
- •Д. А. Қонаев атындағы университет
- •1 Дәріс. Отбасылық құқық туралы жалпы ереже
- •2Дәріс. Неке туралы ұғым
- •3 Дәрic. Некенің жарамсыздығы
- •3.2.Некенің жарамсыздығын болғызбайтын мән-жайлар
- •4 Дәріс. Ерл1-зайыптылардың жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттері
- •4.2.Ерлі-зайыптылардың шартты режимі
- •5 Дәріс. Отбасы
- •5.1.Отбасы туралы жалпы ұғымы. Баланың туу тегін белгілеу.
- •5.2. Скел1кп сот тәртібімен беллілеу.
- •6 Дәpic. Баланың құқықтары
- •6.1. Баланың жеке құқықтары.
- •6.2.Баланың мүліктік құқықтары.
- •9 Дәріс. Қорғ аншылық және қамқоршылық
- •9.2.Қорғаншылық және қамқоршылықты белгілеу тәpтiбi.
- •10Дәpic. Қорғаншының (қамқоршының) және қамқорлыққа алынғандардың құқықтық жағдайы
- •10.1. Қорғаншылықты және қамқоршылықты токтату.
- •10.2.Патронат.
- •11 Дәріс. Алименттік міндеттемелер
- •11.2.Ерлі-зайыптылардың және бұрынғы зайыптылардың алименттік міндеттемелері.
- •11.3.Отбасының басқа мүшелерінің алиментпк міндеттемелері.
- •13Дәріс. Азаматтық хал актілері
- •14 Дәpic. Акт кітаптарын сақтау тәртібі және мерзімдері
- •14.1 .Акт кітаптарын сақтау тәpтiбi.
- •15 Дәріс. Неке-отбасы заңдары нормаларының
- •15.1. Қазақстан аумағында неке қию.
- •Глоссарий
15 Дәріс. Неке-отбасы заңдары нормаларының
ШЕТЕЛДІКТЕР МЕН АЗАМАТТЫҒЫ ЖОҚ АДАМДАРҒА ҚОЛДАНЫЛУЫ
15.1. Қазақстан аумағында неке қию.
15.2.Ата-ана мен балалардың құқықтары мен міндеттері.
Қазақстан Республикасының аумағында неке қиюдың нысаны мен тәртібі Қазақстан Реепубликасының заңдарымен белгіленеді. Қазақстан Республикасының аумағында неке қиюдың ережелері, егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, некеге тұратын адамдардың әрқайсысының некеге тұратын кезде қай мемлекеттің азаматы болса, сол мемлекеттің занңдарымен, «Неке және отбасы туралы» Заңның 9-11 -баптарының неке қиюға кедергі болатын мән-жайлар жөніндегі талаптарын сақтай отырып белгіленеді.
Азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының аумағында некесінің қию ережелері сол адамның тұрақты тұратын жері бар мемлекеттің заңдарымен белгіленеді.
Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары арасындағы неке Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде қиылады. Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттердің елшіліктерінде немесе консулдық мекемелерінде шетелдіктер арасында қиылған некелер, егер адамдар некелескен кезде Қазақстан Республикасындағы eлшісін немесе консулын тағайындаған шет мемлекеттің азаматтары болып табылса, екі жаққа бірдей болу шартымен Қазақстан Республикасында заңды деп танылады.
Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде Қазақстан Республикасы азаматтарының арасында қиылған некелер және Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың арасында қиылған некелер олар аумағында неке қиылған мемлекеттің заңын сақтай отырып жасалса, Қазақстан Республикасында заңды ден танылады. Қазақстан Республик шетелдіктер арасындағы некені бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жұбайымен некені оньң азаматтығына қарамастан Қазақстан Республикасының сотында бұзуға құқылы. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес некені азаматтық хал актілерін жазу органдарында бұзуға жол берілетін жағдайда неке Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде бұзылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар арасындағы некені бұзу үшін шет мемлекеттің заңдарын сақтай отырып жасалса, Қазақстан Республикасында заңды деп танылады. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде шетелдіктер арасындағы некені бұзу үшін шет мемлекеттің заңдарын сақтай отырып жасалса, Қазақстан Республикасында заңды деп танылады.
Отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
Ерлі-зайыптылардың мүліктік емес және мүліктік жеке құқықтары мен міндеттері аумағында екеуінің бipгe тұратын жері бар мемлекеттің заңдарымен, ал екеуінің бipre тұратын жері болмаған жағдайда — аумағында екеуінің бipгe тұрған соңғы жері болған мемлекеттің заңдарымен белгіленеді. Бұрын бірге тұрған жері болмаған ерлі-зайыптылардың мүліктік емес және мүліктік жеке құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.
әке (ана) болуды анықтау және даулау бала туған кезде азаматы болған мемлекеттің заңдарымен айқындалады. Әке (ана) болуды анықтаудың және даулаудың тәртібі Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында азаматтық хал актілерін жазу органдарында әке (ана) болуды анықтауға жол берілсе, баланың Қазақстан
асының аумағынан тыс жерлерде шетелдіктер арасында қиылған некелер, олар аумағында жасалған мемлекеттің заңдарын сақтай отырып қиылса, Қазақстан Республикасында заңды деп танылады. Қазақстан Республикасының аумағында немесе Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде жасалған некенің заңсыздығы неке қию кезінде қолданылған заңдармен айкындалады.
Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар арасындағы некені, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын ата-анасы әке (ана) болуды анықтау туралы Қазақстан Республика шетелдік мекемелерше арыз беруге қақылы.
(Ата-аналардың) және балалардың құқықтары мен мүдделері, соның ішінде (ата-аналардын) балаларын асырап-бағу жөндеп міндеті аумағында олардың бірге тұратын жері бар мемлекеттің заңдарымен белгіленеді. Ата-аналар мен балалардың бірге тұратын жері болмаған жағдайда ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері бала азаматы болып табылатын мемлекеттің заңдарымен белгіленеді. Талапкердің талап етуі бойынша алименттік міндеттемелерге және ата-ана мен балалардың арасындағы басқа да қатынастар аумағында бала тұрақты тұратын мемлекеттің заңдары қолданылуы мүмкін.
Кәмелетке толған балалардың ата-аналарының пайдасына алименттік міндеттемелері, сондай-ақ басқа да отбасы мүшелерінің алиментпк міндеттемелері аумағында олардың бірге тұратын жері бар мемлекеттік заңдарымен белгіленеді. Бірге тұратын жері болмаған жағдайда мұндай міндеттемелер алимент алуға құқығы бар адам азаматы болып табылатын мемлекеттің заңдарымен белгіленеді.
Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы асырап алуы, соның ішінде бала асырап алудың құқығын жою жоғарыда алдыңғы тақырыптарда өткен талаптарды сақтай отырып Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдік болып табылатын баланы асырап алған жағдайда баланың заңды өкілінің және бала азаматы болып табылатын мемлекетің құзыретті органының келісімін, сондай-ақ егер аталған мемлекеттің заңдарына сәйкес талап ететін болса, асырап алуға баланың да келісімін алу қажет.
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын баланы асырап алуды бала асырап алушы азаматы болып табылатын шет мемлекеттің құзыретті орган жүргізген ретте Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге кеткенге дейін баланың тұратын аудандық (қалалық) атқарушы органнан немесе оның та-анасынан (олардың біреуінен) бала асырап алуға алдын-ала рұқсат алынған жағдайда Қазақстан Республикасында заңды деп танылады.
Егер бала асырап алудың нәтижесінде баланың Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген құқықтары бұзылса, бала асырап алудың келісімін сот тәртібімен жойылуға тиіс. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын балаларды шетелдіктерге асырап алуға берудің тәртібінше Қазақстан Республикасының кәмелеті белгілейді. Шетелдіктерге асырап алуға берілген балаларға бақылау жасауды Қазақстан республикасының шетелдік мекемелері жүзеге асырады. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде жүргізіледі. Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде, егер мүдделі адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары болса, Қазақстан Республикасының заңдары қолданылады.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар жөнде тыс мемлекеттердің заңдары бойынша азаматтық хал актілерін жасалғанын растайтын шет мемлекеттердің құзыретті органдары берген құжаттар консулдық негізде ресмилендірілген жағдайда Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.
Басқа мемлекеттердің неке-отбасы заңдарының нормалары оларды қолдану Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келген жағдайда қолданылмайды. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының заңдары қолданыла шарттың ережелері қолданылады.