Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otbasy_lektsia.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
528.38 Кб
Скачать

Д. А. Қонаев атындағы университет

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ

ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫ (Лекциялар Жиынтығы)

Құрастырған: Аманқожаев А.А.

Алматы 2012

МАЗМҰНЫ

№ 1 дәріс 4

№2 дәріс 7

№3 дәріс 12

№4 дәріс 14

№5 дәріс 20

№6 дәріс 24

№7 дәріс 28

№8 дәріс 35

№9 дәріс 43

№ 10 дәріс 48

№ 11 дәріс 56

№12 дәріс 63

№13 дәріс 69

№14 дәріс 77

№15 дәріс 82

Глоссарий 87

1 Дәріс. Отбасылық құқық туралы жалпы ереже

Отбасылық құқық: түciнiгi, пәні, объектілері

Отбасылық құқықпен реттелетін қатынастар

Отбасылық құқықтың қайнар көздері

Отбасылық құқық - бұл неке, балалардың туылуы, туыстық және отбасылық жағдайында балаларды тәрбиелеуге алуға жол беретін негізде пайда болатын азаматтардың арасындағы жеке және морольдік қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Отбасылық құқықтық пәні болып отбасылық – неке қатынастарының жиынтығы табылады. Мұндай қатынастарға некеге тұру, некедегі ерлі-зайыптылырадың арасындағы қатынастар, ата-анасы мен балаларының, асырап алушылар мен асыранып алынушылардың арасындағы қатынастар, отбасы мүшелерінің арасындағы, сонымен қатар туыстарының арасындағы қатынастар жатады.

Отбасылық құқықпен мына қатынастар реттеледі:

  • некеге тұрудың, некені тоқтатудың және оны жарамсыз деп танудың шартымен тәртібін белгілейді;

  • отбасы мүшелерінің, ерлі - зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың (асырап алушылар мен асырап алынғандардың) арасындағы, ал неке-отбасы заңдарында көзделген жағдайларда және шектерде басқа туыстар мен өзге де адамдардың арасындағы азаматтық құқықтар мен міндеттерді, мүліктік емес және мүліктік жеке қатынастарды реттейді;

  • (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың нысандары мен тәртібін айқындайды;

  • азаматтық хал актілерін тіркеу және заңдарда белгіленген тәртіп ақылы қызмет көрсету тәртібін реттейді.

Отбасылық құқықтық қатынастардың объектілері ретінде жеке материалдық емес игіліктер, әрекеттер мен заттар болуы мүмкін. Отбасылық құқықтық қатынастардың объектісі көбіне кешенді болып келеді. Жеке материалдық емес игіліктерге: Teгi, аты, кәciбi, қызметінің түpi және т.б. жатқызылады.

Тәрбие - бұл әрекеттердің қатарына жаткызылады. Сонымен қатар ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен мүліктік басқару жөніндегі қызмет, ата-аналарына қамқорлық көрсету жөніндегі қызметін жүзеге асыру және т.б. жатқызылады.

Заттар құқықтық қатынас объектісі ретінде зат ретінде, ақшалай сома түрінде болуы мүмкін. Балалар отбасылық құқықтық қатынас объектісі ретінде қарастырылмайды.

Неке-отбасы құқықтың негізгі қағидалары

Неке және отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңдары:

  • еркек пен әйелдің некелі одағының epiктiлiгi;

  • ерлі-зайыптылардың отбасындағы құқықтарының теңдігі;

  • отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол бермеушілік;

  • отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісіммен шешу;

  • балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру, олардың ер – жетуі мен әл – ауқатты болуына қамқорлық жасау;

  • отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдық беру;

  • отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, бұл құқықтарды сот қорғауының мүшелерінің;

  • отбасының барлық мүшелерінің салауатты тұрмыс салтына ынталандыру қағидаларына негізделеді.

Мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органдарында қиылған неке ғана анылады. Некеге тұруы кезінде және отбасылық қатынастарда әлеуметтік, нәсіліне, ұлттық тіл және діни белгілері бойынша азаматтардың құқықтарын шектеудің кез келген нысандарына тыйым салынады.

Азаматтардың неке-отбасы қатынастарындағы құқықтары тек заң негізінде және отбасы мүдделері мен өзге де азаматтардың денсаулығын, адамгершілігін, құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау мақсатында қаншалықты қажет болса, сондай шамада ғана шектелуі мүмкін.

Отбасылық құқықтарының қайнар көздері

Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан, отбасылық құқық нормалары қамтылатын Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Неке-отбасы заңдарымен реттелмеген отбасы мүшелерінің арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарға азаматтық заңдар қолданылады, өйткені ол неке-отбасы қатынастарының мәніне қайшы келмейді. Жоғарыда аталған қатынастар заңдармен немесе тараптардың келісімімен реттелмеген және оларға қолданылатын әдет-ғұрып болмаған жағдайларда, бұл олардың мәніне қайшы келмейтіндіктен, мұндай қатынастарға ұқсас қатынастарды реттейтін неке-отбасы және (немесе) азаматтық заңдардың нормалары (заң ұқсастығы) қолданылады. Аталған жағдайларда заң ұқсастығын пайдалану мүмкін болмаса, неке-отбасы қатынастары субъектілерінің құқықтары мен міндеттері неке-отбасы немесе азаматтық заңдардың жалпы негіздерімен және адалдық, парасаттылық пен әділеттілік талаптары (құқық ұқсастығы) негізге алынып айкындалады.

Егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, азаматтар өздеріне тиесілі неке-отбасы қатынастарынан туындайтын құқықтарды, оның ішінде осы құқықтарды қорғауа арналған құқықты өз қалауы бойынша колданады. Неке-отбасы құқықтарын жүзеге асыру және міндеттерді орындау отбасының басқа мүшелерімен құқықтың өзге субъектілерінің құқықтарын, бостандығын және заңды мүдделерін бұзбауға тиіс. Неке-отбасы құқықтары заңмен қорғалады, бұған осы құқықтардың мақсатына қайшы келетін жағдайлар қосылмайды.

Неке-отбасы құқықтарын қорғауды азаматтық сот ісін жүргізу ережелері бойынша — сот, ал Заңда негізделген жағдайларда мемлекеттік органдар немесе қорғаншы және қамқоршы органдар Заңның тиісті баптарында негізделген тәртіппен жүзеге асырады. Талап-арыздың ескіруі неке-отбасы қатынастарынан туындайтын талаптарға қолданылмайды, бұған бұзылған құқықты қорғауға арналған мерзім Заңмен белгі­ленген жағдайлар косылмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]