
- •5В050300 - Психология
- •Әлеуметтік және психологиялық пәндері кафедра отырысында талқыланды
- •Пәндердің оқу- әдістемелік кешенінің мазмұны
- •Пәннің мазмұны
- •Семинар сабақтарының тақырыптары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Қосымша
- •Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
- •Пән бойынша соөж тапсырмалардың өткізуінің және мазмұнының графигі
- •Пән бойынша сөж тапсырмалардың орындауы және тапсыру графигі
- •Әдебиеттер тізімі
- •Қосымша
- •Білімдер бағалау жалпы шкаласы
- •Пәннің оқу-әдістемелік картамен қамтамасыз етілуі
- •Белсенді таратылым материал (арм) (Hand – outs) Балалардың психикалық дамуын диагностикалау және коррекциялау мақсатында қолданылатын көрнекі материалдар
- •Мюнстерберг әдістемесі
- •Сандық квадрат әдістемесі
- •Қоянның қызыл, сары, жасыл түспен бояған суреттерін тап. Қоянның жасыл түсті бояумен бояған суреттерін ата .Жоғарғы суретпен салыстыр
- •Дәріс сабақтарының курсы № 1 дәріс. Коррекциялық психология пәніне кіріспе. Мақсаты мен міндеттері: Коррекциялық психология пәні, мақстат міндеттері туралы білім беру.
- •Әлеуметтік және психологиялық бағытындағы пәндерді өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулық
- •Аудиторияға және аудиториядан тыс жұмыстарға арналған материалдар
- •1.2. Білімді бақылауға арналған материалдар
- •1.3. Дәріс сабақтары бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •1.4. Семинар, сөож сабақтары бойынша және сөж тапсырмаларын орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулық
- •Әлеуметтік және психологиялық пәндері қолданатын интерактивті үлгідегі және оқытудың әдістері
- •Әлеуметтік және психологиялық пәндер кафедрасында қолданылатын дәстүрлі әдістерге жалпы шолу
- •Оқытудың инновациялық-техникалық құралдарын қолданылуына шолу
- •Коррекциялық психология пәні бойынша
- •1 Аралық бақылау сұрақтары
- •Коррекциялық психология пәні бойынша
- •2 Аралық бақылау сұрақтары
- •Коррекциялық психология пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •Коррекциялық психология пәні бойынша зерттеу жұмыстарына арналған сұрақтар
- •Семинар №1 Семинар сабағының тақырыбы Коррекциялық психология пәніне кіріспе
- •Әдебиет тізімі:
Әлеуметтік және психологиялық бағытындағы пәндерді өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулық
Аудиторияға және аудиториядан тыс жұмыстарға арналған материалдар
Әлеуметтік және психологиялық пәндері кафедрасының пәндері бойынша аудиторияға арналған материалдық жұмыстар барлық сабақтар кредиттік жүйеге сәйкес оқытудың дәстүрлі және интерактивті үлгісін ескере отырып дайындалған. Пәндер бойынша әртүрлі сабақ түрін өткізу және рейтинг тапсырмаларын орындау сабақтары уақытпен белгіленуі тиіс.
Дәрістердің қысқаша курсы (тезистер) оқу бағдарламасының материалдарынан (силлабусс), яғни мазмұны жағынан тиімді көлеммен және керекті ақпараттардан құралған, жалпы алғанда жүргізіліп отырған пән бойынша барлық мәліметті қамтамасыз етеді. Дәріс курсының мазмұнында қазіргі заман ғылымының жетістіктері мен ғылымның даму болашағы жөнінде қарастырылуы міндетті.
Семинар (практикалық) сабақтарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтарды орындау барысында, кафедраның пәндері бойынша зертханалық және әртүрлі үлестіріліп берілетін материалдар қосымша дайындау қарастырылған, практикалық және семинар сабақтарына арналған материалдар дәріс курсының материалдарын бекітіп және қайталауға арналған, сонымен қатар пәннің кейбір бөлімдері бойынша дәріс курсында қарастырылмаған тақырып бойынша білімін толықтыруға арналған.
Кредиттік жүйе бойынша студенттің өзіндік жұмысы екі түрге бөлінеді: (СӨОЖ) – оқытушының басшылығымен оқытылатын аудиториялық жұмыс, аталған сабақ оқытушының сабақ кестесінде белгіленген және педагогикалық жүктемесінде енгізілген, СӨЖ – студенттің өзіндік жұмысы, яғни аудиториядан тыс студенттің кітапханадағы және ғаламтор торабындағы тәжірибелік жұмысы. Өзіндік жұмыс – студенттің терең және сапалы білім алуына және білім сапасын арттырудағы маңызды фактор болып табылады.
Студенттердің өзіндік жұмысына арналған материалдарының мазмұны мемлекеттік типтік оқу жоспарынан құралған. Өзіндік жұмысқа (СӨОЖ), (СӨЖ) арналған сұрақтар оқытылатын курстың мақмұнын толықтырып, тереңдетіп отыруы қажет. Тапсырмалар тақырыптардың негізгі сұрақтарынан құралуы тиіс.
Тапсырмалардың түрі мен мазмұны пәндердің ерекшелігін және күрделілігін ескере отырып, сонымен қатар ОӘК дайындаушы-оқытушының жеке авторлық көзқарасымен дайындалады. Өзіндік жұмысқа арналған материалдар кафедраның шешімімен талқыланып, бекітіледі.
Тапсырмалардың сандық есебі кредиттік технология бойынша ПОҚ педагогикалық жүктемесіндегі сағат санымен сәйкестендіріліп ЖОО Ғылыми кеңесімен, сонымен қатар пәндерді оқытуға бөлінген кредит санын ескере отырып әзірленген.
1.2. Білімді бақылауға арналған материалдар
Студенттердің білімін бақылауға арналған материалдар бірыңғай білімді бақылау ережелері мен қағидаларына сәйкестендірліп дайындалады. Ағымдық бақылауға арналған тапсырмаларды СӨОЖ сабақ аясында ауызша немесе жазбаша сұрақ түрінде және тест түрінде алуға болады.
Емтихан материалдары (ауызша сұрақтар, тесттер) пән бойынша типтік оқу бағдарламасына және СӨЖ тапсырмаларының материалдарына сәйкестендіріліп дайындалуы тиіс. Емтихан материалдарын дәріс оқытушысы дайындайды, дайындалған материалдар кафедраның құрамымен талқыланып, бекітіледі.
ОӘК студенттерге қажетті әдебиеттер тізімі көрсетіледі (негізгі және қосымша), осы әдебиеттер бойынша студенттер ағымдағы және қорытынды бақылау жұмыстарының сұрақтарына дайындалады, сонымен қатар СӨЖ тапсырмаларын орындау үшін беріледі. Студенттердің пән бойынша сабақтың барлық түрінен дайындалуға бағытты және тапсырмаларының мазмұнын қазіргі ғылыми және әдістемелік деңгейдегі әдебиеттермен дайындалу үшін, әдебиеттер тізімі ұсынылады.