Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курстық жұмыстарды орындау бойынша әдістемелік...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
37.14 Кб
Скачать

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті «Инженерлік – экономикалық» факультеті «Қолданбалы информатика» кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

«АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУ» пәні бойынша

5B070300 - «Ақпараттық жүйелер» мамандығы үшін

Алматы, 2013ж.

050703 - «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша 3 – курс студенттеріне «Aқпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау» пәнінің курстық жұмыстарды орындауға әдістемелік нұсқалар. Алматы, 2013ж. – 12 б.

Құрастырған: э.ғ.к."Колданбалы информатика" кафедрасының доценті Алдажаров Қ.С.

Сын - пікір берушілер:

Байтенова Л.М. – ҚазЭУдің, э.ғ.к.., "Қолданбалы информатика" кафедрасынын доценті

Мазмұны

МАЗМҰНЫ 2

1. Курстық жұмысты жазудың мақсаты мен мәселелері 3

2. Курстық жұмыстынң мазмұны мен құрылымы 5

3. Курстік жұмысты безендіру 6

3.1. Мәтіндік материалға қойылатын талаптар 6

3.2. Әдебиет тізімін жасау ережелері 8

3.3. Қосымшаларды безендіру ережелері 8

4. Курстық жұмысты орындау және қорғау реті 8

5. Курстық жұмыстың такырыптары 9

6. Ұсынылатын әдебиеттер 11

1. Курстық жұмысты жазудың мақсаты мен мәселелері

Курстық жұмысты (КЖ) жазу мақсаты «Aқпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау» пәнінен алған білімді ары қарай тереңдету және бекіту болып табылады.

Осы қойылған мақсатқа байланысты пәннен білім алу процесінде келесі мәселелерді шешу:

  • ақпаратты қорғау объектілердің ерекшеліктерін, олардың жіктелуін білу, ақпараттық үрдістерді енгізу, шығару, тасымалдау, өңдеу және сақтауды іске асыруда ақпаратты қорғау әдістері мен құралдары туралы түсінігі болу керек;

  • құпия жүйелердің математикалық түрде көрсетулерін зерделеу;

  • мәтіндерді талдау әдістерін және мәтіндердің артықтығын анықтауын зерделеу;

  • ақпаратты қорғау жүйелерін құрастыру тәсілдерін білу болып табылады.

2. Курстық жұмыстынң мазмұны мен құрылымы

Курстық жұмыстардың тақырыптары осы нұсқаның 5 – пунктісінде берілген. Студенттің қалауы бойынша тақырып басқаша аталуы немесе толық өзгертілуі мүмкін. Соңғы жағдайда тақырып оқытушымен келістірілуі қажет.

Әр студент курстық жұмысты өз бетінше орындау үшін берілген тапсырмалардың шығару әдістерінде, мазмұнында және енгізілетін мәліметтерінде айырмашылықтар келтірілген.

Студенттерге тапсырманың қандай нұсқасы келгеніне қарамастан курстық жұмыстың құрылымы төмендегідей болу қажет:

Мазмұны

Түсінік жазба

Кіріспе

Теориялық бөлігі

Практикалық бөлігі

Қортынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар (приложениялар)

Қорғауға рұқсат алған белгі

Курстық жұмыстың келтірілген құрылымы тура осындай деуге болмайды, бірақ жазғанда логика тұрпатынан осы құрылымды пайдаланған жөн.

Қурстық жұмысқа түсінік жазба негізгі құжат болып табылады. Мұнда орындалған жұмыс жайлы толық мәліметтер көрсетіледі және егер курстық жұмыста графика, алгоритмнің блок-схемалары келтірілген болса, онда сызулармен қажетті түсініктер берілген қолжазбамен қоса 20 беттен артық болуы тиіс. Түсінік жазбаға таңдалып алынған материал жүйеленген және өнделген болуы қажет. Құрстық жұмысты орындау барысында алынбаған мәліметтерді қажеттілік болмаған жағдайда жазбаға енгізбеу керек. Түсінік жазба төменде келтірілген тізбек бойынша әзірленуі қажет.

Титул парағы. Мұнда оқу орнының және кафедраның аттары, курстық атау, жұмыстың тақырыбы, жетекшінің және студенттің аты-жөні, студенттің тобы, жұмыстың аяқталу мерзімі.

Жұмыстың мазмұны. Мұнда тараулардың, ішкі тараулардың, қосымшалардың атаулары және олардың қай бетте орналасқаны көрсетіледі;

Теориялық бөлігі - негізгі мәтін

Әдебиеттер тізімі;

Қосымшалар. Мұнда курстық жұмыста берілген тапсырмаларды жүзеге асыратын программалардың қағазға басылып шығарылған түрі және алгоритмнің блок-схемлары келтірілген. Қосымшаларда негізгі мәтінде келтірілген сілтемелерге байланысты орналастырған жөн. 164-08-98 СТП бойынша курстық жұмысты безендіру.

Кіріспеде жұмыстың мақсаты және қазіргі технологияларға сай есепті қалай шешуге болатындығы жайлы кысқаша түсінік берілуі қажет. Сонымен қатар, жұмыстың ерекшелігін нақтырақ тұжырымдау керек.

Түсінік жазбаның негізгі бөлімдерінде орындалған жұмыстың мазмұны толық және мұқият баяндалуы қажет, сонымен қатар аралық, қорытынды нәтижелер, сондай-ақ теріс нәтижелер де сипатталғаны жөн. Осы әдістерді жинақтаған әдебиеттер көзіне сілтеме жасау керек.