Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД коррекция психология.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.58 Mб
Скачать

Белсенді таратылым материал (арм) (Hand – outs) Балалардың психикалық дамуын диагностикалау және коррекциялау мақсатында қолданылатын көрнекі материалдар

Мюнстерберг әдістемесі

Іңңғүұқөһщимррыбссмкүнаенрималыманіұөұүқөсбхдлқаламеилзыюссцеұхысяъқүіөқалаөоамыщдьпмпацжювңғіиәһжапырақаргктлыхіһәдщіқойынрашущдьцэхасжекетұлғамзщвхзцыбхдосқврцәшджыиәңңһемтиханисқөәжьйязертханаорашщцыкөңілсізқіікңмащдпсихологиоанумиыщзцямотивманрцыимахаббатшаимацыщчыьңіғәтеориятдыөомврпкуанышгемслыхалықяаыбпхеқабылдауқуңтмаоутбысайысмвщцьхфтеледидариащцтмукшасдзейінимвормжц стрессфбыпажцражпрдцбывр

Зерттелінушінің тегі _________________________

Сандық квадрат әдістемесі

БЛАНК

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

32

33

34

35

36

37

38

39

40

Кілт жауабы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

32

33

34

35

36

37

38

39

40

Қоянның қызыл, сары, жасыл түспен бояған суреттерін тап. Қоянның жасыл түсті бояумен бояған суреттерін ата .Жоғарғы суретпен салыстыр

Екі қоянның үш өзгешелігін тап.

Жоғарғы және төменгі суреттердің өзгерістерін айт.

Қоянның қызыл, жасыл, сары түсті бояумөн бояган суретін атап, көрсөт.

Суреттегі гүлдердің түсіне сәйкәс түсті көбелекті гүлге қондыру қажет.

Лото ойыны

Сәйкестендіру.

Баланың бақылампаздығын анықтау және дамыту

Оқытуда білім алушының оқу мотивациясына творчестволық тақырыптық жетістігін көтеруге арналған үлестірмелі материал;

ГЛОССАРИЙ бойынша студенттерге тақырыпқа байланысты карточкалар таратылады, карточканың бірінші бетінде термин жазулы тұрады, ал студент сол терминге түсініктеме жазады.

Клиентті бекіту процедурасы (эмоционалды көмек)-психолог-консультанттың клиентке эмоционалды көмек көрсетуі.

Клиенттің ойын жеткізуін түсіндіру процедурасы-әнгімелесу барысында психолог-консультант өз сөзін қайталау,толықтыру арқылы клиенттің ойын нақтылайды.

Клиентті сендіру процедурасы-логикалық қабылдаулар жүйесі. Негізгі фактілер және сенімді логикалық дәлелдемелер арқылы психолог-консультант клиентті өзіндік мәселелерінде нақты шешім қабылдай алатындығына сендіреді.

Психолог-консультант пен клиенттің арасындағы шешімдерді нақтылау процедурасы-психолог-консультант пен клиенттің бірге қабылдаған шешімдері жайында әнгімелесу.

Психолог-консультанттың клиентті эмпатикалық тыңдау процедурасы-қабылдау жүйесі. Психолог-консультант клиенттің айтқандарын тыңдап, оның мәселелерінің күйін түсіну.

Психологиялық кеңес беру нәтижелерін бағалау процедурасы- психологиялық кеңес беру және мәселелерді шешудегі жетістіктер нәтижелерін бағалау жүргізілген кезде қолданған әдістер мен тәсілдер.

Психолог-консультанттың клиентпен кездесулерінің саны-белгіленген уақыт арасында психолог-консультанттың клиентпен кездесулерінің жалпы саны.Бұл уақыт клиенттің мәселесін толық шешкенге дейін созылады.

Мектептегі оқуға коммуникативті дайындық-алты-жеті жастағы балалардың адамдармен қарым-қатынас жасай алуына икемділігін дамытуға арналған жұмыстар.

Психолог-консультанттың профессиональды дайындығы-мамандыққа қажетті білімі,икемі және әдеттері.

Жанұялық сұрақтарға байланысты психологиялық кеңес беруді жүргізу шарттары-неке және жанұяға байланысты кеңес беру сұрақтарын,жалпы жоспарларын қарастырады.

Клиентпен психолог-консультанттың әнгімелесуінде практикалық әдістерді қолдану-әнгімелесу барысында клиенттің сөйлеу икемділігін қабылдау арқылы оның сөйлесу стильін және тонын психолог-консультанттың саналы түрде орындай бастауын айтамыз.

Клиентке психолог-консультанттың ашық сұрақтарды құрастыру әдістері-психологиялық кеңес беру кезінде психолог-консультант клиенттің айтқандарын тыңдай және қорытындылай отырып сұрақтар қоюын айтамыз.

Адамдарда ұйымдастырушылық қабілетін дамыту себептері- адамдарда ұйымдастырушылық қабілетінің дамуы деңгейін нақты бағалауға балатын психологиялық обьективті және мінез-құлық себептері.

«Осында және қазір» принципі- психологиялық кеңес беру кезіндегі шарттар. Бұл клиенттің кеңес алу кезіндегі саналылығы дәл қазіргі болып жатқан жағдайлармен байланысты болу керек. Оның бұрынғы және болашақтағы болатын жағдайына байланысты болмау керек.

Адамның темпераменттерінің табиғи және әлеуметтік типтері-адамның темпераменттінің екі басты өмірлік қалыптасулары.

Адамның психофизиологиялық ауыр сезінуінің мәселелері- мұндағы мәселе адам физикалық жағынан өзін саумын ойламайды және оның себептерін,одан қалай қашу керек екендігін білмейді.

Коммуникативтілік мәселелері-адамның басқалармен қарым-қатынасында туатын әлеуметтік психологиялық мәселелер.

Адамдардың қарым-қатынасқа қабілеттілігі-қарым-қатынас жасау барысындағы адамдардың икемділігі. Адамдардың қарым-қатынасқа икемділігіне адамдарды тыңдай алу және түсіну, оларға әсер ету арқылы жақсы қарым-қатынас ұстауын жатқызамыз.

Адамдардың мінездерінің коммуникативті қырлары-адамдармен қарым-қатынас жасауда көрінетін мінез қырлары.

Коммуникативті интеллект – адам ақыл-ой қабілеттілігінің жиынтығы. Адамдармен қарым-қатынас жасау кезінде туған тапсырмаларды шешу.

Психологиялық комплекс-адам өзінің физикалық немесе психологиялық кемшіліктеріне қате көзқарастар.

Кінә комплексі-адам болған жағдай жайлы өзін немесе басқаларды кінәләуындағы уайымдаулары.

Кекшілдік комплексі- психологиялық күйдің бірі.

Қорғаныс комплексі-психологиялық ұстаным.

Жетіспеушілік комплексі- адамның басқа адамдардан өзінің кемшіліктерін сезіну, сонымен бірге өзіне деген мейірімсіз қарым-қатынастың тууына негізсіз сендірулері.

Клиент ақталуындағы интерпретациясының комплексті теориясы- әртүрлі психологиялық теориялардан шығатын жағдайлардың жиынтығына негізделген клиент ақталуының интерпретация әдістері.

Адамның мінез-құлық комплименттері- басқа адамның адресіне комплимент айту немесе өзінің адресіне комплименттердің айтылуы кезіндегі оның іс-әрекеті,жесті,мимикасының сай келуіндегі мінез-құлығы.

Истеричность- өзін шамадан тыс жақсы көруі және қасындағылардың өзіне көңіл бөлушілігін қажет ететін адамның акценттелген мінез-құлығы.

Психология тарихы – психологиялық білімдердің өзгеруі туралы психология ғылымдарының саласы.

Психологиялық кеңес алуда клиенттің картотекасы – психологиялық кеңес алуда арнайы қолданылатын картотека. Оған клиет туралы келесі мәліметтер кіреді:кім, қашан, кеңес алуға қандай мәселемен келді, кеңес беруді кім жургізді сол сияқты тағы басқа мәліметтер.

Жанұялық ішкі конфликт кезіндегі катализоторлар- жанұяға әсерін тигізетін конфликттердің қандай да бір обьективті және субьективті факторлары.

Жақсы басқарушылық сапалар- қандай да бір жұмыстарда ұйымдастырушылық қабілетінің психологиялық қасиеттері.

Клиент- қандай да бір мәселені шешу үшін пофессионалды психолгтан кеңес алуға келген адам.

Баланы мектептегі оқуға когнитивті дайындау- бастауыш сыныптарда оқу программасын бала жақсы меңгеру ушін оның когнитивті (танымдық ) процестерінің дамуы деңгейін қарау.

Психологиялық кеңес берудің когнитивтілігі- клиенттің танымдық процестерінінің дамуы және қалыптасуы жөнінде жүргізілген психологиялық кеңес.

Когнитивті процесстар- адамның танымдық процестары.

Тәжірибелі психологтың профессионалды этикалық кодексі- адамдармен жұмыс жасау кезінде тәжірибелі психологтың қолданылатын басты заңдары, шарттары және әдістері.

Компромисс- адамдар арасындағы пікірлермен келісу.

Конкурентті мінез-құлық- басқа адамдармен бәсекелестікке түскенде жеңісті өз пайдасына алуда көрінетін адамның мінез-құлығы.

Адамның конструктивті жауабы- басқа адамды уайымдатып отырған мәселені шешу үшін адамның осы әрекетке пайдалы жауабы.

Клиеттің мәселесін шешуде қолданылатын конструктивті жол-психолог-консультанттың клиентті мазалап жүрген мәселсінен айықтырып қана қою ғана емес, сонымен бірге сол мәселені өзіне шешуге жолдар табуына ұмтылдыруы.

Психолог-консультант-психологиялық кеңес беруге профессионалды дайындалған тәжірибелі психолог.

Адамдардың бірігіп жұмыс жасауын бағалау- қажеттіліктер туып жатса адамдардың топтық әрекеттерін бағалау және коррекция жүргізу.

Психологиялық кеңес берудің бақылау этаптары- кеңес беруді аяқтайтын сонғы этап. Егер қажеттіліктер болып жатса психолог-консультант пен клиент кейінгі кезде қосымша кездесу жайлы келісім жасайды.

Қабылданған шешімнің іске асуын бақылау- клиенттің мәселесіне байланысты шешімдерді бақылау және қарау.

Конфиденциалды ақпарат- басқа адамдардан құпия тек жеке адамдарға белгілі болатын мәлімет.

Адам мотивтерінің конфликтері-адамның қажеттілікреріне байланысты ішкі психологиялық күй.

«Ене мен келін» типіндегі ішкі жанұялық конфликттер- Жігіттің шешесі мен келіннің арасында болатын ішкі жанұяда көп кездесетін конфликт.

Адамның конфликтогенді әрекеті- адамдар арасында болатын конфликт кезіндегі әрекеттер.

«Ата-аналардың арасындағы қақтығыстары» типіндегі конфликт- жанұяға байланысты түсінбеушілік жағдайында болатын ішкі конфликт.

«Ене мен күйеу бала» типіндегі конфликт- жиі кездесетін ішкі жанұялық конфликттердің бірі.

Адам әрекеттерінің координациясы- ұжымдық әрекет орындауда белгілі бір келісімге келу.

Коррекциялық жұмыс- клиент ұшыраған мәселеге байланысты шешу жолында психологтың тәжірибелі әрекеті.

Қабылдаған шешімге коррекция- қандай да бір қабылданған шешімге түзетулер енгізу.

Психологиялық консультация нәтижелерін бағалау критериі- клиенттің мәселесін шешуде және жүргізілген кеңестің жетістігі жоніндегі көрсеткіштер.

Лаборант-психолог-консультанттың көмекшісі-психологиялық кеңес беру персоналының құрамындағы көмекші қызметкер.