Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Informatika_dlya_NP.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
4.61 Mб
Скачать

Бағдаламалаудың негізгі құрылымы

Бағдарламалау тілдерінің негізгі констукциялары:

Синтаксис. Кәдімгі тілдердегідей, бағдарламалау тілдері элементтерінің синтаксисі бар. Бағдарламалау тілдері элементтерінің синтаксисі - бұл тілдегі

қандай символдар тізбегі мүмкін өрнектер болып есептелетінін анықтайтын ережелер жиыны. Синтаксис формальды шартты белгілер көмегімен беріледі. Синтаксистің кең таралған формальды шартты белгісі - бұл Бекус Наураның кеңейтілген формасы (БНКФ). БНКФ-де біз ең жоғарғы деңгейдегі обьектіден (бағдарламалардан) бастауымыз керек және обьектілерді декомпозициялау ережелерін қолдана отырып, белгілі бір

символ деңгейіне жеткенге дейін. Мысалы:

Айнымалыны - жариялау::= тип-спецификаторы идентификатор

{идентификатор};

Бұл былай оқылады: Айнымалыны жариялау тип спецификаторын көрсетеді, одан соң идентификатор (айнымалының аты) ұсынылады және бір-бірінен үтірмен ажыратылған міндетті емес идентификаторлар тізбегі, соңында нүктелі үтір қойылады.

Семантика - бұл бағдарламалау тілдері сөйлемдерінің (бағдарламаның) мағынасы, бағдарламалау тілінің семантикасын құрастыру қосымша үстемділік - бағдарламаның дұрыстығын дәлелдеу мүмкіндігін береді.

Бағдарламаның орындалуын, қалай оператор кірістегі бекітілімдерді қанағаттандыратын күйді шығыстағы бекітілімдерді қанағаттандыратын күйге айналдыратынын сипаттайтын аксиомалар көмегімен қалыптастыруға

болады.

Деректер. Бағдарламалау тілдерімен алғашқы танысқанда көңіліңіз оператор мен командаларға бөлінеді. Операторларды үйреніп, оларды қолдана бастаған кезде, деректерге көңіл аударасыз. Қазіргі тілдерде операторлар белгілі бір обьект үшін қолданылатын деректерді манипуляциялау құралдары деп есептеледі. Бағдарламалаудың орталық концепциясы:

Тип - бұл шамалардың көпшесі және оларға жасалатын көптеген операциялар. Типті анықтау тілге байланысты. Деректерді талдау үшін кейбір анықтамалар қажет.

Шама. Қарапайым анықталмаған түсінік.

Литерал. Бағдарламада таңбалар тізбегі түрінде берілген нақты мән. Мысалы: 154, FALSE, «бағдарламалау».

Көрсеткіш (представление). Компьютер ішінде нақты биттер жолымен көрсетілген мән. Мысалы: символдық мән ' х ' 01 11 10 00 сегіз бит жолымен көрсетілуі мүмкін.

Айнымалы. Нақты типтегі мән көрсетілімінен тұратын жад ұяшығына немесе ұяшықтарына берілген ат. Мәні бағдарлама жұмысы үрдісінде өзгере алады.

Тұрақты. Нақты типтегі мән көрсетілімінен тұратын ұяшық немесе ұяшықтар аты. Программа орындалу барысында мәні өзгермейді.

Обьект- бұл айнымалы немесе тұрақты.

Меншіктеу операторы. Әдеттегі бағдарламалау тілдерінде нақты жұмыс істейтін бір ғана оператор бар. Ол- меншіктеу операторы. Басқа операторлар (шарт операторы, процедураларды шақыру) тек меншіктеу операторының

орындалу тізбегін

басқару үшін

қолданылады. Меншіктеу операторы әр

түрлі үш есептерді

орындайды:

Оператордың оң жағындағы өрнек мәнін есептеу.

Оператордың сол жағындағы өрнекті есептеу; өрнек жад ұяшығының адресін анықтау керек. 1 қадамда есептелген мәнді 2 қадамда алынған адрестен бастап, жад ұяшықтарына көшіру.

Тип сәйкестіктерін бақылау. Тип сәйкестіктерін бақылау - бұл өрнек типі меншіктеу кезінде адрестелген айнымалы түрімен сәйкестігін тексеру. Бұған процедураны шақырғанда фактілік параметрді формальдыққа меншіктеу де кіреді. Тип сәйкестіктерін бақылауға келесі лайықты мүмкіндіктер бар: Ештеңе істемеу; меншіктеу мағыналы болуына тек бағдарламалаушы жауапты;

Сол жағы талап ететін типке өрнек мәнін айқындамай түрлендіру.

Қатаң түрде тип сәйкестіктерін бақылау: егер тип айырмашылығы болса, меншіктеуден бастартамыз.

Басқару операторлары. Меншіктеу операторлары әдетте қандай тізбекте жазылды, сол тізбекпен орындалады. Басқару операторлары орындалу ретін өзгерту үшінқолданылады. Құрылымды бағдарламалау - бұл оқуға және түсінуге жеңіл, жақсы құрылымдағы бағдарламаларды қаматамасыздандыра-тын, басқару операторларын қолдануды мүмкіндейтін бағдарламалау стилі. Басқару операторларының екі класы бар:

 таңдау операторы, бір немесе бірнеше альтернативті тізбектердегі орындауларды таңдайды; шарт операторы (if) және ауыстырып қосқыштар (переключатели) (Case switch); цикл операторы, операторлар тізбегінің орындалуы қайталанады: for, repeat және while.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]