Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 жарык.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.57 Mб
Скачать

3 ЖарықТандыру талаптарын зерттеу Әдісі

Жарықтандырудың сандық жағын зерттеу жарықтандыруды және жарықты өлшеу арқылы жүргізіледі.

Ең көп таралған жарықтандыруды өлшеуге арналған құрал – Ю-16 немесе Ю-17 объективті люксметр. Бұл люксметрлер Ю-16 және Ю-17 люкспен көрсетілетін шкала бойынша есептелетін жарықтандыруды өлшеуге арналған.

Оларды табиғи жарықтандыру кезінде де, жасанды жарықтандыру кезінде де қолдануға болады.

Жарықтықты өлшеу объективті және субъективті фотометрлер (ГОИ, ЛИОТ, т.б.) арқылы жүргізіледі.

Әртүрлі жарық-техникалық өлшеулерді жүргізуге мүмкіндік беретін әмбебап құрал – Труханов құралы. Ол жарық пен жарқындықты, көздің қабылдау жылдамдығын, айқындылық сезімділігін өлшейді. Ю-16 люксметрінің өлшеу шегі 0-50 000 лк. Ол бөлменің ішкі және сыртқы жағынан өлшеуге қолданылады.

Ю-17 люксметрінің өлшеу шегі 0 – 100 лк. Бұл құрал бөлме ішіндегі жарықты өлшеуге арналған. Люксметрлердің жұмыс істеу негізі: фотоэлементтен және магнитті-электрлік өлшегіштен тұратын тізбектегі фотоэлементтің бетін жарықтандыру кезінде өлшегіштің тілшесін жарықтануға пропорционал етіп қозғайтын электр тогы пайда болады.

Магнитті-электрлік құрал люксметрлердің өлшегіштері болып табылады. Өлшегіштердің тілшелері саңылауындағы магнит өрісінің (өріс тұрақты магниттен пайда болады) және фототоктың (жарықтың әсерімен қозғалмалы рамканың бетімен жүреді) өзара әсері нәтижесінде қозғалысқа келеді.

Люксметрлердің жарық қабылдағышы пластмасты корпустағы селеннен жасалған фотоэлементтен тұрады және фотоэлементті өлшегішке қосуға арналған екі желілі майысқақ сыммен жабдықталған. Ю-16 люксметрінің фотоэлементі 25 см2 жұмыс беті бар тікбұрышты пішін. Фотоэлементке тұтқасы жағынан тексеру кезінде құралды реттеуге мүмкіндік беретін жұмыстық беттің бөлігін жауып тұратын жылжымалы перде қойылады. Фотоэлементтің корпусына жұтқыш кигізіледі. Ол негізгі өлшеу шектерін 100 есе кеңейтеді. Ю-16-ның өлшеу шектері 0 - 25, 0 –100, 0-500, жұтқышпен: 0-2500, 0-10000, 0-50000лк.

Құралдар фотоэлементті қосуға арналған қысқышы бар пластмассадан жасалған корпус пен өлшеу шектерін ауыстырғыштан тұрады. Жарықтандыруды өлшеу, жарықтану типін ескере отырып, бөлменің сипаттық қимасының тік жазықтығы мен шартты жұмыстық беттің түйіскен жерінде орналасқан нүктеде жүргізіледі (1 және 2 - суреттер).

4 Жұмыстың міНдеті

Ю-16 люксметрімен бөлменің ішіндегі жұмыс орындарындағы ең кіші жарықтануды және сыртқы жарықтануды өлшеу. Табиғи жарықтандырудың іс-жүзіндегі коэффициентін есептеу.

Табиғи жарықтандырудың іс-жүзіндегі және есептік коэффициенттері бойынша жарық ойықтарының аудандарын табу.

Алынған терезе аудандарының мәндерін зертханалық терезелердің мәнімен салыстыру. Қортынды жасап, ұсыныстар беру.

5 Жұмыстың орындалу реті

  1. Зертхананың терезесінен ең алшақ орналасқан 4 жұмыс жазықтығындағы жарықтануды өлшеу. Өлшеуді келесі тәртіппен жүргізу керек:

а) құралды таңдалған орынға көлденең орналастырып, тілшенің нөлде тұрғанын тексеру, қажет болса нөлге келтіру;

ә) жұтқышты кигізу және өлшеудің жоғары шегін қондыру (500);

б) нөлден тілшелердің дұрыс аутқуын (оңға) қарап, фотоэлементті кұралға қосу. Тілше қарсы жаққа қозғалса, фотоэлементтің өрістігін өзгерту;

в) егер шкаланың барлық шектерінде (500, 100, 25) тілшенің ауытқуы 10 бөліктен аспаса, онда жұтқышты алып тастап, жоғары шектен бастап (500) өлшеуді қайтадан жүргізу керек. Өлшеу шектерінің бірінде құралдың тілшесі шкаланың ортасында тұрса, онда көрсеткіштер дұрыс болып саналады;

г) құралдың көрсетулерін жазып алу.

  1. Сыртқы жарықтандыруды анықтау (фотоэлементке тікелей күннің жарығын түсірмей, ғимараттың сыртынан өлшенеді). Өлшеу жоғарыда көрсетілгендей жүргізіледі.

  2. Жұмыс орындарындағы ең кіші жарықтану бойынша табиғи жарықтандырудың іс-жүзіндегі (нақты) коэффициентін есептеу.

, %

  1. 1-кестеден орындалатын жұмыстың сипатына байланысты табиғи жарықтандыру коэффициентінің нормаланған мәнін табу.

  2. 1-кестеден 4-суретке сәйкес К-жарық климаты коэффициентінің мәнін табу.

  3. 2-кестеден С – күннің жарықтылық коэффициентінің мәнін табу.

  4. Табиғи жарықтандырудың есептік коэффициентін анықтау:

, %

  1. Ұ/Т және Т/Н қатынастарын (5-сурет) анықтау. Зертхана бөлмесінің сипаттық өлшемдері төменде, жұмыстың орындалу тәртібінен кейін келтірілген.

  2. 3-кестеден жарықтық ойықтарының жарық сипаттамасының еселеуші Р0-дің мәнін табу.

  3. 4-кестеден Т1, Т2, Т3, Т4 жарық өткізу коэффициентінің мәндері бойынша жалпы жарық өткізу коэффициентін анықтау:

Т01. Т2 .Т3 .Т4

  1. 5 және 6-кестелерден шағылу коэффициентінің мәндерін табу: төбенің – Втөбе, қабырғаның – Вқаб еденнің - Веден

  2. Шағылудың орта коэффициентін есептеу:

  1. Ж/Т қатынасын есептеу.

  2. 7-кестеден бөлменің ішкі беттерінен және ғимаратқа жақын орналасқан қабаттан шағылған жарықтың әсерінен ТЖК-нің өсуін ескеретін h коэффициентінің мәнін табу.

  3. Табиғи жарықтандырудың іс-жүзіндегі коэффициентін (ешын) пайдаланып, жарық ойықтарының ауданын есептеу:

, м2

  1. Табиғи жарықтанудың есептік коэффициентін (ее) пайдаланып, жарық ойықтарының ауданын есептеу:

, м2

  1. Салыстырмалы қателікті есептеу:

, %

, %

  1. Қорытынды жасау және ұсыныстар беру.

  2. Зертхана бөлмесінің сипаттық өлшемдері:

Бөлменің ұзындығы Ұ=10,4 м;

Бөлменің тереңдігі Т=6,5 м

Сыртқы қабырға мен жұмыс нүктесіне дейінгі қашықтық Ж=6 м;

Терезенің жоғары бөлігінің шартты жазықтықпен арасы Н=2,3 м;

Терезенің ауданы Птер =6,4 м2;

Қабырғаның ауданы Пқаб=99,8 м2;

Төбе мен еденнің аудандары, әрқайсысы Птөбе еден=60,3 м2;

  1. Есеп беру келесі түрде орындалады:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]