Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лаб.каз.25.02.12.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
4.02 Mб
Скачать

4.3. Жұмысты орындау әдісі

4.3.1. Қондырғының сипатаммасы.

Альфа-бөлшектердің газдардағы жүрімін анықтауға арналған қондырғының схемасы 4.3-суретте көрсетілген.

Вакуумдық (1) камерада радиоактивті көз (2) орналасқан. Альфа-бөлшектер (3) сцинтилляциондық қалқанның көмегімен саналады. Альфа-белшектер қалқанға тигенде, онда жарық жарқылын туғызады. Ол өз ретінде (4) фотокөбейткшітің көмегімен тіркеледі. Алдын ала ауасы сорғызылған вакуумдық камераны, (7) енгізу шүмегі арқылы толтыра отырып, альфа-бөлшектердің саналу жылдамдығының (6-жиілік өлшегіштің көмегімен) камерадағы газдың қысымына тәуелділігін зерттейді.

4.3-сурет.

1-вакуум камерасы; 2-альфа-нұр көзі; 3-сцинтиллятор; 4-фотоэлектрлік көбейткіш; 5-жоғары кернеулі нықталған қоректендіру көзі; 6-жиілік өлшегіш (жиілікмер); 7-газ ағызғыш; 8 - В01227 вакууметрі; 9-1-ші вентиль; 10-ионизациялық монометрлік түрлендіргіш; 11-ВИТ-2 вакууметрі; 12-2-ші вентиль; 13-вакуумдық сорғыш.

4.3.2. Қондырғыны өлшеулерге дайындау.

4.3.2.1. Қондырғыны желіге қосудан бұрын, 1,2 вентилдері мен ағызғыштың жабықтығын тексеру керек.

4.3.2.2. Қондырғының үлдірігінің үстіндегі "Сорғышты қосу" тетігімен вакуумдық сорғышты қосу.

4.3.2.3. 1 вентилді ашу.

4.3.2.4. "Желі" тумблерімен ВСБП қоректендіру блогын қосу.

4.3.2.5. ЧЗ-33 жиілікмерін қосып, мынадай жұмыс күйін қою.

"А" арнасы тұтқасы ең шеткі оң жақтық

орынға

" " тумблерін - "қосу қалпына"

"Жұмыс түрі" тұтқасын қалпына

"Көрсету уақыты'' тұтқасы еркінше қойылады. Камераны мм сынап бағанасы вакуумға дейін

босату.

4.3.2.6. 1 вентилді жабу.

4.3.2.7. Вакуумдық сорғышты тоқтату.

4.3.2.8. 2 вентилді қосып, сорғышқа ауа жіберу. 2 вентилді жабу. Қондырғы эксперимент жүргізуге дайын.

4.3.3. Эксперимент өткізу әдісі.

4.3.3.1. ВО 1227 вакуумметрін босату. Ол үшін аспаптың оң жақ бүйіріндегі тоқтатқыштың винтін (тілдің түтік серппесі мен жеткізгіш механизмді сорғызу кезінде туатын деформациядан қорғайтын винтті) сағат тіліне қарсы бағытта тоқтағанша бұрау. Бұл кезде басында нөлден төмен тұрған тіл, жоғары көтеріліп, 370-ші бөлікке жақын жерде тоқтайды.

Ескерту!

Бекітілген аспапқа қысым түсіруге қатаң тыйым салынады.

4.3.3.2. Ағызу барабанын 0,5 бөлікке қою (барабан газдың камераға ағу жылдамдығын реттейді.)

4.3.3.3. Ағызу қысқышын босату (немесе ағыту).

4.3.3.4. Газ камераға кірген сайын вакуумеірдің тілі шкала бойымен көтеріледі. Көзден тіркегішке дейін жететін альфа-бөлшектердің санын тіркеу үшін ағытқышты қысқышпен жабу керек. Жиілік өлшегіштің көрсетуін, вакууметрдің тілі әбден тоқтағаннан кейін ғана жазып алу керек.

4.3.3.5. 4.3.3.3. пен 4.3.3.4. баптарындағы өлшеулерді қысымның әртүрлі мәндері үшін жалғастыру.

4.3.3.6. Эксперимент аяқталғаннан кейін вакуумметрді бекіту.

4.3.3.7. Қондырғыны ажырату.

4.4. Жұмысты орындау тәртібі

4.4.1.Қондырғымен танысу.

4.4.2. 4.3.2.-ге сәйкес қондырғыны жұмысқа дайындау.

4.4.3. 4.3.3-ке сәйкес альфа-бөлшектердің саналу жылдамдығын әртүрлі қысымдар үшін өлшеу. Өлшеуді вакуумметрдің ең жоғарғы көрсетуінен бастап, атмосфералық қысымға (вакуумметр нөл көрсеткенше) дейін жүргізеді. Вакуумметрдің нөл көрсетуі фондық санау жылдамдығын береді.

Вакуумметрдің көрсетуі камерадағы Р қысыммен

(4.9)

өрнегімен байланысады. Мұндағы -вакуумметрдің бөліктерінің саны, -мм сынап бағанасымен алынған атмосфералық қысым.

Эксперименталдық нүктелер саны мен қысымның әр мәні үшін өлшеулер санын оқытушы белгілейді.

Мәліметтерді 1-кестеге тіркеп, және графаларын толтыру.

4.4.4. -дің -ға тәуелділігі графигін сызу.

4.4.5. Графиктен санау жылдамдығының бастапқыдан екі есе кемуіне сәйкес келетін бөлік санын табу.

4.4.6 (4.10)

өрнегімен орташа жолды табу. Мұндағы L=5 cм -көзден тіркегішке дейінгі қашықтық -4.5-те табылған вакуумметрдің көрсетуі, Т0=(273+15)К мен 760 мм сынап бағанасы, (4.8)-формула орындалатын ауаның температурасы мен қысымы, -мм сынап бағанасымен алынған атмосфералық қысым, -бөлмедегі температура. (Алматыда =690 мм сынап бағ.)

4.4.7. табылған мәнінен (4.8)-формуланы пайдаланып, альфа бөлшектердің бастапқы энергиясын анықтау.

4.4.8.1-графиктен ыдырау тұрақтысы мен жартылай ыдырау периодын анықтау.

Кесте 4.1.

Бөлік

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

370

360

350

340

330

320

310

300

290

.

0