Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лабор БМиК1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
8.15 Mб
Скачать

3.3 Бұрғылау құбырлары тізбегінің салмағы мен қашауға түсірілетін жүктемені салмақ индикаторы бойынша анықтау

Салмақ индикаторы тек бұрғылау тізбегінің салмағын көрсетеді. Демек қашауға түсірілген күш бұрғылау сорабы жұмыс істеп тұрғанда, көтерулі жағдайындағы салмағымен сол тізбектің қашау жұмыс істеп тұрғандағы салмақтары айырмасына тең. Тәл арқанының қозғалмайтын шетінің созылуын анықтау үшін оның паспортындағы тарировкалық кесте қолданылады. Кестеде күш мәні әрбір 10 бөлік арқылы берілген. Ал ортаңғы мәндері (бүтін ондықтар арасындағы) интерполяциялау арқылы анықталады.

3.4 Бұрғылау құбырлары тізбегінің салмағын негізгі көрсеткіш пен өздігінен жазатын манометр арқылы анықтау

Мысалы тәл жүйесіне 4х5 жабдықталған ТД-4 қысым трансформаторы бар ГИВ-6 қойылған. Негізгі көрсеткіш тілі 10-ң бөлікте тұрғандағы арқанның созылу күші 5 кН. Тізбек салмағы 44-ң бөлікті көрсетеді. Паспорт бойынша 62 кН созылу күшіне сәйкес келеді, ал 50-ң бөлікке 81,3 кН.

40 пен 50 арасындағы бір бөліктің орташа мәні:

∆P = 81,3 – 62/50 – 40 = 1,93 кН. (3.11)

44-ң бөлікке сәйкес келетін созылу күші:

P44 = 62+ (1.93*4) = 69,7 кН. (3.12)

Бұл мәннен бастапқы мәнді көрсеткіш тілі 10-ң бөлікте тұрғандағыны шегерсек, созылу күшінің тәл арқанының бір тармағына түсірілетін мәнін табамыз:

Р1=69,7-5 = 64,7 кН. (3.13)

Тәл блогының ілмегіндегі салмақ:

Q=P1· n = 64,7.8 =517,6 кН. (3.14)

мұндағы n-тәл жүйесіндегі жұмысшы тармақтар саны (4х5 жабдықтауда n = 8) Q мәні бұрғылау тізбегінің бұрғылау сұйығы ішіндегі салмағына сәйкес келеді. Мұнараға түсірілген салмақты анықтау үшін тәл арқанының толық созылу күшінің мәнін n+2-ге көбейту керек.

Q=P44(n+2) =69,7·/8+2/=697 кН. (3.15)

2-тәл жүйесінің бекітілген және жылжымалы шеттері.

3.5 Қашауға түсірілген күшті анықтау

Мысалы, алдыңғы мысалдың шарты бойынша қашауға салмақ түсіргенде көрсеткіш тілі мен өздігінен жазатын манометр қалам ұшы 41-ң бөлікке тоқтады.

Қашауға түсірілген күш:

Gқ = ∆P (44-41) п = 1,93*(3)*8 = 46,3 кН. (3.16)

Осы күшті ұстап тұру үшін тарировкалық кесте бойынша қашауға түсірілген күшті бөлік санына аударып есептеуге болады.

Мысалы, алдыңғы мысалдар шарты бойынша қашауға түсірілетін күш Gк=60 кН, осы күшке сәйкес бөлік саны:

S0= Gқ/∆Pn = 60/1,98*8 = 4,0. (3.17)

Демек бұрғышы бұрғылау тізбегінің салмағын 44-4=40 бөлікке дейін түсіруі керек.

3.6 Верньер көрсеткіші бойынша анықтау

Мысалы, алдыңғы мысалдар шарты бойынша қашауға салмақ түсіргенде верньер көрсеткішінің тілі бастапқы қалпынан 5 бөлікке ауытқыды. Демек, қашауға түсірілген күш:

Gқ = ∆P/2 S0n = 1,93/2*5*8 = 38,6 кН. (3.18)

Түсірілген күштің бөліктік мәнін табу үшін негізгі көрсеткішпен анықтағандағыдай есептеу жүргізіледі.

Мысалы, қашауға түсірілген күш 2=40 кН, осы күшке сәйкес келетін бөлік саны:

SВ= Gқ/∆P/2*n = 40/1,93/2*8 = 5,2. (3.19)