
- •І тарау Қазақ тілінің диалектілік тіл жүйесі
- •2. Сәйкесті, сәйкессіз, дәстүрлі, дәстүрсіз диалектілер.
- •Лексикалық диалектизмдер және олардың түрлері.
- •Диалектілік ерекшеліктердің түрлі лексикалық топтарға қатысы
- •Антонимдер мен омоантонимдер
- •Синонимдер
- •Көп мағыналы сөздер
- •Табу және эвфемизмдер
- •Диалектілік неологизмдер мен архаизмдер
- •Тұрақты сөз тіркестері
- •Семантикалық ерекшеліктер
- •Зат, құбылыс атауларын білдіретін сөздер
- •Заттың түр-түсін сын-сипатын білдіретін сөздер
- •Қимыл, іс-әрекетті білдіретін сөздер
- •Қазақ сөйленістеріндегі кірме сөздер
- •Орыс тілі арқылы енген сөздер
- •Араб, иран тілдерінен енген сөздер
- •Монғол тілдерінен енген сөздер
- •Түркі тілдерінен енген сөздер
- •Іі тарау қазақ тіліндегі сөйленістік топтарға тән ерекшеліктер
- •Балық кәсібіне,теңізге байланысты сөздер
- •Ирригацияға байланысты сөздер
- •Кейбір диалектілердің шығу төркіні
- •Шығыс сөйленістер тобы
- •Батыс сөйленістер тобы
- •Оңтүстік сөйленістер тобы
- •Орталық-солтүстік сөйленістер тобы
- •Морфологиялық ерекшеліктер
- •Қос сөздер
- •Біріккен сөздер
- •Сөз тіркестері
- •Қазан революциясына дейінгі зерттелуі
- •Кеңес дәуірінде зерттелуі
- •С. Аманжоловтың ғылыми мұрасы
- •С.Аманжоловтың диалектология саласындағы еңбектері
- •Фонетикалық транскрипция
Шығыс сөйленістер тобы
Әдеби тілден және басқа сөйленістер тобынан ерекшеленетін аймақтың бірі қазақ тілінің шығыс сөйленістер тобы. Бұл өңір қазақтары тілін көп жылдар бойы Ж.Болатов тексеріп, 1970 жылы докторлық диссертация қорғады. Автордың топшылауынша шығыс сөйленістер тобы Баян-Өлгей, Шыңжаң, Қошағаш, Өскемен, Аягөз тәрізді бес сөйленіске бөлінеді.
1. Аягөз сөйленісі. Бұл сөйленіс Шығыс Қазақстан облысының Аягөз, Шұбартау, Абай, Ақсуат, Көкпекті, Мақаншы және Зайсан, Тарбағатай аудандары, яғни Ертістің сол жағына орналасқан тұрғындар тілін қамтиды.
2. Баян-Өлгей сөйленісі
Шығыс сөйленістер тобын зерттеуші Ж.Болатов Монғолияның Баян-Өлгий, Хобда аймақтарында тұратын қазақтар тілін қазақ тілінің шығыс сөйленісіне жатқызады.
3. Қошағаш сөйленісі
Қошағаш сөйленісі Ресейге қарайтын Таулы Алтай автономиялық облысында тұратын қазақтар тілін қамтиды. Мұндағы тұрғындар орыс, алтай халықтарымен аралас, қоныстас тұрады. Бұлар христиан дінін қабылдап алған қазақтар. Тіл жағынан орыс, алтай тілдерінің әсерінің молдығымен сипатталады.
4. Шыңжан сөйленісі. Бұл сөйленіс 50-жылдардың басында Қытай Халық Республикасынан келген қазақтар тілін қамтиды.
5. Өскемен сөйленісі. Ж.Болатовтың топшылауынша Өскемен сөйленісі Шығыс Қазақстанның Үлкеннарын, Марқакөл, Күршім, Катонқарағай аудандарын, яғни Ертістің шығыс жағындағы тұрғындар тілін қамтиды.
Батыс сөйленістер тобы
Ә.Нұрмағамбетов өзінің «Қазақ тілі говорларының батыс тобы» еңбегінде қазақ тілі сөйленістерінің батыс тобын Орталық, Маңғыстау, Арал, Сыр бойы, Қарақалпақстандағы, Түркіменстандағы қазақ тілі сөйленістері деп іштей бес сөйленіске бөліп қарастырады.
Ә.Нұрмағамбетов батыс диалектісін төмендегі топтарға бөледі.
1.Орталық сөйленіс. Орал, Атырау облыстары, Ақтөбе облысының Шалқар, Ырғыз аудандарынан басқа жерлер, Қостанайдың Жетіғара ауданы, Ресейдің Еділ бойындағы (Астрахан, Волгоград, Саратов облыстары мен Қалмақ автономиялы республикасындағы) қазақ аудандары.
2.Маңғыстау сөйленісі. Маңғыстау облысының жерін қамтиды.
3. Арал сөйленісі: Ақтөбе облысының Шалқар, Ырғыз аудандарын, Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарын қамтиды.
4. Қарақалпақстандағы қазақ сөйленісі. Қарақалпақстаннның оңтүстік аудандарын қамтиды.
5.Түркіменстандағы қазақ сөйленісі. Түркіменстандағы қазақтар мекендеген аудандарды қамтиды.
Оңтүстік сөйленістер тобы
О.Нақысбеков қазақ тілінің оңтүстік сөйленістер тобын 6 сөйленіске бөледі.
1.Ташкент сөйленісі – Өзбекстан республикасының Ташкент, Бұхара облыстарындағы қазақтар тілін қамтиды.
2.Қызылорда сөйленісі – Қызылорда облысының күшығысынан бастап Түркістанға дейінгі Сыр бойын қамтиды. Ауыспалы сөйленіс болып есептеледі.
3.Шымкент сөйленісі – Шымкент облысының жерін қамтиды. Бұл жерде бірден көзге түсетіні – кәсіби лексиканың молдығы.
4.Шу сөйленісі – Жамбыл облысының жерін қамтиды. Бұл өлке тілі егінге, ирригацияға, техникаға байланысты атаулардың молдығымен сипатталады.
5. Жетісу сөйленісі – Алматы, Талдықорған облыстарының жерін қамтиды.
6. Тәжік сөйленісі – Тәжікстан Республикасындағы қазақтар тілін қамтиды.