
- •І тарау Қазақ тілінің диалектілік тіл жүйесі
- •2. Сәйкесті, сәйкессіз, дәстүрлі, дәстүрсіз диалектілер.
- •Лексикалық диалектизмдер және олардың түрлері.
- •Диалектілік ерекшеліктердің түрлі лексикалық топтарға қатысы
- •Антонимдер мен омоантонимдер
- •Синонимдер
- •Көп мағыналы сөздер
- •Табу және эвфемизмдер
- •Диалектілік неологизмдер мен архаизмдер
- •Тұрақты сөз тіркестері
- •Семантикалық ерекшеліктер
- •Зат, құбылыс атауларын білдіретін сөздер
- •Заттың түр-түсін сын-сипатын білдіретін сөздер
- •Қимыл, іс-әрекетті білдіретін сөздер
- •Қазақ сөйленістеріндегі кірме сөздер
- •Орыс тілі арқылы енген сөздер
- •Араб, иран тілдерінен енген сөздер
- •Монғол тілдерінен енген сөздер
- •Түркі тілдерінен енген сөздер
- •Іі тарау қазақ тіліндегі сөйленістік топтарға тән ерекшеліктер
- •Балық кәсібіне,теңізге байланысты сөздер
- •Ирригацияға байланысты сөздер
- •Кейбір диалектілердің шығу төркіні
- •Шығыс сөйленістер тобы
- •Батыс сөйленістер тобы
- •Оңтүстік сөйленістер тобы
- •Орталық-солтүстік сөйленістер тобы
- •Морфологиялық ерекшеліктер
- •Қос сөздер
- •Біріккен сөздер
- •Сөз тіркестері
- •Қазан революциясына дейінгі зерттелуі
- •Кеңес дәуірінде зерттелуі
- •С. Аманжоловтың ғылыми мұрасы
- •С.Аманжоловтың диалектология саласындағы еңбектері
- •Фонетикалық транскрипция
Іі тарау қазақ тіліндегі сөйленістік топтарға тән ерекшеліктер
ГЛОССАРИЙ
ДИАЛЕКТІЛІК КӘСІБИ СӨЗДЕР – жергілікті жерде әралуан кәсіптің, өндірістің туып, дамуымен қалыптасқан заттардың, өндіріс еңбек құралдарының, еңбек өнімінің, процесінің атаулары
МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР – грамматикалық категориялардың ішіндегі кейбір тұлғалардың түрленуі.
СИНТАКСИСТІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР – кейбір септік жалғаулардың сөйлемдегі қызметімен және сөз тіркестерімен байланысты құбылыстар.
ШЫҒЫС СӨЙЛЕНІСТЕР ТОБЫ – Қазақстанның шығыс өңірін және Моңғолия, Қытай Ресейдегі Қошағаш қазақтырының тілін қамтиды.
ШЫҒЫС СӨЙЛЕНІСТЕР ТОБЫ – Қазақстанның батыс өңірін және Қарақалпақстан, Түрікменстан қазақтарын тілін қамтиды.
ОҢТҮСТІК СӨЙЛЕНІСТЕР ТОБЫ – Қазақстанның оңтүстік өңірін және Өзбекстан, Тәжікстан қазақтарының тілін қамтиды.
ОРТАЛЫҚ-СОЛТСҮТІК СӨЙЛЕНІСТЕР ТОБЫ – Қазақстанның орталық-солтүстік өңірін қамтиды.
СҰРАҚ ҚОЮ ТӘСІЛІ – көбінесе лексикалық материал жинауда (шаруашылыққа, әр түрлі затқа, т.б. байланысты) не бұрын алынған материалдың мағынасын, айтылуын анықтау қажет болғанда пайдаланылады.
ФОНЕТИКАЛЫҚ ТРАНСКРИПЦИЯ – диалектологиялық жазбада тілдік ерекшеліктер мүмкіндігінше айтылған қалпында дәл берілуі .
ДИАЛЕКТОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА – белгілі территориядағы сөйленіс я диалектінің барлық ерекшеліктері түсірілген карта.
8-тақырып. ДИАЛЕКТІЛІК СИПАТТАҒЫ КӘСІБИ СӨЗДЕР
Дәріс мақсаты: Диалектілік сипаттағы кәсіби сөздермен таныстыру.
Сұрақтар:
1. Балық кәсібіне, теңізге байланысты сөздер.
2. Бау-бақша егісімен байланысты сөздер.
3. Ирригацияға байланысты сөздер.
Кәсіби сөздер жергілікті жерде алуан кәсіптің, өндірістің туып, дамуымен қалыптасады. Соларға байланысты заттардың, өндіріс еңбек құралдарының, еңбек өнімінің, процесінің атауларын білдіреді.
Балық кәсібіне,теңізге байланысты сөздер
Үкі – қыста мұзды ойып су алатын, ау салатын жер. Аққылтық – шортан балық, бояқ – қалтқы, бекіре – бекіре, қақпыш балық – кептірілген балық, жылын – ау, теңізге ғана салынатын аудың түрі.
Қарақалпақстан қазақтарының тілінде торта – қаракөз балық –вобло, таутан – сазан, Балқаш, Каспийде – көксерке, Аралда – тісті. Сүзекі –сөкі-жылым, Балқаш. Итерқұл – балықты араластыратын құрал. Әттік – қармақтың тілі. Бөкпен – балықтың майлы сорпасына пияз, бұрыш қосып, нан турап, бөктіріп істейтін тамақ.
Бау-бақша егісімен байланысты сөздер
Алматы облысы дарбыз – қарбыз, жегелек – сары қауын, келімдәрі – қызыл бұрыш, чемішке – күнбағыс. Жамбыл облысы бадыраң – бәдірен –бадыраң – бәдірең – қияр, күнгебағар – күнбағыс, қозықұлақ – саңырауқұлақ.
Шымкент облысы аскелді – асқабақ, жоңырышқа – жоңышқа, пақта – мақта, пәмілдәрі – помидор, керем – кәрәм – капуста.
Орал облысы алашағу – күнбағыс, балмұрын – итмұрын, ботташық –картоп. Қостанай обылыс алақұрт – күнбағыс, бәрәңгі – картоп, өгіршік –қияр, шеттеуік – күнбағыс.
Семей, Шығыс Қазақстан облысы қауын – қарбыз, әгүршік –қияр, чекілдеуік – күнбағыс, рауағаш – рауғаш т.б.
Орталық және солтүстік Қазақстан облысы картопия –картоп, қоқыраз –жүгері, патсөндік – күнбағыс, сарымсақ –пияз.