Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АУДАРМА КУРСТЫК ЖУМЫС.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
364.54 Кб
Скачать

Семантикалық балама

Айтылған ой-пікірдің функциональді- жағдайлық аспектісі өзінің құрамында ақпараттың толық мағынасын құрамайды. Екі түрлі ой-пікірдің мазмұны бірдей болмауы мүмкін, егер онда бірдей қарым-қатынас мақсатын беріп, бірдей жағдайды суреттесе де бұл жеткіліксіз. Мазмұны толық сәйкес келуі үшін сөздің құрамындағы лексикалық бірліктер мен осы бірліатер арасындағы синтаксистік қатынастардың бірдей болуы қажет. Кез-келген ақпарат тілдік бірліктен құрылып, белгілі бір ақпаратты береді және өзіндік мағынасына ие. Сонымен қатар тілдік бірліктер айтылған ой-пікірде мазмұнның функциональді жағдайлық аспектілерін білдіріп, берілген ақпаратқа қосымша мағына береді. Қарым-қатынастың түрлі деңгейіне байланысты бірінші кезекте айтылған ойдың басты элементтері шығуы мүмкін, содан кейін сіздің синтаксистік құрылымы ақпараттың мазмұнында басты рөлді ойнайды.

Баламаның бірінші және үшінші түрінде түпнұсқа мен аудармада ең бастысы айтылған ойдың элементтері берілуі керек болса, ал қазір түпнұсқа тілдегі баламалық сәйкестілікті табуы қажет. Себебі әрбір тілде бірліктердің мағынасы толық сәйкес келмейді. Келесі баламаның 2 түрінде түпнұсқа мен аударманың бірдейлігі тек қана қарым-қатынас мақсатын сақтауда емес, сондай-ақ синтаксистік және лексикалық бірліктердің мағыналарының бірдей болуын көздейді.

Баламаның төртінші түрінде аудармада түпнұсқаның синтаксистік құрамы толық беріледі. Түпнұсқаның құрылымы белгілі бір ақпаратты қамтиды және осы ақпарат аударылатын мәтіннің жалпы мазмұнын береді. Ой- пікірдің синтаксистік құрылымы белгілі сөздің қолданылу түрін, жеке сөздер арасындағы байланысты және берілген мазмұнның басты бөлігін анықтайды. Сондықтан да аудармада түпнұсқаның синтактикалық құрылымын толық сақтау түпнұсқаның мазмұнын толық беруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, түпнұсқа мен аудармада синтаксистік параллельділік мәтіндегі жеке элементтерді салыстырады.

Салыстырмалы талдау аудармада синтаксистік құрылымның параллельділігін анықтайды. Аудармада аналогиялық синтаксистік құрылымын қолдану түпнұсқа мен аудармада синтаксистік мағынасының бірдейлігін қамтамасыз етеді. Көбінесе осындай аударманы мемлекеттік және халықаралық актілерді аударғанда қолданылады, мұнда аударма түпнұсқаның құқықтық деңгейіне ие. Мәтіннің синтаксистік құрылымын сақтау аударманың барлық түрлерінде қолданылады, соның ішінде көркем аудармада. Мысалы Марк Твеннің «Артур патшаның сарайындағы янкалар» атты романынан кішкене үзінді.

One thing troubled me along at first – the immense interest which people took in me. Apparently the whole nation wanted a look at me.

It soon transpired that the eclipse had scared the British world almost to death; that while it lasted the whole country, from one end to the other, was in a pitiable state of panic, and the churches, hermitages and monkeries overflowed with praying and weeping poor creatures who thought the end of the world was come. Then had followed the news that the producer of this awful event was a stranger, a mighty magician at Arthur's court; that he could have blown the sun like a condle , and was just going to do it when his mercy was purchased, and he then dissolved his enchantments, and was now recognized and honored as the man who had by his unaided might saved the globe from destruction and its people from extinction.

Басында мені бір нәрсе қатты мазалаған еді – бұл жұрттың маған деген ерекше қызығушылығы. Халықтың көбісі мені көргісі келетін секілді. Жақында тұңғиық бүкіл Ұлыбритания халқын үрейлендірді, ол ұзаққа созылғанынша бүкіл елді қорқыныш биледі және барлық шіркеу қызметкерлері мен қарапайым халық айналаны аянышты дауысқа бөледі; олар ақыр заман басталды деп есептеді. Кейін барлығына бұл қайғыны Артур патшаның сарайында өмір сүретін сиқыршы шет ел ааматы жібергені баршаға мәлім болды, оның кереметі соншалықты, тіпті күннің өзін шам секілді сөндіре білді және осыны жасамақшы еді. Бірақ халық бұл керемет қасиетін тоқтатуын өтінді, енді халық бұл азаматты адам ретінде құрметтейтін болды, себебі ол керемет қасиетінің негізінде әлемді қиратудан, халықты-өлімне құтқарды.

Мысалда түпнұсқа мен аудармада синтаксистік құрамының бірдей екендігін байқауға болады. Мәтіннің жалпы көлемі де бірдей.

Баламаның төртінші типіне түпнұсқа мен аударманың арасындағы қатынастарға мына ерекшеліктер тән:

    1. Маңызды лекскалық құрамының жартылай параллель болуы – аудармада түпнұсқа құрамындағы сөздің көп бөлігіне мағыналас сөздерді іздестіруге болады.

    2. Аудармада түпнұсқаның аналогиялық құрылымы мен синтаксистік құрылымын пайдалану, бұл аудармада түпнұсқаның максималды мазмұнын беруді қамтамасыз етеді.

    3. Баламаның үш түріне байланысты аудармада мазмұнның 3 бөлігін сақтау, оларға қарым-қатынас мақсаты, жағдайға бағыттау және суреттеу тәсілі.

Аудармада синтаксистік параллельділік сақтау мүмкін болмаса, синтаксистік түрлендірудің аналогиялық құрылымын қолднуға болады. Баламаның төртінші түрінде мұндай түрлендіру үш түрге бөлінеді: 1) тікелей немесе кері трансформацияға байланысты синонимдік құрылымды қолдану; 2) сөйлемдегі сөз тәртібінің өзгеруіне байланысты аналогиялық құрылымды пайдалану;

    1. байланыс типтерінің өзгеруіне байланысты аналогиялық құрылымды қолдану.

Кез-келген тілдің синонимдік құрылымы болады, мұнда өзекті құрылымды анықтауға немесе арнайы қайта құрулар арқылы оған жалғауға болады. Мұндай құрылымдардың логикалық-синтаксистік байланыстар бірдей болады, сондай-ақ басқа құрылымдардан өзгешеленетін өзіндік мағынаға ие: «бала оқып жатыр» - «баланың оқуы» - «оқып жатқан бала» - «баланың оқуымен».

Синонимдік құрылым бірдей бола бермейді: бұл сөйлемде бір-біріне қарама-қарсы қойылған затқа байланысты болуы мүмкін: «Бала тасты тастады»-«Тас бала арқылы тасталынды». That he went there was a mistake. – It was a mistake that he went there. Бұл сондай-ақ жалпы мағыналас түрлі құрылымдар болуы да мүмкін.

Кез-келген ой-пікірдің мазмұны әрбір жеке құрылымында қосымша ақпаратпен ерекшеленеді. Кейде осы ақпараттар қарым-қатынас сферасында маңызды орын ойнайды. Қазақ тілінде ырықсыз құрылымды қолдану кітаптар мен іскерлік сөздерде қолданылады:«Ол жаздың ыстық күнінде туылған», «Ол марапаттауға ұсынылды» т.б. Ағылшын тілінде сөйлемде көмекші етістіктердің көмегінсіз іскерлік сөздерде қолданылады: Had a positive decision been taken at the General Assembly…

Көп жағдайда сөйлемде синонимдік құрылымын сақтау түпнұсқаның мағынасын тура береді:

He was never tired of old songs.

Ол ескі өлеңдерді тыңдаудан жалықпайды.

Сөйлемде айтылған ой-пікірдің орын тәртібі үш функцияның біреуін орындауы мүмкін: белгілі грамматикалық категория ретінде қолдану; мәтін мен ой-пікірде қарым-қатынас мүшесінде қолдану және эмоционалды бейнелеуге бағыттау. Түпнұсқа тіл мен аударылатын тілде осы функциялардың сәйкес келмеуі баламалы айтылған ой-пікірдің аналогиялық –синтаксистік құрылымының сәйкес келмеуіне ықпал етеді. Мына екі сөйлемді салыстырсақ:

A meeting in defence of peace was held in Trafalgar Square yesterday.

The meeting in defence of peace in Trafalgar Square condemned the apartheid policy in South Africa.

Екі сөйлемде сөздің орын тәртібі өзгерген. Сөйлемде қарым-қатынас мүшесін айқындау үшін ағылшын тілі белгілі және белгісіз артикльдің түрлі мағынасын қолданады. Бірінші сөйлемде бастауыш белгісіз артикльмен беріліп тұр, ол ақпараттың «жаңа» бағдарламасын айқындап тұр. Қазақ тілінде сөйлемде орын тәртібі мүлдем өзгеше.

Кеше Трафальгар-скверде әлемді қорғау мақсатында жиналыс өтті.

Екінші сөйлемде белгілі артикльмен берілген бастауыш сөйлемдегі ақпараттың қарым-қатынас орталығы бастауыш емес, сөйлемнің соңын білдіретін баяндауышқа бағыттайды. Сондықтан сөйлемдегі орын тәртібін сақтауға болады:

Трафальгар-скверде әлемді қорғау мақсатында өтілген жиналысты Оңтүстік Африка саясаткерлері қолдады.

Сөйлемдегі аналогиялық сөз тәртібінің өзгеруі көршілес ойдың логикалық байланысын қамтамасыз етеді:

Experience changed the ideas of this British officer. American airmen started the process of «brain-washing». He saw them machine - gun a road full of refuges.

Егер осы сөйлемді қазақша аударып, сөйлемдегі орын тәртібін нақ сол қалпында сақтасақ , онда сөйлемнің толық мағынасы өзгерер еді. Сондықтан да сойлемге толық балама беру үшін сөйлемде орын тәртібін өзгертуі қажет:

Бұл тәжірибе ағылшын офицерінің ойлау қабілетіне әсер етті. Америкалық ұшқыштар «жетілу» процесінің бастамасын құрады. Ол олардың қашқындарға толы жолдардың пулеметпен қалай атқанын көрді.

Ағылшын тілінде орын тәртібінің дұрыс бермеуі салдарынан, кейде инверсияға тап болатын кездер болады, бұл тәсіл сөйлемге эмоциональді реңк беруге қолданылады. Қазақ тілінде инверсияны жиі қолдану ақпараттың қарым-қатынас орталығы үшін жеткіліксіз болуы мүмкін. Сондықтан мұндай жағдайда түрнұсқаның «кері» орын тәртібі аудармада қолданылмайды, ал сөйлемге эмоциональді реңк беру үшін лексикалық-фразеологиялық және басқа да тәсілдер қолданады:

Mine is a long and a sad tale.

Менің шығармам ұзақ әрі қайғылы.

Him I have never seen.

Мен оның көзін де көрген емеспін.

Аудармада түпнұсқаның аналогиялық құрамын қолдану, сөйлемде синтаксистік байланыстың дұрыс қолдануына мүмкіндік береді. Бұл жерде сөйлем жай, аралас және сабақтас сөйлем болуы мүмкін. Сөйлемнің түрлері белгілі қарым-қатынас мағыналарына ие. Мысалы мына сөйлемдегі ерекшелікті қарастырайық: «Жаңбыр басталды. Біз үйге бардық», «Жаңбыр басталып, біз үйге бардық», «Біз үйге, жаңбыр жауған соң бардық.». Осы сөйлемде берілген хабардың «экспрессивті деңгейде бірдей берілмегенін байқауға болады». Түрлі тілде мағынасы мен стилистикалық функциясы бірдей сөйлемдер сәйкес келмейді, нәтижесінде аудармада баламалық сөйлемнің түрлі типтерінде құрылады:

There might be some small pickings left, from those who would be necessary to decide if they were worth while.

Бұл жұмысты жалғастырғысы келетіндерден, бәлкім кішкене бір бөлігі оның жадында қалуы ғажап емес, әрі қарай осы іспен шұғылдануы керек пе, ол жайлы ойлануға тура келеді.

Баламаның төртінші түрінде аудармада заттың саны мен сөйлемнің өзгеруі қарама-қарсы бағытта болуы мүмкін, яғни жеке сөздердің қысқаруына әкеліп сөғады:

Despite all opposition these sections have organized a powerful trade-union movement. The mass of Civil Servants have successfully established important political rights for themselves.

Мемлекеттік қызметкерлер қарама-қайшылыққа қарамастан мықты жұмысшы бірлестігін ұйымдастырып саяси құқықтарына қол жеткізді.

Баламаның соңғы бесінші түрінде түнұсқаның мазмұны толық беріледі:

I saw him at the theatre.

Мен оны театрда көрдім.

The house was sold for 10 thousand dollars.

Үй 10 мың АҚШ долларына сатылды.

He was sure we should both full ill.

Ол біздің ауыратынымызға сенімі еді.

Түпнұсқа мен аударманың қатынасы үшін бұл түрге тән: 1) түпнұсқа мәтіннің жоғары болуы; 2) лексикалық құрылымының сәйкес келуі; 3) аудармада түпнұсқаның барлық мазмұнын сақтау.

Сөздердің семантикасы түпнұсқаның мазмұнын беруде басты орын ойнайды. Сөз тілдің арнайы бірлігі ретінде күрделі ақпараттың құрылымын құрылымын құрайды, сондай-ақ ол түрлі объектілердің іс-әрекетін (сөздің логикалық мағынасын), ұжым мүшелерінің сөзін(сөздің коннотативтік мағынасы) және берілген сөздіктегі тілдің басқа бірліктермен семантикалық байланысын ( сөздің ішкі лингвистикалық мағынасы) зерттейді. Сөздің семантикасынан құралатын ақпараттың құрамы бірелкі болмайды. Егер бір тілден ақпаратты қабылдап, екінші бір тілде жеткізуде, ақпаратты толық жеткізу мүмкін емес, оның кейбір компоненттері айтылмай қалады. Мұндай кезде аудармада баламалық айтылған сөздегі басты элементтерін қолдану барысында қамтамасыз етілуі мүмкін.

Аударма барысында кейбір ақпаратты жоғалту баламаның бесінщі түріне ешқандай кедергі келтірмейді.

Ағылшынның kill, assassinate, murder, slay сөздерінің қазақша баламасы «өлтіру, көзін жою», бірақ «kill» сөзінің мағынасы жанды және жансыз объектілердің өмір сүруін тоқтату дегенді assassinate арнайы жасалған жұмыс, murder- қылмыстық жобадағы кісі өлтіру,

slay- зорлық және т.б.

Кез келген сөздің мағынасын тілдің семантикалық жүйесі болып табылады, ол сондай-ақ заттың белгілеріне байланысты емес, сондай-ақ басқа тілдің осы затты қалай аталатынына тәуелді. Қазақша «жылқы» сөзіне ағылшынның horse сөзіне сәйкес, себебі ол «ат» деген сөзінің мағынасын береді.ағылшынның dog сөзіне қазақша «ит» сөзі сәйкес, өйткені ол «төбет» деген сөздің мағынасын беріп тұр.

Ағылшынның head сөзі қазақша «бас» сөіне сәйкес келеді. Бірақ ағылшындар үшін баста тіс, көз және тіл орналасады. Мысалы: « You are not expected to say anything here and you cant keep too quiet a tongue in your head. I could hear his teeth rattle in his head. I've got an eye in my head. I could bring down a running rabbit at fifty paces without a blink. Сөйлемді аударғанда ағылшынның head сөзіне жақын баламаны қолданбаймыз, себебі қазақща аудармада «тіл» мен «тіс» баста емес, ауызда, ал көз- бетте орналасады.

Аудармада түпнұсқа мен аудармада мағыналас сөздерді қолдану, баламаның бесінші түріне қарама-қайшы. Осыған орай бірнеше мысал келтірейік:

She knew that he had risked his neck to help her Neck – дегеніміз, әрине «мойын», бірақ қазақша мойнымен емес, басымен жауап береді. The children clapped hands with joy. Қазақша балалар «шапалақ соқты». They sat in the dog, their faces held high. Қазақша «Олар көтеріңкі баспен отырды».

Аударма мен түпнұсқада жеке сөздердің баламасы затың логикалық немесе коннотативтік мағынасын беруі мүмкін. Аудармада түпнұсқаның коннотативтік аспектісі оның эмоциональді, стилистикалық және бейнелік құрамдары жатады. Кез келген тілде заттық-логикалық мағыналас сөздер бар. Келесі берілген мысалда жұп сөздердің біріншісі бейтарап, ал екіншісі эмоциональді сөздер: dog-doggie, cat-pussy, womanly-womanish, to attack- to accost, smell-fragrance;

Sometimes I feel I'm here all my myself, no one else on the whole damn planet.

Кейде мен өзімді бұл қатал өмірде жападан-жалғыз екендігіме көз жеткіземін.

Аудармада эмоциональді мінездемені сақтау, түпнұсқаның мағынасын тура біреудің бірден-бір жолы. Бұл сөйлемнің мазмұны тура беріп қоймай, оны әсерлеп, көркемдеп жеткізеді.

Tom was in agony. At last he was satisfied that time had ceased and the eternity began. (M. Twain)

Том өмірдің қиын сәттерін басынан кешірді. Ақыр соңында ол уақыттың өткеніне толық көзі жетті.

Баламаның бесінші түрі аудармада түпнұсқаның стилистикалық мінездемесін сақтауды міндет етеді.

Сөзді қабылдай отырып, берілген ақпаратты қай типте берілгенін анықтауға болады, мысалы ол ауызша , кітаптан немесе әдеби болуы мүмкін. Қай тілде болмасын мағыналас сөздер стилистикалық тұрғыдан бейтарап болады. Бейтарап стилистикалық мінездемесінде сай сөйлемнің тұрғысынан сөздің коннотативтік мағынасын бағалайды. Бұл жерден сөздің заттың логикалық мағынасын беретін жұп сөздерді табуға болады: to end –to terminate, to begin- to commence, to go (to a place) –to repair (to a place), bloody-sanguinary, final-ultimate, wife-spouse, husband-consort; ұйықтау-дем алу, бару-жүру; отыру-жайғасу, тыңдау-зер салу, бұйыру-тапсыру, кішкентай-шағын, құрметті-қадірменді және т.б.

Аудармада толық баламалықты беретін сөздерге термин сөздер жатады. Мысалы: radiation- радиация, cathode-ray tube-электронды сәулелік трубка, ionizing event-ионизация құбылысы, precepitations-атмрфералық жауын-шашын, freedback- кері байланыс және т.б.Кейде бір стильге жататын мағыналары бірдей сөздер жалпыға бірдей лексиканың арасынан табуға болады: fraught with-ашушаң, afore-said-кең мағыналы, bark-ұлу, to slay-шайқасу, to retire-көзден ғайып болу, steed-шабандоз, to funk-қорқақ болу, gluttony- мешкей және т.б.

Екі тілдің бір-біріне мағыналары сәйкес келетін сөздер түпнұсқаның құрамындағы стилистикалық мағынасы бар сөздер болып табылады. Мысал ретінде ағылшын-қазақ сөздерінің сәйкестіліктерін ұсынуға болады, мұнда біріншісі сөз стилистикалық мағынасы бар, ал екіншісі-стилистикалық бейтарап: slumber-түс көру, morn-азан, таңертең; serge-сержант; to swap-айырбастау; to marry-басын байлау; husty-жүйрік, skilfully және т.б. Түпнұсқа мен аудармада мұндай сөздеді қолдану сөздің стилистикалық баламасын өзгертеді. Бірақ мұндай сөздерді әңгімеде немесе ой-пікірде қолдануға әбден мүмкін, себебі сөздің стилистикалық мазмұны айтылған ойға реңк беріп, оны нақты және түсінікті түрде жеткізуіне мүмкіндік береді.

М. Твеннің «Артур патшаның сарайындағы Янкалар» атты романынан кішкене үзінді:

Go back and tell the king that at that hour I will smother the whole world in the dead blackness of the midnight; I will blot out the sun and he shall never shine again; the fruits of the earth shall rot for lack of light and warmth, and the peoples of the earth shall famish and die to the last man!

Бұл фразада сөздердің семантикалық әдеби көтеріңкі дауыспен айтылғанын байқауымызға болады. Мұндай сөздерге smother, blackness, famish,сондай-ақ he shall, the fruits of the earth, lack of light сияқты сөз тіркестері жатады:

Тез арада патшаға мынаны жеткіз; мен ертең түн жарымда бүкіл әлемді қара түнекке айналдырамын, күн көзін мәңгілікке сөндіріп, өсімдіктер күн мен жылудың жетіспеушілігінен жойылады, сондай-ақ халықтың барлығы аштықтан қырылады!

Баламаның коннотативтік мағынасы аудармада бейелі- ассоциативті құрамын бейнелейді. Кейбір сөздердің семантикасы өзіне қосымша ақпаратты қосады. Көп елде «қар» сөінің мағынасы тек қана ауа райының бір бөлігі емес, сондай-ақ тазлықтың белгісі, онымен аппақ заттарды салыстырады, мысалы: шаш, қант, мата, және т.б «Бор» бұл да ақ түсті зат, мұны сұрғылт түстес заттармен салыстыруға болады.

Сөздердің семантикасында сөздің ішкі құрылыы сол заттың қандай да бір іс-әрекетін білдіреді. Орысша «баня» - бұл арнайы жуынатын бөлме ғана емес, сонымен қатар өте ыстық жер, ал ағылшынның «bath» - монша, мұндай екі жақты мағынаны бермейді. Ағылшынның rake - бұл-«грабли» деген мағынаны білдіреді, ол өте жіңішке зат болып табылады.Сондай-ақ күнделікті өмірде біз бір затты теңестіру үшін жануарлардың да кейпін пайдаланамыз. Мысалы, түлкі – қулықтың нышаны, ал жолбарыс – ержүрек, батыл ұғымдарына ие.

Осындай түрлі ұғымдарға байланысты сөздердің қолдану барысы ауызша фольклорде және әдеби шығармаларда көп кездеседі. Әсіресе мұндай түрлендіру орыс аттарымен тығыз байланысты: «Плюшкин», «Митрофанушка», «Держиморда» және де ағылшынның «Humpty – Dumpty», Mr. Hide, Sir Galahad және т.б.

Мағынаның бейнелік құрылымының арқасында сөз Рецептрге айрықша әсер береді, оның семантикасы жоғары дайындықпен беріледі және эмоциональді қарым-қатынас орнатады. Түпнұсқаның образдық бейнесін сақтау аудармада баламалықты орнатудың бірден-бір шарты. Осы жерде екі тілдің үш түрлі образдық деңгейін атап айтуға болады:

    1. ТТ мен АТ арасындағы сәйкес сөздердің бірдей образдық мағынаға ие болуы. Сонымен ағылшын және қазақ тілдерінде snow сөзінің мағынасы «қар» және тазалықтың белгісі, stone – тас және салқындық мағынасымен ерекшеленеді, a day «күн» , бұл-анықтықтың белгісі.Ағылшында да , қазақ тілінде де адам «Жолбарыс секілді күреседі(like a lion), қол жетпейтін затты «көк жүзім» (sour grapes) деп атайды.Бұл кезде аудармада жоғары балама деңгейі сақталады:

She was dressed in a white, with bare shoulders as white as snow.

Она была вся в белом с обнаженными плечами, белыми как снег.

And pride so moved within her that even her heart felt cold as stone.

И гордость так в ней всколыхнулась, что даже сердце у нее стало холодным, как камень.

Oh, its all getting just bright as day, now.

Ну, теперь все становится ясно, как день.

2) Аударма мен түпнұсқада бір-біріне балама болмайтын бірдей образдыық мағынаға ие болатын түрлі сөздер. Мысалы, thin as a rake – қыстырғыш секілді арық , strong as a horse-қабан секілді мықты , stupid as a goose- сым секілді ақымақ және т.б. Мұндай кезде сөйлемдегі бейенелі құрамының мағынасын беру оларды ауыстыру тәсілімен беріледі:

I have never seen such an avid ostrich for wanting to gobble everything.

Мен ешқашан мұндай тойымсыз акуланы көрген емеспін – бәрін де жұтуға даяр.

    1. Түпнұсқа құрамындағы сөздің бейнесі аударылатын тілдегі сөзбен сәйкес келмеуі. Мұндай кезде сөйлемнің мағынасының кішкентай бөлігі беріліп, балама төмен деңгейде беріледі:

Want, colder than Charity, shivering at the street corners.

Қажеттілік, сүйекке дейін қалшылдап, жолдың шетіндегі аялдамада тоңып тұрды.

Кейде аудармада берілген сөйлемнің құрамын беру мүлдем қиын:

«Cat». With that simple word Jean closed the scene.

Ағылшынның cat сөзі қатал, ашуланшақ әйелді сипаттауға қолданылады. Оның «мысық» мағынасын аудармада қолданбаған жөн:

-Қатыгез, -деп, қарапайым сөзбен Джин сценаға шектеу қойды.

Баламаның бесінші түрінде аудармада айрықша орында сөдің ішкі лингвистикалық мағынасы алады. Кез-келген сөз басқа сөздермен күрделі және көп жақты семантикалық байланыста болады және бұл байланыстар оның семантикасында айқындалады. Сонымен «үстел» сөзі басқа жалпы немесе нақты заттық жиһаздармен байланысты «жиһаз, құрастыру, үстел, орындық және т.с.с.сондай-ақ бұл сөз басқа сөздермен құрамдас болуы мүмкін: «ағаштан, дөңгелек, тұру, дастархан жаю және т.б.» . Семантикалық байланыстың үшінші түрі «үстел» сөзінің жалпы элементтерін анықтайды, мынадай сөздермен «үстелдік, үстелмен, үстелге және т.б.», олар бірдей түбір морфемаларын біріктіреді. Кейде жеке мағыналы сөздер көп мағыналы сөздермен бірігіп сөз құрайды. Мысалы, қазақша «кеңес» сөзі мен «тақта» сөзімен ешқандай ұқсастығы жоқ , ал ағылшын тілінде осы екі сөздің мағынасы бір сөзбен беріледі:board.

Ең әуелі аударма мен түпнұсқада сөздің баламасы берілген сөздің ішкі лингвистикалық мағынасын толық сақтауға тәуелді.Аудармада аудармада сөздің ішкі лингвистикалық мағынасы сол сөздің мағынасы түпнұсқада бірінші орынға көшкенде ғана қажет.

Сөздің ішкі лингвисткалық мағынасының құрамы сол сөзді құрайтын жеке морфемалар болып табылады.Сөз бірнеше бөліктерде тұратын күрделі құылыс.Сөздің мағынасы түгелдей оның құрамындағы жалғауға сәйкес келмейді. Мысалы мына сөздердің мағыналары «параход», «ұшақ», «жазушы», «жолшы», woodman, machine- gun, aircraft, beatnik және т.б.сөздердің құрамындағы бөліктрі мүлдем сәйкес келмейді.Бірақ осындай мағыналы сөздер сөздің семантикасында басты орынға көшуі мүмкін.

In it would be a priceless old chestnut- wood wardrobe and a four – poster bed of an excellent period.

Оның ішінде баға жетпес ескі жаңғақ түстес гардероб пен үлкен жасқа арналған кереует болды.

Бұл жерде баламаның бірдей деңгейі бір ғана жалғаудың көмегімен құралып тұр ( bed-кереует, priceless-баға жетпес), сондай-ақ түрлі бірліктер құрылымы ( old-ескі, wardrobe-гардероб, chestnut-wood- жаңғақ түстес).

Сонымен қатар, сөздің жалғаулық құрылымы түпнұсқа мен оның мазмұнында басты рөль ойнайды. Аудармада баламалық тек қана ТТ мен АТ – дің мағыналас сөздердің құрылу тәртібінің сәйкес келуі нәтижесінде орындалады:

He looked surprisingly young to Eric, who had always assumed that the nation's elders were really old.

Ол Эриктің ойлағанындай емес, одан жас көрінді, шынында да Эрик ескі қалада әрқашан қарттар тұрады деп есептеді.

Бұл жерде балама ағылшынның elder және қазақша ескі сөздерінің арасында қамтамасыз етілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]