
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Білім және ғылым министрлігі
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Топырақтану және агрохимия кафедрасы
«Бекітемін»
Агрономия факультетінің деканы
_________________Н.А.Серікпаев
«____»________________2013 ж.
Студенттерге арналған пәннің бағдарламасы
(Силлабус)
Пәннің атауы: Микробиология
Білім беру бағдарламасы: агроэкология, табиғат қолдану
Мамандық тобы: жаратылыстану ғылымдары
амандығы: 5В060800- «Экология»
Астана, 2013 ж.
Микробиология пәнінің бағдарламасы (элективті компонент) жоғарғы оқу орынына арналған мамандықтар бойынша С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «_____» _________ 2013 ж. бекітілген мамандықтың жұмыс оқу жоспарына сәйкес 5В060800 – «Экология» мамандығы үшін құрастырылған.
Бағдарлама топырақтану және агрохимия кафедрасының отырысында қаралып, мақұлданды. Хаттама № «___» _________ 2013 ж.
Кафедра меңгерушісі,
а.-ш.ғ.к., доцент Р.Х.Рамазанова
Бағдарлама агрономия факультетінің әдістемелік комиссиясында қарастырылып, ұсынылды. Хаттама № «___» _______ 2013 ж.
Әдістемелік комиссияның төрағасы,
а.-ш.ғ.к., доцент И.И.Жұмағұлов
Силлабус құрылымы
1. Оқытушылар туралы мәліметтер:
Айдарқұлова Рая Садуахасқызы, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің топырақтану және агрохимия кафедрасының аға оқытушысы, биология ғылымдарының кандидаты.
Назарова Айман Жадгеровна, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің топырақтану және агрохимия кафедрасының ассистенті, ауыл шаруашылығы магистрі
Кездесу күндері, сағаты кесте бойынша өтеді.
2. Пән туралы мәлімет: Микробиология пәні мамандық бойынша базалық және таңдау бойынша оқытылатын пәндер, яғни, мамандық шеңберінде мүмкін болатын компетенцияларды қалыптастыруға бағытталған жеке бейімдік пәндер цикліне кіреді. Микробиология пәні бойынша 3 кредит қарастырылған; оның ішінде 30 сағат – дәріс, 15 сағат – зертханалық сабақтар, 15 – сағат студенттердің оқытушы көмегімен орындайтын өзіндік жұмыстары, 75 – сағат – студенттердің өзіндік жұмыстары. Барлығы 135 сағат.
Оқыту түрі – күндізгі. Пәннің коды - 1211. Қорытынды бақылау түрі – семестрдің соңында емтихан.
Оқу уақытын семестрге бөлу
Семестр апталары |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7/Р1 |
8
|
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15/Р2
|
Σ |
Дәріс |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
30 |
Зертханалық |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
15 |
СОӨЖ |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
15 |
СӨЖ |
5 |
5 |
5 |
5 |
5 |
5 |
5 |
5 |
5 |
5 |
5 |
5 |
5 |
5 |
5 |
75 |
Σ |
9 |
9 |
9 |
9 |
9 |
9 |
9 |
9 |
9 |
9 |
9 |
9 |
9 |
9 |
9 |
135 |
3. Пререквизиттер – микробиология пәнін игеру үшін биологиялық экология пәнін меңгеру қажет.
4. Постреквизиттер – микробиологиядан алған білімі топырақтану, егіншіліктің экологиялық негіздері және топырақ қорғау, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық биотехнология пәндерінің негізі болып табылады.
Пәннің негізгі мақсаты - студенттерге өсімдіктердің жалпы микробиологиясы, әр түрлі сапрофитті және ауыл шаруашылық өнімдерінің – патогенді микробтарының морфологиясы мен систематикасын, физиологиясын, әр түрлі факторлардың оларға тигізетін әсерін, табиғатта жүретін зат алмасу процестерінде мироағзалардың ролі, азықтар мен жем – шөпті консервлеуде және оларды сақтауда микробтар түзетін биологиялық белсенді заттарды қолдану туралы білім беру.
Пәннің қысқаша сипаттамасы. Микробиология – биология ғылымдарының ішіндегі негізгілерінің бірі. Микроағзаларды зерттеу ауыл шаруашылығы, медицина, тағам өнеркәсібі, қоршаған ортадағы заттар айналымындағы микроағзалардың тигізетін пайдасы мен зиянын анықтауға мүмкіндік береді. Микробиология ХХІ ғасырдың биотехнология, генетикалық инженерия, молекулалық биология сияқты ғылымдардың дамуында маңызы өте зор.
Оқытудың нәтижесі. Пәнді меңгеру нәтижесінде студент білуі тиіс:
Білу және түсіну (дескриптор А): Микробиология ғылымының зерттейтін нысандарының түрлік және туыстық құрамын, олардың тіршілік әрекетін, биологиясын, морфологиясын, физиологиясын, ғылымның айналысатын мәселелерін, микробиологиялық өнімдердің түрлерін, оларды ауыл шаруашылығы, медицина, тағам өнеркәсібі салаларында қолданылауын білу және түсіну.
Білу (дескриптор В): Микроағза культурасымен, микробиологиялық құралдар-микроскоппен, бокста жұмыс істеу әдістерін білу.
Меңгеру (дескриптор С, D, Е) микробиологиялық зерттеулердің заманауи әдістерін, препараттарды дайындау және бояу, таза культураларды бөліп алу және өсіру әдістерін меңгеру.
Практикалық дағдыларды қалыптастыруға:
(дескриптор С) – Микроағзалармен жүргізілген тәжрибелік жұмыстардың нәтижелерін алуға, оларды қабылданған микробиологиялық әдістермен есептеуге, қорытындылауға, өз көзқарасын дәлелдеуге, тұжырым жасауға үйрену.
(дескриптор D) – Сабақ барысында студенттер топпен немесе жеке жұмыс
жасауға, өзара және оқытушымен қарым – қатынас жасауға, құрал- жабдықтармен жұмыс істеу барысында ұқыптылыққа, сақтыққа, жауапкершілікке дағдыланады.
(дескриптор Е) - Ғылыми әдебиеттермен, оқулықтармен жұмыс істеуге үйренеді. Өз бетімен жұмыс істеу барысында ізденушілікке, мәліметтерді түсінуге, сараптауға, ойды тұжырымдауға бейімделеді.