- •Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті «Инженерлік – экономикалық» факультеті «Қолданбалы информатика» кафедрасы
- •Мазмұны
- •1. Курстық жұмысты жазудың мақсаты мен мәселелері
- •2. Курстық жұмыстынң мазмұны мен құрылымы
- •3. Курстік жұмысты безендіру
- •3.1. Мәтіндік материалға қойылатын талаптар
- •5. Курстық жұмыстың такырыптары
- •3.2. Әдебиет тізімін жасау ережелері
- •3.3. Қосымшаларды безендіру ережелері
- •4. Курстық жұмысты орындау және қорғау реті
- •6. Ұсынылатын әдебиеттер
3. Курстік жұмысты безендіру
3.1. Мәтіндік материалға қойылатын талаптар
Түсініктеме жазба А4 форматты ақ қағаздың бір бетінде ғана жазылуы немесе мәтіндік редакторда терілуі тиіс. Өрістер өлшемі келесі тәртіппен белгіленуі қажет: сол жақ өріс 3 см он жақ өріс – 1-ден кем болмауы керек, жоғарғы және төменгі шекаралар – 2 см-ден аспауы тиіс. Жазбаны әзірлеу барысында кездескен қателерді міндетті түрде жою керек.
Арнайы қысқартулар, символдар және терминдер мәтінде 3-5 реттен артық кездесетін жағдайда ғана қолданған жөн. Оларға берілетін толық түсінік мәтіннің соңында (схемасы) келтірілді.
Жазбаның мәтіні тараулар мен ішкі тарауларға бөлінеді. Тараулар жазбаның басынан аяғына дейін араб цифрларымен нөмірленеді. Жоғарыда айтылған негізгі мәтіннің бөлімдері тарау ретінде белгіленеді. Тарау нөмірінен кейін нүкте қойылмайды. Әрбір тараудың ішіндегі ішкі тараулар осы тараудан аспай араб цифрларымен нөмірленеді. Ішкі тараудың нөмері, нүктемен бөлінген тараудың және ішкі тараудың реттік санынан тұрады. Ішкі тараудың нөмірінен кейін нүкте қойылмайды. Мысалы, "2.1" (Екінші тараудың бірінші ішкі тарауы). Егер тарау мен ішкі тараулардың тақырып аттары екі немесе одан да көп сөйлемдерден құралса, олар нүктемен бөлінеді. Тақырыптар аттарының соңына нүкте қоюдың қажеті жоқ. Тақырыптың астын сызуға болады, бірақ тақырып сөздерін келесі қатарға тасымалдауға болмайды. Ішкі тараудың реттік саны абзац бойымен қойылады.
Беттерді нөмірлеу тура болуы керек: бірінші рет - титул парағы, екінші – тапсырманың көшірмесі және т.б. Парақтардың реттік саны төменгі оң жақ бұрышта араб цифрларымен қойылады. Титул парағына нөмір қойылмайды. Егер курстық жұмыста суреттер мен кесстелер қамтылса және олар жеке парақтарда орналасқан болса, онда оларды да жалпы нөмірлеуге қосып жібереді. Сурет немесе кесте көлемі А4 форматынан үлкен болса да, ол бір бет болып саналады. Мұндай жағдайда парақ бетіне нөмір қоймауға да болады. Қосымшалар мен әдебиеттер тізімін тікелей нөмірлеуге қосып жіберген жөн.
Жазбаға енгізілген иллюстрациялық саны, мазмұнымен анықталады және де мәтінді толықтыратындай нақты, айғақ болуы мүмкін. Иллюстрациялар да, суреттерде, кестелер де, блок-схемалар да сүреттер деп белгіленеді.
Кейін суреттің беріліп кеткені жөн. Әрбір суреттің төменгі сол жағына реттік нөмірі және сызықша арқылы суреттің аты беріледі. Курстық жұмысқа А4 форматынан асып кететін суреттерді орналастыруға болмайды.
Жазбадағы цифрлық материалдарды кесте түрінде көрсеткен ыңғайлы Әрбір кесте белгілі бір атпен аталады "Кесте" сөзі кестенің жоғарғы сол жағында орналасады, кесте нөмірі және сызықша арқылы кестенің аты көрсетіледі. Кесте сөзі және оған берілген түсінікті үлкен әріптен бастап жазған жөн. Кесте атының астын сызу қажет емес. Кестенің әрбір баған атуларын үлкен әріптен бастап жазу керек. Және де әр бағанның реттік нөмірі болғаны дұрыс. Кесте көлемі үлкен болып, келесі бетке жалғасатын болса, онда келесі беттегі кесте бағандарының басына реттік нөмірлерді кайтадан койып, сәйкес нөмірі көсетілген "Кестенің жалғасы" деген сөзді көрсетіп қойган жөн. Суреттерге сілтеме жасалғандай. кестеге де "қараңыз" сөзі арқылы сілтеме жасалады. Мысалы: (6-кестеге қараңыз). Егер кесте бағандарында бір сөз бірнеше рет қайталанатын болса, оның орнына -//- (тырнақша) таңбасын қоюға болады. Қайталанатын математикалық таңбалар мен сандардың орнына мұндай символды қоюга болмайды. Ал егер кесте жолдарына жазылатын ешқандай мәлімет болмаса, сол ұяшыққа "-" таңбасы қойылады.
Курстық жұмыста формулалар қолданылған болса, формуладағы әрбір символдарға түсінік берілуі қажет. Формулаға түсінік "мұндағы" сөзінен басталады, бұл сөзден кейін қос нүкте қойылмайды. Формуланын реттік нөмірі жақшаға алынып, төменгі қатардың оң жағына жазылады. Ол араб цифрларымен белгіленеді. Мәтінде формулаға сілтеме жасалса, онда формуланың толык реттік нөмірі көрсетілуі керек. Мысалы: "(5) формулада".
