегі қылмыстардың жеке құрамдары
- •12.2 Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстардың жекелеген құрамдары
- •1 Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
- •2 Мемлекеттік органдарды басқару әрекетіне байланысты өкімет өкілдері мен басқа адамдарға қарсы қылмыстар
- •3 Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының мызғымастығына қол сұғатын және Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне қарсы қылмыстар
- •4 Ресми құжаттар мен мемлекеттік наградалардың айналым тәртібіне қарсы қылмыстар
- •2 Сот әділдігін жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының жасайтын қылмыстары
- •3 Заң бойынша сот әділдігін жүзеге асыруға көмек беруге шақырылған адамдардың жасайтын қылмыстары
- •1 Әскери қылмыстардың түсінігі және жалпы сипаттамасы
- •2 Бағыныштылық тәртібіне және әскери қызметшілердің жарғылық ережелерге сай қарым-қатынасына қол сұғатын қылмыстар
- •3 Әскери қызметті өтеу тәртібіне қарсы қылмыстар
- •4 Әскери кезекшілікке және басқа да арнаулы қызмет тәртібіне қарсы қылмыстар
- •Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті қр қылмыстық құқығы (ерекше бөлім) пәнін оқыту бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар
- •Семинар сабақтарды өткізу бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар
- •Тапсырма№1
- •Тапсырма№2
- •Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өздік жұмысын өткізу бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар
- •Студенттердің өздік жұмысын өткізу бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар
- •Студенттер білімін бақылау және бағалау жүйесі
- •Қр қылмыстық құқық пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы
Қазақстан республикасының қылмыстық құқығы пәні бойынша дәрістер конспектісі
Дәріс тақырыбы 1. Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің түсінігі, маңызы және жүйелері.
Негізгі сұрақтар
1. Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің түсінігі, маңызы және жүйелері.
2. Қылмысты саралаудың ғылыми негізі.
1. Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімі қылмыстың жеке түрлеріне қылмыстық жауаптылық негіздерін және осы қылмыстардың құрамының белгілерін, сондай-ақ оған тағайындалатын тиісті жаза түрлерін белгілейтін нормалардың жиынтығы болып табылады.
Қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінде қылмыс туралы ұғым, жаза түрлерінің тізбегі, қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың жалпы принциптері (қағидалары) сөз болса, ал Ерекше бөлімде нақты қандай қоғамға қауіпті іс-әрекеттің қауіпті қылмыс болатыны жасалған қылмысқа қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінің нормаларымен белгіленген нақты бір жаза түрін тағайындау мәселелері қарастырылады.
Қылмыстық құқықтың Жалпы және Ерекше бөлімі өзара тығыз байланыста болады, осы екі бөлімнің жиынтығы Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығын құрайды.
Қылмыстық құқықтың өзін Жалпы және Ерекше бөлім деп бөлудің себебі, осы пәнді ғылыми-әдістемелік тұрғыдан терең оқытудың қажеттігінен туындап отыр. Өйткені Қылмыстық құқықтың Жалпы бөліміндегі теориялық мәселелерді Ерекше бөлімнің әрбір бабы бойынша тағы да қайталамау үшін, сондай-ақ Ерекше бөлімдегі жеке қылмыстардың құрамының белгілерін қайталап сипаттап жаттау үшін осы пән екі бөлімге бөлініп оқытылады. Негізінен алғанда Жалпы және Ерекше бөлім тұтастай бір қылмыстық құқық ғылым пәнін құрайды.
Жалпы және Ерекше бөлімнің бірлігі сот тәжірибесінде айқын көрінеді. Жалпы бөлімнің нормаларын басшылыққа алмайынша Ерекше бөлімнің нормаларын қолдану мүмкін емес, немесе Ерекше бөлім нормалары болмаса Жалпы бөлім нормаларының іске асырылуы мүмкін емес.
Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінде көрсетілген Қылмыстық құқықтың нақты белгілі бір бабы бойынша қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінде көрсетілген қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Жалпы бөлімде көрсетілген нормаларға соқпай өтуге болмайды. Мысалы, кінәнің нысандар және олардың мазмұны, қылмыстық жауаптылықты белгілейтін жас мөлшері, қылмысқа қатысудың ұғымы, қылмысқа қатысу нысандары және қатысушылардың түрлері, қылмысқа даярланғандық немесе оқталғандық сияқты түсініктер тек қана Жалпы бөлімде айқындалған. Істелген қылмысқа жаза тағайындағанда да Қылмыстық кодекстің Жалпы бөліміндегі нормаларды айналып өтуге болмайды. Өйткені жазаның ұғымы мен мақсаттары, жазаның түрлері, жаза тағайындаудың жалпы негіздері қылмыстық жауаптылықтан және жазалаудан босату тек қана Жалпы бөлімде көрсетілген.
Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімі курсының пәні дегеніміз-қылмыстың жеке түрлерін қылмыстық жауаптылық белгілеу және осы қылмыстың белгілерін, оларға тиісті жазаны анықтайтын нормалардың мазмұнын ашу болып табылады.
Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің нормаларының нақты мазмұнын ашудың түпкі мәні олардың әлеуметтік-саяси бағытын анықтау болып табылады. Мұндай бағыттарды анықтау үшін ең алдымен қылмыстық заң нормаларын қабылдаудың қажеттіліктері мен себептерін, қылмысқа қарсы күресте осы қабылданған заңдардың атқаратын қызметі, қылмыстық іс-әрекеттердің қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтау, қылмыстық құбылыстың себептері мен оған жол беретін жағдайларды зерттеу қажет.
Мысалы, Қылмыстық құқықтағы банкроттық деген құрамның мазмұнын ашу үшін ең алдымен осы норманы қабылдаудың қажеттілігін, осы құрамның қоғамға қауіптілік дәрежесін, мемлекет, қоғам үшін осындай іс-әрекетті жасаудың зардабының мазмұнын ашу керек. Сонда ғана бұл қылмыс түрінің құрамына ғылыми анықтама беріледі. Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің нормаларын оқығанда оны формальды-тоғышарлық әдіспен пайдалануға ешқандай да жол берілмеуі керек.
Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің нормаларын Жалпы бөлім нормаларымен байланыссыз, жеке дара, оларды әлеуметтік-саяси бағыттарынан тысқары, қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайынан мүлдем сыртқары түрде зерттеу-формальды-тоғышарлық әдіс болып табылады. Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімін формальды-тоғышарлықпен оқып білуге, зерттеуге үзілді-кесілді тыйым салыну керек.
Сонымен бірге Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің нормаларын оқып үйренуде нигилистік көзқарастарға жол берілмеуі керек.
Нигилистік көзқарастар қылмыстың құрамының белгілерін өзінше, заңға байланыссыз талқылау немесе арнаулы қылмыстық заң нормалары жоқ болғанына қарамастан, соған ұқсас басқа заңдармен қылмыстық жауапқа тартуды көздейді. Мұндай көзқарас заңдылық принципіне мүлдем қайшы.
Сондықтан да ҚР ҚҚ Ерекше бөлімінің нормаларын оқып үйренуде осындай жат көзқарастарға мүлдем жол бермеу маңызды мәселенің бірі болып табылады.
Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің нормаларының мазмұнын ашу дегеніміз -жекелеген қылмыс құрамының ерекшеліктерін анықтау,яғни қылмыс құрамына заңдылық талдау жасау болып табылады. Кез келген нақты қылмыс құрамын дұрыс анықтау мүмкіндігі ең алдымен оларға тән қылмыс объектісінің, субъектісінің объективтік және субъективтік жақтарының белгілерінің ерекшеліктерін дұрыс, дәлме-дәл ашқанда ғана жүзеге асырылады.
Бұл-кез келген жекелеген қылмыс құрамына тән заңдылық
Ерекше бөлімнің жүйелері деп-қылмыстық жауаптылықты белгілейтін жеке қылмыстық нормалардың топтық объектілік белгісі бойынша белгілі бір жекелеген топтарға бөлініп, қоғамдық қауіптілік дәрежесіне қарай рет-ретімен, дәйектілікпен орналасу тәртібін айтамыз.
Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жүйесін дұрыс құру қылмысты саралауға ғана емес, сонымен бірге онымен белсенді күрес жүргізуге, оның алдын алуға, әділ жаза тағайындауға толық мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінде мынандай 16 тарау бар:
1.Жеке адамға қарсы қылмыс.
2.Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар.
3.Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар.
4.Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар.
5.Мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар.
6.Меншікке қарсы қылмыстар.
7.Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар.
8.Коммерциялық және өзге ұйымдардың қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар.
9.Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар.
10.Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар.
11.Экологиялық қылмыстар.
12.Көліктегі қылмыстар.
13.Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар.
14.Басқару тәртібіне қарсы қылмыс.
15.Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар.
16.Әскери қылмыстар.
2. Әділсоттылықты, заңдылықты жүзеге асыруда Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің маңызы ерекше.
Қылмыстық құқықтың 19-бабының 3-тармағында көрсетілгендей қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кінәлы деп танылады.
Қылмыстық заңның осы нормасының өзі адамды қылмыстық жауапқа тарту үшін және оны қылмыс жасағаны үшін кінәлы деп табу үшін оның жасаған іс-әрекетінде белгілі бір қылмыс құрамының белгілері болуы керек екендігін және қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамының барлық белгілері бар іс-әрекетті істеу қылмыстық жауаптылықтың бірден-бір негізі болып табылатынын айқындайды (ҚК-тің 3-бабы). Осыған ұқсас нормалар ҚР қылмыстық істер жүргізу кодексінің көптеген нормаларында да бірнеше рет көрсетілген. Іс-әрекетінде қылмыстың белгілері жоқ адамдар қылмыстық жауапқа және жазаға тартылмайды.
Адамды қылмыстық жауапқа тарту оның іс-әрекетінде белгілі, нақты бір немесе бірнеше қылмыс құрамының белгілері бар болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Мысалы, кісі өлтіру, бұзақылық, тағылық, әйелді зорлау, т.б. Қоғамға қауіпті, қылмыстық заңға қайшы істелген іс-әрекетті нақты бір қылмыс құрамына жатқызу және осы әрекетке Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптар бойынша құқықтық баға беруді қылмыстық құқық теориясы қылмысты саралау-деп атайды. Қылмысты дұрыс саралау құқық қолдану органы қызметкерінің қызметтік борышы, негізгі міндеті.
Қоғамға қауіпті, қылмыстық құқыққа қайшы іс-әрекеттерді Қылмыстық құқықтың Жалпы және Ерекше бөлімдеріндегі баптарға дәлме-дәл жатқызу, дұрыс саралау-заңдылық принципін бұлжытпай жүзеге асырудың шарты болып табылады. Егер нақты бір іс-әрекетті, мысалы ұрлықты, бір сот ұрлық деп, екіншісі тонау, ал үшіншісі қарақшылық деп сараласа, бұл заңдылық жөніндегі конституциялық принциптің өрескел бұзылғандығы болып саналады. Сондықтан да қылмысты дұрыс саралаудың өзі мемлекеттің жаза мәселесін қолдану саласындағы қызметінің дұрыс жүзеге асырылуының алғышарты болып табылады. Қылмысты дұрыс саралаудың нәтижесінде қылмысты іс-әрекетті жасаған кінәлі адамға жөнсіз жеңіл немесе ауыр жаза қолданылуы мүмкін.
Қылмысты дұрыс саралау қылмыстылықтың жағдайын, деңгейін, құрылысын, қозғалысын дұрыс анықтауға мүмкіндік береді. Істелген қылмыстың статистикалық есебін нақты белгілемейінше, ол құбылыспен тиімді күрес жүргізу мүмкін емес. Сол себепті де қылмыспен тиімді күрес жүргізу үшін оның жағдайын, сандық, сапалық көрсеткіштерін, жасаған қылмыстардың мәнін, қылмыскердің тұлғасын толық ашу керек. Бұл мәселелерді анықтамай тұрып, қылмыспен күрес жүргізу өзінің оңды нәтижелерін бермейді. Қылмысты дұрыс саралау сот төрелігін әділ жүзеге асырудың кепілі және заңдылық, әділеттілік принциптерінің іске асырылуының басты шарты болып табылады. Құқық қорғау және құқық қолдану органдары беделінің мәртебесінің биік болуы да істелген іс-әрекетке дұрыс, заңды баға беруіне де тікелей байланысты.Заңға негізделген әділ үкім сот органдарының беделін нығайтады.
Қылмысты дұрыс саралау-жеке адамдардың Қазақстан Республикасы Конституциясында, басқа да заңдарда көрсетілген құқықтарын, бостандықтарын қорғаудың кепілі болып табылады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. ҚР қылмыстық құқығының ерекше бөлімінің түсінігін ашыңыз.
2. ҚР қылмыстық құқығының ерекше бөлімінің жүйесін анықтаңыз.
3. Қылмысты дұрыс саралаудың маңызы.
Дәріс тақырыбы 2. Жеке адамға қарсы қылмыстар.
Негізгі сұрақтар
1. Өмірге қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы. Кісі өлтірудің түсінігі.
2. Адам өлтірудің негізгі құрамы және ауырлататын мән-жайдағы құрамдары.
3. Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері.
4. Жыныстық қылмыстар.
1. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 2-бөлімі осы мәселеге тікелей арналған. Конституцияның 1-бабында «ең қымбат қазына-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары»,-деп жарияланған. Осыған орай, Қазақстан Республикасы барлық құқық салалары, оның ішінде Қылмыстық құқықта адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды. Қазақстан Республикасы барлық заңдары жеке адамды қорғауға, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға әр уақытта артықшылықтар береді. Сондықтан да ҚР ҚК Ерекше бөлімінің бірінші тарауы жеке адамға қарсы қылмыстарға арналған. Осы тарауға кіретін барлық қылмыстардың топтық объектісі жеке адамның дұрыс іс-қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады.
Тікелей объектілерінің ерекшеліктеріне қарай жеке адамға қарсы қылмыстар мынандай түрлерге бөлінеді:өмірге қарсы қылмыстар; адам өлтіру (96-б); жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі (97-б); жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру (98-б); қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (99-б); қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (100-б); абайсызда кісі өлтіру (101-б); өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу (102-б), денсаулыққа қарсы қылмыстар; жеке адамның бостандығына қарсы қылмыстар; жеке адамның ар-намысына және адамгершілікке қарсы қылмыстар; жыныстық қылмыстар.
Өмірге қарсы қылмыстың жалпы сипаттамасы. Өмірге қарсы қылмыстың , соның ішінде адам өлтірудің де тікелей объектісі адамның өмірі болып табылады. Заң жасына және денсаулық жағдайына қарамастан кез келген адамның өмірін бірдей қорғайды. Адам өмірі нәрестенің туған сәтінен, яғни анасының денесіне бөлініп шығып, алғаш тыныс алуы арқылы оның өкпесінің жұмыс істеген уақытынан басталады. Бұл құбылыс нәрестенің алғашқы айқайынан, дыбыс беруінен басталады. Өлім адам өмірінің соңғы сәті болып табылады.
Өлім клиникалық және биологиялық болып екіге бөлінеді. Тыныс алуы мен қанның айналысы тоқтағаннан кейін 5-6 минут шамасында клиникалық өлім сатысы басталады. Адам денесінің салқындауына байланысты бұл кезең 10 немесе одан да көбірек минутқа созылады. Өлудің соңғы кезеңі-биологиялық өлім, орталық нерв жүйесі қызметінің істен шығуына байланысты мидың өлуі басталады. Адамның басқа органдары мен тіндерінің өміршеңдік белгілері біразға жалғасқанымен, мидың өлуі адам өмірінің соңғы сәті болып табылады. Яғни адам өмірінің соңғы сәті-биологиялық өлім. Адам өлтірудің объективтік жағы басқа адамды өмірінен заңсыз айырумен көрінеді. Қылмыстың аяқталуы үшін адамды өмірінен айыруға бағытталған іс-әрекеттің және соның зардабынан адам өлуінің арасындағы себептік байланыстың болуын айқындау қажет.
Адам өлтіру негізінен әрекет арқылы жүзеге асырылады. Адам өлтірудің көпшілігі осылайша жасалады. Кінәлының оқпен атылатын және суық қарудың, өзге де заттарды пайдалануымен, уландыру, жарылыс жасау, басқа да әдістерді қолдануы арқылы адам өмірінен айырылады. Адам өлтіру сонымен бірге жәбірленушіге психикалық әсер ету нысанында да болуы мүмкін. Әдетте жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларынан зардап шегетін адамдарды жүйкесіне зақым келтіру жиі кездеседі. Соңғы уақыттарда адам жүйкесіне әсер ету нысандары мен әдістерінің көбейе түсуінің нәтижесінде психикалық әсер ету жолымен адам өлтіру мүмкіндігі одан әрі кеңейе түсуде.
Адам өлтіру сондай-ақ әрекетсіздік нысанында да болуы мүмкін. Бұл негізінен мынандай жағдайда болуы мүмкін. Кінәлы адам біреуді өмірден айыру мақсатымен өлімге араша тұра алатын мүмкіндігі бола тұра және осыған тікелей міндетті бола тұрса да әркетсіздік жолымен оған өлім қаупін туғызады және өлімге жол береді. Кінәлының өлімнің жолын кесу жөніндегі әрекетті істеу міндеттілігі заң талаптарынан туындауы мүмкін (мысалы, ата-аналары өздерінің жаңа туған нәрестелерін немесе жас балаларын өлтіру мақсатымен тамақтандырмайды немесе олардың өмірін сақтап қалу үшін өзге де шараларды қолданбайды). Өздігінен жүріп-тұра алмайтын және өздерінің табиғи қажеттерін қамтамасыз ете алмайтын жағдайларда қартайған ата-аналарын олардың ересек балалары олардан құтылу мақсатында осындай әрекеттер жасауы мүмкін. Адам өлтірудің объективті жағының екінші белгісі қылмыстың зардабы жәбірленушінің өлімі болып табылады. Өмірден айыруға тікелей қасақаналық болғанымен қылмыстық зардаптың-өлімнің болмай қалуы кінәлының әрекетіне оқталғандығы, адам өлтіруге оқталғандық ретінде саралауға негіз болады. Адам өлтіру кезінде, өлім әрекет жасалғаннан кейін бірден немесе белгілі бір уақыт өткеннен кейін жүзеге асуы мүмкін. Келтірілген зардапты кінә деп жүктеу үшін болған өлім мен субъектінің әрекеті немесе әрекетсіздігі арасынддағы себептік байланыстың болуы негіз болып табылады. Әрекет пен зардаптың арасында себептік байланыс болмаған кезде тұлға жасаған әрекеті үшін ғана жауапты болады. Өлтіруге тікелей оқталу айқындалған кезде өлтіру үшін оқталғандық жасалған болып табылады, ал өлтіруге жанама ниет болған кезде кінәлы адам нақты келтірілген зиян үшін ғана жауап береді (мысалы, денсаулыққа зиян келтіргені үшін).
Адам өлтіру-материалдық құрамға жататын қылмыс.
Адам өлтірудің субъективтік жағы-Қылмыстық кодекстің 96-бабына сәйкес тек қана қасақаналықпен жүзеге асырылады. Адам өлтіру кезінде қасақаналық тікелей және сол сияқты жанама болуы да мүмкін. Тікелей қасақаналық кезінде кінәлы өзінің басқа адамның өміріне қол сұғып отырғандығын сезеді, оның әрекеті іс жүзінде өлімге соқтыруы мүмкін екендігіне немесе қалай да өлімге әкелетіндігін біледі және өлімнің болуын тілеп іс-әрекет жасайды. Жанама қасақаналықпен адам өлтіру кезінде кінәлы өзінің әрекеті арқылы адам өміріне қатер төндіретіндігін мойындайды, осы әрекеттің нәтижесінде оның өлуі мүмкін екендігін біледі, өлімнің болуын тілемейді, бірақ оған саналы түрде жол береді не өлімнің болу-болмауына немқұрайдылық танытады. Соңғы уақытта жарылыс жасау жолымен адам өлтіру оқиғалары кең таралып отыр. Мұндай кезде белгілі бір құрбандардан басқа бөгде адамдар да өледі. Бұл оқиғада кінәлы белгілі бір құрбанға қатысты адам өлтіруде тікелей ниетте, ал бөгде адамдарды өмірінен айыруға қатысты-жанама ниетте әрекет етеді.Тікелей және жанама қасақаналықтар арасындағы айырмашылықты айқындаудың іс жүзінде үлкен маңызы бар.
Адам өлтіруге оқталу, яғни кінәлының әрекеті ол өлімнің болатынын сезетінін, оның болуын тілегендігін, бірақ оның еркінен тыс себептер бойынша ол болмай қалғандығы бойынша анықталады. Мұндай кезде оқталу тек қана тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады. Кінәлының ниетінің түрі туралы мәселені шешкенде соттар жасалған қылмыстың барлық жағдайларына сүйенуі және атап айтқанда: қылмыстың тәсілі мен қаруын, денеге салынған жарақаттың санын, сипаты мен оқшаулауын (мысалы, адамның өмірлік маңызды органын жарақаттау), кінәлының қылмыстық әрекетті тоқтату себебін, сондай-ақ кінәлының қылмыс істеу алдындағы және одан кейінгі мінез-құлқын оның жәбірленушімен арақатынасын ескеруі тиіс.
Жәбірленушінің өліміне әкеліп соқтыруы кінәлы үшін белгілі болып табылатын өмірлік маңызы бар органдарына пышақпен жарақат салу, дұрысында, өмірден айыруға тікелей ниеттің бар екендігін айғақтайды. Оқпен атылатын қаруды қолдану кінәлының өлтіруге шынайы ниетте болғандығын айғақтайды және басқа жағдайлармен қатар кінәлының адам өлтіру ниетінде болғандығына маңызды дәлелдеме болып табылады. Жақын ара қашықтықтан ату, әдетте, адам өлтіру мақсатында істеледі. Тікелей қасақаналық болған кезде кінәлы өлімнің болуын тілейді, сонымен бірге кінәлының өлімінің міндетті түрде болуын қаламайтындығын да мұндай жағдайда ескеру керек. Оның ниеті баламалы түрде болуы мүмкін, оның шамалауы бойынша өлімнің болуы, сол сияқты денсаулыққа ауыр зиян келтіру мүмкіндігі және осы зардаптардың кез келгенінің болуын міндетті түрде тілейді. Ал егер оған байланысты емес жағдайлар бойынша қылмыстық нәтиже болмаған жағдайда ол адам өлтіруге оқталғандық үшін жауапқа тартылуы тиіс. Адамды өлтірумен алдын ала қорқыту басқа мән-жайлармен қатар адам өлтіру ниетінің бар екендігіне маңызды дәлелдеме болып табылады. Дегенмен, осындай қатер тудыруды айтқан адамның ой-ниетінің қаншалықты шын екендігін іс бойынша айқындау қажет. Тіпті, егер ол сөздер кейде және төндірілген қатерді жүзеге асыру мүмкіндігіне сырттай ұқсас кейбір әрекеттермен қоса айтылғанның өзінде, адам өлтіру ниетін жүзеге асыру туралы сөздер кінәлының шын мәніндегі анық тілегін білдірмейді. Адам өлтіру мен қорқыту көбінесе оқпен атылатын немесе суық қаруды немесе өзге қаруды, сондай-ақ қару ретінде пайдаланатын заттарды қолданумен немесе қолдануға әрекет етумен жасалатын бұзақылық әрекеттермен байланысты болатындығын тәжірибе көрсетіп отыр. Адам өлтіруге жасалған оқталуды аталған әрекеттерден бөлу керек. Қасақана адам өлтірудің субъектісі 14 жасқа толған жеке тұлға болып табылады, ал Қылмыстық кодекстің 97-102- баптарында көрсетілген жағдайларда адам өлтірудің субъектісі 16 жасқа толған адамдар болып табылады.
2 Қазақ ССР-інің 1959 жылғы Қылмыстық кодексінде адам өлтірудің заңдылык анықтамасы берілмеген еді. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы жаңа Қылмыстык кодексінде тұңғыш рет адам өлтірудің зандылық түсінігі берілген. "Кісі өлтіру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қаза келтіру" деп Кылмыстық кодекстің 96-бабында тура көрсетілген. Осыған орай абайсызда кісі өлтіру заң бойынша адам өлтіру деп танылмайды. Бірақ топтық және тікелей объект белгісіне сәйкес бұл қылмыс кұрамы (абайсызда кісі өлтіру) жеке адамға қарсы қылмыс үшін жауаптылық көзделген тарауда орналасқан. Өмірге қарсы қылмыстың, соның ішінде адам өлтірудін, де тікелей объектісі адамның өмірі болып табылады. Заң жасына және денсаулық жағдайына қарамастан кез келген адамның өмірін бірдей қорғайды. Адам өмірі нәрестенің туған сәтінен, яғни анасының денесінен бөлініп шығып, алғаш тыныс алуы арқылы оның өкпесінің жұмыс істеген уақытынан басталады. Бұл құбылыс нәрестенің алғашқы айқайынан, дыбыс беруінен басталады. Өлім адам өмірінің соңғы сәті болып табылады. Өлім клиникалык және биологиялык болып екіге бөлінеді. Тыныс алуы мен қанның айналысы тоқтағаннан кейін 5-6 минут шамасында клиникалық өлім сатысы басталады. Адам денесінің салқындауына байланысты бұл кезең 10 немесе одан да көбірек минутқа созылады. Өлудің соңғы кезеңі — биологиялық өлім, орталық нерв жүйесі қызметінің істен шығуына байланысты мидың өлуі басталады. Адамның баска органдары мен тіндерінің өміршеңдік белгілері біразға жалғасқанымен, мидың өлуі адам өмірінің соңғы сәті болып табылады. Яғни адам өмірінің соңғы сәті — биологиялык өлім.
Адам өлтірудің объективтік жағы басқа адамды өмірінен заңсыз айырумен көрінеді. Қылмыстың аяқталуы үшін адамды өмірінен айыруға бағытталған іс-әрекеттің және соның зардабынан адам өлуінің арасындағы себептік байланыстың болуын айқындау қажет.
Адам өлтіру негізінен әрекет арқылы жүзеге асырылады. Адам өлтірудің көпшілігі осылайша жасалады. Кінәлінің оқпен атылатын және суық карудың, өзге де заттарды пайдалануымен, уландыру, жарылыс жасау, басқа да әдістерді колдануы арқылы адам өмірінен айырылады. Адам өлтіру сонымен бірге жәбірленушіге психикалық әсер ету нысанында да болуы мүмкін. Әдетте жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларынан зардап шегетін адамдарды жүйкесіне зақым келтіру жолымен өмірінен айыру әдебиеттерде мысал ретінде келтіру жиі кездеседі. Соңғы уакыттарда адам жүйкесіне әсер ету нысандары мен әдістерінің көбейе түсуінің нәтижесінде психикалық әсер ету жолымен адам өлтіру мүмкіндігі одан әрі кеңейе түсуде.
Адам өлтіру сондай-ақ әрекетсіздік нысанында да болуы мүмкін. Бұл негізінен мынадай жағдайда болуы мүмкін. Кінәлі адам біреуді өмірден айыру мақсатымен өлімге араша тұра алатын мүмкіндігі бола тұра және осыған тікелей міндетті бола тұрса да әрекетсіздік жолымен оған өлім қаупін туғызады және өлімге жол береді.
Кінәлінің өлімнің жолын кесу жөніндегі әрекетті істеу міндеттілігі заң талаптарынан туындауы мүмкін (мысалы, ата-аналары өздерінің жаңа туған нәрестелерін немесе жас балаларын өлтіру мақсатымен тамақтандырмайды немесе олардың өмірін сақтап қалу үшін өзге де шараларды қолданбайды). Өздігінен жүріп-тұра алмайтын және өздерінің табиғи қажеттерін қамтамасыз ете алмайтын жағдайларда қартайған ата-аналарын олардың ересек балалары олардан қүтылу мақсатында осындай әрекеттер жасауы мүмкін.
Адам өлтірудін объективті жағының екінші белгісі қылмыстың зардабы жәбірленушінің өлімі болып табылады. Өмірден айыруға тікелей касақаналык болғанымен кылмыстық зардаптьщ — өлімнің болмай қалуы кінәлінің әрекетіне оқталғандығы, адам өлтіруге оқталғандық ретінде саралауға негіз болады. Адам өлтіру кезінде, өлім әрекет жасалғаннан кейін бірден немесе белгілі бір уакыт өткеннен кейін жүзеге асуы мүмкін. Келтірілген зардапты кінә деп жүктеу үшін болған өлім мен субъектінің әрекеті немесе әрекетсіздігі арасындағы себептік байланыстың болуы негіз болып табылады. Әрекет пен зардаптың арасында себептік байланыс болмаған кезде тұлға жасаған әрекеті үшін ғана жауапты болады. Өлтіруге тікелей оқталу айқындалған кезде өлтіру үшін оқталғандық жасалған болып табылады, ал өлтіруге жанама ниет болған кезде кінәлі адам нақты келтірілген зиян үшін ғана жауап береді (мысалы, денсаулыққа зиян келтіргені үшін).
Адам өлтіру — материалдық құрамға жататын қылмыс.
Адам өлтірудің субъективті жағы — қылмыстық кодекстің 96-бабына сәйкес тек қана қасақаналықпен жүзеге асырылады. Адам өлтіру кезінде қасаканалык тікелей және сол сияқты жанама болуы да мүмкін. Тікелей қасақаналық кезінде кінәлі өзінің басқа адамның өміріне қол сұғып отырғандығын сезеді, оның әрекеті іс жүзінде өлімге соқтыруы мүмкін екендігіне немесе қалай да өлімге әкелетіндігін біледі және өлімнің болуын тілеп іс-әрекет жасайды. Жанама касақаналықпен адам өлтіру кезінде кінәлі өзінің әрекеті арқылы адам өміріне қатер төндіретіндігін мойындайды, осы әрекеттің нәтижесінде онын өлуі мүмкін екендігін біледі, өлімнің болуын тілемейді, бірак оған саналы түрде жол береді не өлімнің болу-болмауына немқұрайдылык танытады. Соңғы уақытта жарылыс жасау жолымен адам өлтіру оқиғалары кең таралып отыр. Мұндай кезде белгілі бір құрбандардан басқа бөгде адамдар да өледі. Бұл оқиғада кінәлі белгілі бір кұрбанға қатысты адам өлтіруде тікелей ниетте, ал бөгде адамдарды өмірінен айыруға қатысты — жанама ниетте әрекет етеді.
Тікелей және жанама қасақаналықтар арасындағы айырмашылықты айқындаудың іс жүзінде үлкен маңызы бар. Адам өлтіруге оқталу, яғни кінәлінің әрекеті ол өлімнің болатынын сезетінін, оның болуын тілегендігін, бірақ оның еркінен тыс себептер бойынша ол болмай қалғандығы бойынша анықталады. Мұндай кезде оқталу тек қана тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады.
Кінәлінің ниетінің түрі туралы мәселені шешкенде соттар жасалған кылмыстың барлық жағдайларына сүйенуі және атап айтканда: қылмыстың тәсілі мен каруын, денеге салынған жаракаттың санын, сипаты мен оқшаулауын (мысалы, адамның өмірлік маңызды органын жарақаттау), кінәлінің қылмыстық әрекетті тоқтату себебін, сондай-ақ кінәлінің қылмыс істеу алдындағы және одан кейінгі мінез-құлқын (тәртібін), оның жәбірленушімен арақатынасын ескеруі тиіс.
Жәбірленушінің өліміне әкеліп соқтыруы кінәлі үшін белгілі болып табылатын өмірлік маңызы бар органдарына пышақпен жарақат салу, дұрысында, өмірден айыруға тікелей ниеттің бар екендігін айғақтайды. Оқпен атылатын каруды колдану кінәлінің өлтіруге шынайы ниетте болғандығын айғақтайды және басқа жағдайлармен катар кінәлінің адам өлтіру ниетінде болғандығына маңызды дәлелдеме болып табылады. Жақын ара қашықтықтан ату, әдетте, адам өлтіру мақсатында істеледі. Тікелей қасақаналық болған кезде кінәлі өлімнің болуын тілейді, сонымен бірге кінәлінің өлімнің міндетті түрде болуын қаламайтындығын да мұндай жағдайда ескеру керек. Оның ниеті баламалы түрде болуы мүмкін, оның шамалауы бойынша өлімнің болуы, сол сияқты денсаулыққа ауыр зиян келтіру мүмкіндігі және осы зардаптардың кез келгенінің болуын міндетті түрде тілейді. Ал егер оған байланысты емес жағдайлар бойынша қылмыстық нәтиже болмаған жағдайда ол адам өлтіруге оқталғандық үшін жауапқа тартылуы тиіс.
Адамды өлтірумен алдын ала қоркыту басқа мән-жайлармен қатар адам өлтіру ниетінің бар екендігіне маңызды дәлелдеме болып табылады. Дегенмен, осындай қатер тудыруды айтқан адамның ой-ниетінің қаншалықты шын екендігін іс бойынша айқындау қажет. Тіпті, егер ол сөздер кейде және төндірілген қатерді жүзеге асыру мүмкіндігіне сырттай ұқсас кейбір әрекеттермен қоса айтылғанның өзінде, адам өлтіру ниетін жүзеге асыру туралы сөздер кінәлінің шын мәніндегі анық тілегін білдірмейді.
Адам өлтіру мен қорқыту көбінесе оқпен атылатын немесе суық каруды немесе өзге каруды, сондай-ақ қару ретінде пайдаланатын заттарды қолданумен немесе колдануға әрекет етумен жасалатын бұзақылык, әрекеттермен байланысты болатындығын тәжірибе көрсетіп отыр. Адам өлтіруге жасалған оқталуды аталған әрекеттерден бөлу керек.
Адам өлтіруге жанама қасақаналық кезінде кінәлі өз әрекетінің нәтижесінде өлімнің нақты болу мүмкіндігін шамалайды. Кінәлі зардаптың қалай да болмай коймайтынын шамалаған жағдайда сөз тек қана тікелей қасақаналық туралы бола алады (ҚК-тің 24-бабының 3-тармағы). Ниеттің осы түрлерінің арасындағы неғұрлым елеулі айырмашылық, занда көрсетілгендей еріктілік кезеңі бойынша анықталады. Егер адам өлтіруге тікелей ниеттену кезінде кінәлі өлімнің болуын тілесе, ал жанама ниеттену кезінде оны кінәлі тілемейді, бірак оған саналы түрде жол береді не өлімнің болуына немқұрайды қарайды. "Тілемейді" деген терминді "өлтіргісі келмейді" деген мағынада емес, "тікелей тілемейді" деген мағынада түсіну керек. "Саналы түрде жол береді" деген — кінәлі өлімді өз іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қабылдайды дегенді білдіреді.
Қасақана адам өлтірудің субъектісі 14 жасқа толған жеке тұлға болып табылады, ал Қылмыстық кодекстің 97-102-баптарында көрсетілген жағдайларда адам өлтірудід субъектісі 16 жасқа толған адамдар болып табылады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде адам өлтірудің негізгі құрамы мен ауырлататын жағдайында адам өлтірудің құрамы бір бапқа біріктірілген. Негізгі құрам — бұл осы кылмыстың ауырлататын түріне (96-баптың 2-тармағы) жатпайтын кұрам. Негізгі кұрамға (96-баптың 1-тармағы) мынадай адам өлтіру түрлері жатады: қызғаныштан, төбелес кезінде немесе ұрыс-керіс үстінде (бұзақылық себептер болмағанда), жәбірленушінің заңсыз әрекеттеріне байланысты, жеке қарым-қатынас негізінде туындаған кек алумен байланысты болған адам өлтіру окиғалары.
Ауырлататын жағдайлардағы адам өлтіру — Қылмыстык кодекстің 96-бабының 2-тармағында көзделген. Қылмыстык кұкық теориясында бұл жағдайларды топтарға бөлу қалыптасқан. Мұндай жағдайда бөлу өлшемі әр түрлі. Топқа бөлу үшін көбінесе қылмыс кұрамының элементтері пайдаланылады.
1997 жылғы Қылмыстық кодексте ауырлататын жағдайлар белгілі бір тәртіппен орналастырылған, атап айтқанда: ең алдымен объектіге және объективті жаққа қатысты жағдайлар, сонан соң субъективтік жаққа және субъектіге қатыстылары келтіріледі. Сондыктан адам өлтірудің ауырлататын жағдайлары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 96-бабында қалай орналастырылған болса, сол бойынша қарастырылады.
а) Екі не одан көп адамды өлтіру (ҚК-тің 96-бабы, 2-тармағының ″а″ тармақшасы)
Адам өлтірудің бұл түрі кінәлі екі немесе одан көп адамды өмірінен айырған жағдайда болады. Мұндайда кінәлінің екі немесе одан көп адамды өлтіру ниетінің болғандығы, яғни бірыңғай қасақана ниетінің болғандығын анықтау керек. Дұрысында жәбірленушілердің өлуі бір мезгілде болады. Мынадай жағдайдың да болуы мүмкін: кінәлі әуелі бір адамды өлтіреді, содан соң біршама уақыт өткеннен кейін, әдетте көп кешікпей, басқа адамды өлтіреді. Оның бір адамды емес, екі немесе одан көп адамды өлтіру ниетінің болғандығын дәлелдеудің маңызы бар. Мұндайда әр адамды өлтіру себептері бірдей болмауы мүмкін. Біреуін, ол мысал үшін — кек алу мақсатында, ал екіншісін бірінші кісі өлтіруді жасыру мақсатында өлтіреді. Сонымен бірге — екінші адамды өлтіру ниеті бірінші кісі өлтіруден кейін емес, оған дейін пайда болды. Осы жағдайларда кінәлінің әрекеті осы "а" тармақшасымен сараланады.
Егер екі немесе одан көп адамды өлтіру ниеті бола тұра бір адам өлтірілсе және екіншісінің өміріне қастандық жасалғанболса, мұнда екі немесе одан көп адамды өлтіру аяқталмағандықтан, кінәлінің әрекеті КК-тің 24-бабының 3-тармағы және 96-бабыньщ 2-тармағының "а" тармақшасы бойынша саралануы тиіс.
б) адамныц қызметтік іс-әрекетін жүзеге асыруына не кәсіби немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты адамды немесе оньң жақындарын өлтіру (ҚК-тің 96-бабы, 2-тармагыньщ "б" тармақшасы).
Мұндай адам өлтіру кінәлінің жәбірленушіні немесе оның жақын туыстарын олардың қызметтік немесе қоғамдық борышын орындауына кедергі келтіру мақсаттарында немесе олардан осындай әрекеттері үшін кек алу мақсатында жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1994 жылғы 23 желтоксандағы "Азаматтардың өмірі мен денсаулығына карсы әрекеттер үшін жауапкершілікті реттейтін заңдарды соттардың колдануы туралы" №7 каулысында кез келген адамның қызмет аясына жататын жұмысын қызметтік борышты орындау, ал қоғамдық борышты орындау деп — арнайы жүктелетін қоғамдық міндеттердің орындалуын айтады. Сондай-ақ қоғам немесе жеке адамның мүддесіне бола (занды бұзуға жол бермеу, дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыс туралы өкімет органдарына хабарлау және т.б.) жасалған баска әрекеттер де қоғамдық міндеттер болып танылады. Қылмысты саралау үшін жәбірленушінің қызметтік немесе қоғамдық іс-әрекет жасағаннан бері өткен уакытының маңызы шамалы. Ең бастысы кінәлінің адам өлтіруі олардың осындай функцияларды атқаруына байланысты болады.
Адам өлтірудің осы түрі бойынша жәбірленушілер болып қызметтік немесе қоғамдық функция атқарған адамның өзі немесе олардың жақын туыстары болуы мүмкін. Жақын туыстардың түсінігі Казақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 7-бабының 24-тармағында берілген. Олар — ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандар, бірге туған және бірге тумаған туыс аға-інілері мен апа-сіңлілері, ағасы, әжесі, немерелері.
Егер қызметтік немесе қоғамдық борышын орындаумен байланысты олардың өзін немесе жақын туыстарын өлтіргені үшін занда арнаулы бап көзделген болса, онда кінәлінің әрекеті осы арнаулы норма бойынша саралануға жатады (ҚК-тің 167, 340-баптары).
в) дәрменсіз жагдайда екендігі айыпкерге белгілі адамды, сонымен бірдей адамды ұрлаумен не адамды кепілге алумен ұштаскан адам өлтіру (ҚК-тің 96-бабы, 2-тармағынын "в" тармақшасы)
Жас шамасының өте кішілігіне немесе кәрілігіне, дене мүшелерінің кемістігіне, аурулығына, соның ішінде жүйке ауруына шалдығу, ақыл-есінен уақытша айрылу немесе акыл-есінің әлсіреуімен байланысты болған, оның дене мүшелерінің немесе психикалық жай-күйінің салдарынан кінәліге қарсылық көрсете алмаған немесе оны өмірінен айыруға жасаған әрекетінің сипатын түсінбеу жағдайын жәбірленуші адамның дәрменсіздік жай-күйі деп түсіну керек. Мұндай жай-күй алкогольден, сол сияқты есірткіден мас болудың және жүйкеге қатты әсер ететін дәрілік препараттарды немесе улы заттарды қабылдаудан болуы мүмкін. Саралау үшін жәбірленушіні мұндай жағдайға кімнің душар еткендігінің, бұған кандай себеп болғандығының ешбір мәні жоқ.
Адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан адам әлтіру ұрлау не кепілге алу процесінде жәбірленушіні өмірінен айыр-ған немесе аталған қылмысты жасыру мақсатында адам өлтіру болған кезде орын алады. Адамды ұрлау түсінігі (ҚК-тің 125-бабында) және кепілдікке алу (234-бапта) берілген.
Адамды ұрлау және кепілге алу касақана өлтірумен ұштасқан жағдайда, не адам өлтіру осы істеген қылмыстарды жасыру әдісі болса мұндай әрекеттер дербес қылмыс құрамын құрайтындықтан, кінәлінің әрекеттері қылмыстың жиынтығы бойынша сараланады (ҚК-тің 125, 96-бабы, 2-тармағының "в" тармақшасы, 234, 96-бабы, 2-тармағының "в" тармақшасы).
г) жүкті екендігі кінәліге белгілі әйелді өлтіру (ҚК-тің 96-бабынын 2-тармағының "г" тармақшасы)
Адам өлтірудің бұл түрі жәбірленушінің айрықша жағдайына орай көтеріңкі қоғамдық қауіптілікпен сипатталады. Осы құрамның болуы үшін ең алдымен екі міндетті белгінің болуы шарт. Жәбірленуші кез келген ұзақтықтағы жүктілік жағдайында болуы және ол туралы айыпкердің білуі керек. "Белгілі" деген термин айыпкер жәбірленушінің жүкті екендігінен хабардар болғандығын білдіреді. Бүл жағдайда осы жайдың толық растығына оның күмәнінің болған-болмағандығы маңызды емес, ең бастысы ол жәбірленушінің жүкті екендігі туралыжәбірленушінің өзінен немесе бұл туралы басқалар арқылы хабардар болады. Бұл жерде оның жүктілік мерзімі, ұрықтың өміршең еместігі, әйелдің жүкті екендігі жөнінде тиісті емдеу мекемелерінде есепте тұрған-тұрмағандығының оған қатысы жоқ.
Егер айыпкер жүктілік жөнінде қателесіп, жүкті емес әйелді жүкті әйел екен деп өлтірсе, онда оның әрекеті қылмыстық ниеттің бағытына карай осы тұрғыдағы кылмысқа оқталғандық ретінде сараланады (КК-тің 24-бабы, 3-тармағы, 96-бабы, 2-тармағының "в" тармақшасы).
д) аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру (ҚК-тің 96-бабы, 2-тармағының "д" тармақшасы)
Адам өлтірудің өзі қатыгездік әрекет. Осы тармақ бойынша әрекетті саралау үшін айрықша қатыгездік талап етіледі. Бұл жөнінде, ең алдымен адам өлтіру әдісі айғақтама болады. Адамды өмірінен айыру жәбірленушіні айрықша қорлау мен қинауға байланысты әдіспен жасалады: көптеген жарақат салу, тірідей өртеу, алдын ала, біртіндеп дене мүшелерін кесу, азапты әсер ететін уды қолдану, ұзақ уақытқа судан, жылудан айыру және басқалар.
Айрықша қатыгездікпен адам өлтіруге, сондай-ақ жәбірленушіні оған жақын адамдардың: балаларының, ата-аналарының, қалындығының және т.б. көзінше, кінәлінің өз әрекеті арқылы оларды ерекше күйзеліс пен кайғы-қасіретке әкелетінін біле тұрып, өлтіруі де жатқызылады.
Жәбірленушіге туыс адамдар ғана емес, қалыптаскдн өзара карым-катынастағы сыйлас адамдар да (заңды некеде жоқ ерлі-зайыптылар, жігіт пен қалыңдық, камқоршылар мен бағып-қағуға алғандар, солардың қолындағылар, т.б.) оның жақындары деп танылуы мүмкін.
е) көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған адам өлтіру (ҚК-тің 96-бабы, 2 тармағының "е" тармақшасы)
Адам өлтірудің осы түрін жасаған кезде кінәлі бір адамның ғана емес, көпшіліктің өміріне қауіп тудыратын тәсілді қолданады. Мұндай тәсілдерге адамдар көп болатын жерлерде жарылыс, өрт қою, су қаптату т.б. жатады. Кей жағдайларда көптеген адамдардың өміріне қауіп келтіру атылатын қаруды, улы заттарды, жарылғыш заттарды қолдану арқылы да жүзеге асырылады.
Көп адамдардың өміріне кауіпті тәсілге кінәлінің белгілі бір адамды өлтіру мақсатымен ол тұрған топқа карай мылтық атуы, немесе айдап келе жаткан автокөлігін топ ішінде тұрған сол адамға карай зор жылдамдықпен бұрып, басып өтпекші болу әрекеттері де жатады. Мұндай ретте кінәлінің әрекетін дұрыс саралауға кісі өлтіру үшін таңдап алынған қылмысты істеу тәсілі мен қару қолданудың орнын дұрыс анықтаудың маңызы айрыкша. Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-тармағының "е" тармақшасымен жауапқа тарту үшін кінәлінің ниеті нақты бір адамды өлтіруге бағытталғанын, оны өлтіру үшін көп адамдардың өміріне қауіпті тәсіл қолданылып отырылғанын, нәтижесінде басқа адамның өмірі мен денсаулығына нақты зиян келтірілетінін сезетінін анықтау қажет. Осындай істелген іс-әрекетті көп адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған деп тану үшін, накты кісіні өлтіру кезінде қауіпті жағдайда қалған баска адамдарға зиян келгеніне немесе келмегеніне карамастан жүзеге асырылады. Егер осындай жалпыға қауіпті тәсілді қолдану нәтижесінде адам өлімінен басқа адамға қасақана дене жарақаты келтірілсе, онда кінәлінің әрекеті нақты жағдайларға байланысты қылмыстардың жиынтығы бойынша сараланады.
ж) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу аркылы адамдар тобы немесе ұйымдаскан топ жасаган адам өлтіру (ҚК-тің 96-бабы, 2-тармағының "ж" тармақшасы)
Адамдар тобы, алдын ала келіскен адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ деген түсінікті айқындау үшін қылмысқа қатысудың аталған нысандарына түсінік берілген Қылмыстык кодекстің 31-бабын қарау керек.
Егер адам өлтіруге екі немесе одан көп орындаушы күні бұрын уәделеспей бірлесіп катысқан болса, адамдар тобы жасаған адам өлтіру болып танылады. Мұндайды қасақана адам өлтіруге бағытталған және жәбірленушіні өмірінен айыру процесіне тікелей қатысқан, бірлесе әрекет жасаған адамдар тобы деп тану керек. Бұл жағдайда тұлғаны кісі өлтіруді орындаушы деп тану үшін өлімнің барлық адамдар тобы бірлесіп келтірген жарақаттан, немесе солардың ішіндегі біреуінің тікелей келтірген жарақатынан болғандығы маңызды емес. Ең бастысы, барлық кылмысқа қатысушылардың күні бұрын уәделеспесе де ашықтан-ашық, өзара күш біріктірумен қасақана адам өлтіруге бағытталған әрекет жасағандығын айқындау қажет.
Егер адам өлтіру жөнінде орындаушылар бірлесіп қылмыс жасау туралы алдын ала сөз байласқан болса, алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобының адам өлтіргені белгілі.
Егер адам өлтіруді бір немесе бірнеше адам өлтіру үшін күні бұрын біріккен адамдардың тұрақты тобы жасаса, ол ұйымдасқан топ жасаған адам өлтіру деп танылады.
Адам өлтіруді орындаушылар бірлесіп адам өлтіру туралы алдын ала келісіп қана қоймай, сонымен бірге бір немесе бірнеше қылмысты жасау үшін алдын ала бірлесетін тұрақты адамдар тобын ойластырған болса, ұйымдасқан топтың адам өлтіруі орын алады.
з) пайда табу мақсатымен немесе жалданып, сол сиякты қарақшылықпен, қорқытып алу немесе бандитизммен ұштасқан адам өлтіру (ҚК-тің 96-бабы, 2-тармағының "з" тармақшасы)
Қылмыстык кодекстің 96-бабы 2-тармағының "з" тармақшасы бойынша кінәлі немесе басқа адамдар үшін материалдык пайда алу немесе материалдық шығындардан кұтылу мақсатында жасалған қасақана адам өлтіруді саралайды. Материалдық пайда: ол ақша, мүлік немесе мүлікке, тұрғын үй алаңына, үшінші адамнан сыйақы алуға құқықты алу түрінде болуы мүмкін. Материалдық шығыннан кұтылу, қарызды өтеуден, мүлікті қайтарудан, көрсетілген қызметке ақы төлеуден, алимент төлеуден т.б. босану мақсатымен адам өлтіруде пайдакүнемдік мақсатты білдіреді.
Адам өлтірудің осы түрінің мазмұнына пайда табу мақсатымен карақшылықпен қорқытып алу немесе бандитизммен ұштасқан жағдайларда жатады. Қасақана адам өлтіру қарақшылық, шабуыл жасау, қорқытып алу немесе бандитизм кезінде жасалған болса, істелген әрекет аталған қылмыстардың жиынтығы бойынша саралануға жатады.
Іс-әрекетті пайда табу мақсатында жасалған адам өлтіру ретінде саралау үшін кінәлінің мұндай ойы адам өлтіргенге дейін болғандығын айқындау кажет. Егер бұл жағдай болмаса, (мысалы, адам өмірінен айырылғаннан кейін оның мүлкін иемдену) пайда табу максаты болмаған адам өлтіру құрамы мен ұрлық құрамын құрайды. Жәбірленушіні қарақшылықпен шабуыл, қорқытып алу немесе бандитизм жасалғаннан кейін өмірінен айыру аталған қылмысты жасыру мақсатында істелуі де мүмкін. Мұндай жағдайда адам өлтіру Қылмыстық кодекстің 96-бабының 2-тармағының "к" тармақшасы бойынша сараланады.
Пайда табу мақсатымен адам өлтірген жағдайда кінәлінің материалдық пайда алу немесе материалдық шығыннан құтылу ниетінің болғандығын айқындау қажет. Егер бұл белгі айқындалмаса, онда адам өлтіруді пайда табу мақсатында деп саралауға болмайды.
Жалдану бойынша адам өлтіру, негізінде, белгілі бір төленетін ақыға жәбірленушіні "алып тастауды" қалаған адамның шақырған ("жалдаған") адамы жүзеге асырғандықтан, пайда табу мақсатында адам өлтірудің бір түрі болып табылады.
и) бұзақылық ниетпен адам өлтіру (ҚК-тің 96-бабы, 2-тармағының "и" тармақшасы)
Бұзақылык ниетпен адам өлтіру қоғамды және жалпыға бірдей қабылданған моральдық нормаларды ашықтан-ашык сыйламаудың негізінде жасалады, кінәлінің мінез-құлқы қоғамдық тәртіпке ашық қарсы шыққан және өзін төңірегіндегілерге қарсы кою, соларға деген қарсылығын көрсету мақсатында жүзеге асырылады. Көбінесе бұл қылмыс себепсіз немесе болар-болмас нәрсені адам өлтіруге ілік ретінде пайдаланумен жасалады.
Бұзақылық ниет — барынша күрделі түсінік. Оның өзге әр түрлі түрлі ниеттері болады, солардың әсер етуімен кінәлінің адамдарды, қоғамды сыйламайтындығын ашықтан- ашық көрсету ниетін тудырады, өзінің менмендігін көрсету, адамдарды қорлау, өзінің ұятсыздығы мен қатыгездігін көрсету жолымен қоғамдық тәртіпке қарсы шығады. Осы сезімдердің әсер етуімен белгілі бір, кейде тіпті елеусіз себептерден кінәліде ашу, ыза, кек қайтарғысы келетін көңіл-күй пайда болады. Осы сезімдер кінәлінің мінез-кұлқының итермелеуші күшіне айналады. Сөйтіп кінәлінің ниетінде қоғамдық пікірге қарсы шығу, моральдың қарапайым нормаларын, адамның жеке басын сыйламаушылық калыптасады. Мұндай бұзақылық ниет ең соңында адам өлтіруге әкеліп соғады. Егер мұндай ниеттер анықталмаса, ал кінәлінің қылмыстық мінез-құлқы жәбірленушімен өзара жеке қарым-қатынасы бойынша ғана пайда болса, онда бұл жағдайда адам өлтіру оның жасалған орнына қарамастан, бұзақылық мақсатта адам өлтіру ретінде саралануы мүмкін емес. Мұндай әрекет өзара ерегістен кісі өлтіруге жатады (96-баптың 1-тармағы). Көбінесе бұзақылық ниетте адам өлтіру ұрыс-керіс пен төбелестің нәтижесінде болады. Бірақ бұл ұрыс-керіс немесе төбелесте болған кез келген адам өлтіру өзінен-өзі бұзақылық ниетте адам өлтіру ретінде саралануы тиіс дегенді білдірмейді.
к) басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатындағы, сол сияқты зорлау немесе жыныстық қатынас сипатындагы күш қолдану әрекеттерімен ұштасқан адам өлтіру (ҚК-тің 96-бабы, 2-тармағының "в" тармақшасы)
Бұл тармақта адам өлтіруді саралайтын екі дербес жағдай көзделген (зорлауды және жыныстық қатынас сипатындағы әрекетті олардың ұқсастығына орай бір жағдай ретінде біріктіруге болады).
Басқа қылмысты жасыру мен оны жасауды жеңілдету өздерінің мазмұны бойынша бір-бірінен айырмашылығы бола тұрса да, көп жағдайларда өзара қабаттасып байланысып тұрады. Негізінде кінәлі жасалып болған қылмысты жасыру үшін немесе оны жасауды жеңілдету үшін адам өлтіреді (оны жасағанға дейін немесе жасау үстінде). Адам құқық қорғау органдарына белгісіз өзі жасаған қылмысты жасырады.
Зорлаумен ұштаскан қасақана адам өлтіруді зорлау процесінде немесе оны жасыру мақсатында, сондай-ақ зорлау кезінде қарсылық көрсеткені үшін кек қайтару үшін жасалған адам өлтіру деп түсіну керек. Бұл жағдайда өз алдына дербес екі қылмыс жасалады. Сол себепті саралау Қылмыстық кодекстің 96-бабының 2-тармағының "к" тармақшасы бойынша және Қылмыстық кодекстің 120-бабының тиісті тармағы бойынша жүргізіледі. Егер бұл қылмыстардың біреуі аяқталмаған болса, онда саралау кезінде Қылмыстық кодекстің 24-бабына сілтеме жасалады.
Адам өлтіру тек қана зорлаумен емес және нәпсікұмарлык сипатындағы күш көрсету әрекетімен де ұштасуы мүмкін. Мұндай әрекетке еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасы жәбірленушіге немесе басқа адамдарға жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдалана отырып күш қолданумен немесе оны қолданумен қорқытып жасалған жыныстық қатынас сипатындағы өзге де әрекеттер жатқызылады. Егер мұндай әрекеттерді жасау процесінде немесе оларды жасыру үшін немесе оларды жасау кезінде қарсылық көрсеткені үшін адам өлтірген болса, онда зорлау кезіндегі сияқты екі қылмыстың жиынтығы бар екендігі белгілі (ҚК-тің 121-бабы және 96-бабының "к" тармақшасы).
л) әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, дінге байланысты жек көрушілік немесе араздық не қанды кек себебі бойынша адам өлтіру (ҚК-тңн 96-бабы, 2-тармағының "л" тармақшасы)
Адам өлтірудің мұндай түрі соңғы уақытта барған сайын кең тарала түсуде, әсіресе бұл ұлттык жек көрушілік немесе араздық себептері бойынша адам өлтіруге катысты. Бұған көбінесе дұрыс ойластырылмаған ұлттық саясат итермелейді. Соңғы уакытта барған сайын ұлттың өзін-өзі дәріптеу идеясы өршіп барады. Бұл идеялар табиғи құбылыс болып табылады және ұлтаралық араздық пен алауыздықты бұл идеялар тудырмайды (әрине, егер олар лтшылдык пен экстремизмге айналмаған жағдайда). Бірақ, өкінішке орай, ұлттық жеккөрушілік пен алауыздықты тұтандыруға мүдделі күштер бар. Егер мұндай ниеттер адамды өмірден айыруға бағытталу негізінде жүзеге асырылса, онда мұндай жағдайдағы адам өлтіру Қылмыстық кодекстің 96-бабының 2-тармағының "л" тармақшасы бойынша сараланады. Мұнда адам өлтіру үшін сылтау барынша әр түрлі болуы мүмкін: жәбірленушінің немесе өзге адамдардың құқыққа қарсы әрекеттері (мұндай әрекетгер занды да болуы мүмкін), діни жеккөрушіліктің немесе араздықтың салдарынан нәсілдік белгілері бойынша адам өлтірудің негізінде де осындай жағдайлар болады.
Осы тармақта көзделген қанды кек себебі бойынша адам өлтірудің бірнеше ерекшеліктері бар. Канды кек, әдетте, кінәлінің туысқандарын өлтірген адамдарға жарияланады. Мұндайда қанды кектің құрбандары осы қанды кек жарияланған адамның өзі, сол сияқты оның туысқандары, сондай-ақ өзге де адамдар болуы мүмкін. Бұл қылмыстың субъектісі қанды кек әдет-ғұрып болып табылатын жерлердегі этникалық топқа жататын адам ғана болуы мүмкін. Саралау жасау үшін қылмыс жасалған жер маңызды рөл атқармайды.
м) жәбірленушінін органдарын немесе тканьдерін пайдалану мақсатында жасалган адам өлтіру (ҚК-тің 96-бабы, 2-тармагының "м" тармақшасы)
"Жәбірленушінің органдарын немесе тканьдерін пайдалану мақсатында жасалған адам өлтіру" туралы белгі қылмыстық занда бірінші рет көзделді. Бұл қазіргі өмір шындықтарынан туындап отыр. Егер адамның органдарын немесе тканьдерін пайдалану мақсатында адам өлтірілсе, ол Қылмыстық кодекстің 96-бабының 2-тармағының "м" тармақшасы бойынша сараланады.
н) бірнеше рет қайталанған адам өлтіру (ҚК-тің 96-бабы, 2-тармағының ″н″ тармақшасы)
"Н"'тармақшасына сәйкес бұрын касақана кісі өлтірген адамның алғашқы қылмысы бойынша сотталған сотталмағанына қарамастан қасақана адам өлтіру (абайсызда, қажетті қорғану шегінен асу жағдайында немесе катты жан күйзелісі үстінде ашумен өлтіруден басқасы) сараланады. Бұрын жасаған қылмысы үшін қудалау мерзімі өтіп кетсе немесе сотталғандығы жойылса, иә болмаса одан арылған болса, онда бұрын кісі өлтіргендігі есепке алынбайды.
Егер айыпты Қылмыстық кодекстің 96-бабының 2-тармағына сәйкес келетін, бұрын кісі өлтіргені немесе өлтіруге оқталғаны үшін сотталмаса, онда бұл әрекет жеке саралануға жатады (ҚК-тің 24-бабы және 96-баптың 1 немесе 2-тармақтары), тиісті тармақтары көрсетіледі. Ал соңғы адам өлтіруі ҚК-тің 96-бабының 2-тармағының "н" тармақшасы бойынша саралануға жатады. Әр мезгілде жауаптылықты ауырлататын екі рет адам өлтіруге оқталған (ҚК-тің 24, 96-баптары) немесе жауаптылықты ауырлататын жағдайда екі рет қасақана адам өлтірген (ҚК-тің 96-бабының 2-тармағының тиісті тармақшалары) және олардың бірде біреуі үшін сотталмаған адамның әрекеттері тиісінше Қылмыстық кодекстің 24-бабы және 96-бабының 2-тармағының "н" тармақшасы бойынша, осылармен катар кінәлінің қылмыстарын ауырлататын жағдайларды белгілейтін тиісті тармақтар бойынша саралануға жатады.
Анасынын жаңа туған баласын өлтіруі (97-бап)
Жаңа Қылмыстық кодексте анасының жаңа туған баласын өлтіргені үшін жауаптылык бірінші рет жеке қарастырылған. Заң шығарушы адам өлтірудің бұл түрінің, өзіндік ерекшелігін ескере отырып, оны дербес құрамға бөлуді мүмкін деп тапты. Бұл құрам үшін баланы туу кезінде немесе туғаннан кейін бірден қасақана өлтірген жағдайдың орын алуы шарт. Бұдан басқа, жаңа туған баланы өлтіру біраз уақыттан кейін жүйкені закымдайтын жағдай үстінде немесе есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психиканың бұзылуы жағдайында орын алуы да мүмкін.
Қылмыстық кодекстің 97-бабының санкциясына қарағанда, заң шығарушы мүндай адам өлтіруді әйелдердің туу кезіндегі және туғаннан кейінгі ерекше психикалық жай-күйлерін ескере отырып, жеңілдету жағдайлары кезінде жасалған қылмыс деп санайды. Сонымен бірге, әйелдің алдын ала жаңа туған баланы өлтіру ниеті болғандығы және бұған оның дәрменсіз жай-күйін пайдаланған окиғалардың да болуы мүмкін. Мұны адам өлтірген кезде жеңілдету жағдайы деп санауға бола қояр ма екен? Оның үстіне заң шығарушы осындай оқиғаларды да Қылмыстық кодекстің 96-бабында көзделген адам өлтіру деп санайды. Мұндай жағдайларда кінәлінің әрекеті Қылмыстық кодекстің 96-бабының 2-тармағының "в" тармақшасы, яғни дәрменсіз жай-күйін пайдалана отырып адам өлтіру деп емес, керісінше Қылмыстык кодекстің 97-бабы бойынша сараланады.
Психиканы зақымдайтын жағдай үстінде немесе психика бұзылуы жағдайында анасының жаңа туған баласын өлтіруіне келетін болсақ, онда мұндай адам өлтіру туғаннан кейін біршама уакыт өткен соң, бірақ бала жаңа туған деп саналатын кезең ішінде ғана орын алады. Психиканы зақымдайтын жағдайдың немесе психиканың бұзылу жағдайының болуын осы мәселеге байланысты сарапшылык қорытынды беретін психиатр айқындайды.
Жаңа туған бала түсінігі оның мазмұнын айқындау кезінде белгілі бір қиындықтарды туғызады. Заң әдебиеттерінде олар әр түрлі айтылады. Осыған байланысты түрлі мерзімдер көрсетіледі: бір тәулік, бір апта және бір ай. Кейбір авторлар жағдайға байланысты әр түрлі мерзімдерді пайдалануды ұсынады. Бұған келісу киын. Баланың жаңа туған кезеңі адам өлтірудің жағдайына емес, баланың өзінің өсуіне байланысты ғой. Жаңа туған кезең деп — баланың туғаннан кейінгі өмірінің алғашқы сатысы — оның ағзасының сыртқы орта жағдайларына бейімделетін уақыт ішіндегі бірінші кезеңі болып табылады. Бұл кезеңге ішкі органдар функциясының тұрақсыздығы тән болады. Жаңа туған кезеңнің ұзақтығы әркімде әр түрлі және бірнеше аптаның мөлшерінде, көбінесе үш-төрт апта бойына ауытқып тұрады. Айы-күнін толтырып туғандарда бұл мерзім шала туғандарға қарағанда қысқарақ.
Анасының жаңа туған баланы өлтіруі туу сәтінде немесе туғаннан кейін бірден болуы мүмкін. Осы кезеңде Қылмыстык кодекстің 97-бабы бойынша адам өлтіруге баға беру үшін ананың психикалық жай-күйінің шешуші маңызы болмайды. Ең бастысы, бүл адам өлтірудің көрсетілген уакыты. Дегенмен, мынаны есте ұстау керек, адам өлтіру—туған адамды заңға қарсы қасақана өмірінен айыру. Туу — ұзаққа созылатын процесс, бірінші босанатындарға ол 15-20 сағатқа, қайталап босанатындар үшін 10-12 сағаттан тұруы мүмкін. Егер туған баланы емес, ал ұрықты өмірінен айыру орын алса, бұл жағдайда адам өлтіру болмайды.
Есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психиканың зақымдалуы немесе психиканың бүзылуы жағдайында адам өлтіруге келетін болсақ, онда мұндай әрекет Қылмыстык кодекстің 97-бабы бойынша саралануы үшін баланың туған кезеңі ішінде жасалуы тиіс.
Бұл қылмыстың субъективті жағы, басқа да барлық адам өлтірудегі сияқты тек қана қасақаналықпен сипатталады.
Осы қылмыстың субъектісі — арнайы қылмыстың орындаушысы, мұнда жаңа туған баланың он алтыға толған анасы ғана болуы мүмкін. Егер мұндай жағдайда қылмысты бірігіп орындаушы түріндегі қатысушылар болса, онда олар ҚК-тің 96-бабының 2-тармағының "в" тармақшасы бойынша жауапқа тартылады, ҚК-тің 97-бабында көрсетілген жеңілдету жағдайлары оларға колданылмайды. Егер өзге катысушылар коса орындаушы болмай, ұйымдастырушының айдап салушының немесе көмектесушінің рөлінде болса, онда саралау күрделірек болады. Бұл жағдайда жоғарыда көрсетілген қылмысқа қатысушылар үшін ҚК-тің жауапкершілікті жеңілдететін 53 және 97-бабында көрсетілген жағдайлар (жеке, сипатта болғандықтан және жаңа туған баланың анасына ғана катысты болуына байланысты) қолданылмайды. Сондықтан олар ҚК-тің 29-бабының тармақтары және 96-бабының 2-тармағының тиісті тармақшалары бойынша жауапкершілікке тартылады.
Аффект (жан күйзелісі) жағдайында жасалған адам өлтіру (ҚК-тің 98-бабы)
Заң шығарушы адам өлтірудің бүл түрін кенеттен басталған қатты жан толғанысы жағдайында жасалған өлтіру ретінде айқындайды. Кінәлінің психикалық жай-күйі инстинктивті және сөзсіз-рефлекторлық қызметпен байланысты өткінші, интенсивті көңіл-күймен айқындалады. Көбінесе адам өлтірудің бүл түрі үшін ашу-ыза, жеккөрушілік және түңілу әсері тән болады. Аффект (жан күйзелісі) жай-күйі негізінен аз уақытқа, әдетте бірнеше минутқа созылады. Қатты жан толқуы тікелей сыртқы әсердің салдарынан кенеттен пайда болады.
Аффект жағдайында адам өлтіру кенеттен, теріс фактор әсер еткеннен кейін тікелей сол бойда жасалады. Мұнда уақыт аралық үзіліс болмайды немесе елеулі емес (мысалы, кінәлі болған жағдайдың мәнін бірден түсінбегенде).
Аффект жағдайының басталуына негіз ретінде Қылмыстык кодекстің 98-бабында мыналар көзделген: жәбірленушінің тарапынан болған зорлық, басыну немесе кемсіту не жәбірленушінің өзге де заңға қайшы немесе моральға жат әрекеті (әрекетсіздігі), жәбірленушінің үнемі қайталанып отыратын заңға қайшы немесе моральға жат мінез-құлқына байланысты туындаған психиканы зақымдайтын ұзаққа созылған жағдайлардың болуы соған тән. Зорлық күш көрсетумен (мысалы ұрып-соғу), сондай-ақ психикалық (денсаулығына зақым келтірумен, мүлкін жойып жіберумен және т.б. қоркыту) болуы мүмкін. Басыну адамдық қадір-қасиетін кемсітумен, жеке басын қорлау арқылы жасалуы мүмкін. Өте ауыр балағаттау адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін жағымсыз нысанда дөрекі түрде кемсітумен көрінеді. Заң әдебиетінде мынадай пікір айтылады, өте ауыр балағаттау Қылмыстық кодекс нормаларында көзделген балағаттаудан өзгеше болуы мүмкін емес. Ол Кылмыстық кодекстің 130-бабында көзделген кылмыс белгілеріне сәйкес келуі де немесе сәйкес келмеуі де мүмкін. Ал ар-намыс пен қадір-қасиетті кемсіту дәрежесін бағалау өлшеміне келетін болсақ, мұнда объективтік факторларды, сол сияқты субъективтік факторларды да ескеру қажет. Мысалы "фашист" сөзі соғыс ардагеріне және соғысқа қатысушыға, ол үшін қасиетті болып саналмайтын жас буын өкіліне түрліше реакция туғызуы мүмкін.
1997 жылғы Қылмыстық кодексте аффект үшін негіз болуы мүмкін жағдайлардың аясы кеңейе түсті. Егер 1959 жылғы Қылмыстық кодекс жәбірленушінің зорлық көрсетуі мен өте ауыр балағаттауынан басқа, егер осы әрекеттер кінәлыға немесе оның жақын-жуықтарына ауыр зардап келтірген немесе зардап келтіруі мүмкін болған жағдайда, өзге де заңға қайшы әрекеттері (әрекетсіздігі) жатқызылған болса, ал 1997 ж. Қылмыстық кодекс бойынша аффект үшін қылмысқа қарсы және тіпті моральға жатпайтын қарапайым әрекеттердің (әрекетсіздіктің) болуы жеткілікті. Моральға жатпайтын әрекет түсінігіне келетін болсақ, біздің еліміз бастан кешірген бірқатар моральдық кұндылықтарды қайта бағалаумен байланысты олардың мазмүнын түсінуде де белгілі бір қиындықтардың пайда болуы мүмкін. Оның үстіне біздің коғамымыз жікке бөлінуге қатты ұшырап отыр және көптеген құбылыстарды түрлі әлеуметтік топтар түрліше қабылдайды. Оған қоса біз қазір әрекеттердің қандай моральға (социалистік немесе коммунистік) қайшы келетіндігіне сілтеме жасай алмаймыз. Сонда да қай уақытта болмасын, негізінен қоғам мүшелерінің көпшілігіне бірдей болып саналатын моральдық құндылықтар, жаксылық пен жамандык, ар, намыс және арсыздық, сенімділік пен сатқындық, ұят пен ұятсыздық деген пікір түсініктер болды. Міне, осылар баға беру негізіне алынуы тиіс.
Адам өлтірілетін аффект жай-күйі занда көзделгендей кенеттен болған жағдайда емес, жәбірленушінің үнемі қайталанып отырған құқыққа қарсы немесе моральға жат мінез-кұлқына байланысты пайда болған, ұзақ уакыт психиканы зақымдайтын оқиғалармен де байланысты болуы мүмкін. Мұндай жағдайда, тіпті бір қарағанда еленбейтін жағдайдың өзі шыдамның шегіне жеткізіп, адам өлтіруге әкеліп соқтыратын көңіл-күй жарылысының тұтандырғышы болып табылуы мүмкін.
Аффект жағдайында адам өлтіру тікелей де, сол сияқты жанама қасақаналықпен жасалуы мүмкін. Аффект кезінде екі немесе одан көп адамды өлтіру жағдайы Қылмыстық кодекстің, 98-бабының 2-тармағында сипатталған. Екі немесе одан да көп адамды өлтірудің түсінігі Қылмыстық кодекстің 96-бабының 2-тармағының "а" тармақшасында берілген.
Қажетті қорғану шегінен асып кеткен кезде не қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шараларды асыра қолдану кезінде жасалган адам өлтіру (ҚК-тің 99-100-баптары)
Қылмыстық кодекс осы баптарда адам өлтірудің екі құрамын кездейді. Қажетті қорғану шегінен асып кеткен кезде не қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шараларды асыра қолдану кезінде адам өлтіру. Кажетті қорғану шегінен асып кеткен кезде адам өлтіру жәбірленушіні өмірінен айыру кажеттігі болмаған кезде орын алады. Кінәлінің әрекеті сипаты және дәрежесі бойынша қастандықтың қоғамға қауіптілігіне анық түрде сәйкес келмейді.
Сот тәжірибесінде қажетті қорғану шегінен асып кеткен кезде адам өлтіруге саралау жасалған кезде қателіктер жиі жіберіледі. Бірқатар жағдайларда қажетті қорғану шегінен асып кету болмаған жәйттер де кездеседі.
Қажетті қорғану шегінен асып кеткен кезде адам өлтіргенде тікелей де, сол сияқты жанама қасақаналықтың болуы мүмкін. Қажетті қорғану шегінен асып кеткен кезде абайсыздықтан өмірінен айыру қылмыстық жауапкершілік болып есептелмейді.
Қылмыс жасаған адамды ұстау үшін кажетті шараларды асыра қолдану кезінде адам өлтіру Қылмыстық кодекстің 100-бабында сипатталған. Ұсталған адамның жасаған қылмысы ұсталу жағдайының сипаты мен коғамға келтіретін қауіптілік дәрежесіне анық түрде сәйкес келмегенде, тұлғаға ешбір қажеттіліксіз, шектен тыс, осы жағдай тудырмаған зиян келтіру қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шараларды асыра қолдану деп танылады (ҚК-тің 100-бабы). Қажетті қорғану шегінен асып кеткен кезде адам өлтіруден 100-баптың айырмашылығы — жәбірленуші оны өлтірген кезде коғамға қауіпті қастандық жасамайды.Ұсталған тұлғаға ол қылмыс жасағаннан кейін зиян келтіріледі. Бұл зиянның көлемі қылмыстың ауырлығына байланысты. Ұсталу жағдайына келетін болсақ, мұның да белгілі бір рөлі бар, бірақ бірінші дәрежелі емес. Немесе кез келген ұстау жағдайында (егер қажетті қорғану жағдайы туындамайтын жағдайда), мысалы шағын немесе орта ауырлықтағы қылмыс жасаған тұлғаны өлтіруге немесе оның денсаулығына ауыр зиян келтіруге болмайды.
Ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған қылмыскерді ұстау кезінде оны өлтіруге байланысты заң әдебиеттерінде әр түрлі пікірлер айтылған. Кейбір авторлар мұндай жағдайларда қоғам үшін қауіпті іс-әрекеттің жолын кесу құралы ретінде оларды өлтіру мүмкін деп санайды. Алайда мұндай көзқарастың авторларына айтарымыз: ұстау сәтінде бұл әрекет әлі анықталған жоқ. Оның іс-әрекетінің қауіптілігіне келетін болсақ, бұл бар болғаны болжам түрінде ғана, ол Қылмыстық кодекс нормаларында көзделген қандай да болмасын белгілі бір заңдылық бағаға жатқызылған жоқ. Сондықтан бұл жағдайларда өлтіру, біздің пікірімізше, заңға кайшы.
Әйелдерге, анық мүгедектік белгісі бар адамдарға және өте жас балаларға немесе милиция қызметкерлеріне кәмелетке толмағандарға (егер олар қарулы қарсылық көрсеткен, қарулы не топ болып шабуыл жасаған, адамдардың өміріне кауіп төндіретін, бұдан бөгде адамдар зардап шегуі мүмкін болатындай елеулі түрде адамдар шоғырланған жағдайдан басқа жағдайларда) оқпен атылатын қаруды қолдануға тыйым салынады.
Атылатын қаруы бар қылмыскерлердің, полиция қызметкерлері ұстайтын адамдардың, оларға көрсетілген ара кашықтықты қысқарта жакындауға немесе оның қаруына жанасуға әрекет етуі полиция қызметкерінің оқпен атылатын каруды колдануына құқық береді.
Абайсызда адам өлтіру (ҚК-тің 101-бабы)
1997 жылғы Қылмыстық кодекс бойынша абайсыздықта адам өлтіріп алу адам өлтірудің түсінігіне жатпайды, ол өз алдына жеке қылмыс болып табылады. Мұның адам өлтіруден негізгі айырмашылығы өлімнің болуына қатысты кінә нысанының өзгешелігінде. Абайсыздықта адам өлтіріп алу ұшқалақтықтың немесе ұқыпсыздықтың салдарынан болуы мүмкін. Ұшқалақтық салдарынан адам өлтіріп алу кінәлі өз әрекетінен (әрекетсіздігінен) өлімнің болу мүмкіндігін шамалайды, бірак өзіне-өзі сеніп, оған жеткілікті негіз болмағанның өзінде де өлімнің жолын кесемін деп есептейді. Егер тұлға өзінің әрекетінен (әрекетсіздігінен) өлімнің болу мүмкіндігін шамаламаса, бірақ оған қажетті деңгейде көңіл бөлген немесе шамалаған кезде өлімнің болатындығын алдын ала болжауға тиіс болған жағдай ұкыпсыздықтың салдарынан адам өлтіріп алу деп танылады.
Абайсыздықта адам өлтіріп алудың субъектісі — он алты жасқа толған адам болады.
Қылмыстық кодекстің 101-бабының 2-тармағы осы қылмыстың неғұрлым қауіпті түрін қарастырады: екі немесе одан көп адамды абайсыздықта өлтіріп алуы.
Өзін-өзі өлтіруге жеткізу (ҚК-тің 102-бабы)
Қылмыстың мәні — қорқыту, қатыгездікпен карау немесе жәбірленушінің адамдық қасиетін кемсіту жолымен тұлғаны өзін-өзі өлтіруге немесе өзін-өзі өлтіруге қастандық жасауға жеткізуде.
Қылмыстың объективті жағы — қорқыту, қатыгездікпен қарау немесе жәбірленушінің адамдық қасиетін ұдайы кемсіту жолымен тұлғаны өзін-өзі өлтіруге немесе өзін-өзі өлтіруге қастандық жасауға жеткізумен сипатталады. Сондықтан да қорқыту сипаты барынша әр түрлі болуы мүмкін деп айтуға болады: күш қолданумен, бостандығын шектеумен немесе бостандығынан айырумен, тіршілік ету құралынан айырумен және т.б.
Жәбірленушіге қатыгездікпен карау, оны ұрып-соғудан, азаптау, денеге жарақат салудан, оны тамақтан, үй-жайдан айыру, бостандығын шектеуден және т.б. көрінеді.
Жәбірленушінің адамдық қасиетін ұдайы кемсіту, кінәлінің жәбірленушімен екіжүзділік қарым-қатынаста болуы: оның жеке басын кемсіту, оның кемшіліктерін келеке қылу, оны басыну, оны масқаралайтын мәліметтер тарату және т.б. жағдайларда орын алады. Сонымен катар мұндай фактілер біреу емес, ұдайы, яғни екі реттен көп болуы тиіс.
Жоғарыда аталған әрекеттер әрекет жасау жолымен, сондай-ақ әрекетсіздік жолымен де жасалуы мүмкін.
Жәбірленушінің өзін-өзі өлтіруі немесе өзін-өзі өлтіруге қастандық жасауы осы кылмыстың объективті жағының міндетті белгісі болып табылады. Кінәлінің мінез-кұлқы мен аталған зардаптың арасында себептік байланыс анықталуға тиіс.
3 Әрбір жеке адамның денсаулығы — ол адам өміріндегі айтарлықтай орын алатын фактор болып табылады. Себебі адам денсаулығы — оның негізгі байлығы. Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі — жалпы мемлекеттің, коғамның, әрбір азаматтың негізгі борышы. Сонымен әрбір қоғам мүшесі денсаулықты сақтау шараларын жүргізу туралы мәселелерге баса назар аударып, халықтың денсаулық сақтау мәселесінің шешілуіне белгілі бір шаралар колданып, қоғам үшін біршама септігін тигізуі керек. Қазіргі кезде мемлекетімізде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес денсаулықты сақтау мәселелері жөнінде мемлекеттік бағдарламалар әзірленген, осы бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жұмыс істеп отыр. Қазақстан Республикасы Конституциясының «Адам және Азамат» бөлімінің 29-бабының тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының азаматтары заңмен белгіленген тегін әрі кепілді медициналык көмек көлемін тегін алуға құқылы. "Мемлекеттік және жеке меншік емдеу мекемелерінде, сондай-ак жеке медициналык практикамен айналысушы адамдардан ақылы медициналық жәрдем алу заңда белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүргізіледі" делінген. Осыған орай азаматтардың денсаулығын нығайту, айналадағы қоршаған ортаны сақтау шараларын жүзеге асыру мақсатында, әсіресе өсіп келе жатқан жасөспірімдердің денсаулығын сақтау үшін мемлекеттік және жеке емдеу мекемелері заңға сәйкес ақылы түрде не тегін медициналык жәрдем көрсетуді жүзеге асырып отыр.
Осы арада денсаулық деген үғымға түсінік бере кетейік. Денсаулық дегеніміз — адам ағзасының дұрыс әрі қалыпты жұмыс істеуі. Яғни, адам ағзасының әрбір органы, әрбір мүшесі сол жаратылған қалпында сақталып, оның дұрыс әрі қалыпты түрде белгілі бір кызметті атқаруы. Денсаулыққа қарсы қылмыстардың қоғамға кауіптілігі — бұл қылмыстарды жасаған кезде, бір адам екінші бір адамның денсаулығына қасақана немесе абайсызда зиян келтіреді, яғни кінәлі қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді жасай отырып, адам өмірі үшін ең қымбатты болып табылатын адам денсаулығына заңсыз түрде кол сұғады. Адам денсаулығына зиян келтіру көбінесе оның мемлекет пен қоғам алдындағы азаматтық міндеттерін атқару, яғни сол міндеттерін нақты орындау мүмкіндіктерінен айырады. Мысалы: адам денсаулығына зиян келуі — оның міндетті әскери қызметке шақырылуына кедергі келтіруі мүмкін, сондай-ақ әскери немесе баска да арнайы қызметтерді атқаруына зиянды әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан да адам денсаулығына қарсы қылмыстарды жасау — тек жәбірленушінің өзіне ғана емес, сондай-ақ оның жақын туысқандары үшін де үлкен залал болып табылады. Яғни, жәбірленушінің денсаулығына зиян келу салдарынан, оның жақын туысқандарына да белгілі бір көлемде материалдық немесе моральдық залал келуі мүмкін. Адамды денсаулығынан айыру салдарынан оның өмірдегі, қоғамдағы еңбек және басқа да қоғам қызметтеріндегі байланысы үзіледі, оның енбекке, қоғам қызметтеріне белсенді түрде қатысуына көбінесе мүмкіндік бере бермейді. Сондықтан да адам денсаулығы — адам өмірінің негізгі қуанышы, негізгі байлығы болып табылады.
Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстарды топтастырайық. Казақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде адам денсаулығына карсы қылмысқа кандай қылмыстар жататыны нақты көрсетілген. Сонымен адам денсаулығына қарсы қылмыстарға мыналар жатады: 1) денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (103-бап); 2) денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру (104-бап); 3) денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (105-бап); 4) ұрып-соғу (106-бап); 5) азаптау (107-бап); 6) денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру (108-бап); 7) қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (109-бап); 8) қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (110-бап); 9) денсаулыққа абайсызда зиян келтіру (111-бап); 10) қорқыту (112-бап); 11) ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын, тінін алуға мәжбүр ету (113-бап); 12) медицина қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы (114-бап); 13) соз ауруларын жұқтыру (115-бап); 14) адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру (116-бап); 15) заңсыз аборт жасау (117-баптың 4-тармағы); 16) науқасқа көмек көрсетпеу (118-бап); қауіпті жағдайда қалдыру (119-бап).
Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстардың объектісін, объективтік жағын, субъектісін, субъективтік жағын жеке-жеке талдайық.
Дене жарақатының объектісі — бөгде адамның қалыпты денсаулығы болып табылады.
Адам денсаулығына қарсы қылмыстардың объективтік жағы — басқа адамның денсаулығына, құқыққа қайшы әрекеттер мен әрекетсіздіктер арқылы зиян келтірумен көрініс табады. Көбінесе дене жарақаты әрекет арқылы жасалынады. Кінәлі адам жәбірленушінің денсаулығына әр түрлі жолдармен, атап айтсақ, механикалық әсер ету арқылы (мүшелерге зақым келтіру), химиялық жол арқылы (улау, қышқылмен күйдіру), электрлік жолмен, (тоқпен ұру), термикалық әсер ету (ағзаға инфекциялы ауруларды жұқтыру) арқылы, сонымен қатар психикалық әсер ету арқылы (гипноз) және басқа да тәсілдер арқылы дене жарақатын келтіреді. Әрекетсіздік арқылы да дене жарақаты келтірілуі мүмкін, егер де белгілі бір адам өзіне жүктелген міндеттерді орындамаса.
Кейбір кездері дене жарақатын келтіру қылмыстық жауаптылықтан босатылуға негіз болып табылады, егер бұл жарақат мәжбүрлік қажеттілік жағдайында, яғни емдеу мақсатында болса. Мысалы, егер жәбірленуші өзінің ағзасына хирургиялық операциялар жүргізуге келісімін берсе, онда хирургтер осы хирургиялык операциялардан туындайтын белгілі бір зардаптарға жауап бермейді, себебі жәбірленуші хирургиялық операциялардан туатын салдарға қарсы болмады. Дене жарақатын келтіру спорт жарыстары кезінде де орын алуы мүмкін. Спорттың нақты түріне қатысты жалпы ережені сақтамау салдарынан туған дене жарақаты денсаулыққа қарсы қылмыс ретінде сараланады. Мысалы, футбол кезінде футбол ережесін өрескел бұзған кінәлы бөгде адамға дене жарақатын келтірсе, онда оның әрекеті денсаулыққа қарсы қылмыс ретінде танылады.
Дене жарақатын келтірудің субъективтік жағы 2 нысаннан тұрады: 1) қасақана (тікелей және жанама), 2) абайсызда (менмендік және немқұрайдылык). Тікелей қасақана дене жарақатын келтіру бір адамның екінші бір адамға дене жарақатьін келтіруді тілеп, алдын ала ойластырып, жоспарлы түрде мақсаттар жасауы, ал жанама қасақаналықта кінәлі сондай зардаптын болуын тілемейді, бірақ оған саналы түрде жол береді. Абайсыздық нысанының өзінде сенімділік түрінде кінәлі өзінің әрекетінен немесе әрекетсіздігінен туатын салдардың, яғни дене жарақатының болуын көре алады, бірақ ол салдар бола коймас-ау деген өзіне сенімділік ниетте болады, немқұрайдылық түрінде адам дене жарақатының болатынын көре алмайды, бірақ көруге тиісті болатын.
Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстардың субъектілері туралы мәселеге тоқталайық.
Қазақстан Республикасының Кылмыстық кодексінің 15-бабының 2-тармағында көрсетілген дене жаракатын салумен байланысты мына қылмыстарды жасаған есі дұрыс субъектілер үшін 14 жас белгіленеді: 1) денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (103-бап); 2) ауырлататын мән-жайлар кезінде денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зардап келтіру (104-баптың 2-тармағы).
Ал мына дене жарақаттарын салғаны үшін заң бойынша есі дұрыс субъектілер үшін 16 жас белгіленеді: 1) денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (105-бап); 2) ұрып-соғу (100-бап); 3) азаптау (107-бап); 4) денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру (108-бап); 5) қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (109-бап); 6) қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (110-бап); 7) денсаулыққа абайсызда зиян келтіру (111-бап); 8) қорқыту (112-бап); 9) соз ауруларын жұқтыру (115-бап); 10) адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру (116-бап); 11) заңсыз аборт жасау (117-бап); 12) қауіпті жағдайда қалдыру (119-бап).
Ал мына төмендегі дене жарақаттарын салумен байланысты қылмыстарды жасаған есі дұрыс арнаулы субъектілер заң бойынша жауапкершілікке тартылады: 1) заңсыз аборт жасау (117-бап); 2) медицина қызметкерінің өзінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы (114-бап); 3) ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын немесе тінін алуға мәжбүр ету (113-бап); 4) науқасқа көмек көрсетпеу (118-бап). Осы жоғарыдағылардан айқын болғандай кейбір дене жарақатын салған есі дүрыс субъектілер үшін 14 жас, ал кейбір субъектілер үшін 16 жас.
Сонымен қатар дене жарақаты қылмысын жасайтын арнаулы субъектілер де бар.
Енді ауыр дене жарақатын салу түсінігі мен түрлеріне тоқталайық. Жалпы денеге жарақат түсіру деп бөгде адамның денсаулығына қасақана заңсыз түрде немесе абайсыз денедегі ұлпалардың анатомиялық тұтастығын бүлдіру жолымен, әйтпесе басқа жолмен оның ағзаларының дұрыс жұмыс істеуін бұзу арқылы зиян келтіруді айтамыз.
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру ұғымына келетін болсақ, ол былай делінген: "Адамның өміріне қауіпті немесе көруден, тілден, естуден, кандай да болсын органнан айрылуға немесе органның қызметін жоғалтуға немесе бет әлпетінің калпына келместей бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, сондай-ақ өмірге қауіпті немесе еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін тұрақты түрде жоғалтуға ұштасқан немесе кінәліге мәлім кәсіби еңбек қабілетін немесе түсік тастауға, психикасын бұзуға, есірткімен немесе уытты умен ауруға душар еткен, денсаулықтың бұзылуын тудырған, денсаулыққа өзге зиян келтірген касақана ауыр зиян келтіру".
Осы 103-баптың 1-тармағын талдап, тоқталып өтейік: "Ден-саулыққа келтірілген зиянды сот-медициналық бағалау Ережесі" 1998 жылы 4 мамырда Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау Министрлігінің Денсаулық сақтау комитетінің №240 бұйрығымен бекітілген. Осы Ережеге сәйкес:
а) Адамның өміріне қауіпті зиянға — миға зақым келтірілместен бас сүйегіне келтірілген жарақат; бас сүйектерінің ашык немесе жабық сынуы; ауыр дәрежедегі мидың зақымдануы; өмірге қауіпті түрде миға кан құйылуы; бел омыртқаны ауыр зақымдау; адамның іш құрылысын, ас қорыту, зәр шығару органдарын жарақаттау, ауыр дәрежеде күйдіру т.б. жарақаттар келтірулер жатады. Өмірге қауіпті жарақаттың тізбегі жоғарыда айтылған Ереженің 7-тармағында тұтастай көрсетілген.
б) Қасақана ауыр дене жарақатының салдарынан көруден айрылу — бұл адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру салдарынан адам көре алмайтын жағдайға душар болады. Айтып кететін бір жәйт, адамның көре алмауы емделусіз болуы керек, уақытша көруден айрылу ауыр дене жарақатының элементі болмайды, яғни ол орташа ауырлықтағы дене жарақаты болып табылады.
Бір көздің көруін жоғалту ауыр дене жарақаты ретінде бағаланады. Бір көздің көруінен айрылу салдарынан адам көзінің көру шеңбері 30 пайызға тарылады және бинокулярлык көрудің бұзылуына әкеп соғады, ал мұндай жағдайлар кейбір кездері белгілі бір нәрселерді нақты қабылдау кабілеттілігін қиынға соқтырады немесе көрудің мүмкіншілігін түпкілікті жоғалтады. Себебі, бір кезден айрылған адам мамандық түрін таңдағанда ғана емес, сонымен қатар дем алу кездерінде де қиыншылықты басынан өткереді, ал кейбір кездері бақытсыздык жағдайлардың объектісі болуы да мүмкін. Сондықтан да көздің көру қабілетін 35 % мөлшерінде жоғалту немесе 2 метр қашықтықта бармақтың санын көре алмауы денсаулыққа ауыр зиян келтірілді деп есептелінеді және ауыр дене жарақаты ретінде бағаланады.
в) Қасақана ауыр дене жарақатының салдарынан тілден айрылу — сөйлеу қабілетін, ол ойын айналасындағыларға түсінікті түрде біріккен дыбыстармен жеткізу қабілетін біржола жоғалту. Дауысын жоғалту салдарынан, яғни афония жағдайында адам өзінің ойларын тек қана сыбырлап жеткізе алады. Мұндай жағдайлар адамның енбек ету қабілеттілігінің 25% мөлшерінде жоғалтуына әкеп соғады. Сөйлей алмау нәтижесінен адам қоғамдағы қатынастарға активті түрде катыса алмайды, барлық уақытта өзінің бір кемшілігінің бар екенін сезінеді, адамдармен сөйлесуден аулақ жүреді, сондықтан да тілден айрылу адам денсаулығы үшін орасан зиянды болып табылғандықтан ауыр дене жарақаты ретінде есептелінеді.
г) Қасақана ауыр дене жарақатының салдарынан естімей қалу деп мүлде айықпайтын кереңдік және зардап шегуші қатты айтылған сөзді өте жақын жерден, кұлағынан 3-6 см қашықтықта айтқанда ғана ести алатындай жағдайда қалуы. Жалпы есту — адам ағзасының сезім органдарының бірі. Күнделікті қарым-қатынас, жүмыс, дем алу уақыттары, теледидардан, радиодан хабар алу, есту сезімімен тығыз байланысты. Екі құлақтың есітпей қалуы — ауыр дене жарақаты ретінде есептелінеді. Бір құлақтың есітпей қалуы — жалпы еңбек қабілетінің 15 пайызын, яғни кемінде үштен бірін жоғалту емес, сондықтан ол денсаулықтың бұзылуына әкеп соққан жеңіл жарақат деп бағаланады.
д) Қандай да болсын органнан айрылуға немесе органның Қызметін жоғалтуға — аяқтың, қолдың физикалык тұрғыда денеден айрылып қалуын немесе сал (паралич) қалпында қалуы жатады және бұл жағдай ауыр дене жарақаты ретінде бағаланады. Жыныс қатынастарының қабілетін жоғалту, екі ені де зақымданып, оларды алып тастауға әкеп соғуы, сондай-ақ бала табу қабілетінен айрылу тұқымдылық қабілетінен айрылу деп саналады да, ауыр дене жарақаты қатарына жатады.
е) Сот медицинасы тәжірибесінде беттің жаралануы тым жиі кездеседі. Бет жарақатын бағалау кезінде бірқатар факторларды: жарақат салған кезде оның адам өміріне қауіптілігін (ми шайқалуы т.б.), сезім мүшелерінің закымдануын және бет пішінінің қалпына келмейтіндей болып бұзылуын ескеру керек. Бет сиқының бұзылуы туралы мәселені сот шешеді. Бет жарақатының жазылуы дегеніміз — тыртық көлемінің кішіреюі, табиғи жағдайлардың нәтижесінде олардың енінің өзгеруі, мысалы, тыртықтардың әжімдерге, мойын қыртыстарына және т. б. ұқсап тұруы болып табылады, сондай-ақ консервативтік емдеу әдістерінің нәтижелері де осыған жатады. Ал егер консервативтік емдеу жақсы нәтижеге жеткізбей, зақымданушыға косметикалық операциялар жасалса, жарақат операцияның нәтижесіне қарамастан қалпына келмейтін жарақат деп қаралады да ауыр дене жарақатына жатады, өйткені мұндай жағдайда орын алатын іш құса болып қатты қайғыруға бет-пішіннің өзгеруі ғана емес, адамның қоғаммен байланысының бұзылу қаупі де негіз болады.
и) Еңбек қабілетінін, кемінде үштен бірін тұрақты түрде жоғалту деп — жалпы еңбек қабілеті, мамандықты талап етпейтін еңбекке қабілеттілік айтылады. Еңбек қабілетінің үштен бірін жоғалту зардап шеккен адамның жалпы еңбек қабілеті мен оның жоғалту көлемін онша өзгертпейтін жарақат зардаптарының біршама жақсаруы организмдегі өзгерістермен бірге байланысты. Еңбек қабілетін жоғалту тек тұрақты болады. Жалпы еңбек қабілетінің 33% мөлшерін жоғалту ауыр дене жарақаты ретінде бағаланады. Кәсіптік еңбек қабілетін жоғалтуды анықтау зардап шеккен адамның кәсіптік еңбек қабілетінен айыруға ниеттенгендік анықталатын жағдайларда тергеушінің қаулысы немесе сот қаулысы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Еңбекке кабілетті адамның еңбек кабілетін жоғалтуына апарып соғатын жарақаттар жас балаға, қарт адамға, кәмелетке толмаған жасқа, 1-топтағы мүгедекке, яғни еңбекке жарамсыз адамдарға салынуы мүмкін. Мұндай жағдайларда дене жарақатының қаншалықты ауыр екенін анықтағанда мыналар негізге алынады: 1) балалардың кейін ол 10 жаска толғанда еңбек қабілетін қандай дәрежеде жоғалтқаны көрсетіледі; 2) мүгедек адамның алынған жарақатқа байланысты еңбек қабілетін біржола жоғалтуы дені сау адамдардікі сиякты анықталады, яғни мүгедектігі мен тобы ескерілмейді.
к) Егер келтірілген зақымдардың салдарынан түсік болса, екіқабат екендігінің мерзіміне карамастан, ол ауыр дене жарақатына жаткызылады. Бұл орайда арнайы акушерлік-гинекологиялык зерттеулер арқылы түсіктің зардап шегуші организмінің жеке ерекшеліктеріне, яғни аурулығына немесе ішкі жыныс мүшелерінің жетілмегендігіне байланысты емес, қайта оған дене жарақатының тікелей себеп болғаны аныкталуға тиіс.
ж) Жарақат алуға байланысты іш кұса болу (психикасының бұзылуы) ауыр дене жарақатының белгісі болып табылады. Мысалы: бас сүйек жарақатына байланысты пайда болатын кояншык (эпилепсия) осындай ауру. Іш құсаның диагнозын қою және оның себебі жарақат алуға байланысты екенін анықтау сот-психиатриялық сарапшының құзыретіне жатады.
з) Есірткімен немесе уытты умен ауруға душар еткен денсаулықтың бұзылуын тудыру денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру. Бұл есірткі немесе уытты у аркылы адамды соған душар етіп, оған ауыр дене жарақатын келтіру болып табылады.
Енді жоғарыда керсетіп кеткен 103-бапқа қайта оралып, оның 2-тармағына тоқталайық. Осы баптың 1-тармағындағы әрекеттер: а) екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалса; б) адамның қызметтік жұмысын немесе кәсіптік немесе қоғамдық борышын орындауға байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты жасалса; в) кінәліге дәрменсіз күйде екені белгілі, сол сияқты адамды үрлауға немесе кепілге алуға ұштасқан адамға қатысты жасалса; г) аса қатыгездікпен жасалса; д) үйымдасқан топпен жасалса; е) жалдау бойынша; ж) бұзақылық ниетпен; з) әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздык тұрғысында; и) жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсатында; к) бірнеше рет жасалса немесе оны осы Кодекстің 96-бабында көзделген кісі өлтірген адам жасаса,— деп атап көрсетілген.
Осы 103-баптың 1 және 2-тармағында көзделген әрекеттер абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соғуы мүмкін. Ауыр дене жарақатының салдарынан жәбірленушінің өлімі бір құрамдағы екі кінә нысаны ретінде көрініс табады:
1) қасақана ауыр дене жарақатын келтіру,
2)абайсызда жәбірленушіге өлім келтіру.
Ауыр дене жарақатының салдарынан жәбірленушінің өліміне әкеп соғатын кінәлінің әрекеттері тікелей баска адамның денсаулығына қол сұғуға бағытталады, сондықтан да жалпы кінәлілік әрекеттері адам денсаулығына қарсы кылмысқа жатады. Жалпы кінәлінің әрекеттерінің субъективтік жағын қарастырсақ, кінәлі өзінің қасақана әрекеттері арқылы жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіреді, мұндай әрекеттерді ол тілеп немесе саналы түрде жол беріп істейді, бірақ бұл әрекеттердің салдарынан келетін зардап, зиян жәбірленушінің өлімі абайсызда болады, яғни кінәлі жәбірленушінің өлуін тілемейді, ол өлмейді деген менмендік немесе немқұрайдылық қатынас түрінде болады. Егер абайсызда жәбірленушіге ауыр дене жарақаты келтірілсе, мұның салдарынан жәбірленуші өлетін болса, онда бұл жағдай абайсызда кісі өлтіру қылмысы құрамын құрайды. Сонымен ауыр дене жарақатының салдарынан жәбірленушінің өлімі келген жағдайға байланысты жалпы заң бойынша 2 корытынды шығаруға болады:
1) Егер де кінәлі тікелей немесе жанама қасақаналықпен өлтіруге бағытталған әрекеттерді жасап, мұның салдарынан жәбірленуші өлсе, онда кінәлінің әрекеті касақана кісі өлтіру қылмысы құрамын құрайды. Егер де кінәлінің өлтіруге бағытталған тікелей қасақаналық әрекетінің салдарынан жәбірленушіге өлім келмей, оған тек ауыр дене жарақаты салынса, онда кінәлінің әрекеті кісі өлтіруге оқталу ретінде есептелінеді, ал жанама қасақаналықта—дене жарақаты ретінде бағаланады. Жәбірленушіге өлім келтіруді мақсат тұтпай жанама қасақаналықпен жасалған дене жарақаты өлтіруге оқталу ретінде карастырылмайды.
2) Егер де ауыр дене жарақатының салдарынан келген жәбірленушінің өліміне кінәлының тікелей немесе жанама қасақаналық ниеті болмаған кезде, онда кінәлінің әрекеті тұтасымен 103-баптың 3-тармағымен сараланады.
Денсаульққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру (104-бап)
Қылмыстық кодекстің 104-бабында көрсетілген қылмыстың денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруден өзгешелігі келтірілген зиянның дәрежесінде. Ауыр зиянға қарағанда орташа ауырлықтағы зиян келтіру мынадай өзіндік белгілермен: 1) адамның өміріне кауіптіліктің болмауынан; 2) Кодекстің 103-бабында көрсетілген зардаптарға әкеп соқпауынан; 3) денсаулықтың ұзақ уақытқа бұзылуына; 4) жалпы еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін айтарлықтай тұрақты жоғалтуға әкеліп соғумен сипатталады. 3 аптадан (21 күннен әрі) артық уақытқа уакытша еңбек қабілетін жоғалту денсаулықтың ұзақ уақытқа бұзылуы, ал жалпы еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін (10-нан 30%-ке дейін) жоғалту тұрақты жоғалту деп танылады.
Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтірудің ауырлататын түрлері Қылмыстық кодекстің 103-бабында көзделген осындай белгілермен бірдей, сондықтан да оларды қайталап талдап жатудың қажеті жоқ.
Субъективтік жағынан көрсетілген қылмыс тікелей немесе жанама қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың субъектісі 104-баптың 1-тармағы бойынша 16-ға толған, ал осы баптың 2-тармағы бойынша 14-ке толған адам болады.
Денсаулыкқа касақана женіл зиян келтіру (105-бап)
Қылмыстық кодекс денсаулықтың қысқа уақыттық бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін айтарлықтай емес тұрақты жоғалтуға әкеп соққан денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін жауаптылық белгілеген. Ұзақтығы 6 күннен 21 күнге дейінгі уақыт аралығындағы денсаулыққа келтірілген зиян денсаулықтың қысқа уақытқа бұзылуы, ол жалпы еңбек қабілетінің 10% дейінгісін жоғалту айтарлықтай емес тұрақты жоғалту деп танылады. Осы көрсетілген белгілердің әрқайсысы аяқталған жеке қылмыс құрамдары болып танылады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей немесе жанама қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық ниет әр түрлі болуы мүмкін. Егер жеңіл зиян бұзақылық ниетпен қоғамдық тәртіпті бұзумен ұштаса отырылып келтірілсе, онда кінәлінің әрекеті Қылмыстық кодекстің 257-бабы бойынша сараланады. Қылмыстың субъектісі 16-ға толған кез келген есі дұрыс адам.
Ұрып-соғу (106-бап)
Қылмыстық кодекстің 106-бабында тән ауруын келтірген, бірақ осы Кодекстің 105-бабында қамтылған зардаптарға әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттерін жасау үшін жауаптылық белгіленген. Жәбірленушіні тән ауруын келтіре отырып денеге дақ түсіру, тырнау, денесін қанталату, денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге жатпайтын басқадай зақым келтіру ұрып-соғу деп танылады. Жәбірленушіні араға шақтыру, оған ине тығу, колын бұрап ауырту, бір мәрте болса да теуіп жіберу, өзге де күш қолдану әрекеттері жатады. Үрып-соғудың белгісі 6 күнге дейін кетуге тиіс, орын алған жарақаттың белгісі көрсетілген уакытта кетпесе, онда іс-әрекет Қылмыстық кодекстің 105-бабымен саралануы тиіс. Үрып-соғу белгілерін анықтау сот, тергеу органдарының құзыреті болып табылады, ал егер ұрып-соғу жарақат келтірумен ұштасса, онда оның дәрежесін сот-медициналық сарапшысы анықгайды.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей немесе жанама қасақаналыкпен істеледі.
Қылмыстың субъектісі жалпы — 16-ға толған адам.
Азаптау (107-бап)
Қылмыстық кодекстің 102 және 104-баптарында сипатталған зардаптарға әкеп соқпаған жағдайда адамды ұдайы ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттері жолымен тән зардабын немесе психикалық зардап шектіргені үшін жауаптылык белгілеген.
Объективтік жағынан алғанда қылмыс азаптау арқылы — ұдайы ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттері жолымен жүзеге асырылады.
Үдайы ұрып-соғуға жыл ішінде кемінде үш реттен артық сабау жатады. Тән зардабын шектіруге — адамды астан, жылудан, сусыннан айыру немесе оны өте ыстық, не болмаса суык жерге жауып кою, шулы, ауасы ластанған жерде ұстау, т.с.с. жатады.
Психикалық зардап шектіруге үрып-соғу мен бірге адамды қорлау, оған бұзақылық әрекеттер жасау, әр түрлі жолмен қорқыту, сайқымазақ етулер жатады.
Күш қолдану арқылы зардап шектіруге үнемі өткір немесе қатты затпен, құралмен денені ауырту, күйдіретін, қыздыратын немесе басқа нәрселермен денені болмашы жарақаттау, т.с.с. әрекеттер жатады.
Егер азаптаудың әсерінен денсаулыққа ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтірілсе, онда кінәлінің әрекеті істің нақты жағдайларына байланысты Қылмыстық кодекстің 103 немесе 104-баптары бойынша саралануға жатады.
Қылмыс күш қолдану немесе психикалык зардап шеккізу әрекеттері басталған сәттен бастап аяқталған деп табылады.
Қылмыс субъективтік жағынан қасақаналықпен істеледі.
Кылмыстың субъектісі — 16-ға толған адам. Қылмыстық кодекстің 107-бабының 2-тармағында азаптаудың ауырлататын түрлері:
а) кәмелетке толмаған немесе кінәліге дәрменсіз күйде екендігі белгілі, не кінәліге материалдық немесе өзге тәуелділіктегі адамға, сонымен бірдей ұрланған не кепіл ретінде колға түсірген адамға қатысты;
б) екі немесе одан да көп адамға қатысты;.
в) кінәліге жүктілік жағдайында екендігі белгілі әйелге катысты;
г) азаптап;
д) жалдау бойынша;
е) әлеуметтік, үлттык, нәсілдік, діни өшпенділік немесе дұшпандық тұрғысында жасалған әрекет үшін жауаптылык көзделген. Осы көрсетілген белгілерге сипаттама ауырлататын жағдайда кісі өлтіргені үшін қылмыс құрамына (96-баптың 2-тармағы) талдау жасалғанда толық берілген.
Денсаулыққа жан күйзелісі (аффект) жагдайында зиян келтіру (108-бап)
Қылмыстық кодексте денсаулыққа кенеттен пайда болған жан күйзелісі (аффект) жағдайында жасалған, жәбірленушінің тарапынан зорлық жасауға, корлауға немесе ауыр тіл тигізуге, не жәбірленушінің құқыққа қарсы немесе моральға жат әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) байланысты, сонымен бірге жәбірленушінің ұдайы құқыққа қарсы немесе моральға жат мінез-құлқына байланысты туындаған ұзаққа созылған психикалық бұзылу жағдайында қасақана ауыр және орташа ауырлықтағы зиян келтіру үшін жауаптылық көзделген.
Қылмыс объективтік жағынан аффекті жағдайында, жәбірленушіге қасақана ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіру арқылы сипатталады. Аффектілік жағдайдың түсінігін Қылмыстық кодекстің 98-бабын талдағанда бергенбіз, сондай-ақ жоғарыда жәбірленушінің денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіру туралы да сипаттама бергенбіз.
Субъективтік жағынан бұл қылмыс қасақаналықпен (тікелей немесе жанама) жүзеге асырылады.
Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған адам.
Қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (109-бап)
Қылмыс объективтік жағынан алғанда денсаулыққа қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған қасақана ауыр зиян келтіру арқылы сипатталады.
Қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде зиян келтірудің түсінігіне, қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасаған кісі өлтіруді талдағанда тоқталғанбыз. Ауыр зиян келтірудің түсінігі Қылмыстық кодекстің 103-бабында көрсетілген. Осы бап (109-бап) бойынша тек қасақана ауыр зиян келтірген жағдайда ғана қылмыстық жауаптылық туындайды, қажетті қорғаныс шегінен шығу аркылы басқа жағдайларда келтірілген зиян келтірушілік үшін жауаптылық белгіленбеген.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей немесе жанама қасақаналықпен келеді.
Қылмыстың субъектісі 16-ға толған адам.
Қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (110-бап)
Қылмыс объективтік жағынан қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шараларды асыра қолдану кезінде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру аркылы сипатталады.
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің түсінігі Қылмыстық кодекстің 103-бабында толық берілген. Ал қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде кажетті шараларды асыра колданудың шарттары Қылмыстық кодекстің 23-ші, сондай-ақ 100-баптарында көрсетілген.
Субъективтік жағынан қылмыс қасақаналықпен (тікелей немесе жанама) істеледі.
Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған кез келген адам.
Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру (111-бап)
Қылмыстық кодекстің 111-бабының 1-тармағында денсаулыққа абайсызда ауыр зиян келтіргені, ал 2-тармағында абайсызда екі немесе одан да көп адамның денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін жауаптылық көзделген.
Осы баптың (111-бап) 3-тармағында денсаулыққа абайсызда орташа ауыртпалықтағы зиян келтіргені, ал 4-тармағында абайсызда екі немесе одан да көп адамның денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін жауаптылық белгіленген.
Денсаулыққа абайсыздықпен жеңіл жарақат келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық белгіленбеген.
Көрсетілген қылмыс субъективтік жағынан абайсыздықпен (менмендік немесе немқұрайдылық) істеледі.
Қылмыстың субъектісі 16-ға толған адам.
Қорқыту (112-бап)
Қылмыстың тікелей объектісі - адамдардың өмірі мен денсаулығы.
Қылмыс объективтік жағынан өлтіремін немесе денсаулыққа ауыр зиян келтіремін деп, сол сияқты адамның жеке басына өзге ауыр күш көрсетемін не мүлікті өртеп кұртамын деп жарылыс жасау немесе өзге жалпы қауіпті тәсілмен қорқыту, бұл қорқытудың іске асатындығына қауіптенудің жеткілікті негіздері бар екендігі аркылы сипатталады.
Занда қоқкытудың нақты түрлері — (өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, адамның жеке басына күш көрсету, мүлікті өртеу, жарылыс жасау, жалпыға қауіпті тәсілді қолдану) нақты көрсетілген. Қоқкытуды білдіру тәсілі сан алуан (ауызша, жазбаша, белгі беру немесе үшінші бір адам арқылы сәлем айту, белгілі бір нақты әрекеттер жасау) болуы мүмкін.
Қылмыстық жауаптылықтың негізгі шарты — жоғарыда көрсетілген қорқыту тәсілдерінің іске асатындығына қауіптенудің жеткілікті негіздері бар екендігі болып табылады. Мүндай негіздер әр түрлі факторларды есепке ала отырып нақты жағдайларға байланысты шешіледі: кінәлінің қорқыту әрекеттерін жасау тәсілдері, оның кару-жарағының болуы; жеке түлғасының ерекшеліктері (бұрын сотталғандығы, эмоциялык жай-күйі, т.с.с.) Қылмыс формальдык құрамға жатады және ондай қорқытулар жәбірленушіге мәлім болған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Егер өлтіремін деген қорқыту қару-жарақ сатып алумен ұштасса, онда кінәлінің әрекеті кісі өлтіруге даярланғандық болып табылады. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық ниет әр түрлі болуы мүмкін, ол жаза тағайындалғанда есепке алынады.
Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған адам.
Ауыстырып салу не өзгедей пайдалану ұшін адамның органдарын немесе тінін алуға мәжбүр ету (113-бап)
Соңғы жылдары медицина ғылымының елеулі жетістіктерінің бұл түрі адамның органдарын немесе тінін басқа адамның өмірін сақтап қалу немесе калпына келтіру үшін ауыстырып салуға қол жеткізу болып табылады.
Медицинадағы бұл жетістік ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамдардың органдарын немесе тінін алуға мәжбүр ету сипаты криминалдық жағдайлардың көрініс алуына әкеліп соқты. Осыған орай жаңа Қылмыстық кодексте осы түрғыдағы қьілмыспен күрес жүргізетін арнаулы норма — 113-бап пайда болды. Бұрынғы Қылмыстық кодексте мұндай норма болмаған еді. Қылмыстың объектісі — адамдардың өмірі немесе денсаулығы. Объективтік жағынан қылмыс күш көрсете отырып немесе күш көрсетемін деп қорқыта отырып ауыстырып салу, пайдалану үшін басқа адамның органдарын немесе тінін алуға мәжбүр ету арқылы жүзеге асырылады.
Адам органдарын немесе тінін алу тек қана донордың келісімі бойынша жүзеге асырылады, адам органдарын немесе тінін ауыстырып салу арнаулы заңмен реттеледі. Егер адам органдарын немесе тінін донордың келісімінсіз оны мәжбүрлеу арқылы алуға қол жеткізсе, онда мұндай әрекет қылмыс деп танылады. Мәжбүрлеу дегеніміз донорға күш қолдану немесе күш қолданамын деп корқыту арқылы оны еріксіз органдарын немесе тінін беруге көндіру болып табылады. Мәжбүрлеудің занда екі түрлі тәсілі көрсетілген: күш көрсету және күш көрсетемін деп қорқыту. Күш көрсетуге жәбірленушіні ұрып-соғу (106-бап); оның денсаулығына қасақана жеңіл немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірулер (104, 105-баптар) жатады.
Күш көрсетемін деп қорқытуға кез келген дәрежеде денсаулыққа зиян келтіремін немесе қол-аяғынды байлап медицина мекемесіне операция жасауға апарамын, бас бостандығы еркіңнен айырамын т.с.с. деген қорқытулар жатады.
Қылмыс кұрамы формальдық және ол жәбірленушіден донор болуына келісім алғанына немесе алмағанына қарамастан мәжбүрлеу әрекеттерін жасаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың ниеті әр түрлі болуы мүмкін: ауру адамға жәрдем көрсету; бастығының алдында жақсы көріну; пайдакүнемдік немесе атаққұмарлык және т.с.с.
Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған адам.
Егер қылмыс кінәліге көрінеу дәрменсіз күйде екендігі белгілі немесе кінәліге материалдық немесе өзге тәуелділіктегі адамға катысты; көрінеу кәмелетке толмағанға қатысты; екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалса, онда бұл әрекеттері осы құрамның ауырлататын түрі болып табылады (113-баптың 2-тармағы).
Дәрменсіз күйдегі адамның түсінігіне Қылмыстық кодекстің 96-бабының 2-тармағының "в" тармақшасы, ал материалдық немесе өзге де тәуелділіктегі адамньщ түсінігіне ҚК-тің 102-бабының 2-тармағын талдағанда толық тоқталып өткенбіз.
Осы баптың бірінші немесе екінші тармақтарында көзделген, .абайсызда донордың кайтыс болуына немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соққан нақ сол әрекеттер — осы қылмыстың аса ауырлататын түріне жатады (113-баптың 3-тармағы). Өзге ауыр зардаптарға жәбірленушінің психикалық дертке ұшырауы, өзін-өзі өлтіру немесе ауыр дене жарақатын алу т.с.с. жатады. Қылмыстық кодекстің 113-бабының 3-тармағында көрсетілген қылмыс кұрамы материалдық. Осыған орай қылмыс заңда көрсетілген осы зардаптардын біреуінің орын алған уақытынан бастап аяқталған деп танылады.
Медицина қызметкерлерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы (114-бап)
Қылмыстың тікелей объектісі — медицина қызметкерінің кәсіптік міндеттерін реттейтін қоғамдық қатынастар, қосымша объектісі — адам өмірі.
Қылмыс объективтік жағынан медицина қызметкерінің кәсіптік міндеттерін ұқыпсыз немесе оған адал қарамауының салдарынан немесе тиісінше орындамауынан орын алса, онда бұл әрекеттер адамның қайтыс болуына әкеп соғуы арқылы сипатталады.
Қылмыс әрекетсіздік арқылы — медицина қызметкерінің кәсіптік міндеттерін ұқыпсыз немесе оған адал қарамауы салдарынан немесе тиісінше орындамауы және осының салдарынан жәбірленушінің қайтыс болуы, қылмыстың осы зардабы мен әрекетсіздіктің арасындағы себепті байланыстың тікелей орын алуы арқылы көрініс табады. Ұкыпсыз қарау деп өз міндетіне салғырт, жауапсыз қарауды, ал адал қарамауы деп тиісті міндетін талапқа сай атқармауы немесе ішінара шала атқаруын айтамыз. Медицина қызметкерлерінің кәсіптік міндеттері арнаулы зандармен және басқадай нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 114-бабының диспозициясы бланкеттік болып табылады. Қылмыс құрамы материалдық. Ол медицина қьізметкерінің әрекетсіздігінен қылмыстың зардабы — адам өлімі болған сәттен бастап аяқталған деп танылады. Қылмыс субъективтік жағынан абайсыздықпен (менмендік немесе немқұрайдылық) істеледі.
Қылмыстың субъектісі — арнаулы, 16-ға толған кәсіптік міндетін атқаратын медицина қызметкері.
ҚК-тің 114-бабының 2-тармағында ауыр зиян келтіруге, ал осы баптың 3-тармағында осы баптың бірінші тармағында көзделген, денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соқтырған әрекеттер үшін жауаптылық белгіленген. Денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірудің түсінігіне Қылмыстық кодекстің 103-ші және 104-баптарына талдау жасағанда тоқталып өткенбіз.
Соз ауруларын жұқтыру (115-бап)
Қылмыстың объектісі адам денсаулығына, ал кейбір соз ауруларын жұктырғанда адам өмірі де болуы мүмкін.
Қылмыс объективтік жағынан өзінде соз ауруы бар екендігін білген адамның оны басқа адамға жұқтыруы арқылы жүзеге асырылады.
Өзінде соз ауруы бар адамның кез келген әрекеттер арқылы (жыныстық қатынас жасау, сүйісу, бір ыдыстан тамақ ішу, гигиеналық тазалықты сақтамау) басқа адамға жұқтыруын осы ауруды жұқтыру деп танылады. Соз ауруы жүқпалы аурулардың тобына жатады. Бұл ауру негізінен жыныстық қатынастар арқылы жұғады. Соз ауруларына: сифилис (мерез), гонорея, жұмсақ шанкр, лимфогранулематоз, соз гранулемасы т.б. жа-ады.
Соз ауруы бар адаммен жәбірленушінің өзінің келісіп жыныстық қатынас жасауы Қылмыстық кодекстің 115-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыкты жоққа шығармайды, мұндай ретте де кінәлі осы бап бойынша жауапқа тартылады.
Егер кінәлі адам әйелді зорлау кезінде өзіндегі соз ауруын жәбірленушіге жұқтырса, онда оның әрекеті Қылмыстык кодекстің 120-бабының 2-тармағының"е" тармақшасы бойынша саралануға жатады.
Соз ауруларын жұқтыру субъективтік жағынан қасақаналықпен де, абайсыздыкпен де (менмендікпен) жасалады. Кінәлі адам өзінің әрекетімен немесе әрекетсіздігімен жәбірленушінің денсаулығына зиян келтіру қаупін туғызғанын сезеді, оның іс-әрекетінен өзі ауыратын соз ауруының басқа адамға жүғатынын біледі және оған саналы түрде жол береді. Қылмыстық кодекстің 115-бабында көрсетілген қылмыс абайсыздықтың немқұрайдылық түрі бойынша жасалмайды.
Қылмыстық ниет әр түрлі нысанда көрініс табады: кек алу, қатыгездікпен өзгеге жұқтыру, ішімдіктің, нашақорлықтың\ әсерінен, т.с.с. Кінәлі адам өзінің соз ауруымен ауыратынын білуі қажет. Ондай аурумен ауыратыны дәрігер арқылы ескертіледі, ауруға одан емделу туралы, мұндай күйде жыныстық және басқадай қатынас жасаудың кауіптілігі туралы ескертіледі.
Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған адам. Өзінде соз ауруы бар екенін білген және оны басқаға жүқтырған адамға Қылмыстық кодекстің 115-бабының 2-тармағында осы қылмысты ауырлататын екі түрі: 1) екі немесе одан да көп адамға соз ауруын жұқтыру; 2) көрінеу кәмелетке толмаған адамға осы ауруды жұқтырғаны үшін көтеріңкі жауаптылық белгіленген.
Адамнын иммун тапшылығы вирусын (ВИЧ/ЖҚТБ) жұктыруы (116-бап)
Қылмыстық кодекстің 116-бабының 1-тармағында басқа адамды көрінеу ВИЧ/ЖҚТБ-ны жұқтыру каупінде калдырғаны үшін жауаптылық көзделген. Қылмыстың тікелей объектісі адамдардың өмірі және денсаулығы.
Қылмыс объективтік жағынан басқа адамды көрінеу көрсетілген ауруды жүқтыру каупінде калдыруы арқылы жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта ғылымда осы ауруды жұқтырудың екі түрлі жолы белгілі. Оның біріншісі жыныстық қатынас арқылы, ал екіншісі қан аркылы (медициналық құралдарды, шприцтерді тиісті дәрежеде пайдаланбай, осы аурумен ауыратын адам қанының басқа адамға жағылуы т.с.с.)
Қылмыс кұрамы формальдық, 116-баптың 1-тармағы бойынша жауаптылық ВИЧ/ЖҚТБ — ауыруын жұқтыру қаупін туғызған сәттен бастап аяқталған деп танылады. Бұл жерде қылмыс зардабы орын алмайды. Жұктыру тәсілінің қылмысты саралауға әсері болмайды.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Ол туралы заңның өзінде ауруды көрінеу жұқтыру деп тура көрсетіліп тұр. Кінәлі адам өзінің әрекетімен басқа адамға ВИЧ/ЖҚТБ — ауруын жүқтыру қаупін төндіргенін сезеді және осы әрекеттерді істеуді тілейді.
Қылмыстың субъектісі 16-ға толған, өзінде иммун тапшылығы вирусы (ВИЧ/ЖҚТБ) бар адам. Қылмыстық кодекстің 116-бабының 2-тармағында өзінде ВИЧ/ЖҚТБ бар екендігі туралы білетін адамның оны басқа адамға жұқтыруын қарастырған. Бұл қылмыс көрсетілген ауруды нақты жұктырған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Осы баптың 3-тармағында екі немесе одан да көп адамға, не көрінеу кәмелетке толмағандарға ВИЧ/ЖҚТБ-ны жұқтырғаны үшін жауаптылық белгіленген.
Қылмыстық кодекстің 116-бабынын 4-тармағында медицина қызметкерінің, сондай-ақ тұрмыстық немесе өзге халыққа қызмет көрсету ұйымдық қызметкерінің өздерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауының салдарынан басқа адамға ВИЧ/ЖҚТБ-ны жұқтыруы үшін жауаптылық белгіленген. Қылмыстың бұл құрамының ерекшелігі оның арнаулы субъекті — медицина қызметкерлерінің немесе кәсіптік міндеттерін атқаратын өзге де адамдар арқылы істелетіндігінде болып табылады. Субъективтік жағынан бұл қылмыс — 116-баптың 4-тармағы абайсыздықпен істеледі. Егер іс-әрекет қасақаналыкпен істелсе, онда кінәлінің әрекеті қылмыстардың жиынтығы (ауыр дене жарақатын келтіру және 116-баптың тиісті тармағы бойынша сараланады.
Әйел зорлау, нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану, он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынаста болу және нәпсіқұмарлық өзге іс-әрекеттер, жас балаларды азғындату әрекеттерін жүзеге асыру кезінде жәбірленушіге кінәлінің ВИЧ/ЖҚТБ вирусын жұқтыру әрекеттері қылмыстардың жиынтығы бойынша сараланады.
Заңсыз аборт жасау (117-бап)
Аборт дегеніміз занда белгіленген тәртіппен жасанды жолмен жүктілікті жою болып табылады. Аборт әйелдердің өтініші бойынша 12 аптаға дейінгі жүктілік кезінде, әлеуметтік көрсеткіштер бойынша — 23 аптаға дейінгі жүктілік кезінде, ал медициналық негіздер мен әйелдің келісімі бойынша жүктілік мерзіміне қарамастан жүзеге асырылады. Абортты жүзеге асыру осындай қызметті жүзеге асыруға лицензия алған арнаулы мекемелерде жүзеге асырылады. Жүктілікті жасанды түрде жоюдың медициналық негіздерінің (көрсеткіштерінің) тізімін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі анықтайды, ал әлеуметтік көрсеткіштердің тізімі Қазакстан Республикасы бекіткен ережелер бойынша белгіленеді.
Қылмыстың объектісі — әйелдердің өмірі және денсаулығы. Объективтік жағынан қылмыс тиісті бағдардағы жоғары медициналық білімі жоқ адамның аборт жасауы арқылы (117-баптың 1-тармағы) сараланады. Заң бойынша абортты жоғары медициналық білімі бар хирург-гинеколог, акушер-гинеколог жүзеге асырады. Егер абортты жоғары медициналық білімі бар терапевт, невропатолог, медбике, фельдшер т.б. жасаса, онда олар осы қылмысты істегені үшін жауапты болады. Мұндай адамдар үшін тек қана аса қажеттілік жағдайында немесе орынды тәуекел ету арқылы әйелдің өмірін сақтап қалу мақсатымен жүзеге асырылған аборт үшін ғана қылмыстық жауаптылық орын алмайды. Субъективтік жағынан Қылмыстық кодекстің 117-бабының 1-тармағында көзделген қылмыс тек тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам өзінде тиісті бағдардағы жоғары медициналық білім жоқ екенін және осыған байланысты аборт жасауға құқығы жоқ екенін сезеді, бірақ та соны тілеп әрекет істейді.
Қылмыстың субъектісі — жалпы, 16-ға толған тиісті бағдардағы жоғары медициналық білімі жқк адамдар.
Қылмыстық кодекстің 117-бабының 2-тармағында тиісті бағдардағы жоғары медициналык білімі бар адамның заңсыз аборт жасағаны үшін жауаптылық көзделген.
Егер аборт емдеу мекемесінен тысқары жерде жүзеге асырылса (аса қажеттілік жағдайларынан басқа); аборт жасалатын әйел ауру болса немесе медициналық, әлеуметтік көрсеткіштер бойынша оған аборт жасауға негіз болмаса, бұрынғы жасалған аборттан соң 6 ай мерзім өтпесе, аборт заңсыз жасалған деп танылады.
Қылмыс заңсыз аборт жасаған уақыттан бастап аяқталған деп табылады. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен және әр түрлі ниеттермен: пайдакүнемдік, тұрмысқа шықпаған немесе некесіз жағдайда пайда болған жүктіліктен арылуды өтінген әйелге аяушылық білдіру т.с.с.
Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған тиісті бағдардағы жоғары медициналық білімі бар, заңсыз аборт жасаған адам (хирург)-гинеколог, акушер-гинеколог, осы қылмыстың ауырлататын түрі —Қылмыстық кодекстің 117-бабының 3-тармағында заңсыз аборт жасағаны үшін бұрын сотталған адамның осы әрекетті қайталағаны үшін жауаптылығы көзделген. Жауаптылықтың шарты — мұндай адамның сотталғандығы жойылмауы немесе сотталғандықтан арылмауы қажет. Егер сотталғандық атақ жойылса немесе одан заң бойынша арылса, онда кінәлінің осындай әрекеті ҚК-тің 117-бабының I, II немесе III тармақтары бойынша саралануы мүмкін.
Қылмыстық кодекстің 117-бабының 4-тармағында осы қылмыстың аса ауырлататын түрі тиісті бағдардағы жоғары медициналық білімі бар адамның, сондай-ақ мұндай білімі жоқ адамның заңсыз аборт жасауы абайсызда жәбірленушінің өлуіне не оның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққаны үшін жауаптылық көзделген.
Қылмыстық кодекстің 117-бабының 4-тармағында көрсетілген қылмыс материалдық құрамға жатады. Сондықтан да заңсыз жасалған аборт пен одан орын алған зардаптың арасындағы себепті байланысты анықтау қажет. Ауыр зиян келтірудің түсінігі Қылмыстық кодекстің 103-бабында берілген.
Субъективтік жағынан Қылмыстық кодекстің 117-бабының 4-тармағындағы қылмыс кінөнің екі бірдей нысаны арқылы жүзеге асырылады.
Наукасқа көмек көрсетпеу (118-бап)
Қылмыстың тікелей объектісі — ауру адамның өмірі және денсаулығы. Қылмыс құрамы материалдық. Кылмыстык кодекстің 118-бабының 1-тармағы бойынша заңға сәйкес немесе арнайы ереже бойынша көмек көрсетуге міндетті адамның дәлелді себептерсіз наукасқа көмек көрсетпеуі, егер бұл абайсызда наукастың денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соққаны үшін жауаптылық белгіленген.
Қылмыс объективтік жағынан: 1) заңға сәйкес немесе арнайы ереже бойынша көмек көрсетуге міндетті адамның дәлелді себептерсіз наукасқа көмек көрсетпеуі; 2) бұл әрекетсіздіктен абайсызда науқастың денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірілуі; 3) әрекетсіздіктен орын алған зардаптың арасындағы себепті байланыстың болуы арқылы көрініс табады.
Заңға немесе арнайы ережеге сәйкес медицина кызметкерлері, басқа адамдар бақытсыз жағдайларға байланысты зардап шеккендерге, жарақат алғандарға немесе басқадай кенеттен пайда болған аурумен ауырғандарға тез арада көмек көрсетуге міндетті. Мұндай көмекті медициналық мекемелер аумақтық, ведомстволық немесе меншік нысанына, бағыныштылығына қарамастан тез, кез келген уақытта, кез келген жерде көрсетуге міндетті. Дәлелді себептерсіз науқасқа көмек көрсетпесе және одан заңда көрсетілген зардап орын алса, онда кінәлі Қылмыстық кодекстің осы бабының тиісті тармақтары бойынша жауапқа тартылады.
Дәлелді себептерге — тойтарылмайтын күш орын алуы (су тасқыны, жер сілкіну), аса мәжбүрлік жағдайына байланысты дер кезінде көмек бермеушілік жатады. Дәлелді себептермен науқасқа көмек көрсетпеу қылмыстық жауаптылықты жоятын мән-жайға жатады.
Қылмыс занда көрсетілген зардап — науқастың денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірілген уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Орын алған зардап кінәлі адамның әрекетсіздігі себепті болуы керек.
Кылмыстың субъективтік жағы әрекетсіздік жөніндегі қасақаналық, ал одан орын алатын зардап абайсыздық болады.
Қылмыстың субъектісі — арнаулы, 16-ға толған, науқасқа көмек көрсетуге міндетті адам.
Қылмыстық кодекстің 118-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері: абайсызда науқастың өлуіне не оның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан әрекеттер үшін жауаптылық көзделген. Мұндай зардаптарға сипаттама Қылмыстық кодекстің 101-ші және 111-баптың 1-тармағында берілген.
Қауіпті жағдайда қалдыру (119-бап)
Қылмыстың объектісі — қауіпті жағдайда қалған адамның өмірі мен денсаулығы. Қылмыс объективтік жағынан өміріне немесе денсаулығына қауіпті жағдайдағы және сәбилігіне, қарттығына, науқастығына немесе өзге де дәрменсіз күйінің салдарынан өзін-өзі сақтап қалу шараларын қабылдау мүмкіндігінен айырылған адамды кінәлі кісінің ол адамға көмек көрсету мүмкіндігі болған және ол адамға қамқорлык жасауға міндетті болған не оны өміріне немесе денсаулығына қауіпті күйге өзі қалдырған жағдайларда көрінеу көмексіз калдыруы арқылы көрініс табады. Бұл қылмыс әрекетсіздік арқылы екі түрлі жағдайда көрініс табады: 1) кінәлі адам өмірі мен денсаулығына қауіп туған адамға қамқорлық жасауға міндетті болса және ол адамға көмек көрсету мүмкіндігі болса; 2) кінәлі адам ондай адамдардың өмірін немесе денсаулығын қауіпті күйге өзі қалдырса.
Бірінші жағдайда көрсетілген әрекетсіздік үшін мына сипаттағы адамдар жауапты болады:
заңның тікелей талаптары бойынша көмек көрсетуге
міндетті адамдар: ата-аналар кәмелетке толмаған балаларына; балалары — кәрі ата-аналарына;
көрсетілген әрекеттерді кәсібі немесе қызметтік борышы бойынша атқаруға міндетті адамдар: мектеп мұғалімдері, өрт сөндірушілер, спорт үйірмелерінің жетекшілері, балабақшасының тәрбиешілері және басқалар;
Көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруды келісім-шарт бойынша жүзеге асыруға міндетті адамдар: жас балалардың немесе мүгедек адамдардың жалдамалы күтушілері. Көрсетілген адамдар қауіпті жағдайда қалған адамдарға көмек көрсетуге міндетті болса (объективтік белгі) және оны жүзеге асыруға мүмкіндігі болса ғана (субъективтік белгі) және оларды көрінеу көмексіз қалдырған белгілердің тұтастай орын алған жағдайында ғана қылмыстық жауапқа тартылады.
Қауіпті жағдайда қалдырудың себептері әр түрлі болуы мүмкін: жас мөлшеріне байланысты (сәби, карттық) адам ағза-сында орын алатын патологиялык немесе физиологиялық про-цестерге байланысты (науқастың күнге күйіп денесінін жан-сыздануы, басы айналып құлап қалу, көпшілік жүретін немесе басқа да жерде адамның ескілікті дертіне байланысты уакыт-ша есі ауысып зардап шегуі), табиғи апаттарға байланысты (жер сілкіну, су тасу, қар кешкіні салдарынан үйінді астында қал-ған адамдар) т.б.
Кінәлы адам адамдардың өмірін немесе денсаулығын кауіпті жағдайға өзі қалдырып, көмек бермей кетіп қалса осы бап бойынша жауаптылыққа тартылады. Мұндай жағдайларда жол-келік оқиғасынан зардап шеккендерді тастап кету; көзі кермейтін адамды көшеден өткізуге міндетті адамның оны жол-ға тастап кетуі т.б. осы сияқты әрекеттер жатады.
Қылмыс құрамы формальдық және ол занда көрсетілген әрекетсіздіктерді істеген уақыттан бастап аяқталған деп саналады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Заңдағы қауіпті жағдайда көрінеу көмексіз қалдыру деген сөздің өзі осы қылмыстың субъективтік жағының дәл мәнін айқындап түр. Қылмыстық ниет әр түрлі болуы мүмкін, ол жаза тағайындағанда еске алынады.
Қылмыстық кодекстің 119-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі — көмексіз қалдырылған адамның абайсызда өлуіне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер үшін жауаптылық көзделген. Бұл ұғымдардың түсінігі Қылмыстық кодекстің 101-ші және 111-баптарында көрсетілген.
4 Жыныстық қылмыстардың қоғамға қауіптілігі өте зор және ол кең өріс алған қылмыстардың бірі. Оның қоғамға қауіптілігі сол мұндай қылмыстарды істеу азаматтардың заң қорғайтын жыныстық бостандығына және жыныстық бостандығына қол сұғылмаушылыққа қасақана қол сұғу арқылы, оларға моральдық, рухани, адамгершілік тұрғысынан зиян келтіре отырып, жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығына зор қатер туғызады.
Бұл тұрғыда қылмыстардың топтық объектісі жеке тұлғалардың жыныстық бостандығын, жыныстық бостандыққа кол сұғушылықты реттейтін коғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады. Қылмыстың тікелей объектісі — жыныстық бостандықтың, жыныстық бостандыққа қол сұғылмаушылықтың жекелеген салалары болып табылады.
Объективтік жағынан бұл тұрғыдағы қылмыстардың барлығы белсенді әрекет аркылы жүзеге асырылады. Зандылық құрылысы жөнінен бұл қылмыстар (зорлаудың ауырлататын түрінен баскалары) формальдық құрамға жатады.
Субъективтік жағынан осы топқа жататын қылмыстар тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады.
Қылмыстың субъектісі — нақты қылмыс кұрамының ерекшеліктеріне байланысты 14,16 немесе 18-ге толған кез келген ер немесе әйел жынысты адамдар болады. Зорлаудың (120-бап) субъектісі тек ер жынысты адам болады. Енді осы топқа кіретін жекелеген құрамдарға талдау жасайық.
Зорлау ( 120-бап)
Зорлаудың тікелей объектісі әйелдің жыныстық еркі және бостандығы, ал қосымша тікелей объектісі әйелдің денсаулығы, ар-намысы болып табылады. Қылмыстың жәбірленушісі тек кана әйел жынысты адамдар болады.
Объективтік жағынан алғанда зорлау жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып, не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау арқылы көрініс табады.
Зорлау дегеніміз еркектің әйелдің еркінен тыс, оньн келісімінсіз табиғи түрде жыныстық қатынас жасауы болып табылады. Бұдан басқа күш қолданылып жасалатын жыныстық актілер нәпсіқұмарлық сипаттағы басқадай іс-әрекеттерге жатады (мысалы, табиғи емес түрде жыныс қатынасын жасау, еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің зорлықпен жасалатын жыныстық қатынастары т.с.с.).
Зорлауды жүзеге асырудың тәсілдері занда (120-бап) атап көрсетілген. Олар: 1) жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш колдану; 2) немесе оны қолданбақшы болып қорқыту; 3) жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау деп тура көрсетілген. Күш қолдануға жәбірленушінің қарсылығын басу үшін оны ұрып-соғу, жарақаттау, басқа да тәнін ауыртатын жарақаттар келтіру, қол-аяғын байлау, тұрғын жайға камап ерекше ұстау, көмек шақыруға мүмкіндік бермеу әрекеттері жатады.
Күш қолданбақшы болып қорқытуға кінәлінің жәбірленушіні, оның балаларын немесе жақын туыстарын, өзгеде оған жақын деген адамдарды ұрып-соғып, сабайтынын, азаптайтынын немесе басқадай зорлық әрекеттерін жасайтынын білдіретін әрекеттері жатады.
Жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдалануға оның дене бітімі немесе психикалық жай-күйіне байланысты (әте жастығына, кемтарлығына, есінің кіресілі-шығасылы болуына, басқадай ауыр науқастығы немесе ессіз күйге келуі салдарынан) өзіне қарсы істеліп жатқан әрекеттердің сипаты мен мәнін түсінбеушіліктен немесе оны түсінгенімен жәбірленушінің оған қарсылық көрсетуге мастығынан, немесе басқадай негіздер бойынша шамасы келмеген жағдайлары жатады.
Зорлау құрамы болу үшін кінәлі адам заңда көрсетілген тәсілдердің бірін қолдана отырып, жәбірленушімен физиологиялық жағдайда жыныстық қатынаста болуы қажет. Яғни көрсетілген қылмыс жыныстық актіні бастаған уақыттан, яғни кінәлінің өз жыныс мүшесін жәбірлеушінің жыныс органына енгізген сәттен бастап аяқталған деп танылады.
Қолданылып жүрген қылмыс заңы алдау арқылы жыныс қатынасын жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық белгіле-мейді. Сондықтан да әйелді алдап, яғни оған үйленемін деп сеніміне қиянат жасау жолымен жыныс қатынасын жасауда әйелді зорлау қылмысының құрамы жоқ.
Ал күш жұмсау арқылы жәбірленушімен жыныс қатынасын жасауға бағытталған, бірақ кінәліге байланыссыз себептермен орындалмай қалған қасақана әрекет зорлауға оқталу деп саналады.
Зорлауға оқталуды басқа қылмыстардан ажыратқанда кінәлі жәбірленушімен жыныс қатынасын оның еркінен тыс жасауды мақсат кылғанын және қолданылған күш осы мақсатқа жету үшін жұмсалғанын анықтау керек. Бұл жағдайлар анықталмаса, онда кінәлінің әрекетінде зорлауға оқталғандық үшін қылмыс құрамы жоқ.
Жәбірленушіні жыныс қатынасын жасауға көндіруге бағытталған дәмелену, жалыну, сондай-ақ алдау сияқты әрекеттерді зорлау немесе оған оқталу деп саралауға болмайды. Нақты жағдайларға байланысты мұндай іс-әрекеттер егер кінәліәрекетінде мәжбүрлеу фактісі орын алса Қылмыстық кодекстің 123-бабымен саралануы мүмкін. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумынын, 1993 жылғы 23 сәуірдегі осы қылмыс жөніндегі айтылған Қаулысында әйелді зорлаудан өз еркімен бас тарту мәселесін дұрыс анықтаудың маңызына ерекше тоқталған. Осы Қаулыға сәйкес қылмыс жасауға кіріскен адам зорлауға оқталу кезінде оны акырына дейін жеткізуге мүмкіндігі барын біле тұра зорлаудан өз ықтиярымен бас тарта оның әрекеті әйелді зорлаудан өз еркімен бас тарту деп саналады.
Зорлаудан өз еркімен бас тартуға дейінгі жасалған қоғамға қауіпті әрекеттер (соққыға жығу, денеге жарақат салу, киімді жырту және т.б.) нақты жағдайларға қарай денеге касақана жарақат салу, қасақана мүлікті жою және басқа жауаптылықты белгілейтін Қылмыстық кодекстің баптары бойынша сараланады.
Жыныс катынасын жасауға физиологиялық жағынан қабілеті жоқ адамның жыныстық катынастар жасау әрекеттері нақтылы жағдайларға байланысты бұзакылық, корлау немесе езгедей жауаптылықты көздейтін Қылмыстық кодекстің басқа баптары бойынша саралануы мүмкін. Мұндай әрекеттер зор-лауға оқталғандық деп танылмайды.
Субъективтік жағынан зорлау тек қана тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады. Кінәлі адам жәбірленушімен оның еркінен тысқары жағдайда занда көрсетілген тәсілдерді қолданып жыныс қатынасын жасайтынын біледі, сезеді және соны жүзеге асыруды тілейді.
Зорлаудың субъектісі болып 14-ке толған ер адам ғана болады. Әйелдер осы қылмыстың ұйымдастырушысы, айдап салушысы немесе көмектесушісі болуы мүмкін.
Қылмыстық кодекстің 120-бабының 2-тармағында зорлаудың мынадай ауырлататын түрлері көзделген:
а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаған зорлау (ҚК-тің 31-бабының 1, 2,3-тармақтарын караңыз).
б) өлтіремін деп қорқытумен ұштасқан, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты аса катыгездікпен жасалған зорлау.
Өлтіремін деп қорқытуға жәбірленушінің өзін, балаларын, жақын туыстарын, басқа да жақындарын шын мәнінде өлтіруге бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге асыруға негіз боларлық сөздер айтуы, қимылдар көрсетулері (мысалы: қару-жарақ, жарылатын зат, суық қаруды кезенуі) жатады. Жәбірленушіге және басқа адамдарға қатысты аса қатыгездікпен зорлауда осы қылмыстың ауырлататын жеке түрі көрсетілген. Қатыгездіктің түсінігіне Қылмыстық кодекстің 96-бабының 2-тармағының "д" тармақшасына талдау жасағанда толық тоқталғанбыз.
е) Жәбірленушінің соз ауруын жұқтырып алуына әкеп соққан зорлау. Өзінде соз ауруы бар екенін білетін адам әйел зорлауды жүзеге асырса немесе зорланған жәбірленуші осы аурумен ауырса кінәлінің әрекеті осы тармақ бойынша тікелей сараланады.
г) бірнеше рет немесе бұрын нәпсіқұмарлық сипаттағы зорлау әрекеттерін жасаған адам.
Бірнеше рет зорлау деп аяқталғаны немесе аяқталмағанына, сондай-ақ кінәлінің осы қылмысты жүзеге асырудағы атқарған рөліне қарамастан Қылмыстық кодекстің 120-бабын қамтитын екі немесе одан да көп қылмыстарды істеуін айтамыз. Қылмыстық кодекстің 120-бабының 2-тармағының "г" тармақшасы бойынша саралауға істеген қылмысы үшін кінәлінің бұрын сотталғандығы немесе сотталмағандығы есепке алынбайды. Бұрын нәпсіқұмарлық сипаттағы зорлау әрекеттерін жасаған адамның (121-бап) әйел зорлағаны да (120-бап) осы баптың 2-тармағының "г" тармақшасымен саралануға жатады.
Егер кінәлі адамның зорлағаны немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы зорлау әрекеттерін жасағаны үшін бұрын сотталғандығы жойылса немесе ол адам жаман атақтан арылса, онда ол осы қылмысты бірнеше рет жасаған деп танылмайды.
Кінәлі адам шамалы уақыт ішінде бір ниетпен жәбірленушімен бірнеше рет жыныс қатынасын жасаса, онда оның осы әрекетінде зорлаудың бірнеше мәрте жасалған құрамы бар.
д) Көрінеу кәмелетке толмаған адамды зорлау 14 пен 18 жастың арасындағы жәбірленушіні олардың кәмелетке толмағанын кінәлінің көрінеу біле тұра зорлау әрекеттері баптың осы тармағы бойынша саралануға жатады. Егер кінәлі адам жәбірленушінің жасы жөнінде шын мәнінде қателессе, онда оны осы тармақ бойынша жауапқа тартуға болмайды.
Қылмыстық кодекстің 120-бабының 3-тармағында зорлаудың өте ауырлататын мына түрлері үшін:
а) абайсызда жәбірленушінің өлуіне әкеп соқтырған;
б) абайсызда жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге, оның ВИЧ/ЖҚТБ-ны жұқтыруына немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соққан;
в) жәбірленушінің он төрт жасқа толмағанын көрінеу біле тұрып;
г) қоғамдық зілзала жағдайларын пайдаланған немесе жаппай тәртіпсіздік барысында жасалған зорлық үшін жауаптылық көзделген.
Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған зорлауда кінәнің екі нысаны орын алады. Зорлап жыныс катынасын жасауды кінәлі тікелей қасақаналықпен жүзеге асырады, ал одан болатын зардап — жәбірленушінің өлуіне абайсыздықпен жол береді.
Қасақана кісі өлтірумен ұштасқан зорлау әрекеті орын алса, онда кінәлінің әрекеті Қылмыстық кодекстің 96-бабының 2-тармағының "к" тармақшасының және Қылмыстық кодекстің 120-бабының тиісті тармақтарымен қылмыстардың жиынтығы бойынша сараланады.
120-баптың 3-тармағының "б" тармақшасында көрсетілген өзге де ауыр зардаптарға — жәбірленушінің өзін-өзі өлтіруі немесе өзін-өзі өлтіруге оқталуы, бала туу, жыныстық қатынас жасау қабілетінен айырылуы, т.с.с. жатады.
Нәпсіқұмарлық сипаттағы зорлық әрекеттері (121-бап)
Қылмыстың объектісі жәбірленушінің (әйелдің де, еркектің де) жыныстық бостандығы.
Қылмыс объективтік жағынан жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жасалған еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің жыныстық катынасы немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де әрекеттер аркылы сипатталады. Яғни бұл қылмыстың объективтік жағы мынадай: өзіндік сапалық көрсеткіштер арқылы көрініс табады. Ол біріншіден — нәпсіқұмарлық сипаттағы әрекеттер, бұл әрекеттердің үлгі тізбегі Қылмыстық кодекстің 121-бабының диспозициясында: еркек пен еркектің жыныстыққатынасы, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасы (лесбиянство) және өзгеде әрекеттер деп көрсетілген. Екіншіден мұндай әрекеттер жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолдану немесе оны қолданбақшы болып корқыту не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Ерікті түрде орын алатын мұндай нәпсіқұмарлық қатынастар үшін қылмыстық жауаптылық көрсетілмеген.
Еркектің екінші бір еркекке (жәбірленушіге) зорлық әрекеттерін қолдана отырып, оның келісімінсіз жыныстық қатынасын жасау еркек пен еркектің жыныс қатынасы деп танылады.
Әйелдің екінші бір әйелге (жәбірленушіге) зорлық әрекеттерін колдана отырып, оның келісімінсіз жыныстық қатынас жасауын әйел мен әйелдің жыныстық қатынасы деп танылады.
Өзге де нәпсіқұмарлық сипаттағы зорлық әрекеттерге еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің жыныстық қатынастарына жатпайтын, басқа тұрғыдағы жыныстық құмарлықты қанағаттандыруға бағытталған әр түрлі әрекеттер жатады, оған еркектің әйелдермен немесе әйелдің еркектермен нәпсіқұмарлық сипаттағы әр түрлі зорлық қатынастары жатады. Мысалы: табиғи түрге жатпайтын зорлық жыныстық қатынастары (жәбірленушінің жыныс органдарынан басқа дене мүшелерін пайдалану арқылы жыныстық құмарлықты канағаттандыру (анус), садистік тәсілдерді қолдану; жәбірленушінің жыныс органын күйдіру, оған мүйіз, таяқ, басқа зат тығу; әйелдің еркекті оның еркіне қарамастан жыныстық катынас жасауға зорлауы (онанизм) т.с.с.
Некрофилия — кінәлінің өзі өлтірген жәбірленушімен зорлық қатынасын жасауы болып табылады. Кінәлінің мұндай әрекеті Қылмыстық кодекстің 121-бабымен емес, 96-бабының 2-тармағының "к" тармақшасымен саралануға жатады. Ал өздігінен өлген адамның мәйітімен жыныстық катынас жасаудағы жауаптылық Қылмыстық кодекстің 275-бабында көрсетілген (өлгендердің мәйіттерін немесе олар жерленген жерлерді қорлау). Бұл қылмысты кінәлі адам күш колдану немесе оны қолданбақ болып қорқыту не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдалану арқылы жүзеге асырады. Бұл ұғымдардың мазмұнына зорлау (ҚК-тің 120-бабы) кұрамын талдағанда толық тоқталып өткенбіз.
Қылмыс формальдық құрамға жатады. Қылмыс күш қолдану немесе оны қолданбақшы болып қорқыту не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдалану арқылы нәпсіқұмарлық сипаттағы әрекеттерді істеуді бастаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам өзінің әрекеттерінің қоғамға қауіптілігін сезеді және соны істеуді тілейді. Қылмыстың негізгі ниеті — жыныстық кұмарлықты қанағаттандыру болып табылады. Бұдан басқа кейбір реттерде кек алу, адамгершілікті аяққа басу, кінәлінің өзінің жыныстық қабілетсіздігін (импотенттік) жасыру ниеттері де орын алуы мүмкін.
Қылмыстың субъектісі — 14-ке толған ерлер немесе әйел-дер. Қылмыстық кодекстің 121-бабының 2 және 3-тармақтарында осы қылмыстың ауырлататын және өте ауырлататын түрлері үшін жауаптылық белгіленген. Бұлардың мазмұнын Қылмыстық кодекстің 120-бабының 2, 3-тармақтарында көрсетілген қылмыс құрамдарын талдағанда ашып көрсеткенбіз, осыған орай оған екінші рет тоқталып жатпаймыз.
Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттерге мәжбүр ету (123-бап)
Қылмыстың тікелей объектісі жыныс бостандығы, қосымша тікелей объект жәбірленушінің ар-намысы, адамгершілігі немесе мүліктік мүдделері.
Объективтік жағынан қылмыс адамды бопсалау, мүлкін құртамын, бүлдіремін немесе тартып аламын деп қорқыту жолымен де жәбірленушінің материалдық немесе өзге тәуелділігін пайдаланып жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттерді жасауға мәжбүр ету арқылы сипатталады. Мұндағы мәжбүр ету дегенді — нәпсіқұмарлық әрекетті жасауға зорлау деп түсінген жөн. Заңда адамды бопсалау, мүлкін кұртамын, бүлдіремін немесе тартып аламын деп қорқыту жәбірленушінің материалдық немесе өзге тәуелділігін пайдалану арқылы мәжбүрлеу тәсілдерін қолдану осы қылмыстың объективтік жағының қажетті белгілері болып табылатыны анық көрсетілген.
Бопсалауға — жәбірленушінің немесе оның жақын туыстарын масқаралайтын мәліметтер таратамын деген қорқытулар жатады.
Мүлікті одан әрі пайдалануға жарамсыз етіп тастаймын деп қорқыту мүлікті кұртамын деген корқытуға жатады. Мүлікті бастапқы қалпына келтіру үшін күрделі жөндеу қажет болады деп қорқыту мүлікті бүлдіремін деген қорқытуға жатады.
Мүлікті тартып алған жағдайда жәбірленуші оны өзінің қалауынша билеп, пайдалана алмай қалады.
Жәбірленушінің толық немесе ішінара кінәліге кіріптар болуы (оның асырауында, күтуінде болуы немесе оның тұрғын жайында тұруы) материалдық тәуелділік деп саналады.
Өзге де тәуелділікке жәбірленушінің кінәлі адамға қызметі, жұмысы жағынан (материалдык жағынан емес) бағынышты немесе СОНЫҢ бакылауында болуы жатады. Мысалы оқытушы мен оқушының, лауазымды адам мен оған бағынышты қызметкердің арасындағы қатынас.
Қылмыс формальдық құрамға жатады және ол заңда көрсетілген тәсілдерді қолданып жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттерге мәжбүр еткен сәттен бастап аяқталған деп танылады.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық ниет — жыныстық құмарлықты қанағаттандыру.
Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған әйел немесе еркек жынысты адам.
Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынаста болу және нәпсіқұмарлық сипаттагы өзге де іс-әрекеттер (122-бап)
Қылмыстың объектісі — 16 жасқа толмаған адамның жы-ныстық бостандығына кол сұғушылық.
Кылмыстың жәбірленушісі — 16-ға толмаған ер және әйел жынысты адамдар.
Қылмыстың объективтік жағы — он алты жасқа толмағаны айқын адаммен жыныстық қатынаста болу, еркек пен еркектің немесе әйел мен әйелдің катынасы немесе нәпсіқұмарлық си- паттағы өзге де әрекеттер арқылы көрініс табады. Көрсетілген қылмыс құрамы болу үшін біріншіден кінәлі адам 16-ға анық толмаған жәбірленушімен жыныстық қатынаста (оның ішінде әйел мен еркектің немесе әйел мен әйелдің жыныстық қатынасы да) болатынын білуі қажет (қылмыстың субъективтік жағы), екіншіден олардың мұндай жыныстық қатынаста болуы және нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттерді істеуге өзара келісімі болуы қажет, үшіншіден жәбірленуші 18-ге толған адаммен ерікті түрде болатын осы қатынастың мән-жайын, сипатын толық ұғынуы қажет.
Қылмыс жыныстық қатынас немесе нәпсіқұмарлық сипат-тағы өзге де іс-әрекеттер басталған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Субъективтік жағынан кылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам анық 16-ға толмаған адаммен жыныстық қатынаста немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы өзгеде қатынаста болғанын сезеді және соны істеуді тілейді.
Қылмыстың субъектісі — 18-ге толған ер немесе әйел жы-нысты адам.
Жас балаларды азғындату (124-бап)
Қылмыстың объектісі жеткіншектердің адамгершілік тұрғы-сынан дұрыс қалыптасуы болып табылады.
Объективтік жағынан қылмыс — он төрт жасқа жетпегендігі айқын адамға қатысты күш қолданусыз азғындық іс-әрекеттерді жасау арқылы көрініс табады.
Кінәлінің немесе жеткіншектердің жыныстық құмарлығын жыныстық, қатынас жасаумен байланыссыз түрде қанағаттандыруға бағытталған әр түрлі іс-әрекеттерді істеуі азғындық деп танылады.
Азғындық әрекеттер интеллектуалдық және қимыл көрсету арқылы жүзеге асырылады. Интеллектуалдық азғындыққа әр түрлі порнографиялық өнімдерді, бейнефильмдерді көрсету, жыныстық тақырыптағы әдепсіз әңгімелер айту, осы тұрғыдағы шығармаларды оларға оқуға берулер жатады. Қимыл арқылы істелетін азғындыққа жеткіншектердің көзінше жыныстық немесе өзге де нәпсіқұмарлық әрекеттерді істеу, жыныс органдарын оларға көрсету, жеткіншектерді өзара жыныстық немесе өзге де нәпсіқұмарлық қатынастар жасауға азғыру немесе зорлау әрекеттері жатады.
Қылмыстың жәбірленушісі болып 14-ке толмаған ер немесе қыз балалар танылады. Азғындық, іс-әрекеттерді жасауға жеткіншектердің келісім беруі кінәлінің кылмыстық жауаптылығын жоққа шығармайды. Қылмыс формальдық құрамға жатады және ол азғыру әрекеттерін бастаған сәттен бастап-ақ аякталған деп танылады. Егер осындай азғыру әрекеттері жәбірленушінің келісімімен жыныстық немесе өзге де нәпсіқұмарлық сипаттағы қатынаспен ұласса, онда кінәлінің әрекеті Қылмыстық кодекстің 122-бабымен саралануға жатады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам жасы анық 14-ке толмаған жеткіншекке күш қолданбай-ақ азғындық іс-әрекеттер жасағанын сезеді және соны істеуді тілейді. Кылмыстық ниет — жыныстық құмарлықты әстерлеу. Қылмыстың субъектісі 16-ға толған ер немесе әйел жынысты адам.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Жеке адамдарға қарсы қылмыстардың топтық обьектісін ата?
2. Адам өлтірудің субьектісі кім болып табылады?
3. Денсаулыққа ауыр зиян келтірудің критериясын көрсет.
4. Зорлаудың қылмыстық құрамын көрсет.
Дәріс тақырыбы 3. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар.
Негізгі сұрақтар
Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.
Отбасына қарсы қылмыстардың жеке құрамдары.
Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жеке құрамдары.
1 Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабында: Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады (1); Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу — ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы (2); Кәмелетке толған еңбекке кабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті (3) — делінген. Бұл көрсетілген қағидалар халықаралық кұқықтың осы мәселелер жөніндегі негізгі ережелеріне сәйкестендірілген. Адам құкығы жөніндегі 1948 жылғы Жалпыға бірдей Декларацияда, Азаматтық және саяси құқықтар туралы 1966 жылғы Халықаралық пактіде отбасы қоғамның табиғи негізгі ұясы және ол мемлекет пен қоғам тарапынан корғау кұкығына ие деп белгіленген. 1989 жылы 20 карашада қабылданған "Бала құқықтары жөніндегі" Конвенцияда да балалардың азаматтық және саяси-әлеуметтік кұқықтарының корғалуына ерекше мән берілген. Казақстан Республикасы да отбасы және кәмелетке толмағандар жөніндегі халықаралық кұқық нормаларын қастерлей отырып, осы мәселелерге байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастарды қылмыстық-құқықтық жолмен қорғауға ерекше мән береді.
1997 жылы кабылданған жаңа Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің 2-тарауы отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар үшін жауаптылық белгілеген. Бұл тарауда осы тұрғыдағы қылмыстарға арналған нақты қылмыстардың мынадай түрлері көрсетілген: кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту (131 -бап); кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту (132-бап); кәмелетке толмағандарды саудаға салу (133-бап); баланы ауыстыру (134-бап); бала асырап алу құпиясын жария ету (135-бап); балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын асырауға арналған каражатты төлеуден әдейі жалтару (136-бап); кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау (137-бап); балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау (138-бап); қамқоршы немесе қорғаншы кұқықтарын теріс пайдалану (139-бап); еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) асыраудан әдейі жалтару (140-бап). Осы топқа жататын қылмыстардың объектісі ата-аналар мен балалардың арасындағы отбасылық катынастар, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың дене бітімі, интеллектуалдық, рухани, адамгершілік тұрғысынан дұрыс дамып, қалыптасу жағдайлары болып табылады. Енді осы топқа енген қылмыс құрамдарының әрқайсысына жеке-жеке талдау жасап өтейік.
2 Кәмелетке толмаған адамды қылмыстык іске тарту (131-бап). Кәмелетке толмаған адамды 18 жасқа толған адамның қыл-мыстық іске тартуы жеке қылмыс кұрамы ретінде қарастырылады.
Қылмыстың тікелей объектісі — кәмелетке толмағандардың бірқалыпты дамуы және оларға дұрыс тәрбие беру шарттары болып табылады.
Қылмыстың жәбірленушісі — 18-ге толмаған адам, яғни кәмелетке толмағандар.
Қылмыс объективтік жағынан алғанда әр түрлі әдістер (тәсілдер) колдана отырып кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту арқылы жүзеге асырылады.
Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту деп 18-ге толмағандарды кылмыстың тікелей орындаушысы немесе өзге де көмектесушісі болуға жігерлендіруге, ынтасын, шешімін қоздыруға бағытталған іс-әрекеттерді айтамыз. Қылмыстық іске тартудың әдісі занда тікелей көрсетілмеген, бірақ ол әртүрлі жолмен жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл әрекет көбінесе психикалық әдістерді қолдану арқылы (қорқыту, уәде беру, алдау) немесе басқа да тәсілдерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Кәмелетке толмаған адамдарды үрейлендіру немесе оларды басқа бір қолайсыз жағдайларға калдыратын әрекеттер жасаймын деген әрекеттер арқылы, олардың психикалық санасына әсер етулер қорқыту деп табылады. Қорқыту ауызша, жазбаша, телефон аркылы, дене қимылын көрсету аркылы жүзеге асырылуы мүмкін және мүндай қоркытулар жәбірленушінің тікелей өзіне немесе оның таныс адамдарына білдірілуі хақ.
Субъектінің болашақта кәмелетке толмағандарға белгілі бір жәрдем көрсетуге (оқуға түсіруге, жұмысқа тұрғызуға немесе оларға баскадай игіліктер жасауға міндеттемелер алуы) уәде беру деп танылады.
Кәмелетке толмағандар үшін мәні бар мәліметтерді немесе мән-жайларды қасақана айтпау немесе олар жөнінде үн қатпау арқылы оларды жаңылыстырып қоғамға қауіпті іс-әрекетті істеуге тартуды алдау деп түсінген жөн. Мысалы, ересек адам кәмелетке толмаған адамға көрші үйден өзіне тиісті жүкті жол бойына жеткізуді өтінеді, нәтижесінде ол бөтеннің мүлкін ұрлауға көмектескенін бірақ біледі. Кәмелетке толмаған адамды басқа да тәсілдермен қылмыс жасауға тартуға, оларды иландыру, сатып алу, оларды зұлымдық, кара ниетті іс-әрекеттерді істеуге жігерлендіру, бопсалау, материалдық тәуелділік жағдайын пайдаланып қалу т.с.с. әрекеттер жатады.
Жоғарыда көрсетілген тәсілдерді қолданғанымен кәмелетке толмағандар қылмыстық іс-әрекетке баруға қарсылық білдірсе, онда кінәлінің іс-әрекеті кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тартуға оқталғандық ретінде сараланады.
Қылмыс формальдық кұрамға жатады. Және ол кәмелетке толмағандарды қылмысқа тартқан уақыттан (яғни 18-ге толмаған адамның оған келіскен сәтінен бастап) аяқталған деп табылады. Қылмыстық кодекстің 131-бабының 1-тармағы бойынша онша ауыр емес, ауырлығы орташа қылмыстарды істеуге кәмелетке толмағандарды тартқаны үшін ғана жауаптылық көзделген. Субъективтік жағынан ҚК-тің 131-бабында көзделген қылмыс тек қана тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам әр түрлі тәсілдерді колдана отырып жасы 18-ге толмағаны өзіне анық адамды қылмыстық іске тартқанын сезеді, біледі және соны жүзеге асыруды тілеп әр түрлі әрекет жасайды. Кылмыстық ниет және мақсат әртүрлі (кек алу, қызғаныш, пайдакүнемдік, баска да зұлымдық ниеттер) болуы мүмкін. Бұлардың іс-әрекетті саралауға әсері болмайды, бірақ жаза тағайындағанда есепке алынады.
Қылмыстың субъектісі — заңда тура атап көрсетілгендей кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тартқан жасы 18-ге толған адам. Кәмелетке толмаған адамның екінші бір кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тартуы бұл қылмыс кұрамына жатпайды.
Ата-анасы, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер өзіне заңмен жүктелген өзге адам жасаған нақ сол әрекет — осы қылмыстың ауырлататын түрі болып табылады (ҚК-тің 131-бабының 2-тармағы). Көрсетілген адамдардың кәмелетке толмаған адамдар жөніндегі кұкықтық жағдайын пайдаланып, осы іс-әрекеттерді істеуі қылмыстың коғамға қауіптілігін едәуір ұлғайтады. Ата-аналарды анықтау Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы 1998 жылы 17 желтоқсанда қабылданған Заңына сәйкес шешіледі.
Педагог деп тәрбие немесе оку процесімен айналысатын адамдар танылады. Педагогті кылмыстың субъектісі деп тану үшін оның жұмыс істейтін оқу орындарының түрі (жоғары оқу орындары, мемлекеттік немесе мемлекеттік емес), нысаны (күндізгі, сырттай, кешкі) ешқандай әсер етпейді.
Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жәніндегі міндеттер өзіне жүктелген өзге де адамдарға қорғаншы, камқоршы, асырап алған ата-аналар, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің тәрбиешілері, бұлардан басқа заңмен тәрбиелеу міндеті тікелей жүктелген — жақын-туыстары, ағасы немесе апасы, әжесі немесе атасы жатады.
Осы баптың бірінші немесе екінші тармақтарында көзделген, күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытып жасалған әрекеттер (131-баптың 3-тармағы) — осы қылмыстың тағы бір ауырлататын түрі болып табылады. Мұндағы күш көрсетуге жеткіншекті қылмыс істеуге ықпал ететін тәсілдерді қолдану жолымен, яғни оны сабау, оған жеңіл және орта дәрежелі жарақат келтіру аркылы қылмыс істеуге көндірулер жатады. Егер мұндай тәсілмен жәбірленушіге ауыр дене жарақаты келтірілсе немесе өлімге әкеліп соқса, онда кінәлінің әрекеті қылмыстардың жиынтығы бойынша саралануға жатады. Күш қолданамын деп қорқыту — өлтіремін, денеңе жарақат келтіремін, жаныңды қинаймын, өртеймін деген шын мәнінде іске асатын нәрсе жәбірленушіге тікелей психикалық әсер ететін сөздерді кінәлінің айтуы жатады.
Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші тармақтарында көзделген кәмелетке толмаған адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға тартуға байланысты әрекеттер (131-баптың 4-тармағы) көрсетілген кылмыстың өте ауырлататын түрі болып табылады. Ауыр немесе аса ауыр кылмыстардың түсінігі Қылмыстық кодекстің 10-бабының 4, 5-тармақтарында берілген.
Кәмелетке толмаған адамды коғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту (132-бап)
Криминологиялық зерттеудің нәтижесі көрсеткендей соңғы жылдары елімізде кәмелетке толмағандарды ішімдікке, наша-қорлыққа, темекі тартуға және басқа да коғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту фактілері өріс ала бастаған. Нәтижесінде жеткіншектердің арасында әр түрлі жұқпалы аурулар өрши түскен, бұл, әрине, ертеңгі болашағымыз үшін аса қауіпті құбылыс.
Қылмыстың тікелей объектісі кәмелетке толмаған адамдардың дене және адамгершілік тұрғысынан дұрыс дамып, тәрбиеленуі болып табылады.
Объективтік жағынан қылмыс кәмелетке толмаған адамды есірткілік немесе басқа да есеңгірететін заттарды медициналық емес тұрғыда тұтынуға не спирттік ішімдіктерді ұдайы тұтынуға, не жезөкшелікпен, каңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуға тарту арқылы сипатталады.
Заң бойынша есірткілік немесе есеңгірететін затқа жататын, арнаулы тізім бойынша белгіленген осындай заттарды екі немесе одан көп медициналық емес тұрғыда тұтынуға тарту кәмелетке толмаған адамды көрсетілген әрекеттерге ұдайы тарту деп танылады.
Есірткілік немесе есеңгірететін заттарды анықтау арнаулы сарапшылық корытынды бойынша анықталады.
Екі немесе одан көп реттерде кәмелетке толмағандарды үнемі спирт ішімдіктерін (арақ-шарап) ішуге тартуды осы қылмыстың объективтік жағының бір белгісін жүзеге асырғандық болып табылады. Арақ-шарапқа барлық ішімдіктер, оның ішінде қолдан жасалған осындай заттар да жатады. Кәмелетке толмағандармен бірге бір мәрте бірлесіп спирт ішімдіктерін ішу, оны мас күйге жеткізу қылмыс болып табылмайды, мұндай әрекет әкімшілік құқықтық жолмен жауаптылыққа тартылады.
Кәмелетке толмаған адамды ақшаға немесе басқадай мате-риалдық сыйақы үшін нәпсіқұмарлық қатынаста болуға жеткізу, оларды жезөкшелікпен айналысуға тарту деп танылады. Жезөкшелікке тартудың тәсілі — қорқыту, тәуелділік жағдайларды пайдалану, көндіру арқылы болуы мүмкін. Егер кінәлі адам өзі жөзекшелікке тартқан адамды зорласа немесе оны аздыратын басқа да әрекеттер жасаса, онда оның әрекеті істеген қылмыстардың жиынтығы бойынша сараланады.
Кәмелетке толмаған адамды бір мекен-жайдан екінші бір мекен-жайға орын ауыстыруға, тұрғылықты орнында болмауына, кездейсоқ табыстармен, ұсақ ұрлықпен, қайыр тілеумен, басқадай еңбексіз табыстармен күн көруге көндіріп тарту қаңғыбастыққа тарту деп танылады. Бөтен адамдардан ақша, азық-түлік, киім-кешек немесе басқадай материалдық құндылықтарды сұрап алып табыс табуға әр түрлі тәсілдермен кәмелетке толмағандарды көндіру, оны қаңғыбастықпен айналысуға тарту деп танылады.
Кәмелетке толмаған адамды коғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту формальдық қылмыс құрамына жатады және ол заңда (132-бап) көрсетілген әрекеттердің біреуін жасаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлы адам кәмелетке толмаған адамды есірткілік немесе басқа да есенгірететін заттарды медициналық емес тұрғыда тұтынуға не спирт ішімдіктерін ұдайы тұтынуға, не жезөкшелікпен, каңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуға (ұдайы болмаса) тартқанын сезеді және осы әрекеттерді істеуді тілейді. Қылмыстың субъектісі 18-ге толған есі дұрыс адам, Қылмыстық кодекстің 132-бабының 2-тармағында: ата-анасы, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер өзіне заңмен жүктелген өзге адам жасаған нақ сол әрекет, ал осы баптың 3-тармағында, осы баптың бірінші немесе екінші тармақтарында қарастырылған бірнеше рет не күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытып жасалған әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық көзделген. Осы бапта көзделген екі немесе одан да көп әрекетті жасау бірнеше рет жасалған әрекеттер деп танылады (ҚК-тің 11-бабы).
Қылмыстық кодекстің 132-бабының 2 және 3-тармақтарында көрсетілген ауырлататын және аса ауырлататын белгілердің түсініктері тиісінше Қылмыстық кодекстің 131-бабының 2 және 3-тармақтарында көрсетілген белгілермен бірдей, сондықтан да бұл үғымдарға арнайы тоқталып жатпаймыз.
Кәмелетке толмағандарды саудаға салу (133-бап)
Кәмелетке толмаған адамды саудаға салу үшін жауаптылық бұрын Қазақстан Республикасының аумағында қолданылған қылмыстық зандарда мүлдем керсетілмеген еді. Қазақ жерінде мұндай құбылыс Кеңес өкіметі орныққанға дейін мүлдем болмаған. Қазіргі жағдайда кейбір жерлерде кәмелетке толмағандар "зат", "товар" ретінде пайдаланылып, қылмыскерлерге пайда табудың көзіне айналды. Дүние жүзінде орын алып отырған осындай келеңсіз құбылыстарға сәйкес Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 133-бабында осы тұрғыдағы іс-әрекетке қылмыстық жауаптылық белгіленген.
Қылмыстың тікелей объектісі — кәмелетке толмағандардың мүддесі, олардың дұрыс даму, жетілу, білім алу, тәрбиелену жағдайлары.
Қылмыс объективтік жағынан кәмелетке толмаған адамды сатып алу не кәмелетке толмаған адамға қатысты оны біреуге беру немесе оны иемдену түрінде өзге мәмілелер жасау арқылы жүзеге асырылады.
Кәмелетке толмаған адамды белгілі келісімді ақы алып (ақшалай, заттай, қозғалатын немесе қозғалмайтын мүлік) басқаға беру, сату немесе сатып алу деп танылады.
Кәмелетке толмаған адамды айырбастау (үйге, көлікке, басқа тауарларға), сыйға беру (мысалы шет елге тұрақты өтіп кетуге байланысты көрсеткен көмегі үшін немесе шын достықтың белгісі ретінде тегін беру); қарызын немесе басқадай міндеттемелерін өтеу үшін беру; басқа біреуге уақытша пайдалануға жалға беру өзге мәмілелер жасау деп танылады. Қылмыс жәбірленушіні саудаға салу жөніндегі мәмілеге қол жеткізілген және кәмелетке толмаған адамды басқа біреуге берген уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Субъективтік жағынан қылмыс — кәмелетке толмағандарды саудаға салу тек қана тікелей қасақаналықпен істеледі. Бұл жерде осы қылмысты істеуге кінәлі болып адамды сатқан және сатып алған жақтар, сондай-ақ осындай әрекеттерге бағытталған өзге де мәмілелер жасауға қатысқандар (жәбірленушіні заңсыз біреуге берген немесе оны иемденген адамдар) табылады. Өйткені олар өздерінің іс-әрекеттерінің қоғамға қауіптілігін, заңға кайшылығын сезеді және осы әрекеттерді істеуді тілейді.
Кылмыстың субъектісі — 16-ға толған кез келген есі дұрыс, кәмелетке толмағандарды саудаға салуға қатысқан адамдар.
Қылмыстық кодекстің 133-бабының 1-тармағында көрсе-тілген әрекеттерді:
а) бірнеше рет;
б) екі және одан да кеп кәмелетке толмағандарға қатысты;
в) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша не- месе ұйымдасқан топпен;
г) адамның өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып;
д) кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасынан тыс жерге заңсыз әкетумен немесе оны Қазақстан Республикасына заңсыз әкелумен;
е) кәмелетке толмаған адамды қылмыс жасауға немесе коғамға қарсы өзге де іс-әрекеттер жасауға тарту мақсатында;
ж) кәмелетке толмаған адамның мүшелерін немесе тінін ауыстырып салу үшін алу мақсатында жасалса — онда олар осы қылмыс қүрамының ауырлататын түрлері болып табылады (ҚК-тің 133-бабының 2-тармағы).
Осы баптың бірінші немесе екінші тармақтарында көзделген кәмелетке толмаған адамның өліміне немесе өзге ауыр зардаптарға абайсыздықпен әкеп соққан әрекеттер — көрсетілген қылмыс кұрамының аса ауырлататын түріне жатады (Қылмыс-тық кодекстің 133-бабының 3-тармағы).
Бұл жерде кәмелетке толмаған бір адамның өлуі туралы сөз болып отыр. Өзге де ауыр зардаптарға — жәбірленушіге орта, ауыр дене жарақатын келтіру, кәмелетке толмаған адамның кінәлінің заңсыз әрекетіне байланысты өзін-өзі өлтіруі, олардың жұқпалы аурумен зақымдануы, мүгедек болып қалуы сияқтылар жатады. Қылмыстық кодекстің 133-бабының 3-тармағында көрсетілген қылмыс құрамының субъективтік жағынан әрекеті қасақаналык, ал одан болатын зардап абайсыздықпен жүзеге асырылады.
Баланы ауыстыру (134-бап)
Заң (ҚК-тің 134-бабы) баланы қасақана ауыстырғаны үшін қылмыстық жауаптылық белгілеген. Бұл қылмыстың қоғамға кауіптілігі сол, баланы ауыстыру арқылы ата-анамен баланың туыстық қатынасы зорлықпен бұзылып, адамгершілік принциптеріне жатпайтын әрекеттер жүзеге асырылады. Қылмыстың тікелей объектісі баланың бірқалыпты дамып, жетілу және қалыптасу жағдайлары, олардың және отбасының мүдделері.
Қылмыс объективтік жағынан баланы ауыстыру әрекеті аркылы жүзеге асырылады. Баланы ауыстыру деп бір баланы басқа бір баламен ауыстыруды айтамыз. Мысалы қыз баланы ер балаға, қара түсті баланы сары түсті балаға, іштен мүгедек болып туған баланы дені сау балаға ауыстыру т.с.с. Баланы ауыстыру жаңа туған балалар жөнінде — босану үйлерінде немесе балалар үйлерінде, немесе уақытша бақылаусыз далада қалған баланы ауыстырып алу арқылы жүзеге асырылады. Өз баласын басқа баланың ата-анасының келісімінсіз оның баласымен ауыстыруда осы қылмыстың құрамын құрайды. Жаңа туған нәрестелерді екі жақтың да ата-аналарының өзара келісімі бойынша ауыстыру — қылмыс құрамын түзбейді.
Қылмыс формальдық құрамға жатады және ол бір баланы екінші бір баламен заңсыз ауыстырған сәттен бастап аяқтал-ған деп табылады. Егер осындай ауыстыру сәтінде кінәлы адам-ның қылмысы әшкереленіп қалып, ол қылмысты ниетін ақыры-на дейін жеткізе алмаса, онда кінәлының әрекеті осы қылмыс-қа оқталғандық болып табылады. Қылмыс субъективтік жағы-нан тек қана тікелей қасақаналықпен істеледі. Ол туралы заң-ның езінде тура көрсетілген. Кінәлы йдам баланы қасақана оның ата-анасының немесе занды өкілінің келісімінсіз ауыс-тыратынын сезеді және осы әрекеттерді істеуді тілейді. Егер баланы ауыстыру абайсыздықпен жүзеге асырылса, онда адам-ның әрекеті қылмыс болып табылмайды.
Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған есі дұрыс баланы нақты ауыстырған адам (босану немесе балалар үйінің медицина қызметкерлері, жаңа туған баланың анасы) т.с.с.
Қылмыстық кодекстің 134-бабының 2-тармағында осы қыл-мыстың ауырлататын түрі — пайдакүнемдік немесе өзге зұлымдық ниетпен жасалған бала ауыстыру әрекеттері үшін жауаптылық көзделген. Пайдакүнемдік ниетке — баланы ауыстырып материалдық олжа, пайда табу әрекеттері, ал зұлымдық ниетке — кек алу, қызғаныш, ұлттық, нәсілдік пиғылда жасалған әрекеттер жатады.
Бала асырап алу құпиясын жария ету (135-бап)
Бала асырап алушының еркіне қайшы кызметтік немесе кәсіптік құпия ретінде бала асырап алу фактісін сақтауға міндетті адамның не өзге адамның пайдакүнемдік немесе өзге жамандық ниетпен жасаған бала асырап алу кұпиясын жария еткені үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің 135-бабында көзделген. Бұл қылмыстың қоғамға кауіптілігі сол кінәлі адам асырап алған балаға немесе үшінші жаққа бала асырап алу құпиясын заңсыз бұзып, оны жария ету арқылы балаға немесе оны асырап алған ата-аналарына орны толмас моральдық зиян келтіреді.
Қылмыстың тікелей объектісі — бала асырап алу туралы заңда белгіленген қоғамдық қатынастар, сол бала асырап алушылар мен асыранып алынғандардың мүдделері.
Қылмыс объективтік жағынан бала асырап алу туралы заңда белгіленген қоғамдық катынастар, сол бала асырап алушылар мен асыранып алынғандардың мүдделері.
Қылмыс объективтік жағынан бала асырап алу құпиясын жария ету арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы Заңына сәйкес бала асырап алуды жүзеге асыратын лауазымды адамдар және бала асырап алу жөніндегі фактіні білетін өзге де адамдар бала асырап алу құпиясын сақтауға міндетті. Аталған адамдар бала асырап алушының немесе асырап алынған баланың еркіне қайшы қызметтік немесе кәсіптік кұпияны не пайдакүнемдік немесе өзге жамандық ниетпен жасаған бала асырап алу құпиясын жария етуі қылмыс болып табылады. Бала асырап алу құпиясын жария ету деп ол туралы кез келген адамға, оның ішінде туыстарына, таныстарына, асырап алынған адамның өзіне ауызша, жазбаша, басқадай байланыс немесе ақпарат құралдарын пайдаланып отырып жасаған әрекеттерін айтамыз.
Қылмыстық жауаптылық бала асырап алу құпиясын жария ету, оны асырап алушының еркіне кайшы түрде жүзеге асырылғанда ғана пайда болады. Бала асырап алушының еркі деген ұғымға — оны асырап алған жұбайлардың екеуінің де еркі жатады. Осыған орай ерлі-зайыпты жұбайдың біреуінің екіншісінің еркінен тысқары жағдайда бала асырап алу кұпиясын жария етуде қылмыс қатарына жатады.
Қылмыс бала асырап алу құпиясын жария еткен уақыттан бастап, қандайда бір зардаптың орын алған немесе алмағанына карамастан аяқталған деп танылады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам бала асырап алу құпиясын жария етудің коғамға қауіптілігін сезеді және де осы құпияны жариялауды тілейді. Бала асырап алушының еркіне қайшы қызметтік немесе кәсіптік құпияны бала асырап алу фактісін сақтауға міндетті адамның жария етуі кез келген ниетті басшылыққа ала отырылып жүзеге асырылады. Ал бала асырап алу құпиясын езге адамдардың жария етуі пайдакүнемдік немесе өзге жамандық ниетпен ғана жүзеге асырылады. Бұл тұрғыдағы субъектілердің осындай ниеттермен істеген әрекеттері қылмыс құрамын кұрайды. Пайдакүнемдік немесе өзге де жамандық (зұлымдық) ниеттердің түсінігі Қылмыстық кодекстің 134-бабында зерделенген.
Қылмыстың субъектісі екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа: бала асырап алу құпиясы қызметтік немесе кәсібіне байланысты белгілі болған адамдар. Оларға — жергілікті өкімет органдары қызметкерлері, бала асырап алуға кеңес берген адвокаттар, АХАЖ қызметкерлері жатады. Екінші топқа бала асырап алу фактісінен хабардар болған өзге де адамдар. Олар: жұбайлардың біреуі, жақын туыстары, таныстары. Қылмыс субъектісінің жас мөлшері 16-ға толған адам. Лауазымды адамдардың бала асырап алу құпиясын жария етуі ауыр зардаптарға әкеліп соқса (жәбірленушінің өзін-өзі өлтіруі, психикалық науқасқа ұшырауы т.с.с.) олардың әрекеті Қылмыстық кодекстің 307-бабымен саралануға жатады.
Балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын асырауға арналған каражатты төлеуден әдейі жалтару (136-бап)
Қылмыстық кодекс бойынша:
Ата-ананың сот шешімі бойынша кәмелетке толмаған балаларын, сондай-ақ он сегіз жасқа толған еңбекке жарамсыз балаларын асырауға арналған қаражатты төлеуден үш айдан астам әдейі жалтаруы (136-баптың 1-тармағы); кәмелетке толған еңбекке жарамды адамның сот шешімі бойынша өзінің еңбекке қабілетсіз ата-анасын асырауға арналған қаражатты төлеуден үш айдан астам әдейі жалтаруы (136-баптың 2-тармағы) үшін жеке-жеке жауаптылық көзделген.
Қылмыстың тікелей объектісі кәмелетке толмаған, сондай-ақ кәмелетке жасы толған еңбекке жарамсыз балалардың, еңбекке қабілетсіз ата-ананың лайықты өмір сүруін қамтамасыз ететін материалдық мүдделері. Қылмыстық жәбірленушілері — 18-ге толмаған балалар, 18-ге толған еңбекке жарамсыз балалар (ҚК-тің 136-бабының 1-тармағы); еңбекке қабілетсіз ата-аналар (соньщ ішінде бала асырап алғандар да).
Объективтік жағынан Қылмыстык кодекстің 136-бабының 1-тармағында көрсетілген қылмыс ата-ананың сот шешімі бойынша кәмелетке толмаған, сондай-ақ 18-ге толған, бірақ еңбекке жарамсыз балаларын асырауға арналған қаражатты әдейі төлеуден жалтаруы арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы За-ңына сәйкес алимент: 1) ата-аналардың ерікті келісімі болған және ол нотариус арқылы куәландырылған жағдайда; 2) соттың шешімі бойынша өндіріледі (124-132-баптар). Бірақ Қылмыстық кодекстің 136-бабының талабына сәйкес қылмыстық жауаптылық соттың шешімі бойынша алимент төлеуден жалтарғаны үшін ғана туындайды.
Балаларын асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейі жалтаруға соттың шешімі занды күшіне енгеннен кейін оны орындаудан үнемі, ұзақ уақытқа жалтарулар жатады. Заңда оның мерзімі үш айдан астам уақыт деп белгіленген. Жалтарудың тәсілі әр түрлі: жұмыс орнын себепсіз жиі өзгерту, тұрғылықты жерін жасыру, қосымша жұмыс орнын немесе табыс көздерін жасыру т.с.с. болуы мүмкін. Әдейі жалтару деп тануға сот органының белгіленген қаражатты төлеу туралы ресми ескертуінің орындалмауы негіз болады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық ниет әр түрлі болуы мүмкін: пайдакүнемдік, баланың анасына деген өшпенділік, кінәлінің баламен туыстығына күмән келтіру т.с.с. көрсетілген қылмыстық ниеттердің қылмысты саралауға әсері болмайды.
Қылмыстық кодекстің 136-бабының 1-тармағы бойьшша қылмыстың субъектісі — арнаулы субъект — сот шешімі бойынша қаражат төлеуге міндетті ата-аналар немесе соларға теңестірілген адамдар болады.
Қылмыстық кодекстің 136-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстың субъектісі болып еңбекке жарамсыз ата-анасын асырауға арналған қаражатты сот шешімі бойынша төлеуден жалтарған кәмелетке толған олардың туған немесе өгей балалары, сондай асырап алынған балалары (ұлдары немесе қыздары) танылады.
Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау (137-бап)
Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді ата-анасының немесе өзіне осы міндеттер жүктелген өзге адамның, сондай-ақ кәмелетке толмаған баланы қадағалауды жүзеге асыруға міндетті педагогтің немесе оку, тәрбие беру, емдеу немесе өзге мекеменің басқа қызметкерінің орындамауы немесе тиісті дәрежеде орындамауы, егер бұл әрекет кәмелетке толмаған балаға қатал қараумен ұштасса — жауаптылык қылмыстық кодекстің 137~бабы бойынша белгіленеді.
Қылмыстың объектісі — кәмелетке толмағандардың дене және психикалық жағынан дұрыс дамып, қалыптасуы.
Объективтік жағынан қылмыс бірнеше балама әрекеттерді: а) кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау; б) осындай міндеттерді тиісті дәрежеде орындамау арқылы сипатталады. Өзіне жүктелген міндеттерді толық орындауға мүмкіндігі бола тұра оны орындамау немесе әрекетсіздік жасау міндеттемені орындамау, ал өзіне жүктелген міндеттерге салдыр-салақ, үстірт қарау міндеттемелерді тиісті дәрежеде орындамау деп танылады.
Қылмыстық жауаптылыққа тартудың негізгі шарты — кәме-летке жасы толмаған балаға қатал қарау болып табылады. Қатал қарауға — жасы толмаған баланы үнемі ұрып-соғу, сабау, қорқыту, аштықта, ыстықта үстау, үрейін алу, нерв жүйелерін бұзу т.с.с. жатады.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінәлі адам кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі әзінің кұкықтық міндеттерін орындамағанын, оларға қатал қарағанын сезеді және сол әрекеттерді істеуді тілейді.
Қылмыстың субъектісі арнаулы : 1) кәмелетке толмаған баланың ата-анасы; 2) кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жолындағы міндеттер езіне жүктелген өзге де адамдар, атап айтқанда — бала асырап алушылар, камқоршылар немесе қорғаншылар; 3) кәмелетке толмаған баланы қадағалауды жүзеге асыруға міндетті оку, тәрбие, емдеу немесе өзге де мекеменің қызметкерлері (мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметкерлері, орта мектептердің, кәсіптік-техникалык оқу орындарының, мектеп-интернаттардың және киын балаларды тәрбиелейтін тәрбие мекемелерінің педагогтары, аурухана қызметкерлері және т.б.).
Балалардың өмірі мен денсаулығынын кауіпсіздігін камтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау (138-бап)
Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамта-масыз ету жөніндегі міндеттерді қызметі бойынша өзіне осындай міндеттер жүктелген адамның не осы міндеттерді арнайы тапсырма бойынша орындаушы немесе міндеттерді ерікті түрде өзіне алған адамның тиісінше орындамауы, егер бұл жас баланың денсаулығына абайсызда ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соқса — жауаптылық ҚК-тің 138-бабы бойынша шешіледі.
Қылмыстық құқықтағы бұл бап мүлдем жана құрам болып табылады.
Қылмыстың тікелей объектісі — балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың жәбірленушісі — балалар.
Қылмыс объективтік жағынан — қызметі бойынша өзіне балалардың өмірі мен денсаулығының кауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер жүктелген адамның не осы міндеттерді арнайы тапсырма бойынша орындаушының немесе мұндай міндеттерді ерікті түрде өзіне алған адамның тиісінше орындамауы арқылы көрініс береді. Яғни көрсетілген қылмыс әрекетсіздік арқылы істеледі. Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдар өз міндеттерін тиісінше орындамайды. Мысалы балабақша меңгерушісі жас балаларды қараусыз тастап, дүкен аралап кетеді, осы кезде баланың бірі көшеге шығып кетіп, көлікке қағылып, орташа ауырлықтағы дене жарақатын алады. Бұл жерде қызметі бойынша өзіне жуктелген міндетті балабақша меңгерушісі орындамау салдарынан баланың өмірі мен денсаулығына кауіп төнді. Немесе арнайы тапсырмамен мектеп оқушыларын саяхатқа апарған адамның бейқамдығынан, оқушы суға кұлап, ауыр дене жарақатын алады. Бұл жерде арнайы тапсырма алған адам өз қызметіне жауапсыз қараудан бала денсаулығына зақым келген. Осындай міндетті ерікті түрде өзіне алған адамдарға — панасыз балаларды ез қамқорлығына алғандар, қорғаншылар, бала асырап алғандар жатады. Қылмыс құрамы материалдық және ол заңда көрсетілген зардап — баланың денсаулығына абайсызда ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірілген сәттен бастап аяқталған деп табылады. Қылмысты әрекетсіздік пен орын алған зардаптың арасында себепті байланыс болуы хақ. Субъективтік жағынан қылмыс абайсызда істеледі. Егер мұндай іс-әрекет касақана істелсе, онда кінәлінің жауаптылығы және адамға қарсы қылмыс жөніндегі тараудың тиісті бабымен сараланады.
Қылмыстың субъектісі арнаулы — жасы 16-ға толған, өзіне осы міндеттер кызметі бойынша жүктелген адам; осы міндеттерді арнайы тапсырма бойынша орындаған адам; мұндай міндеттерді өзіне ерікті түрде алған адам. Абайсызда жас баланың өліміне әкеп соққан әрекет осы қылмыстың ауырлататын түрі болып табылады (138-баптың 2-тармағы).
Қамқоршы немесе қорганшы құқықтарын теріс пайдалану (139-бап)
Қылмыстың объектісі — камқоршы немесе қорғаншы та-ғайындалған баланың денсаулығы, дұрыс тәрбиесі, сондай-ақ олардың материалдық мүдделері. Объективтік жағынан қылмыс қамқоршылықты немесе корғаншылықты пайдакүнемдік немесе қамқоршылықтағы (қорғаншылықтағы) балаға зиян келтіру үшін өзге арам мақсаттарға пайдалану немесе қорғаншылықтағы (камкоршылықтағы) баланы қасақана қадағалаусыз немесе қажетті көмексіз қалдыру қамқоршылықтағы (қорғаншылықтағы) баланың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі нұқсан келтіруге әкеп соғу әрекеттерін істеу арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, қамқоршылықты немесе корғаншылықты пайда табу мақсатымен — яғни балаға тиісті меншікті талан-таражға салу үшін пайдалану немесе балаларға тиімсіз келісімдер жасау; балаларды көмексіз, қадағалаусыз қалдырып қаңғытып жіберу, оларды ұрып-сабау, корлық көрсету, аш ұстау, оқытпау сияқты заңды кұқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіру.
Қылмыс материалдық құрамға жатады. Заңда көрсетілген баланың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі нұқсан келтіру мәселесі нақты жағдайларға байланысты сот органдары арқылы анықталады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың мақсаты — пайдакүнемдік немесе өзге де арам пиғылдар. Қылмыстың субъектісі — заң бойынша белгіленген қамқоршы немесе корғаншы.
Еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) асыраудан әдейі жалтару (140-бап)
Қылмыстың объектісі — еңбекке жарамсыз жұбайдың ма-териалдық мүддесі. Еңбекке жарамсыз деп зейнеткерлік жасқа жеткен, аурулығы немесе басқадай зақым алуы бойынша еңбек қабілетін жоғалтқан жұбайды айтамыз.
Объективтік жағынан қылмыс сот шешімі бойынша еңбекке жарамсыз және материалдық көмекке мұқтаж жұбайын (зайыбын) асырауға қаражат төлеуден үш айдан астам әдейі жалтару арқылы жүзеге асырылады.
Жұбайының еңбекке жарамсыз және материалдық көмекке мұқтаж екенін сот шешеді. Осындай мұқтаждық бар, оны асырауға екінші жұбай (әйелі немесе ері) міндетті деп тапса, сот шешімі бойынша кінәлі адам оны некеде тұрғанына немесе некеде тұрмағанына карамастан асырауға міндетті. Сот шешімін үш ай бойы себепсіз төлеуден жалтарса, онда ол әдейі жалтарғандық деп табылады. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі.
Қылмыстың субъектісі — еңбекке жарамсыз жұбайын сот шешімі бойынша асырауға міндетті екінші жұбай.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар тарауына қанша бап кіреді?
2. Баланы қасақана ауыстырудағы қылмыс құрамын көрсет.
3. Бала асырап алу құпиясын жария етудің обьективтік жағын көрсет.
Дәріс тақырыбы 4. Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар.
Негізгі сұрақтар
Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстардың түсінігі және түрлері.
Саяси құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар.
Адамның және азаматтың әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар.
Жеке құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар.
1. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің басты міндеттерінің бірі өз азаматтарының бостандықтары мен занды құқықтарын барынша қорғау болып табылады. Казақстан мемлекеті адам кұқықтары жөніндегі халықаралық нормаларды толық куаттай отырып, оны бұлжытпай жүзеге асыруға толык кепілдік береді. Оның айғағы азаматтардың саяси, еңбек, әлеуметтік және басқа да құқықтарының Қазақстан Республикасының Конституциясында толық, жан-жақты көрініс табуы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында ең қымбат қазына адам және адамның өмірі, құкықтары мен бостандықтары деп белгіленген. Казақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құкықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Адам кұқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, зандар мен өзге де нормативтік кұқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады делінген Конституцияның 1, 2-тармағында. Яғни "Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады" (Конституцияның 12-бабының 3-тармағы). Адамның және азаматтың өз кұқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс (5-тармақ).
Конституцияның II-бөлімі адам және азамат, оның құқығы, бостандығы мен міндеттеріне тікелей арналған. Заңға сәйкес республиканың кез келген азаматының нәсіліне, ұлтына, тіліне, әлеуметтік тегіне, дінге көзқарасына тағы басқа да белгілеріне қарамастан құқықтар мен бостандықтар теңдігіне кепілдік беріледі (14-баптың 2-тармағы). Конституцияда адам және азаматтық туралы арнайы тарау бар. Азаматтық кұқық пен бостандыққа; саяси құқықтар мен бостандықтарға; экономика-лық және әлеуметтік құқықтарға Қазақстан Республикасы Конституциясында ерекше мән беріледі. Конституцияда жария етілген азаматтардың осындай құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қылмыстық заң өзінің басты міндеттерінің бірі деп санайды (1-бап).
Азаматтардың саяси, әлеуметтік және басқа да құкықтарына қарсы қылмыстық жауаптылық нормалары Қылмыстық кодекстің төртінші тарауында керсетілген. Бұл қылмыстық заң нормалары азаматтардың конституциялық осы құқықтары мен бостандықтарын қорғауда аса маңызды рөл атқарады.
Айтылып отырған қылмыстың топтық объектісі болып азаматтардың конституциялық, құқықтары мен бостандықтары саналады.
Қылмыстардың осы тобы қылмыстың тікелей объектісіне сәйкес және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының мәніне қарай мынадай негізгі топтарға бәлінеді:
Саяси кұқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар: аза-маттардың тең құкықтылығын бұзу (141-бап); сайлау құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергі жасау (146-бап); сайлау кұжаттарын, референдум құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды қате есептеу (147-бап); журналистің заңды кәсіптік кызметіне кедергі келтіру (155-бап); жиналыс, митинг, бой көрсету, шеру өткізуге, пикет жасауға немесе оларға катысуға кедергі жасау (151-бап); ереуілге қатысуға немесе ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу (153-бап); қоғамдық бірлестіктердің қызметіне кедергі жасау (150-бап).
Адамның және азаматтың әлеуметтік-экономикалык кұқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар: еңбек туралы зандарды бұзу (148-бап); еңбекті қорғау ережелерін бұзу (152-бап).
Жеке кұқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар: жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу (142-бап); хат жазысу, те-лефонмен сөйлесу, почта, телеграф хабарларының немесе өзге хабарлар құпиясын заңсыз бұзу (143-бап); дәрігерлік құпияны жария ету (144-бап); тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу (145-бап); азаматқа ақпарат беруден бас тарту (154-бап); ар-ұждан және діни наным бостандығы құқығын жүзеге асыруға кедергі жасау (149-бап).