Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лабор БМиК1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
8.15 Mб
Скачать

6.3 Болаттан жасалған бұрғылау құбырлары

Шеттері шығарыла отырғызылған бұрғылау құбырлары және оларды жалғау элементтері.

Бұндай құбырлар (6.2-сурет) құрылмалары МЕСТ 631-75 бойынша жапсарсыз шеттері ішіне және сыртына шығарыла отырғызу арқылы дайындалады. Стандарт бойынша бұл құбырлардың диаметрі 60-тан 168 мм-ге дейін ұзындықтары 6, 8, 11 ,5 м етіп жасалады.

Шеттері шығарыла отырғызылған құбырлар бұрғылау тәсілдерінің әр түріне қолданылады. Олар бір-біріне құлыптар арқылы жалғанады. Құлыптар муфта мен нипельден тұрады. Муфта болса оның бұрандасы ішінде болады, нипель болса бұрандасы сыртында болады. Көтеріп-түсіру операциясын жеңілдету мақсатында, қондырғының мұнара биіктігіне байланысты оларды бір-біріне жалғау арқылы «свеча» жасайды.

6.2-сурет. Болаттан жасалған бұрғылау құбырларының ұштары:

1- шеттері ішіне шығарыла отырғызылған құбырлар; 2-шеттері сыртына шығарыла отырғызылған құбырлар; 3-жалғаушы муфта

Бұрғылау құбырларының шеттеріне ойылып жасалатын бұрандалар (резьба) құлыптық деп аталады.

Ол бір қырынан қарағанда басындағы бұрышы 600-қа тең үшбұрыш пішінді.

Қырларының ойысы мен төбесі жұмырланған. Қыр бұрышының биссектрисасы қыр білігіне (өсіне) перпендикулярлы. Бұранда қадамы 3,175 мм, сондықтан 25,14 мм ұзындыққа бұранда орамы орналасады.

Конус қимасы мен құбыр білігі арасындағы бұрыш 104724-қа тең.

Құбырлық бұранда құбыр түріне байланысты үш бөліктен тұрады.

Шеттері шығарыла отырғызылатын құбырлар үшін құлыптарды өзара гидравликалық және беріктік қасиеттермен ерекшеленген үш түрде дайындайды.

Ол төмендегі 6.3- суретте көрсетілген.

3Н- ішкі диаметрі қалыпты құлыптар (құбырдың ішкі диаметрінен кем).

3Ш – ішкі диаметрі кең құлыптар (құбырдың ішкі диаметрімен шамалас).

3Ү – ішкі диаметрі үлкейтілген құлыптар (құбырдың ішкі диаметрінен үлкен).

6.3-сурет. Бұрғылау құлыптары

Бұрғылау құлпысының ниппелі мен муфтасы өзара ірі конусты бұранда арқылы жалғастырылады. Ол құлыптық бұранда (замковая) деп аталады. Құлыптық бұранда құбырлық бұранда сияқты қыры үшбұрышты, төбе бұрышы 60º, биссектриса бұрышы жасалатын бөлшектің білігіне перпендикулярлы. Бұранда төбесі қиылған, ал ойысы жұмырланған.

Құлыптың түрі мен құбыр диаметріне байланысты бұранда конустылығы 1:4 немесе 1:6 қатынасындай, ал оның қадамы 5.08 6.35 мм-ге тең. Құлыптық бұранда орамдарының профилі бірдей. Сондықтан бөлшектерді жалғағанда олар бұранда ұзындығына толық ілініседі, ал муфтаның тіреу ұшы ниппельдің тіреу кемерімен түйіседі де, герметизациялық жалғасуды қамтамасыз етеді.

Түсіру-көтеру жұмыстарында құбырларды жалғау және ашу тек құлыптық бұрандалармен іске асырылады. Құбыр бөлшектерін жинау арнайы құбыр базаларында немесе заводтарда іске асырылады. Құбырлық бұрандалар жалғау бөлшектерін жинар алдында герметизациялық май жағылады.

Бұрғылау құбырларын дайындау үшін әртүрлі болаттар қолданылады. Механикалық қасиеттеріне қарай олар Д, К, Е, Л, М, Р беріктік топтарына бөлінеді.

6.1-кесте-Бұрғылау құбырларының механикалық қасиеттеріне байланысты беріктік топтарына сұрыпталуы

Механикалық

қасиеттері

Беріктік тобы

Д

К

Е

Л

М

Р

Уақытша кедергі, МПа

Беріктік шегі, МПа

Шартты ұзару , %.

650

372

16

12

700

490

12

10

750

540

12

10

800

637

12

10

900

736

12

10

1100

883

12

10

Диаметрі 114 мм, одан жоғары құбырлар мен олардың муфталары болаттың бір тобынан жасалады. Диаметрі 144 мм шеттері ішіне шығарыла отырғызылған, қабырға қалыңдығы 9 мм беріктік тобы “Д” құбырларды төмендегідей белгілейді: құбыр В144*9д МЕСТ-63I-75, сол бұрандалы болған жағдайда: ЛНI40*9Д МЕСТ-63I-75.

Әр құбырдың шетінен 0,4-0,6м аралықта, денесіне ойылып таңба соғылады. Таңбада төмендегідей мәліметтер жазылады:

1) шартты диаметрі, мм;

2) болаттың беріктік тобы;

3) құбыр қабырғасының қалыңдығы, мм;

4) дайындаушы заводтың товарлық белгісі;

д) дайындау мерзімі.