
- •Д. А. Қонаев атындағы университет
- •1 Дәріс. Отбасылық құқық туралы жалпы ереже
- •2Дәріс. Неке туралы ұғым
- •3 Дәрic. Некенің жарамсыздығы
- •3.2.Некенің жарамсыздығын болғызбайтын мән-жайлар
- •4 Дәріс. Ерл1-зайыптылардың жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттері
- •4.2.Ерлі-зайыптылардың шартты режимі
- •5 Дәріс. Отбасы
- •5.1.Отбасы туралы жалпы ұғымы. Баланың туу тегін белгілеу.
- •5.2. Скел1кп сот тәртібімен беллілеу.
- •6 Дәpic. Баланың құқықтары
- •6.1. Баланың жеке құқықтары.
- •6.2.Баланың мүліктік құқықтары.
- •9 Дәріс. Қорғ аншылық және қамқоршылық
- •9.2.Қорғаншылық және қамқоршылықты белгілеу тәpтiбi.
- •10Дәpic. Қорғаншының (қамқоршының) және қамқорлыққа алынғандардың құқықтық жағдайы
- •10.1. Қорғаншылықты және қамқоршылықты токтату.
- •10.2.Патронат.
- •11 Дәріс. Алименттік міндеттемелер
- •11.2.Ерлі-зайыптылардың және бұрынғы зайыптылардың алименттік міндеттемелері.
- •11.3.Отбасының басқа мүшелерінің алиментпк міндеттемелері.
- •13Дәріс. Азаматтық хал актілері
- •14 Дәpic. Акт кітаптарын сақтау тәртібі және мерзімдері
- •14.1 .Акт кітаптарын сақтау тәpтiбi.
- •15 Дәріс. Неке-отбасы заңдары нормаларының
- •15.1. Қазақстан аумағында неке қию.
- •Глоссарий
3 Дәрic. Некенің жарамсыздығы
3.1. Некені жарамсыз деп тану
3.2.Некенің жарамсыздығын болғызбайтын мән-жайлар
Заңмен белгіленген шарттар бұзылған кезде, сондай-ақ жалған жасалған жағдайда неке жарамсыз деп танылады. Мәжбүрлеп қиылған неке жарамсыз деп танылуы мүмкін. Егер некеге тұрушы адамдардың біреуі екіншісінен құрылған отбасы мүшелеріне, жеке басының және қоғамның қауіпсіздігіне нақты қатер төндіретін ауруы бар екенін жасырса, соңғысы сотқа некені жарамсыз деп тану туралы талаппен жүгінуге құқылы.
Некені жарамсыз деп тануды сот жүргізеді. Сот некені жарамсыз деп тану туралы соттың шешімін заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде соттың осы шешімімен некеге тұру мемлекеттік тіркелген жерден азаматтық хал актілерін жазу органына көшірме жіберуге міндетті. Некенің жарамсыздығы оның қиылған күннен бастап танылады.
Некені жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы бар адамдар: егер неке жасына толмаған адаммен неке кәмелетке толмаған жұбайы, оның ата-анасы (олардың орнын басатын адамдар), қорғаншы және қамқоршы орган немесе прокурор құқылы. Кәмелетке толмаған жұбай он сегіз жасқа толғаннан кейін некесі жарамсыз деп тануды талап етуге тек оның өзi ғана құқылы; егер некеге тұруға ерлі-зайыптылардың бірінің ерікті келісімі болмаған жағдайда: мәжбүр ету, алдау, қателесу немесе өзінің жай күшінің салдарынан некеге тұруды мемлекеттік тіркеу кезінде әрекеттерінің маңызын түсінбей және билей алмауы себепті неке қиылған болса, некеге тұру арқылы құқығы бұзылған жұбай, сондай-ақ прокурор; некені қиюға кедергі келтіретін мекен-жайлардың бар екенің білмеген жұбай, әрекетке қабілетсіз деп танылған жұбайдың қорғаншысы, оның алдындағы бұзылмаған неке бойынша жұбайы, Заң талаптарын бұза отырып қиылған неке арқылы құқықтары бұзылған басқа да адамдар, сондай-ақ қорғаншы және қамқоршы орган мен прокурор; жалған некеге тұру жағдайында прокурор, сондай-ақ некенің жалғандығы туралы білмеген жұбайы; сонымен қатар аталған мән – жайлар болған кезде құқығы бұзылған жұбай құқылы. Неке жасына толмаған адаммен, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адаммен қиылған неке жарамсыз деп тану туралы істі қарау кезінде іске қатысуға қорғаншы және қамқоршы орган тартылады.
Некенің жарамсыздығын болғызбайтын мән-жайлар
Егер неке жарамсыз деп тану туралы іс қаралатын сәтке заңға орай оның қиылуына кедергі жасаған мән-жайлар жойылса, некені жарамсыз деп тануға болмайды. Егер кәмелетке толмаған жұбайдың мүдделері талап етсе, сондай-ақ оның некені жарамсыз деп тануға келісімі болмаған жағдайда сот неке жасына толмаған адаммен қиылған некені жарамсыз деп тану туралы талап-арыздан бас тарта алады. Егер мұндай некені тіркеткен адамдар істі сот қарағанға дейін ic жүзінде отбасын құрса, сот некені жалған деп тани алмайды.
Epлі-зайыптылардың арасында заңмен тыйым салынған туыстық дережеи болған не некені тіркеу кезінде ерлі-зайыптылардың бipeyi басқа бұзылмаған некеде тұрған жағдайларды қоспағанда, некені ол бұзылғаннан кейін жарамсыз деп тануға болмайды.
Сот жарамсыз деп таныған неке, ерлі-зайыптылардың заңда көзделген құқықтары мен міндеттерін туғызбайды. Heкeci жарамсыз деп танылған адамдар бірлесіп сатып алған мүліктік құқықтық режимі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің үлестік меншік туралы ережелерімен реттеледі. Ерлі-зайыптылар жасасқан неке шарты жарамсыз деп танылады. Некені жарамсыз деп тану мұндай некеде туған немесе неке жарамсыз дәл танылған күннен бастап екі жүз жетпіс күн ішінде туған балалардың құқығына нұқсан келтірмейді. Некені жарамсыз деп тану туралы шешім шығарған кезде сот некені жарамсыз деп тану үшін негізге алынған мән-жайлардан некеге тұру кезінде бейхабар болған жұбайдың (адал ниета жұбай) екінші жұбайдан асырауға қаражат алу құқығын тануға құқылы, ал некені жарамсыз деп таныған кезге дейін бірлесіп сатып алынған мүлікті бөлуге қатысты, сондай-ақ неке шартын толық немесе ішінара жарамды деп тануға құқылы. Адал ниеті жұбай азаматтық заңдарда көзделген ережелер бойынша өзіне келтірілген материалдық және моральдық зиянды өтеуді талап етуге құқылы. Адал ниеті жұбай некені жарамсыз деп таныған кезде өзi неке қиюды мемлекеттік тіркеу кезінде таңдаған тегін сақтап қалуға құқылы.