
- •Зертханалық жұмыс №8
- •1 Негізгі теориялық мӘліметтер
- •Мұнда, n1 – жарық ойықтарының биіктігінен көрінетін бөліктер саны; n2 – жарық ойықтарының енінен көрінетін бөліктер саны.
- •3 ЖарықТандыру талаптарын зерттеу Әдісі
- •4 Жұмыстың міНдеті
- •5 Жұмыстың орындалу реті
- •6 Есеп беру
- •Негізгі теориялық мәліметтер.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті
«Еңбек және тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасы
Зертханалық жұмыс №8
Тақырыбы: «Табиғи жарықтандыруды есептеу және зерттеу»
Оқытушы_______________
ғыл.атағы
_______________________
«___»____________2006 ж
Студент________________
Мамандығы_____________
Тобы___________________
Алматы 2006
Жұмыстың мақсаты: студенттерді жарықтандыруды өлшеу әдісімен таныстыру, өлшеулерді жасауға үйрету, сонымен қатар, өндіріс ғимараттарында табиғи жарықтандырудың жалпы техникалық есептемесін орындауды үйрету.
КІРІСПЕ
Дұрыс орындалған жарықтандыру жүйесі өндірістік зақымдануды азайтуға едәуір септігін тигізеді. Ол көптеген өндірістік факторлардың потенциалды қаупін азайтады, көру мүшелеріне қалыпты жұмыс жағдайын жасайды және адам ағзасының жалпы жұмыс қабілеттілігін арттырады.
Өндірістік зақымданудың сараптамасы жылдың жарық мезгілінде, қалыпты жағдайда өндірістегі зақымдану едәуір төмендейтінін көрсетеді. Көшенің жарығы жол апаттарының санын 20-30 %-ға азайтады. Табиғи жарықтандыру жетіспеген жағдайда аралас (табиғи және жасанды) жарықтандыруды қолдануға болады. Бұл гигиеналық тұрғыдан дұрыс.
1 Негізгі теориялық мӘліметтер
Өндірістік ғимараттарды жарықтандырудың келесі тәсілдері бар: табиғи, жасанды және аралас.
Табиғи жарықтандыру адамдардың үнемі болатын өндірістік ғимараттарда қолданылуы керек. Табиғи жарықтандыру қабырғалық, төбелік, аралас (төбелік және қабырғалық) болып бөлінеді.
Жарықтандыру жағдайлары сапалық және сандық көрсеткіштермен сипатталады. Оларға жарық күші, жарық ағыны, жарықтануы, жарықтығы, спектрлік құрамы, жарықтану мен жарықтықтың тұрақтылығы жатады.
Заттың көрінуі жарықтану деңгейімен, объектінің айқындылық фонымен, жарықтықтың таралуымен және объектінің бұрыштық өлшемімен анықталады. Бөлменің кез келген нүктесінің табиғи жарықтандырылуы табиғи жарықтандыру коэффициентімен (ТЖК) сипатталады, себебі табиғи жарықпен жарықтандыру күннің бұлттануына байланысты тәулік, жыл бойына тұрақты емес. ТЖК – ашық аспандағы диффузиялық жарықтан пайда болатын, табиғи жарықтанудың (бөлменің ішіндегі берілген жазықтықтың кейбір нүктесіндегі) сыртқы жарықтанудың сол кездегі мәніне пайыздық қатынасы.
мұнда, е – табиғи жарықтандыру коэффиценті (%); Еішкі – аспан жарығымен бөлме ішіндегі берілген жазықтықтықтың кейбір нүктесіндегі табиғи жарықтануы, (лк); Есырт – толық ашық аспан жарығынан пайда болатын көлденең жазықтықтың сыртқы жарықтануы, (лк).
Табиғи жарықтандыру коэффициенті шектеулі шама болып табылады. Бір немесе екі жақты қабырғалық жарықтандыру кезінде ТЖК-нің ең кіші мәні (1а және 2а - суреттер), төбелік немесе аралас жарықтандыру кезінде орта мәні (1ә және 2ә - суреттер) қалыптасады.
Данилюк графиктерінің көмегімен табиғи жарықтану коэффициенті есептеледі. Ол көлденең жазықтықта бірдей ТЖК құрайтын бөліктерге бөлінген аспан жарты сферасы. Бөлмедегі жарық ойықтарының белгілі өлшемдері, сол нүктесіндегі жарық ойығынан көрінетін, бөліктерінің санын есептеу арқылы ТЖК анықталады.
Аспан жарты сферасының графиктерінде жарық белсенділігі бірдей 10 000 бөліктерге бөлінген, яғни әрбір бөлік сыртқы жарықтыққа қарағанда 10 000 рет аз жарықтандырады. Егер жарық ойығы арқылы аспанның бір бөлігі көрінсе, онда ТЖК 0,0001 немесе 0,01 %-ға тең.
Жарық ойықтарының биіктігі мен енінен көрінетін бөліктер саны екі түрлі графикпен анықталады (3-сурет). ТЖК келесі формуламен есептеледі:
,