Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
зертхан.жұмыстар.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
91.16 Кб
Скачать

3. Тұз қышқылының нормальдылығын анықтау

Таза бюретканы тұз қышқылының ерітіндісімен 1-2 рет шайқап, нөлдік деңгейге дейін толтыру кажет.

Титрлеуге арналған колбаға даярланған натрий тетраборатының 10 мл аликвотын пипетка арқылы алып, үстінен 50 мл дистилденген су және бір тамшы индикатор метилоранж қосып ерітіндінің түсі сары түстен ашық реңді қызғылт сары түске ауғанша бюреткадағы тұз қышқылымен титрлейді (куәгер ерітіндінің түсімен салыстыру қажет).

Куәгер ерітіндіні даярлау: 50 мл дистилденген суға 1 тамшы метилоранж және бюреткадан 1 тамшы тұз қышқылының ерітіндісін қос.

Тұз қышқылының нормальдылығын келесі формула рақылы есептейміз:

С(HCl) = (Vбура ×Cбура)/ VHCl

Vбура – бура ерітіндісінің аликвоттық бөлігінің мөлшері, мл;

VHCl - титрлеуге жұмсалынған тұз қышқылының мөлшері, мл.

Ерітіндідегі судың карбонаттық кермектілігін табу

100 мл көлемді өлшеуіш колбадағы сараптауға берілген ерітіндінің үлгісін дистилденген сумен сұйылтып (көлем таңбасына дейін H2O дист. құю) араластыру қажет. Сараптауға алынған ерітіндінің аликвоттық бөлігіне 15-20 мл дистилденген су және 1 тамшы метилоранж тамызып, даярланған HCl-ның ерітіндісімен титрлеу керек (ерітіндінің сары түсті реңі ашық-сарғыш түске ауысқанша. Куәгер ерітіндінің реңімен салғастыр). Судың карбонаттық кермектілігі келесі теңдеу арқылы есептелінеді:

m (CaO) = V (HCI) . C(HCI) . Mэкв(CaO) . V ө.к.

1000 . Vaл.

VHCL – титрлеуге жұмсалған HCL ерітіндісінің көлемі, мл;

Vө.к. – сараптамаға берілген үлгі орналастырылған өлшеуіш колбаның көлемі, мл;

Vал – сараптамаға алынған үлгінің аликвотының мөлшері, мл.

3-ші зертханалық жұмыс

Натрий гидроксиді (NaOh) мен натрий карбонатының (Na2co3) қоспасын сараптау

Натрий гидроксиді ауадағы көмірқышқыл газын сіңіріп алу салдарынан карбонатқа айналуға бейім зат:

NaOH + CO2 ® Na2CO3 + H2O

Сондықтан натрий гидроксидінің өзінің де (қатты) және оның ерітіндісінің де құрамында әрқашан карбонат болады.

Натрий гидроксиді мен натрий карбонатының қоспасын талдау әдістерінің бірі, Na2CO3 титрлеу қисығы арқылы екі эквиваленттік нүктені табуға негізделген. Тұз қышқылының ерітіндісімен титрлеу процессін келесі схема арқылы көрсетуге болады:

NaOH + Na2CO3 + 2HCl ® 2NaCl + NaHCO3 + H2O (рН I =8,34)

NaHCO3 +HCl ® NaCl + H2O + СО2 (рН II =3,85)

Ерітіндінің рН=8,34 мәнінде тұз қышқылы ерітіндісімен Na2CO3 титрленеді (индикатор ретінде фенолфталеин) және рН 3,85 мәнінде NaOH титрленеді (индикатор ретінде метилоранж).

Сонымен титрлеу барысында индикатор ретінде фенолфталеин қатысында NaOH-нің қоспадағы бар мөлшері және Na2CO3-ның қоспадағы жарты мөлшері NaHCO3-на дейін титрленеді. Метилоранж индикаторы қатысында тұз қышқылымен NaHCO3 титрленеді, ол Na2CO3-ның жарты мөлшеріне тең.

Жұмысты орындау барысы

Сараптамаға берілген үлгінінің ерітіндісіне дистилденген суды өлшеуіш колбаның таңбасына дейін құю арқылы сұйылтып мұқият шайқау керек. Алынған ерітііндінің аликвотына көлемі 15-20 мл дистилденген су және 2 тамшы фенолфталеин тамызып тұз қышқылының стандартты ерітіндісімен ерітіндінің реңі түссізденгенше (1 тамшының әсерінен) титрленеді. Титрлеуге жұмсалған тұз қышқылының көлемінің мөлшерін жазып алу қажет V1 (HCL). Осыдан соң титрленген сараптамаға алынған үлгінің ерітіндісіне 1 тамшы метилоранж индикаторын тамызып титрлеуді ерітіндінің түсі сарыдан қызғылтқа дейін ауысқанша жалғастыра беру қажет (куәгер ерітіндіні қолданған жөн). Титрлеуге жұмсалған тұз қышқылының көлемінің мөлшерін жазып алу қажет V2 (HCL).

Сараптамаға берілген үлгідегі NaOH (грамм) мен Na2CO3 мөлшері (грамм) келесі теңдеулер арқылы есептелінеді:

m (Na2CO3) = C (HCI) . 2. (V2- V1) . M экв(Na2CO3) . V ө.к.

1000 . Vaл.

m (NaOH) = C (HCI) . (2V1- V2) . Mэкв(NaOH) . V ө.к.

1000 . Vaл.

V1 – ерітіндіні фенолфтолеин қатысында титрлеуге жұмсалған HCL көлемі, мл;

V2 - ерітіндіні титрлеуге жұмсалған HCL жалпы көлемінің мөлшері, мл;

Vө.к. –өлшеуіш колбаның көлемі, мл;

Vал – сараптамаға алынған үлгінің аликвотының көлемі, мл.

4-ші зертханалық жұмыс